Ұлттық поэзиядағы шығыстық үлгілер


Ұлттық поэзиядағы шығыстық үлгілер
Ұлттық әдебиетімізде шығыстық үлгінің ғажайып үлгісін қолданған-Абай Құнанбайұлы. Шығыс ақындарына еліктеп өлеңдер жазған жас Абай, ақындық өре көрсету дәрежесін әлсіретіп, ол кей өлеңдерінде араб, парсы сөздерін орынсыз қолданды, тілін шұбарлады. Кейін ақындығын таныған Абай мұндай өлеңдер жазудан бас тартты. Бірақ бұдан бұрын Абай шығыс поэзиясынан рухтану, шығыстық сюжет мотивтерге оралу ісін мүлде тоқтатқан еді дей алмаймыз. Абай ақындығына батыстан, не шығыстан келген үлес көп пе деп өлшеп жорамал жасаудың қажеті қанша?
Алды-артын шолып, өмір құбылыстарына үңіле қарап, ақындық міндетін аңғарған шағында да Абай шығыс поэзиясынан қол үзбеген. Оның көптеген шығармаларынан, арманды, шерлі, мұңды сөздерінен «Қор болды жаным», «Көзімнің қарасы» сияқты шығармаларынан Татьянаға айтқызған (Пушкинде жоқ) .
«Көрісуге шыдамаспыз,
Айрылалық сол үшін», -
деген сөздерінен Абайдың шығыстық мотивтен безбегендігі көрінеді. Бірақ Абайдың бұл тектес шығармаларына шығыстық сарын, мотив, бұрынғыша сырттай келмей, Абай ақындығының көрігінен өтіп, кірігіп, бір мән-мағына алып барып, қалыпқа түседі. Ондай шығармалар Абайдың шығыс ақындығын игере білген, сюжет, мотив, тақырыпты өз ақындығына бейімдей сұрыптаған кезін аңғартады. Болмаса Абай батыс поэзиясы мен шығыс поэзиясы арасына шек қойып, бірінен аз, бірінен көп пайдаланайыншы демеген. Абайдың шығыстық сюжет, мотивтерден қол үзбегенін «Әзім», «Масғұт», «Ескендірден» де көресіз.
Абай шығармаларында өмірдің нұқсанды жақтарын көлеңкелеп, жаманын жасырып жатпаған, шындықтың бетін боямаған, бүркемеген, өмірге деген өз шешімін, кесімін айта отырған. «Чернышевскийдің ойы бойынша, ақын өмір шындығына түсінік беріп, шенеу айтып қана қоймауы керек, ол өмірдің бар мініне өкім де шығару керек, Абай өз ақындығын қоғамдық тартыстың актісі деп түсінгенде, ол Чернышевскийдің нұсқаған тұрғысынан барып шығады»
Абай Құнанбаев шығыс ақындарынан бірінші болып Мицкевич өлеңін қазақшаға аударды. Аудармасын «Тұтқындағы поляк жандарының сөзі» деп жалпы атауына қарағанда, Абай Мицкевичтің бірнеше өлеңін аударғанға ұқсайды. Абайдың төл шығармаларының өзі бізге толық жетпегені сияқты, аудармалары да түгел сақталмай, жоғалып кетуі әбден ықтимал. Бізге бір-ақ аударма өлеңі жеткен.
Поляк ақынын Абай Құнанбаевтың білуі, өлеңін аударуы түсінікті жай. Мицкевич өзінің көзі тірісінде-ақ көптің ықылас-ілтифатына, даңққа бөленген ақын-ды. Оның Пушкинмен айырылмас достығы екеуінің де творчествосында із қалдырғаны белгілі. Пушкин поляк досына арнап «Ол біздің арамызда…», «Фонтандар салқын самалында…» атты өлеңдерін жазып, бірнеше шығармасында оның атын қүрметпен айтады. Ұлы орыс ақыны Мицкевичтің әйгілі «Конрад Валленрод» романтикалық поэмасын, «Үш Будрыс» және «Барлаушы» балладаларын (орысшасында «Будрыс и его сыновья», «Воевода» деп аталады. - Ш. С. ) орыс тілінде аударған. Сөйтіп Пушкин өмірі мен творчествосында Мицкевич қалдырған белгілер арқылы оған қазақ ақынының да ықыласы ауа бастады деуге болады. Оның үстіне дәл сол кезде Минаев аударған, Н. П. Полевой редакциялаған А. Мицкевич шығармаларының екі томдығы 1882 жылы Санкт-Петербургте басылып шақты. Мицкевич өлеңін қазақ тіліне аударғанда Абай Құнанбаев осы басылымды пайдалануы мүмкін.
Мицкевичтен Абай аударған өлең - «С. Б. альбомына». Бұл өлеңнің кімге арналғаны әлі толық анықталып болған жоқ деуге болады. Мазмұнына қарағанда бұл өлеңді ақын декабристер және 1830 жылғы поляк қозғалыстарынан кейін европа реакциясы етек алған ауыр жылдарда жазған болуы керек:
Дни благородные прошли,
Когда поля пестрели чудо,
Когда цветы везде росли…
Теперь цветок найти мне трудно.
Ненастье, бури и тоска…
На нриве, где завыла вьюга,
He вижу я нигед листа,
Чтобы сорвать его для друга.
Все, что нашел - дарю.
Такой Листок не должен затеряться:
Он подан дружеской рукой
Он дар последний, - может статься.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz