Дәрілік өсімдіктерді пайдалану туралы жалпы түсінік



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Ғылыми зерттеу жұмысы

Тақырыбы: Дәрілік өсімдіктер

Орындаған: Қилыбай Аружан
Тобы: ЕП-19-12к
Қабылдаған: Қамбарбеков Нүркен

Шымкент 2020ж
Жоспары:
1.Дәрілік өсімдіктерді пайдалану туралы жалпы түсінік.
2.Дәрілік өсімдіктерді іздеу, жинау.
3.Дәрілік өсімдіктер ресурстарын қорғау.

1.Дәрілік өсімдіктерді пайдалану туралы жалпы түсінік.
Мындаған жылдар бойы адамзат адамның әртүрлі аруларымен күресуге дәрілік өсімдіктерді пайдаланды. Әрине ол әртүрлі елдерде әрқалай, әртүрлі дәрежеде пайдаланылады. Өркениетті елдерде дәрілік өсімдіктерді пайдаланудың өте бай тәжірибесі жинакталды. ХХ ғасырда ғылым мен техниканың дамуы нәтижесінде фармакологияда синтетикалық химияның дамуы көптеген ауруларды емдеуге пайдалануға болатын жасанды препараттарды өмірге әкелді. Соның нәтижесінде көптеген елдерде сол синтетикалық препараттарды пайдаланудың нәтижесінде дәрілік өсімдіктерге деген көзқарас өзгере бастады, яғни қызығушылық төмендеді. Бірақ та соңғы жылдары дәрілік өсімдіктерге деген көзқарасы өзгеріп, оларды кеңінен пайдалана бастады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өсімдіктерден алынған дәрілерге өте үлкен мән береді. Өйткені көптеген кедей мемлекеттер халықтарының дәріханалардан дәрілер сатып алуға шамалары жоқ. Сондықтан олар бұрынғыша емдеудің дәстүрлі әдістерін қолданады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) бағасы бойынша дүние жүзі халқының 80%-ы осындай жағдайда. Кейбір Азия мемлекеттерінде, мысалы Қытай, Жапония, Индия бұрынғыша қазіргі заманғы медицина жетістіктерімен қатар халық емшелерінің емдерін кеңінен қабылдауда.
Ерте заманғы, жабайы адамдар жергілікті флорамен танысқанда өздері үшін көптеген пайдалы өсімдіктерді таба білген, оның ішінде әрине, шипалық қасиеті бар өсімдіктер де болған. Ол туралы әдебиетте мәліметтер жеткілікті. Мысалы: халықтың ауруға, аштыққа төзімділігін арттыру үшін Шығыс Азия халықтары шай ішкен, Орталық Америка халықтары какао ішкен, Оңтүстік Америка халықтары мате жапырақтарын пайдаланған. Амазонка индеецтері гуарананы (Gyarana) пайдаланған. Дәрілік шикізат ретінде гуарананың тұқымдары пайдаланылады, оның құрамында белсенді зат гуаранин, кофеин бар. Гуарандар Америкада шығарылатын энергетикалық коктейль Солтүстік энержи құрамына кіреді. Осы алынған өсімдіктердің бәрінде кейіннен жалпы бір дәрілік зат - кофеин алкалоиды бар екендігі анықталған.
Қазіргі көптеген замандастарымыздың санасында дәрілік өсімдіктер бұрынғы заманның қалдығы деген түсінік бар. Біздің электроника мен автоматика, ЭЕМ мен компьютерлер ғасыры кептірілген шөптердің шоқтарымен нашар үйлесетін секілді. Синтетикалық химияның жетістіктері, ондаған, жүздеген мың жаңа, ешқашан табиғатта болмаған органикалық қосылыстарды алу мүмкіндігі химиялық синтездің құдіретіне сендіреді. Әр түрлі аурулардан құтқаратын жаңа дәрілердің жедел алынуына сенімділік пайда болады. Мұндай көзқарас қазір де бар, бірақ ол әсіресе 15-20 жылдар бұрын кең таралған еді.
Өсімдіктерден алынатын ең маңызды дәрілер арнайы баспаларда атап көрсетіліп, толық сипатталған. Бұл мәліметтер біздің елде дәрігерлік тәжірибеде қолдану және өнеркәсіптік өндіруге рұқсат берілген дәрілердің аттарының мемлекеттік тізіміне (Государственный реестр наименований лекарственных средств) 2003 ендірілген. Біздің елімізде медицинада қолдануға рұқсат етілген дәрілердің 31% жоғарғы сатыдағы өсімдіктерден, 3% саңырауқұлақтар және бактериялардың дәрі препараттары (антибиотиктер), 12% жануар текті препараттар (эндокринді препараттар, вакцина және сарысу), 9% марганец қышқылды калий немесе мырыш майы сияқты органикалық емес қосылыстар және шамамен 45% синтетикалық жолмен алынған органикалық препараттар құрайды. Алайда, тікелей немесе әр түрлі препараттар түрінде дәріханаларда сатылатын дәрілік өсімдіктердің барлығы Мемлекеттік фармакопеяда сипатталмаған. Фармакопеяға ең маңызды, әрі жиі қолданылатын өсімдіктер мен оларлан алынатын препараттар енгізілген. Сонымен қатар, жеткілікті дәрежеде зерттелмегендіктен назар аударылмайтын, тиімділігі төмен немесе тіпті ұмытылған дәрілік өсімдіктер саны айтарлықтай көп. Фармакопеяда болған ұмытылған өсімдіктер біртіндеп қолданыстан шықса да, халық арасында бағаналанады. Бірақ қазір ұмытылған дәрілік өсімдіктер жаңа ғылыми тексеруден өткізілген соң жиі фармакопеяға қайта енгізіледі.
2.Дәрілік өсімдіктерді іздеу, жинау.
Көптеген жаңа ғылыми жұмыстар әлі белгісіз дәрілік өсімдіктерді зерттеуге бағытталған. Жаңа дәрілік өсімдіктерді табудың 3 жолы бар.
1-ші жолы - биогенетикалық ұсастық, туыстық әдіс. Өсімдіктердің бір - біріне ұқсастары көп болады. Олардың негізінен басты белгілері өсімдік мүшелерінде болады және осындай ұқсас түрлерді ботаниктер бір туысқа жатқызады.
Ұзақ уақыт бойы қиын эволюциялық процестер кезінде өздерінің ұқсастықтарын жоғалтқан түрлер де өте көп. Мысалы: гранат - оңтүстік өсімдігі, оның жемісі дәрі ретінде пайдаланылады. Бұл өсімдіктің Европа мен Оңтүстік Азия аймақтарында, Испаниядан бастап Қытайға дейін тек бір түрі бар. Ол тек Үнді мұхитындағы Сокотро деген жерде кездеседі. Көбінесе тек түрлер ғана емес бір тұқымдасқа жататын туыстар да кейбір морфологиялық белгілері бойынша, мысалы: гүлінің құрылысы, жапырағы, анатомиялық құрылысы бойынша да, сонымен қатар ортақ химиялық белгілері, биологиялық активті заттармен де ерекшеленеді.
Дәрілік өсімдіктердің жақын түрлерін зерттеу өте үлкен маштабта жүргізіледі және өте бағалы нәтижелер береді. Мысалы, Digitalis purpuraea (наперстянка пурпурная) өсімдігі маңызды жүрек гликозидтерінің көзі болып табылады. Бұл өсімдік бұрынғы КСРО аймағында өспейді. Кавказда оған жақын түрлер кездеседі, ол наперстянка ржавая, н. ресничная және н.крупноцветковая. Молдавияда Н. шерстистая және т.б. бұлардың барлығында жүрек глюкозидтерінің бар екендігі анықталды.
Дәрілік өсімдіктерді табудың екінші жолы - елек деп аталады. Оның негізі емдік маңызы бар деген жергілікті флора өсімдіктеріне жаппай химиялық талдаулар жүргізу болып табылады. Дәрілік өсімдіктерді ізденудің бұл жолы аса көп еңбекті талап етеді. Бұл әдіспен фармацевтикалық өңдірісте маңызды орын алатын, көптеген дәрілік заттар табылады. Мысалы, бұл әдіспен Рихтер сораңы (Salsola richteri Karel), бұйырғын (Anabasis) және т.б. бір қатар дәрілік өсімдіктер анықталды. Сондықтан елек әдісі медицина үшін өте маңызды және бұл әдіспен жұмыс істеуге болады.
Дәрілік өсімдіктерді табудың үшінші жолы - халық медицинасы, ол ұрпақтан ұрпаққа ауыз екі тілде айтылуы бойынша қалады. Бұрын барлық мемлекеттерде екі медициналық жүйе қатар жүрген. Біреуі адам ағзасының табиғатын, құрылысын және қызметін, аурулардың пайда болуын және оларды емдеу жолдарын зерттеуді дәрігерлер және ғалымдар қатар алып жүрген. Келесі медицина - қарапайым халықтың медицинасы, көптеген ұрпақтар бойы қалыптасқан, тамаша пайымдаулары да, тұрақты қателесулері де бар. Адам тарихының бастауларында осы екі медицина бір болды. Және кезгелген эмпирикалық медицина жүйесі Шумер - Египет - Грек, Үнді және Қытайлық - халықтық медицинадан бастау алады.
Осы заманғы медицина халықтық медицинаға қарсы қойылды. Біріншісі, жазбаша мәліметтерге, дәрілерге арқа сүйенсе, ал екіншісі тірі табиғат пен араласудан алынған бақылауларға сүйенді. Ғылыми зерттеулерді халық пайдаланды және халық тәжірибесі ғылыми медицина зерттеулеріне негіз болды, жалпы алғанда бұл екі медицина бір-біріне сеніміз көзқараспен қарайды. Бұрынғы заманғы медицина эмпирикалық медицинадан биік тұрады. Халықтық медицина локальді, негізінен жергілікті аймақта өсетін, өсімдіктермен байланысты. Әрине, адамдар бір орыннан екінші орынға көшіп отырған, бұрынғы ормандарын, шалғандарын және жайылым жерлерін басқаларға қалдырып, адамдар территорияларын үлкейтіп, шөлді жерлерді игерді. Бірақ адамзат тарихында бір тайпа екінші тайпаны ауыстырап отырған, олар бұрыннан жерді, өсімдіктерді қалай игеру керек екендігін үйреніп алды. Мындаған жылдар бойы адамдар өзі орналасқан аймақтағы өсімдіктерді зерттеп таныды.
Әдетте, дәрілік өсімдіктерді суреттеріне қарап зерттейді, әсіресе олар түрлі - түсті гүлдері болса, гербариіне қарап зерттейді. Бірақ тірі күйінде қарап зерттейді. Бірақ тірі күйінде қарап зерттеген дұрыс. Өкінішке орай, дәрілік өсімдіктердің біздің мемлекеттің жеке облыстарында таралуы туралы мәліметтер көп емес. Кеңес үкіметінің флорасы жалпы алғанда толық зерттелінген. Флора СССР көп томдық басылымында 17 мыңға жуық жоғары сатыдағы өсімдіктердің түрлері тіркелген. Сонымен қатар дәрілік өсімдіктер туралы өте жақсы әрі толық таралған анықтауыштар көп. Олардың негізгілері әдебиеттерде келтірілген. Осы әдебиеттердің барлығында әр дәрілік өсімдіктердің КСРО-ның қай географиялық аймағында өсетіндігі көрсетілген. Жабайы өсімдіктердің зерттеу диапазоны өте кең. Дәрілік өсімдіктердің әртүрлі аймақтарда өнуіне көп көңіл бөлінеді. Сонымен қатар, олардың биологиясына: гүлдеу уақытына, жеміс беруіне, көбеюіне, басқа өсімдіктермен байланысына, жылу сүйгіштігіне, ылғалға, топырақтың құрамына, өсу жағдайына да көңіл бөледі де, егер оларды шабатын, қазатын болса. Бұның бәрі жинау ережесін жасаған кезде яғни жоспарлағанда өте маңызды болып табылады. Себебі, белгілі бір ережеге сүйенбей жасалса, белгілі бір аймақта бағалы дәрілік өсімдіктердің жоғалуына әкеліп соғуы мүмкін. Дәрілік өсімдіктерді іздеуді жеңілдету үшін оларды өсімдіктің белгілі бір типіне жатқызу керек. Толокнянканы далалық аймақтардан іздеуге болмайды, себебі олар ол жақта өспейді және де шыршалықтарда да өспейді. Оларды ормандарда кездестіруге болады. Бірақ дәрілік өсімдіктерді табумен бәрі де аяқталмайды, оны қалай жинауды білу керек. Себебі дәрілік заттар көп болу үшін оны жинау ережесін білген дұрыс. Сонымен қатар жиналған затты сақтау мен кептіруді білу керек. Бұл процестің барлығы өсімдіктен дәрі жасамай тұрып, жүзеге асу керек. Жылдың әр мезгілінде өсімдікте дәрі ретінде құндылығын анықтайтын биологиялық белсенді заттардың мөлшері әртүрлі болады. Ереже бойынша өсімдіктердің жер үсті жасыл бөліктері - жапырақтарында, сабақтарында, әсер ететін заттар гүлдеу және жеміс берудің бастапқы кезінде көп мөлшерде болады. Толық пісіп жетілген кезде, жемісінде емдік заттардың барынша көп мөлшері болады, ал тамырында - күздің аяғында өсімдіктің жер үсті мүшелері солып қалғанда.
1-кесте
Қазақстанда жыл сайынғы дәрілік шикізат дайындау мөлшері (квота-нормасы)


Өсімдіктер түрі
Шикізат түрі (дайындалатын бөлігі)
Барлығы тонна
1
Аңдыз тамыр, айр- Acorus calamus - Аир
Тамырсабақ
3,5
2
Ақезу бәрпі - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы дәрілік өсімдіктердің теориялық мәнін негіздеу
Тірі табиғат объектілерінде қордаланған адамдардың қажетіне керекті биологиялық ресурстарға өсімдіктер және жануарлар ресурстары
Итмұрын
Дәрілік өсімдіктерді жинау
Дәрілік өсімдіктерді жинау мерзімдері
Дәрілік өсімдікті дайындауды ұйымдастыру
Дәрілік өсімдіктер жайлы
Өсімдік - тіршілік көзі
Дәрілік өсімдіктерге тарихи және әдеби шолулар
Қазақстанның өсімдіктер ресурсының түрлерін анықтау
Пәндер