Қой брадзоты қоздырушысы
ЖОСПАР
Кіріспе
Негізгі бөлім:
Қой брадзоты қоздырушысы
Індеттік ерекшеліктері
Өтуі мен симптомдары
Балау
Ажыратып балау
Емі, дауалау және күресу шаралары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Жануарлар арасында байқалатын жұқпалы ауруларға адам баласы ертеден - ақ көңіл аудара бастады . Жұқпалы аурулардың белгілеріне , таралу заңдылықтарына көңіл бөлумен қатар , олармен күресу шаралары да қарастырылады . Жалпы мал шаруашылығын дұрыс жүргізу үшін белгілі бір жүйелі әрі кешенді көзқарас қажет . Осындай кешенді жүйенің бір бөлігінен қате кеткен жағдайда , ол түгел технологиялық циклдің бұзылуына әкеп соғады . Сондықтанда берік жем - шөп қорынсыз , ғылыми негізде жолға қойылған асылдандыру жұмысынсыз айтақаларлықтай нәтижеге жету мүмкін емес . Мал фермаларынан алынатын өнімдердің мөлшері және сапасы негізінен сол өнім беретін малдар мен құстардың денсаулығына тікелей байланысты . Сондықтан да еліміздің мал дәрігерлігі қызметінің алдында шаруашылықтардағы жұмысты жүйелі түрде ұйымдастыру , мал шығынын азайту міндеттері тұр . Мұның өзі осы салада істейтін оқу және ғылыми мекемелердің жұмыс нәтижесін көтере түсуін , ғылыми және озық тәжірибе жетістіктерін өндіріске дер кезінде енгізуді және мал дәрігерлігі маманының өз жұмысын өте жоғары кәсіптік дәрежеде атқара білуіне тікелей байланысты . Мал шаруашылығын өнеркәсіптік негізге көшіру , сөйтіп мал басын шоғырландыру мал дәрігерлігі қызметкерлерінің әдеттегі қалыптасқан жұмысты ұйымдастыру және жүргізу тәсілдерін өзгертіп қана қоймай, олардың өз жұмысына деген көзқарасын өзгертуді талап етеді.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Қой брадзоты қоздырушысы
Қойдың брадзоты немесе секіртпе (Bradsot, брадзот овец) ұлтабар мен ұлтабарұшы ішегінің кілегейлі қабықтарының қанталап қабынуы және ішкі үлпершек ағзалардың азғындауы арқылы ерекшеленетін, жіті өтетін жұғымтал емес жұқпалы ауру.
Тарихи деректер. Бұл ауру туралы алғашқы жазба мәліметтер солтүстік Европа елдерінде (Исландия, Дания, Норвегия, Шотландия) өткен ғасырдың ортасында басылды. Бастапқы да топалаң ретінде қарастырылып келді де, 1875 жылы Краббе дербес ауру ретінде сипаттады. Одан кейін де "қара ауру" "брадзот тәрізді ауру", "неміс брадзоты", "некрозды гепатит" аталатын басқа аурулардан аражігі ашылмай, тек 1920 жылы ғана бұл инфекциялар "некрозды гепатит" аталып, қоздырушысы Сl.gigas (СІ.поvуі В типі) екені анықталды. Бұл микроб қазірдің өзінде де брадзоттың қосымша қоздырушысы ретінде қабылданып келеді.
Брадзоттың қоздырушысын тұңғыш рет Пастер мен Жубер 1874 жылы сипаттады, таза өсінін 1888 жылы И. Нильсон, 1892 жылы Арлуэн бөліп алды.
Брадзоттың негізгі қоздырушысы - Clostridium septicum - полиморфты, грам оң, қозғалатын ірі таяқша, қауашағы жоқ, спорасы шеткерірек орналасады. Өлген малдың бауырының бетінен алған жағындыда ұзын тізбек түзеді. Брадзоттың негізгі қоздырушысы да және онымен қосарланып жүретін басқа да клостридиялар сыртқы ортада химиялық және физикалық әсерлерге төзімді. Олар топырақта жылдар бойы сақталып, тиісті жағдай болғанда өсіп- өнеді. Қайнатқан кезде 60 минутта өледі.
Дезинфекция үшін хлорлы әктің 3% хлоры бар тұндырылған ерітіндісі, күкірт-карбол қоспасының 10% ыстық ерітіндісі, 5% күйдіргіш натрийдің ерітіндісі, 10% формальдегид ерітіндісі қолданылады.
2.2. Індеттік ерекшеліктері.
Секіртпемен қойдан басқа үй жануарларынан ешкі ауырады. Ауру спорадия түрінде немесе шағын індет ретінде байқалады. Табиғи жағдайда қой жынысы мен жасына қарамай ауырғанымен көбінесе екі жасқа дейінгі, әдетте қоңдылығы жоғары малдар шалдығады. Кейде тек қана жас тоқтылар мен тұсақтар ауырса, кей жағдайда ересек қойлар ғана ауырады. Ауру жылдың кез келген маусымында шығуы мүмкін. Бірақ та, көбінесе қыста, немесе жаздың құрғақ айларында байқалады.
Инфекция қоздырушысының бастауы - ауырған қой. Өлген қойдың өлексесі жайылым мен суатты брадзоттың қоздырушысымен ластайды. Ауру алиментарлы жолмен және су арқылы жұғады.
Секіртпе кезіндегі дерт процесінің өрбу заңдылықтары толық анықталған жоқ. Ауру қоздырушысын алиментарлық жолмен, тіпті аса көп мөлшермен бергеннің өзінде, брадзот байқалмайды. Парэнтеральдық жолмен жұқтырғанда мал ауырғанмен ауруға тән клиникалық белгілері болмайды. Аурудың шығуы үшін мал организмінің табиғи төзімділігі маңызды роль атқарады. Стресс-факторлардың (ыстық, суық, ішек құрттары), әсерінен организмнің төзімділігі нашарлап, ішек-қарынның қозғалысқа келуі бұзылып, ауру қоздырушысының жедел өсіп-өнуіне жағдай туады. Нәтижесінде көп мөлшерде экзотоксиндер бөлініп, денені улап, өлімге әкеліп соғады.
2.3. Өтуі мен белгілері.
Секіртпе аса жіті және жіті өтеді. Аса жіті өткенде жасырын кезеңі бірер сағат қана, ал жіті өткенде бір тәулікке дейін созылады.
Аса жіті өткенде мал кенеттен өліп кетеді. Алдында ғана сау жүрген қой кенеттен тыпыршып, бір орында секіріп барып құлайды. Осындай ерекше жайт аурудың халық арасында "секіртпе" деп аталуына себеп болған. Жығылған қойдың ауызынан көбік ағып, тісін шықырлатып, бірер минутта өліп кетеді. Кешкісін сау малдың таңертең өлексесі жатады.
Секіртпе жіті өткенде дененің ыстығы көтеріліп, мал күйзеліп, жем-шөпке қарамайды. Тынысы, тамыр соғысы жиілеп, ауызы мен танауынан көбік ағады. Кейде қан аралас іші өтіп, несеп шығаруы жиілейді, іші кеуіп, тісін шықырлатады. Кейбір ауырған қой тынышсызданып бір орында секіріп немесе айналшықтап, жер тарпиды, оқтын-оқтын кұрыстанады. Тынышсыз-данудан соң дел-сал күйге ауысады да, жатып қалады. Жатқанда аяқтарын созып, мойынын артқа немесе бір жағына қарай бұрады. Ауырған мал демігіп, әлсіреп барып, бір күнге жетпей өледі. Ауру бәсеңдеу өткенде 3-5 күнге дейін созылып, өліммен аяқталады.
2.4. Патологиялық-анатомиялық өзгерістер.
Секіртпеден өлген қойдың өлексесі бірер сағаттың ішінде газға кеулеп, тез бұзылып, терісі көгереді. Жағымсыз иіс шығып, табиғи тесіктерінен қанды көбік ағады.
Бастың, мойнының, кеуденің, кейде дененің басқа бөліктерінің де тері асты шелі қанды-сарысуы, газ көпіршіктері бар кілкілдеген жалқаққа толы болады. Бұлшық еттері өзгеріске ұшырамайды. Жүні босап, оңай жүлынады. Көзге көрінетін кілегейлі қабықтары көкшіл. Шеттері қан тамырларындағы қан ұйымайды. Кеңірдек пен бронхылардың кілегейлі қабықтарында шашыранды және жолақтанған қанталаулар болады. Кеңірдектің іші қоймалжың сұйыққа толады. Алдыңғы қарындар жынға толы, ұлтабар бос, диафрагма мен плеврада ұсақ-ұсақ қанталаулар болды. Көкірек және құрсақ қуыстарында қанды сарысу бар, өкпе домбығып, қанға толады. Жүректің қанындагы сұйық молаяды. Эпикард пен эндокард қанталап, жүрек босаңсиды. Көкбауыр аздап ұлғаяды. Бауыр қанға толып, бетінде өліетті ошақтары болады, олар тіліп қарағанда сұрғұлт жолақтанып көрінеді. Бүйректері босаңсып, домбығып, қан кернейді. Аш ішектің кілегейлі қабаты домбығып, қанталайды. Тоқ ішекте өзгеріс байқалмайды, онда газ жиналады.
Өлекседегі сыртқы өзгерістер:
Балау
Секіртпеге диагноз індеттанулық деректерді, клиникалық белгілерін, патологиялық-анатомиялық өзгерістерін ескеріп және зертханалық зерттеулердің нәтижесінде қойылады. Зертханаға өлексені немесе жеке ағзаларды: бүйрек, көкбауыр, бауырдың кесіндісін, ұлтабардың зақымданған телімдерін, ұлтабарұшы ішегін, жіліктің сүйегін, тері астындағы жалқақты жібереді. Зертханада микроскопия жүргізеді, таза өсін алады және ақ тышқан мен теңіз тышқанына биосынама мен бейтараптау реакциясын қояды. Бактериологиялық зерттеуге материалды жаңа ғана өлген немесе жантәсілім кезінде пышаққа ілінген малдан алады. Микроскопия кезінде жағындыны негізгі фуксин ерітіндісімен және Грам әдісімен бояйды. СІ.septiсит үшін бауырдың үстіне тигізген шыныдағы микробтың жіп сияқты ұзын тізбек ретінде орналасуы тән.
Барлық материалдардан, әсіресе, міндетті түрде тері астындағы жалқақ- тан ет-пептон сорпасына, қанды агарға егіп, ауасы бағасыз жағдайда өсіреді. Сұйық ортада микробтың өсуін 24 сағат, ал тығыз ортада 24-48 сағат тексереді. Бөлінген таза өсінмен лабораториялық жануарларды жұқтырады, әсіресе, телімді патологиялық-анатомиялық өзгерістер теңіз тышқанында байқалады. Микробтың түрін өсіндік және морфологиялық қасиеттері бойынша анықтайды.
2.5. Ажыратып балау
Брадзотты топалаңнан, жұқпалы энтеротоксемиядан, пастереллезден, қарасаннан, пироплазмоздан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz