Қазақ әдебиеті — қазақ халқының ғасырлар қойнауынан ұрпақтан ұрпаққа жеткен рухани, мәдени мұрасы, сөз өнерiнiң асыл қазынасы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   

I. АРНАЙЫ БӨЛІМ

1. 1 Қазақ әдебиеті

Қазақ әдебиеті - қазақ халқының ғасырлар қойнауынан ұрпақтан ұрпаққа жеткен рухани, мәдени мұрасы, сөз өнерiнiң асыл қазынасы. Қазақтың сөз өнерiнiң тегi әрiден, түркi тiлдес тайпалардың өз алдына халық болып қалыптаспай тұрған кезiнен басталады.

Халық фольклоры мен поэзиясының негiзi сол тайпалар шығарған ертегi, аңыз, мақал-мәтелдерде жатыр. Батырлардың отаншылдық сезiмi, туған халқының азаттығы жолындағы күрестерiн жырға қосқан батырлық эпостар («Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр», «Ер Тарғын», «Қамбар батыр», т. б. ), халық арасына кең тарап, сүйiктi шығармасына айналған, жастардың адал махаббаты, алмағайып тағдыры жырланған лиро-эпикалық дастандар («Қозы Көрпеш - Баян сұлу», «Қыз Жiбек», т. б. ) қазiргi қазақ әдебиетінiң өз алдына мол мұрасы болып саналады; қараңыз: Ауыз әдебиетi.

Қазақ әдебиетінің жіктелуі

Егер қазақ әдебиетін тарихи өлшеммен бөлсек, төмендегідей жіктеледі:

1. Көшпелі тайпалық әдебиет

2. Ежелгі дәуір әдебиеті

3. XV-XVIII ғасырлардағы қазақ әдебиеті

4. XIX ғасыр - XX ғасырдың бас кезіндегі әдебиет

5. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті

6. Тәуелсіз қазақ әдебиеті

Ал жанрлық жағынан бөлсек:

1. ауыз әдебиеті

2. жазба әдебиеті

Әдебиет пен өнері. Қазақ әдебиетінің ежелгі бастаулары б. з. б. 3 - 1 ғ-лар аралығында пайда болған “Алып Ер Тоңға”, “Шу батыр” дастандарында жатыр. Осынау жазбалардағы оқиғалардың қазақ халқының арғы тарихымен тығыз байланыста өрбігендігі соңғы уақыттардағы ғыл. ізденістер барысында толық дәлелденді.

1. 2Қазақ әдебиетінің тарихы

Ежелгi түркiлердiң арғы ата-тегi саналатын сақтардың батырлық жырлары арасындағы мазмұн, түр, стиль бiрлiгi көркемдiк дәстүр жалғастығы тұрғысынан ғыл. негiзде дәлелдендi. Сол себептi б. з. б. дәуiрлерде шығарылған «Алып Ер Тоңға», Шу батыр, «Атилла», «Көк бөрi» және «Ергенеқон» дастандары бүгiнгi қазақ әдебиетінiң қайнар-бастаулары болып табылады. Сондай-ақ аталған қаһармандық дастандар өзiнен кейiнгi тарихи кезеңдердегi - Түркі қағандығы тұсындағы (8 ғ. ) әдеби жәдiгерлердiң («Күлтегiн», «Тоныкөк», «Бiлге қаған» жырлары) жазылуына үлгi-өнеге, негiз болды. Түрiк қағандығы тұсындағы жазба әдебиет өзiнен бұрынғы сақтар мен ғұндардың ауыз әдебиетi үлгiлерiмен генезистiк, типологиялық, дәстүрлiк үндестiкте дамыды.

Түркі қағандығы дәуiрiнде шығарылған ерлiк эпосының бiрi - «Қорқыт ата кiтабы». Ал, бұдан кейiнгi Қарахан мемлекетi тұсындағы немесе ислам дәуiрi (10 - 12 ғ. ) деп аталатын тарихи кезеңдегi түркi халықтарының қоғамдық-мәдени даму тарихындағы Қайта өркендеу - Ренессанс дәуiрi деуге болады. Бүкiл түркi қауымын әлемге танытқан Әбу Насыр Әл-Фараби, Әбу Әли ибн Сина, Әбу Райхан әл-Бируни, Махмұт Қашқари, Жүсiп Баласағұни, Ахмед Жүгiнеки, Қожа Ахмет Иасауи, Сүлеймен Бақырғани, т. б. осы Қайта өркендеу дәуiрiнде тарих сахнасына шықты. Олар өзерiнiң ғылыми және көркем туындыларында гуманистiк идеяларды, адамгершiлiк пен қайырымдылықты, т. б. iзгi қасиеттердi көтердi. Бұған әл-Фарабидiң «Риторика», «Поэзия өнерi туралы», ибн-Синаның «Данышнамесi» («Бiлiм кiтабы»), әл-Бирунидiң «Хикметтерi» («Даналық сөздерi»), Махмұт Қашқаридiң «Диуани лұғат ат-түрiк» («Түркi сөздерiнiң жинағы»), Баласағұнидiң «Құтты бiлiгi», Иасауидiң «Диуани хикметi» («Ақыл кiтабы»), Бақырғанидың «Бақырғани кiтабы», т. б. толық дәлел бола алады.

Алтын Орда дәуiрiнде (13 - 15 ғ. ) Қыпшақ даласындағы түркi халықтарының әдебиетi мен мәдениетi мүлдем жаңа сапалық дәрежеге көтерiлдi. Бұл кезде мемлекет астанасы болған Сарайшық қаласына Батыс пен Шығыстың аса көрнектi ғалымдары, сәулетшiлерi, ақындары, өнер қайраткерлерi, т. б. жиналған едi.

Алтын Орда дәуiрi әдебиетi тұсында әл-Хорезмидiң «Мұхаббат-наме», Сайф Сараидiң «Гулистан бит-турки», («Түркi тiлiндегi Гүлiстан», Құтбтың «Хосрау - Шырын», Дүрбектiң «Жүсiп - Зылиха» дастандары ерекше мәшһүр болды. Сондай-ақ, Насреддин Рабғузидiң «Қиссасул әнбия» деп аталатын прозалық шығармасы да кең тараған болатын. Қыпшақ тiлiнiң сөздiгi - «Кодекс куманикус» атты кiтап та заман талабы бойынша өмiрге келген туынды едi.

Қазақ әдебиеті тарихының ежелгi дәуiрiн танып-бiлуде тарихи тақырыпқа жазылған көркем шежiрелер де ерекше маңызды рөл атқарады. Сан ғасырлар бойы атадан балаға ауызша да, жазбаша да рухани мұра болып келе жатқан мұндай шежiрелердi қазақтың зиялы ойшылдары, ақындары мен жыраулары жақсы бiлген. Қазақ халқының тарихы мен әдебиетiне тiкелей қатысты түркi тiлiндегi осындай жәдiгерлердiң iшiнен Әбiлғазы Баһадүр ханның «Шежiре-и Түрк» («Түрiк шежiресi»), Қадырғали Жалайыридiң «Жамиғ-ат тауарих» («Шежiрелер жинағы»), Захир әд-Дин Мұхаммед Бабырдың «Бабыр-наме», Мұхаммед Хайдар Дулаттың «Тарих-и Рашидиi» ерекше орын алады. Бұлар ежелден-ақ қазақ оқырмандары арасында тарихи тақырыпқа жазылған көркем туындылар ретiнде қабылданды. Қадым замандардағы сақтар мен ғұндардың аңыз-әфсанаға айналып кеткен ерлiк тарихынан, көк түрiктердiң ежелгi қаһармандық шежiресiнен сыр шерткен жыр-дастандар бертiн келе, қазақтың батырлық жырларының идеялық және көркемдiк тұрғыдан қалыптасуына тiкелей ықпал еттi. Ал, ислам дiнi дәуiрiнде өмiрге келген этикалық-дидактикалық мазмұндағы дастандар мен сопылық сарындағы хикметтер, моральдiк-философиялық трактаттар, ғибрат сөздер, т. б. қазақ ақын-жырауларының толғау-жырларынан өзiнiң логикалық, тарихи, көркемдiк жалғастығын тапты.

Қазақтың ұлттық әдебиетiнiң төл тарихы қазақтардың ұлт болып қалыптасуы мен дербес мемлекеттiгiн құрудан басталады. 15-16 ғ-ларда қазақ жыраулары ежелгi түркi поэзиясындағы дидактик. сарынды мазмұндық, тiлдiк, стильдiк жағынан жетiлдiре түстi, гуманистiк, философиялық ой-пiкiрлердi қоғамдық дамудың жаңа асқар биiгiне шығарды; қараңыз: Жыраулық поэзия.

18 ғ-дың соңына қарай, Қазақ әдебиетіндегi жыраулық дәстүр бiртiндеп ығысып, жеке ақындық өнерге орын бере бастады. Жыраулық поэзияның қалыптасқан сөз саптауы, ел тағдырын ту етiп ұстап, ерлiктi мадақтаған биiк үнi бiр iзге түсiп, жеке ақындық өнер арқылы күнделiктi тiршiлiктiң сан-саласына, адам өмiрiне, оның iсi мен мiнез-құлқына, қоғамдағы орны мен қызметiне көңiл бөлiндi. Бұл - әдебиет дамуындағы жаңа дәуiрдiң басы едi. Ақындар шығармаларының тақырыбын кеңейтiп, өмiр шындығын нақты тануға, оған өз көзқарасын бiлдiруге ұмтылды. Бұл арқылы жеке ақындық өнер байып, өзiндiк көркемдiк бояу iздеу жолына түстi. Осы жолмен ол ауыз әдебиетi дәстүрлерiн сақтай отырып, кәсiптiк поэзияның қалыбына кiрдi. Осындай жеке ақындық шығарм-тың туу кезеңiнде өмiр сүрген Көтеш, Шал ақын өлеңдерiнде жеке адамға бағытталған арнаулар, адам өмiрi, оның мәнi мен сәнi, фәнилiк пен бақилық жайы суреттелдi, оларда тапқырлық, бейнелiлiк, шынайы поэзияға тән лирикалық «мен» көрiнiс тапты.

19 ғасырдан бастап қазақтың жазба әдебиетi - әлеумет халiн ұғып, ел қамын жақтауға кiрiсiп, өлең бұрынғыша, қызық, сауық сияқты ермек емес, қауым қызметiн атқара бастады, елдiң саяси пiкiрi мен тiлек, мақсат, мұң, зар сияқты сезiмдердiң басын қосып, жаңадан ой негiзiн, салт санасын құрауға кiрiстi, бұл уақытқа шейiн болмаған әлеуметшiлдiк сарыны, азаматтық нысанасы бой көрсеттi. Осындай әлеуметшiлдiк сарынды көбейткен тарихи оқиғалар бұл дәуiрде орыс отаршылдығымен байланысты туды. Ресей империясына бодан болу, сонымен байланысты туған ел iшiндегi өзгерiстер, қанаудың күшеюi, халықтың тiршiлiк ету аясының тарылуы, ұлттық намыстың тапталуы қазақ ақындары шығармаларында кеңiнен бейнелендi. Осы өзгерiске қарсы анық наразылық Махамбет Өтемiсұлы өлеңдерiнен айқын көрiнедi. Махамбет жырлары - Исатай Тайманов бастаған көтерiлiстiң (1836-37) ұраны, үнi. Мұнда көтерiлiстiң мақсат-мұраты («Қорлықта жүрген халқыма бостандық алып берем деп»), оған қатысатын ерлердiң сипаты («Ереуiл атқа ер салмай»), соғыс суретттерi («Соғыс»), Исатайдың батырлығы мен оны жоқтауға арналған жырлар («Тарланым», «Мұнар күн»), ақынның өз жайына, көңiл-күйiне («Баймағамбет сұлтанға айтқаны», «Қызғыш құс») байланысты өлеңдерiне жалғасып, тұтастай көтерiлiс тарихын, сол кезеңдегi әлеум. жағдайды бейнелейдi. Исатай-Махамбет көтерiлiсiне тiлектес ақындар қатарындағы Шернияз Жарылғасұлының Исатайды мадақтап, Баймағамбеттi даттайтын өлеңдерi батылдығымен, тапқырлығымен бағалы. Исатай-Махамбет көтерiлiсiне жалғас туған Кенесары-Наурызбай бастаған ұлт-азаттық қозғалысы да (1837 - 47) өзiне тiлектес әдебиет тудырды («Наурызбай - Қаншайым», «Топ жарған», «Жасауыл қырғыны», Нысанбай Жаманқұлұлының «Кенесары-Наурызбай» жыры) . Сыр бойында, Батыс Қазақстанда өткен патша отаршылдығына қарсы көтерiлiстер кезiнде жаңа жырлар туды («Бекет батыр», «Жанқожа батыр») . Отаршылдыққа қарсы күрес поэзиясы қазақ көркем сөзiнiң дамуында озық идеясымен, халықтық мазмұнымен жаңа белес саналады. Билеушiлерге қарсы наразылықты ашық айтқан шыншыл поэзия туды, адамды суреттеудiң жаңа тәсiлдерi қолданылды. Осы қатардағы ақындар iшiнде Жанақ Сағындықұлы, Шөже Қаржаубайұлы, Сүйiнбай Аронұлы елеулi орын алады. Отаршылдық дәуiр әдебиетiнiң ақындары шығармаларында ел байлығының талауға түсiп, халықтың кедейшiлiкке ұрынып, қоныстың тарылуы, зорлық-зомбылықтың күшеюi, парақорлықтың етек жаюы, адамдар мiнез-құлқының өзгерiп, ұсақталып, берекесiздiкке түсуi, дiн шарттарының еленбеуi, т. б. жағдайлар кең қамтылып, көркем бейнелендi. Оларды заман қайғысы, өткендi ойлап торығу, алдағы өмiрден шошыну зары бiрiктiрдi. Бұл сарынның көрнектi ақындары - Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Кердерi Әбубәкiр Шоқанұлы, т. б. халықтық поэзияның түрлерiн жетiлдiрдi. Оны заман шындығын бейнелеумен шебер байланыстыруда, реализмдi байытып, адам психологиясындағы өзгерiстердi жарқын суреттеуде, тiл өрнегiнде сан алуан жаңалықтар табуда осы топтағы ақындардың еңбегi үлкен. Олардың бiразы отарлаушыларға шошына қарады, дегенмен шығыс әдебиетiмен, дiни әдебиет үлгiлерiмен жете таныс болуы арқасында көркемдiк құндылығы жоғары туындылар жасады; қараңыз: Зар заман ақындары.

1. 3 Қазақ ақындары

Ақын - поэзиялық туындыларды (өлең, жыр-дастан, поэма) ауызша айтып не жазып шығаратын өнер иесі, халықтың көркемдік талғамын қалыптастырып, жалғастыратын сөз шебері. Ақын ұғымының жырау, жыршы, өлеңші сияқты ұғымдардан ауқымы кең, ол солардың бәрін қамтиды. Ауыз әдебиетінде ақын өлең, жыр-дастандарды шығарушы да, айтып таратушы да болған. Халықтың сөз өнерінде ертеден қалыптасқан дәстүр бойынша шынайы ақындар өлеңді табан астында суырып салып айтқан. Ондай жағдайда өлеңді, жырды домбыра немесе қобыз сияқты музыка аспаптарына қосылып орындаған. Оларды халық әдебиетінің дәстүрлерін сақтайды деген мағынада біздің заманымызда “халық ақыны” деп атайтын болды. Қазақ халқының Жамбыл, Нұрпейіс, Кенен Әзірбаев т. б. ақындары көптеген мұра қалдырған. Олар жыршылық өнерді де меңгеріп, кейде ұзақ дастан-жырларды жатқа айтқан. Мұндай ақындар тек қазақ халқында ғана емес, туысқан қырғыз, қарақалпақ халықтарында да кездеседі. Ақын деп жазба әдебиетінің өкілін де атайды. Бірақ мұндағы ақынның тұлғасы мүлде басқа. Жазба әдебиет өкілдерін алсақ, бұлардың өмір шындығын бейнелеу әдісі, көркемдік ой жүйесі, қолданатын жанрлары, стиль, тіл өзгешелігі қай жағынан да жаңа, соны қасиет-сипаттар мол. Қазақ әдебиетінде жазба әдебиетінің дәстүрін жан-жақты қалыптастырып дамытуға Абайдан бастап, С. Торайғыров, А. Байтұрсынұлы, М. Дулатұлы, М. Жұмабаев, С. Сейфуллин, І. Жансүгіров сияқты көптеген ақындар өз үлесін қосқан.

II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2. 1 «Қазақ ақындары»деректер базасын жобалау

Microsoft Acces - MS Access ең кең тараған деректер басқару жүйелерінің (ДҚБЖ) бірі болып табылады. Оның шежіресіне көз жүгіртетін болсақ төмендегідей мәліметтерді айтуымызға болады.

Microsoft Access бағдарламасы ол - кез-келген фирма, мекеме, шағын кәсіпкерлік шаруашылықтар бір-бірінен тура мағлұмат алу үшін, немесе келісу үшін, арнайы қағаздар толтырып, құжаттар дайындап, қағаздардың санын көбейтіп әуре болмайды. Мұның бәрін осы бағдарлама жасайды. Бұл бағдарламада кесте түрінде, сызба түрінде, кез-келген фирманың толық мағлұматтары болады. Оны алып қарап, онымен тікелей жұмыс жасай беруге болады.

Microsoft Access бағдарламасы қазіргі кезде компьютерлік технологиялардың құрал ретінде кеңірек пайдаланылуы. Бұл бағдарлама қазіргі таңда компьютерді осы бағытта пайдаланудың нақты мысалдары көп емес. Бұл бағдарламаны оқушыларға оқыту жүйесіндегі көптеген сатылардан біртіндеп меңгеру арқылы жүргізіледі. Microsoft Access бағдарламасы кеңінен қолданылатын бағдарлама. Ол өнідіріс орындарында, баспа-кітап шығару салаларында, оқулықтар жасауда, сауда-саттық айналымында есептік жүйелерді орындауда ерекше рөлді атқарады. Microsoft Access бағдарламасы жоғарғы оқу орындарындағы оқушылар үшін кеңінен пайдалану да бірнеше ұтымды жақтары бар.

Оқу процесінде білімін жетілдіру, ақпарат құралдарын енгізу, есте сақтау операциялары бойын-ша барлық мағлұматтарды енгізіп отыру, есептеу, сараптау, т. б. жүйелер үшін тиімді. Microsoft Access бағдарламасы көбінесе, баспа қызметерінде, жоба жасау, типография-лық және топографиялық, жалпы инженерлік саланың бәрінде де қызмет етеді. Сонымен қоса конструктілік тәсілдердерді орындау, кестелермен жұмыс жасау салаларын да қамтиды. MS Access ақпаратты көрсету және сақтау үшін пайдаланылатын жеке компонеттерден тұрады. Олар: кесте, форма, есеп беру, сұраныстар, деректерге мүмкіндік беретін беттер, макростар және модульдер. Формалар мен есептерді құру үшін конструкторлар қолданыла-ды, сондықтан бұл компонеттер конструкторлық объектілер деп аталады. Конструкторлық объектілер басқару элементтері деп аталатын едәуір кіші объектілерден тұрады (олар: өріс, батырмалар, диаграммалар, жақтаулар, және т. б. ) .

Мәліметтер қоры дегеніміз - мәліметтердің реттелген, өзара байланысты жиынтығы. Ол ақпаратты сақтауға арналған құрылым. Мәліметтер қорына мысал ретінде телефон анықтамалығын, поездар қозғалысының кестесін, кәсіпорын қызметкерлері туралы мәліметтерді, студенттердің сессия тапсыру қорытындыларын және т. б. атауға болады. Электронды мәліметтер қорының басты қасиеті - ақпаратты жылдам іздестіру, сұрыптау және түрлендіру.

Мәліметтер қорының түрлері: реляциялық, иерархиялық, желілік. Мәліметтердің реляциялық қоры кестелерді қолдануға негізделген. Ол екі өлшемді кесте түрінде ұйымдастырылған. Егер әрбір жазба нақты бір объектіге ғана қатысты ақпараттарды қамтитын болса, онда мәліметтер қоры реляциялық мәліметтер қоры болып табылады. Реляциялық мәліметтер қорында әрбір тізім кестелерде сақталады. Мысалы: оқу орны туралы мәліметтер бір кестеде, студенттер туралы мәліметтер екінші кестеде сақталуы керек. Иерархиялық және желілік мәліметтер қоры қайсыбір ортақ белгісі бар мәліметтер арасындағы байланыстардың бар болуын көздейді. Иерархиялық мәліметтер қорында мұндай байланыстар бұтақ тәріздес құрылым түрінде бейнеленеді. Мұнда біржақты байланыстардың болуы мүмкін және сұраныс құрылымда бейнеленсе ғана қанағаттандырылады. Желідегі мәліметтер қоры желілік мәліметтер қоры деп аталады.

Мәліметтер қоры орталықтандырылған және үлестірілген болып жіктеледі. Орталықтандырылған мәліметтер қоры бір есептеуіш жүйенің жадында сақталады. Егер бұл есептеуіш жүйе компьютер желісінің құраушысы болса, онда мұндай қорға үлестірілген қатынас құруға мүмкіндік болады. Мәліметтер қорын пайдаланудың мұндай тәсілі дербес компьютердің жергілікті желілерінде жиі пайдаланылады. Үлестірілген мәліметтер қоры есептеу желісінің алуан түрлі компьютерлерінде сақталатын бірнеше бөліктерден, тіпті бірін-бірі қайталайтын бөліктерден тұрады. Мұндай қормен жұмыс істеу үлестірілген мәліметтер қорын басқару жүйесінің көмегімен жүзеге асырылады.

Мәліметтерге қатынас құру тәсілі бойынша мәліметтер қоры жергілікті қатынас құру және желілік қатынас құру болып бөлінеді. Мәліметтер қорымен жұмыс істейтіндерді екі категорияға бөлуге болады. Олар: жобалаушылар және қолданушылар. Жобалаушылар кесте құрылымдарын мәліметтерсіз, тапсырыс берушімен бірге келісіп жасайды. Қолданушылар мәліметтре қорын ақпараттармен толықтырады, өңдейді және нәтижелік кестелер мен есеп берулерді алады.

Access программасы - мәліметтер қорын басқару жүйесінің танымал программаларының бірі. MS Access файлының кеңейпесі:. mdb. Басқа жүйелерге қарағанда, Microsoft Access пайдалануға жеңіл және ыңғайлы. Ол пайдаланушыға келесі мәселелерді шешуге мүмкіндік береді:

- Мәліметтер қорын құру және оған мәліметтер енгізу;

- Кестенің құрамын қарап шығу және оны редактрлеу;

- Кестелер арасында байланыс орнату;

- Мәліметтердің тұтастығын және құпиялылығын қорғауды қамтамасыз ету;

- Мәліметтерге әртүрлі сұраныстар жасау;

- Ақпаратты қалып және есеп түрінде көрсету;

- Қалыпқа және есепке суреттер және графиктер қою;

- Мәліметтерді импорттау және экспорттау;

- Интернеттің Web беттерінде мәліметтер қорын қолдану.

2. 2 «Қазақ ақындары» деректер қорының кестелері

MS Access-тегі деректер қоры өзіндегі кесте, есеп, сұраныс, форма т. б. құрамдарымен тұтас объект болады және оларды тұтас дискілік файлда . mdb кеңейтілуімен сақтауға мүмкіндік береді.

Деректер қоры негізгі құрылымдық компоненті кесте болып табылады. Кесте қатарлардан (жазбалар жиынынан) тұрады. Барлық жазбалар құрылымы жиында бірдей, ал жазба саны кестеде айнымалы. Әр жазбадағы деректер элементі өріс деп аталады.

Кестенің әр өрісіне уникальді ат тағайындалады. Ол бос орындарды қосқанда 64 символға дейін сыйғыза алады. Өріс атында нүкте, леп белгісі, қатарүсті символы (апостроф) және тік жақша қолдануға болмайды. Өріс аты бос орыннан немесе басқару символынан (ASCII 00-31 кодтары) басталмау керек. Өріс аттарының ішкі функция және MS Access қасиеттері аттарымен сәйкес болмағаны дұрыс.

Кесте бағанындағы деректер бір типті болуы керек. MS Access ДҚБЖ -де деректердің 8 типі бар.

MS Access- те кесте құрудың 3 тәсілі бар: кесте шебері көмегімен, кесте режимінде, конструктор режимінде.

« Ақыдардың өмір сүруі »кестесі:

« Шығармашылықтар »кестесі:

« Отбасы »кестесі:

« Білім »кестесі

2. 3 «Қазақ ақындары» деректер қорының сұраныстары

Сұраныс - жұмыс істеуші адамның керекті мәліметерді бір немесе бірнеше кестеден белгіленген шарттарға байланысты таңдап алу тәсілі. Таңдап алу жолымен сұраныс беру арқылы кестедегі мәліметтерді жаңартуға, жоюға, көбейтуге немесе бұрынғы кестелер негізінде жаңа (виртуальды) кестелер құруға болады. Access-те сұраныстардың бірнеше түрі бар Деректер қорын басқару жүйесінің негізгі объектілері.

Сұраныс мәліметтерді талдау, өзгерту және қарауға негізделген. Ол сондай-ақ форма мен отчет құруда жазулар көзі ретінде де қолданылады, әлдеқайда көп таралған сұраныс түрін таңдау арқылы сұраныс, ол бір немесе бірнеше таблицадан пайданалушы берген критерийлерге сәйкес мәліметтер теруді орындайды.

Сұраныстар - бұл деректерді өңдеу үшін арналған арнайы құрылғы. Сұраныстардың көмегімен деректерді сұрыптауға, сүзгілеуге, өзгертуге, яғни өңдеуге болады. Сұраныстың негізгі қызметі - кестелерді байланыстыру және деректерді таңдап алу.

Сұраныс құру барысында жазбаларды іріктеу шартын беретін өрнекті анықтауға арналған - өрнекті құрастырушыны қолдануға болады. Ол сұраныс бланкасында Іріктелу шартты қатарына байланысты контексті мәзірдегі Құрастыру командасы (Построитель выражений) іске қосылады. Өрнекті құрастыру барысында бірнеше қарапайым ережені естен шығармауы керек. - Өрнек барлық уақытта логикалық типте болады. - Символдық тұрақтылық тырнақшаға алынып жазылады. - Деректер қорының обьектісі өріс атауын леп белгімен ажыратады.

Туылған жері арқылы ақындарды анықтау:

Туылған жылы арқылы ақындарды анықтау:

2. 4 «Қазақ ақындары» деректер қорының қалыптары

Қалыптар - кестелер мен сұраныстағы мәліметтерді ыңғайлы түрде экранға бейнелейтін және оларды басқаратын құрал. Қалыптар - мәліметтерді экранда бейнелеу жолы немесе оларды басқару мүмкіндіктері, яғни өзара байланысқан мәліметтерді тұтынушыға ыңғайлы түрде бейнелеуге, қарауға немесе енгізуге арналған тәсілдер.

Қалыптар - берілгендерді экраннан енгізуді жеңілдету үшін дайындалған бланк. Форманы кесте негізінде құрып, оған өзгерістер енгізуге болады. Бұл кезде өзгерістер автоматты түрде кестеге де енгізіліп қойылады. Формақұрудың 3 тәсілі бар:

- Автоформа.

- Формалар шебері.

- Қолдан құру.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХІХ ғасыр әдебиетінің зерттелуі
Қазақ халқының ғасырлар қойнауынан ұрпақтан ұрпаққа жеткен рухани мұрасы
Ауыз әдебиетінің түрлері
Күй өнері - тәрбиенің басты құралы
Қазақ баспасөзіндегі рухани құндылықтар мәселесі
Көшпенділер мәдениеті
Қазақ халқының рухани мәдениеті жағдайы мен даму тенденциясы
Жұмбақпен айтылатын шешендік сөздер
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІНІҢ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІНІҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ
Тарих және мәдени мұраға деген құнды қатынас
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz