Мелиорация – табиғатты ұйымдастыру ілімі


КІРІСПЕ
Адамзаттың алғашқы табиғатпен қарым-қатынасының кезіндегі қараған мәселесі, өзінің өмір сүруі қажеттілігін қамтамасыз ету үшін алғашқыда табиғи, ал одан кейін суармалы мәдениетті егіншілік агроландшафтық жүйелерді құрудың негізінде, адамға қажетті бірден-бір қуат көзі болып табылатын - азық-түлік өндірумен айналысқан. Бұл кезең мезомент дәуірінен басталып, адамзат бірінші рет өзінің қажетін өтейтін жаңа өсімдік топтарының пайда болу жолын алғашқы рет өндіріске қойып, оның біздің Жер планетасына тез тарауына мүмкіншілік тудырды.
Жер табиғи жүйесіндегі судың өнімді күшін және топырақтың қуатын мыңдаған жылдар бойы адамзат өзінің қажеттігіне пайдаланудың нәтижесінде, олардың жоғарғы дәрежеде экономикалық және рухани дамуының ең күшті себепшісі болды. Осының нәтижесінде, адамзат тәжірибе жинай отырып, шартты түрде айтқанда, табиғатты «мақсатты пайдалау» қарым-қатынасының негізін құрды. Ертедегі өркениетті Аксум патшалығы (IV ғасыр б. э. ) кезіндегі Эфиопии, Грециядағы Акрагамата (490-430 жж. б. э. ), Ежелгі Рим (23-79 жж. б. э. ), құрылуы және оның дамуы, ал одан бері табиғи жағдайы өте ыңғайлы Меспотамидағы Тигр және Евфрат, Египеттегі Нил, Үндістан түбегіндегі Инд және Ганга, Қытайдағы Хуанхэ және Янцзы, Орта Азиядағы Сырдария және Амудария секілді үлкен өзендерінің бойында және Америкада ертедегі халықтар индейцтердің мая және ацеттер тайпаларының жерді игеру турлы бай тәжірибесі, жүйесіз және ойсыз табиғи қорды пайдалануына қарамастан, жаратылыс тану ілімінің, оның ішінде ауылшаруашылық жерлерді мелиорациялаудың бастапқы жүйесінің құруылуы басталған еді. Бұлар барлық адамзаттың даму кезеңінде табиғатты пайдалану жүйесінде, табиғат қорын пайдаланудың орнықтылық қағидасы сақтап, шөлейт аймақтарды өнімді егістік аймаққа айналдырды. Адамзаттың бұл тарихи даму кезеңінде табиғатты пайдалану іліміне өткен дәуірдің ғалымдары Аристотоль (384-322 жж. б. э. ), Теофрает (372-287 жж. б. э. ), ҮлкенПлианий (23-79 жж. б. э. ), Колумелла (1 ғасыр б. э. ) үлкен баға жемпес үлес қосып, табиғи қорды пайдаланудың ілімдерін түзді.
Орта ғасыр дәуірінде жаратылыс тану ғылымының орталығы, Мухамед Хорозмин (780-860 жж. ), Абунасыр Фараби (870-950 жж. ), Абуль-ВАда Бузджани (940-1009 жж. ), Ибен Сина (980-1037 жж. ), Абурайхан Беруни (973-1048 жж. ), Омар Хайям (1049-1131 жж. ), Насредин Тусы (1201-174 жж. ), Мухамед Тарагй-Ұлықбек (1394-1449 жж. ), Джамшид Кашы (1429 ж. ), Мухаммед Хайдар Дулати (1500-1551 жж. ) секілді ұлы ғалымдардың арқасында, Шығыс және Орта Азияға ауысып, олар табиғатты пайдаланудың алғашқы заңдарын құруға үлкен үлестерін енгізді. Осы дәуірдегі өмір сүрген, қазақ әдебиетіндегі Асан-Қайғы тұлғасы, қазақ халқыныңда табиғи қорды тиімді пайдалануға деген өзіндік көзқарасы бар екендігін толық көрсетеді.
Қайта өрлеу дәуірінің басқы кезеңінде жаратылыс тану ғылымына үлкен үлес қосқан Р. Бойль (1670), Дж. Рей (1686), К. Линей, Ж. Б. Ламрак (1802), И. Дарвин (1882), Ж. Турнефор (1700), Т. Р. Мальтус (1798), М. В. Ломоносов (1763), А. Т. Болотов (1770), Ю. Либих (1840), У. Дерэм (1713), Ш. Боине (1800), К. Ф. Бурдах (1805), А. Гумбольдт (1840), Ш. Моррон (1850), Г. Д. Торо (1866), Э. Генкель (1854), Ж. Э. Рекла (1868), В. В. Докучаев (1883), Э. А. Митчерлих (1909), В. Шелфрнд (1918), В. И. Вернадский (1926), В. Р. Вильямс (1947), А. Н. Костяков (1950), экология биология және ауылшаруашылық жерлерді мелиорациялаудың негізгі заңдарын және қағидаларын түзді.
Кездойсоқ емес, тек қана ерте дәуірдің дамуының саласы болып табылатын ауылдшаруашылық өндірісі ғана емес және адамзаттың Жер планетасындағы өндірістік қызметіне айналған, жалпы егіншіліктің өндіріс күші-табиғаттық, техникалық және егіншілік зерзатын және кезеңін біріктіретін күрделі бірлестік бола отырып, суармалы егістік жерден өнім өндірудің белгілі бір технологиялық әдісін құрайды және ол барлық тарихи даму кезеңінде адамзаттың ойлау қызметінің арқасында, ол тек қана табиғи заттарды және қуатты түрлендірудің негізінде, кез келген қоғамдық дамудың өзінде, олардың қажеттілігін қамтамасыз етуге бағытталды.
Қоғамдасудан қарапайымдылыққа, ал одан соң жетілдірілген егіншілік жүйесінен, жалпы жоғары жетілдірілген ауыл шаруашылығыненгізу, өндіріс қорын өндіруді өсіріп және адамзаттың ойлау қызметін арттыру арқылы, біріншіден агралық саланың мәнін өсіре отырып өсімдіктің бірінші өнімін құрады, екіншіден ауылшаруашылық жердің мелиорациясының әдістемелік негізін және қағидасын қалады.
А. Н. Костяков (1950) тәжірибелік істерді суатты жүргізу үшін құрылымды жағдайын негіздеуге арнап, ауылшаруашылық жердерді мелиорациялаудың негізгі мәселесін - « топырақтың құнарлығын мен өнімділігін үнемі артырып отыру және қоршаған ортаның нашарлауын болдырмас үшін судың және химиялық заттардың биологиялық және геологиялық айналымен реттеу » - деп анықтаған болатын. Бұл кездегі А. Н. Костяковтың мелиорация ғылымының әдістемелік және теориялық дамуына қосқан үлесі: табиғи ортаны түрлендіру кезіндегі негізгі мәселе өсімдіктің өмір сүруіне қажетті жағдайды қамтамасыз ету; мелиоративтік қажетті қызметтік іс-әрекеттерді есептеугі сапалы әдістерді, оның ішінде су қорының тепетеңдік теңдеуін пайдалану; ауылшаруашылық мелиорациясын, табиғи-техникалық жүйе ретінде қарастыра отырып, оның басқа табиғаттың бөлшектерімен қарым-қатынасын дәл есепке алу.
А. Н. Костяковтың мелиорация саласындағы бағалы бағыттары және теориялық ойлары ХХ ғасырдың орта кезінде, өсімдіктің өсіп-өну ортасының жағдайының қатынасы мен мелиоративтік қатынастық байланысын зерттеуге негіз болып, ауылшаруашылық дақылдардың дифференциалдық суару тәртібін уақыт-кеңестік өлшемін деқарастыру, табиғи жүйенің ауа-райын, топырақ және гидрогеологиялық жағдайын және өндірістік құралды ескере отырып, С. Н. Рыжов, Р. Ф. Шередер, В. Е. Ерменко, Н. С. Петинов, А. М. және А. С. Алпатьев, Н. Н. Шевченко, А. С. Кружилин, В. М. Козин, Н. Ф. Беспалов, В. М. Легостаев, С. М. Кривовяз, Г. З. Бияшев, Н. С. Горюнов, О. Д. Даримбетов, Р. А. Кван және басқада ғалымдардың ХХ ғасырдағы зерттеу зерзатына айналды.
Адамзаттың тарихи даму жолында «мелиоративтік-егіншілік білімі» - ауылшаруашылық мелиорациясы арқылы ауылшаруашылық дақылдарының қоршаған ортаның қасиетіне деген ыңғалы сұранысына байланысты суармалы жерлердің «жер асты су топырақ-өсімдік-жер беті су» жүйесіндегі жылу мен ылғал алмасуының орнықтылығын қамтамасыз ететін жағдайды қарастыратын, бірлескен техникалық және қоғамдық ғылым. Осыған байланысты суаруды пайдаланудың қажеттілігінің теориялық негізі ретінде табиғи жағдайлардың ауытқуын ескеретін, жылу және ылғалдың тепе-теңдік қағидасын негізге ала отырып, оны бағалауға мына сынақтық көрсеткіштер пайдаланды: жауын-шашын (О с ) және суару мөлшерінің (О р ) булануға (Е о ) қатынасы - K y =(O c +Op) /E o →1. 0 радиациялық қуаттың (R) жауын-шашын (О с ) және суару мөлшерін (О р ) буландыруға қажетті жасырын жылуға қатынасын көрсететін гидротермикалық көрсеткіш -= R/L(O c +C p ) →1. 0 .
ХХ ғасырдың екінші жартысында мелиоративтік егіншілік білімнің құралуының негізгі ерекшілігі, ауылшаруашылық дақылдарын мелиоративтік-егіншілік қызметін негізгі зерзаты ретінде қабылдау арқылы, биологиялық бірінші өнімді көтеруге негізделген ауылшаруашылық өндірісіндегі «көкпенбек революциясы» және тұзданған жерлерді игерумен тығыз байланысты. Бұл кезеңде ауылшаруашылық дақылдарының тұзға қарсы орнықтылығын еске ала отырып, суармалы егістік жердің топырағының су-тұз тәртібін реттеу және басқару технологиясы мен қағидасының әдістемелік негізін Б. Б. Полынов, А. Н. Костяков, А. В. Ковда, С. Ф. Аверьянов, Д. М. Кац, А. А. Рачинский; Л. М. Рекс; А. И. Голованов, И. П. Айдаров, Ф. М. Рахимбаев, М. К. Баженов, Э. А. Соколенко, Б. А. Зимовец; Ж. С. Мұстафаев және басқалар қалады. Ал оның теориялық негізін қамтамасыз ету үшін, суармалы егістік жердің су-тұз тәртібін математикалық бейнелеу мәселелерін шешуге, зат алмасудың сызықтық және сызықтық емес дифференциалдық теңдеулерін пайдалану арқылы, топырақтың мелиоративтік тәртібін реттеу және басқару мәселесі С. Ф. Аверьянов, И. П. Айдаров, А. А. Алексашенко, Л. М. Рекс, Н. Н. Веригин, В. Р. Волобуев, А. И. Голованов, Е. Н. Зилченко, И. Б. Дворкин, Ю. Н. Никольский, Э. А. Соколенко, Д. Ф. Шульгин, М. С. Мұстафаев және басқада ғалымдардың еңбектерінің арқасында іске асырылады. Бұл негізгі шешу жолы 1964 жылы Ташкент қаласында болған Бүкіл Одақтық ғылыми-техникалық конференцияда анықталды, онда бұрынғы тұзданған жерлердегі тұздану тәртібін жөнге келтіріп отыру үшін өсімдіктің өсіп-өну кезіндегі суармалау мөлшерін, дақылдардың суды тұтыну қажеттілігінің 20пайызға өсіріп іске асыру керек. Бұның нәтижесінде егістік жерлерге шаю тәртібін және жерлерді шаюды кеңінен пайдалану агроэкожүйенің топырағының су тәртібіне сапалы өзгерістер енгізді, соның арқасында қоршаған ортадағы зат және қуаттың артуына байланысты, толығымен табиғи жағдайларды өзгеріске алып келді: тұрақты және уақытша су көздерінің тәртібі бұзылды; табиғатта ертеде «қорланған» тұздарды белсенді айналымға енгізу арқылы гидрохимиялық ағынды бірнеше есе өсірді; суармалы егістік жерлердің және оның аумағының топырақ биологиялық, гидрогеологиялық және экологиялық жағдайы үлкен өзгеріске түсті. Осыған байланысты, табиғи қорды пайдаланудың технологиясы мен тәсілдерінің әртүрлігіне қарамастан, көптеген жағдайда мелиоративтік қызыметтік нәтижесі бірдей: барлық агроландшафтарды экологиялық және мелиоративтік жағдайының нашарлауы, топырақты эволюциялық даму бағытының сұр топырақтан батпақ топыраққа ауысуы су қорын тиімсіз пайдалану және өте төмен оның тиімділігі. Бұның барлығы табиғатқа келтірген заңдықтың қайғылы мысалға ғана емес, белгілі дәрежеде табиғатты пайдаланудың қағидасының беделін түсіріп және сенімсіздік тудыру болып табылады.
Мелиорация - адамның табиғатқа әсер етуінің ең күшті негізгі іс-әрекітінің және қызметінің бірі болып табылады. Мелиорация кезінде топырақ қабатының табиғи жағдайына қарағанда, ылғалдандыру дәрежесі бірнеше есе артады, судың және химиялық заттардың геологиялық айналымға түсу қарқыны өседі. Мелиорация топыраққа, гидросфераға, биоценозға және агроценозға одан да көп әсерін тигізеді. Бұл әсер суғарудың түрін, әдістерін, технологиясын және техникалық құралдарын таңдауға байланысты, табиғатқа қолайлы немесе қолайсыз болуы мүмкін.
Мелиорацяның негізгі міндетіне А. Н. Костяков және басқада ғалымдардың айтуы бойынша топырақтың құнарлылығына ауылшаруашылық дақылдардың өнімдерін және сапасын арттыру құрғақшылық далалық аймақта өсімдіктерден өнім алуды тұрақтандыру, азық-түлік және мал-азықтық өнімдермен қамтамасыз ету үшін, табиғатты өзгерту және қуаңшылықпен күресу, топырақтың су, ауа, қоректік, микробиологиялық тұз, жылу тәртібін және жеке жылу-су қорының тепе-теңдігін реттеу жатады. Бірақ мелиорация мақсаттарының көптеген тұжырымдалуында қоршаған табиғат орта және оны қорғаудың қажеттілігі ескерілмеген.
Академик Б. Б. Шумаков « Табиғат қорын пайдалану жүйесіндегі өткен кезеңдердегі жіберілген қателерді жөндеу, біздің ол туралы сана сезімімізді, көзқарасымызды қайта түзеуден бастау керек » - деп санайды. Біз өзімізді табиғат байлығын шексіз және қайтармай алу мақсатында ғана, оны қайта құру мәселесін қарастырумен шектелмеуіміз керек, қайта өзіміздің әрекетімізді оның заңдарына үйлестіріп жүргізудің қажетілігін тереңірек ұғынғанымыз жөн.
Қалыптасқан жағдайға жүргізілген талдаудың арқасында XXI ғасырдың басында «мелиорация» түсінігіне кең түсініктеме беруге тура келіп отыр. А. Н. Головановтың көз қарасы бойынша, даму және тіршілік ету үшін, мелиорацияның негізгі мақсатын, адам өмір сүретін табиғи ортаны жақсарту және сақтау. Р. М. Орлов, мелиорацияның негізгі мақсатын, табиғи жүйені сақтау және жақсарту үшін, табиғи құбылыстарды белсенді реттеу арқылы қалпына келтіру. И. П. Айдаров және В. Х. Хачатурьян, мелиорацияны тек қана ауылшаруашылық дақылдарының талап-тілегін қамтамасыз ететін, сапалы шара ретінде қарап қоймай, барлық адам өмір сүретін ортаны қалпына келтіретін құрал ретінде құрастырады. Ж. С. Мұстафаев мелиорацияның мақсаты және шешімін табиғат және адамзат арасындағы қарым-қатынастың мәселесі ретінде көрсетіп, табиғи ортаны қорғау және оны тиімді пайдалануды, табиғатты тиімді пайдалану мен қайта үйлестірудің бір тұтас мақсаты ретінде қарап, геожүйенің экологиялық, энегетикалық және өндірістік мүмкіншілігін көтері деп есептейді.
XXI ғасырдағы ауылшаруашылық жердің мелиорациясының мақсатының көп бағытта екендігі - экологиялық қауіпсіз суландыруды дамыту және топырақтың құнарлығын арттыруға арналған табиғатты пайдалануға қойылатын талап-тілекті сақтау, қоршаған ортаны адам өмір сүретін орта ретінде қарай отырып, оның сапасын жақсарту, оның ыластануы мен таусылуына жол бермес үшін, мелиоративтік ғылым саласының әдістемелік негізін қайта қарауды талап етеді. Ауылшаруашылық жерлерді мелиорациялауға қойылған бұндай талаптар және табиғи құбылыстарды ықтималдау қағидасы, мелиоративтік қарым-қатынастың зерзаттық үш бөлімін біріктіру арқылы: топырақтың талап-тілегі, өсімдік өмір сүретін ортасының қасиеті, ортаның қасиетінің өсімдіктің талап-тілегімен келісімдік қатынасы, табиғатты пайдаланудың іргелі теориялық зерттеуін жаңа деңгейде мынандай сынақтық көрсеткішінің қоюды талап етеді: табиғи ортаны түрлендірудің негізгі ретінде топырақтың талап-тілегінескере отырып, оның даму құбылысын реттеу; мелиоративтік іс-әрекетінің нәтижесінде табиғи құбылыстардың өзгеруін бағалауға табиғи заңдылықтарды пайдалану; мелиоративтік технологиялық бірлестіктердің қызмет етуін, бір-біріне байланысты және әсер ететін, біріккен ұйымдастырылған құрылым ретінде қарау.
Ғылымның барлық саласында, қандайда таным болса да атаудан, ұғымнан және анықтамадан басталады. Тек қана солар құбылыс немесе тәсіл туралы бастапқы түсініктеме беріп, ой дүние дану бағытын анықтайды.
Мелиорацияның күрделі қарқыны мен дамуы және оның қуатты геологиялық жағдайға айналуының нәтижесінде «мелиорация» атауының ұғымына немесе анықтамасына айқындық енгізудің бүгінгі кезеңде уақыты келді және оған қазіргі заманға сәйкес экологиялық және табиғатты қорғау бағытында баға беру мәселесін өмірідің өзі көрсетіп отыр.
«Мелиорация негізгі» оқулығын дайындау кезеңінде, табиғи және табиғи-техникалық экожүйелердің арасындағы барлық күрделі өзара байланыстарды ашу және бейнелеуге көп көңіл бөлу жағы қарастырылды. Мелиорацияның әсерінен табиғи құбылыстардың өзгеру қарқынын және бақылау арқылы, жүйеде жалпылай өзара байланысты және олардың түрленуін, қоршаған ортаны қорғау шараларында, оларды есепке алу керектігін ескеріп жеке мамандандыру бағытында баяндауды мақсат етіп қойған жоқпыз. Осы қарастырылып отырған мәселені экологиялық тұрғыдан шешуді дәріптеудің және оқырманға жеткізудің негізгі маңызды қағидасы ретінде генезис және мелиорация кезінде топырақты ерекше табиғи дене деп қарастырған, Докучаев Вильямс -Костяков іліміне, Докучаев-Григорьев-Будыконың эволюция заңы және топырақтың географиялық аймақтығының бір келкілік заңдылығына, сонымен қатар оларды өзара байланысқан және өзара келіскен бөліктерден тұратын табиғи ортаның бірыңғай ұйымдастырылған ландшафтық құрылым ретінде қарастырылып (А. И. Голованов, А. Г. Исаченко, С. И. Кошкаров) егістік жердің жоғары өнімділігінің экологиялық негіздеулерінің (Х. Г. Тооминг) және жер бетінің әрекетіне келетін жылу, ылғал және қоректік заттардың энергетикалық теңгермелік (В. Р. Волобуев) ауылшаруашылық жерлерді мелиорациялаудың топырақ экологиялық (И. П. Айдаров, В. Х. Хачатурурьян, Ж. С. Мұстафаев) және гидрогеохимиялық (Н. И. Парфенова, Н. М. Решеткина) қағидасына негізделген, суармалы жерлердің гидротермиялық тәртібінің жүйесі (Ж. С. Мұстафаев) қабылданған.
Оқу құралының мазмұны ғалымдар мен мамандар арасында әр кез талқыланып, жұмыс барысында, олардың ойлары мен тілектері толық ескерілді. Атап айтқанда техника ғылымының докторы, профессорлар И. П. Айдаров және В. А. Сурин, техника ғылымының кандидаты М. К. Баженов оқу құралының сапасын арттыру үшін, ақыл кеңестерін аянған жоқ.
Кітапқа пікір жазған техника ғылымының докторы, профессорД. Е. Нұрымов және техника ғылымының докторы А. К. Зәуірбектің құнды ескертпелері оқу құралының ғылыми - әдістемелік деңгейінің жоғарылауының ықпалын тигізді.
МЕЛИОРАЦИЯ - ТАБИҒАТТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ІЛІМІ
- Мелиорацияның ұғымы және оның анықтамасы
«Мелиорация» анықтамасы тарихта бұрыннан қалыптасқанмағынада ғана пайдаланған жөн, ол ауылшаруашылықта пайдаланатын жерлердің табиғи жағдайда қалыптасқан ыңғайсыз жағдайын адамзаттық іс-әрекеті арқылы жақсарту.
Бірақта тек қана барлық табиғи жүйелерді мелиорациялаумен шектелмей, жеке табиғи техникалық бірлестіктерінде осындай жағдайда тап болуына байланысты, біршама салыстырмалы қысқа мезгілде мелиорация өзінше жоғары қарқынмен даму кезеңін кешірді. Нәтижесінде «мелиорация» ұғымы табиғатты пайдалану және ұйымдастыру саласындағы адамзат әрекетін белгілеуге талап қоятын жалпы әсемдік сипаттаманы иемендеме бастады. Осының салдарынан мелиоративтік геодезия, гидрогеология, гидрология, химия және тағыда басқа ғылыми пәндер пайда болып, өзінің өндірістік саладағы міндетін атқара бастады.
ХХ ғасырдың екінші жартысында мелиорацияның қарқынмен дамуы оңдаған «мелиоративтік» атаулардың және ататрдың пайда болуына себепкер болды. Жаңа атауларды әртүрлі ғылыми мектептер мен бағыттардың өкілдері, жиі мелиорацияның мәніне жөнді жүйелік талдау жүргізбей енгізетін. Тек соңғы онжылдықта мелиорация мәселесіне айтылған көп салалы сындардың нәтижесінде, оның түрлерін топтастыруға және атауларын қалыптастыруға үлкен мұқиятпен қарауды талап етіп отыр.
Л. М. Рекс (1986), А. Г. Сенчуков және В. Н. Шкура (1997) берген кейбір «мелиорация» атауларының анағұрлым ерекше анықтамаларына жүгінейік. Бір жағынан, мелиорация - бұл топырақты жақсартуға және оның өнімділігін жоғрылатуға бағытталған жалпы әртүрлі шаралар; топырақтардың түбегейлі жақсартатын тәсілдері немесе әдістері зерттейтін ғылым; гидротехникалық, агротехникалық және орман - техникалық жұмыстардың көмегімен техникалық жақсартулар. Басқа жағынан, табиғи ортаның қасиеттері мен тәртіптерін өзгертуге бағытталған әрекетін «мелиорация» деп түсініп, оның жоғарғы мақсаты адамның мекен ету, қоғамның тіршілік көзі және даму құралы болып табылатын, табиғи ортаны сақтау және жақсарту деп санау керек.
Мелиорация анықтамасының бұл екі мүлде қайшы түсініктеменің арасына - қысқаша (тек қана жерлерді, топырақтарды немесе ауылшаруашылық дақылдарды өсіру жағдайлары ескерген) және әлемдік (барлық табиғи ортаны өзгерту мағынасында) бірнеше оңдаған атаулар пайда болған.
Қолдану, мазмұндық және түсініктемелік талдауы, сол сияқты анықтамаларды топтастыру, затқа және зерзатқа тигізетін әсерін, осы әсердің шекті және ерекше жағдайларын, мақсатын және алынатын нәтижесін, нақты ұғымдарға сүйене отырып жүзеге асыру керек.
Мелиорацияны пән ретінде қарастырғанда, біріншіден оған өте ыңғайлы және қолдануға болатын анықтама беру керек (мелиорация дегеніміз не?) . Ғылыми ортада, жауаптың оншақты түрлерін табуға болады: әрекеті (қызметі), ғылым, шаруашылық саласы, бағыты және бөлек (немесе әр түрлі) шара, ұйымдастыру шаруашылық және техникалық шаралардың жиынтығы, өндіріс жағдайларының жақсаруы, ауыл шаруашылығындағы ғылыми-техникалық төңкерістің негізі, топырақ қасиеттерінің өзгеруі, олардың тәртібін реттеу, жердің жақсаруы және тағы басқалар.
Шамасы, мелиорация - бұл ең алдымен табиғатты пайдалану және ұйымдастыру саласындағы адам қызметінің түрі және философиялық тұрғыдан, адамның табиғатты ұдайы қайта өңдеуге және еңбектенуінің нәтижесіндегі табиғатты түрлендіру деп түсінуге болады.
Мелиорацияны бұл тұрғыдан қарап және кеңінен түсініктеме бере отырып, оның ғылыми анықтамасының төңірегінде, оны адамның табиғатты түрлендірудегі қызметінің теориялық негізі, ал шаруашылық саласы ретіндегі мелиоративтік шараларды іске асыру жүйесі болып табылады.
Мелиорация арқылы әсер етуге тиісті табиғат құрылымы ретінде, оны ауылшаруашылық дақылдарынан жоғары өнім алудың негізгі құралы ретінде есептелетін, «жерді» атайды. Осыған байланысты мелиорацияның әсер ететін табиғи құрылымдары ерекше айқындала түскен: сөз «жер» туралы емес, кейбір жағдайларды мелиорацияның көмегімен «жердің» тұтыну қасиеттерінің бөлігі «топырақ қабатын» жақсартудың қажеттілігіне байланысты анықталған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz