Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату нормасының мақсаты мен міндеттері және оның қылмыстық құқықтағы орны


Қылмыстық жауаптылықтан босатудың негіздері және оларды қолдану ерекшеліктері
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Мазмұны
1 Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық
жауаптылықтан босатудың түсінігі, сипаттамасы мен ерекшеліктері
1. 3 Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық
жауаптылықтан босату нормасын қолдануда азаматтардың
конституциялық құқықтарының сақталуы
2 Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық
жауаптылықтан босатудың негіздері және оларды қолдану ерекшеліктері
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан өз алдына мемлекет болып тәуелсіздігіне ие болғаннан кейін, егемендігіне, азаматтардың өмірі мен бостандықтарына тірек болатын, өзінің барша құқықтыққ негіздерін қайта құру қажеттілігі туды. Осы бағытта қыруар жұмыстар атқарылды. Мемлекетті басқару, экономика, әлеуметтік саяси өмір, мәдениет, құқықтық тәртіпті сақтау, елді зорғау, сыртқы саясат қатынастарын реттейтін көптеген заңдар мен жарлықтар қабылданып жүзеге асырылуда.
Қазақстан Республикасындағы қылмыстық-құқықтық саясат, халықаралық нормаларға сәйкестендіріліп, екі векторлы бағытқа ие болды. Атап айтқанда, олардың алғашқысы аса ауыр қылмыс жасағаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жауапкершілікті күшейту, екіншісі қоғамға үлкен қауіп төндірмейтін қылмыстар үшін жазаны жеңілдету және сотталғандарға қатысты қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза түрлерін көбейту. Соңғы жылдары бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қолдану барынша қысқартылды. Оның орнына сотталған адамды қоғамнан оқшаулауды көздемейтін балама жаза мен қылмыстық жауаптылықтан босату жиі қолданылуда.
Қазақстан Республикасы Соттарының 3-ші съезіндегі баяндамасынан біз қылмыстық құқықтың негізгі бағыттары, жалпы қылмыстық қудалауға тоқтам салып қылмыстық құқықтағы жазалардың бас бостандығынан айыру түрлеріне баламалы бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза түрлерімен алмастырып, қажет болған жағдайда қылмыс жасаған адамға жаза тағайындамау, мүмкіндігінше оларды қылмыстық жауаптылықтан да босату қажет екендігін түсінеміз [2, б. 2] .
Қазақстан Республикасының қылмыстық-құқықтық саясат тұжырымдасына сай қылмыстық заңнамада заңмен қорғалатын әлеуметтік жоғары құндылықтар ретінде адам құқықтары мен бостандықтарының басым екендігін және ажырамастығын тану негізге алынуы тиіс.
Қылмыстық заңнаманы жетілдіру қылмыстық-құқықтың негізгі қағидаларын бұлжытпай сақтай отырып жүргізілуі тиіс екендігі тұжырымдама талаптарының бірі болып танылады [3, б. 18-19] .
Дипломдық жұмыстың мақсаты және міндеті. Дипломдық зерттеудің басты мақсаты болып, жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату нормасының теориялық және практикалық мәселесін кешенді түрде зерттеу, жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату нормасын жетілдіру бағытында ұсыныстар жасау, зерттеліп отырған мәселеге байланысты қылмыстық заңды теориялық және тәжірибелік тұрғыда қолданудың бірегей жолын іздестіріп, оны одан әрі дамытуға мүмкін болатын жағдайларды көрсету болып табылады. Көрсетілген мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді шешу жолы қарастырылады:
- жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату нормасының мағынасын ашып түсінік беру және оның мақсаты мен міндетін, қылмыстық құқықта атқаратын рөлін айқындау;
- жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату нормасының іс-тәжірибеде қолданылу механизміне талдау жасай отырып, кездесетін олқылықтар мен өзекті мәселелерді анықтап оларды шешу жолын қарастыру;
- алыс, жақын шет елдер қылмыстық құқығында орын алып отырған жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату нормасы қалай қарастырылған және олардың өзара айырмашылығын салыстыра отырып, талдау жасау;
- Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 67-бабын қолдануда қылмыстық іс жүргізу процесіне қатысушылар мен басқа да тұлғалардың Конституциялық құқықтарының қорғалуына баға беру; зерттеліп отырған жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату заң нормасы бойынша қорытынды жасап, аталған норманы жетілдіру бағытында ұсыныстар жасау;
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату тақырыбындағы зерттеу жұмысы, Қазақстан Республикасының қылмыстық заңына енгелі бері теориялық және іс-тәжірибелік материалдарға негізделіп жазылған тұңғыш монографиялық зерттеу болып табылады.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы диссертацияда келтірілген қорытындылар мен мысалдардың, заң нормаларын жетілдіру процессінде қолданылу мүмкіндігімен ұштасады.
Зерттеу нәтижесі мемлекет тарапынан қылмыстылықтың алдын алу шараларын жетілдіруге мүмкіндік береді.
Жұмыстың құрылымы. Жұмыстың құрылымы зерттеудің негізгі мақсаты мен міндеттеріне сәйкес келеді. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен және оны құрайтын алты бөлімшеден, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатудың түсінігі, сипаттамасы мен ерекшеліктері
1. 1Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатудың түсінігі
Қазақстан Республикасы халықаралық ұйымдарға мүше болуына байланысты өзінің қылмыстық саясатын халықаралық қылмыстық саясатқа сәйкестендіру жолына түсті. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 67-бабында орын алып отырған «Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату» заң нормасы Халықаралық нормалардан алына отырып енгізілген. Себебі, аталған норма қазіргу уақытта тек Қазақстан Республикасында ғана емес, сол сияқты кешегі Кеңестік аумақтағы елдердің қылмыстық құқығында кеңінен қолданылған.
Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату, қылмыстық құқықта ерекше орын алып отырған институт болуына байланысты оған талдау жасап түсінік беріп көрелік.
Жәбірленушімен татуласуын байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату заң нормасы қарастырылған Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 67-бабының атауына назар аударып «жәбірленушімен» деген сөзге мән беретін болсақ, Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 7-бабында «жәбірленушіні» айыптау тарабына жататын тұлға ретінде түсініктеме берілген. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 75-бабының 1-бөлігінде «Қылмыстық процесте оған тікелей қылмыспен моральдық, дене және мүліктік зиян келтірілді деп ұйғаруға ол жөнінде негіз бар адам жәбірленуші болып танылады» деп көрсетілген [9, б. 34] . Осындай мағынадағы түсінікті Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1992 жылғы 24 сәуірдегі № 2 «Қылмыстардан жәбірленген адамдардың құқықтары мен міндеттерін реттейтін заңды қолдану тәжірибесі туралы» Қаулысының 3-тармағында да «Қоғамға кауіпті іс-әрекеттен моральдық, дене немесе мүліктік зиян оған тікелей келтірілген әрбір адам, қылмыс жасаған адамның анықталғанына, оның жауапқа тартылатынына байланыссыз жәбірленуші болып, танылады» деп түсінік беріледі[10, б. 168] .
Жоғарыда көрсетілгендей «жәбірленуші» болып тек қылмыс барысында тікелей зиян келген адам ғана болып танылады, яғни бұл жерде заңды тұлғалар емес тек адам ғана болатындығы айтылып отыр. Ал қылмыс барысында тікелей зиян заңды тұлғаларға келтірілсе олардың өкілдері жәбірленуші болуы мүмін екендігі Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 75-бабының 12-тармағында «Қылмыспен моральдық немесе мүліктік зиян келтірілген заңды тұлға жәбірленуші болып танылуы мүмкін. Бұл жағдайда жәбірленушінің құқықтары мен міндеттерін заңды тұлғаның өкілі жүзеге асырады» деп көрсеткен. Осыған толығырақ тоқталар болсақ қылмыс барысында жәбірленіп отырған заңды тұлға жәбірленуші болып танылуы мүмкіндігі айқындалып отыр, яғни ол жәбірленуші болуы міндетті болып танылмайды деген мағына береді. Заңды тұлға өкілдері Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 77-бабының талабына сай «азаматтық талапкер» болып саналады. Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату нормасының негіздерінің бірі «жәбірленушімен» татуласуы тиіс, ал «азаматтық талапкер» заң талабына сай «жәбірленуші» болып саналмайды, сондықтан жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату жәбірленушісі жоқ қылмыстарға қолданылуға болмайды деуге негіз бар. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының 11 шілде 2003 жылғы № 6 нормативтік қаулысымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 21 маусым 2001 жылғы № 4 «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 67-бабын қолдану жөніндегі сот практикасы туралы» нормативтік қаулысының 9-тармағында «Жәбірленуші жоқ істер бойынша ҚК-нің 67- бабын қолдануға болмайды» делінген [11, б. 12-14] . Осыған орай толығымен тоқтала кетер жағдай, қылмыстық құқықта орын алып отырған жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату заң нормасының қолданылуы тек жәбірленушісі бар қылмыстық істерге ғана қатысы барлығы өзінің мазмұнынан белгілі болып отыр. Сондықтан, аталған норманы қолдану барысында жәбірленген тұлғаны анықтау басты назарда болуы екендігі шарт.
Кез келген алдын-ала тергеу әрекеттері Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 221-бабының 2-бөлігінің және 242-бабының 2-бөлігінің талаптарына сай оқиға болған жерді тексеру мен сараптама тағайындау қаулысынан басқалары тек қылмыстық іс қозғалғаннан кейін жүзеге асырылады. Ал қылмыс барысында тікелей зиян келген адам немесе заңды тұлғаның заңды өкілі «жәбірленуші» және «азаматтық талапкер» болып танылуы қажет. Қылмыс барысында тікелей зиян келген адамды немесе заңды тұлғаның заңды өкілін «жәбірленуші» және «азаматтық талапкер» деп Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 75-бабының 3-бөлігі және 77-бабының 2-бөлігі негізінде қылмыстық қудалау органдарының қаулысымен немесе соттың ұйғарымымен танылуы қажет, яғни қылмыстық іс қозғалғаннан кейін танылады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 80-бабының талабына сай кәмелетке толмаған немесе өзінің дене немесе психикалық жағдайы бойынша өз құқықтары мен заңды мүдделерін өз бетінше қорғау мүмкіндігінен айырылған жәбірленушілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін іске міндетті түрде қатысуға, олардың заңды өкілдері қылмыстық процесті жүргізуші органның қаулысы негізінде тартылуға жатады. Ал, жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату заң нормасы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабының 1-бөлігі 12-тармағының талабына сай «Қылмыстық ізге түсуді болдырмайтын жағдайлар» тобына енгізілген. Яғни, қылмыстық іс қозғамай қылмыстық іс қозғаудан бас тартуға міндеттілік жүктеледі. Сонда ғана қылмыс барысында тікелей зиян келген адамды немесе заңды тұлғаның заңды өкілін «жәбірленуші» және «азаматтық талапкер» деп танымай жатып, оған жәбірленушінің, азаматтық талапкердің заңда бекітілген мәртебесін, құқыларын қалай беріп отырмыз. Осы жерде толықтыра кететін жағдай алдын-ала тергеу барысында қылмыстық қудалау органдары немесе сот «жәбірленуші» немесе «ақы талапкер» деп тану туралы қаулының күшін жойып оларды «жәбірленуші», «ақы талапкері» ретінде танудан бас тартып жататындығы кездесетін заңдылық. Қылмыс барысында зиян кімге келді анықталып, сол адам немесе заңды тұлғының заңды өкілі ғана «жәбірленуші» деп танылса қылмыстық құқықта орын алып отырған жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату заң нормасының алға қойып отырған мақсаты орындалады деуге болады.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1992 жылғы 24 сәуірдегі № 2 «Қылмыстардан жәбірленген адамдардың құқықтары мен міндеттерін реттейтін заңды қолдану тәжірибесі туралы» қаулысының 4-тармағында жәбірленуші, азаматтық талапкер тек қаулы (ұйғарым) шығарылғаннан кейін ғана танылатындығы және құқықтарға ие болатындығы көрсетілген . Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының қаулысында көрсетілген түсінік Қазақстан Республикасының Кылмыстық іс жүргізу кодексінің 75-бабымен белгіленген. Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату заң нормасын қолдану барысында қабылданатын шешімдердің бірі - қылмыстық іс қозғаудан бас тарту шешімі болып танылады. Жәбірленген адам мен заңды тұлғыны жәбірленуші ретінде танымай жатып, яғни «жәбірленуші деп тану туралы» қаулы қабылдамай оған жәбірленушінің мәртебесі мен құқықтарын беріп шешім қабылдап отырғанымыз қайшылыққа жол беріп отыр.
Заңды тұлғаның заңды өкілі болып саналатын «Жәбірленуші» жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатуды қолдануда «жәбірленушінің» құқыларына ие болады осы жерде ол заңды тұлғаға келген шығынды қандай мөлшерде төлеу керектігін және қылмыс жасаған адаммен татуласуды қалай жүзеге асыруды, татуласуды өзінің ішкі сезімімен шешеді ма немесе заңды тұлға басшысының көз қарасымен бе, әлде заңды тұлғаның жалпы жұмысшылар жиналысының нәтижесінде өз шешімін табады ма? Осы сұраққа жауап қылмыстық құқықта өз орнын ала алмай отыр, осының салдарынан кейбір кемшіліктердің орын алуы ықтимал жағдай екендігі барлығымызға аян.
Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату нормасындағы «жәбірленуші» сөзіне талдау жасай келе аталған сөз өз орнында емес деуге толық негіз бар. Сондықтан жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату заң нормасының диспозициясындағы «жәбірленушімен» сөзінің орнына «жәбірленген тараптан» деген сөз қонымды болар еді. Олай деу себебіміз, «жәбірленуші» деп тану үшін негізделген қаулы немесе ұйғарым қабылдануы міндетті болып отыр, қаулы мен ұйғарым қылмыстық іс қозғалғаннан кейін жүзеге асырылатын процесуальдық әрекет болып саналады, ал «жәбірленген тараптан» деген ұғым негізінен қылмыс барысында жәбірленген жақты көрсетеді де ол жәбірленуші болып танылмайды. Сондықтан «жәбірленген тарап» туралы қаулы немесе ұйғарым қабылдаудың қажеттігі жоқ деп санаймыз. Сондықтан жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату заң нормасын қылмыстық іс қозғап жатпай ақ қылмыстық іс қозғаудан бас тарту шешімін қабылдай беруге болады деуге толық негіз болып отыр.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 67-бабында көрсетілген жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату заң нормасындағы әр бір сөзге тоқталып мағынасына талдау жасай отырып түсінік беріп көрелік. Қылмыстық заң нормасында «ауыр емес», «орташа ауыр» деген сөздер қолданылған. Бұл сөздер Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 10-бабының 1, 2 және 3-бөліктеріндегі «онша ауыр емес» және «ауырлығы орташа» деген қылмыс санаттары атауларының орнына пайдаланылып отыр. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі заңдық норма болғандықтан оның әр-бір сөзі мен мағынасы өзгертілмеуі тиіс, қалай айтылды солай қабылдануы қажет. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 67-бабының 1-бөлігіндегі «Ауыр емес», «орташа ауыр» сөздері «Онша ауыр емес», «ауырлығы орташа» деген сөздермен және 2 бөліктегі «орташа ауыр» сөзі «ауырлығы орташа» деген сөздермен ауыстырылуы қажет деп санаймыз. Себебі «ауыр емес» сөзі қылмыс санаттарындағы «ауыр қылмыстан» басқа қылмыстар деп түсінік бере отырып «аса ауыр қылмыс» жасаған адам Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 67-бабының 1-бөлігі негізінде жауаптылықтан босатылуға жатады дегендей мағына беріп отыр. Осы «онша ауыр емес», «ауырлығы орташа» деп аталатын қылмыс санаттарының атаулары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 11 шілде 2003 жылғы № 6 нормативтік қаулысымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 21 маусым 2001 жылғы № 4 «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 67-бабын қолдану жөніндегі сот практикасы туралы» Нормативтік қаулысында да «кішігірім», «орташа ауырлықтағы» деп көрсетіліп, дұрыс аталмай отыр. Сондықтан, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 11 шілде 2003 жылғы № 6 нормативтік қаулысымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 21 маусым 2001 жылғы № 4 «Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 67-бабын қолдану жөніндегі сот практикасы туралы» Нормативтік қаулысындағы «кішігірім» деген сөз «онша ауыр емес» деп, «орташа ауыр» деген сөз «ауырлығы орташа» деп көрсетілуі қажет. Сол кезде қылмыстық құқықтағы қылмыстарды санатқа бөлудегі атаулар тәртіпке келтіріліп әр түрлі айтылмай, бір түрде айтылып бір мағына беретін болады.
Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату заң нормасының 1 бөлігіндегі «келтірілген зиянның есесін толтырса» деген сөз, өзінің сөйлемдегі алып оытрған орнына байланысты тек жәбірленушіге келген зиянды ғана көрсетіп отырған жоқ. Сондықтан, аталған заң нормасының негіздеріне жәбірленушіге келтірілген зиян мен қылмыс барысында келген, басқа да зияндарды жатқызуға негіз бар. Осыған толық түсінік бере отырып мағынасын ашар болсақ, заң нормасында «егер ол жәбірленушімен татуласса және келтірілген зиянның есесін толтырса» деген сөзді құрап отыр. Бұның мағынасы қылмыс жасаған адам, жәбірленушімен татуласса, одан кейін келген зиянның есесін толтырса, жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылуға жатады дегенді білдіреді. Бұл жерде жәбірленушіге келтірілген зиян айтылып отырған жоқ. Сондықтан Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 11 шілде 2003 жылғы № 6 нормативтік қаулысымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 21 маусым 2001 жылғы № 4 «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 67-бабын қолдану жөніндегі сот практикасы туралы» нормативтік қаулысының 3 тармағындағы көрсетілген «қылмыс жасаған адам жәбірленушіге келтірілген зиянның есесін толтырса» деген негіз Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 67-бабының 1-бөлігіне басқаша түсіндірме беріп отыр.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 67-бабының диспозициясындағы «Ауыр емес», «орташа ауыр» деген сөздер және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 21 маусым 2001 жылғы № 4 «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 67-бабын қолдану жөніндегі сот практикасы туралы» нормативтік қаулысындағы «кішігірім», «орташа ауыр» сөздері «Онша ауыр емес», «ауырлығы орташа» деген сөзбен ауыстырылуы қажет, оған себеп Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 10-бабында көрсетілген қылмыс санаттарының атауы «Онша ауыр емес», «ауырлығы орташа» деп аталып отыр, сондықтан қылмыс санаттары барлық заң нормаларында өзгермеуі тиіс деп санаймыз.
Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату заң нормасының диспозициясындағы «қылмысты . . . жасаған адам» және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 21 маусым 2001 жылғы № 4 «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 67-бабын қолдану жөніндегі сот практикасы туралы» Нормативтік қаулысындағы «қылмыс жасаған адам» деген сөз «қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс адамдар» деген сөзбен ауыстырылу қажет. Олай деу себебіміз, жоғарыда аталып өткендей қылмыс жасаған адамның барлығы жасалынған қылмыстың суъектісі болып таныла бермейді. Себебі, қылмыс жасаған адам есі дұрыс еместігіне, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде белгіленген жасқа толмағандығына және арнайы субъект болып танылмауына байланысты қылмыстық жауаптан босатылуға міндетті бұндай жағдайда жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату заң нормасын басшылыққа алуға болмайды.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 67-бабының диспозициясындағы «есесін» деген сөзді «орнын» деген сөзбен ауыстыру талап етіледі, себебі «есесін» деген сөз «бірнеше есе», «еселеп» деген мағына беріп отыр. Бұл дегеніміз жәбірленуші қылмыс жасаған адамнан келген зиянның орнын ғана емес зиянды еселенген артығымен толтыруды талап етуіне негіз болып отыр.
1. 2 Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату нормасының мақсаты мен міндеттері және оның қылмыстық құқықтағы орны
Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабының 1-бөлігінде «Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» делініп адам құқығы мемлекетіміздің негізгі байлықтарының бірі екендігін көрсете келе оны қорғауды міндеттейді [15, 67 б] . Еліміздің Конституциясында бекітіліп қорғауға жататын адамның құқықтары мен міндеттері негізгі байлық болғандықтан оларды әр уақытта қорғап, аталған құқылар бұзылған жағдайда бұзылған құқықтың орнын толтыру арқылы әділдікті қалпына келтіру болып табылады. Осы азаматтардың және заңды тұлғалардың құқыларын мемлекет өзінің қылмыстық қудалау және сот органдары арқылы қорғап, бұзылған құқықты қалпына келтіруді жүзеге асырып отырады.
Бұрынғы Кеңес Одағының бет бейнесін түбегейлі өзгерткен оқиғалар тарих еншісіне айналып, өз тағдырын өзі айқындаған Қазақстан мемлекеті алғашқы құрылған кезден бастап өз егемендігін қалыптастыру мен дамыту жолында, азаматтардың меншік құқыларын толықтыру және қорғау қажеттігін ескерген. Бұны біз Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуы стратегиясындағы» «Адам құқығының жалпыға бірдей деклорациясын» басшылыққа ала отырып, біз азаматтардың мүліктік құқығын нақты мазмұнмен толықтыруға ұмтылатын боламыз. Онсыз адамның шынайы бостандығы туралы әңгіме тек бос ызың ғана, ал әлемдік стандартқа сәйкес келетін тұрмыс деңгейіне жету орындалмайтын арман болып шығады» дегенінен байқауға болады [17, б. 45] . Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың бұл айтып отырған сөздері азаматтардың және заңды тұлғалардың құқыларын бұзылудан қорғап, бұзылған жағдайда қалпына келтіре отырып біз зайырлы, құқықтық мемлекет болатындығымызды дәлелдейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz