Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру
АЛҒЫ СӨЗ
Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру қашанда маңызды мəселенің
бірі болып саналады. Жазғы каникул балалардың жылдың бос уақытының
айтарлықтай бөлігін алады.Ол мектептегі сабақтан гөрі баланың еркіндікке,
өзі үшін қызықты істерді жасау және өз мүдделерінің еркін дамуы үшін
қажеттіліктерін жүзеге асыратын кезең.
Сондықтан жаз балалардың шығармашылық әлеуетін дамытуға, олардың жеке
басына тән байланыстарын жетілдіру,әлеуметтік және мәдени білім беру
құндылықтарына араласу,әлеуметтік байланыстар жүйесіне қосылу, өз
жоспарларын іс жүзіне асыру,жеке бас мүдделерін қанағаттандыру, ойын-сауық,
бойында жиналып қалған шиеленістен арылу, жұмсалған күшінің орнын
толтыру,денсаулығын нығайту кезеңі. Жаз балаларға өзінің сан түрлі талантын
ашып көрсетуге мүмкіндік береді.Бұл кезеңді жеке басының жақсы жақтарын
ашып көрсетуге жағдай жасауға, балалар арасында рухани және эмоциялық
құндылықтарын алмасуға, жеке басының мүдделерін жүзеге асыру үшін пайдалану
керек.
Балалар өз мүмкіндіктерін, бос уақытында жеке басына қажетті дене
және әлеуметтік қажеттеліктерін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін әлеуметтік
орта-лагерь екені даусыз.Балалар жақсылап тыныққысы келеді, ал ата-аналар
алдында ұзақ оқудан, қиын емтиханнан шаршаған баласының демалысын қалай
ұйымдастыру керек деген дәстүрлі сұрақ көлденеңдейді?
Осы мақсатта біздің Мектеп жанындағы сауықтыру лагерін ұйымдастыруға
арналған әдістемелік көмек атты ұсынылып отырған әдістемелік жинағымыздың
септігі тиер деген ойдамыз.
Аннотация
Қазіргі қоғамымыз мектепте жаңа технологиялар арқылы оқыту мен
тәрбиелеуді талап етіп отырғандықтан, осы әдістемелік құралда инновациялық
жаңа әдіс-тәсілдермен ұйымдастырылған тәрбиелік шаралар ұлттық тәрбиені
насихаттау мақсатында дайындалған. Мектеп жанындағы лагерь тәрбиешілеріне
әдістемелік көмекші құрал ретінде ұсынамыз.
П і к і р
Бұл әдістемелік құрал мектеп жанындағы сауықтыру лагерін
ұйымдастыруда тәрбиешілерге оқушылардың жаз мезгілінде бос уақытын тиімді,
белсенді түрде демалуына ықпал жасап, лагерь жұмысын жүргізуде
таптырмайтын әдістемелік құрал деп есептейміз.
Аталмыш әдістемелік құралда балалардың жазғы демалысын, бос уақытын
ұйымдастыру түрлері бойынша әлеуметтік маңызы бар әдістемелік нұсқаулықтар;
жазғы демалысты ұйымдастыруға арналған іс-шаралар, ойындар; топтық
жұмыстардың сценарийлері, жеке жоспарлар,балалардың жас ерекшеліктеріне
сәйкес толықтай қамтылған. Мектеп жанындағы лагерь жұмыстарын ұйымдастыру
жолдарын жаңа әдістемелік тұрғыдан құра білген деп есептейміз. Балалардың
денсаулығын нығайтып, қоршаған ортаны танып, табиғатын аялай сүюге,
еңбекке, достыққа шақыратын, шығармашылық белсенділіктерін арттырып, кез-
келген ортада өзін-өзі көрсете білуге бағыттайтын іс-шаралар жинағын жоғары
деп бағаладық.
Пікір жазғандар:
Аудандық білім бөлімінің әдіскер: Рахимова Шырай Нұркенқызы
Оқу ісінің меңгерушісі: Дуанканова Гулнар Маукеновна
Бастауыш сыныптар бірлестігінің жетекшісі: Алтыбаева Айжан Қалибекқызы
Сауықтыру лагерьлерінің негізгі
мақсаттары мен міндеттері
Жазғы мектеп жанындағы лагерь оқушыларының жазғы демалысында
денсаулығын нығайтып, дене тәрбиесін шыңдап, күш жинауға, білімін
толықтырып жаңа әсер алуына ықпал жасайды. Белсенді түрде демалудың бұл
түрі уақытша балалар ұжымының дамып, қалыптасуына әсер етеді,олар алған
тәжірибесін кез келген ұжымда қолдана отырып, соңыңда оқу іс-әрекетінде де
қарым - қатынас жасай алады.Еркін пікір алмасуға үлкен мүмкіндік алады.
Еркін, қалыпты жағдай балалардың өз еркімен әрекет жасау қабілетін дамытуға
жол ашады, белсенділігін арттырып, жеке тұлғалық қасиетін тәрбиелеуге,
түрлі дағды, білім алуын қалыптастырады.
Жазғы демалыс – мектеп оқушыларының жалпы физиологиялық, сана –
сезімдік, дүниетанымдық тұрғыда даму, жетілу кезеңі.Бастауыш және орта буын
сыныптарының балалары үшін бұл уақыт тән – тұрпаттың табиғатпен ерекше
үндестік тауып, дүниетаным аясы кеңейтетін, көзқарас қалыптасып, үйренуге
ықыласы артатын жылдың тамаша мезгілі. Жаз мезгіліндегі бұл уақыт
балалардың негізгі сабақтан, үйреншікті тіршілік қарекетінен босап, өз
қызығушылығымен айналысуына мүмкіндік береді. Сондықтан ұстаз -
тәрбиешілердің оқушының бос уақытын дұрыс пайдалануға бағыттауда орны
ерекше. Бос уақыт дене және ақыл-ой қызметін тынықтыратын, қарым - қуатты
жетілдіретін іс-әрекетке жұмсалуы жөн. Әйтсе де тыныға жүріп, ойын
барысында балалардың шынығу – шыңдалу мәселесімен қатар, түрлі бағыттағы іс-
шараларға тарту арқылы тәрбиелеу маңызды.
Лагерь жұмысын ұйымдастырудың мақсаты:
Балалардың жазғы демалысын тиімді пайдалануына және сауықтырылуы
мен демалысы үшін қажетті жағдайлар жасау, мәдениетін, салауатты өмір салты
дағдыларын қалыптастыру.
Лагерьдің негізгі міндеттері:
➢ Ойын, танымдық және еңбек әрекеттері арқылы балалардың дене және рухани
әрекеттерінің арасындағы айырмашылықты азайту;
➢ Оқушыларда қарым-қатынас дағдысы мен толеранттылықты қалыптастыру;
➢ Оқушылар санасында адамгершілік және мәдени құндылықтарды бекіту;
➢ Оқушылардың салауаттылық өмір салты дағдыларын бекіту, денсаулығын
нығайту;
➢ Оқушыларды шығармашылық әрекет түрлеріне тарту, шығармашылық ойлауды
дамыту;
➢ Мектеп пен отбасы арасындағы байланысты дамыту және нығайту;
➢ Оқушылардың лидерлік және ұйымдастырушылық сапаларын дамыту,
шығармашылық қабілеттерін, дербестігін және өнерлерін шыңдау;
Лагерь жұмысын жобалау мен өткізуде пайдаланылатын принциптер:
❖ Өткізілетін шаралардың қауіпсіздігі;
❖ Әр баланың тұлғалық ерекшеліктерін ескеру;
❖ Балалардың бос уақытты өткізу және шығармашылық әрекетте өз
қабілеттерін көрсету мүмкіндігі;
Күтілетін нәтиже:
• Жазғы демалыстың, сауықтырылудың, оқушылардың бос уақытын
ұйымдастырудың пайдасын асыру;
• Оқушылардың физикалық және психологиялық көрсеткіштерінің
жақсаруы;
• Салауатты өмір салтын қалыптастыру, қоршаған ортамен, қоғаммен, және
өзімен қарым -қатынасының дұрыс қалыптасуы;
• Балалар мен жасөспірімдердің денсаулық жағдайына медико-физиологиялық,
әлеуметтік, психологиялық бақылауды жандандыру;
• Оқушылар арасындағы достық қарым-қатынастың нығаюы;
Сауықтыру лагерінің жұмыс жоспарларының түрлері
Сауықтыру лагерін ұйымдастыру шараларының үлгісі
( 15 мамыр - 1 маусымға дейін)
№ Іс –шаралар мазмұны Мерзімі Жауаптылар
1 Жазғы сауықтыру лагеріне 15 мамыр Директор
дайындық туралы директордың
қатысуымен кеңес
2 1-5- сынып бойынша ата-аналар 15-20 мамыр Сынып жетекшілер
жиналыстарын өткізу
3 Оқушылардың жазғы демалысы 15-20 мамыр Сынып жетекшілер
туралы алдын-ала ақпарат жинау
4 Жазғы сауықтыру лагерінде 25 мамырға дейін Т.І.Ж.О.
өтетін іс-шаралар жоспарын Тәлімгер
әзірлеу, бекіту.
5 Лагерь басшысы, тәрбиеші , 20 мамырға дейін Т.І.Ж.О.
үйірме жетекшісі болуға
үміткерлермен әңгіме өткізу
6 Топ бөлмелерін, акт залын, 28 мамырға дейін Тәрбиешілер
спорт залын, үйірмелер Тәлімгер
бөлмесін дайындау, безендіру. Үйірме жетекшілері
7 Сауықтыру лагеріне қажетті 28 мамырға дейін Тәрбиешілер
құралдарды дайындау. Музыка жетекшісі
■Ойын құралдары Дене шынықтыру
■ спорт құралдары жетекшісі
■ канцеляр тауарлары Тәлімгер
■ музыкалық аппаратура
Сауықтыру лагерінде өткізілетін іс-шаралар жоспарының үлгісі
№ Өтілетін іс-шара Өтілу Мерзімі Жауапты
формасы
1 Лагерьдің ашылу салтанаты Салтанатты 01.06.2013 Т.І.Ж.О.
жиын Тәлімгер
2 Келді міне, жайдарлы жаз, Флешмоб 03.06.2013 Тәлімгер
Балақай, сен бойыңды жаз!
3 Рәміздер -ұлттық Білімділер 04.06.2013 Тәлімгер
мақтанышымыз сайысы, Тәрбиешілер
асфальтқа
сурет салу,
викторина-
лық сұрақтар
4 Қазына аралы Ойын 05.06.2013 Тәлімгер
Дене шынық.
мұғалімі
5 Желден жүйрік, таудан алыпСпорттық 06.06.2013 Дене шынық.
сайыс мұғалімі
6 Туған жердің біз білмейтін Саяхат 07.06.2013 Т.ІЖ.О.
сырлары... Тәлімгер
Тәрбиешілер
7 Біз таланттыларды Өнер сайысы 10.06.2013 Тәлімгер
іздейміз... Музыка
жетекшісі
8 Ерте, ерте, ертеде... Ертегілер 11.06.2013 Тәрбиешілер
қойылымы
9 Лагерь ханшайымы мен Байқау 12.06.2013 Тәлімгер
ханзадасы-2013 Тәрбиешілер
10 Шебердің қолы ортақ Галереяға 13.06.2013 Үйірме
саяхат жетекшілері
11 Маски-шоу Маскалар 14.06.2013 Тәрбиешілер
шеруі
12 Лагерьдің жабылу салтанаты Салтанатты 15.06.2013 Т.І.Ж.О.
жиын Тәлімгер
← 8.30 - 9.00 Балаларды қабылдау, таңғы жаттығу
← 9.00 - 9.30 Таңғы жиын, балаларды топқа бөлу
← 9.30 - 10.00 Таңғы ас
← 10.00-10.45 Жоспар бойынша іс-шаралар өткізу
← 10.45-11.30 Спорттық шаралар
← 11.30-12.00 Денсаулық шаралары, тазалық сағаты
(құмда жүру, таста жүру)
← 12.00-13.00 Түскі ас
← 13.00- 13.45 Үйірме жұмыстары
← 13.45- 14.20 Танымдық ойындар
← 14.30- 15.00 Ертеңгі күнге дайындық,
топтағы жұмыс
← 15.00-15.30 Бесін ас
← 15.30 Үйлеріне қайтару
Сауықтыру лагерінде өткізілетін іс-шаралар жоспарының үлгісі
Уақыты № Іс-шаралар Жауапты
1 күн 1 1-маусым халықаралық балалар күніне арналған
бағдарлама Т.І.Ж.О.
Тәлімгер
2 Лагерьдің ашылу салтанаты
3 Кел,танысайық
2 күн 1 Суреттер конкурсы Жадыраған жаз келді Тәрбиешілер
Тәлімгер
2 Қозғалмалы ойындар
3 Таза ауаға саяхат
3 күн 1 Жайдарлы Жайдарман КТК ойыны Тәрбиешілер
Тәлімгер
Дене шынық.мұғ.
2 Дойбы, тоғызқұмалақ, шахмат ойыны
3 Би алаңында
4 күн 1 Ән-жұмбақ Музыка жетекшісі
Тәрбиешілер
2 Психологиялық ойындар
3 Футбол
5 күн 1 Лагерь аруы-2013 Тәлімгер
Тәрбиешілер
Медбике
2 Сергіту ойындары
3 Дәрігер сағаты
6 күн 1 Флешмоб Тәлімгер
2 Ұлттық ойындар. Дене шынық.мұғ.
3 Менің қалам саяхат Тәрбиешілер
7 күн 1 Кітаптар әлеміне саяхат Тәрбиешілер
Тәлімгер
Дене шынық.мұғ
2 Жұлдыз жауған күн өнер фестивалі
3 Таза ауадағы ойындар
8 күн 1 Есте сақта ойыны Тәрбиешілер
Тәлімгер
Дене шынық. мұғ
2 Жан тербетер әуендер
3 Қазына аралы ойыны
9 күн 1 Айгөлек ойыны Тәрбиешілер
2 Көрермен сағаты мультфильм тамашалау Тәлімгер
3 Кім жүйрік? Дене шынық.мұғ
10 күн 1 Лагерь ханзадасы-2013 сайыс Тәлімгер
2 Дәрігер сағаты Медбике
3 Би алаңы Тәрбиешілер
11 күн 1 Үйірмелер елі көрме Үйірме
2 Әнші-бұлбұл үйірмесінің шағын концерті жетекшілері
12 күн 1 Қош бол менің лагерім! салтанатты жиын ТІЖО
2 Хат қоржын естеліктер жазу Тәлімгер
Үйірме жұмыстары жоспарының үлгілері
№ Үйірмелер
1 Күні Шебер қолдар Жас суретші Әнші бұлбұл
2 1 күн Оригами Гүл Пейзаж Табиғат Дауыс жаттығуларына
кереметтері арналған шағын
шығармалар
3 2 күн Бисерден әшекей Бейнелеу өнерініңӘн айтудың негізгі
бұйымдар әзірлеу жанрлары ережелері
4 3 күн Макрамеден Заттарға қарап Қазақ халқының ән
сувенирлік панно сурет салу өнері
тоқу
5 4 күн Бахрома түрлері Тұрмыстық Музыка тыңдау
заттардан ережелері
натюрморт
6 5 күн Өрнек түрлерінің Акварельмен жұмысХалық әндері, халық
тоқылу жолдары композиторлары
7 6 күн Өрнек түрлерінің Гуашьпен жұмыс Екі дауыста ән салуға
тоқылу жолдары машықтандыру
8 7 күн Қатырма қағаздан Портреттік жанр Құрманғазының
бұйымдар жасау күйлерімен танысу
9 8 күн Икебана дайындау Фотосуреттер Абай әндері
сайысы
10 9 күн Ұлттық ою-өрнек Графика Дос болайық бәріміз
жасау әні
1-2 дауыс партиялары
11 10 күн Құрақ құрау Мүсін жасау Туған ел әні
1-2 дауыс партиялары
12 11 күн Көрме Көрме Концерт
Сауықтыру лагері дәрігерінің жұмыс жоспары
✓ Күнделікті сауықтыру алаңына келген балаларды тексеріп қабылдау және
күнделікті бойы, салмақтарын, денсаулықтарын тексеру;
✓ Берілген тағамның дәмділігін, сапасын, дұрыс пісірілгенін тексеру;
✓ Асханада жуылатын ыдыс-аяқтың және күнделікті пайдаланатын
залалсыздандыру заттарын қадағалау;
✓ Аспаздардың жеке бас тазалығын тексеру;
✓ Күнделікті сауықтыру шараларын жүргізу;
✓ Балалар ойнайтын бөлмелердің тазалығын қадағалау;
✓ Жуылатын бөлмелердің тазалығын тексеру;
✓ Жеке бас гигиенасына қажетті жабдықтардың болуын тексеру;
✓ Тіс күтімі, ішек құрты, қан аздық, сары ауру, жеке бастың тазалығы,
тамақтану тәртібі, күн тәртібі, салауаттану, шынығу, көзге жаттығу
жасау туралы әңгімелер өткізу;
✓ Майда таста, құмда жалаң аяқ жүру. Ылғалды орамалмен сүртіну;
✓ Саяхатқа шығар алдында зиянды жәндіктер,олардан қорғану шаралары
туралы әңгіме өткізу, саяхат кезінде қадағалау;
✓ Дәруменмен қамтамасыз ету;
✓ Әр түрлі жұқпалы аурулардың алдын алу туралы әңгімелесу;
Топ аттары мен ұрандарының үлгілері
Топтардың аттары мен ұрандары балалардың жас ерекшіліктеріне сай
іріктеліп алынады.
Топтардың аттары :
Ұлытау,Еркем-ай,Айшуақ,Атаме кен,Жас өркен, Жұлдызша,
Нұршуақ, Қуаныш,Шаттық,Балдырған,Ақ көгершін,Қарлығаш,Алаш,
Көк бөрі,Мұзбалақ,Болашақ, Ботақан, Алау, Жалын, Қыран,
Болашақ, Мұрагер, Жасұлан, Балауса, Достық, Ұлытау,
Балдәурен, Бала би,Жас толқын, т.б. деп атауға болады.
Топ ұрандарының үлгілік нұсқалары:
• Біз кішкентай Жұлдызбыз,
Өнегелі ұл-қызбыз.
• Жас қыран көк аспанның киесі,
Біз,жастар, жалындаған болашақтың иесі.
• Ел мен жерді қорғаймыз,
Кішіге ізет жолдаймыз.
• Жас қыран алға,
Қатардан қалма,биікке самға!
• Базар деген- балалы үй,
Біз ақылды Бала би
• Балдырғанбыз,балдаймыз,
Бақытты өмір таңдаймыз.
Шаттық-думан көңілді,
Болашаққа жалғаймыз.
• Ақ көгершін- бейбітшілік ұланбыз,
Жақсылық, жақсы үнге ұранбыз.
• Тәуелсіздік туын көкке көтерген
Біз боламыз жалындаған Жас өркен.
• Айгөлек тобы боламыз,
Шыңға биік шығамыз.
Бірлік пенен достықты ,
Бірдей ұстай аламыз.
• Көк бөрідей жүректі, қайраттымыз,
Жігерлі де білімді, айбаттымыз.
• Дос болайық бәріміз,
Жарасып тұр сәніміз.
• Қырандай биік самғаймыз,
Ешкімнен біз қалмаймыз!
• Туған жерім тұғырым,
Қорған болар ұлымын!
• Қашан келер денсаулық деп тоспайық,
Салауатты өмір салтын бастайық!
• Бәйтеректей биікпіз,
Сайыстарда жүйрікпіз.
• Ойлап елдің ар-мұңын,
Жас ұландықтар көтереді нар жүгін.
Сауықтыру лагерінде ойнатылатын
ойын түрлері
Ойын – мектеп жасына дейінгі балалар іс-әрекеттерінің негізгі түрі.
Ойын – баланың, бүкіл балалар ұжымының дамуында басты роль атқарады.
Ойынды өмірден ажыратып қарай алмаймыз, балалар тек ойнап қана
қоймайды,сонымен бірге ойлайды,аңғарады,көп нәрсені білуге,зерттеуге
талпынады. Олар бірдеңе жасап қана қоймайды, сондай-ақ заман ағымына да
белсене қатысады. Аса көрнекті үздік педагог Н.К.Крупская қимылды ойын
жөнінде былай деп толғанады: Ойын – өсіп келе жатқан бала организмінің
қажеті.Ойында баланың дене күші артады, қолы қатайып, денесі шыңдала
түседі,көзі қырағыланады, зеректілігі, тапқырлығы, ынтасы артып жетіле
түседі.Ойында балалардың ұйымдастырушылық дағдылары қалыптасып шыңдалады.
Ұлттық ойындарымыз балаларға тәрбиелік мағына берумен қатар , дене
бітімінің әсем де сымбатты болып бітуіне пайдасы зор. Мысалы: Қуыр-қуыр,
қуырмаш ойынын балалардың саусақ моторикасын дамытуға, тіл байлығын
жетілдіруге, көңілін көтеруге қолдануға болады. Балаларды қазақ халқының
ұлттық ойындарымен ойната отырып, жан-жақты тәрбиелейміз.
Топтармен жүргізілетін ойындар
Төрт құбылыс. Балалар шеңбермен тұрады. Жүргізуші су десе
қолдарын алдына созады, ауа десе жоғары көтереді, от дегенде екі қолын
айналдырады, жер дегенде қолдарын түсіреді. Кім шатасса,ойыннан
шығарылады.
Көңілді шеңбер. Балалар шеңбер жасап отырады. Бір-біріне мұқият
қарайды. Жүргізуші белгі бергенде балалар көздерін жұмады. Сол кезде
жүргізуші отырған балаларға әр түрлі заттарды қыстырып қояды (гүл, орамал,
көзілдірік т.с.с.). Балалар көздерін ашқанда : -не өзгерді? – деп сұрайды.
Ең зейінді балаға сыйлық беруге болады.
Орныңды тап.Балалар шеңберге тұрады. Әр бала өзінің жанындағы
баланы есінде сақтап, қарап алуы керек. Жүргізушінің бірінші белгісі
бойынша бөлменің жан-жағына тарап кетеді (белгі: шапалақтау, барабанмен
беріледі). Екінші белгі бойынша шеңберге бастапқыда қай орында, кімнің
қасында тұрғанын есінде сақтап, қайта шеңбер түзеді. Өз орнын таппаған
балалар ойыннан шығарылады.
Ойыншықты сипатта.Жүргізуші балаларға қолындағы ойыншықты мұқият
қарап алуға ұсынады (1 минут). Алынатын ойыншықтар түрлі-түсті және
бөліктері бірнеше болуы шарт. Ойыншықты жасырып, балалардан сол ойыншықты
көргендегі түр-түсі, көлемі, пішіні, дене бөліктерін есінде сақтағанын
сипаттап беруді талап етеді. Ойыншықты дәл, нақты сипаттап берген бала
ойынды әрі қарай жалғастырады.
Сөзді есіңде сақта. Жүргізуші балаларға 7 қосарлы сөздерді оқиды.
Балаларға мұқият тыңдау ұсынылады. Бірінші сөзді жүргізуші айтады, балалар
келесі сөзді есінде сақтап қайталайды. Осылайша қалған сөздерді түгел айтып
шығу керек.
көктем – жаңбыр
жаз – күн шықты
аспан – бұлт
жер – шөп
Сиқырлы ғажайып орман. Қазір біз ғажаптарға толы, жайдарман әрі
сиқырлы орманға айналамыз. Екі топқа бөлінеміз: орман-тоғай болып екі
қатарға тұрамыз. Біздің қолдарымыз – орманда серуендеп келе жатқан адамды
нәзік, абайлап қана сипалайтын ағаштардың бұтақтары болады. Ал енді
барлықтарыңызды бір-бірден осы сиқырлы орман ішінен өтуге шақырамыз, ал
қалғандарың серуендеуші адамның басынан, қолынан, арқасынан сипалап,
сиқырлы ағаштар болуға шақырамыз.
Хан асығы . Бұл ойынға 5 немесе 10 бала қатыса алады.Көп асықтың ең
ірісін қызыл түске бояп қояды.Бұл асық - хан асығы. Асықтар тізіліп
қойылады да бастаушы хан асығымен оларды көздеп құлатады.Құлаған асықтарды
жинап алады.Егер хан асығы бүк,шік,тәйкі қалыптарымен түссе,бастаушы жақын
құлаған асықтарды ата береді. Егер бастаушы асықтарды қолымен құлатып алса
немесе басқа асықтарымен атса,онда ойынды келесі бала жалғастырады. Ең
соңында хан асығы кімнің қасында қалса,сол бала жеңіске жетеді.Келесі
ойынды жеңіске жеткен бала жалғастырады.
Көтермек. Ортаға екі ойыншы бала шығады.Бір-біріне арқаларын беріп
тұрады. Белгі бойынша кім бірінші бірін- бірі арқада көтеріп алса,сол бала
жеңіске жетеді. Жеңіске жеткен бала ойында қала береді де басқа балалармен
бірге күш сынасады.
Орамал тастамақ. Балалар шеңбер жасап тұрады.Бастаушы(тәрбиеші)
балаларды айнала жүріп бір баланың артына орамал тастап кетеді.Артына
орамалды тастағанын сезген бала менің артымда- деп жауап береді.Артына
орамалдың тасталғанын дәл таппаса,ол өлең,тақпақ айтып немесе билеп беруі
керек. Балалар шеңбер бойында көздерін жұмып тұруы керек.Ойын осылай
жалғаса береді.
Ақсерек-көксерек. Бұл ойынды ойнау үшін балалар екі топқа
бөлінеді,қолдарынан ұстап тұрады. Ара қашықтық 20-30 қадам. 1- ші топ
ойынды бастайды. Ақсерек-ау, ақсерек, бізден сізге кім керек? 2-ші Ақсерек
–ау, ақ серек, ------ (бала аты) керек. Аты аталған бала келесі топқа дейін
жүгіріп барып,ортасынан ұстасқан қолдарды ажыратып кету керек.Егер өтіп
кетсе, сол топтан бір баланы тобына алып қайтады,өте алмаса,сол топта
қалады.Ойын осылай жалғаса береді.
Қыз қуу. Балалар арасынан бір ер бала,бір қызды(ағаш атпен)қуады.Бала
қызға жетіп қолынан ұстаса, ол жеңіске жеткені.Кейде қызды 2 бала да
қуады.Қай бала бұрын жетіп,қыз қолын ұстаса,сол бала жеңіске жетеді.
Соқыр теке. Балалар дөңгелене тұрады.Бір баланың көзі байланып
қойылады. Балалар:Бота,бұзау,қозы,лақ. Қайда кеткен құлыншақ? Соқыртеке бақ-
бақ , Мені ізден тап-тап !-деп тақпақтайды. Содан кейін Соқыртеке (баланың
көзі байлаулы(баларды қуалайды немесе балалар оның жанына келіп түртіп
қашады.Соқыр теке ұстап алған баланың көзі байланады да ол соқыр теке
ролін атқарады.Ойын осылайын жалғаса береді.
Сақина жасыру.Ойынды өткізуші және сақина жасырушы бала
белгіленеді.Қалған ойыншылар жерге отырып ,тізелерінің үстіне алақандарын
жаяды.Бастаушы жұмулы қолын әрбір ойыншының алақанына салысымен,ол бала
алақанын жаба қояды. Бастаушы бір баланың алақанына сақина салысымен,
ойыншылардың біреуінен Сақина кімде?-деп сұрайды.Ол сақинаның кімде
екенін білсе,сол баламен орнын ауыстырады.Ал білмесе,ол өз өнерін
көрсетеді. Ойын басқарушы ойынды осылай жалғастыра береді.
Тышқан мен мысық. Ойын мақсаты: балаларды шапшаң әрі шыдамды
болуға,ұйымшылдықққа үйрету. Ойын шарты: Бұл ойынға топ балары бәрі тегіс
қатыса алады. Балаларды (қақпа қалың) дөңгелене тұрғызып,ортаға тәрбиеші
көмегімен тышқан мен мысық сайланады.Мысық тышқанды қуып ұстап алуы керек.
Дөңгелене тұрған балалар тышқанды мысықтан құтқару үшін қақпадан тышқанды
шығарып жіберіп,мысықты шығармауға тырысады.Мысыққа тышқанды ұстау үшін
шапшаңдық керек.Мысық тышқанды ұстап алса,ойынға келесі жаңа балалар қатыса
отырып алмаса береді. Керек құралдар: мысық,тышқан бетперделері.
Ұйқыдағы аю. Бұл ойынға топ балалары 2-ге бөлініп қатысады. Ойын
шарты: Топ ішіндегі бір баланы аю бетпердесін кигізіп,орындыққа отырғызып
қояды.Балалар орманда серуендеп келе жатып,ұйқыдағы аю көреді.Аю болса,
балалардың шуылынан (дыбысынан) оянып кетіп,балаларды қуа жөнеледі.Ұстап
алған баланы өз мекеніне отырғызып қояды.Ойын қайта жалғаса береді. Керек
құрал:аю бетпердесі.
Хан талапай. Бұл отырып ойналатын,негізінен қыз балаларға арналған
ойын.Оған 4-5 үміткерден қатысады.Ойын үшін 10 асық таңдап алынады.11- асық
ерекше өзге түске (қызыл,не көк) боялған болуы шарт.Бір-бірден асық
үйірудің қорытындысы бойынша ойыншылар кезектерін бөліседі.Бұдан соң
алғашқы ойыншы қос уыстай ұстаған бар асықты ортаға үйіруі керек.Қалған
ойыншылар аңдысын аңдап, өзге асықтардан ерекшеленген ханға қадалады.
Себебі, хан алшы түссе,барлығы тарпа бас салып, ортадағы асықтардан хан
талапай жасауы тиіс. Хан кімнің қолында кетсе,келесі үйіру кезегі соған
беріледі. Ханмен бірге қолына ілінген асықтардың санына қарай ұпай
жазылады. Хан алшы түспеген жағдайда үйірген ойыншы шашылған асықтардың
бүгі мен бүгін,шігі мен шігін,алшысымен-алшысын, тәйкесімен мен тәйкесін
бір-біріне соғып,кенейлер бір-біріне тимей қалғанша ұпай жинайды.Көздеген
асығы үшінші бір асыққа тиіп кетсе немесе бөгде асықты қозғап қалса
да,ойынның бұзылғаны.Онда кезек келесі ойыншыға беріледі.Осы ретпен әр
ойыншы жинаған асығының санына қарай ұпай жинайды. Межелі ұпай санын (100
не 50 немесе 80-40) ойын жүргізуші алдын ала белгілейді.Межеге бұрын жеткен
ойыншы жеңімпаз болып саналады. Ескерту: Асықтарды бір-біріне тигізу
кезінде қолмен сүйретіп апаруға,орнынан қозғап түзетуге болмайды.Ойынның
соңына дейін ханға бірде- бір асық тимеуі керек.Себебі ол – хан.
Санамақ.Көпшілік қатысады.Ойынның шарты: ойын бастаушы қатысушы бір
адамды ортаға алып шығады.Ол адам бір тектес атау сөзден жаңылмай,кідірмей
аттап жүріп айтуы керек.Тоқтамай,қателеспей айтып шықса,жүлде алады.Егер
қателессе,ойыннан шығады.Мысалы: жаңылмай 10 ақынның немесе 10 өзеннің атын
атауы керек.
Бөрік жасырмақ.Ойынға қатысушылар араларынан бір ойыншы шығарып,
алыстау жерге таман барып, бөркін немесе басқа бір бір белгілі затын
жасыруға жібереді және өзі де сол маңайға жасырынуы керек.Қалған ойыншылар
тығылған затты іздеуге кіріседі.Кімде-кім тығылған бөрікті көріп қойып
алуға қам жасаса, онда иесі бермеуге тырысады.Бермеудің жолы – екеуі бірдей
бас салып бөрікке таласу емес, қай бұрын алғаны алады.Ал көрген ойыншы ала
алмай қалса,онда иесі қорып,бөрікке жібермеуге тырысады.Ал басқалардың қай-
қайсысы болмасын бөріктің иесіне қол тигізіп,күш жұмсауына
болмайды.Қайткенде де алдап жүріп алып, оны жүргізушіге ертіп келулері
керек.Келесі жолы бөрікті әкелген ойыншы барады да,ойнаушының уақыттары
жеткенше ойын жалғаса береді.
Сауықтыру лагерінде өткізілетін іс-шаралар сценарийлерінің үлгілері
Сауықтыру алаңының ашылу салтанаты.
Горн ойналады,барабан соғылады.
Дене шынықтыру пәні жетекшісі: Лагерь!Түзулен!Тік тұр!
Топ жетекшілері,рапорт
беруге әзірлен!
Жас өркенсауықтыру алаңының аға тәлімгері,демалушылар 1-маусымның ашылу
салтанатына тұрғызылды. Рапорт беруші дене шынықтыру пәні жетекшісі
Увалиев Елдос
*Аға тәлімгер: Рапорт қабылданды.
*Топ жетекшілері: Біздің топ: ----------------------
Біздің ұран: -----------------------------
Біздің ән: -------------------------------
---
*Топ жетекшілері:Аға тәлімгер, Жас өркен сауықтыру алаңының Жас
қырантобы лагерьдің ашылу салтанатына әзір.Рапорт беруші:---------------
*Аға тәлімгер:Рапорт қабылданды!Еркін тұр!
Аға тәлімгер лагерь бастығына рапорт береді.
*Лагерь бастығы :Рапорт қабылданды. Жас өркенсауықтыру алаңының 1-
маусымын ашық деп жариялаймын.
Лагерьдің әні орындалады,Туы көтеріледі.
1-ж:Жаз жайнатып,күн күлдіріп,
Лагерь жырын айтамыз.
Қуанышпен,самал желмен,
Желбірей бер,жалауым!
2-ж: Ал енді,балалар,жайлары жазда бізге ертегілер елінен келген қонақтар
сендердің өнерлеріңді мен білімдеріңді көрсек дейді.Аянып қалмаңыздар!
Біліміміз бен тапқырлығымызды танытып, Алтын сандықойынына кезек берейік!
1-ж:Көз тартар күміс сандықта,
Жасырылған сұрақтар.
Ертегілерің оқыған
Сендерге терең ой тастар!
Ортаға топ командирлерін шақырамыз!
(Олар ортаға шығып,сандықтан сұрақтар суырады)
1. Менде асыл тасты жүзік те,сәнді киім де,қымбат тастармен әшекейленген
белдік те жоқ.Тек еңбексүйгіш екі қолым,қайрат-жігерге толы жүрегім бар
2. Алдаған деген осы болады,қош бол!
3. Мен шөлдеп тұрмын.Су әкелсең,жапырақ беремін
2-ж: Әр топтың командирлері ортаға келсін! Тамаша,күміс сандықтың сырын
аштыңдар. Енді алтын сандықты байқап көрелік!
(алтын сандықтан сұрақтар суырады)
1.Қазақстан Республикасының Мемлкеттік Гимні туралы толық мағлұмат бер
2. Қазақстан Республикасының Мемлкеттік Елтаңбасына сипаттама бер
3.Қазақстан Республикасының Мемлкеттік Туы жайында айтып бер
Жеңімпаз алтын қақпаға келеді.Конвертке салынған сұраққа жауап береді.
Алтын қақпа сұрағы: Зайсан ауданының брендін ата!
(сұрақты шешіп,кілтпен есікті ашады)
2-ж: Күміс сандық та,алтын сандық та,алтын қақпа да ашылды.Білімді де
зерделі балалар екенсіңдер.Біз осы ауысымда тек қана өнерімізбен,саналы
тәрбиемізбен көзге түсеміз деген ойдамын.Солай ма,балалар?
Ендеше келесі бөлімде өнерімізді ортаға салайық!
1-ж: Әсем әуен жүректерге жетеді,
Сазыменен баурап көңіл серпеді.
Құдіретіңе таң қаламын сазды әуен,
Сеніменен келер көңіл көктемі.
----------------------------------- ------------орындауындағы әнді қабыл
алыңыздар!
2-ж: Би билеймін дөңгелеп әсем айдай,
Қос қанатын көбелек бір қаққандай.
Қане,қосыл,отырма,құрбы-құрдас,
Биле,биле достарым отырма жай!
------------------------------------ ------------орындауындағы биді
тамашалаңыздар!
3-ж: Күй ойнайды қазағымның қанында,
Күй ойнайды қазағымның жанында.
Ортамызға -----------------------күйімен -----------------------
шақырайық!
4-ж: Жас өркенсауықтыру лагерінің дем алушылары,әр күндеріңіз қуанышқа,
қызыққа толы болсын. Көңілдеріңіз көтеріңкі болып, жақсы тынығуларыңызға
тілектеспіз! Ашылу салтанаты кешке танымдық би кешімен жалғасады.
Сауықтыру лагерінің ашылу салтанаты
Жүргізуші: Қайырлы күн! Қадірменді ұстаздар, бүлдіршін балалар, ата-
аналар! Жас өркен сауықтыру лагерінің ашылу салтанатына қош келдіңіздер!
Қазақстан Тәуелсіз ел екенбіз,
Жоғалмасын ешқашан берекеміз.
Шын ниетпен сендерді құттықтаймыз,
Құтты болсын, бүлдіршін мерекеңіз!
Аға тәлімгер:Лагерь! Сап түзе! Тік тұр! Жас өркен сауықтыру лагерінің
ашылу салтанатына орай лагерь Туы енгізілсін!
(Лагерьдің Әнұраны орындалады.)
Топ басшылары хабарлама беруге дайындалсын!
1 Балдаурен тобы
2. Арай тобы
3. Бала битобы
( топтың аты, ұраны, әні таныстырылады.)
Рапорт беріледі.
Аға тәлімгер, Жас өркен сауықтыру лагерінің ашылу салтанатына Балдаурен
тобы дайын. Рапорт беруші ——————————
Аға тәлімгер: Лагерь, сап түзе! Тік тұр!
Жүргізуші:Арманы бір, үні бір,
Аға ардақты, іні бір.
Бақыт туын көтерген,
Балалардың күні бұл.
Бала бағы бар елдің,
Гүлмен келсін келер күн.
Балалардың күлкісі-
Көркі,сәні әлемнің.
Жүргізуші: Жас өркен сауықтыру лагерін ашу рәсімі мектеп директоры
Жиенгельдинов Айтбек Ережепұлына беріледі.
Жүргізуші:Бүгін қызық,бүгін той,
Біздер үшін біліп қой
Дөңгеленсін би билеп,
Жалғастырсын ойды ой.
Би: Өзбек биі. Орындайтын Шуақ тобы
Жүргізуші: Мереке бүгін, береке бүгін,
Қуанып, шалқып тасыған.
От боп жүр жастар,
Шоқ боп жүр жастар
Көңіл жоқ шешек атпаған, – дей келе,Томиристің
орындауындағы Балдаурен әнін қабыл алыңыздар!
Жүргізуші:Қымбатты Жас өркен лагерінде демалушы бүлдіршіндер! Сендерді
лагерьдің қызметкерлерімен таныстыруға рұқсат етіңдер!
Жүргізуші: Жас өркенге асығыңдар, келіңдер.
Тәрбиеші апайларды көріңдер.
Жүргізуші: Сендердің тәрбиеші ұстаздардың:
Назерке мен Шынар-
Тәлімгердің серігі.
Алмагүл мен Айнұр-
Жас өркеннің көркі.
Жүргізуші: Іш ауырса, тіс ауырса,
Емдеп дәрі беретін.
Ақ халатты Айгүл-
Медбике апай ол біздің.
Жүргізуші: Спорт- көркі өмірдің,
Спорт- досың серігің.
Жаттықсаң шымыр боласың,
Шынығып,өсіп,толарсың.
Үнемі бізге айтатын,
Елдос ағай ол біздің.
Жүргізуші: Жастар биі
Жүргізуші: Ұстаз- ана ән айтып, би билеткен,
Ұстаз -ана, бар білімге үйреткен.,
Ұстаздарды екінші ана деп біліңдер,
Әркез сені жақсылыққа сүйреген,- дегендей ұстаздарға
қошемет көрсетіп қояйық.
Жүргізуші: Салтанаттың орындауындағы Достарым әнін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші: Ұлылардан ұлағат ап жаңаша,
Байқауларға ой қосамыз таласа.
Талабы зор балаларды танытып,
Таныстырған Жас өркен ол тамаша.
Жүргізуші: Біз бақытты баламыз,
Оттай лаулап жанамыз.
Жас өркеннің төрінде,
Шырқап әнге саламыз.
Жүргізуші: Бақытты балалық шақ әні.
Жүргізуші: Аспан тұрса күлімдеп,
Айын биік орнатып
Ақса бұлақ гүрілдеп,
Балаларға сол бақыт!
Жүргізуші: Жас өркен сауықтыру лагерінің ашылу салтанатына
келгендеріңізге көп- көп рахмет, көк аспанда байрағымыз желбіреп, амандықта
кездескенше сау болыңыздар!
Жас өркен сауықтыру лагерінің ашылу салтанаты
1-маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне және де Жас өркен атты
мектепішілік жазғы демалыс лагерінің ашылуына арналған концерттік
бағдарлама
Мақсаты: балалардың жеке қасиеттерін дамыту, тақпақ, өлең, әндерді
нақышына келтіріп айтуға үйрету. Бір-бірін сыйлауға, адамгершілік
қасиеттерін жоғалтпай ұстауға жетелеу.
Жүргізуші: Баршамызды бал тілмен баурайтын,
Бала деген бір бақыт қой самғайтын.
Ата-ананың арманы мен тілегін,
Бала емес пе бал бұлақтан жалғайтын.
Сүйкімділер, періште, сендерсіңдер,
Қандай бейне өздеріңе тең келсін!
Данышпан да, ғарышкер де, ғалым да,
Ең алдымен балалықты меңгерсін.
Ия, рас, бала болған бәрі де,
Салған олар балалықтың әнін де.
Бала кезін еске алып отырсақ,
Сол емес пе тіршіліктің мәні де!-дей келе, Жас өркен
сауықтыру лагерінің ашылуына арналған салтанатты жиынымызды тамашалауға
қош келдіңіздер!
1-маусым 1950 жылдан бастап – Халықаралық балаларды қорғау күні болып атап
өтіліп келеді. Бізде бүгін екі мереке, балалар күнімен қатар келген
лагердің ашылу салтанаты құтты болсын! Құттықтау сөзі мектеп директорының
оқу ісі жөніндегі орынбасары Дуанканова Гулнар Мәукенқызына беріледі.
Жүргізуші: 3 сыныптардың орындауындағы әдеби монтажға кезек берсек.
Әрқашан күн сөнбесін әні шырқалады, балалар Күн шуақтарымен шығады.
1 шуақ: Келді міне тағы жаз,
Күн шуағымен жылытады.
Жылуын төгіп бізге,
Бәрімізді қуантады.
(қыздар лагерь эмблемасының бірінші дөңгелегін алып шығады: Қуаныш)
2 шуақ: Жазғы лагерьді ашамыз,
Баршаңызды шақырамыз!
Күлеміз,ойнаймыз,ән шырқаймыз,
Спортпенен шұғылданамыз!
(эмблемалық екінші дөңгелегі Спорт)
3 шуақ: Бақыт үшін не керек?
Әрине,достық қажет!
(эмблеманың үшінші дөңгелегі Достық)
4 шуақ: Мәселеде қиналма,
Досыңа тез көмек бер.
Енді,міне,бері қара,
Өзара көмекті ұмытпа!
( эмблеманың төртінші дөңгелегі Өзара көмек)
5 шуақ: Лагерден шығып қалмау үшін тәртіпті сақта!
(эмблеманың бесінші дөңгелегі Тәртіп)
Жүргізуші: Шаттан, күн, балақай!
Қуанатын күн бүгін!
Қайырлы таң!Қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін!
Жүргізуші: Ал енді,балалар, ойымызды сергітіп,жұмбақтар шешеміз. Тапқырлық
танытқан балаға сыйымыз бар.
Арасынан гүлдердің,
Ұшып жүрген гүл көрдім.
Қырға біткен гүлдердің
Шырын, сөлін жиып жүр.(көбелек)
Тәттісін әкеп қыр-белдің,
Ұясына құйып жүр.
Қалтасына баласын,
Салып алып қашады.
Секірсе, таң қаласың,
Алты қырдан асады.(кенгуру)
Суда жүзу, мұзда жүру-
Оған қиын іс емес.
Ол не болды сондағы
Балық емес, құс емес.(кеме)
Екі көзі шарадай,
Түнде жарық шашады.
Қараңғыда қапысыз
Тышқандарды көреді. (жарғанат)
Тақияға шанышқан
Жапырлаған көп ине,
Ұстайын деп асықсам,
Кілең көзі жоқ ине.(жұлдыз)
Үсті тас, асты тас,
Екі тастың арасы
Төрт аяқ пен жалғыз бас.( тасбақа)
Саз балшықтай көл дейтін
Жер түртуді жөн дейтін
Қорсылдаған бір хайуан
Он-он бестен төлдейтін. (доңыз)
Мұхиттарда жүзетін
Бір керемет бар тағы:
Арқасынан тыз етіп,
Атқылайды фонтаны. (Кит)
Жүргізуші: Ақылды балапан бүгінгі,
Көркейтер күніңді ертеңгі.
Үйренген өнерін көрсетсін,
Бүлдіршін балалар белсенді.
Жүргізуші: 1 -сыныптардың орындауындағы Қошақаным қайда екен? әнін қабыл
алыңыздар.
Жүргізуші: Көкжиектен күлімдеп,
Маусымның ақ таңы атты.
Тұра қойшы күнім – деп
Анаң сені оятты . Ақ мамам орындайтын Анар мен
Камила
Жүргізуші: Ақтарып сап күйсандықты,
Ән шырқаймыз көңілді.
Ортада әнші ұлымыз,
Нұрсұлтанды қошеметтеп отырыңыз. Әке-ана әні.
Жүргізуші Барлық елдің бөбегі,
Бір-бірімен туысқан.
Бәрімізге төгеді,
Өз шуағын күміс таң.
Бейбітшілік әніміз,
Бауырласпыз бәріміз.
Қазақстан жерінде
Жарасады әніміз, – демекші Арна мен Томиристің
орындауында
Ақ көгершін әні.
Жүргізуші: Ал, балалар тұрмайық, әндетейік жырлайық,
Келесі кезекті Әнші балапан әніне береміз.
Жүргізуші:
Мерекелік жиынымызды ойындармен жалғастырамыз.
Жас өркен сауықтыру лагерінің жабылу салтанаты
Рапорт беру. (Әр топ лагерь командиріне рапорт береді)
Лагерь командирі лагерь бастығына рапорт береді.
Лагерь бастығы ашық деп жариялайды.
Лагерьдің Әнұраны орындалады.
Жүргізуші: Білім –теңіз, мектепті –кеме дейміз,
Ертеңіне елімнің елендейміз.
Ата-ана, ұстаздар, қонақтарға,
Жас өркен лагерінен сәлем дейміз.
Жүргізуші: Армысыздар, бүгінгі Жас өркен сауықтыру лагерінің жабылу
салтанатына жиналған ұстаздар, ата-аналар, қонақтар мен балдырғандар.
Бүгін, міне бойларыңа қуат, көңілдеріңе шабыт сыйлаған, туған жеріміздің
сұлулығы, әсемдігін таныта түскен, Отанымыз - Қазақстанға деген патриоттық
сезімімізді еселеген сауықтыру лагерінің жабылу салтанаты. Осы салтанатты
мерекемен құттықтау үшін Жиенгельдинов Айтбек Ережепұлына сөз береміз.
Жүргізуші: Келесі сөз кезегін ата-аналар атынан Достық тобының балдырғаны
Томиристің анасына береміз.
Жүргізуші: Жайнатқан жанымызды,
Ұстаздар мен ата-ана жаны ізгі...
Келтірген сәнімізді,
Арнайық әнімізді, - деп әсем әнді сіздерге арнаймыз.
Қабыл алыңыздар.
Жүргізуші: Жақсыны кімде болса көрмек дейді,
Халқына бар өнерін бермек дейді.
Өнерлі өрге жүзіп әрқашанда,
Өмірін әсемдікпен өрнектейді ,– дегендей сауықтыру
лагерінде сурет, мүсін, ән үйірмесі сендерге өнердің қыр-сырын үйретті.
Оған қатысқан әр оқушы өз талаптарын шыңдай түскені анық. Ендеше үйірмеге
жетекшілік еткен Ажыбаева Шынар Шаймарданқызына сөз берейік. (Марапаттау
сәті)
Жүргізуші: Өнер өрге жеткізер,
Өнер болса қолыңда.
Өнерлінің ырысы –
Жарқырап жатар жолында ,– деп әсем әнге кезек берейік.
Жүргізуші:Әуелгі байлық – денсаулық,
Екінші байлық – он саулық.
Үшінші байлық – ақ жаулық –деген ұлағатты сөз бар. Бар
байлықтан көш ілгері тұратын – денсаулықты нығайта түсу үшін Бапаева
Құралайдың ұйымдастыруымен өткен сауықтыру шаралары, көңілді эстафеталар
өтті. Сол сайыстарды қорытындылап,жеңімпаздарды марапаттау үшін Құралай
апайға сөз берейік.
Жүргізуші:Мың бұралған бишіміз аңдап басып,
Келеді,міне,ортаға толқып тасып.
Өнерліні сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алады, – деп Төлегенова
Айғанымның биін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші: Көтеріңкі көңілді,
Бар балаға сыйлаған.
Тәрбиеші, қабыл ал,
Марапатты сізге арнаған. Сауықтыру алаңындағы әр
баланың уақытын қызықты өткізуге бар күш-жігерін аямай еңбек еткен
тәрбиешілерді марапаттау үшін Бастаубаева Дәмеш Маметолдақызын шақырамыз.
(лагерь бастығы номинация бойынша марапаттайды)
Ең талапты бүлдіршіндер тобы - Жас ұлан тобы
Ең ұйымшыл балдырғандар тобы - Алтын қазық тобы
Ең белсенді қырандар тобы - Ақ бота тобы
Жүргізуші: Келесі орындалар ән сіздерге арналады, құрметті тәрбиешілер,
аспазшылар, қабыл алыңыздар.
Жүргізуші: Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер, атамекен,
Биік тау, орман-тоғай, елімізді.
Біздің Отанымызда бейбітшілік, елімізде тыныштық болып, егемендігіміз
ұзағынан болсын. Қазақстанның болашағы - сендерсіңдер!
Жүргізуші: Желбіреген байрағың бүгін күнде,
Биіктерің,мәртебең,елдігің де.
Таныта бер Қазақ атын бар әлемге,
Керегеңнің кеңдігін, теңдігін де. Аталар салған сара
жолды жалғастырар бүгінгі жас өрендер ертеңгі күні ел сенімін ақтар азамат
болыңдар деген тілекпен салтанатты жиынымызды аяқтаймыз.
Лагерь бастығы жабық деп жариялайды.
Сауықтыру лагерінің ашылу салтанаты
Ұйымдастыру
Сапқа тұрғызу
Әр топтың рапорты
Лагерь туын енгізу
Лагерь Әнұраны орындалады
Құттықтау сөз
1.Мектеп директоры Жиенгельдинов Айтбек Ережепұлы
2. Лагерь бастығы Шакенова Гүлназ Сапиолдақызы
1-бөлім
Жүргізуші: Құрметті,балдырған балалар!Міне,жадыраған жасыл желек жаз
келіп, көңіліміз көтеріліп,кеудеміз қуанышқа толып шаттанып жатырмыз. Бүгін
Жас өркен сауықтыру лагері өз жұмысын бастады.Сауықтыру алаңының негізгі
мақсаты:салауатты өмір салтын насихаттау, денсаулықты сақтау, нығайту.
Сондықтан,балалар,сендер осы сауықтыру алаңында алаңсыз демалып, күліп-
ойнаңдар. Биыл лагерьде төрт топ бар. Әр топтың тәрбиешілері бар. Солармен
таныстырып өтейін. (Тәрбиешілер музыка әуенімен билеп шығады)
1 -топ Балауса Копбаева Назерке, Амантаева Маржан
2- топ Балапан Қуанышева Шынар, Бапаева Құралай
3 -топ Жас ұлан Құдабаева Алмагүл, Алтыбаева Айжан
4 -топ Бала би Қыстаубаева Айнұр, Байғожина Салтанат
Жүргізуші: Спорттық ойында күш берер бойыңа,
Спорт та ем болар,жаттықсаң ем қонар.
Алаңға кір, лас баланы қуалап қол жуғыш шығады.
Бала: Не керек саған? Аулақ жүр!
Қол жуғыш: Кір қоймас ертелеп күнде сен жуынсаң,
Кетіп кір, ласың,тап-таза боп шығасың.Жуын-жуын!!!
Бала: Кет, жуынбаймын, ұйықтаймын, әбден шаршадым. (көрпесі қашады, шалбары
қашады)
Бала: Ой, балалар, бұл неге қашады? Неге айтыңдаршы? Не істеуім керек?
Балалар жауаптарын айтады.
Бала: А, солай ма? Кірқоймаспен дос болуым керек пе? (Кірқоймасты шақырады,
екеуі достасады)
Кірқоймас оны жуындырып, тазалап: Кір-кір болып жүр едің,
Аппақ болдың,балақай.
Енді екеуіміз білеміз,
Дос боламыз алақай!- деп құшақтайды.
Бала: Су пайдалы адамға,
Шынығамын күнде мен.
Балақайлар, бәрің де,
Дос болыңдар суменен!
Жүргізуші: Бектұрова Дананың орындауындағы әнді қабыл алыңдар,
балақайлар!
2 -бөлім
Түлкі мен Базилио мысық алақ-жұлақ қағып шығады.
-Байқа ешкім көріп қоймады ма? Тықсаңшы, көрсетпе.
-Ой, балалар, сәлеметсіңдер ме? Неткен әдемісіңдер!
-Біз де сендердің араларыңа тұрайықшы.
-Жүр-жүр, тез тығылайық.
Буратино шығады:Ұят болды. Енді қайттім. Сеніп тапсырып еді. Жас өркен
сауықтыру лагерін ашатын кілтті. Не істесем екен? Балалардан ұят-ай, тосып
қалды-ау.
Мальвина,ой, мынау кім жылап тұрған?
-Балалар, сендер білесіңдер ме?
Балалар хормен (Бу-ра-ти-но 3-рет)
-Буратино, саған не болды? Бізге айт, біз саған көмек береміз.
Буратино: жолда түлкі мен мысық алдап, сауықтыру лагерінің кілтін ұрлап
алды. Не істеймін?
Мальвина: жылама, Буратино. Балалар,сендер кілт ұстаған түлкі мен мысықты
көрдіңдер ме? Кәне,көрсетіңдер?
Екеуі қуалап ұстай алмайды. Түлкі мен мысық өздері әкеліп береді.
Осы кезде бір бала түлкіден кілт жұлып алып, Буратиноға әкеп береді.
-Ой рахмет,балалар. Ал енді ашамыз ба? (1,2,3)
-Ішіне кірейік пе?
-Иәәә!
3 - бөлім
1-жүргізуші: Жарқын жаздай баламыз,
Күлеміз күндей жайдары.
Лагерь, біз саған барамыз,
Құшағыңды жай, қане.
2-жүргізуші:Жас өркен сауықтыру лагерінің ашылу салтанатына арналған
мерекелік концертімізге хош келдіңіздер!
Қанаттарың талмасын,
Қатарынан қалмасын.
Ұшыра бер биікке,
Жас өркен,сен алдасың!
Таңжарықтың орындауындағы әсем әнге құлақ түрелік.
1-жүргізуші:Балақай-ау,жаз келді,
Шақырады тойға елді.
Бізбенен қол ұстасып,
Кел, бірге жүр, билейік.
Надираның әсем биін қабыл алыңыздар.
2-жүргізуші:Бейбітшілік өмірдің
Туы қолда толқыған.
Жадыраған көңілдің
Күйі керней ағылған.
Балғынның орындауында Ақ көгершін әні
1-жүргізуші:Сау болсын десең, он екі мүшең,
Ерте тұр,
Құлақ түр,
Тыңда сыр,
Күн нұрын күт.
Таза ауа жұт,
Бойыңа құт.
2-жүргізуші:Аспанымдай мөлдірмін,
Жайлауымдай жазықпын.
Өзенімдей өршілмін,
Гүлдерімдей нәзікпін.
Салтанаттың орындауындағы Бөбегім әні. Қабыл алыңыздар!
2-жүргізуші:Денсаулығың бірінші,
Сол жадыңда жүрсінші.
Екіншісі еркіндік,
Құсымыз самғап желпіндік.
Фантазия күні
Жүргізуші: Мына әсем табиғаттың құшағы,
Қызықтыра мені өзіне баурады.
Тауы асқар,мөлдір оның бұлағы,
Жап-жасыл құраққа толы жағасы.
Халқы бар ынтымақты ұран еткен,
Тәрбиелі, үлгілі ауыл неткен.
Шағын орда, отбасы деп аталады
Сыйластық жақсылықтың дәнін еккен.
Жүргізуші: Армысыздар, ән десе,би десе ішкен асын жерге қоятын өнер сүйер
қауым және қадірлі көрермендер! Бүгінгі Фантазия күні атты сайысымызға
қош келдіңіздер!
Жүргізуші:Армысыңдар ақ арман үміттері,
Қашан көрсең жүретін күліп тегі.
Армысың мереке күн кешіндегі,
Лагердің мақтанар өрендері.
Жүргізуші:Сайыстың жастарына көз тимесін,
Бұл жұптарға ешқашан сөз тимесін,
Атамекен әуелетіп ән шырқаса,
Жас қыран дөңгелетіп би билесін.
Ұлытау да сіздерден қалыспайды,
Білімменен таңдандырып әр қайсысы
Өнерін көрсетуден жалықпайды, – дегендей барлық
сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз.
Жүргізуші: Құрметті сайысқа қатысушылар, сайысымызды бастамас бұрын
сайыстың әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейін.
Әділқазылар алқасы таныстырылады.
Бүгінгі сайыстың шарттарымен таныс болыңыздар:
Таныстыру
Құпия сайыс
Үй тапсырмасы
Шаш үлгісі
Қол өнер
Киім үлгісі.
Жүргізуші: Өнер қуып сайыскерлер өтер дейміз,
Сайыскерлер өнері жетер дейміз.
Сайысқа келген жұптарымыз кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтсе дейміз, – дей келе
сайысымыздың 1- бөлімі таныстыруды бастайық.
Жүргізуші:Сайысымыздың 2-бөлімі Құпия сайыс деп аталады.
Жүргізуші:Шарықтатып,шырқатып,тамса ндырған талайды,
Әуелеген әсем ән көк аспанға тарайды.
Өнерпаз ұрпақ мерейі биіктерге жетелеп,
Қазағымның көгіне бақ боп мәңгі тарайды,- дегендей сайысымыздың
келесі бөлімі Үй тапсырмасына кезек берейік.
Жүргізуші:Келесі бөлім Шаш үлгісіне де кезек келіп жетті.
Жүргізуші:Тындап өскен жасынан дала сырын,
Ізгі жолын жалғаған бабасының.
Өнерді өмірім деп мұрат тұтқан,
Қазақтың шебер қолды баласымын.
Сайысымыздың келесі бөлімі Қол өнер сайысына кезек берейік.
Жүргізуші:Ағаш көркі жапырық,
Адам көркі шүберек,-деп дана халқымыз бекер айтпаса
керек. Олай болса, сайысымыздың соңғы бөлімі Киім үлгісін көрсетуді
назарларыңызға ұсынамыз.
Жүргізуші:Қош демейміз әлі талай сайыстар бар,
Өнерлері өрлей берсін,қайыспаңдар.
Ойлы орта кеңейсін күннен -күнге,
Өскен елдің жұртынан ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz