ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН БІЛІМ БЕРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ


ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН БІЛІМ БЕРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
Қашықтықтықтан оқыту - білім, білік дағдыларды алу үрдісі, бұл кезде оқыту процедураларының тұтас немесе белгілі бір бөлігі мұғалім мен оқушының территориялық алшақтығына қарамастан жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асырылады.
Қашықтан оқытудың білім саласындағы мақсаты: білім берудің біртұтас ақпараттың жүйесін құру арқылы оқушылардың білім деңгейін көтеру.
Қашықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып оқу процесін ұйымдастырудың негізгі міндеттері:
- оқытуды даралау;
- оқытудың тиімділігін (сапасын) арттыру;
- дәстүрлі оқыту нысаны қолайсыз болып табылатын жағдайларда білім беру қызметін ұсыну болып табылады.
Қашықтықтан оқытуды үш жүйенің жиыны ретінде карастыруға болады. Олар:
- дидактикалық жүйе
- технологиялық жүйе
- қамтамасыз ету жүйелері.
Қашықтықтан оқытуда екі компонент бар:
- оқытуды басқару
- өз бетімен білім алу.
Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыруғы маңызды кезең виртуалдық (синхрондық және асинхрондық) өзара іс-қимыл.
Синхрондық - мұғалім мен оқушының байланысы нақты уақытпен белгіленеді.
Асинхрондық - мұғалім мен оқушының байланысы белгілі бір уақытпен шектелмейді.
Қашықтықтан оқытудың артықшылықтары:
- технологиялылығы яғни қашықтықтан оқыту BilimLand, Kundelik Kz, Daryn. online, Microsoft TEAM, Google ClassRoom. заманауи бағдарламалар мен техникалық құралдарды пайдаланудың арқасында тиімді.
- қолжетімділік пен ашықтық, оқушыға үйден шықпай-ақ оған ыңғайлы уақытта оқуға мүмкіндік беріледі.
Еркіндік, икемділік, жекелей сапалы білімге қол жеткізу. Бір күн ішінде оқушыларды оқытудың жеке кестесі, әрбір күнге оқу тапсырмасын алу әдістері мен құралдары және оларды оқушы үшін ыңғайлы уақытта орындау, электрондық журналдар немесе мұғалім белгілеген басқа да қолжетімді байланыс түрлері, соның ішінде мессенджерлер арқылы кері байланыс ұсыну сияқты мүмкіндіктер пайда болады. Мұндай форма өзін-өзі жетілдіру дағдыларын дамытады.
Мұндай оқытудың артықшылығы - оның әмбебаптығы. Кез келген уақытта оқушы өз білімімен айналыса алады. Сіз уақытты өзіңіздің қажеттілігіңізге қарай жоспарлай аласыз. Біздің бүгінгі білім беруімізде ең бастысы - бұл нәтиже. Сондықтан алдымен қашықтықтан оқытуды қашан өткізетініңізді анықтап, оқушылармен қалай жұмыс істейтініңізді ойластырыңыз.
Қашыктықтан оқытуды ұйымдастырудың әр түрлі технологиялары бар.
Нақты уақыт режиміндегі кездесулер.
Сіз оқушылармен тікелей эфир өткізілетін немесе онлайн-кездесу өтетін уақыт туралы келісесіз. Онлайн-сабақта сіз материалдарды түсіндіресіз, оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, оларға сұрақтар қоясыз. Интерактивті оқу материалдары арқылы қашықтықтан оқыту
Оқушыларды оқытуды нұсқаулық, оқу контенті (видео, интерактивті бейне, мәтін, суреттер), өзін-өзі тексеру, сілтемелер және т. б. қамтитын интерактивті оқу материалдары арқылы ұйымдастыруға болады. Оқушылар тапсырмаларды орындауда қиындықтарға тап болған жағдайда бір-бірімен қарым-қатынасқа түсіп шешу үшін чат құру қажет.
Жұмысты жоспарлаңыз.
Уақытты белгілеп, мысалы, бір апта және оқушылардың жұмысын оқу пәні бойынша жоспарлаңыз. Жұмысты тұтас ұйымдастыру үшін, оқушылар қол жеткізуі тиіс оқу нәтижесінен бастаңыз.
Өзіңізге үш сұрақ қойыңыз:
Мен оқушыларымды неге үйреткім келеді (қандай оқу нәтижелеріне қол жеткізу керек?) ?
Оқушылар бұған қалай үйренеді (олар оқу нәтижелеріне қалай жетеді) ?
Мен оларды осы мақсатқа жету үшін қалай қолдау көрсете аламын (мен оларға оқу нәтижелеріне қол жеткізуге қалай көмектесемін және олардың қол жеткізгенін қалай білуге болады) ?
Жауаптарды ескере отырып, өзіңіз үшін жұмыс жоспарын құрыңыз: қандай оқу материалдарын жасау керек, балалардың жұмысын қалай бақылау керек, оларға кері байланысты қалай және қашан беру керек.
Оқушылар үшін де жұмыс жоспарын жасауға болады. Оқушыларға бір күндік жұмыс уақытын және бүкіл оқу аптасын жоспарлауға көмектесу үшін жоспар қажет. Оқушыларға арналған жұмыс жоспары тапсырмада жұмысты бастау үшін ұсынылатын күн мен уақытты, тапсырмаларды орындау мерзімін, мұғаліммен кездесу үшін белгілі бір уақытты, оқу материалдарына (егер сіз оларды бірден бере алатын болсаңыз) немесе жұмыс жүргізілетін платформаға сілтемелерді қамтуы мүмкін.
Оқушылармен қалай байланысатыныңызды анықтаңыз.
Оқушылардың оқу материалдарына кіру нүктесі болуы тиіс. Егер сіз оқушылармен жұмыста кейбір платформаны (блог, сайт, мессенджерлер, жабық топ және т. б. ) қолдансаңыз, онда қашықтықтан оқыту кезінде оқушылар сол арқылы жұмыс істей алады. Егер мұндай платформа болмаса, онда оқу материалдары электрондық журнал арқылы берілуі мүмкін (бірақ ол жүктемеге төтеп бере алмайды, сондықтан баламалы байланыс көзі болуы керек) .
Оқу материалдарын жасауды бастаңыз.
Қашықтықтан оқытуда электрондық журналындағы "оқулық, бет, сұрақтарға жауап беру және оқу" тапсырмаларының үйреншікті тұжырымдары мағынасыз болады, өйткені оқыту функциясы жоқ. Оқу жұмысын қашықтықтан ұйымдастыру - оқушының білмейтінін және істей алмайтынын өз бетінше меңгеруге көмектесу. Ал ол үшін біз жұмыс істеп жатқан оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып осы топқа арналған оқу материалдары мен тапсырмаларды дайындауымыз керек.
Оқу материалдарына жұмыс бойынша нұсқауларды қосыңыз (Егер сіз сыныпта түсіндірсеңіз), тапсырманы орындау үшін және материалдарды зерделеу үшін қажет уақытты, қажетті стратегияларды, ұсыныстар мен кеңестерді көрсетіңіз.
Қандай сандық қызметтерді (сервистерді) пайдаланатынын анықтаңыз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz