БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ БІЛІМ САПАСЫН ОҚУ ПӘНДЕРІН ИНТЕГРАЦИЯЛАУ НЕГІНДЕ АРТТЫРУ ТИІМДІЛІГІ


Исабекова Айгуль Карибаевна
«Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы 1 курс магистранты
Ғылыми жетекші: PhD философия докторы., қауымдастырылған профессор м. а Майлыбаева Гульмира Сабыровна
І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті., Талдықорған қ
E-mail: aygul. isabekova. 1978@maіl. ru
Аннотация: Бұл мақалада бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын арттыруды оқу пәндерін интеграциялау дағы тиімділігі жайлы баяндалады. Оқыту мен практиканы байланыстыруды, жан-жақты дамыту мен дұрыс тәрбие беруде пәндерді интеграциялаудың маңыздылығына үлкен мән беруі керектігін қарастырған. Пәндерді оқытуда тақырыптардың мазмұнына сәйкес күнделікті сабақта пәндерді интеграциялау - бастауыш мектепте бүкіл оқыту үдерісін жетілдіріп, жеңілдетуде оқушылардың білім сапасын арттыруда өте маңызды рөл атқаратыны, оны қолданысқа көбірек кірістірудің жолдары іздестірілуде.
Ұрпақ тəрбиесі адамзат баласының ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан асыл мұраты болып табылады. Елбасымыз Н. Назарбаев халқымыздың алдында ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты мəдениетті жеке тұлғаны тəрбиелеу міндеті тұрғандығын нақтылап көрсетіп берді. Президентіміз мемлекетіміздің болашақта дамуына арналған «Қазақстан-2050» Стратегиясында «Білім жəне кəсіби машық - заманауи білім беру жүйесінің кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары» атты төртінші бағытында оқыту əдістемелерін жаңғырту жəне өңірлік мектеп орталықтарын құра отырып, білім берудің жаңа жүйелерін белсене дамыту керектігі жайлы, ал «Қазақстан-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында «біздің болашаққа барар жолымыз қазақстандықтардың əлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер жасауға байланысты. ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз - белсенді, білімді жəне денсаулығы мықты азаматтар» деп, Қазақстанның əлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіру тұжырымдамасында алдағы жұмыстың ұзақмерзімді басымдықтарының бірін де атап көрсетті [1] .
Осы міндеттердің орындалуы өмірге деген көзқарасы, білім-білік дағдысының алғашқы негізін беретін бастауыш мектептен басталатындығы белгілі. Бастауыш мектептің жас ұрпақты оқыту мен тəрбиелеуде атқаратын ролі орасан зор.
Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр. Мектепте оқытуды ұйымдастыратын бірден бір нұсқа сабақ болса, сабақтың нəтижелі болуына ықпал ететін нұсқа - сол сабақты өткізудің əр түрлі əдіс-тəсілдерін, яғни жаңашыл мазмұндағы сабақтар, өткізу болып табылады. Əсіресе бастауыш сыныптардағы оқыту-тəрбиелеу барысында оқу материалдарын пəнаралық интеграция негізінде игерудің тұлға қалыптастырудағы сұранысының ауқымы кеңейе түсуі өзекті болып табылады.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі:
1) білім деңгейінің сабақтастығын қамтамасыз етуші мемлекеттік жалпы міндетті білім стандарттары мен білім берудің оқу бағдарламалары;
2) меншік түріне, типтері мен түрлеріне байланыссыз білімдік бағдарламаларды жүзеге асырушы білім беру ұйымдары;
3) білім берудің басқару ұйымдары мен тиісті инфрақұрылымдары, соның ішінде білім сапасы мониторингін жүзеге асыратын, ғылыми және оқу-әдістемелік қамсыздандыратын өзара іс-әрекет етуші ұйымдардың жиынтығын білдіреді [3] .
Білім беру жүйесінің өзгеруі негізінде білім мазмұны жаңарады. Жеке тұлғаны дамытудың және оның жалпы адами құндылықтары жинақталған мәдениетін қалыптастырудың негізгі құралдарының бірі білім мазмұны болып табылады және білім мазмұнының жаңаруы білім берудің нормативтік құжаттары - пәндер бойынша білім стандарттары, базистік, типтік жоспарлар, пәндер бойынша дайындалған оқу бағдарламалары, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендердің мазмұнында көрініс табады.
Р. С. Омарова білім мазмұнының төмендегіше жетекші әдіснамалық принциптерін көрсетеді:
- интеграция принципі - ұқсас пәндерді ықпалдастыру, балалардың шаршамауына мүмкіндік беру;
- пәнаралық байланыстар принципі - оқу пәнінің мазмұнын баяндауда әртүрлі пәндерді өзара байланыстыру;
- ғылымилық және жас ерекшеліктерін есепке алу принципі - әдістемелік жүйені таңдау, оқушылардың психологиялық, физиологиялық мүмкіндіктеріне байланысты дамуын, жас ерекшеліктерін ескеру;
- бала тұлғасын дербес дамытуда оқыту мен тәрбиелеудің деңгейлік принципі - дара жаттығулар жүйесін жүзеге асыру негізінде түрлі деңгейлік және қарапайым тапсырмаларды шығармашылықпен шешу;
- оқуда ана тіліне сүйену принципі - оқушылардың танымдық белсенділігін күшейту, ана тіліне қабілеттілігін арттыру;
- нәтижелі шығармашылық принципі - білімді қалыптастыру үдерісінде баланың шығармашылық қабілетін дамыту [6] .
Бастауыш сынып оқушыларын артық жүктемеден құтқару үшін бұрыннан бар пәндер негізінде сол пәндерді жаңа сапада интеграциялап оқыту қажет.
Бастауыш білім беру деңгейінің мазмұны «Тіл және әдебиет», «Математика», «Жаратылыстану. Адам және қоғам», «Өнер», «Технология», «Дене шынықтыру» сияқты 7 білім салалары арқылы беріледі. Әрбір білім беру салаларының базалық мазмұны нақты оқу үдерісін жобалауға негіз болады және күтілетін нәтижелерге жету үшін мазмұнды интеграциялауды жүзеге асыруға төмендегі кесте бойынша қарастыру қосымша мүмкіндіктерді жүзеге асыруға көмектеседі.
Қазіргі дамыған елдердегі бастауыш білім мазмұнының ерекшелігі қоршаған дүние мен қоғамның дамуы туралы білімдердің интеграцияланған түрде болып келуінде. Бұл тәсіл көптеген елдерде мектепке дейінгі тәрбиеге, бастауыш мектеп және кіші орта мектепке, сол сияқты орта мектепте интеграцияланған курс (жаратылыстану, қоғамтану, Отантану және т. б. ) түрінде енгізілген. Бұл елдердің бастауыш мектептерінде интеграциялау өлі және тірі табиғат, техника, адам, т. б. білімдерді біріктіреді.
Пәндер арасындағы кедергілерді жою үшін білімді басты объектілердің немесе тақырыптардың айналасына біріктіру қажет. Бұл үдеріс кез келген пәнді әр қырынан қарастыруға, оның барлық өзара байланысын ашуға мүмкіндіктер береді. Талдау, синтез, салыстыру, біріктіру сияқты күрделі ойлау іс-әрекеттері арқылы жүзеге асырылатын пәндер интеграциясы білім мазмұнын кең қамтуға, уақытты үнемдеуге, міндетті пәндер санын азайтуға да мүмкіндік береді.
Оқушылардың білім сапасын нақты көрсететін жекелеген пəндердің сапа көрсеткіші мен үлгерімі екендігі бəрімізге аян. Ал, оқыту сапасы - оқыту мақсаты мен міндеттері негізінде қойылған белгілі бір талаптарды оқушылардың орындау қабілеттілігі.
Пəндерді интеграциялау негізінде бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын арттырудың төмендегідей жолдарын атап өтуге болады:
- оқушылардың жеке ерекшелік деңгейлері (қызығушылықтары, мотивтері, қабілеттері, бейімділіктері, психологиялық ерекшеліктері т. б. ) ;
- оқу үдерісіндегі оқу-əдістемелік құралдардың қамтамасыз етілу жағдайы (мұғалімдерге жəне оқушыларға арналған оқу-əдістемелік құралдардың жəне оқу құралдарының сапасы) ;
- оқытудағы дəстүрлер мен жаңалықтар (мазмұн, көлем, технологиялар мен оқыту əдістері) . Оқып үйренуге дайындық деңгейі:
- оқушылардың білімін бағалау жүйесі;
- коммуникациялық қарым-қатынас деңгейі;
- мұғалімнің кəсіби шеберлік деңгейі;
- сыртқы ықпалдар (отбасы, үлкендер, достар, сыныптастар т. б. ) ;
- физиологиялық жəне санитарлы-гигиеналық факторлармен анықталады. Бастауыш сынып пəндерін интеграциялау негізінде білім сапасын арттыруда:
- бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық іс-əрекетіне барынша жағдай жасалады;
- оқушыларды дүние, табиғат, қоршаған орта жəне адам, олардың өзара байланысы жөнінде алғашқы біртұтас көзқарастар қалыптастыру жүзеге асырылады;
- бастауыш сынып оқушыларының санасында оқу-танымдық белсенділік орнап, ой-өрісі байытылады;
- білімнің мазмұнын оқу-танымдық, мотивтік компоненттер арқылы жетілдіруге көмектеседі 4] .
Бастауыш мектепте жаңа бағдарламаға интеграцияланған курстары енгізіліп, мектеп тəжірибесінде жүзеге асырылуда. Сонымен, мектеп тəжірибесі, бастауыш мектепте сабақтарды интеграциялауды мұғалімдердің жиі қолдануы əр түрлі ғылыми білімдерді жинақтау есебінен оқу- тəрбие үдерісінің тиімділігін арттыратындығын көрсетіп отыр.
Бастауыш мектепте жаңа бағдарламаға интеграцияланған курстары енгізіліп, мектеп тəжірибесінде жүзеге асырылуда. Сонымен, мектеп тəжірибесі, бастауыш мектепте сабақтарды интеграциялауды мұғалімдердің жиі қолдануы əр түрлі ғылыми білімдерді жинақтау есебінен оқу- тəрбие үдерісінің тиімділігін арттыратындығын көрсетіп отыр.
Бастауыш мектепте жаңа бағдарламаға интеграцияланған курстары енгізіліп, мектеп тəжірибесінде жүзеге асырылуда. Сонымен, мектеп тəжірибесі, бастауыш мектепте сабақтарды интеграциялауды мұғалімдердің жиі қолдануы əр түрлі ғылыми білімдерді жинақтау есебінен оқу- тəрбие үдерісінің тиімділігін арттыратындығын көрсетіп отыр.
Пəндерді интеграциясы негізінде білім сапасын арттыру деп оқу пəндері бойынша оқыту/оқу үдерісінде оқушының өз құзыретін құраушы білімдік саланың төмен деңгейінен жоғары деңгейіне дайындығын (үдеріс жəне нəтиже ретінде қарастырылатын) жетілдірудегі белсенділігін түсінеміз. Ұйымдастырылған оқыту үдерісі бойынша оқу пəндерін интеграциялау негізінде оқушылардың білім сапасының артқандығын анықтау оқу нəтижелері арқылы көрсетілуі керек. Ал өз кезегінде оқу нəтижелері оқушылардың іс-əрекеттерімен орындалады.
Бастауыш мектепте жаңа бағдарламаға интеграцияланған курстары енгізіліп, мектеп тəжірибесінде жүзеге асырылуда. Сонымен, мектеп тəжірибесі, бастауыш мектепте сабақтарды интеграциялауды мұғалімдердің жиі қолдануы əр түрлі ғылыми білімдерді жинақтау есебінен оқу- тəрбие үдерісінің тиімділігін арттыратындығын көрсетіп отыр.
«Әдебиеттік оқу» пәні қазақ тілі пәнімен: жазба жұмыс түрлерін (мазмұндама, шығарма) орындау, сөздік қорын байыту, байланыстыра және грамматикалық тұрғыдан жүйелі сөйлеуге үйрету, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, өз ойынан, үлгі бойынша, көргені немесе оқығаны бойынша мәтін (сипаттау, пайымдау, баяндау) құрастыру, мәтінді талдау, жоспар құру, мәтінге атау беру, жазба жұмыс түрлерін (мазмұндама, шығарма) орындау, жазба жұмыстарын сауатты жазу (қатесіз жазу), жазба жұмыстарын жазу барысында грамматикалық ережелерді қолдану, орфографиялық және орфоэпиялық нормаларды сақтау; Математика пәнімен: сандарды ойын кезінде, ауыз әдебиет шығармаларында қолдану, тілді математикалық терминдермен байыту; Дүниетану пәнімен: қоршаған дүниенің біртұтастығы, олардың арасындағы байланыс туралы білімдерін қолдану, топсеруен кезінде, табиғат туралы алған білімдерін жазба жұмыстарда қолдану; Музыка пәнімен: қазақ халқының және Қазақстанда тұратын басқа халықтардың музыка саласына еңбек сіңірген қайраткерлердің музыкалық шығармаларын тыңдау, музыка тіліне салынған ақындардың өлеңдерін жаттау, ақын өлеңдерінің ырғағын анықтай алу, өлеңдерге сай әуендер ойлап табу, мәтіндердегі автордың көңілкүйін байқау, ана тіліміздің сазды, әуенді, әуезді сарынын, үнін тыңдау, көркем шығармалардағы сипаттау, теңеулердің музыка тіліндегі үндестігін ұғыну; Бейнелеу өнері пәнімен: суретшілердің шығармалары арқылы оқушылардың сөз байлығын арттыру, тілін дамыту, сурет бойынша өз сезімдерін, ойпікірлерін білдіру, суретке қарап мәтіндегі оқиғаны әңгімелеуге, мәтіндегі оқиғаға сай сурет салғызуға жаттықтыру, сипаттау, салыстыра сипаттау мәтіндерін құрастыруда, мазмұндама және шығарма жазуда халық шеберлерінің туындыларын пайдалану, эстетикалық тәрбие беру. Еңбекке баулу пәнімен: еңбек тақырыбына байланысты шығармалар оқу барысында оқушыларды еңбексүйгіштікке баулу, адамдардың еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу, еңбекке баулу сабағында берілетін қазақ халқының және Қазақстанда тұратын басқа халықтардың ұлттық киім үлгілері, қазақтың ұлттық зергерлік бұйымдары мен ою-өрнектерінің тарихы т. б. туралы мәліметтерді шығармалар оқу кезінде еске түсіру, байланыс орнату, қазақтың сәндікқолданбалы өнерін оқушылардың ауызекі және жазба тілдерін дамыту, сөздік қорларын байыту арқылы пәнаралық интеграциясы жүзеге асады.
Интеграциялық оқытуды жүзеге асыру балалардың танымдық қызығуы мен білім сапасын арттырумен қатар, бір сабаққа бірнеше оқу пәндері мақсатының бірігуіне мүмкіндік береді. Бұл әр пәндік мазмұнды қосып біріктіріп жіберу немесе бірнеше пәнді бір пәнмен алмастыру емес, әрі пәндік құрылымды жоққа шығармайды, керісінше, оған қондырғы ретінде қызмет етеді. Қазіргі еліміздегі білім беруді жетілдіру кезеңінде педагогика ғылымындағы интеграциялық байланыстарды одан әрі жақсарту - ғылымдардың интеграциялану тенденциясы жағдайында мектептер жүйесінің білім мазмұнын айқындаудың басты шарты болып саналады. Келешек ұрпаққа білім берудегі күрделі мәселелердің бірі - біртұтас педагогикалық үдеріс кезіндегі сабақтарда пәнаралық, интеграциялық байланысты жүзеге асыру. Сондықтан жалпы білім беретін мектептің пән мұғалімдерінің пәнаралық білімдер мен іскерліктерді игеруі және пәнаралық интеграцияны білім мазмұнында айқындау оқу үдерісін интеграциялау негізінде ұйымдастырудың басты міндеттерінің қатарына жатады. Әдістеме - әдістер жиынтығы, оқыту немесе ғылымды зерттеу әдістері туралы ілім, педагогиканың жеке пәндерден берілетін білім көлемі мен мазмұнын негіздеп, оны оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін саласы. Жалпы алғанда жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту үдерісінің заңдылықтарын дидактика зерттейді. Ол заңдылықтардың жеке пәндерді оқытудағы өзіне ғана тән заңдылықтарын пәндік дидактика қарастырады. Бұлардың әрқайсысына тән өзіндік ерекшеліктеріне байланысты оқыту әдістемелері бар [6] .
Пәнаралық интеграция бастауыш сынып оқушыларының толыққанды білім ала отырып, бүкіл танымдық қызметін дамытуға, сөйтіп дүниетанымын қалыптастыруға тікелей ықпалдар мен жағдайлар жасайтын үдеріс ретінде бастауыш мектептегі оқу-тәрбие барысында әрдайым әрі ұтымды пайдалануға қажет ететін ауқымды шаралар жиынтығын құрайды.
Қазіргі таңда шет ел мектептерінде білім беру мен оқытуды ұйымдастыру үдерісінде интеграция мәселесіне көп көңіл бөлінуде. Интеграция негізінде педагогикалық ұжым мен жеке мұғалімдердің шығармашылығын дамыту мәселесі мен жаңа педагогикалық ізденістерді белсендендіру жүзеге асырылуда.
Бастауыш сынып пәндерін интеграциялауда бастауыш сынып мұғалімі мынадай әдістемелік принциптерді білуі және ұстануы қажет:
1. Пәндер интеграциясын алдын-ала жоспарлау;
2. Пәндер интеграциясын оқушылар үшін қызықты танымдық материалдар арқылы ұйымдастыру;
3. Пәндер интеграциясын сабақтың қажетті бөлігінде тақырыптың мазмұнын ашуда тиімді қолдану;
4. Пән мазмұнын жаңа ғылыми деректермен толықтыру;
5. Тақырыптың мазмұнын, ерекшелігін және оқушылар мүмкіндігін ескеру;
6. Жаңа берілетін пәнаралық интеграция мағлұматтарын оқушылардың білетіндерімен ұштастыру.
Оқыту үдерісін ұйымдастыру педагогикалық жүйе құраушыларымен және оларға қатысушыларға байланысты. Бастауыш сыныпта оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы сабақ екендігі белгілі. Сабақты ұйымдастырудың барлық буын сыныптары үшін ортақ құраушылары бар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz