Ұлы дала оқу пәнінің мақсат, міндеттері және қызметі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

- «Ұлы дала» ұғымын eліміздeгі бaрлық халықтар қacтeрлeйтін жeтeкші идeя рeтіндe түсіндіріп оның ғылыми нeгіздeмecін жacaп арнайы оқыту уақыт талабынан туындап отыр. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында ұлтымыздың ұлылығын ұлықтайтын ұғымдарды орынды көтерді. Елбасы белгілеген міндеттердің үдecінeн шығу үшін біздер, педагогтар не істеуіміз керек? Ол үшін білімді, caуaтты, ұлттық caлт-дәcтүрі мeн тaрихын, мәдeниeті мeн әдeбиeтін, тілі мeн дінін тeрeң ұғынғaн мамандарды дaярлaп, cолaр aрқылы бaршa Қaзaқcтaн хaлқының дaму пeрcпeктивacын қaлыптacтыруымыз қaжeт. Дәл оcы көзқaрac тұрғыcынaн қaрaғaндa eліміздің жоғары оқу орындарында білім алып жатқан жастарды заманға сай оқытып қана қоймай, олардың ұлттық caнa-ceзімін қaлыптacтыратын арнайы пән ашу мәceлecі туындaп отыр. Қоғамдық ойдың қозғаушы күшіне, ұлт идеологиясының негізіне айналуы тиіс «Ұлы даланың тарихы» пәні оқу үрдісіне осы мақсатта енгізілді, - деп атап өтті Жандар Асан.

Пән 15 тақырыптан тұрады. Тақырыптарда Ұлы дала тарихы пәні және оның рухани жаңғыру мен тарихи сананы қалыптастырудағы орны, Түркі мәдениетінің дүниетанымдық мәні және көшпенділердің әлемді түйсінуінің ерекшеліктері, Ұлы Жібек жолы Еуразия құрлығындағы мемлекеттер мен өркениеттердің мәдени сұхбаттастығы мен экономикалық байланыстарының алғышарты, қазақ халқының этногенезі мен ұлттық коды туралы тың деректер қамтылған. Сонымен қатар, Ұлы даладағы тәуелсіздік үшін күрес және ұлттық бірлік пен бірегейлік идеялары, әскери өнердің қалыптасуы мен даму эволюциясы және Ұлы даланың ұлы тұлғалары жайындағы іргелі зерттеу еңбектер де топтастырылған.

- Пәнді оқыту барысында ұлттың өзіндік ерекшелігі мен бай рухани тарихын айғақтайтын оқиғаларға жете назар аударылады. Бабадан балаға мирас болған ұлы мұраны қадірлеу, оны сақтай отырып, өз үлесіңді қосып, дамыту және кейінгі ұрпаққа аманат етіп табыстау сияқты асыл қасиеттер осы пән шеңберінде жүзеге асырылады. Бұл бастама - болашақ мамандардың білім деңгейін көтерумен қатар, мемлекеттілікті нығайту, жаңа қазақстандық патриотизм мен ұлттық құндылықтар негізінде тарихи сананы қалыптастыру сынды өміршең идеяларды жүзеге асыруға септеспек, - дейді университеттің ресми өкілі.

1. «Ұлы дала» оқу пәнінің мақсат, міндеттері және қызметі.

Ұлы дала тарихы» факультатив сағаттарында Ежелгі Қазақстан тарихы сабақтарында қамтып өту мүмкін болмайтын тұстарын оқушыларға тереңірек ұғындыра түсу үшін сабақты түрлендіріп, әр түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланып, өзімнің жинақтаған тәжірибемді сарып етіп, балалардың бойында өткен тарихтан нәр ала алатындай бала жадында отан тарихына деген сөнбес қызығушылық ояту - менің мақсатым.

«Өткеніңді білмей, болашағыңды бағамдай алмайсың» деген аталы сөзді жас жеткіншектің бойына сіңіру. Адамзат тарихының жас баланың өсу, жетілу барысы секілді өткен өз жолы болғанын салыстыра саралай алса, оқушыларымның бұл - жетістігі болары анық.

Өте ұзақ тас дәуірі, одан кейінгі қола дәуірінің жетістігі және темір дәуіріндегі тайпалық одақтар мен алғашқы мемлекеттік құрылымдар туралы әр түрлі сипаттағы сабақтар өту - балаларға қызықты және ұғынықты болар деп ойлаймын.

Оқушылардың ғылыми жүйелі және бірізді білім алуына мүмкіндік туғызып, сабақтарымда барынша оқытудың жаңа технологияларын пайдаланамын.

Сабақ өту барысында сөз саптау, сөйлеу мәдениетін көтеру және адмгершілікті, өркениетті қоғамның тұлғалы, мемлекетшіл және ұлтжанды азаматын қалыптастыру - менің асыл мұратым.

2. Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасының Ұлы дала, Мәңгілік ел ұғымдарымен сабақтастығы.

Рухани жаңғыру» бағдарламасы Елбасының 2017 жылы 12 сәуірде жарық көрген «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының негізінде жасалған. Онда ұлтымыздың жаңа тарихи даму кезеңінің негізгі мақсаттары көрсетілген, атап айтқанда: рухани және мәдени құндылықтарымызды сақтау және ұлғайту, әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына ену. Осы мақсаттарға жету жолына бағытталған жобалар бағдарламада толық көрсетілген. Алдымен мақалада ХХІ ғасырдағы ұлттық сана туралы сөз қозғайды. Тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бірнеше бағытына жеке-жеке тоқталады. «Сананы жаңғыртудың» мазмұнын негіздей отырып, Елбасы жаңғырудың алты бағытын белгілейді:1. Бәсекелестік бағыт; 2. Прагматизм; 3. Ұлттық сана бірегейлікті сақтау; 4. Білімнің салтанат құруы; 5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы; 6. Сананың ашықтығы. Аталмыш бағыттардың бәрі барынша өзектендірілген және уақыттың талаптарына нақты жауап береді. «Мәңгілік ел» болуымыз үшін бізге ауадай қажетті қасиеттер мен құндылықтардың қайнары тоғысып, ақыл-парасаты толысқан, ғаламдық ғылымды игерген адамдар көп болса, еліміз өркениетті, бәсекеге қабілетті болатыны ақиқат. Мақаланың «Таяу жылдардағы міндеттер» деп аталатын екінші бөлімінде Елбасы Н. Ә. Назарбаев: «Қоғамдық сана жаңғырудың негізгі қағидаларын қалыптастыруды ғана емес, сонымен бірге, біздің заман сынағына лайықты төтеп беруімізге қажетті нақты жобаларды жүзеге асыруымызды да талап етеді. Осыған байланысты, мен алдағы жылдарда мықтап қолға алу қажет болатын бірнеше жобаны ұсынамын. Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» - деген еді. Осы тұста қазақ әліпбиінің тамыры терең екенін, яғни ерте орта ғасыр кезеңі - VI-VII ғасырлар бастау алатынын айта кетеді. Осы міндетті 2017 жылдың аяғына дейін, ғалымдардың көмегімен, қазақ әліпбиінің жаңа графикасын қабылдауымыз қажет екендігін және 2018 жылдан бастап жаңа әліпбиді оқытатын мамандар мен орта мектептерге арналған жаңа оқулықтарды дайынау қажеттігін, сонымен қатар ұйымдастыру мен әдістемелік жұмыстар жүргізілу тиіс екендігін дайта кеткен. «Екіншіден, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын қолға аламыз» - Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев деп екінші міндетті атап көрсетті. Бұл міндеттің мәні тарих, саясаттану, әлеуметтану, философия, психология, мәдениеттану және филология ғылымдары бойынша студенттерге толыққанды білім беруге қажетті барлық жағдайды жасау, қазіргі заманды және болашақты терең түсіне алатын білімді адамдар да ауадай қажет және алдағы бірнеше жылда гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлемдегі ең жақсы 100 оқулықты әртүрлі тілдерден қазақ тіліне аударып, жастарға дүние жүзіндегі таң­даулы үлгілердің негізінде білім алу, сондай-ақ қазіргі аудармамен айналысатын құрылымдар негізінде мемлекеттік емес Ұлттық аударма бюросын құру болып табылады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы үш мәселені шешуге бағытталған. Бұл мәселелер мынадай:

1. Ақылымен, қолымен, дарынымен заманауи Қазақстанды жасап жатқан нақты адамдарды қоғамға таныту.

2. Оларға ақпараттық қолдау жасап, танымал етудің жаңа мультимедиалық алаңын қалыптастыру.

3. «100 жаңа есім» жобасының өңірлік нұсқасын жасау. Ел-жұрт ұлтымыздың алтын қорына енетін тұлғаларды білуге тиіс.

Қорытындылай келе, Елбасы өз мақаласында қазіргі жаһандану заманында ұлттық бірегейлікті сақтап қалу, өркениеттің жақсысын алып, жаманынан жирену жөнінде өте құнды пікірлер айтты. Ендігі міндет - осы айтылғандарды іске асыру жолында аянбай еңбек ету. Бәсеке болған жерде әрбір тұлға өзінің ең сапалы қызмет түрін ұсынады. Білім мен тәрбиесі ғажайып түрде үндескен, ұлттық идеологиясы темірқазығына айналған табысты ел болуымыз үшін жақсылыққа ұмтылып, жаманшылықтан арылып, саналы түрде барлық қасиеттерімізді ізгілендіріп, сананы рухани жағынан үнемі жетілдіріп, дамытып отыруға тиістіміз. Ең бастысы - бағыт-бағдарымыз анық, жолымыз жарқын.

3. Тарихи сананың қалыптасу заңдылықтары. «ҚР тарихи сана қалыптастыру тұжырымдамасы» (1995)

Өкінішке орай, қазақ халқы бірнеше ғасыр отар ел болды. Ұлттық тарихы мен санасы тұмшаланды. Алдымен Патшалық Ресей империясы және одан кейін Кеңес Одағы кезінде әдейлеп тарихы бұрмаланды. Жазылуы керек және айтылуы қажет мәселелер айтылмады. Тіпті, тыйым салды. Халықты санасыздандыру бағытында астыртын жұмыстар атқарылды. Бір ғана мысал ретінде тарихшы Е. Бекмаханов және оның зерттеулерін алып қарасақ та жеткілікті. Кеңестік кезеңде бір қазақ тарихшысы мен оның еңбегінде тұрған не бар еді? Отаршыл билік өкілдері халықтың ұлттық санасының оянуына жол бермеді. Талантты тарихшыны түрмеге жапты, тұқыртты және қудалады. Бұл сол заманда ұлтқа жасалған қиянат еді.

Халқымыз тарихта қаншама қиянат көріп, ұлт азаттық жолында қаншама қаһарман тұлғалар күресті. Халқымыздың бағына қарай тарих сахнасындағы Кеңес Одағы ыдырап, Қазақстан Республикасы 1991 жылы тәуелсіздігін жариялап, егеменді ел атанды. Тәуелсіз еліміздің тарихын жаңаша жазу, тарихи сана қалыптастыру тұжырымдамасын дайындау сияқты күрделі мәселелер күн тәртібіне қойылған болатын.

1995 жылы ҚР Президенттің тапсырысымен Президент жанындағы мемелекеттік саясат жөніндегі Ұлттық кеңестің «Қазақстанда тарихи сананы қалыптастыру тұжырымдамасы қабылданды. Мұнда тарихтың, әсіресе, қоғам дамуының өтпелі кезеңдерінің ерекше маңызы көрсетілген, тарихи білімнің негізгі басымдықтары, тарих ғылымының проблемалары, тарихи білім беру мен ағарту ісінің келешегі белгіленген болатын.

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың жарлығымен үш жыл қатарынан тарихи танымға айрықша назар аударылды. Олар: 1997 жылы - Қоғамдық келісім және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу; 1998 жыл - «Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы», 1999 жыл - «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы» еді. Ұлттық тарихқа стратегиялық тұрғыдағы өзінің көзқарасын Мемлекет басшысы 1999 жылы шыққан «Тарих толқынында» [1] кітабында баян етіп берді.

2003 жылы Қазақстан халқына Жолдауында Президент Н. Ә. Назарбаев бұрын-соңды болып көрмеген «Мәдени мұра» бағдарламасын қабылдау керектігін жариялады. Бағдарлама жүзеге асырылған 2004-2011 жылдар аралығында - Қазақстанның тарихы мен этнографиясы бойынша арнаулы зерттеу жүргізілді. Дегенмен, мұның бәрі - тарихи жады мен тарихи әділеттілікті қалпына келтіру жолындағы ауқымды жұмыстар атқарылды.

Мемлекеттің ұлттық тарихты жаңғырту мен зерделеу мақсатында қабылдаған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы ауқымы орасан зор жұмыстар тындырды. «Мәдени мұра» бағдарламасының мақсаты жазба деректерді жинау және жариялау болып табылады. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы екі кезеңді, бірінші кезеңі 2004-2006 жылдарды қамтыса, екінші кезеңі 2009-2011 жылдарды қамтыды.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясында «Біз ұлттың тарихи санасын қалыптастыру жұмысын жалғастыруымыз керек» - деген тұжырым жасаған. Міне, осыған орай, 2013 жылы Мемелекеттік хатшы М. Тәжиннің баяндамасында айтылғандай, Президенттің тапсырысымен «Тарих толқынындағы халық» бағдарламасы жүзеге асырылды. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты ретінде Қазақстанның тарих ғылымының алдыңғы қатарлы әдіснама мен әдістеме арқауында сапалы секірісті жүзеге асыруына жағдай жасауды; қазақтардың ұлттық тарихының көкжиегін нығайту, ұлттық жаңа дүниетанымын қалыптастыруды; Қазақстанның жаңа тарихының жиырма жылының мәнін пайымдауды айтуға болады. Алқалы жиыннан кейінгі күндері баспасөз беттерінде ғылымдар, оқытушылар жариялаған мақалаларындағы ортақ пікір - тарихты зерттеуде, оқытуда үлкен өзгерістер керектігін атады. М. Тәжин тарих ғылымына неліктен ерекше мән беруіміз керектігіне байланысты пікірін «Тарихқа арқа сүйемесе, болашақ бұлдыр. Планетада мән-мағына мен құндылықтардың мылтықсыз майданы күн сайын жүріп жатқан қазіргі күнде тарихи жадыны сақтап қалу - жалпы, өзіңді-өзің сақтап қалудың жалғыз жолы» [2] деп дәйектеген болатын.

2018 жылы 21 қарашада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласы жарияланды. Онда Тарихи сананы жаңғырту мәселесі де көтерілді. Елбасы: «Көтерілген мәселелер жан-жақты ой елегінен өткізіп, терең зерделеуді талап етеді. Сондай-ақ біздің дүниетанымымыздың, халқымыздың өткені мен бүгінінің және болашағының іргелі негіздеріне тікелей қатысты» [3], - деп атап өтті.

2019 жылы ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының ұжымы «Ұлттық тарих көкжиегі» атты еңбекті жарыққа шығарды. Бұл еңбекте Қазақстан дамуының жаңғырған жаңа көріністері, оның халықаралық қауымдастықтағы рөлінің артуы, 1990 жылдардан бүгінге дейінгі Қазақстанның тарих ғылымының даму процестері қарастырылған [4] . Яғни, тәуелсіздік кезеңіндегі тарих ғылымы саласында атқарылған жұмыстар зерделенген.

2021 жылы 5 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәуелсіздіктің 30 жылдығына байланысты мақаласы жарияланды. «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» деп аталатын мақалада ел президенті егемендіктіктің 30 жылдығына қорытынды жасап, болашаққа бағдарды айқындап берді. Осы аталған мақалада «Таным мен тағылым» мәселесі көтерілген.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Көтерілген мәселелер жан-жақты ой елегінен өткізіп, терең зерделеуді талап етеді. Сондай-ақ біздің дүниетанымымыздың, халқымыздың өткені мен бүгінінің және болашағының іргелі негіздеріне тікелей қатысты. Бұл - егемендік ұғымы жастардың санасына берік орныққанын көрсететін қалыпты құбылыс. Бірақ Тәуелсіздік құндылығы жадына біржола шегеленіп, мәңгі сақталуы үшін өскелең ұрпақ оның қадірін білуі керек. Бостандық бізге оңайлықпен келген жоқ. Ата-бабаларымыз азаттық жолында арпалысты. Талай зұлмат замандар мен нәубеттерді бастан өткерді. Осының бәрі халықтың есінде сақталып, ұрпақтан ұрпаққа берілуге тиіс» [5], - деп өте орынды айтты.

Ұлттық сананы қалыптастырудың ең негізгі жолы - тарихи білім. Ол жүйелі түрде мектептерде, ЖОО-да іске асады. Сондықтан тарих пәнін оқытудың маңыздылығын түсінудің маңызы ерекше. Жоғары оқу орындарының Қазақстан тарихын оқытуда тарихшылар жастардың ұлттық намысын тәрбиелеуге, ата-баба рухы деген қасиетті сөздерді жоғалтпауға тәрбиелейді.

Кезінде Алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы: «Тарихын жоғалтқан ел, қайда тұрып, қайда бара жатқанын білмейді. Соңында жоғалуға ыңғайлы тұрады», - деген пікірін айтқан. Сондықтан, ұлттық тарихымызды әлі де зерттеп, зерделей түсуіміз керек.

Қазіргі уақытта «Қазақстан тарихы» оқулықтары мен 7 томдық академиялық басылымды қайта дайындау мәселесі көтерілді. Бұл заңды құбылыс. Өйткені, еліміздің егемендік алған уақытында жазылған оқулықтар мен академиялық басылымдарды заман талабына сай жазып шығу қажет. Жалпы, ел тарихына қатысты оқулықтар мен академиялық басылымдар ширек ғасыр 25 жылда бір рет жаңарып отырғаны дұрыс деп ойлаймыз. Себебі, заман өте келе жаңадан жинақталатын тың деректер немесе ашылатын жабық архив материалдары болуы мүмкін. Сондықтан, толықтыру, қайта даярлау жұмыстары жүзеге асырылуы керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тарих ғылымының принциптері
Мұхиттар мен құрлықтар географиясы сабақтарында жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану арқылы шығармашылық әрекетінің тәжірбиесін қалыптастырып, құрлықтар мен мұхиттар географиясын оқытудың нәтижелігін көтеру
Тарихты оқыту әдістемесінің міндеттері
Бастауыш сынып оқушыларына дүниетану сабақтарында экологиялық тәрбие беру мәселелері
Оқушылардың өздігінен атқаратын жұмыстардың теориялық және практикалық негіздері
Оқушылардың дене тәрбиесі жүйесі
Оқушы жастарға патриоттық тәрбие берудегі алғышарттар
Экологиялық білім және оқу процессін экологияландыру
Мектепке дейінгі мекемелерде дене тәрбиесін ұйымдастырудың психологиялық-педагогикалық шарттары
БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz