МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУ МЕН ҚАРЖЫЛЫҚ АУДИТТІ ЖҮРГІЗУДІҢ АЙЫРМАШЫЛЫҚТАРЫ


МРНТИ 06. 35. 31.
УДК 336. 14
МЕМЛЕКЕТТІК АУДИТ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУ МЕН ҚАРЖЫЛЫҚ АУДИТТІ ЖҮРГІЗУДІҢ АЙЫРМАШЫЛЫҚТАРЫ
Г. К. Нургалиева *1 , У. К. Джакишева 2 , Ж. З. Оралбаева 3
1, 2, 3 әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті,
г. Алматы, Казахстан
е-mail: zolota08@mail. ru
Түйін. Мақалада еліміздегі мемлекеттік аудиттің, мемлекеттік қаржылық бақылаудың түсініктері, айырмашылықтары қарастырылған. ҚР экономикасының дамуында әлеуметтік-экономикалық жүйелерге түрлі мемлекеттік механизмдердің, мемлекеттік қаржылық бақылаудың қажеттілігі күн санап артуда. Қазақстанда мемлекеттік аудитті енгізу мақсаты - халықаралық стандарттарға және қағидаларына сәйкес заңдық және әдістемелік негізін құру, мемлекеттік қаржылық бақылаудың заңдық және әдістемелік негізін жетілдіру. Мемлекеттік аудиттің және мемлекеттік қаржылық бақылаудың негізгі қағидалары: тәуелсіздік, объективтілік, кәсіби құзыреттілік, құпиялылық, дәйектілік, ашықтық, жариялылық, аудит пен бақылау нәтижелерін өзара тану .
Мемлекеттік қаржылық бақылау заң бұзушылықтарды анықтау және әкімшілік іс қозғау, залалды қалпына келтіруге (жоюға) мәжбүрлеу, тәртіптік жауапкершілікке тарту, іс жүргізу шешімдерін қабылдау үшін материалдарды құқық қорғау органдарына беру шараларын қолдануға бағытталған. Мемлекеттік аудиттің ең басты нәтижесі - экономикалық саясаттың дұрыс жүзеге асуы мен мемлекеттік аудит объектілерінің, атап айтқанда, мемлекеттік органдар мен мемлекетік мекемелердің, квазимемлекеттік сектордың бюджет қаражатын тиімді, мақсатқа сай пайдалануын қамтамасыз ету.
Түйінді сөздер : Мемлекеттік аудит, Есеп комитеті, тексеру комиссиялары, мемлекеттік қаржылық бақылау, квазимемлекеттік сектор, бюджет қаражаты, мемлекеттік органдар, ішкі аудиторлық қызмет, ведомстволық бағыныштылық .
Кіріспе . Елімізде аудит мемлекетіміз тәуелсіздік алғаннан кейін барып дами бастады және бұрындары көптеген сұрақтар тудыратын аудит сөзі бүгінгі таңда ешкімге де таңсық емес. Қазіргі кезде кең таралған аудит түрлеріне өндірістік, экологиялық, қаржылық т. б. жатады.
«Мемлекеттік аудит» термині біздің елімізде соңғы жылдары кеңінен қолданыс таба бастады, сондықтан оны көптеген адамдар бюджеттегі ақша қаражаттарын мемлекеттік бақылауға арналған аудит түрі деп түсінеді.
Қаржылық бақылаудың жоғарғы органдарының халықаралық ұйымы (ИНТОСАИ) өз құрамына 180-нен астам мемлекетті қамтиды. Осы елдердің құрамына 2000 жылдың мамыр айында мемлекеттік аудитті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Есеп комитеті мүше болып кірді. ҚР есеп комитеті тікелей ҚР президентіне бағынышты, мемлекеттік жоғарғы қаржылық бақылау органы. Есеп комитеті сыртқы және республикалық бюджеттің атқарылуын, гранттардың пайдаланылуын, мемлекеттің мал мүлкін, мемлекеттік кепілдендірілген активтерді, мемлекеттік кәсіпорындар сатқан тауар қаржысын бақылап баға береді [1] .
Зерттеу әдістері. Зерттеу барысында ғылыми мақаланың мазмұнын ашу үшін жүйелі көзқарас, салыстырмалы талдау, бақылау, топтастыру әдістері қолданылды.
Аудиттің анықтамасы Қазақстан Республикасы «Аудиторлық қызмет туралы» заңында: «Аудит - заңды тұлғалардың қаржылық қорытынды есебіне оның дұрыстығы мен әділдігі туралы тәуелсіз пікір білдіру мақсатында, заңмен белгіленген талаптарға сай тексеру жүргізу» деп көрсетілген [2] .
Қазақстан Републикасының «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» (2015 жыл 12 қарашадағы №392-V ) Заңында «мемлекеттік аудит» терминіне мынадай анықтама берілген: «Мемлекеттік аудит - бюджет қаражатын, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен, оның ішінде бюджетті атқаруға байланысты тәуекелдерді басқару жүйесіне негізделген басқа қызмет кезінде тартылатын қарыздарды басқару және пайдалану тиімділігін талдау, бағалау және тексеру» [3] . Алайда бұл нормативтік құжат «аудит» пен «бақылау» терминдерінің ара-жігін ажыратпайды. Көптеген адамдар мемлекеттік аудиттің кәдімгі аудиттен ерекшелігін, жалпы алғанда мемлекеттік аудиттің не екенін біле бермейді. Сондықтан төмендегі кестеде «дәстүрлі түсініктегі аудит» пен «мемлекеттік аудит» айырмашылықтары көрсетілген.
1-кесте
«Дәстүрлі түсініктегі аудит» пен «мемлекеттік аудиттің» салыстырмалы мінездемесі
Аудиторлық қызмет туралы ҚР 1998 жыл 20 қарашадағы №304 Заңы,
Аудитордың кәсіби этика кодексі
Нәтижелер мен талқылау. Қаржылық аудит - мемлекеттік аудит объектісі қаржылық есептілігінің, бухгалтерлік есептің және қаржылық жағдайының анықтығын, негізділігін бағалау.
Тиімділік аудиті - мемлекеттік аудит объектісінің қызметін тиімділік, үнемділік, өнімділік және нәтижелік нысанында бағалау және талдау;
Сәйкестік аудиті - мемлекеттік аудит объектісінің ҚР заңнамасының нормаларының сақталуын бағалау [4] .
Мемлекеттік аудиттің түрлерін көрсете келіп, оған мынадай анықтама беруге болады: «Мемлекеттік аудит - мемлекеттік қаражаттардың тиімді қолданылуын бақылайтын бақылаушы». Осыған сәйкес, егер Есеп комитеті аудиторларын «бақылаушылар» деп, ал инспекторларды «аудиторлар» деп атасақ мемлекеттік аудит бақылау ұғымынан қарағанда аудит ұғымына жақын болар еді. Сондықтан ендігі кезекте мемлекеттік бақылау мен аудит ұғымдарының ара-жігін ажыратсақ:
Бюджеттік мекемелердегі ішкі бақылау
Ішкі қаржылық аудит
Ішкі қаржылық бақылау
Сурет 1 - Мемлекеттік мекемелердегі ішкі бақылау
Заң талаптарына сәйкес ішкі қаржылық бақылау:
- басшылық (немесе орынбасары) тарапынан;
- мемлекеттік бюджет есебін жүргізуші немесе бюджеттік есептілікті құрушы, ішкі процедураларды жүзеге асырушы басқа да тұлғалар тарапынан үздіксіз жүргізілуі керек.
Қорытынды. Ішкі қаржылық бақылау заң актілерінің сақталуын бақылауға, бюджеттің құрылуы мен жұмсалуын бақылауға бюджеттік есептілікті құруға, бюджет есебін жүргізуге бағытталған.
Ішкі қаржылық бақылауды жоспарлау және өткізу барысында «ішкі қаржылық бақылау картасы» жасалады. Бұл картада:
- операцияны орындаушы жауапкершілік жүктелген тұлға есімі;
- операцияны орындау кезеңділігі;
- бақылауды жүзеге асыратын жауапкершілікті тұлға;
- бақылау жүргізу әдістері көрсетіледі.
Ішкі қаржылық аудитті жүргізу. Ішкі қаржылық аудит:
- құрылымдық бөлімшелер бойынша;
- өкілеттілігі бар тұлғалармен жүргізіледі.
Ішкі қаржылық аудитті жүргізуге өкілеттілігі бар басқа да тұлғалармен жүзеге асырылады.
2-кесте
Ішкі қаржылық аудит пен ішкі қаржылық бақылаудың айырмашылығы
Қорытындылай келе, бұл мақалада мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылаудың мәні мен айырмашылықтары ашылып көрсетілді. Қазіргі таңда, біздің заң актілерінің бір жолға қойылмауы мемлекеттік аудит және мемлекеттік бақылау түсініктерінің бір ұғымға айналуына әкеліп соқтырды. Сондықтан да, мемлекеттік аудитке мемлекеттік бюджеттің сақталуын, тиімді жұмсалуын бақылайтын бақылаушы деп анықтама бере отырып, негізінде бақылау мен аудит ұғымдарының екі түрлі екенін ашып көрсетуге тырыстық. Ішкі бақылау жоғарыда аталғандай, бюджеттің сақталуын, бюджет есебінің жүргізілуін қамтамасыз ететін болса, ал мемлекеттік аудит осы бюджет есептілігінің дұрыстығын растау қызметін жүзеге асырады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
- https://www. esep. kz
- Аудиторлық қызмет туралы Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 20 қарашадағы №304-1 Заңы
- Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 12 қарашадағы №392-V
- Мемлекеттік аудит: оқулық / авторлық ұжым: Б. А. Алибекова, А. М. Мұхаметкәрім, Д. М. Нурхалиева және т. б. ; ҚР БжҒМ, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті. - Астана: Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2018. - 345 б.
ГОСУДАРСТВЕННый АУДИТ И РАЗЛИЧИЯ В ПРОВЕДЕНИИ ФИНАНСОВого КОНТРОЛя И ФИНАНСОВОГО АУДИТА
Г. К. Нургалиева * 1 , У. К. Джакишева 2 , Ж. З. Оралбаева 3
1, 2, 3 әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті,
г. Алматы, Казахстан
е-mail: zolota08@mail. ru
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz