Динамикалық ығысу кернеуі


Тақырыбы : Динамикалық ығысу кернеуі
Орындаған : Сарбалин Умирбек
МАЗМҰНЫ
Динамикалық жадымен жұмыс жасау үшін қолданылатын 11
процедуралар мен функциялар
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: Паскаль программалау ортасында Динамикалық жадының құрылымы соның ішіндегі тізімдерді қолдануды, компьютердің оперативтік жадысын көрсеткіштер мен динамикалық жадыны қолдану арқылы тиімді пайдалану мен ақпаратты өңдеу бойынша программалаудың тиімді әдістемелері қарастыру.
Жалпы алғанда компьютер жадысының тұрақты жады және уақытша жады деп екіге бөлінетіні белгілі. Турбо Паскальда жазылған программаны орындау уақытша жадыда жүргізіледі де, программада анықталған, сипатталған айнымалылардын барлығы уақытша жадының тұтас, белгілі бір аймағында орналасады. Осы тұтас аймақты мәліметтер сегменті деп атайды. Мәліметтер сегментінің ұзындығы 65536 байт немесе 64 кбайт болады. Бұл көлемдегі жады қарапайым есептерді шешуге ғана мүмкіндік бере алады, ал үлкен көлемдегі мәліметтерді өңдейтін қолданбалы программалар үшін қажет жады көлемі де үлкен болуы керек екені түсінікті. Қазіргі компьютерлердің жалпы жадысының көлемі 640 кбайттан кем болмайды, сондықтан компьютер жадысына қатысты осы мүмкіндіктерді толық пайдалану үщін динамикалық жады пайдаланылады. Динамикалық жады - бұл дербес компьютердің, мәліметтердің сегментін, стекті және программаньң өзінің денесі алатын орынды қоспағандағы немесе есептемегендегі жұмыс істеп түрған программаға бере алатын уақытша жадысы. Сонда ол уақытша берілетін жады программа жұмыс істеп түрған кезде программа үшін пайдаланылады да, ал оның жұмысы тоқтаған соң бұрынғы қызметін атқара береді, яғни динамикалык жады "өзгермелі жады" деген мағынаны білдіреді.
Компьютердің жадысы байттар деп аталатын ұяшықтардан құралады. Бұл байттардың барлығы номерленген. Осы номерлерді байттардың адресі деп атайды. Программада компьютер жадысын пайдалану үшін осы байттардың адрестері қолданылады. Бүл адрестерді программада қалай береді.
Байттың адресі екі сөзден құралады. Ол екі сөзді сегмент және ығысу деп атайды. Жадының сегмент сақталатын бөлігі, адресі 16- ға еселі болатын байттан басталады, ал ығысу- қажет адреске бару үшін сегменттің басынан бастап неше байтты өткізіп жіберу керек екенін көреетеді. Осы адрестерді программада көрсету үшін динамикалық айнымалылар қолданылады. Бұл динамикалық айнымалыларды көрсеткіштер ( немесе сілтемелер, нұсқағыш)
деп атайды.
Динамикалық мәліметтер көмегімен өлшемі анықталмаған массивтерді өңдеуді қарастырайық. Бір элементтен тұратын массив үшін massiv типін сипаттайық. massiv типті айнымалыны сипаттамаймыз да, ал мәліметтерінің базалық типі massiv болатын типтелген көрсеткішті сипаттайық. Программаның орындалу кезінде массивтегі элементтер санын анықтап, массив үшін жадыдан қажет өлшемді бөле аламыз. Массивпен жұмыс жасалып болған соң, алдыңғы бөлінген жадыны босатуға болады. Жадыны осылайша бөлу арқылы анықталатын массивтер динамикалық деп аталады. х динамикалық массивінің і-ші элементі х^[і] деп жазылады.
Динамикалық массивтерде объект программа орындалу кезінде өзінің өлшемін өзгертпейді. Ал кейде жеке компоненттерді алу немесе қосу арқылы біртипті эдементтер құрылымын өзгертетін жағдайлар да кездеседі. Осы кезде біз тізімдерді қолданамыз. Өзара көрсеткіштер мен байланысатын біртиптік элементтер қатарын тізім деп атаймыз. Айталық, өзара көрсеткіштер тізбегімен байланысқан бірипті элементтер қатары берілсін. Әрбір элемент, соңғысынан басқа, мәліметтерімен қоса келесі элементке көрсеткіштен құралған болсын. Мұндай құрылым сызықтық бірбағытталған тізім деп аталады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Динамикалық құрылымды мәліметтер соның ішіндегі динамикалық жады ұғымы, көрсеткіштер, динамикалық жадыны басқару, динамикалық жадымен жұмыс жасау үшін қолданылатын процедуралар мен функциялар, динамикалық массивтер, тізім, бір бағытталған тізім, байланысқан тізімдерді қолдануды қарастыру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Динамикалық айнымалылар құрылымы;
- Тізімдер;
- Бірбағытталған тізім;
- Байланысқан тізімдер;
Зерттеу обьектісі:TURBO PASKAL программалау ортасы.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Паскаль оқып үйренуге жеңіл, түрлі салалық информациямен жұмыс істеуге нәтижелі болғандықтан дүние жүзінде көп тараған тілдердің бірі. Паскаль тілінде тізімнің ерекшеліктері, тізім арқылы берілген әрбір бағанның ұяшықтарындағы ақпараттарды өзгертуге немесе ақпарат еңгізуге болады.
Зерттеу әдістері: Ұяшықтағы ақпаратты өңдеуге және ұяшыққа ақпарат енгізуін әдістерін зерттедім.
1 ДИНАМИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМДЫ МӘЛІМЕТТЕР
... жалғасы1. 1 Динамикалық жады ұғымы. Көрсеткіштер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz