Тарихи жады негізінде мәдени сабақтастық пен ұлттық-азаматтық бірегейлік



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ ұлттық қыздар педпгогикалық университеті

Тақырып: Тарихи жады негізінде мәдени сабақтастық және ұлттық-азаматтық бірегейлік.

Орындаған: Айтқалиева Мадина
Тексерген: Сафура Сапарғалиевна

Сабақтың мақсаты:

Тарихи жады негізінде мәдени сабақтастық және ұлттық-азаматтық бірегейлік бастаулары, кезеңдері мен сабақтастығын жан-жақты сараптамалық талдау.

Негізгі сұрақтар:

Қазақ мемлекеттілігінің тарихы мен тағылымы.
Мемлекеттің саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуының заңдылықтары.
Қазақстанның қазіргі заман тарихының кезеңделуі.
Қазақстанның қазіргі заман тарихының басты мәселелерінің өзекті мәселелері.

Қазақ мемлекеттілігінің тарихы мен тағылымы.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің Ұлытаудағы сұхбатында Қазақ хандығының 550 жылдығын ел болып атап өту жөніндегі ойын ортаға салып, жалпы халыққа жария етті. Қазақ хандығының тарихы туралы барлық шежірелерде, дастандарда, көптеген ғылыми еңбектерде жазылған. Бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақ хандығы туралы көп жазылып, айтылып, жер - жерлерде ғылыми семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, оқушылардың, студенттердің арасындағы қалалық, республикалық сайыстар ұйымдастырылып өткізілуде. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде: 1465 жылы сұлтандар Керей мен Жәнібек алғаш рет хандық құрып, біздің тарихымыз қазақ мемлекеттілігін осы кезден бастайды. Мүмкін, бұл термин біздің қазіргі түсінігіміздегі, бүгінгі шекарамыздағы бүкіл әлемге танымал және беделді болғанымыздай мемлекет бола алмаған да шығар. Бірақ, сол замандағы басқа барлық мемлекеттер туралы да осылай айтуға болады. Ең маңыздысы, сол кезде мемлекетіміздің негізі қаланғандығы, ал біздердің ата - бабалар ұлы істерін жалғастырғанымыз деген еді.

Біртұтас қазақ ұлты - бұл алғашқы қазақ мемлекеті, хандықтың қарқынды өмірі мен дамуының жемісі десек қателеспейміз. Сол заманнан бастап Қазақстан деп аталған мемлекеттің шекараларын ең мықты өкілдер ұсынған қазақ билеушілері қорғады. Қазақ елінің дербес мемлекет болып қалыптасуы тікелей халықтың сүйегіне таңба болып салынып, қаны мен теріне мықтап сіңген. Қарапайым халық пен батыр бабаларымыздың арқасында, еліміздің тәуелсіз шекарасы қанмен сызылды. Қазақстанның Ресей империясына қосылу кезеңі және Ресей үкіметінің билікті қолдарына алып, еліміздің зиялыларымен қатар, қазақ деген ұлты жою мақсатында жұмыс жасағандарын білеміз. Осы кезеңде Қазақ хандығының тәуелсіздігі үшін көптеген көтерілістер болды. Десе де, еліміз алдымен патша билігінен, сосын КСРО-ның қол астынан шығу арқылы егемендік алды. Бірақ, сол егемендікке дейін, еліміз біраз нәрселерді бастан кешірді десек еш қателеспес едік. 1986 жылы Желтоқсан көтерілісін еске алсақ, өте аянышты оқиғаға толы. Студенттер, қазақ жастары, өз өмірлерін құрбан етті. Қазақ ұлты өз мемлекеті үшін күресіп, біраз жастар ұлтшыл деген атаққа ие болып, өмірлерінен айырып қалды. Бірақ, олардың батылдығы мен батырлығы еш ұмытылмайды, біздің есімізде, санамызда.

Қазақ қоғамы сонау хандықтан бастап, осы тәуелсіздікті жеңіп алам дегенге дейін көптеген қиыншылықтардан өтіп, Қазақстан мемлекеті ретінде қалыптасып отыр. Еліміз тәуелсіздік құрметіне орай, 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өткен болатын. Бұл еліміз үшін тарихи маңызы бар оқиға болып табылады. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігінің конституциялық заңы қабылданғаннан бастап, Қазақстан демократиялық саяси-құқықтық жүйесін осы ХХ ғасыр аяғында қалыптастырып, демократиялық ел атағын алды. Бұған қоса өзінің тұрақты экономикасын құрастырып, елдің және халықтың жағдайын жақсартып, дамушы мемлекеттер қатарына кірді. Қазақстан-2030 және Қазақстан-2050 стратегиялары басшылыққа алынып, елдің дамуына өз әсерін тигізді. Халықтың әл-ауқатының жоғары деңгейі бар табысты мемлекетіміз, әлем деңгейінде өзінің ойып тұрып орнын белгілеп, дамыған мемлекеттер қатарына кіру үшін жұмыстар атқаруда. Көптеген қиыншылықтан өтсе де, еліміз Қазақстан мемлекеті ретінде дәл қазіргі уақытта нық өмір сүруде.

Тәуелсіздік үшін күрес босқа кетпеген шаруа екені шындық. Сондықтан да, сол тәуелсіздікті сақтау үшін жалындаған жастар елдің жарқын болашағы үшін қызмет атқаруы тиіс. Сүйегін қазық қып қағып, қанымен шекара сызған ата-бабамыздан мирас боп қалған, ұшқан құстың қанаты мен шапқан тұлпардың тұяғы талатын ұлан байтақ Ұлы тәуелсіз жазық даламыз - біздің мақтанышымыз, әрі саф алтындай таза мұра ретінде келер ұрпаққа табыстар киелі мұрамыз болып табылады.

Жалпы, қазақ жерінде мемлекеттіліктің басталғанына 3 мың жылдай уақыт өтті деуге болады. Иранда мемлекеттілік Кир заманынан, Қытайда одан да ертерек басталды. Қазақ хандығына дейін қазақ жерінде 20 шақты мемлекеттер болған. Солардың барлығы сол мемлекетті қалыптастырған тайпалардың атауымен аталды. Мысалы: Ғұн мемлекеті, Қаңлы мемлекеті, Оғыз мемлекеті, Түрік қағанаты, Түргеш, Қимақ, т.б. Бұлардың барлығы Қазақстандағы мемлекеттілік тарихының бір көрініс кезеңдері болған. Ал, Қазақ хандығының ерекшелігі - қазақ деген тайпаның емес, Қазақ халқының мемлекеті болды. Яғни, Қазақ хандығының құрамына енген тайпалардың барлығының мемлекеті. Нұрсұлтан атамыздың өзі Ғасырлар тоғысында деген еңбегінде Қазақ хандығы бүкіл Орталық Азиядағы ең алғашқы құрылған ұлттық сипаттағы мемлекет деп нақты, яғни дұрыс айтқан болатын. Қазіргі күнде Қазақстан мемлекетін құрап отырған қазақ ұлты - Қазақ хандығының құрылуымен тарих сахнасына шықты. Солардың саяси құрылымы Қазақ хандығы деп аталды. Қазақ хандығының тарихы ХІХ ғасырдың бірінші жартысына дейін жетті. Өкінішке орай, Қазақ хандығы ұлттық сипаттағы мемлекет болса да, орта ғасырлардағы қоғамдық қатынастарға негізделген мемлекет еді. Қазақ хандығы тарихта үш бөлікке бөлініп кетті деуге болады.
Жүз дегеніміз - Қазақ хандығының әкімшілік - құрылымдық бірлігі. Қазақ хандығы Тәуке ханнан кейін еліміз бейбіт жағдайда бір - біріне бағынбайтын, тек соғыс болған кезде ғана амалсыз бірігетін кіші хандықтарға бөлінді. Бұл жағдайды Ресей пайдаланып, елдің ішкі - сыртқы саяси жағдайларын одан ары ушықтыра түсті. Ал, одан кейін не болғаны бәрімізге мәлім. Жалпы айтқанда, Қазақ хандығының үш жарым ғасырлық тарихы бар. Керей мен Жәнібек хандар оның негізін қалап берсе, оның түпкілікті жойылған уақыты Орта жүзде - 1822 жылы (Сперанский реформа бойынша), Кіші жүзде - 1824 жылға (Эссен реформа бойынша) сай келеді. Ішкі Ордасында хандық 1845 жылы өз тарихын тоқтатады. Уәли хан Орта жүздің, Шерғазы хан, Бөкей хандар Кіші жүздің соңғы хандары. Кейін Қазақ хандығын қалпына келтіруге Кенесары батырымыз күш салып, 1841 жылы хан тағына көтеріледі, бірақ, 1847 жылы қаза тапты. Қазақ хандығының құрылуының бір ерекшелігі сонда, ол жеріміздегі этникалық үрдістермен қатар жүрді. Қазақ халқының этногенезі сонау қола дәуірінен басталады. Сол дәуірде қалыптасқан көшпелі мал шаруашылығы этногенездің қозғаушы күші бола білді. Бұл көшпелі мал шаруашылығы түпкілікті түрде 1929 - 1930 жылдары жойылды. Бұған дейін қазақ жеріндегі халықтың менталитетін, өмір қалыптастырды. Қазақ халқының қалыптасуының өз кезеңдері бар. Соңғы кезең XIV - XV ғасырларда өтті. Этникалық үрдіс пен саяси үрдістер бір - біріне өзара әсер етіп, алға жылжытып отырды да, Қазақ хандығы құрылды. дүниетанымын көшпелі болмысын, Қазақ хандығы - қазақтардың төл мемлекеті. Мемлекеті бар халық - бақытты халық. Мемлекеті жоқ халықтың территориясы, экономикасы, тілі, діні, мәдениеті мен рухани өмірі болмайды. Тіпті, ондай халықтың болашағы да бұлыңғыр. Сондықтан, биылғы мемлекеттік мейрам - Қазақ мемлекетін ұлықтайтын мереке. Мына мейрам сол үшін болып жатыр. Мәңгілік Ел - дербес те, дамыған мемлекет құрып, береке - бірлікте тәуелсіз өмір сүруге ұмтылған халықтың арман - мұратының жиынтық идеясы. Бүгінде ол Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылғы халыққа Жолдауында, Ұлытау сұхбатында ұстартылып, жаңа деңгейдегі мемлекеттік дамудың стратегиялық бағыты ретінде жалғасын тапты. Қорыта келгенде қазақ хандары, батырлары, Тәу етер - Тәуелсіздігіміз, бір - бірімен тығыз байланысты екендігі Хандарымызды, батырларымызды, қастерлеп, Ұлыларымызды ұлықтап, Тәуелсіздігімізді баянды ете білейік демекпіз. даусыз.

2.Мемлекеттің саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуының заңдылықтары.

Қазақстанда нарықтық экономикаға көшудің алғашқы кезде үш кезеңі белгіленді. Бірінші кезең -- 1991 -- 1992 жылдар, екінші кезең -- 1993 -- 1995 жылдар аралығы болып, осы мерзімде жүргізілетін іс бағдарламасы Жоғарғы Кеңестің сессиясында мақүлданып, Президенттің Жарлығымен бекіді. Ал үшінші кезең -- 1996 -- 1998 жылдарды қамтуға тиіс болды. Осыған байланысты көптеген жаңа заңдар, реформаны жүзеге асыруға қажет басқа да құжаттар қабылданды. Нарықтық экономикаға көшу мәселелерімен айналысатын жаңа мемлекеттік басқару органдары құрылды. Олар: Мүлік жөніндегі, Монополияға қарсы саясат жөніндегі комитеттер, Салық инспекциясы, Кеден жэне т.б. Сондай-ақ нарықтық экономикаға тэн инфрақұрылымның кейбір түрлері: биржалар, коммерциялық банктер, сауда үйлері, жекеменшіктік кәсіпорындар мен шаруашылықтар, жеке меншік пен мемлекет меншігі аралас ірі корпорациялар, акционерлік қоғамдар, холдингтік компаниялар өмірге келді. Сөйтіп, нарықтық экономикаға қарай, меншіктің түрін өзгертуде, аралас экономика құруда біршама жұмыстар атқарылды. Алайда, нарықтық экономикаға көшуде бірсыпыра қателіктерге жол берілді. Біріншіден, реформаны бастауда мемлекеттің мақсаты да, мүдделері де, оларға жетер жолы да, әдіс-тәсілдері де толық анықталмады. Екіншіден, барлық елдерге бірдей сай келетін экономикалық реформаның моделі болмайды. Әр елдің өзіне тән, оның ұлттық бітіміне, тарихына, дәстүріне, нақтылы сая- си, әлеуметтік, экономикалық қалыптасқан жағдайына сәйкес өз моделі, өз жолы болуы керек. Оны әлемдік тәжірибе де көрсеткен. "Жапондық", "Немістік" тағы басқадай әр елдің өз даму жолы болғаны белгілі. Қазақстан көп елде жақсы нәтиже бермеген, Халықаралық Валюталық Қоры ұсынған "есеңгіретіп емдеу" деп аталатын жолына түсті, Ресейдің соңынан ерді. Үшіншіден, экономикалық реформа бірінен кейін бірі және өзіндік ретімен жасалуы арқылы жүзеге асуға тиіс. Ал Қазақстанда қажетті заң жүйесі жасалып бітпей, жекеменшікке негізделген кәсіпорындардың үлесі өсіп, бәсеке ортасы қалыптаспай түрып, ең әуелі бағаны ырықтандыруда бастау қате болды өйткені бағаны ырықтандыру -- үкімет тарапынан мезгіл-мезгіл оны өсіріп отыру болып шықты. Төртіншіден, қабылданған заңдар көп жағдайда жүзеге аспай қалды, себебі ол заңдардың жүзеге асатын механизмдері жасалмағанды. Бесіншіден, инфляцияны ауыздықтамаса ешбір істе береке болмайтыны белгілі. Бірақ осыған қарамастан мемлекеттегі қаржы, несие, ақша жүйесі ретке келмеді. Ұлттық банк ақша жүйесін, ақша айналымын, оның ішкі және сыртқы қозғалысын қатаң бақылауға алудың орнына, ақша-несие ресурстарын бей-берекет жұмсап, аса жоғары процентпен сатып, пайда табумен әуестенді. Алтыншыдан, қылмыс, жемқорлық, заңды бұзушылық көбейді. Оған жаппай тәртіпсіздік, жауапсыздық қосылды. Міне, бұлар реформаны жүргізуде, эконо- миканы дамытуда өздерінің зиянын тигізді. Жетіншіден, мемлекет басшылары экономикалық дағдарыс кезінде өмір сүріп, жұмыс істеп көрмегендіктен, оның қыр-сырын, бүге-шігесін, одан шығу жолда - рын білмеді. Экономикалық дағдарысты дүрыстап бағалай алмады. Елді дағдарыстан тез арада шығару саясаты жүргізілді, бірақ ол ешқандай нәтиже бермеді.Сондықтан мемлекет дағдарыстан шығудың жолдарын қарастыра бастады. Оның ең бастысы -- бағаны ырықтандыруды белгілі бір жүйеге келтіру еді. Қазақстанда ырықтандыру 1992 ж. мұнайдың, мұнайдан шығатын өнімдердің, басқа да энергия көздерінің бағасы әлемдік бағаға дейін жоғарылауы керек деген ұранмен жүргізілді. Осының нәтижесінде әр кәсіпкер, әр кәсіпорын ең жоғары таза пай - да алғысы келді. Сөйтіп баға шарықтап өсті, елдің экономикасы бағаның шарықтап өсу кесірінен төмен түсіп кетті. Бағаны ырықтандырудан кейінгі екінші атқарылған іс -- жекешелендіру. Мемлекеттік меншікті жекешелендірусіз нарыққа нақты көшу мүмкін емес еді. Бұл қадам нарық субъектілерін құру тұрғысынан ғана емес, сонымен бірге халықтың бойында меншік иесі психологиясын қалыптастыру тұрғысыпап да маңызды. Сондықтан да республикада ауқымды жекешелендіру жүргізілді. Бүгінде оны өткізудің 4 кезеңін даралап айтуға болады. Алғашқы үшеуі мемле - кет иелігінен алу мен жекешелендірудің ерекшелігімен байланысты болса, төртінші кезең мемлекеттік меншікті басқаруды жетілдіруге екпін түсуімен сипатталады. Біз шағын жекешелендіруден бастадық. Алғашқы кезеңнің ба - рысында 1991 -- 1992 жылдары 5000-ға жуық нысандар жекешелен-дірілді, олардың қатарында ұжымдық меншікке берілген 470-тен астам кеңшар болды. Екінші кезең "Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу мен мемлекеттік меншікті жекешелендірудің 1993 -- 1995 жылдарға арналған Yenлттық бағдарламасы" негізінде жүргізілді. Бұл кезеңнің аса маңызды қадамы мемлекеттік меншікті басқару мен жекешелендірудің біртұтас жүйесі болды. Сол кезде шағын және орта бизнесті дамытуға белгі берілді. Көтерме-сауда буынын қоса алғанда бұрынғы кеңестік сауда жүйесін өзгерту басталды. Қызмет көрсету саласында бәсекелестік орта пайда болды. Үшінші кезең 1995 жылғы желтоқсанда заң күші бар "Жекешелендіру туралы" Жарлықпен басталып, 1999 жылға дейін жалғасты. Осы сәттен бастап ол тек ақша қаражатымен жүзеге асырылды. 1999 жыл - дан кейін бірінші кезекке мемлекеттік мүлікті басқаруды жетілдіру мәселелері шықты. Төртінші кезеңде мемлекеттік меншікті басқару және онымен айналысу мәселелері бойынша мемлекеттік органдар арасындагы өкілеттіктерді бөлуге жаңа көзқарас қолданыла баста - ды. Республикалық мемлекеттік және коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарды оңтайландыру басталды. Елдің экономикалық қауіпсіздігін анықтайтын экономиканың стратегиялық маңызды секторларына мемлекеттің ықпалы мен ондағы үлесі ұлттық компаниялар арқылы сақталды. Мұнай-газ секторында -- бұл "ҚазМұнайГаз", энергетикада -- "КЕГОК", телекоммуникацияда -- "Қазақтелеком", темір жолда -- "Қазақстан темір жолы". Бірақ жекешелендіру барысында да кемшіліктер орын алды. Мемлекеттік меншікті жекешелендіру жарияланған екі кезеңінде де (1991 -- 92 жж. жэне 1993 -- 95 жж.) мүліктің көпшілік бөлігінің талан-таражға түсуіне жол берілді. Бұл халық шаруашылығы үшін берекесіздік тудырып, экономиканың терең дағдарысқа ұшырауының басты себебінің біріне айналды. Сондай-ақ, елдің экс - порта өнім шығаратын кәсіпорындары ескі әдетіне басып, өздерінің тауарларын эшелон-эшелонмен сыртқа жөнелте беруді ғана білді. Соның салдарынан республикадан 250 млрд. сомның өнімі сыртқа, негізінен алғанда Ресей Федерациясы мен ТМД елдеріне сутегін кеткен болып шықты. Сондықтан, бұл жағдай үкімет пен барлық экономикалық инсти- туттарды, Статистика мен Қолдау Комитетін қатыстыра отырып, терең талдау жасауды талап етті

Нарықтық қатынастарға көшу барысында бізде орын алған тағы бір үрдіс бар. Ол сонау Қазан төңкерісінен кейінгі индустриялан - дыру, ұжымдастыру науқандары сияқты қоғам өміріндегі түбегейлі өзгерістерге революциялық сипат беру. Ал біздің халық бұл үрдіске үйренбеген және ол халықтың психологиясына келе бермеді. Әсіресе, ауыл шаруашылығын жекешелендіруде үкімет асығыстық жіберді. Дағдарыс жағдайында бой көтерген жеке фермерлер басқа халықты асырамақ түгіл, өзін-өзі әрең асырап отырды. Нәтижесінде 1993 -- 1995 жылдарға арналған бағдарламалардағы инфляцияны төмендету, өндірістің құлдырауын тоқтату және өндірістің ұлғаюы үшін жағдайлар жасау жоспарынан еш нәрсе шықпады. Сондықтан мақсатты нұсқамалар түрінде 15 айға арналған қосымша бағдарлама қабылданды. Оның оң нәтижесі деп инфляцияның баяулауын айту- ға болады, бірақ өндірістің құлдырауын тоқтату мүмкін болмады.
1991 жылы өндірістің құлдырауы біршама тұрақты болған 1990 жылмен салыстырғанда 14,6%-ке, 1993 жылы -- 28%-ке, 1994 жылы 48%-ке, ал 1995 жылы -- 45%-ке жетті.
Нарықтық экономикаға көшу бастапқыда өнеркәсіптің дамуына жол ашпады. Халық шаруашылығының бұл саласын дамытуда көптеген қиыншылықтар кездесті. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары өнеркәсіп салалары, әсіресе, ауыр индустрия, халыққа аса қажет жеңіл өнеркәсіп орындары біртіндеп тоқтай бастады. Кәсіпорындардың көпшілігі қажетті материалдық ресурстардың жоқтығынан немесе қаржының жетіспеуінен өз қуаттарын толық пайдалана алмады. Күрделі құрылыстың қысқаруы экономикаға кері әсер етті. Экономиканың тұрақтануына қаржы-ақша жүйесінің терең дағдарысы кесірін тигізді. Өнеркәсіп орындарының жарты- сы 1992 жылы 1991 жылғы деңгеймен салыстырғанда өндірістің құлдырауына жол берді. Халық тұтынатын тауарлар күрт азайып кетті. Оны өндіру көлемі өнеркәсіп өндірісінің бүкіл көлемінің бес- тен бір бөлігін ғана құрады, сөйтіп 1991 жылмен салыстырғанда 21,5%-ке кеміді. Республика бойынша мұнай мен көмір өндіру қысқарды. Металлургия өнеркәсібінде күрделі жағдай қалыптасты: шойын, болат, прокат құю азайды. Түсті металлдар өндірісі қыс- қарды. Құрылыс және ауыл шаруашылығы техникаларын шығару едәуір кеміді. Күрделі құрылысты қаржыландыру көлемі 40 пайыздан астам қысқарды, нәтижесінде 1992 ж. мемлекеттік тапсырыс бойынша іске қосылуға тиісті 32 өндірістік қуаттар мен объектілердің тек 2-уі ғана іске қосылды.
Өнеркәсіптің құлдырауы 1993 және 1994 жылдары да тоқтамады. 1993 жылы 1990 жылмен салыстырғанда өнеркәсіп өнімі 16,1%- ке азайды. Ал 1994 жылы 1992 жылмен салыстырғанда өнеркәсіп өнімінің көлемі 39%-ке, халық тұтынатын тауарлар 41%-ке кеміді. Дегенмен 1995 жылы өнеркәсіп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тарихи жады негізінде мәдени сабақтастық және ұлттық-азаматтық бірегейлік туралы
Тарихи жады негізінде мәдени сабақтастық және ұлттық-азаматтық бірегейлік
Қазақстанның қазіргі заман тарихы
Тарихи сана негізінде мәдени сабақтастық және ұлттық-азаматтық бірегейлік
Ислам мәдениетіндегі дәстүр
Қазақ руханияты туралы философиялық тұжырымдар
Мәдени-тарихи мұрадағы, патриотизмді қалыптастырудағы саяси рәміздердің маңыздылығы
ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІНІҢ ҚҰНДЫЛЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Отансүйгіштік- ұлы қасиет
Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі
Пәндер