Деректер базасын жасау


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті
«Ақпараттық жүйелер негіздері» пәні бойынша лабораториялық жұмыстарға
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
050703-«Ақпараттық жүйелер» мамандығы
2 курс студенттеріне арналған күндізгі оқу бөлімі
Ақтөбе - 2010
I ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУДЫ ӨҢДЕГЕН ЖӘНЕ ЕНГІЗГЕН
Орындаушыт. ғ. к., «АЖ» каф. оқытушысы Құлмағамбетова Ж. Қ.
қызметі, бөлімшесі қолы «___»2010 ж.
Кафедра меңгерушісі
қызметі, бөлімшесі қолы
«___»2010 ж.
- КАФЕДРА ОТЫРЫСЫНДА ТАЛҚЫЛАНҒАНхаттама № «» 2010 ж.
- РЕЦЕНЗЕНТТЕР
п. ғ. к., «ИЕТ» каф. доценті Байбақтина А. Т.
«__» 2010 ж.
ф. -м. ғ. к., С. Бәйішев ат. АУ доценті Сейлханова Р. Б.
«__» 2010 ж.
- ФАКУЛЬТЕТТІҢ ОӘК БЕКІТУІНЕ ҰСЫНЫЛҒАН
хаттама №__ « » 2010 ж.
КІРІСПЕҮлкен көлемді мәліметтермен жұмыс жасағанда негізгі операциялар мәліметтерді қарап шығу, өңдеу, жинау, баспаға шығару болып табылады. Microsoft Access Деректер базасын басқару жүйесі (СУБД) Microsoft Office программалық өнімнің құрамына кіреді және осы барлық функцияларды қамтамасыз етеді. Access белгілі бір форматта үлкен көлемді мәліметтерді сақтауға, оларды өңдеуге (талап етілетін мәліметтерді іздеу, сорттау және т. б), жиі орындалатын операцияларды автоматтандыруға (мысалы, еңбекақыны есептеу), мәліметтерді енгізу мен қарап шығудың ыңғайлы формаларын жасауға, күрделі есептер жасауға мүмкіндік береді.
Access Windows - тың қосымшасы болып табылады, ал Windows - тың барлық қосымшалары бір- бірімен өзара жақсы қарым-қатынаста болады (мысалы, Word-тан мәліметтерді қиып алып, Access-ке енгізуге болады) . Access-те мәліметтердің көпшілігі кесте түрінде берілген. Осындай кестенің әрбір өрісі мәліметтердің тек бір ғана типінен - мәтін, сандар, мерзімдер және т. б., ал әрбір жазба бір элемент туралы ақпараттан (мысалы, студент немесе оқу курсы туралы мәліметтен ) тұрады.
Access - реляциялық деректер базасын басқару жүйесі деректер тақырыптары мен міндеттеріне қарай бөлек кестелерде сақталады, бірақ олар барлығы байланысқан және олар әртүрлі тәсілдермен біріктірілуі мүмкін. Байланысқан кестелерде мәліметтерді сақтаудың мынадай бірқатар артықшылықтары бар:
- Уақытты үнемдеу, өйткені тек сол бір мәліметтерді бірнеше кестелерге қайта-қайта енгізуге тура келмейді;
- Деректер базасының өлшемін кішірейту компьютердегі дискілік кеңістікті үнемдейді;
- Қателер санын біршама деңгейде қысқарту (егер қайталанатын мәліметтер байланысқан кестеде сақталса, онда ақпаратты барлығы бір рет енгізу жеткілікті; одан кейін бастапқы кестеде қайталанатын мәліметтер үшін тек код енгізіледі. Өрісті тізімнен кодты таңдап алып, мәтінді термей-ақ, реттеуге болады) .
- Access өрістер үшін берілетін мәліметтер типтеріне қатысты алғанда, өте икемді. Access-те жазбаға Windows - тың басқа программаларынан алынған кез келген обьектер - бейнелер, дыбыстар, анимация және видеоклиптер қоятын арнайы өріс типі (OLE обьектісі) бар.
Access-те көптеген қосымша сервистік мүмкіншіліктер қарастырылған, мысалы, Мастер (кестелер, формалар, есептер жасауға көмектеседі) сияқты; Макростар(программалаусыз көптеген процесстерді автоматтандыруға мүмкіндік береді) сияқты; іштестірілген тіл- VBA - Visual Basic for Applications (тәжірибелі программистке мәліметтерді өңдеудің күрделі процедураларын жасауға мүмкіндік береді) сияқты.
Бұл тарауды оқып, мынаны үйренуге болады:
- Бір кестелі мәліметтер құрылымын жасау;
- мәліметтерді енгізу және редакциялау;
- реляциялық деректер базасы құрылымын жасау;
- мәліметтерді таңдау мен іздеу үшін сұраныстар жасау;
- мәліметтермен жұмыс үшін формалар жасау;
- мәліметтерді баспаға шығару үшін және қорытындысын шығару үшін есептер дайындау.
Тақырыбы ACCESS (Деректер базасын басқару жүйесі) -мен танысу Мақсаты ACCESS-ті (Деректер базасын басқару жүйесі) жүктеуді үйрену, деректер базасы құрылымымен танысу, кестелерді құруды үйрену, кестеге мәліметтер енгізіп және оларды қарап шығуды үйрену.
Тапсырмалар- Группа/Подгруппа атымен мәліметтер базасын құрыңыз(мысалы, ИСКО201) .
- КУРС кестесін құрыңыз. Кестені Конструктор режимінде құрыңыз.
КУРС кестесі
- Фирма қызметкерлері кестесін құрыңыз. Мастер режимінде кестені құру.
- Теориялық материалды игеру
- Жұмыстың орындалуы
- Есеп беру
- Бағдарлама мәтіні.
- Тестілеу нәтижесі
- Бақылау сұрақтарына жауап беру.
Глоссарий
Access деректер базасы құрылымыДеректер базаларына қызмет етуші программалар көмегімен (мысалы, ACCESS ) деректерді арнайы түрде сақтауға, олардан керекті деректерді таңдауға және берілген критерийлер бойынша деректерді іздеуді орындауға болады.
Access обьектілеріКесте - мәліметтерді жазбалар(жолдар) және өрістер(бағандар) түрінде сақтауға арналған обьект. Әдетте әрбір кесте нақты бір сұрақ бойынша мәліметтерді сақтауға арналған.
Сұраныс - бір немесе бірнеше кестелерден керекті деректерді алуға мүмкіндік беретін обьект.
Форма- негізінен деректерді енгізуге арналған обьект. Формада деректердің басқару элементтерін кестелер өрістеріне орналастыруға болады.
Есеп - Microsoft Access деректер қорының деректерді баспаға шығаруға арналған обьектісі.
Макростар - б ұл макрокомандалар. Макрокоманда - бірнеше командалардың бір командаға біріктірілуі және оған клавиштар комбинациясы белгіленген .
Модульдар - бұл Visual Basic тілінде жазылған бағдарламалық процедуралар.
КестелерБарлық деректер қоры бір немесе бірнеше кестелерден тұрады. Кестежазбалар жиынтығы. Кестедегі бағандар өрістер деп аталады, ал жолдар - жазбалар деп аталады. Кестедегі жазбалар саны қатты диск сиымдылығымен шектеледі. Жазбадағы бар өрістер саны - 255 болады. Әрбір кестенің бірденбір аты болады. Деректер базасындада әрбір үлкен элементтер жиынтығы үшін бөлек кесте болуы керек, мысалы, қызметкерлер туралы, клиент сұраныстары туралы жазбалар үшін. Бірнеше кестелерде мәліметтерді қайталауға болмайды.
Кестелерді үш түрлі тәсілмен жасауға болады:
- Мастер көмегімен;
- Конструктор режимінде;
- Кесте режимінде мәліметтерді енгізу және өрістерді анықтау.
Өріс- берілген обьектінің белгілі бір атрибутының мәні, мысалы клиент фамилиясы, кітап аты, оқиға мерзімі және т. б.
Өріс параметрлері:
- өріс аты 64 символға дейін болады (әріптер, цифрлар, пробелдар) ;
- мәліметтер типі (стандартты немесе қолданушымен анықталған) ; өріс қасиеттері; өріс мазмұны.
Мәліметтер құрылымының көпшілігі кестелік құрылымды болып келеді. Өріс - бұл кестенің элементі. Әрбір өрістің аты болады. Өрістің типі болады.
Өрістер типтері :
- Мәтіндік (Текстовый) - өлшемі ақырлы кәдімгі мәтіндік ақпаратты сақтауға арналған мәліметтер типі;
- Сандық (Числовой) - нақты сандарды сақтауға арналған мәліметтер типі; Мерзімі/Уақыты (Дата/Время) - күнтізбе бойынша күнін, айын және уақытты сақтауға арналған мәліметтер типі
- Ақшалық (Денежный) - қаржылық шаманы сақтауға арналған мәліметтер типі;
- OLE обьектілер өрісі (Поле обьектов OLE ) әртүрлі обьектілерді (картинкалар, клиптер және т. б) сақтауға арналған мәліметтер типі;
- MEMO өрісі (Поле MEMO) - (65535 символға дейінгі) үлкен көлемді мәтінді сақтауға арналған мәліметтер типі;
- Санауыш (Счетчик) - жазбаларды автоматты түрде нөмірлеуге арналған мәліметтер типі;
- Логикалық - логикалық мәліметтерді сақтауға арналған мәліметтер типі.
Жазбалар.
Жазба - белгілі бір обьект туралы толық мәліметтер жиынтығы. Жазбакестенің жолы. Әрбір жазба бөлек өрістерден тұрады. Бір жазбаны екіншісінен айыру үшін кестеге бірінші кілт өрісін қосамыз.
Бірінші кілт - әрбір жазба үшін бірден-бір идентификатор (мысалы, компонент шифры, тауар коды) . Бірінші кілт ұқсас деректерді айыру үшін қызмет етеді. Сонымен бірге деректерді біріктіру үшін қызмет етеді. Және оның көмегімен бір кестені екіншісмен байланыстыруға болады .
Деректер базасын жасау.
Деректер базасын РФК301А атпен жасау үшін Access СУБД(Деректер базасын басқару жүйесі) ортасына кіру керек: ПУСК/ПРОГРАММЫ/МS Access. Деректер базасын жасау сұқбат терезесі ашылады.
- Бұл терезеден Жаңа деректер базасы пунктін таңдап, OK батырмасын басу керек. Тағы бір терезе ашылады.
- Бұл терезеде жаңа базаның атын РФК301А енгізу керек.
Деректер базасы терезесі ашылады. (1-суретті қараңыз)
![]()
1-сурет. Деректер базасы.
Екінші тәсіл:
Саймандар панеліндегі Жасау (Создать) батырмасын басыңыз немесе Файл менюіндегі Жасау (Создать) командасын таңдаңыз.
Деректер базасын жасау сұқбат терезесі ашылады.
Онда деректер базасының аты енгізіледі және деректер базасын сақтайтын каталог таңдалады. Деректер базасының аты сегіз символға дейін болады.
Нәтижесінде 1-суретті көруге болады.
Кестені жасау Автосалон кестесін жасау. Конструктор режимінде кесте жасауАвтосалон кестесі
Жүрісі
(мың. км)
Бағасы
($)
Деректер базасы терезесінде Кестелерді жасау үшін:
Кестелер (таблицы) жапсырмасын, жасау (создать) батырмасын басу керек. Кестелерді жасау сұқбат терезесі ашылады, бұл терезеде конструктор пунктін таңдау керек. ОК батырмасын басу керек.
Сонда өрістер типтері көрсетілген кестелер ҚҰРЫЛЫМЫ-н сұрайтын терезе(2-ші сурет) пайда болады:
2-сурет. Конструктор терезесі.
Бұдан кейін терезені жабу керек және толтыру режимінде кестені ашу керек.
Ол үшін:
- Деректер базасы терезесінде кестелер жапсырмасын қосу керек;
- АВТОСАЛОН кестесінің атын ерекшелеу керек; АШУ (ОТКРЫТЬ) батырмасын басу керек;
- Кестені толтыруды бастау керек.
КлиентАвто кестесі
ЖАҚ ТоСТ
57-78-89
57-65-34
Алтын
Диірмен
Корпорациясы
35-75-88
25-48-31
64-02-34
64-02-34
Kodak
LTD
ABDI
Company
IMAN ALI
SOFT
42-19-00
68-24-02
Мастер көмегімен кестелерді жасауда кестелер үлгілері ұсынылады, ал оның әрқайсысы сәйкес өрістер жиынтығынан тұрады. Өрістер үлгілерін таңдау ғана қалады, одан кейін Мастер автоматты түрде кесте жасайды:
- « Деректер базасы» терезесінде кесте жапсырмасын қосып, және Жасау (Создать) батырмасын басу керек.
- «Кестелерді жасау» терезесінде Мастер пунктін таңдау керек.
- «Кестелерді өңдеу» терезесінде КЛИЕНТ - кесте үлгісін таңдаңыз(тізімде үшінші) .
- Әрі қарай кестеге қосылатын өрістер тізімін анықтау керек болады. Ол үшін өріс атын өрістер үлгілерінің тізімдерін кезек-кезек тышқанмен
ерекшелеп,
- батырмасын басыңыз.
Өріс үлгісі жаңа кестенің өрістер тізіміне түсу үшін өрісті таңдаңыз: Клиент коды, Компания аты, Қала, Телефон нөмірі, Электрондық пошта адресі, Ескерпелер.
- Одан кейін өріс атын өзгерту батырмасын басыңыз… Пайда болған сұқбат терезеде Банк кодын енгізіңіз.
- Тағы да ескертпелерді таңдап, Есепшот нөміріне атын өзгертіңіз.
- Әрі қарай(Далее) батырмасын басыңыз…
- Ашылған сұқбат терезеде КлиентАвто кестесінің атын енгізіңіз. Әрі қарай(Далее) батырмасын басыңыз… Дайын(Готово) батырмасын басыңыз.
Енді кестені ашып, оны толтыра бастаңыз.
Бақылау сұрақтары- ДҚБЖ(деректер қоры басқару жүйесі) деген не?
- Access деректер қоры басқару жүйесінің негізгі функцияларын ата
- Access -те жаңа деректер қорын қалай құруға болады?.
- Access -те бар деректер қорын қалай ашуға болады?
- Access жұмыс істейтін обьектілерді атаңыз?
- Access -те қандай мәліметтер типі қолданылады?
- Деректер қорының бірлік элементі не болып табылады?.
- Microsoft Access деген не?деректер қорын қолданушыға арналған программакомпьютер мен адамның өзара сұхбаттасу құралымәтіндік редакторанықтамалық жүйеграфикалық редактор
- Сауал қою құралы болып табылатын Microsoft Access обьектісі a) .
- Microsoft Access деректер базасы файлының
- MS Access программасы мәліметтер базасының қандай түрлерін қарастырады?ҚұрылымдықАғаш
№2 лабораториялық жұмысӘдебиеттер [1], [4], [5], [8], [9]
Тақырыбы: Сұраныстарды құру
Мақсаты : Сұраныстарды құруды үйрену: таңдамаға сұраныс, параметрлі сұраныс
Тапсырмалар- Курс кестесі бойынша 130 теңгеден жоғары валютаның атын анықтайтындай сұраныс жасау керек.
КУРС кестесі
Теңгеге шаққанда
01. 01. 09
- Сүт кестесі бойынша 100 г өнімде белоктың құрамы 3 граммнан артық болатындай және энергетикалық құндылығы 100 килокалорийдан кем болатындай сүт өнімдеріне сұраныс жасау керек.
СҮТ кестесі
- Баға кестесі бойынша қалалар бойынша өнімге бағаларды анықтайтындай параметрлі сұраныс жасау керек, мұнда өнімді таңдау- қолданушының қалауы бойынша.
БАҒА кестесі
Жартылай
Сүрленген
Колбаса
- Теориялық материалды игеру
- Жұмыстың орындалуы
- Есеп беру
Лабораториялық жұмыстың орындалуына есеп беру формасы:
- Бағдарлама мәтіні.
- Тестілеу нәтижесі
- Бақылау сұрақтарына жауап беру.
Сұраныс - бір немесе бірнеше кестелерден керекті деректерді алуға мүмкіндік беретін обьект.
Таңдама сұранысТүпкі кестеден әртүрлі критерийлер бойынша мәліметтерді таңдап алуға болады. Бұны сұраныстар көмегімен орындауға болады. Сұраныстар нәтижесінде нәтижелік кесте жасалады, яғни оны таңдау деп атайды. Ол жалпы бастапқы базадан алынған жалпы ақпараттан тұрады және сұранысқа сәйкес келеді. Сұраныстың көмегімен мәліметтерді сұрыптау, сүзгілеу амалдары орындалады. Сұраныстың көмегімен бұрыннан бар кестенің негізінде жаңа кесте құрылады, басқа мәліметтер көзінен импортталады, кестелерде қарапайым есептеулер жүргізіледі.
Параметрлік сұранысКөп жағдайда қолданушыға құрылған сұраныс бойынша жұмыс істеуге тура келеді, бірақ кей жағдайларда таңдау кезінде біршама өзгешеліктер болады. Осы кезде қайта- қайта сұранысты баса бермес үшін, сұранысты параметрмен құру керек.
Қорытынды сұранысБұл сұраныстың ерекшелігі - олар негізгі кестедегі мәліметтердің негізінде уақытша қорытынды кесте құрады. Негізгі кестемен жұмыс істегенде қатты дискімен жұмыс істейміз, ал оған кез келген кезде қатынау көп уақыт алады. Ал сұраныстың көмегімен алынған уақытша кестеде біз тек экрандағы бейнемен жұмыс істейміз, оған қатынау тез уақытта жүзеге асады. Нәтижелік кестені жасауда ақпаратты тағы да өңдеуге болады (мысалы, мәліметтерді алфавиттік ретпен және өсуі бойынша орналастыруға болады және т. б)
Сұраныс үлгі бойынша сұраныс бланкісі негізінде құрылады.
Есептеулері бар сұраныстарКестеге сандық өріс мәндерінің қосындыларынан тұратын жаңа өріс қосу есептеулері бар сұраныстар құру деп аталады
Таңдамаға сұранысты құру
![]()
3-ші сурет. Сұранысқа мысал.
Автосалон кестесінен конструктор режимінде бағасы 6000$ -дан төмен барлық автомобильдерді көрсететіндей сұраныс жасау керек.
Ол үшін:
- Сұраныстар жапсырмасын қосып, Жасау батырмасын басу керек.
- Кестелерді қосу терезесінде Автосалон кестесін таңдап, Қосу батырмасын басу керек.
- Жабу батырмасын басу керек.
Экранда тек қана Автосалон кестесінің аты бар, осы кестенің өрістері көрсетілген үлгі бойынша сұраныс бланкісі бар терезе қалады.
- Модель өрісін таңдаймыз және тышқан батырмасын басулы күйінде ұстап, Өріс жолына бланкінің төменгі жағына көшіреміз. Өріс аты жолында автосалон кестесінің аты пайда болады.
- Баға өрісін де осылайша көшіреміз.
- Сосын Баға бағанында, таңдау шарты жолында«<6000»-ны тереміз.
- Терезені жабамыз, пайда болған терезеде сұраныс атын береміз, мысалы, Баға.
Қарау режимінде сұранысты ашамыз және бағасы 6000$-дан төмен автомобильдер тізімін көреміз.
Таңдамаға сұранысты жасау(екі шартпен)Автосалон кестесінен конструктор режимінде бағасы 3000$-дан жоғары және жүрген жолы 80 мың . км болатын барлық автомобильдерге сұраныс жасау. Бұл сұраныс та алдыңғы сияқты жасалады, тек Таңдау шарты(Условие выбора) жолында шарт Құн бағанында (>3000) және Жүрген жолы бағанында (<80) беріледі.
Параметрлік сұранысты жасауЧемпионат кестесін жасау және осы кесте бойынша қай жылы қандай команда жүлделі орынды жеңіп алғанын көрсететін сұраныс жасау, мұнда команданы таңдау - қолданушының жеке өз ісі.
Ол үшін кесте жасағаннан кейін:
- Сұраныс жапсырмасында тышқанды сырт еткізіп, Жасау(Создать) командасын таңдау керек.
- Сұраныс конструктор режимінде жасалады. Кестені қосу(Добавление таблицы) сұхбат терезесі ашылады. Чемпионат кестесінде тышқанды сырт еткізіп, Қосу(Добавление) батырмасын басамыз және жабамыз.
- Сұранысты Жылы және Жүлделі орын өрісіне көшіреміз. Жүлделі орын өрісіне таңдау шарты жолына Like [елдің атын енгізіңіз] деп енгіземіз.
- Сұранысты жасау(Создать запрос) терезесін жабамыз.
Сұранысты жасап болғаннан кейін, Ашу(Открыть) батырмасын басамыз, сонда пайда болған сұхбат терезеде ел сұралады: атын енгізіңіз және ол нәтижесін шығарып береді: дүние жүзі чемпионатында бұл ел қай жылы, қашан жүлделі орын алғанын.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz