Жобалау әдісі педагогикалық инновацияларды енгізу мен өңдеу тәсілі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Жобалау әдісі педагогикалық инновацияларды енгізу мен өңдеу тәсілі
Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып,
әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыталуда. Бұл оқу-тәрбие үрдісіндегі
елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім  беру парадигмасы
өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас
пайда болуда. Келер ұрпаққа қоғам алабына сай тәрбие мен білім беруде
мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін
меңгеруі маңызды мәселелердің бірі.
Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны
күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін,
талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол
бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару педагогтың қажымас
ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да әрбір
баланың қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа,
шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық
технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік
білімстандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық
технологияны ендіруді  міндеттейді.
Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің
бірі – оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы
педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі таңда педаготар инновациялық
және интерактивтік әдістемелерін дәріс барысында пайдалана отырып дәрістің
сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.
“Инновация” ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған әр түрлі
анықтамалар берген. Мысалы, Э.Раджерс инновацияны былайша түсіндіреді:
“Инновация- нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея”. Майлс “Инновация
– арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге ауын,
шешімдерін күтеміз, – дейді.
Инновациялық құбылыстар білім беру саласында өткенғасырдың сексенінші
жылдарында кеңінен тарала бастады. Әдетте инновация бірнеше өзекті
мәселелердің түйіскен жерінде пайда болады да, берік түрде жаңа мақсатты
шешуге бағытталады, педагогикалыққұбылыстыүздіксізжаңғы ртуғажетелейді. ”
МасыроваР.ЛинчевскаяТ – “Жаңару” дегенімізді былай деп түсіндіреді: “Жаңару
– белгілі бір адам үшін әділ түрде жаңама, әлдеескімеоғанбайланыстыемес,
ашылған уақытынан бірінші қолданған уақытымен анықталатын жаңа идея.
Еңбек нарығында бәсекеге қабілетті маман дайындау барысында  алда
тұрған міндеттерді шешудің бірден-бір жолы сабақта жобалау әдісін қолдану
керектігіне тоқталмас бұрын, жобалау әдісінің тарихына қысқаша шолу
жасайық.
     Жобалау – proicere деген латын сөзі. Бұл сөз жоспарлау,
дайындау сияқты мағынаны немесе жоспардың жүзеге асырылуын білдіреді.
Жоба ұғымы педагогика саласында ғана  емес экономика, басқару, зерттеу
салаларында да кеңінен қолданылатыны белгілі. Мысалы: құрылыс жобасы,
зерттеу жобасы, оқыту жобасы т.б.
    
Біздің жағдайымызда жобалау әдісі деп – сабақтың өткізілу түрі
айтылады. Сонымен қатар жобалау әдісі - студент пен оқытушының  бірігіп,
белгілі бір мәселені шешуге және қорытынды жасауға  негізделген оқу немесе
басқа да әрекеттерін айтуға болады. Мектеп мұғалімдерінің арасында жобалау
жұмыстарына байланысты жобалау сабақтары, жобалық апталықтар, жобалық
жұмыстар т.б  тіркестер қолданылып жүр. Жобалық жұмыстар орындалу мерзіміне
қарай ұзақ, орташа және қысқа мерзімді болып бөлінеді. Қазір мектеп
оқушылары мен мұғалімдері бірігіп ұзақ мерзімді ғылыми жобаларды орындап,
қорытындысы бойынша қала, республика көлемінде белгілі ғалымдардың
қатысуымен өткізілетін конференцияларда келелі мәселелердің шешілу жолдары
туралы ойларын  ортаға салып, көпшілікті мәселелерді шешу жөніндегі
ұсыныстары  таң қалдырып жүргені бәрімізге белгілі.
     Жобалау әдісі 20 ғасырдың басынан басталады. Бұл әдістің ғылыми
негізін қалаушылар:  Д. Дьюи , Девей, Килпатрак, Снедден, Ричардс.  
   Сол кездің өзінде АҚШ ғалымдарының арасында жобалық жұмыстарды - жұмыс
техникасына немесе дидактикалық концепцияға жатқызу  туралы  мәселе
пікірталас туғызған болатын.
    Танымдық прагматизм философиясының  өкілі Девей жобалық жұмыстың ғылыми
және саяси концепциясының іргетасын қаласа, оның әріптесі Килпатрак жобалау
әдісін ауқымды мағынасына қарай тәрбиеге қатысты философия ретінде
бағалады. Осыған байланысты Килпатрак жобаны әлеуметтік ортада өткізілетін
жүректен шыққан мақсатты әрекет ретінде қарастырады. Девей мен Килпатрак
мектептен тыс кезде  өмір мен ойлауды,әрекет пен білімді, мектеп пен
тәжірибені  байланыстырушы ретінде жаңа дидактикалық концепция негізін
салмақшы болады.  Қорыта келе Килпатрак жоспарлы әрекет демократиялық
қоғамның белгілі сипатты бөлігі деп есептейді, сондықтан оны да оқу
үрдісінің сипатты бөлшегі ретіндеқарастыру керек екендігіне тоқталады. Бұл
ұғым АҚШ-тың шығысында ғана қолдау тапты. Басқалары мәселені шешу процесін
жобалау әдісініңерекшебелгісі деп білді. Сонымен кез келген өз бетінше
шеуін табуға болатын мәселелерді жобалық жұмыс деп  айтатын болды. Осының
салдарынан жобалық жұмыс - мәселені шешудің сызбалық  үрдіс деңгейіне түсіп
кетті. Бұл үрдіс барысында оқытушы мәселені ұсынушы болса, оқушы оны шешуші
болды.
     Жобалау әдісі бастау алған Солтүстік Америкадан басқа жерлерде
(Кершенштайнер 1968; Гаудиг 1922; Хаазе 1932; Отто 1914) және еңбек
мектептерінде   (Кершенштайнер 1904, Эстрайх 1921; Блонский 1937, Макаренко
1969.)  бұл мәселе жөнінде педагог-реформаторлардың арасында пікірталастар
болып тұрды.
    Рейхвейн (1951) теория мен тәжірибенің  байланысын жоба десе, Б. Отто
жалпы сабақтардың концепциясында басты рөлді сұхбат ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағылшын тілі сабағында жобалау әдісін қолдану
Әлеуметтік жобалау және болжау ғылыми таным әдісінің методологиялық аспектілері
Әлеуметтік - педагогикалық қызметтің кәсіби қызметінің бағыттары
Инновациялық педагогикалық әлеуетті дамыту
Визуалдық технологиялар негізінде оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру жолдары
Тәрбиенің инновациялық әдістері мен технологиялары
Педагогикалық қызметтің визуалдық бағыттылығы
Қазақ әдебиетін оқытудың әдістемесі
География сабақтарында модульдік оқыту технологиясы
Педагогикалық инновацияның бағыттары
Пәндер