Мектеп психолыгының мектеп оқушыларымен жүргізетін жұмыстары
№13 семинар тақырыбы: Мектеп психолыгының мектеп оқушыларымен жүргізетін жұмыстары.
Сабақ мақсаты: Мектеп психолыгының мектеп оқушыларымен жүргізетін жұмыстары туралы ақпарат беру. Мектептегі психологиялық қызметтің басты мақсаты - дамудың және оқу-тәрбие процесінің әлеуметтік жағдайын ғылыми психологиялық қамтамасыз ету, яғни білім беру процесіндегі барлық қатысушылардың денсаулығын сақтауға арналған психологиялық жағдайларды қамтамасыз ете алатын, тұлғаны дамыту мен тәрбиелеудің осы күнгі психологиялық-педагогикалық теориялары негізінде осы процесті ұйымдастыру мен құру және жүргізу
Бақылау сұрақтары:
1. Мектептегі психологиялық қызмет
Сонау кеңес дәуірінде пайда болған мектеп психологының бүгінгі таңда атқарып отырған жұмысы сан саналы. Бүгінде психологияның енбеген саласы кемде кем. Өзіміз көріп, тыңдап жүрген жастар, тәрбие, ата-ана, отбасы, мектеп, қарым-қатынас, неке, саясат, идеология т.б. проблемаға байланысты берілген теледидар хабарларында психологтың жиі араласатынын көріп жүрміз. Бұның барлығы психологтың бүгінгі қоғамда алатын рөлін ерекше сипаттайды.
Ұстаздар қауымының сенімді тірегі, көмекшісі, сондай-ақ білімге ұмтылған әр баланың ішкі жан дүниесін түсініп, олардың танымдық деңгейлерінің дамуына бірден-бір ықпалын тигізіп, оларды өмірге психологиялық жағынан дайындайтын мектеп психологтары. Бұның өзі мектеп психологының жұмысы бүгінгі таңда мектепке, балаға, мұғалімге, ата-аналар үшін қажет екендігінің дәлелі.
12 жылдық білім алуға көшу, мектептердің соған дайындығы, жалпы бұқара халықтың 12 жылдық білімге психологиясын өзгерту т.б. проблемалар бүгінде психолог жұмысының бір түрі.
Мектептің педагогикалық ұжымы психологтермен тікелей байланыс орната отырып, баланы түсініп оларды психологиялық жағынан зерттеп, біліп түрлі бағытта жұмыстар жүргізуде. Бүгінгі таңда ешқандай мектеп балалардың жан дүниесін, ішкі сырын, жеке басының тәртібін, олардың ата-анамен, ұстаздармен қарым-қатынасын, балалардың өзара қарым-қатынасы, олардың арасында болатын түрлі конфликтілерді психологсыз шешу мүмкін емес.
Психолог баланың жас ерекшелігіне байланысты:
-- психодиагностикалық
-- психопрофилактикалық
-- психокоррекциялық
-- психологиялық ағарту, кеңес беру жұмыстарын жүргізеді.
Аталмыш жұмыстардың мазмұны, оның түрі, формасы балаға оның оқу-тәрбиесіне, жеке басының қалыптасуына, әлеуметтік ортасына және мектептің проблемасына байланысты.
Мектептің іс-тәжірибесіне толық перспективті енген, жұмыстардың бірі-психопрофилактикалық жұмыс болса, өзекті деңгейде психокоррекциялық жұмыс болып табылады. Бірақ мектеп психологының психодиагностикалық жұмысы кез-келген деңгейде жүргізілетін жұмыстың түрі.
Қазақстан мектептеріндегі психолог жұмыстарының іс-тәжірибесін оқи отырып, оны талдасақ мектеп психологтары өз іс-әрекетін бірінші, психодиагностикалық жұмыстан бастайды. Неге?
· Біріншіден, қазіргі кезде мектептерде психолог шешетін психологиялық проблемалар санының көп болуы.
· Екіншіден, психодиагностикалық жұмыстың нәтижесіне байланысты психокоррекциялық және баланың жеке басын дамытатын шаралар жүргізілуінде.
· балалардың танымдық үрдістері олардың жас ерекшелігіне сәйкес дайындалмауы;
· балалардың мектепке психологиялық жағынан дайындықтарының төмендігі.
Мектеп психологы ретінде өз іс-әрекетімде бірінші сынып оқушыларын мектепке алғашқы қабылдау сәтін сынып жетекшісімен бірлесе отырып ұйымдастырған кезде ең басты көңіл бөлетін мәселем балалардың психологиясы, жеке бастарының қалыптасуы, мектепке дейінгі дайындықтары, таным үрдісінің даму деңгейі
Байқау, бақылау, сынау, әңгімелесу әдістерін пайдаланудың нәтижесінде, бастауыш сыныпқа келетін балаларды танымдық деңгейінің дайындығына және олардың жеке басының қалыптасып дамуына қарай үш топқа бөлдік:
1. Оқуды түйсініп, қабылдап, есте сақтап, оқуды әрі қарай алып кететіндер. Яғни танымдық деңгейі жақсы балалар
2. Бірінші аталған топқа қарама қарсы. Яғни танымдық деңгейі нашар дамыған балала
3. Үшінші топтың балалары өзін қоршаған ортадағы заттарды тануға, ажыратуға қабілеті нашар. Яғни танымдық деңгейлері педагогикалық олқылықтың салдарынан дұрыс қалыптасып, дамымағандар.
Оқу үрдісінде балалар үшін барлық пән маңызды. Дегенмен балалардың ақыл-ойының дамуына бірден ықпал ететін математика пәні болғандықтан, зерттеуге алынған балаларға арналған сауалнамалар, тестік тапсырмалар, психологиялық ойындардың мазмұндары математикалық ұғымдармен, түсініктермен байланысты.
Балалардың танымдық деңгейін көтеру мақсатындағы тренингтер:
1) Санай білуге арналған Баспалдақпен көтерілу тренингі.
2) Ойлауды дамытуға арналған Екі қолдың ортасындағы математикалық белгіні ажырату тренингі
3) Бала ойлауын дамытуға арналған Аңдарды үйшіктеріне орналастыру тренингі
4) Зейінді қалыптастыруға арналған Назар тренингі
5) Зейінді дамытуға арналған Тұрақтылық тренингі
Жаттығудың басында балалар қайта-қайта шатасты. Балалар суреттегі жазуды оқуға көңіл бөлмеді, әрі біздің көрсеткен тапсырмамызды көпшілігі орындай алмады.
Балалардың жаттығу барысында ойынды орындай алмау себебі оларды ременеценциялық (кешігіп еске түсіру) құбылыс басымырақ болды және ол бұл жасқа тән.
Жаттығу бірнеше рет қайталанғаннан кейін ғана балалар тренингтің алдына қойған мақсатты орындауға жаттықты.
Бұл тренингтің практикалық маңыздылығы сонда балалардың затқа деген түсінігін қалыптастырып қана қойған жоқпыз, балалардың заттарды дұрыс қабылдап, ойлай білуіне де көңіл бөлінді.
Мектеп психологының түрлі бағыттағы жұмыстары балалар психологиясынан, мұғалім және ана-аналар проблемаларынан туындайды.
Мектептегі ұжым, ата-ана, оқушымен жұмыс жүргізетін педагог-психологқа қойылатын моральдық-этикалық талаптар:
1. Қандай жағдайда болмасын психодиагностикалық жұмыстың қорытындысы балаға т.б. кері әсерін тигізбеу керек:
2. Балаларды диагностикалау арнайы жағдайда болмаса, ол ата-анасының балалардың келісімімен жүргізіледі;
3. Ата-ана, балалардың тәрбиелеушісі - зерттеу жұмысының деректерімен танысуға құқылы.
4. Психологиялық кеңес жұмысының т.б. сыры құпия сақталу керектігін естен шығармау.
Психологтың кәсіби этикасының маңызды категорияларының қатарына абырой категориясын жатқызамы. Кәсіби абырой - бұл психологтың өз борышын жан-тәнімен орындаудың жоғары әлеуметтік құндылығын педагогикалық ұжымның және ата-аналардың түсінуі және оның қоғамдық көзқараспен танылуы. Абырой сезімі - бұл психологтың істері мен әрекеттерінің қозғаушы күші.
Мектеп психологтарының барлығы - абыройдың адамдары. Бұл қасиет өз міндетін, борышын дұрыс орындағанда көрінеді. Психологтың басқа кәсіптен ерекшелігі сол қандай психологиялық жағдайда болмасын қайраттылықты, ұстанымдылықты, өз ісіне жан-тәнімен берілуді талап етумен сипатталады. Психолог өз кәсіби абыройын ұжым абыройынан бөлуге тиіс.
Психолог абыройы мен ұжым абыройының байланысуы екі жаққа да мақтаныш сезімін туғызады. Абырой психологтың сөзінен, білімінен, жүріс-тұрысынан, жұмысты нәтижелі орындауынан, шеберлігінен, сөзінің, ісінің тұрақтылығынан т.б. жағдайлардан туады. Психолог абыройы барлық кезде қайырымдылықтан туындайды. Балаға, адамға жасаған қайырымдылығыңыз пайдаға негізделмеу керек екенін кезкелген саналы маман білуі керек.
Психолог жұмысында іс әрекеттің қай түрі болмасын оның барлығы жетекші әрекеттер болып есептелінеді.
2. Мектептегі психологиялық қызметтің басты мақсаты
Мектептегі психологиялық қызметтің басты мақсаты - дамудың және оқу-тәрбие процесінің әлеуметтік жағдайын ғылыми психологиялық қамтамасыз ету, яғни білім беру процесіндегі барлық қатысушылардың денсаулығын сақтауға арналған психологиялық жағдайларды қамтамасыз ете алатын, тұлғаны дамыту мен тәрбиелеудің осы күнгі психологиялық-педагогикалық теориялары негізінде осы процесті ұйымдастыру мен құру және жүргізу.
Қызметтің негізгі мәселелеріне кіретіндер:
әр жас кезеңінде балалардың тұлғалық интеллектуалдық дамуына қолдау көрсету, олардың бойында өзін тану және өзін жетілдіру қабілеттерін қалыптастыру;
-білім беру мекемелерінде әлеуметтік-психологиялық климаттың жағымды үйлесімді болуына қолдау көрсету;
-білім беру бағдарламаларын олардың мазмұны мен игеру тәсілдерін оқушылардың, тәрбиелеушілердің ақыл-ой және тұлғалық мүмкіндіктеріне бейімдеу мақсатында психологиялық қамтамасыз ету;
білім беру мекемелеріндегі әлеуметтік жағдайды психологиялық талдау, негізгі мәселелерді айқындау және олардың туындау себептерін, шешілу жолдары мен құралдарын анықтау;
балалардың, жеткіншектер мен жастардың дамуындағы ауытқулардың алдын алу және жеңе білу ;
мамандардың кәсіби іс-әрекетіне, білім беру бағдарламалары мен жобаларына, оқу-әдістемелік құралдарға психологиялық сараптама;
үздіксіз білім беру процесінде бір сатыдан екінші сатыға ауысу кезіндегі психологиялық - педагогикалық жағдайларды әзірлеу және жасау;
білім беру тәжірибесіне психология ғылымының жетістіктерін енгізу мен оларды таратуға қолдау көрсету;
білім беру жүйесі мамандарының іс-әрекетін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету.
Мектеп психологының құқықтары мен міндеттері және жалпы ережелер, мектеп психологының негізгі қызметтік мәселелері туралы арнайы оқулықтардан оқып-біле аласыздар (Берілген әдебиеттер тізімін қараңыз). Ал кейбіріне қысқаша тоқталсақ...
Мектеп психологының құқықтары мен міндеттері. Мектеп психологының құқықтық мәртебесі
Мектеп психологы - жоғары психологиялық білімі бар маман.
Қызметтік кесімді айлық, еңбек демалысының ұзақтығы, педагогикалық жүктеменің тарифтелген көлемі ҚР Білім және ғылым министрлігінің нормативті құжаттарына сәйкес белгіленеді.
Психолог қызметі санаттар негізінде (19 дан 16-ға дейінгі дәреже) әрбір мектепте - білім беру мекемесіне кем дегенде бір психолог болып тағайындалады. 500-ден астам тәрбиеленушілері бар білім беру мекемелерінде психолог мамандардың саны көбейтіледі.
Мектеп психологының жұмыс тәртібі мектептің жалпы тәртібіне сай болуы тиіс және оны білім беру мекемесінің директоры бекітеді. Психологтың жұмыс уақыты бағдарлық талаптарды ескере отырып ұйымдастырылады.
Білім беру мекемесіндегі психолог жұмысы үшін табысты іс-әрекетке қажетті жағдайларды қамтамасыз ететін арнайы жабдықталған бөлме бөлінеді.
Мектеп психологы әрбір оқу жылының басында мектептің педагогикалық кеңесінде тыңдалатын және білім беру мекемесінің директоры бекітетін өз іс-әрекетінің жоспарын жасайды.
Мектеп психологы өз іс-әрекетіне есеп жүргізіп отырады және әрбір оқу жылының соңында атқарылған жұмыс туралы есеп береді, ол білім беруді басқарудың тиісті деңгейде жалпы мектептік есепке енгізіледі.
Психолог іс-әрекетіне жалпы бақылауды жоғары тұрған психологиялық қызмет, мектеп директоры және педагогикалық кеңес бекітілген бағдарлама негізінде жүзеге асырады.
Мектеп психологы оқу орны әкімшілігінің нұсқауларын, егер олар психологтың негізгі мақсаттарына, міндеттеріне және этикалық кодексіне қарама-қайшы болса, орындамауға құқылы.
Білім беру мекемесінің психологы өз іс-әрекетін әкімшілікпен, педагогикалық ұжыммен, ата-аналармен, медициналық қызметпен, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлім қызметімен, т.б. тығыз байланысты жүргізуге міндетті.
Өзінің іс-әрекетінде мектеп психологы ұйымдық-психологиялық, дамытушылық, психофасилитациялық, психопрофилактикалық, психодиагностикалық және психокоррекциялық бағыттарды жүзеге асырады.
П с и х о л о г:
оқу-тәрбие үрдісінің барлық субъектілерімен жұмыс істеудің формаларын және әдістерін таңдауға, жұмыстың белгілі бір кезеңге арналған маңызды бағыттарын атап көрсетуге, жұмыстың көптеген түрлерін жүргізу кезектілігін белгілеуге;
оқу орнының басшылығына психологиялық қызметтің тиімді іс-әрекетіне қолдау көрсететін идеялар ұсынуға;
оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру жөніндегі қажетті мектеп құжаттамаларын оқып-үйренуге;
оқу-тәрбие үрдісімен байланысты әр түрлі мәселелерді талқылайтын жиындар мен мәжілістерге белсенді қатысуға;
педагогикалық және мектеп ұжымдарында әр түрлі психологиялық зерттеулер мен тестілер жасауға, пайдалануға, түзетуге және жүргізуге;
тәжірибелік психологияның ғылыми орталықтармен, жоғары оқу орындарының психология кафедраларымен, психологиялық ассоциациялармен, психолог-практиктермен тұрақты іскерлік байланысты жүзеге асыруға;
әр түрлі конференцияларға, семинарларға, симпозиумдарға тәжірибе алмасу мен өз біліктілігі мен кәсібилігін жетілдіру мақсатында қатысуға;
мектеп әкімшілігіне, педагогтарға, ата-аналарға, оқушыларға әртүрлі психологиялық мәселелер бойынша ұсыныс-кеңестер беруге қ ұ қ ы л ы.
П с и х о л о г:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің нормативті актілерін, құжаттарын, бұйрықтарын, нұсқауларын басшылыққа алуға;
Өзінің іс-әрекетін өз кәсіби біліктілігінің және қызметтік міндеттемелерінің шеңберінде жүргізуге;
Психология мен педагогиканың әртүрлі салаларындағы ең жаңа жетістіктерді білуге және насихаттауға; диагностиканың, түзетудің, алдын алудың ғылыми негізделген әдістерін өз іс-әрекетінде қолдануға; өзінің кәсіби деңгейін жетілдіру үшін үнемі еңбектенуге;
Тәжірибелік психологтың этикалық кодексі нормаларын басшылыққа алуға;
Мектеп қабырғасындағы диагностикалық, психокоррекциялық, консультативтік іс-әрекетіне тиісті кәсіби әзірлігі жоқ біліксіз адамдарды жібермеуге;
Кез келген мектеп құжаттамасына (тәрбие беру жоспарларына, білім беру бағдарламаларына, педагогикалық кеңестің шешімдеріне, ағымдағы оқу-тәрбие поцесіне, т.б. ) психологиялық талдау жүргізуге;
Мектеп ұжымындағы әртүрлі деңгейдегі тұлғааралық қатынастарды (Оқытушы-администратор, оқытушы-оқытушы, оқытушы-оқушы, оқушы-оқушы) бақылауда ұстауға, талдауға және түзетуге;
Әкімшілікпен, оқытушылармен, оқушылармен, ата-аналармен бірлесе отырып, білім беру үрдісінің барлық субъектілерінің табысты бейімделуі мен тиімді іс-әрекетіне қолдау көрсететін ғылыми негізделген білім беру, тәрбиелеу, түзету,т.б. бағдарламаларды жасауға және енгізуге;
Еркін формадағы психологиялық құжаттаманы (дискеттер, үн таспаларды, перфокарталарды, т.б.) жүйелі түрде жүргізуге және сақтауғам і н д е т т і.
Ал қазір біз мектеп психологының ж а у а п к е р ш і -л і г і н е тоқталайық.
- Психолог психологиялық көрсеткіштердің сауаттылығына, қолданылынатын болжам жасау және түзету әдістердің тиімді екеніне, ұсынылатын пікір-ұсыныстардың ғылыми негізделуіне тікелей жауапкершілікте болады.
- Психолог психологиялық зерттеулер хаттамаларының сақталуына, құжаттардың жүргізілуіне жеке жауапкершілікте болады.
Осыдан, келесі практик-психолог жұмысының дәстүрлі қалыптасқан қағидалары. Психологтың ұстаным әдебі туындайды:
Бүлдіріп алма! Өз біліміңді игілік үшін қолдан!
Баға беруге асықпа! Әсіресе, теріс баға беруге әуестенбе! Теріс бағаны дауыстап айтпа!
Әр адамды қазір қандай, сол тұрғыда сөзсіз оң қабылдау (Роджерс). Өзіңе сеніп келген баланы түсінуге тырыс.
Кәсіби құпияны сақта. Оқушылар, педагогтар, ата-аналар туралы оларға қандай да кесел келтіретін мәліметтерді хабарлауға қатаң тыйым салынады.
Жұмыстағы әріптестеріңді, олардың кәсіби шығармашылығы мен жұмыс әдістерін өз бетінше таңдау құқығын сыйла.
Өзге адамдар алдында әріптестерге қатынасты жұмыстағы жағдайларды талқылама!
Білікті бол! Өзің жеткілікті дәрежеде игермеген техника мен әдістемелерді қолданба!
Клиентпен өзара шекараңды біл! Клиентке өзі туралы аса қымбат құпияларын ашуға мүмкіндік берме, оны белгілі бір арақашықтықта ұста, әйтпесе оның құрметі мен сенімін жоғалтып алуға болады.
Клиенттің өз құқықтары мен қылықтарына өзі жауап беру мүмкіндігін тартып алма! Клиентке өз тағдыры үшін жауапкершілік сезімін қалыптастыру қажет.
Өз біліміңді көрмеге қойма! Клиентке кез-келген сәтте сөйлеуге, ойын айтуға мүмкіндік бер.
Клиентке теріс ақпарат берме. Психолог кей кезде өзі біле бермейтін нәрсе туралы айтып, соңынан ол жалған нәрсе туралы мойындағысы келмеуі мүмкін. Бұл клиенттің де, психологтың да өмірін күрделендіруге, немесе қате шешім қабылдауға алып келуі мүмкін.
Клиенттің психологиялық процедураларға міндетті түрде қатысуы және ерікті түрде қатысу принципін сақта.
Өзіңді адам ретінде және маман ретінде құрметте!
Мектеп психологының негізгі мақсаты-міндеттері:
Оқушылардың сабаққа үлгермеушілік себептерін анықтау.
Кейбір оқушылардың тәртіпсіз болу себептерін анықтау.
Қиын сыныптармен жұмыс істеу бағдарламасын жасау.
Жеткіншектермен жұмыс.
Жағдайы қолайсыз жанұямен қарым-қатынаста болатын ата-ана мен бала қақтығысы, кикілжіңді дұрыс шешу, оның тиімді формаларын табу.
Мектеп пен отбасы арасындағы бірлесіп жұмыс істеу үйлесімділігін орнықтыру.
Оқушының сабаққа деген қызығушылығы мен жауапкершілігін тәрбиелеу.
Оқушының танымдық қабілетін арттыру.
Психологиялық кеңес беру.
Мамандық таңдауға көмек.
Мектеп психологы :1 жылдың ішінде шамамен 100-150-ге дейін баланы зерттеуден өткізуі тиіс.
10-20 (топ) сынып зерттелуі керек.
100-150-ге дейін жеке кеңес беру.
Семинар, тренингтер, жеке жұмыс - 100-150.
Топтық сабақ (ата-ана, мұғалімдер) - 200-ге дейін.
Ағартушылық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz