Қапшағай қаласының экологиялық жағдайы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы:"Қапшағай қаласының экологиялық
жағдайы"

Жұмысты орындаған:
Жетекшісі:

2019-2020 оқу жылы
Аңдатпа
Қалада туристер ең жиі баратын жер – 1994 жылы арнайы итальяндық жоба
бойынша салынған қалалық аквапарк. Бұл кешенде балаларға, сондай-ақ үлкен
кісілерге арналған арнайы су атракциондары бар. Жасанды су қоймасының
жағалауында 150-ден астам демалыс базалары орналасқан.Соңғы жылдары
Қапшағай су қоймасының демалыс базаларына әр түрлі іс-шаралар, би кештері,
спорттық жарыстар, түрлі акциялар  кеңінен өткізілуде.  Жыл сайын Қапшағай
төңірегіндегі қызмет көрсету саласы да кеңею үстінде. Бұл жерде мотоцикл,
квадроцикл, су мотоциклы секілді экстремалды спорт түрлерімен
айналысатындар үшін де, қайықпен суда серуендеуді ұнататындар үшін
мүмкіндік қарастырылған. Бұған қоса тарихи орындар да Қапшағайдан алыс
емес. Іле өзенінің оң жақ жағалауында, Қапшағайдан бес шақырымдай жерде
жартастарға салынған 2 мың жылдық тарихы бар суреттер мен таңбалар бар.
Сондай-ақ, әйгілі Көшпенділер фильмінің декорациясы үшін тұрғызылған
Түркістан кешені де осы маңайда орналасқан. Осындай жетістікке жеткен
Қапшағайдың экологиялық мәселесі казіргі таңда бізді алаңдатып отыр.
Қапшағайымызды қорғайық!

Аннотация
Самыми посещаемыми городскими туристами являются городской аквапарк,
построенный в 1994 году по специальному итальянскому проекту. В этом
комплексе есть специальная водная экипировка для детей и взрослых. На
берегу искусственных водоемов расположено более 150 баз отдыха. В последние
годы базы отдыха Капчагайского водохранилища широко используются на
различных мероприятиях, дискотеках, спортивных соревнованиях и различных
мероприятиях. С каждым годом сфера услуг вокруг Капшагая расширяется. Он
также предназначен для тех, кто занимается экстремальными видами спорта,
такими как мотоциклы, квадроциклы, водные велосипеды, и тех, кто любит
кататься на лодках. Кроме того, исторические места находятся недалеко от
Капчагая. На правом берегу реки Или, в пяти километрах от Капчагая, есть
изображения и символы с 2000-летней историей, восходящей к скалам.
Туркестанский комплекс, построенный для знаменитых пейзажей "Кочевников",
также находится неподалеку. Сегодня нас беспокоит экологическая проблема
Капчагая. Давайте защищать Капчагая!

Аnnotation
The most visited city tourists are the city water park, built in 1994
according to a special Italian project. This complex has special water
equipment for children and adults. On the shore of artificial reservoirs
there are more than 150 recreation centers. In recent years, recreation
centers of the Kapchagai reservoir are widely used at various events,
discos, sports competitions and various events. Every year, the service
sector around Kapshagai expands. It is also designed for those involved in
extreme sports, such as motorcycles, ATVs, pedal boats, and those who like
to ride boats. In addition, historical sites are located near Kapchagay. On
the right bank of the Ili River, five kilometers from Kapchagay, there are
images and symbols with a 2000-year history dating back to the cliffs. The
Turkestan complex, built for the famous Nomad landscapes, is also nearby.
Today we are concerned about the environmental problem of Kapchagai. Let's
protect Kapchagaya!

Зерттеу мақсаты: 
Қапшағай қаласының аймағындағы қазіргі уақытта қорғауға алынған өсімдіктер
мен жануарлар әлемі, физикалық ерекшеліктері туралы сипаттама беру.

Зерттеу нысаны:
Қапшағай қаласының табиғаты

Жұмыстың ғылыми жаңалығы:
Ғылыми жұмысқа қойылған мақсат міндеттердің орындалуына орай анықталды:
Қапшағай қаласының табиғатының ерекшеліктерін сипаттау және
экологиясындағы өзгерістер анықталып, экологиялық бағыттар ұсынылды.

Жұмыстың зерттеу әдістері: 
Зерттеудің негізгі әдіс-тәсілдері-мәліметтер жинақтау,баяндау, тәжірибе
жүзінде талдау,ғылыми талдау.

Жұмыстың құрылымы: 
Ғылыми жоба кіріспеден, негізгі тараудан және қорытындыдан тұрады.
Пайдаланылған әдебиеттер,сілтемелер мен қосымшалар соңынан берілді.

Жұмыстың теориялық және практикалық сипаты:
Бұл жұмысты география,биология сабағында оқушылардың реферат,баяндама
жұмыстарына қолдануға және саяхат сабақтарын ұйымдастырғанда қолдануға
болады.

Тақырыптың өзектілігі:
Туған жерге деген сүйіспеншілік оның тау-тасын,өзен-көлін,тарихы мен
байлығын, жалпы алғанда географиясын білуден басталады. Осынау 
өркениетке ұмтылып отырған кезеңде өз облысымыздың әрбір обьектілерін білу
және олардың қыр-сырына үңілу басты міндетім болып саналады.

Мазмұны:
І. Кіріспе
IІ. Негізгі бөлім
2.1 Қапшағайдың табиғаты мен экологиясы
2.2 Қапшағай туристер отаны

2.3 Қапшағай – ірі су қоймасы

2.4 Қапшағайдағы экологиялық апат

ІІІ. Қорытынды
ІҮ.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қапшағай — Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Алматы қаласынан 53км
қашықтықта орналасқан қала. Қазақстандағы құмар ойындар ойнатуға рұқсат
етілген екі қаланың бірі. Қапшағай қаласы 1970 жылдары құрылған. Қапшағай
3600 шаршы м құрайды. Қапшағай қаласында қазіргі таңда 2 округ және 11 елді
мекен бар. Қапшағай бөгетінің солтүстік батысында 20 шақырым жерде Іле
өзенінің оң жағасында Тамғалы Тас орналасқан. Қапшағай өңірінде 61,6 мыңнан
астам адам тұрады. Қала Қапшағай бөгені жағасында бой көтерген. Қапшағай
халықтың ең көп демалатын жерлерінің бірі болып саналады.Қапшағай 
қаласының  тұрақты  тұрғындарының  саны  50898  адам.  1998  жылы  қаланың 
әкімшілік-территорылық  бағынуына  Шеңгелді  округі  берілді,  сонымен 
қатар  қала  құрамына  8  елді  мекен  кіреді,  олардың  барлығы  ауылдық 
елді  мекендер.  Қазіргі  таңда  Қапшағай қаласы мен  Заречный, Арна  және 
Шеңгелді  поселкелерінің  жалпы  халық  саны  78257  адамды  құрайды.  Бұл 
ауылдардың  барлығын  Қапшағай  қаласында  орналасқан  ҚТТ  Қазақтелеком
АҚ  қамтамасыз  етеді.Жұмыс  істеп  тұрған  шаруашылық  субъекттер  саны –
900-ден  артық,  олардың  486-сы  заңды  тұлғалар да,  418-і  жеке 
тұлғалар.  Экономика  салалары  бойынша  олардың:  75 кәсіпорын — өндіріс 
саласына,  42 – құрылыста, 32 – ауылшаруашылық  және  балық  аулау,  31 –
транспорттық,  83 – сауда  және  10  кәсіпорын  қызмет  көрсету  саласына 
бөлінген.Қала  территориясында  Трансстроймост,  АҚ  Қапшағай  ГЭС-і
 сияқты  біріккен  өндірістік  кәсіпорындар  жұмыс  істейді.  АҚ 
Ерминстрой,  АҚ  Капшагайтяжстрой,  АҚ  Қапшағай  автобекеті,    АҚ
 Қапшағаймұнайөнімдері,  АҚ  Қапшағай  фарфоры,  Қапшағай  қалалық 
телекоммуникация  басқармасы  АҚ  Қазақтелеком  сияқты  кәсіпорындар  өз
  қызметін   қайта  нығайтып,  өндірістік  қуатын  күшейтуде.Соңғы 
жылдары  қалада  шағын  бизнес  саласы  табысты  даму  үстінде.  Олардың 
қатарына  ЖШС  Аям,  Қазақ  ұн,  Дружба-пласт,  Қапшағай  нан,
  Қапшағай  қап,  Құрама  жем   сияқты   және  басқа  да  жұмыс  істеп 
тұрған  және  халық  тұтыну  тауарларының  20-дан  астам  түрін  шығаратын 
жауапкершілігі  шектеулі  серіктестіктерді  жатқызуға  болады.Қазіргі 
таңда  қаланың  экономикасына  тікелей  инвестицияны  көздеу  туралы 
бағдарлама  шығарылды.  Жақын  жылдарда  3,5 млрд. теңге  шетелдік 
инвестицияларын  алу  жобаланып  отыр.Қаланың  байланыс  желісінің  жалпы 
сыйымдылығы  7500 нөмір.  Желідегі  нумерация  бесмәнді.  Қапшағай  қаласы
 аймақ  орталығы  болғандықтан,  желі  сыйымдылығының  толық  қолданылуы 
қамтамасыз  етіледі. Қаланың  инфрақұрылымының  өсуіне  байланысты  басқа 
региондардан  халықтың  көптеп  келуі  ІР-телефония  сияқты  жаңа 
қызметтерді  қолданудың  қажеттілігі  артты.Қапшағай  қаласындағы 
қолданыстағы  талшықты-оптикалық  сақинаның  сұлбасы  А  қосымшасында 
көрсетілген.

Операторлар  периферияда  қызмет  істейтін  және  тікелей  құрылыс  немесе 
басқа  өндіріс  саласымен  айналысатын  өздерінің  бөлімшелерін  сапалы 
байланыспен  қамтамасыз  етуді  қажет  ететін  корпоративті  клиенттерге 
өз  қызметтерін  ұсынады.  1.1-кестеде  қаладағы  АТС-ның  сипаттамалары 
көрсетілген.Қалалық  байланыс  желісінің  тораптық  бөлігінде  негізінен
 ТПП  және  ТГ  типті  талшық  диаметрі  0,5; 0,32 мм болатын,  ИКМ-30,
ИКМ-120  типті  сандық  тарату  жүйелерімен  тығыздалатын  мыс 
кабельдері  қолданылған.  Кабельдік  линиялар,  сондай-ақ  КАМА,  КРР 
түріндегі  аналогты  тарату  жүйелерімен  тығыздалады. 

ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Қапшағайдың табиғаты мен экологиясы
Қапшағай суқоймасы – Қазақстанның осындай типтегі ірі көлдерінің бірі,
ұзындығы 100 км-ге, ені – 25 км-ге созылып жатыр. Қазіргі таңда бұл Алматы
облысы бойынша жазғы уақытта  жағалаудағы демалыс ретіндегі ең көп
қабылдайтын аймақ болып табылады. Жағалаулық коттедждер мен көптеген
демалыс үйлері  орналасқан солтүстік жағалауы өте танымал болып келеді. 
Көптеген демалыс үйлері осындағы кешендердің бір бөлігі болып келеді.  Бұл
демалыс аймағына келу үшін алдымен Алматыдан 70 км қашықтықта орналасқан
Қапшағай қаласына жетіп, суқоймадан өтіп және Талдықорған трассасымен тағы
30 км жүріп, көпірден оңға бұрылу керек. Барлық демалыс аймақтарында
демалушыларға моторлы қайық, катер, су шаңғыларын және яхта ұсынады.  Мұнда
сіз көптеген кафелерге, дүкендерге, дискотека мен барлар қызметін қолдана
аласыз.  Жазғы уақытта мұнда өте ыстық, кейде ауа температурасы 40°-қа
дейін жетеді. Сондықтан өзімен бірге панама және қүннен қорғайтын
көзілдірік алып, күн сәулесінің тура түсуінен сақтану керек.  Су
температурасы мамыр мен маусым айларында +18°С +20°С, шілде және  тамызда
+22°С +28°С-қа дейін жетсе, қыркүйек  айында  +18°С  +20°С болады. 
Қапшағай бөгені — Іле бойында, Алматы облысы Қапшағай қалалық әкімдігі
аумағы және Талғар, Еңбекшіқазақ аудандары жерін қамтиды. Қапшағай су
электр станциясына байланысты салынған. Қапшағай бөгенінің суға толтырылуы
1970 ж. басталды. Ауданы 1847 км², ұзындығы 187 км, енді жері 23 км, орташа
тереңдігі 15 м, ең терең жері 46 м. Шарасының жоспарлы сыйымдылығы 28 км3.
Су жиналатын алабы 113 мың км², жағасының ұзындығы 430 км. Бөгеннің
солтүстік жағасы құмды-малтатасты, едәуір бөлігі биік және тік жарлы,
оңтүстік жағасы аласа, жайпақ, құмды, саздақты келеді. Бөгенде балықтың 26
түрі (ақмарқа, мөңке, тұқы, табан балық, т.б.) кездеседі, олардың ішінде 16
түрінің кәсіптік маңызы бар. Жылына 2 мың тоннадай балық ауланады. Бөген
суымен 450 мың га-дан астам жер суғарылады. Онда күріш, бақша дақылдары
егіледі. Сонымен бірге шабындық және жайылым суландырылады, Қапшағай
қаласының кәсіпорындары пайдаланады.

Морфометрия
Теңiз деңгейiнен биіктігі 475 м
Ұзындығы 180 (110) км
Ені 22 км
Ауданы 1 847 км²
Көлемі 28 км³
Ең терең жері 45 м
Орташа тереңдігі 15,2 м
Сипаттамасы
Толтырылған жылы 1970
Су алабы
Құйылатын су ағындары Іле, Шілік, Түрген, Есік, Кіші Алматы, Қаскелең
Шығатын су ағыны Іле
Орналасуы
43°49′00″ с. е. 77°29′00″ ш. б. 43.81667° с. е.
77.48333° ш. б.   Координаттар: 43 °49′00″ с. е. 77°29′00″ ш. б. 43.81667° с. е.
77.48333° ш. б.   
Ел  Қазақстан
Аймақ Алматы облысы

2.2 Қапшағай - туристер отаны

Қалада туристер ең жиі баратын жер – 1994 жылы арнайы итальяндық жоба
бойынша салынған қалалық аквапарк. Бұл кешенде балаларға, сондай-ақ үлкен
кісілерге арналған арнайы су атракциондары бар. Жасанды су қоймасының
жағалауында 150-ден астам демалыс базалары орналасқан.Соңғы жылдары
Қапшағай су қоймасының демалыс базаларына әр түрлі іс-шаралар, би кештері,
спорттық жарыстар, түрлі акциялар  кеңінен өткізілуде. Қапшағайда тұщы
судың ірі қоймасының болуы себебінен ерекше микроклимат түзіледі, бұл осы
өңірдің флорасы мен фаунасының дамуына жағымды әсерін тигізеді. Қапшағай
қаласының туристік әлеуеті Қапшағай су қоймасының ресурстарына негізделеді.
Іле өзенінің оң жақ жағалауындағы жартастарға салынған суреттер және
Көшпенділер фильмінің декорациялары туристердің қызығушылығын арттыруда.
Қапшағай су қоймасы Іле өзенінің орта ағысында орналасқан жасанды су
қоймасы болып табылады, оның ұзындығы 100 км, ені 25 км. Табиғи-климаттық
жағдайларына байланысты, бұл жер Алматы қаласы және облысының тұрғындары
үшін жағажай демалысына таптырмайтын орын болды. Жазда бұл жердің ауа
температурасы +40°С. Мамыр-маусым айларында су температурасы +18+20°С
жетсе, шілде-тамыз айларында +22+28°С дейін жетеді.Қапшағайдағы туристер ең
жиі баратын жер – 1994 жылы арнайы итальяндық жоба бойынша салынған қалалық
аквапарк. Бұл кешенде балаларға, сондай-ақ үлкен кісілерге арналған арнайы
су аттракциондары бар. Жасанды су қоймасының жағалауында 150-ден астам
демалыс базалары орналасқан. Бұл орындар және олардың ұсыныстары
туристердің қалауы және жағдайы бойынша алуан түрлі болып келеді.
Кейінгі жылдары Қапшағай су қоймасының демалыс базаларына әр түрлі іс-
шаралар, би кештері, спорттық жарыстар, түрлі акциялар өткізу кеңінен
таралып келеді. Келешекте Қапшағай қаласының аумағында жобалық атауы Жаңа
Іле болып келетін ірі туристік орталық және ойын-сауық қалашығының
құрылысы жоспарлануда.
Қапшағай қаласы 1970 жылы құрылды.
Жалпы ауданы: 3,6 мың км.
Халық саны: 46,0 мың адам
Алматы қаласынан: 70 км жерде
Талдықорған қаласынан: 209 км жерде.Қапшағайды көптеген адамдар өзен немесе
көл деп ойлайды. Ал ол тіптен бөлек екенін көпшілік біле бермейді. 
Қапшағай бөгені  Жетісудың жеті өзенінің бірі Ілемен тығыз байланысты.
 Кеңес үкіметі кезінде электр алу мақсатында 1970 жылы салынған. Яғни,
түсінікті тілменайтар болсақ, Іле өзенін бөгеп, қазіргі жер су қоймасы
болып қалған. Қарапайым тілде жасанды көл.  Қазіргі кездегі ауданы 1847
км², ұзындығы 187 км, енді жері 23 км, орташа тереңдігі 15 м, ең терең жері
46 м. Қойманың солтүстік жағасы құмды-малтатасты, едәуір бөлігі биік және
тік жарлы, оңтүстік жағасы аласа, жайпақ, құмды, саздақты келеді.Мұнда
балықтың 26 түрі (ақмарқа, мөңке, тұқы, табан балық, т.б.) кездеседі. Су
қоймасынан жылына 2 мың тоннадай балық ауланады. Қапшағайдың өзіне
барсаңыз, азық-түлік дүкендерінде тәбетіңді ашатындай болып балық өнімдері
самсап тұрады. Әдетте ол қалаға барғанда міндетті түрде қақталған балық
алып аламын.   

2.3 Қапшағай – ірі су қоймасы

Қапшағай суқоймасының кәсіптік ихтиофаунасы жерсіндірілген түрлерден
құралады. Балық қорының кәсіптік игерілуінің дұрыс жасалмауынан, суқойманың
қолайсыз гидрологиялық жағдайы кейбір бағалы балықтардың түрлері үшін
суқойманың биоценозы тұрақсыз жағдайға тап болуда. Көбіне балықтардың
бағалы түрлерінің популяциясы олармен бәсекелес кәсіптік маңызы аз
балықтарға қарағанда кәсіптік ауыртпашылықты көбірек кешуде.
Қапшағай суқоймасы Қазақстан ихтиологтарының бірден көзіне түсті, ең
алдымен Қазақ балық шаруашылығы ғылыми зерттеу институты мамандары мен Әл-
Фараби атындағы КазҰУ-нің гидробиология және ихтиология кафедрасының
оқытушыларының. Зерттеу жұмыстары көптеген бағыттар бойынша жүргізілді, ол
өз кезегінде қайта құрылған суқойманың ихтиоценозының қалыптасу процестерін
тануға үлкен үлес қосты. Суқойманың қалыптасуының алғашқы жылдарында ақ
қоректік базаны жақсарту туралы ұсыныстар мен кәсіптік балықтардың сапалық
құрамы (торта, сазан, тыран, көксерке, ақмарқа) жасалды. Жиналған
тәжірибелер арқасында көптеген балықтар популяциясының болашақтағы
жағдайына болжам берілді.
Қапшағай суқоймасының ауыр металдармен ластануына байланысты ондағы
тіршілік ететін балықтардың жағдайына әсері жаңа зерттеулерді қажет етіп
отыр. Қапшағай су қоймасы еліміздегі балық қоры мол және кәсіптік маңызы
бар көксерке, сазан, тыран, торта және т.б. балықтар ауланатын суқойма.
Қапшағай бөгені Іле өзенінің бойында Алматы облысының жерінде Қапшағай
су қоймасы электр станциясын салуға байланысты жасалған (сурет 1). Қапшағай
бөгенінің суға толтырылуы 1970 жылы басталды, суқойма үшбұрышты формадан
және білінер білінбес ағысты. Ауданы 1847 км2, ұзындығы 187 км, ені 23 км.
Орташа тереңдігі 15 м. ең терең жері 46 м. Шарасының жоспарлы сыйымдылығы
28,14 км3, су жиналатын алаңы 113 мың км, жағасының ұзындығы 430 км.
Бөгеннің солтүстік жағасы құмды, малта тасты, едәуір бөлігі биік және тік
жарлы, оңтүстік жағасы аласа, жайпақ, құмды, создақты келеді (сурет 2).
Бөгенде балықтың 25 түрі бар, ақмарқа, мөңке, тұқы, табан балықтары т.б.
кездеседі. Олардың ішінде 16 түрі кәсіптік маңызы бар. Жылына 2 мың
тоннадай балық ауланады. Бөгеннің суымен 450 мың га - дан астам ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Моноқалаларда туристік кластерді қалыптастыру механизмі
Қапшағай қаласының орталық аумағы
АГЛОМЕРАЦИЯЛАРДЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ
Алматы облысы Қапшағай қаласының бас жоспары
Қазақстандағы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі және жетілдіру жолдары
Балқаш аңызы және атауы
Оңтүстік Балқаш маңы
БАЛҚАШ ӨҢІРІНІҢ ЭКОЛОГИЯСЫ
Қапшағай
Қапшағай су қоймасы мен Алакөл көліне
Пәндер