Ара дене құрылысының ерекшеліктері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

№1 ЗЕРТХАНАЛЫҚ -ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚ

Тақырыбы: Ара дене құрылысының ерекшеліктері. Ара отбасының биологиясы

Сабақтың негізгі мақсаты: бал арасы отбасының құрамын оқып білу. Аналық, аталық, жұмысшы аралары денесінің құрылысы мен биологиялық ерекшеліктерімен танысу.

Қолданылатын құралдар . Ара отбасынң құрамы көрсетілген суреттер, бал арасының мүшелері көрсетілген видео филмдер.

Жұмыстың мазмұны мен материалдары

Ара шаруашылығы мал шаруашылығының бір саласы болып саналады, бірақ бал аралары басқа ауыл шаруашылығы малдарынан айырмашылығы биологиялық қасиеттерімен ерекшеленеді. Араларды буынаяқтылар тобына жатқызғанмен, ара ұясы біртұтас биологиялық және шаруашылық белгілері бойынша күрделі құрылымды. Бал аралары, барлық қоғамдық насекомдар сияқты үлкен қауымдастық-семья құрып тіршілік етеді. Жеке ара өздігінен тіршілік ете алмайды. Ара ұясында көптеген жұмысшы аралар, аталықтар және аналық болады. Аналық, аталық және жұмысшы ара отбасыз бөлек азықтанып, көбейе алмайды. Жұмысшы аралар ара отбасының барлық белгілерімен сипатталады, бірақ ұрпақ беру үдерісіне қатыспайды, бірақ ұрпақтарын азықтандыру және тағы басқада ұя жұмыстарына, сонымен қатар жұмысшы аралардың шаруашылыққа пайдалы қасиеттерін ұрпағына тұқым қуалауға қатысады.

fam.jpg

А-аналық; Б - трутень; В- жұмысшы ара

1 сурет - Ара отбасынының дене ерекшелігі

Жер шарындағы әр аудандарында бағалы бал араларының тұқымдарын қалыптастыру бұрынғы дәуірден басталып тұрақтандырылған, бал араларының көлемді шоғырлануы әртүрлі ауа райы жағдайына байланысты болып келеді.

Ғалымдардың жарияланған еңбектеріне сәйкес бірнеше бал ара тұқымдары Қазақстанның әртүрлі табиғи-экономикалық аумақтарында таралған.

Ара отбасының биологиялық қасиеттерін айта келе, басқа жануарлардың түрі сияқты ара селекциясында аталық емес өсімтал аналықтың алатын орны ерекше.

Ғалымдардың топшалауынша алғашында барлық отбасы аналықтарының құрылысы мен атқаратын жұмысы бірдей болған. Үйірленіп тіршілік ету барысында, аналықтардың арасында мамандану басталды. Жазда, қолайлы жағдайларда шыққан аналықтар жақсы дамып, жұмыртқаны көбірек салатын болды. Сонымен аналық аралар екі топқа бөліне бастаған. Бірінішілері көбеюге, яғни жұмыртқа салуға, екіншілері азық қорын жинап, өскіндерді қоректендіруге маманданған. Осымен қатар олардың жеке мүшелерінің құрылысы мен атқаратын қызметі де өзгереді. Аналықтарының аналық бездері жақсы дамып тіршілігінде ондаған, жүздеген мың жұмыртқа салатын қабілетке ие болды, ал жұмысшы аралардың азық қорын жинайтын, оның ұрпақтарды қоректендіру үшін дайындайтын мүшелері жақсы жетілді.

scaled

2 сурет - Аналық ара

Аналық ара - отбасының басқа мүшелеріне қарағанда дене бітімі ірі, дене тұрқы нәсіліне байланысты 20-25 мм, салмағы 150-300 мг. Аналықтың құрсақ бөлімі ұзын, қанаттары оны толық жаппайды, ал аталықтары мен жұмысшы аралардың қанаттары құрсақты толық жауып тұрады. Аналықтың негізгі міндеті жұмыртқа салу. Бұл жұмыртқалардан аталық та, аналық та, жұмысшы араларда дамып жетіледі. Өмірге келгеніне 7 күн болғанда жыныстық жағынан пісіп жетіледі де, ауа-райы қолайлы болған жағдайда аталықпен шағылысады. Шағылысу ұяда емес, ауада өтеді, бұл кезде ауа температурасы 25 0 С төмен емес, желсіз болуы керек. Егер 25-30 күннің ішінде шағылыспаса бедеу болып, ұрықтанбаған жұмыртқа ғана салады. Зерттеулер нәтижелері мен соңғы авторлардың айтуынша аналық бір аталықпен емес, 6-8 аталықпен шағылысады. Шағылысқаннан кейін аталықтар өледі, ал аналық ара 2-3 күн өткен соң ұяшықтардың түбіне бір-бірден жұмыртқа салады (оның ішінде ұрықтанғаны да ұрықтанбағаны да бар) . Жұмыртқаны балауыз ұяның түбіне «желіндеп» жабыстырып тастайды.

Жұмыртқа салмас бұрын, аналық ара балауыз ұяны тексеріп, байқап алады. Егер балауыз ұя дайын болмаса, басқасын қарап, дұрысын тауып алады. Содан кейін жұмыртқа салу үшін балауыз ұяға құрсағын салып, 10-15 секундтай кідіріп жұмыртқа салады да, құрсағын ұядан алып, келесі ұя іздеуге кіріседі. Сайып келгенде, бір минут ішінде жақсы дайындалған балауыз ұя болса орта есеппен екі-үш жұмыртқа салады. 20-25 минут салғаннан кейін 5-7 минут қоректеніп, тынығады. Күтімі жақсы аналық ара көктем мен жазда тәулігіне 1500-1700 ден аса жұмыртқа салады, мөлшермен айтқанда аналықтың өз салмағына тең (0, 23 мг), ал көктем мен күз маусымында 200 мыңға дейін жұмыртқа салады.

Жұмыртқа салу кезінде аналық араларды үнемі қоректендіріп отыру керек. Сондықтан некелік ұшудан кейін аналық араға қамқорлық жасап, омартадан сыртқа шықпайтын араларды нөкерлер деп атайды. Олар аналық араның денесін таза ұстаумен қатар оны азықтық сапасы жоғары ара сүтімен қоректендіреді. Сапасы жоғары сүт түгелімен және тез қорытылып, аналық араның организіміне сіңіреді де, жұмыртқаның түзілуіне жұмсалады.

Ара шаруашылығында аналық ара өсімталдығының маңызы зор. Ара ұясының мол өнімді болуы да, бал мен балауыздың көп болуы да мол өнімді аналық араға байланысты.

Табиғи жағдайда ағаштың қуысында, тау-тастың арасында, сол сияқты басқа жерлерде тіршілік ететін аралардың ұясында ұрғашы аралар 5-6 жыл тіршілік етеді. Ара шаруашылығындағы аналық аралар көктем-күз маусымдарында 100-200 мың жұмыртқа салады да, олардың жалпы күйі нашарлайды. Алайда жасы ұлғайған сайын тұқым тарату қабілеті азая береді. Осыған аналық араны екі жылда ауыстырып отырған жөн. Суық түскен соң аналыққа қорек аз бөлініп, жұмыртқалауын тоқтатады. Орталық аймақта, егер үстеме қорек берілмесе, аналықтар қыркүйек айында, кейде тамыз айының соңында жұмыртқалауын тоқтатады.

Аналық араның жан ұясындағы негізгі міндеті тек жұмыртқа салумен шектеледі. Оның көбею мүшелері (жыныс мүшелері) өте жақсы жетілген. Басқа мүшелері, мысалы дернәсілді қоректендіру, табиғатта өз бетімен қоректену, балауыз ұяшықтарын жасау, омартаны қорғау, т. б. мүшелері тіпті жетілмеген, егер жетілсе нашар жетілген. Аналық арада жұмысшы арамен немесе еркек аралармен салыстырғанда қанаттары да нашар дамыған. Өйткені аналық ара қанатын жиі пайдаланбайды.

Аталық ара - басқа аралардан денесінің жалпақтығымен ерекшеленеді. Аталықтың құрсағы, басқа аралардыкіндей сүйір емес, доғал болып бітеді, сондықтан қанаттары да ұзынырақ болып көрінеді. Көздері үлкен, әрі күрделі. Аталықтың дене тұрқының ұзындығы 15-17мм, орташа салмағы 200 мг. Аталықтың бізгегі болмайды. Аталықтың дамуы және жетілуі аналықтың жасына, семяның күшіне, ұяның жағдайына, кәрездің сапасына тәуелді. Ұядағы аталықтың саны арашыға байланысты. Көптеген арашылар жасанды кәрізді үнемдеу үшін, рамаға толық кәрез жапырағын емес, жартылай жапырақ салады. Бұл жағдайда бос орынға аралар аталық ұяшықтарын салады. Бір аталықтың дамып жетілуіне кететін азық қоры, жұмысшы аралардың дамып жетілуіне кететін азықтан үш есе көп.

trutni1 3 сурет - Аталық ара

Оның үстіне ересек аталықтар балды көп тұтынады. Сондықтан ұядағы аталық санын шектеп отырады. Қалыпты ара отбасында аталықтар көктемде, алғашқы ұшып тазалану кезеңінен кейін бір айдан соң шыға бастайды. Ұяшықтан шыққаннан кейін 12-14 күнде жыныс бездері жетіліп, ұрықтандыруға дайын тұрады. Аталық - ұяда ешқандай жұмыс атқармайды. Оның жалғыз жұмысы - жас аналықтармен шағылысу және ұрық қорын бөлу. Қалыпты жағдайда аталықтар 4-5 ай тіршілік етеді. Жаз айларында басқа ұяларға да кедергісіз кіріп-шығып жүре алады.

Жұмысшы аралар - отбасының негізгі бөлігін құрайды. Денелері аталықтан да аналықтан да кіші; тұрқының ұзындығы 12-14мм, салмағы 100 мг мөлшерінде. Егер жемсауы жемге толмаған болса 1 кг ара шоғырында 7000 нан 1 араға дейін болады.

pchelka 4 сурет - Жұмысшы ара.

Қазақстанның орталық аймақтарында, тамыздың екінші жартысында және қыркүйек айларында шыққан, бал жинау, шірнені қайта өңдеу және дернәсілді күтуге қатыспаған аралар қыстап шығады да, көктемде ұшып шыққан соң бір ай мөлшерінде, яғни барлығы 8-9 ай ғана тіршілік етеді. Негізі жұмысшы аралардың тіршілігінің ұзақтығы олардың жұмыс қарқынына байланысты. Жазда, негізгі алым кезінде 30-35 күн, ал күзде жұмыс қарқыны бәсеңдеген кезде 40-45 күн тіршілік етеді. Өзінің қысқа өмірінде ұяда да, ұядан тыс жерде де тынымсыз еңбек етеді. Олар ұядағы жылуды сақтайды, дернәсіл мен аналықтарды қоректендіреді, кәрез жасайды, ұяны желдетеді, шірнені қайта өңдеп балға айналдырады, ұяны қорғайды. Ұшатын аралар тозаң, су, прополис, шірне тасиды.

Жұмысшы аралар, ұрғашы болсада ешқашан аталықпен шағылыспайды, өйткені олардың жыныс мүшелері жетілмеген. Бірақ отбасында ұзақ уақыт аналық болмаса жекелеген аралардың, күшейтілген белоктік қоректің әсерінен, аналық бездері дамиды да, аз мөлшерде ұрықтанбаған жұмыртқа салады. Жұмыртқа салысында белгілі бір тәртіп сақталынбайды. Бір ұяшыққа бірнеше жұмыртқа түседі де, ұяшықтың қабырғаларына жабысып, ретсіз орналасады. Мұндай жұмыртқалардан өте кішкентай аталықтар дамитындықтан бұл араларды еркекшора деп атайды.

Жақсы жұмыс кезінде ара, орта есеппен бір ұшқанда 30 мг шірне әкеледі. Шірне үшін аралар 5-8 км қашықтыққа ұшып барады. 1 км қашықтыққа ұшу үшін бір ара 1 мг шірне жұмсайды.

1 тапсырма . Аналық, аталық және жұмысшы аралардың сыртқы пішінін қарап, сыртқы құрылыс ерекшеліктерін төмендегі кестені толтыру қажет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Трасология – іздерді зерттейтін криминалистикалық техниканың бір саласы
ЖӘНДІКТЕРДІҢ ДЕНЕ ҚҰРЫЛЫСЫН БӨЛШЕКТЕП КӨРСЕТЕТІН ДЕРЕКТІ КӨРНЕКТІ ҚҰРАЛ ЖАСАУ ӘДІСТЕМЕСІ
Әр түрлі жастағы балалардың энергия бөлу ерекшеліктері және ересектерден айырмашылығы
Популяция.Таралуы,көшірмесі. Жабайы жануарлардың мінез-құлығы және әдетімен пішіні
Энтомология пәнінің қысқаша даму тарихы
“Зоология” курсының кіріспесі
Жануарлардың инстинктивтік мінез - құлқы
Адамның шығу тегі
Төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасы
Май мен көмірсуының алмасуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz