ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ БАЛА ТӘРБИЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ - ҚЫЗ БАЛА ТӘРБИЕСІ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ЖҰМЫС ТАҚЫРЫБЫ:
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ БАЛА ТӘРБИЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ-ҚЫЗ БАЛА ТӘРБИЕСІ

АВТОРЫ:
ЖЕТЕКШІСІ:

2018-2019 ОҚУ ЖЫЛЫ

Аннотация

Оқушы зерттеу жұмыстарында қазақ халқының баланы тәрбиелеудегі, оның ішінде қыз бала тәрбиесі туралы жалпы мағлұмат береді. Тәрбие - тал бесіктен демекші қазақ халқы қыз баланың тәрбиесіне өте жауапкершілікпен қараған. Әрбір елдің өміріндегі шешуші кілт - қыздарға берілетін тәлім тәрбие арқылы өлшенеді. Біздің халқымызда Қыз деген сөздің өзі әдеміліктің, әдептіліктің, сұлулықтың символы ретінде қолданылады. Бұл жұмыста қыз баланың тәрбиесі толық зерттеліп, тақырып кең ауқымда қорғалуға ұсынылады.

Аннотация

Ученик в исследовательской работе дает общее представление о воспитании ребенка казахского народа, в том числе о воспитании девочек. Воспитание - это бесценный путь". Ключевой ключ в жизни каждой страны-воспитание, которое передается девушкам. В этой работе детально изучается воспитание девочки, тема предлагается быть защищена в широком диапазоне.

Annotation
The pupil in research work gives the General idea of education of the child of the Kazakh people, including education of girls. "Education is an invaluable way." The key to every country's life is education, which is passed on to girls. In this work, the education of the girl is studied in detail, the topic is proposed to be protected in a wide range.

Зерттеу жұмысының өзектілігі: казіргі таңда қыз балалардың тәрбиесіне ерте жастан бастап жауапкершілікпен қарап, жаман әдеттерден, қыздарға тән емес қылықтардан аулақ болуын насихаттау.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Қыз баланы тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз" қағидасымен қазақ қоғамында ғсырлар бойы қалыптасқан отбасылық дәстүрлер мен құндылықтарға негізделген отбасы мәртебесін нығайту, еліміздің болашағы қыздарымыздың әдептілік, әдемілік қылықтарын дамыту

Зерттеу жұмысының міндеттері:
-қыз баланың тәрбиесіне ерекше көңіл бөлу;
-қыз балаға тән қылықтар мен жақсы қасиеттерді кеңінен насихаттау;
-қыз балалардың тәрбиесін жан-жақты талдау;

Зерттеу жұмысының тәжірибелік құндылығы: зерттеудің нәтижелері қыз балалардың тәрбиесіне үлкен әсерін тигізетіндігі, қыз балаларды тәрбиелеудегі ерекшеліктер мен тиымдарға баса назар аударту

Мазмұны

І.Кіріспе
Бала тәрбиесі - отбасынан басталады
ІІ.Негізгі бөлім
2.1. Қыз тәрбиесінде әкенің алатын орны;
2. 2. Қыз тәрбиесіндегі қоғамның рөлі;
2.3. Ежелгі қыз тәрбиесінің қазіргі заманғы маңызы;
2. 4. Қыз тәрбиесіндегі салт-дәстүрдің рөлі;
2.5. Тарихтағы қазақ қыздарының бейнесі;
ІІІ.Қортынды
ІҮ.Пайдаланылған әдебиеттер

І.Кіріспе
Бала тәрбиесі - отбасынан басталады
Бала негізгі өнегені алдымен отбасында ата-анасынан алады. Әрине, әркім өзінің баласын жаман болсын,-демейді. Баланың тәрбиелі, білімді болғанын қалайды, әрі еңбек сүйгіш, жақсы адам болса, еліне, халқына пайдасын тигізетіндей бір маман иесі, үлкен дәрежелі қызмет иесі болса екен деп тілейді.
Ата-ана -- бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Сондықтан әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез-құлқындағы ерекшеліктерді жете білгені жөн. Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды. Өз баласымен ашық сөйлесе алмай, сырласа білмейтін ата -аналар Екеуміз де жұмыстамыз, кешкісін үй шаруасынан қол тимейді, баламен сөйлесуге уақыт жоқ дегенді айтады. Бұл дұрыс емес. Баламен сөйлесуге тіпті арнайы уақыт бөлудің қажеті жоқ. Әке мен шеше ұл-қыздармен үй шаруасында жұріп-ақ әңгімелесіп, ой бөлісуге неге болмасқа. Жанұядағы жанжал, үлкендердің аузына келген сөздерді айтуы, баланың көзінше басқа біреуді сөгуі, біреудің сыртынан өсек айтуы балаға теріс әсер етеді. Бала алдында әке-шеше үй ішінің үлкендердің әдептілік танытқаны жөн.
Жақсы тілекпен ниеттің орындалуына мүмкіндік жасайтын да ата-ананың өзі. Бала тәрбиесі бесіктен басталады демей ме? Балаға дүниеге келісімен көп көңіл аударып, Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі дегендей оның өнегелі қасиеттерін отбасында қалыптастырған жөн.
Баланың дүниеге келгеннен кейінгі алғашқы жеті жылы оны тәрбиелеу мен оқытудағы ең басты кезең болғандықтан оны ескерусіз өткізіп алуға болмайды. Баланың болашағы сол кезеңде алған тәрбиесіне өте байланысты. Олай болса, адамзаттың рухани және материалдық жағдайы осы кезеңде алған тәрбие негіздеріне тәуелді.
Баланың өміріндегі алғашқы қабылдаған қуанышты сәттер оның болашақтағы өміріне жағымды бағыт бере отырып, өмір бойы есінде қалады. Баламызды балабақшаға жіберіп, бақша тәрбие береді, білім береді деп бар ауыртпалықты тәрбиешіге салып қойғанымыз жеткіліксіз. Баланы балабақшаға берген соң ата-ана тәрбиешімен тығыз қарым-қатынаста болып, оның дұрыс тәрбие мен білім алуына бірлесе әрекет етуі тиіс. Еліміздің өркендеуі, дамуы, болашағы қазіргі жас ұрпағымыздың тәрбиелі, жан-жақты білімді болуына көп байланысты. Кейбір ата-аналар жұмыстан шаршап келгенін сылтауратып, баласының тәрбиесіне 30 минут та көңіл аударуға уақыт бөле алмайды, немесе тәрбие ісімен айналысуға ерінеді. Осындай үлкен қателік туады. Баланың күнделікті өмірінде бір де бір әрекетін ата-ана ескерусіз қалдырмағаны жөн. Жақсы нәрсесін мақтап, білмегенін айтып түсіндіріп, үйретіп отыру көп жетістікке қол жеткізеді. Әрбір ата-ана осыны білуі тиіс.
Қазақ халқы ежелден ұл бала мен қыз баланың тәрбиесін бөліп қараған. Ұлды мал бағуға, отын шабуға, қолөнер шеберлігіне, мал табуға, отбасын асырауға, ал қыз баланы ас пісіруге, кесте тігуге, өрмек тоқу сияқты үй ішінің ішкі жұмыстарына үйрету арқылы экономикалық тәрбиенің көзі болып табылатын үнемшілдікке, тәуекелшілдікке үндеп, сараңдыққа салынып кетуден жирендіріп отырған.
ІІ.Негізгі бөлім
2.1. Қыз тәрбиесінде әкенің алатын орны;
Бала бойындағы жақсылы-жаманды қасиеттерін байқаса, қазақ оны ең бірінші әке мен ата тәрбиесінен көреді, тегіне тартқан дейді. "Әкесі сондай адам еді, атасы жақсы адам, көргенді бала" деп ер адам тәрбиесін ауызға алады. Өйткені әкесінің баласына қалдырған ең үлкен мұрасы - оның жақсы тәрбиесі. Ал әке мектебінен өткен бала сол мұраға қиянат жасамауға тырысқан.
Абайтанушы Омар Жәлел дәстүрлі тәрбиеде бала анасынан мейірімділік пен даналықты сіңірсе, әкесінен өжеттік, батылдық сияқты қасиеттерді бойына сіңіріп өскен дейді. "Әке - асқар тау, ана - баурайындағы бұлақ, бала - жағасындағы құрақ" деген бір ауыз сөзге бүкіл тәрбиенің бастауын қазақ атамыз сыйғыза білген. Асқар таудай әкесін пана тұтқан бала қорқақ болмайды. Ал ана атты бұлақтың мейіріміне қанып өскен ұрпақ өзгеге де мейіріммен қарайды.
Кез- келген адам үшін, әкесі -асқар таудай. Сол сияқты біз үшін әкеміздің орны айрықша. Себебі, анамызбен бірге, біздің тәрбиеміздің, санамыздың, өміріміздің маңызды бөлшектері.
Қазақта әкеге қарап ұл өсер, анаға қарап қыз өсер деген сөз бар. Сол себепті, қыз бала анасына, ұл бала әкесіне жақын болып өседі дейді. Бірақ, қыз бала үшін әкенің орыны тым биік , әрі маңызды. Ал жалпы отбасы тәрбиесіндегі әкенің рөлі қандай?
Адам өте білімді, сауатты болғанымен, ол ақылды, дана емес. Біріншіден, оның отбасында алған, екіншіден, қоршаған ортасынан алған тәрбиесіне қарай ажыратуға болады. Отбасындағы тәрбие, әрине, әке мен ана жауапкершілігінде.
Әкеміз, үнемі біздің еш қиындықсыз, ешнәрседен тарылмай бақытты өмір сүруіміз үшін талмай еңбектенеді. Шаршаса да балаларын ойлағанда барлық қиындықтарды ұмытып кетері сөзсіз. Үнемі еңбектену үстінде жүрсе де, балаларының тәрбиесі жөнінде еш ұмытқан емес. Бір айтқан ақылы, үнемі санаңда жүреді. Ұл бала тәрбиесінде қаншалықты орын алатындығы, айтпаса да түсінікті. Ал қыз бала тәрбиесінде ананың айтқан ақылымен бірге, әкенің берген тәлімінің маңызы зор. Әкеміз, үнемі қыз баласын еркелетіп, алақанына салып өсіреді. Ешқашан зекіп сөйлемей, ақылмен немесе еркелете отырып барлығын түсіндіреді. Ешкімнің ала жібін аттамай, тек шыншыл болуға тәрбиелейді. Қыз баланы ержүректілікке, өжеттілік, сабырлылыққа үйретеді. Әкеміз, қыздарының ибалы, өнегелі, салмақты болып өскенін қалайды. Қыз баланың ибалылығы -әке тәрбиесінің айнасы.
Кез-келген отбасында ата-анасы қыздарына әрдайым, тәрбиелі, салмақты, ақылды бол деп үнемі санасына сіңдіріп отырады. Ана мен әкенің сөзін тыңдай білген бала да, тәрбиелі болып өседі.
Еліміздің болашағы, келешек ұрпақтың тәрбиесіне байланысты. Қыз баланы тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз деген сөздің астарына мән берер болсақ, қазақи салт-дәстүрімізді ұмыт қалдырмауда қыз баланың алған тәрбиесі маңызды.
Халқымыз қыз баланы қонақ деп есептеген. Әкеміз аялы алақанында еркелетіп өсірсе де, үнемі қадағалап отырады. Сондықтан, әкеміз бен анамыз қыздарының қылықты, парасатты болып өскенін қалайды. Отбасында әкенің мінезі, сөйлеген сөздері, өмірлік ұстанымы, ақыл-парасаты баланың көз алдындағы үлгі-өнеге.
Қыз бала әрдайым әке сүйіспеншілігін іздеп тұрады. Әкеміз бізді қанша еркелетсе де, жеткіліксіз сияқты көрінеді. Міне, сол себепті де әкеміз- біздің ең мықты қорғанымыз. Әкесінің жанында, кез-келген қыз баласы, өздерін xаншайымдай сезінеді. Сол арқылы қыз бала тән нәзіктік,сыпайылықты бойына сіңіреді. Терең ойлы ақылын айтып, кішкентай ғана жеңісімізге немесе жетістігімізге мақтау айтатын да әкеміз. Бұл қыз баланың өзін-өзі бағалай біліп, алдыға қарай талпынып, дұрыс жол таңдай білуіне себепкер болады.
Бұл тұста Қызға қырық үйден тыйым деген сөзде бар. Қыз бала үшін әрбір маңызды ережені есінен шығармауда, ананың ақылы мен әкенің мысы басым болуы керек. Яғни, анамыз ақылмен санамызға жеткізсе, әкеміздің қас-қабағынан-ақ ісіміздің дұрыс , не бұрыстығын аңғара білуіміз қажет.
Әке қызын өсіргенде оған сүйіспеншілік көрсетіп, өзіне жақын ұстай алса, болашақта өз-өзіне сенімі мол, аяғын нық басатын қыз болып қалыптасады.
Қызымен бірлесіп ойындар ойнау, логикалық есептер шешу, сабағын бірлесіп оқу - қыздың дамуындағы маңызды сәттер.
Мейірімділік таныту, көмек сұраған сәттерінде қол ұшын беріп, ақылын айту - әкенің міндеті.
Ұл балаларға қарағанда, қыздардың ерке әрі үнемі назарда болғысы келеді.Сондықтан әкелеріміз қыздарына әрдайым назар аударып, көңіл бөліп жүруі тиіс. Әкеміздің бізге айтқан әрбір жылы сөзі,әлемнің бар асылынан да қымбат. Әкенің қызына деген әкелік маxаббатының арқасында, тәрбиелі қызды ойында әкемді жерге қаратпаймын деген деген мағыналы сөз тұрады. Бұны қай жағынан алып, сараласақ та болады.
Сол себепті олардың бар тілеуі балаға бағышталады. Өмірде адам үшін ең маңыздысы пенделік дүниелер емес, оның қандай адам болып қалыптасқанында. Абай атамыздың он тоғызыншы қара сөзінде Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір естілік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп, білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам десе болады,- делінген. Яғни, шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап, сәбидің қарым-қатынас орнататын адамдары әкесі мен анасы. Олар- сәби кезден адам болып қалыптасуымызда, ең маңызды орында.
Иә, қыз баланы тәрбилеу, өсіру, бойжеткізу ең маңызды мәселе. Қыз баланы өсіру, гүлді өсіруге ұқсайды. Гүл нәзік болғандықтан, суды да жайлап құйып, ауа жеткізіп, жапырақтарын сүртіп отыру қажет. Тиянақты күтім көрмесе, гүл солып қалады. Қараңғылықта емес, күн көзінде жайқалып, гүл ататыны секілді қыз бала тәрбиесі де нәзік келеді.
Қазақта ер баланы ұрпақ жалғастырушы санағанмен қыз баланы да кем көрмеген. Кей отбасында ұлды жазалау жағдайлары жиі кездессе, қыз баланы жазалау аз кездесетін құбылыс. Отбасының ұйытқысы, берекесі, әрине, анамыз. Қыз баланың анасының әрбір іс-әрекетін міндетті түрде, бірде болмаса, бірде қайталайтыны сөзсіз. Сонымен бірге қыз бала тәрбиесінде ерекше орын алатын жағдайлар, анамыздың әкемізге көрсеткен қарым-қатынасы. Сонымен бірге отбасындағы әке мен ананың бір- біріне сыйластығы, айтқан сөздері және маxаббатының беріктігінен де, балалары тәлім ала өседі.

2. 2. Қыз тәрбиесіндегі қоғамның рөлі
Шығыс халықтарының арасында, жалпы мұсылман елдерінде әйел затын бөлекше бағалайтын, қарындасты қатты қастерлейтін халықтың бірі де, бірегейі де - біздің қазақ, - деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, қыз баланы кішкентайынан төрге шығарып, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай өсіретін қазақ халқы қыз тәрбиесіне көп көңіл бөлген.
Ғасырлар бойы бұл дәстүр үзіліссіз жалғасып, мүлтіксіз орындалып келеді. Қыз бала тәрбиесі - ұрпақ тәрбиесі, қоғам тәрбиесі екенін әр ата-ананың жіті түсіне білгені жөн. Қаракөздеріміздің иманды, ақылды, парасатты, әдепті, көргенді, ізетті, сыпайы, мейірімді әрі қарапайым болып өсуі - барша қазақ жұртына жүктелген міндет. Қыз бала - жайқалып өскен раушан гүліндей нәзік әрі ғажап. Ұқыптап күтілген, тіршілік көзі сумен үнемі сусындаған, күн жарығына масайған гүл ғана жайқалып өсетіні секілді қыз да сәби күнінен тәлім-тәрбиені, ақыл-кеңесті бойына сіңірсе, ер жете келе білім шыңын бағындырса, ол да жайқалған гүлдей ең сұлу, ең әсем, ең көркем болатыны сөзсіз.
Қыз деген - әсемдік пен әдеміліктің символы, қарапайымдылық пен адамгершіліктің бейнесі. Ақылына көркі сай қыздарымыз ертеңгі күні тек бір отбасының ғана емес, бүтін бір қоғамның, елдің ұйтқысы болмақ. Сондықтан, қыз бала тәрбиесіне дел-сал қарамай, оны бірінші орынға қойып, қоғамның дұрыс жолда дамуына қол ұшымызды созайық. Қызды қымтап ұстаған ұялмайды,- деген сөз осыған дәлел бола алады. Кіршіксіз арымен, әсем мінезімен, көз тартар бұрымымен ерекшеленетін қыздарымыздың бойына адамгершілік, адалдық, ұят, инабаттылық, сыпайылық секілді асыл қасиеттер дарыса, қазақ қоғамы биік-биік шыңдарды бағындыра бермек.
Біз қыз бала бойынан нәзіктік пен сұлулықты, ұяңдық пен инабаттылықты, сыпайылықты, әдемілік пен ұялшақтықты, өнерлілік пен іскерлікті, шеберлік пен ақ ниеттілікті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
IX-XII ғасырлардағы қазақ отбасы тәрбиесінің қалыптасуы мен дамуы
ҰЛЫ АҒАРТУШЫ ҒАЛЫМДАР ҚЫЗ БАЛА ТӘРБИЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА БАЙЛАНЫСТЫ МОРАЛЬДЫҚ – ЭТИКАЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ
Бала тәрбиесіндегі салт - дәстүрлердің маңызы
Ұрпақ тәрбиесі - қоғамның болашақ мұрагерлерін тәрбиелеу ісі
Педагогика мен этнопедагогиканың арақатынасы
Болашақ мұғалімдердің қыз баласын тәрбиелеуде даярлау мәселесі
Балабақша тәрбиесі
Қыз бала тәрбиесі қазақ халқында
Халықтық педагогикадағы жастарды тәрбиелеуінің негізгі мәселелері
Қазақ халқының еңбек тәрбиесі дәстүрлерін үздіксіз білім беру жүйесінде пайдалану тұжырымдамасы
Пәндер