Отто фон Бисмарк дипломатиясының негізгі белгілері
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3.5
1. ГЕРМАНИЯНЫ БІРІКТІРУ ПРОЦЕСІНДЕГІ БИСМАРКТЫҢ САЯСИ ҚЫЗМЕТІНІҢ МАҢЫЗЫ.
1.1 Бисмарктың саяси қызметінің басталуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6.7
1.2 Солтүстік Герман одағын құрудағы Бисмарктың рөлі ... ... ... ... ... ... .8.9
1.3 Герман империясының құрылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10.12
2. БИСМАРК ДИПЛОМАТИЯСЫНЫҢ НЕГІЗГІ БЕЛГІЛЕРІ.
2.1 Отто фон Бисмарк . саяси қайраткер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13.14
2.2 Бисмарк дипломатиясына жалпы мінездеме ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15.17
2.3 Пруссиялық соғыстар кезіндегі Бисмарк дипломатиясының ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18.19
2.4 Герман империясы құрылғаннан кейінгі Бисмарк дипломатиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20.24
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25.26
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3-5

I.1 Бисмарктың саяси қызметінің басталуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6-7
I.2 Солтүстік Герман одағын құрудағы Бисмарктың рөлі ... ... ... ... ... ... .8-9
I.3 Герман империясының құрылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10- 12

2.1 Отто фон Бисмарк - саяси қайраткер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...13-1 4
2.2 Бисмарк дипломатиясына жалпы мінездеме ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...15-17
2.3 Пруссиялық соғыстар кезіндегі Бисмарк дипломатиясының ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18-19
2.4 Герман империясы құрылғаннан кейінгі Бисмарк дипломатиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20-24
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25-26
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
КІРІСПЕ
Такырыптың өзектілігі. Курс жұмысы Отто фон Бисмарктың өмірі мен саяси қызметін талдауға арналған. Бисмарк сияқты ірі тарихи тұлғаны, әр түрлі қырдан зерттеуге болады. Еуропа мен әлем тағдырына үлкен ықпал жасаған ХІХ ғасырдың мемлекет қайраткерлерінің арасында, Бисмарк қызметінің тарихи маңызы бойынша да, өзінің саяси және дипломатиялық өнері бойынша да алдыңғы қатардағы тұлға.
ХІХ ғасырдың ортасында біртұтас мемлекет құру қажеттілігі туындады. Сондықтан да, Германияның мемлекеттік бірлігіне жету - 1848ж. буржуазиялық-демократиялық революциясының негізгі, басты мақсаты болды. Бірақ буржуазиялық-демократиялық революциясы жеңіліс тапты, оған қарамастан, ол едәуір ірі із қалдырды. Германияның қоғамдық өмірдің барлық салаларында, әсіресе Пруссияда: экономикада, әлеуметтік-саяси өмірінде елеулі өзгерістер болды.
Герман мемлекетінің құрылуының ерекшеліктері Отто фон Бисмарктың саяси қызметімен, биографиясымен тығыз байланысты. Оның аты герман және жалпыеуропалық тарихтың маңызды оқиғаларына тікелей байланысты, ең алдымен, ол өзінің “қан мен темір” атты саясатымен атақты. Германияның бірігуі осы адамның саясаты арқылы жүзеге асты.
Бисмарк – көрнекті дипломат пен үздік қолбасшы, оның қабілеттері “Пруссиялық соғыстар” деп аталатын 1860-70 жылдарды қамтыған кезеңде айқын көрінді. “Темір канцлер” деп аталған Бисмарк өз заманынан озған адам еді.
Бисмарктың өмірі мен қызметі жақсы зерттелген Батыста, ол туралы әр түрлі пікір қалыптасты, оның жеңістері мен жеңілістерінің қарама-қайшы талдаулары жасалды. “Темір канцлер”, “ақ революционер”, Германияны біріктірген адам, ХХ ғасырдың соғыстарына алғышарттар құрған адам, Гитлерге жол салушы – бұның бәрі Бисмарк.
Германияны Қазақстанмен салыстыратын болсақ, біздің мемлекеттеде Отто фон Бисмарк сияқты ірі тарихи тұлғалар бар. Олар Қазақстанды одан әрі гүлдендіруіне және де басқа елдерге танымал етуге зор үлес қосуда.
Тақырыптың мақсаты. Отто фон Бисмаркты тарихи тұлға және саяси қайраткер ретінде қарастыра отырып оның Германияны біріктіру жолындағы қызметіне сипаттама беру. Сонымен қатар Германия бірігу барысын, оның мәнін және тарихи маңызын анықтау. Жалпы сол кезеңдегі халықаралық қатынастарға тоқтала отырып, Германияның халықаралық аренада алатын орнын көрсету.
Тақырыптың міндеті:
Бисмарктың саяси қызметін қарастыру;
Солтүстік Герман одағын құрудағы Бисмарктың рөлін саралау;
Герман империясының құрылуын сипаттау;
Пруссиялық соғыстар кезіндегі Бисмарк дипломатиясының ерекшеліктерін сараптау;
Герман империясы құрылғаннан кейінгі Бисмарк дипломатиясын талдау.
Тақырыптың деректік негізі. Герман империясының тарихына арналған монографиялар, оқулықтар мен тарихи очерктер, Бисмарктың биографиялары мен Бисмарктың өзінің естеліктері пайдаланды. Соның ішінде, Бисмарктың естеліктерін пайдалануда өте сақ болу керек, кейбір фактілер аталмайды, кейбір фактілер асырылып жібереді. Дегенмен, бұл еңбек өткен ғасырдың тарихи ескерткіші және Бисмарктың кейінгі ұрпақтарға өсиеті.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Герман империализмінің тарихын зерттеуге А.С.Ерусалимскийдің еңбектері үлкен көмек көрсетті. “Дипломатия және милитаризм” атты кітапта, ол Бисмарк тұлғасының масштабын ашып көрсетті.[1] Сонымен қатар, В.В.Чубинскийдің “Бисмарк. Политическая биография” [2] атты кітабы да пайдалы болды. Бұнда жас шағынан бастап Бисмарктың бүкіл өміріне талдау жасалған. Чубинский Бисмарктың сыртқы саясатына ерекше көңіл бөлді.
Еңбекті жазу барысында, Э. Людвигтің “Бисмарк” атты еңбегі пайдаланылды. [3] Еңбекте Герман империясының құрылуындағы Бисмарктың рөлі кемітілмей, нақты көрсетілді.
Зерттеу жұмысының методологиялық әдістері. Жұмысты жүргізуде қазіргі кезде қолданылып жүрген методологиялық принциптер мен әдістер негізге алынды. Сонымен қатар курстық жұмыстың ақпараттары мен деректерін өңдеу кезінде жүйелеу және талдау әдістері пайдаланылды. Тарихи мәліметтер мен фактілерді зерттеу мен таңдау барысында салыстырмалы әдістің қолданылуы аса маңызды болды.
Тақырыптың құрылымы. Курстық жұмыстың көлемі – 27 бет. Курстық жұмыс жоспар, кіріспе, екі тарау, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. ГЕРМАНИЯНЫ БІРІКТІРУ ПРОЦЕСІНДЕГІ БИСМАРКТЫҢ САЯСИ ҚЫЗМЕТІНІҢ МАҢЫЗЫ
1.1 Бисмарктың саяси қызметінің басталуы
Бисмарктың тұлғасын қарастырғанда ең алдымен ата-тегінен бастаған жөн. Бисмарк атақты, бірақ кедейленіп кеткен жанұядан шыққан. Ол пруссиялық жериеленушілер-юнкерлер классының өкілі, 1815 жылы 1 сәуірде Берлин маңындағы Шенгаузен деген жерде туды. Жанұя дәстүрі бойынша, ол әскери қызметке түсуге үміттенді. Бірақ профессорлық жанұядан шыққан анасы баланың дипломатиялық қызметке баруын дұрыс көрді. Анасының әсерінен бе, жоқ па Бисмарк мектептен кейін, Геттинген және Берлин университеттерінде құқықты оқып шығып, дипломат болуды шешті. Бірақ орналастыратын таныстары болмаған соң, Бисмарк шенеулік-әкімшілік қызметтен дипломатиялық қызметке жол салуды үміттенді. Бюрократияға жек көрушілік сезіммен Бисмарк ақырында бұл жұмысты тастап, әкесіне көмектесіп, Шенгаузен жеріне ие болады. Өмірінің бұл кезеңін Бисмарк былай еске алады: “Мен ауылшаруашылықта табысқа жетіп, соғыс басталып кетсе, ұрыстарда көзге түсіп, ауылда өмір сүріп, өлуге шештім” . Оның келешек бейнесінің белгілері “адам қиялдарына жек көрушілік, таудай талап, мақсатқа жетуде тәсілдерді таңдамау және дене мықтылығы” сол кезде-ақ қалыптасқан.[1, 10c]
Бірақ ауылдағы өмір Бисмаркқа жарамады. Оның өміріндегі төңкеріс тарих оқиғаларына байланысты болды. “Ауыл қожайынының орнына саясаткер, жеке тұлғаның орнына тарихи тұлға” [7, 20c] келуі уақыт мәселесі болды. Бұл сәт 40-шы жылдардың соңында туды. 1848 жылғы революция Бисмаркті саясаткер қылды, революция кезінде “Құтырған Бисмарк” деп аталып кеткен, арақ ішіп, айналаны қиратып жүрген адамның орнына жаңа Бисмарк туды. Бұл Бисмарк өзінің ойларын логикалық шешімге жеткізіп қана қоймай, оларды қорқақтықсыз, батыл айтып, қолдаушыларды да таң қалдыратын. 1848 жылы өз күшіне сенім, демократиялық қозғалыстарға, парламенттік талқылауларға жек көрушілік, қарсыласының күшін дәл есептеу алу сияқты мінезінің қасиеттері одан ары айқындалуда. Күш оның басты аргументі болды, күште ол “әрбір дипломатиялық және саяси жеңістің альфа мен омегасын” [2, 24c] көрді. Сол кезде-ақ ол “Герман мәселесі парламенттерде шешілмейді, дипломатия мен ұрыс алаңында ғана шешіледі [1, 58c] деген сөз айтады.
Сол кезде, Германия бірнеше кішігірім мемлекеттер мен князьдіктерден тұратын. Олардың саясатын Австрия бақылаған, Пруссия болса 2-ші орында тұрды. Бисмарктың саяси қызметі 1851 жылдың мамырында басталды. Ол Франкфурттегі Одақтық сеймде Пруссияның елшісі болып тағайындалды. Бисмарк Германияның бірігуі тарих мәселесі екенін сезіне бастады және осы бірігу Пруссияның гегемониясында жүзеге асыру керектігі де оған айқындалды. Армия мен Пруссияның милитаристтік жүйесіне сүйеніп, Бисмарк іске кірісті. Австриямен соғыстан құтылу мүмкін емес екендігін түсініп, Бисмарк ұрыстарға дайындала бастайды. Бұндай мақсатты алдына қойған Бисмарк халықаралық саяси жағдайдың маңызын түсінді. Соғыстарға үшінші мемлекеттің қатысуын қаламаған Бисмарк, Петербург пен Парижде бола тұрып мемлекеттердің мүдделерімен, қайшылықтарымен жақсы танысып алған. Қолайлы халықаралық жағдайды қалыптастыруға Бисмарк өзінің дипломат және саясаткер ретінде бүкіл күшін, айласын жұмсады.
1.2 Солтүстік Герман Одағын құрудағы Бисмарктың рөлі
Сол кездегі екі ірі герман мемлекеттер арасында - Пруссиямен (онда Гогенцоллерндер династиясының королі билік еткен) Австрия (Габсбург династиясынан император билеген) арасында Германияның бірігуіндегі басты ролге күрес басталады.
1861ж. прусс тағына Вильгельм І отырады. Уақыт ұзамай, ол билікке, Германияның бірігуіне көп үлес қосқан адам - помещик Отто фон Бисмаркты шақырады. 1862 жылы қазанның басында Бисмарк министр-президент және сыртқы істер министрі болып ресми түрде тағайындалады. Сол сәттен, ол 28 жыл бойы алдымен Пруссияның, кейін Герман империясының саясатын жүргізді. Өзінің алғашқы ресми сөзінде, “тарихтың ұлы мәселелері сөздер мен жарғылармен шешілмейді... олар қан мен темірмен шешіледі” деген жиі қайталанатын сөздерін айтады. “Қан мен темір саясаты”, “темір канцлер” – саяси және тарихи әдебиеттегі бұл ұғымдар Бисмарк бейнесін елестетеді.
Дания Бисмарк саясатының бірінші құрбаны болды. Даниямен соғысты, Бисмарк Шлезвиг пен Гольситейннің бірігіп, Герман одағында тағы бір тәуелсіз мемлекеттің пайда болуын болдырмау үшін бастады. Бұл соғыста, ол қайта ұйымдастырылып, үлкейген Пруссия армиясын сынамақ болды. Данияға шабуыл ұйымдастыру сәті дәл таңдалынды. Бірнеше күнде Пруссия Данияны басып алды. Австрия Пруссия жеңісінен кейін, өзіне де пайда түсіруді көздеп, Пруссияға қосылады. Франция нейтралитет сақтайды. Бисмарктың престижі Пруссияда ғана емес, шетел мемлекеттерінде де көтеріледі. Король баладай қуанады. Өзінің хатында ол “Сізді мен үкімет басына тағайындаған 4 жыл аралығында, Пруссия өзіне тиісті орынды иеленді, барлығы да мемлекетімізге сәтті де, ұлы болашықты үміттендіреді” [1, 18c] деп жазады. Бірақ Даниядан тартып алынған герцегствалардың тағдыры әлі де де шешілген жоқ еді. Бұл мәселенің шешілуі Пруссия мен Австрияның қарым-қатынасына байланысты болды. Уақыт көрсеткендей бұл мәселе жалпы Германияның, соның ішінде Пруссияның болашағын да анықтады.
Даниямен соғыста, өзінің үлкейген күшін көрсеткен Пруссиялық милитаризм, Бисмарк саясатының нәтижесінде Австрияға қарай бағытталды. Шлезвиг-Гольштейнді бірігіп билеген Пруссия мен Австрия арасындағы талас-тартыстар, Бисмаркпен соғысты бастау үшін сылтау ретінде қолданылды. Осы соғысты бастау үшін Пруссияға Патшалық Ресейдің нейтралитетін алу маңызды болды. Данияға қарсы соғыс пен австро-прусстық соғыстың арасы 2 жыл өте аз уақыт. В.В.Чубинский өзінің Бисмарк туралы монографиясында “Бірінші конфликт екіншіге апаратынын замандастар да сезді” [7, 172c] деп жазды. 1866 жылы жазда Австрия мен Пруссия арасында соғыс басталды. Садовой түбіндегі шайқаста жақсы жатыққан және қаруланған Пруссия армиясы австриялықтарды талқандайды. Соғыстың нәтижесі: Австрияның герман мәселесіндегі рөлінің шешіліуі, Пруссияның басымдылығы және Солтүстік Герман одағының құрылуы. Пруссияға 3 мемлекет – Ганновер, Гессен-кастель, Насау және еркін Франкфурт қаласы қосылды. Солтүстік герман одағы атымен Орталық Еуропада іс жүзінде жаңа мемлекет құрылды. Бисмарк мемуарларында бұл жағдай бойынша “Мен біріккен Германия уақыт мәселесі екенін сездім, Солтүстік Германия оны асырудағы бірінші кезең болды” [1, 51c] деп жазды.
Австро-Пруссия соғысын көптеген тарихшылар Бисмарктың “үстіңгі революциясы” деп атайды. Біріншіден, Германияның бірігуі прогрессивті акт болды, буржуазияның мақсатына сай болды. Екіншіден, оны Бисмарк радикалды, бұл мәнде революциялық тәсілдермен жүзеге асырды. Соғыстар Пруссиялық монархия атынан жүргізілгендіктен, буржуазия өзінің либералды көзқарастарынан бас тартуға мәжбүр болды.
1.3 Герман империясының құрылуы
Австриямен бейбіт келісім жасасып, Пруссия Германияны біріктірудегі ең соңғы кезеңді дайындай бастады. Шығыс шекарасында біріккен, қуатты Германияның пайда болуын қаламаған Франциямен соғысу үшін, Бисмаркқа Ресейдің нейтралитеті қажет болды. Бисмарк дипломатиялық дайындыққа қызу кірісті.
Халықаралық қауымдастық кезінде оң болып көріну үшін, Бисмарк Францияға соғысты бірінші болып жариялауын қалады. Осы мақсатпен Бисмарк маңызды дипломатиялық документті өзгертеді. 1870ж. 13 шілдесінде Эмстен телеграмма алды, ондағы прусс королімен француз елшісінің арасындағы әңгімесін өзгертіп, Францияның намысына тиетіндей етіп, оны баспасөзде жария етуге бұйрық береді. Эмсадан алынған телеграмманы Мольтке оқып “Былай”, ол басқаша естіледі, бұрын шегінуге белгідей естілсе, қазір фонфарадай естіледі [1, 84c]. Өзгертілген Эмск депешасының тексті, Бисмарктың бұйрығы бойынша ақпарат құралдарына басылды.
1870 жылы 19 шілдеде Франция Пруссияға соғыс жариялайды. Бірнеше ай ішінде француздардың негізгі күштері талқандалады. Тамыз прусс әскері француз әскерінің бір бөлігіне тойтарыс беріп, Мец қорғанысына дейін қуады да, қоршап алады, ал екіншісін Седанда қоршап алады. Сол кезде, амалсыздан 82-мыңғы француз әскері мен император Наполен III өзі тұтқындалады. Седандық катастрофадан кейін, Парижге жол ашылып, прусс әскерлері француздардың астанасына жылжи бастайды, ал Францияның буржуазиялық үкіметі пруссактармен капитуляция жөнінде келіссөздер жүргізеді. Сонымен, франк-прусс деген атпен белгілі соғыс нәтижесінде Франция Солтүстік герман одағының алдында жеңіліс табады, ендігі Пруссияның алдында оңтүстік-герман мемлекеттерін қосу мәселесі тұрады.
Франко-пруссия соғысы қос сипатта болды. Германияның бірігуіндегі тарихи қажеттілікте басталған соғыс, әрине прогрессивті сипатта болды. Бірақ, шешуші шайқаста жеңген Пруссия армиясының кейінгі шабуылында соғыстың прогрессивті мәні бітеді. Енді, өз кезегінде немістер жаңа тонаушылық, озбырлық талаптар қоя бастады. Соғыс аяқталғаннан кейін Пруссия Оңтүстік Герман мемелекеттерін біріктіруді мақсат етті. 1870 жылы 18 қаңтарда жеңілген Франция территориясында Вильгельм І император болып жарияланады.
Францияға қойылған бітім мен бейтіт келісімінің қатал шарттары Бисмарк юнкерлік буржуазия мен милитаристік империяның экономикалық, әскери, саяси талаптарын жүзеге асыру үшін керек болды. Бисмарк “билеуші кластың - юнкерлер мен буржуазияның және милитаризм, национализм, империализм туының астында біріккен басқа да топтардың кулиріне айналды” [7, 83c]. Бисмарк өмірінің басты ісін жасап аяқтады.
Германиядағы біріктіру процесінің жүзеге асырылуына түрліше қарауға болады. Сөзсіз, бірігу қатал тәсілдермен жүргізілді, бірақ 1860-70 жылдарда Германиядағы қалыптасқан жағдайға мұқият көз салсақ, бұндай тәсілдер қажет болғанын аңғарамыз. Көпғасырлық бытыраңқылықты, экономикалық дамудағы бөгеттерді жойған және неміс жұмысшы қозғалысына, әлеуметтік күрестің басталуына жаңа жағдайлар мен мүмкіншіліктер туғызған бірігу, прогрессивті факт екені күмән тудырмайды.
Сонымен қатар, Бисмарктың Германияны біріктіру процесіндегі рөлін кемітпеуіміз қажет. Әрине, герман мемлекеттерінің бірігуіндегі объективті алғышарттар болды, бірақ Бисмарктың саясаты сияқты, субъективті факторсыз Германияның табиғи бірігу процессі көптеген жылдарға созылатын еді. Не де болмаса, Бисмарк саясатының нәтижесіндегі Герман империясының құрылуы, Европадағы күш балансын өзгертіп, Еуропаның ғана емес, бүкіл әлемнің дамуына үлкен ықпал етті.
Сонымен, Еуропаның ортасында Герман империясы деген атпен белгілі жаңа мемлекет пайда болды. Жаңа конституция қабылданады, 1871ж. жаңақұрылған мемлекеттің құрамына 22 монархия кірген, олардың арасында Пруссия, Саксония, Бавария. Империя басында императоры - прусс королі болған. Билік соның қолында болғанымен, іс жүзінде билік президент қолында болды. Сөйтіп Германияның бірігуі жүзеге асты, оған көп үлес қосқан Отто фон Бисмарк. Бірінші герман рейхстагына жүргізілген сайлаудың негізгі мақсаты империялық конституцияны қабылдау еді. Ол жөнінде Энгельс “Конституция Бисмарктың ыңғайына жасалды” [3, 178c] деп жазған еді. Іс жүзінде Германияда Маркс дәл көрсеткендей феодалдық қалдықтар мен парламенттік формалармен араласқан, буржуазияның ықпалындағы, бюрократиялық, полицейлік жолмен қорғалған әскери деспотизм” [4, 118c] орнатылды. Авторитарлық билік Вильгельм І, Бисмарк, Мольткенің қолында шоғырланған еді. 1870 жылы 12 мамырда империялық канцлер болған Бисмарк бұл қызметте 1890 жылға дейін болды. Сонымен қатар, ол министр-президент пен сыртқы істер министрі қызметтерін сақтап қалды.
ХХ ғасырдың 70-ші жылдардың басымен салыстырғанда, Бисмарктың саяси басшылықтағы позициясы нығайды. Бірақ оның тағдыры, конституциялық гарантияларға емес, императордың еркіне тәуелді болды. Жалпы алғанда, Бисмарктың 1870 жылдан кейінгі қызметі мардымсыз болды. Тарихи қажеттілігі аяқталғаннан кейін, Бисмарктың іс-әрекеті, кейінгі кезеңде қателіктерге толы болды, ол националдық, кластық шеңберден аса алмады.

2.1 Отто фон Бисмарк - саяси қайраткер
Бисмарк - германдық саяси қайраткер, 1887ж. біріккен прусс ландтагтың мүшесі. 1850ж. бастап депутаттар палатасының мүшесі. 1850ж. эрфурт парламент мүшесі, ультраконсервативтік партиясының дарынды ораторы, Ең алғашында Германияның бірігуіне қарсы болған, және Австрияның жақтаушысы болған.
1815-1859жж. Аралығында Франкфурттағы одақтық сеймнен прусс елшісі болып істеген; бұнда ол Австрияның жауына айналып, Пруссия гегемониясының астында герман бірігуін жақтай бастады. 1859-1862жж. Санкт-Петербургта елші қызметін атқарды, ал 1862ж. Парижде елші. 1882ж. прусс министрлігінің, сыртқы істер министрлігінің президенті болып тағайындалды; прусс сеймнің көпшілігіне қарсы тұрып, әскерді қайта құру ісін қолдады, палатаның шешімдеріне қарамастан, конституцияны бұзып, салықтарды жинады. Бірақ та соған қарамастан, Даниямен (1864), және Австриямен (1866) соғыстардағы жеңісі нәтижесінде Бисмарк ұтып, 1865ж. ол граф атағын алады.
1867ж. Солтүстікгерман одағының канцлері болып тағайындалады. Солтүстікгерман (кейіннен герман рейхстагы) үшін Бисмарк жалпы сайлау өткізеді. 1870-1871жж. соғыс Бисмарктің ісі болды. Одан кейін жаңа Герман империяның құрылуы болды. Бисмарк, прусс министрі және президент атағын сақтай отырып, жаңа Герман империяның канцлері болып тағайындалды да, князь дәрежесіне көтерілді.
Бисмарктің тағы бір, соңғы, қосқан ірі үлесі, Германия-Австрия-Италия үштік одағын құруы болған (1879-1883жж.). Бисмарктің ішкі саясаты, неміс католичествосымен (1873ж. бастап), кейіннен прогрессистермен және социалистермен нәтиже әкелмеген күресімен белгілі. Социализммен Бисмарк аталмыш әлеуметтік шаралармен күресті, яғни полицейлік қудалаулармен,; әсіресе, бұл социал-демократтарға бағытталған өте қатаң заңды енгізгенінен айқын көрінеді, бірақ кейіннен оны жоюға мәжбүр болды. 1879ж. бастап ол протекционизм жолына тұрады. 1890ж. мартында император Вильгельм ІІ-мен қарама-қайшылықтар мен келіспеушілік нәтижесінде Бисмарк барлық қызметтерінен босатылып, отставкаға жіберіледі. Гамбургтың қасындағы Фридрихсруэдегі үйіне көшіп кетіп, үкіметті сынап отырады. 1892ж. неміс сейміне сайланады, бірақ та оған бір де бір рет келмейді. Бисмарктың өміріне 2 қастандық болды: 1866 Блиндтікі және 1874 Кульмандікі. Бисмарктың жақтаушылары оны дарынды саясаткер деп санаған, Германияның бірігуі тікелей Бисмарктікі және Вильгельм І-ң жетістігі деп есептеледі. Бірақ та, тарихта басқа да көзқарас орын алды: Германияның бірігуіне, бір жағынан, Бисмарк қарсы болды. Тек қана Бисмарктың арқасында, бірігу сыртқы әскери сипат алды, және Германияның құрамынан Австрияның неміс облыстары шығарылып, құрамына неміс облыстары енгізілді: Эльзас-Лотарингия, Шлезвигтің бір бөлігі. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz