Ұлттық спорт түрлері сипаттама беру


«Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КЕАҚ
СӨЖ
«Ұлттық спорт түрлері» сипаттама беру.
Орындаған:Жақыпбекова А
Тексерген :, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,, ,
Семей
2021
Ұлттық спорт дегеніміз - жауынгерлік жаттығу. Бұған көкпар, аударыспақ, теңге ілу, садақ ату (жамбы ату), бәйге түрлерін жатқызуға болады.
Қай заманда болсын дайындығы күшті, шеберлігі мықты сарбаздар шайқаста жеңіске жетеді. Сол себепті, байырғы көшпенді бабаларымыз бейбіт күннің өзінде сарбаздардың жауынгерлік даярлығын жетілдіріп отырған. Яғни, шайқас кезінде жауынгер қолданатын әдіс-тәсілді бейбіт күндері ұлттық ойын ретінде үздіксіз дамытқан. Әрі қомақты бәйге тігіп, жауынгерлерді ынталандырған.
Мысалы, көкпарды алайық. Бұл жауынгердің ат үстіндегі ептілігі мен тақымын шынықтыратын жаттығу. Шайқас кезінде жолдасың жараланып аттан ауып барады . . . Оның денесін жерге түсірмей іліп алып құтқару керек. Немесе жау сарбазының тақымға басқан жарағын тартып алу қажет. Осындай жағдайда көкпар тартып шыныққан жауынгер қиналмай-ақ жеңіске жетеді. Қазақтың ұлттық спорт түрлері, дене тәрбиесі және ойындары, ұлттық ат спортынан, кейбір үстел және қимыл-қозғалыс ойындарынан және ұлттық күрес түрлерінен тұрады.
Ат спортының түрлері -
- аламан бәйге - алыс және өте алыс қашықтарға атшабыс,
- байте - ойлы қырлы жерлермен атшабыс,
- ат жегу - тез арада атты дайындау,
- ат омырауластыру - атты итерістіріп шеңберден шығару,
- аударыспақ - ат үстінде алысу,
- жорға жарыс - жорғалар сыны,
- құнан бәйге, дөнен бәйге, тай жарыс - жылқы түліктерінің жарысы,
- қыз қуу,
- көкпар - командалық ойын,
- жамбы ату - шауып келе жатып нысана көздеу,
- күміс ілу - жерден күміс тиынды ат үстінен іліп әкету,
- сайыс - ат үстінде қарумен жекпе-жек өткізу;
Ақыл-ой ойындары -шатрантаж (шахматтың бір түрі), шатраш (дойбының бір түрі), саяттаушы құстарды аңға салу,
тоғыз құмалақ - домалақ тас ойыны,
Күрес түрлері -қазақ күресі, қатын күрес;
Жеңіл атлетика -жаяу жарыс, жігіт жарыс, қатын жарыс;
Күш өнері -балуан тас, түйе көтеру, өгіз жығу,
асық ойындары және т. б.
Ұлт ойындары ертеден-ақ жалпы этнографиялық әдет ғұрыппен бірге дамып, жетіліп, ендігі жерде өз алдына бір бөлек зерттеуді керек ететін қазақ этнографиясының бір бұтағы, ұлт ойындарының дамуы тек қоғамның өзгеруіне байланысты әлеуметтік экономикалық жағдайдың негізінде дамып отырғанына көзіміз жетті.
Асық ату. Қазақ халқының ұлттық ойындарының көбі табиғи заттармен ойнауға негізделген. Шаруашылығы мал шаруашылығына негізделгендіктен қазақ халқының ұлттық ойындары да осыған икемделген. Әсіресе, қойды көп өсіргендіктен, балалар ойынының көбі қой асығымен байланысты болып келеді. Сондықтан асық ойындары ұлт ойындарының ішіндегі арыдан келе жатқан көнелерінің бірі болып табылады. Асық ойыны баланың жастайынан жүйке жүйелерін шыңдап, оларды дәлдікке, ептілікке, ұстамдылыққа тәрбиелейді.
Аударыспақ - спортшыдан үлкен ептілікті, күштілікті, төзімділік пен батылдықты талап ететін қазақтың ұлттық спортының бір түрі. Бұл ойында екі салт атты бір-бірін аттан аударып алуға тырысады. Аударыспаққа тәртіп бойынша ат үстіндегі айқасты жақсы меңгерген, тиянақты дайындығы бар спортшылар ғана қатынаса алады. Ал дайындығы жеткіліксіз, тәжірибесі аз спортшылар үшін бұл өте қиын. Аударыспақ салмақтық категорияға бөлінеді. Аударыспаққа салмақтық категорияны енгізудің мақсаты - қатынасушыларға неғұрлым теңдік жағдай туғызу. Жарыс ережеге сәйкес 60, 70, 80, 90, +90 кг салмақ дәрежесі бойынша өткізіледі. Аударыспақшыда қызыл және көк түсті белбеулері болуы қажет. Аударыспақ шеңберінің аумағы 30 метр. Белдесу уақыты 5 минут. Аударыспақшының ер тоқымында, жүгенінде, өмілдірік құйысқанында спортшыға зақым келтіретін үшкір заттар, темір әшекейлер, ер тоқымының алдыңғы, артқы қасында, үзеңгісінде дәнекерленген қосалқы бөлшектер болмауы тиіс.
Бәйге
Бәйге. Қазақ халқының ұлттық спорт ойындарының бірден-бір көп тарағаны - бәйге мен аламан бәйге. Спорттың бұл түрінің өзгеше бір ерекшелігі сол - жарыс тек жазық жерлер мен ипподромдарда ғана өтіп қоймайды, спортшының өзі мен оның атына жоғары талап қойылатын ойлы-қырлы, жасанды, бөгесінді жерлерде де өткізіледі. Бір жағынан, бұлайша жарысты бұрын белгісіз, ойлы-қырлы жерлерде өткізу қазіргі заманғы ат спортының классикалық түріне жуықтайды. Бұл қазақстанның халықтары арасында спорттың классикалық түрлерін кеңінен таратуға өзінің пайдасын тигізетіні сөзсіз.
Әсіресе аламан бәйгенің спортшының тактикалық шеберлігін жетілдіруде маңызы орасан зор. Жарыста мықты да жылдам спортшылардың бәрі бірдей жеңе бермейді, мұнда кімде-кім жарысты жаттығу жағынан дұрыс құрып, жағдайды дұрыс бағалап, жарыстың барысында атының күшін тиімді пайдаланса сол ғана жеңіске ие болады.
Аламан бәйге ертеректе өте алыс қашықтыққа өткізілетін болған. Қазіргі уақытта аламан бәйге жарыс ережесі бойынша 25 шақырымдық қашықтықта өткізіледі. Жарысқа 7 мен 14 жас аралығындағы шабандоз балалар қатысады, дегенмен майталман жокейлердің қатысуларына да болады. Әдетте мұнда бәйгелер үшін жеңіл салмақты, тырмысқақ және амалшыл балалар таңдалып алынады. Бәйге мен аламан бәйге табандылыққа, батылдыққа, тапқырлыққа үйрететін ұлттық спорттың бағалы түрі болып табылады.
Көкпар - қазақтың ұлттық ат спорты ойындарының бірі. Дәстүрлі қазақ қоғамында көкпарға жасқа толған серкенің семізі таңдалған. Семіз серке терісі жыртылмайды. Бұл жарыста салт аттыларға оңай тимейді. Өйткені салмағы 30-40 кг немесе 50-60 кг болатын бассыз серкені (ешкі) спортшылар жерден көтерулері немесе қарсылас команда ойыншысынан тартып алып «мәре салым» қарсыласының қазандығына салулары керек.
Қазақша күрес. Күші басым түсіп, жеңіске жеткен палуандар халықтың төбесіне тұтар құрметті адамына айналған. Қазақтың ұлы батыры Қажымұқан есімі қазақ халқының тарихына ғана еніп қойған жоқ, сонымен бірге спортшылардың әлемдік элитасының қатарына кірді. Қазақ күресі бойынша бірінші ірі жарыс 1938 жылы ауыл шаруашылығы аймақтары арасындағы спартакиада аясында өткен. Сол сәттен бастап жарыс дәстүрлі түрде республика қалаларында тұрақты өткізіліп келеді.
Тоғызқұмалақ. Ұлттық спортымыздың iшiндегi шоқтығы биiк, қалыптасып орныққан спорт түрi, бұл - тоғызқұмалақ. Бұл спорт түрi - әлемдiк мәдениеттiң озық үлгiлерiмен бой теңестiре алатын, қазақ халқының ежелден келе жатқан рухани, логикалық ойлау өнерi. Жарыс командалық. Команда құрамы 2 ер, 2 әйел. Жарыс Қазақстан Спорт істері жөніндегі комитет бекіткен қолданыстағы жарыс ережелері бойынша өткізіледі. Команда жеребе тарту бойынша 2 кіші топқа бөлінеді. 1 орын алған команда өз кіші тобында финалдық топ құрып, 1- 2 орындар үшін ойнайды, 3-4 орын алғандар 5-8 орындарға және т. б. ойнайды. Кіші топтағы ойын нәтижелері финалда есепке алынады. Топшалардағы және финалдағы ойындар айналу жүйесі бойынша бір айналымда өткізіледі. Жеңімпаз команда жиналған ұпай саны бойынша анықталады, жеңісі үшін - 2 ұпай, тепе-тең үшін - 1, жеңіліс үшін - 0 ұпай.
Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері Қауымдастығы
2004 жылдың қазан айының 29 күні жиналып Заңды тұлғалар бірлестігі «Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығын» құрды. Оған Ұлттық спорттың жеті Қоғамдық бірлестіктерінің президенттері қатысты. Қауымдастықтың алғашқы Президенті болып Қайрат Сатыбалдыұлы, бірінші вице-президент болып Сәдібек Түгел төрт жылға сайланды. Осы жиналыста Қауымдастықтың Жарғысы бекітіліп, Құрылтайшылардың келісімшарты жасалды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері Қауымдастығының құрамындағы федерациялар:
- «Көкпар»федерациясы. Федерация президенті-
- «Бәйге» федерациясы. Федерация президенті
- «Асық ату» федерациясы. Федерация президенті Абенов Мурат Абдуламитұлы
- «Бүркітші» федерациясы. Федерация президенті- Рақышев Кеңес
- «Тоғызқұмалақ» Федерациясы. Федерация президенті-Ыдырысов Құттықожа
Ұлттық спорт түрлерінің қазіргі кездегі мәселелері.
Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді. Олар: аңға байланысты, малға байланысты, түрлі заттармен ойналатын, зеректікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін, соңғы кезде қалыптасқан ойындар. Олардың негізгілерінің өзі жүзден астам.
1. Аңға байланысты ойындар: ақсерек-көксерек, аңшылар, аңшылар мен қояндар, кірпіше қарғу, қас-құлақ, ордағы қасқыр.
2. Малға байланысты ойындар: аларман (қойға қасқыр шапты), асау көк, бура-қотан, көксиыр, соқыр-теке, түйе мен бота.
3. Түрлі заттармен ойналатын ойындар: ағаш аяқ, аққала, ақпа, ақсүйек, ақшамшық, алакүшік, алты-бақан, арқан аттау, арқан тартпақ, арқан тартыс, арынды арқан, асау мәстек, асық, аттамақ, ауыртаяқ
4. Зеректілікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін ойындар: айгөлек, айдапсал, атқума, аударыспақ, бағана өрмелеу, балтам шап, бөріктастамақ, бұғнай, бұғыбай, бұқатартыс, бұрыш, біз де, егер . . . , жасырынбақ, жаяу жарыс, көкпар, көрші, күрес.
5. Соңғы кезде қалып-тасқан ойындар: әріп таңдау, бригада, мейрамхана, нөмір, пароль, пошта, сымсыз телефон, сыңарын табу. Бұлардың ішінде бірқатар ойындар спорттық, той ойындары болып саналады. Ал енді, қазақтың ұлттық ойындарының ішінде «қуырмаш» тәрізді жас сәбилерге арналған да ойындар бар. Біз енді қазақтың ұлттық ойындарының негізгілерін талдап, тарқатсақ.
Қазақ халқының сан ғасырдан бері аңсаған арманы: тәуелсіз, егемен, қуатты мемлекет құру болған еді. Осы мақсатқа жету жолында қазақтың хандары, билері мен батырлары ғұмырын сарп етіп ұзақ жылдар бойы аянбай күресіп келді. «Мың өліп мың тірілген» халық осы арманға жетер жолда басынан сан қилы заманды, «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламаны», бодандықты, жойылып кетуге аз-ақ қалған қырғын мен сүргінді басынан өткізсе де, еш уақытта мойымады, өрлігін, ер мінезін, батылдығы мен батырлығын жоғалтпай келді.
Қазақ халқы - тек қана өздеріне тән: дәстүрі, салты, ділі, бай тілі бар, шебер, өнерлі халық. Осы өнерін қызғыштай қорып артындағы ұрпағына жеткізуге тырысты. Аталарымыздың арманы Елбасымыз Н. Назарбаевтың сындарлы көреген саясатының арқасында, бүгінгі таңда жүзеге асып, қазақ халқы тәуелсіз, егемен, әлемдік қауымдастықтың ортасынан ойып орын тепкен, дүниежүзі таныған қуатты мемлекетке айналды.
Осы уақыт ішінде еліміз қай салада болмасын айтарлықтай зор табыстарға қол жеткізді. Қазақстанды әлем мойындады. Сонымен қатар, тәуелсіздік жылдары халқымыздың өшкені жанып, өлгені тірілді, ұмыт болған өнері, ежелгі салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, ұлттық ойындары мен спорттары қалпына келе бастады.
Қазақ халқының ұлттық спорты өткен ғасырда ұмытыла бастаған еді. Қазіргі ел арасына кеңінен тараған ойындары: ат жарыстары, көкпар, аударыспақ, қыз қуу, теңге ілу, саяткерлік, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық ату, жамбы атуды ұлттық спортқа жатқызылып, дамыту, әлемдік деңгейге көтеру тек еліміз тәуелсіздік алғаннан бергі кезеңде ғана мүмкін болды.
Әсіресе, ұлттық спорттың еркін дамып кең қанат жаюы «Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері Қауымдастығы» құрылған күннен басталды.
Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдары еліміздің болашағын ойлаған озық ойлы, ұлтжанды азаматтар бас қосып, ұлтымызды әлемге танытудың маңызды жолдарының бірі спорт болса, соның ішінде біздің халық үшін ұлттық спортты өркендетіп, дамытып, биікке көтеру болып табылады деп шешті. Алдыға нақтылы мақсат қойып, оны жүзеге асыруға кірісті. Олардың қатарында: Қайрат Сатыбалдыұлы, Кеңес Рақышев, Бекболат Тілеухан, сынды азаматтар болды. Осы азаматтар Астана қаласына 2004 жылдың қазан айының 29 күні жиналып Заңды тұлғалар бірлестігі «Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығын» құрды. Қауымдастықтың алғашқы Президенті болып Қайрат Сатыбалдыұлы сайланды. Осы жиналы ста Қауымдастықтың Жарғысы бекітіліп, жұмысы басталды. Құрылтайшылардың Қауымдасты ты құрудағы алға қойған мақсаты: Қазақстан Республикасында Ұлттық спорт түрлерін жандандырып, насихаттап, әлемдік деңгейге көтеру болды.
Соңғы жылдары көкпар, аударыспақ, бүркітшілік, қазақ күресі, тоғызқұмалақтан халықаралық жарыстар өткізу жолға қойылды. Қазақ қүресі мен тоғызқұмалақтан әлем чемпионаттары өтсе, бүркітшіліктен халықаралық фестиваль, көкпар мен аударыспақтан ашық Азия чемпионатын өткізілді. Яғни Ұлттық спорт - спорт саласындағы әлемдік қауымдастыққа кіре бастады. Ұлттық спорт түрлері қауымдастығын құрған азаматтардың алдыға қойған мақсаты жүзеге асып келеді деп айтуға болады. Бүгінгі таңда біздің әлемде теңдесі жоқ ұлттық спорттарымызды Олимпиадалық ойындар деңгейіне көтеріп, әлем халықтары сүйіп ойнайтын ойын деңгейіне жеткізу мақсаты тұр. Мысалы көкпар ойынын алайық. Жантебірентер, жанкүйерді бейжай қалдырмайтын, жан алып, жан беріскен көкпаршының іс қимылынан көз алмай қобалжып, жанын шүберекке түйіп отыруға мәжбүр ететін ойын. Әккі көкпаршылардың жанқиярлық тартысы, үйретілген көкпар аттарының тайталасы, көкпарды алғаш көрген көрерменнің жүрегін демде жаулап алатын қасиеті бар.
Біздің көкпарды алғаш көрген шетелдіктердің таңдай қағып, регби мен коррида көкпардың жанында ойыншық екен деген сөздерін естіп жүрміз. Біз осы ғажап ойынымызды шетелдік көрермендерге әлі кең көлемде насихаттап тарата алмай келеміз.
Өйткені, біздің ойындарымыз футбол, хоккей секілді бір допты қолтыққа қысып алып немесе шайбаны қалтаға салып алып кез келген көлікпен жетіп ойнай беретін ойын емес. Ұлттық ойындарымыз ат пен бүркіттің қатысуымен ойналатын, көптеген шығындарды талап ететін ойын. Сонымен қатар ат ойындары көкпар, аударыспақ, теңге ілу, жамбы ату ойындарын өткізетін арнайы салынған көрерменге жайлы стадиондар керек.
Ойындарымыз қаланың шетіндегі, аудандар мен ауылдардағы көремендердің к е л у і н е
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz