Қазақстан Республикасы географиялық орны, табиғат жағдайлары



Қазақстан Республикасы Еуразияның орталық бөлігінде, Орал тауларынан оңтүстікке қарай, ал оның астанасы - Астана қаласы Еуразия құрылығының географиялық орталығына мейлінше жақын орналасқан.
Қазақстан Ресей Федерациясымен, Түркменстанмен, Өзбекстанмен, Қырғызстанмен және Қытаймен шектеседі, Каспий теңізіне шыға алады.
Республика аумағы батысында Еділдің төменгі ағысынан шығысында Алтайға дейін, солтүстігінде Батыс-Сібір жазығынан оңтүстігінде Тянь-Шань тауларына дейін созылып, 2 миллион 725 мың шаршы километр жерді алып жатыр. Жер көлемі жағынан Қазақстан дүние жүзінде 9-орын алады.
Республика аумағының басым бөлігі жазық және ойпатты болып келеді. Елдің орталық ауданында Қазақтың шоқылы қыраттары, оңтүстігінде Қазақстан аумағындағы ең биік нүкте – биіктігі 6995 метр болатын Хан тәңірі шыңын қоса алғанда Тянь-Шань тауларының сілемдері жатыр.
Республика аумағы арқылы ағып өтетін, Солтүстік Мұзды мұхит бассейніне жататын шығысындағы - Ертіс, ал солтүстігіндегі - Есіл өзендерін қоспағанда, Қазақстан өзендерінің көпшілігі Каспий, Арал теңіздері мен Балқаш көлінің ішкі тұйық бассейндеріне жатады.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
 Қазақстан Республикасы

 ҚР Конституциясы
 Парламентаризм тарихы

 Парламенттің регламенті
 Сенаттың регламенті
 Мәжілістің регламенті

 Сенат депутаттары
 Мәжіліс депутаттары

 Сенаттың күнтізбесі
 Мәжілістің күнтізбесі

 Заң жобалары

 Сенат жұм. тур. ақпарат
 Мәжіліс жұм. тур. ақпарат

 Жаңалықтар

 Сенат комитеттері
 Толық тізімі

 Мәжіліс комитеттері
 Толық тізімі

 Казахский
 Русский
 English

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ОРНЫ, ТАБИҒАТ ЖАҒДАЙЛАРЫ
Қазақстан Республикасы Еуразияның орталық бөлігінде, Орал тауларынан
оңтүстікке қарай, ал оның астанасы - Астана қаласы Еуразия құрылығының
географиялық орталығына мейлінше жақын орналасқан.
Қазақстан Ресей Федерациясымен, Түркменстанмен, Өзбекстанмен,
Қырғызстанмен және Қытаймен шектеседі, Каспий теңізіне шыға алады.
Республика аумағы батысында Еділдің төменгі ағысынан шығысында Алтайға
дейін, солтүстігінде Батыс-Сібір жазығынан оңтүстігінде Тянь-Шань
тауларына дейін созылып, 2 миллион 725 мың шаршы километр жерді алып
жатыр. Жер көлемі жағынан Қазақстан дүние жүзінде 9-орын алады.
Республика аумағының басым бөлігі жазық және ойпатты болып келеді.
Елдің орталық ауданында Қазақтың шоқылы қыраттары, оңтүстігінде
Қазақстан аумағындағы ең биік нүкте – биіктігі 6995 метр болатын Хан
тәңірі шыңын қоса алғанда Тянь-Шань тауларының сілемдері жатыр.
Республика аумағы арқылы ағып өтетін, Солтүстік Мұзды мұхит бассейніне
жататын шығысындағы - Ертіс, ал солтүстігіндегі - Есіл өзендерін
қоспағанда, Қазақстан өзендерінің көпшілігі Каспий, Арал теңіздері мен
Балқаш көлінің ішкі тұйық бассейндеріне жатады.
Мұхиттардан қашық, жер аумағының кең болуы және табиғат ерекшеліктері
климатының күрт континенталдығы мен аймақтық ерекшеленуіне,
жауын-шашын мөлшерінің аз болуына әсер етеді. Республиканың көпшілік
жеріне желдің күшті болуы тән. Аумақ төрт табиғи аймаққа -
орманды-далалық (солтүстік, шығыс), далалық (солтүстік, шығыс, батыс,
орталық), шөлейтті (батыс, орталық, оңтүстік, шығыс) және шөл (батыс,
орталық, оңтүстік) аймақтарға бөлінеді.
Қазақстан Республикасының аумағындағы соңғы кездегі дүлей табиғат
құбылыстарының қатарына Каспий теңізі деңгейінің одан әрі көтерілуі,
жер сілкіністері, гидрометеорологиялық дүлей құбылыстар жатады. Арал
теңізі бассейнінің құрғауын және атом полигондары қызметі
зардаптарының экологиялық жағынан жайсыз әсерін ең ірі антропогендік
зардаптар қатарына жатқызуға болады.
1978 жылы басталған Каспий теңізі деңгейінің көтерілу процесі орташа
қарқыны жөнінен жылына 0,14 метр болып үдемелі түрде жалғасып келеді.
Теңіздің деңгейі төрт метр дерлік көтерілді.
Республика аумағының үштен бірі сейсмикалық жағынан қауіпті аймақта
орналасқан. Оған 6 миллиондай халық тұратын 400-ден астам елді мекен -
үлкенді-кішілі қалалар енеді.
Қазақстан аумағының бір бөлігіне желдің жылдамдығы секундына 15-20
метрге ететін ақтүтек борандар және минус 37-38 градусқа дейін
төмендейтін үскірік аяздар секілді гидрометеорологиялық дүлей
құбылыстар тән.
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ
Республика шикізат ресурстарына бай. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ТМД Елдері
Геоақпараттық жүйе
Қазақстанның географиялық орны мен шекаралары
Қазақстан Республикасының нарықтық экономикалық ерекшеліктері мен халықаралық экономикалық қатынастарын зерттеу
Мектептегі экономикалық география білім жүйесін жүргізу әдісі мен тәсілдері
Орталық Қазақстан түсті металл кен орындарының қазіргі жағдайы және оларды толық пайдаланудың мәселелері
Батыс Қазақстан экономикалық, ауданындағы халықтың қоныстануына әсер ететін физикалық - географиялық жағдайлар
Экономикалық, әлеуметтік географиясы дәрістік кешен
Географиялық оқытудағы практикалық жұмыстардың орны, олардың білім алудағы маңызы
Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы халықтың қоныстану жүйесі
Пәндер