ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ - ӨЗДІГІНЕН БІЛІМ АЛУ КЕҢІСТІГІН ҚҰРУ ОРТАСЫ


ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ - ӨЗДІГІНЕН БІЛІМ АЛУ КЕҢІСТІГІН ҚҰРУ ОРТАСЫ
Еліміздің жалпы орта білім беру жүйесін жаңарту жағдайында оқыту мен оқу үдерісі сындарлы оқыту теориясына негізделіп, ынтымақтастықта белсенді оқу үлгісіне көшірілуде. ХХІ ғасырда адам капиталын дамытуды мақсат ететін жаңа экономикалық қағидаттардың нығаюы мен әлемдік білім беру жүйесіне ықпалдасу үдерісі педагогикалық жүйелерді дамыту жолдарын жетілдіруге барынша ықпал етуде. Бұл мәселенің маңыздылығы отандық білім беру саясатының парасатты зияткерлікті қалыптастыру туралы нақты міндеттерінен туындауда.
Олар бірнеше бағыттарды қамтиды:
- Зияткерлік еңбектің мәртебесін көтеріп, жастардың білімділікке, парасаттылыққа, Отан мен халыққа қызмет етуге деген көзқарастары мен қарым-қатынасын өзгерту;
- Ұлттық интеллектінің діңгегін құру, ол үшін халықаралық деңгейде бәсекеге түсе алатын білімді, жаңаша ойлайтын, қабілеті мол азаматтар қалыптастыру;
- Білім, ғылым және инновациядағы серпілісті қамтамасыз ету;
- Бұлардың барлығы да жаһандық әлемдегі білім беруді дамытудың негізгі факторы адами капитал рөлін арттыру, адами ресурстарға деген жаһандық бәсекелестіктің өсуі және жаңа «технологиялық толқын» талаптарына жауап беруді қамтамасыз ету мақсаттарын көздейді.
Осы мақсаттарға жету үшін елімізде кешенді жұмыстар жоспарланып, стратегиялық мақсаттарға сай сан-салалы іс-шаралар ұйымдастырылуда. Стратегиялық бағдарламаларға сай білім беру жүйесін реформалау кезең-кезеңімен жүргізілуде. Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша білім беру үлгісі 1-сыныптарда сынақтан өтуде.
Оқыту нәтижесінде қандай қоғам азаматына қол жеткізе алатынымыз басты мәселе болып табылуда. Яғни, білім берудің нәтижесі оқушының пәндік білім, білік, дағдыларды меңгеруі ғана емес, оның қоғамның саналы, жауапты, құқылы мүшесі болып қалыптаса алуында болмақ.
Қазақстанда білім берудің ұлттық мақсаттарын үштілділік, еуразиялық көпмәдениеттілік, қатысымдылық, технократтық құзыреттіліктері базалық құзыреттіліктер ретінде құрай алады.
Мектеп - әлеуметтік институт, ағарту және мәдениет орталығы. Бала кіші жасынан бастап құрбыларымен, ересектермен, қоршаған ортамен әрекеттесуді, ақпараттық, қатысымдылық құзыреттіліктерді меңгеруді, оларды оңтайлы қолдануды мектеп қабырғасынан бастағаны дұрыс.
Қазіргі кезеңде сабақ мұғалім мен оқушының бірлескен әрекеті, оның мазмұны мен құрылымын, өткізілу формасын мен түрін, құралдарын таңдауда оқушының сұранысы назардан тыс қалмауы керек.
Ең басты құндылық бала тұлғасының тұтастығы мен жеке ерекшеліктерін сақтай отырып дамуы, баланың денсаулығы, оның психологиялық жайлылықта өмір сүруі, әрекет етуі. Бала денсаулығы оның жеке және ұлттық құндылығы, бала мәртебесі - қоғам мәртебесі, мемлекет мәртебесі.
Қазіргі кезеңде «нәтиже» сөзіне бірнеше анықтамалар берілуде: біріншіден, мектептік білім беру нәтижесінде оқушылардың білім, білік, дағдыларын дамытуы, екіншіден, сынып немесе жүйе деңгейлеріндегі оқушылардың тест, курс көрсеткіштері т. с. с үлгерім индикаторлары, үшіншіден, әрбір білім беру деңгейіндегі оқушылардың қоғаммен әрекеттесу, яғни әлеуметтену нәтижелері.
М. Ж. Жадринаның еңбегінде көрсеткендей, білім мазмұнын жаңартуға қатысты жаңалықтарында білім беру мазмұнын құрылымдау объектісі оқу материалының көлемі мен құрамы емес, оқыту нәтижелері болатындығы айтылған. Ұлттық стандарттар әр сынып пәндері бойынша білім беру мазмұнына «кіруімен» емес, күтілетін нәтижелер негізінде «шығуымен» реттеледі делінген. Осы орайда, негізгі мәселе білім беру нәтижелерінің құзыреттілік негізінде түзілуі болмақ.
Педагогикалық еңбектерде білім жетілдіру проблемасына байланысты мұғалімнің құзыреттілігі өзекті де түйінді мәселе ретінде қарастырылуда. Басқару практикасында құзыреттіліктерді қолдану және құзыреттіліктерді модельдеу саласындағы белгілі ағылшын мамандары Стив Уиддет және Сара Холлифорд әлемдік практикада іс-әрекет құралы құзыреттілік деп көрсеткен.
Еуропа Кеңесі семинарында «Европадағы орта білім» тақырыбында талқылау нәтижесінде ұсынылған құзыреттіліктер тізбесін ұсынатын болсақ:
Оқуға байланысты құзыреттілік: өз білімдерінің байланысын ұйымдастыруы және оны реттей білуі, тәжірибе тиімділігін қолдана білуі, өзінің дара оқыту әдістерін ұйымдастыруы, проблемаларды шеше білуі, өздігінен оқумен айналысуы.
Ізденіске байланысты құзыреттілік : әртүрлі мәліметтер базасын сұрастыруы, айналасындағы адамдардан сұрауы, сарапшылармен кеңесуі, ақпараттар ала білуі, іс-құжаттармен жұмыс жасауы және жіктей білуі.
Ойлауға байланысты құзыреттілік: өткен және қазіргі оқиғалармен байланысты ұйымдастыруы, қоғам дамуының аспектілеріне сыни көзқарас таныта білуі, қиындықтар мен сенімсіздікке қарсы тұра білуі, пікірталастарда өз ойыңды айтып, ұстанымдардағы тұрақтылығы, білім алып, қызмет етіп отырған ортаның саяси және экономикалық маңыздылығын түсінуі, денсаулыққа, қоршаған ортаға байланысты ә
Бірге еңбек ете білуге байланысты құзыреттілік: топтарда және бірлесе еңбек ете білуі, шешім қабылдай білуі, келіспеушіліктер мен керісулерді реттей білуі, келісе білуі, келісімшарттарды дайындауы және орындай білуі.
Іске кірісуге байланысты құзыреттілік: жобаларға қатысуы, жауапкершілік жүргізуі, топқа және ұжымға ене білуі, өз үлесін енгізуі, ынтымақтастықты дәлелдеуі, өз жұмысын ұйымдастыра білуі, техникалық құралдарды пайдалана білуі;
Бейімделе білу құзыреттілігі: ақпараттық-коммуникациялық жаңа технологияларды қолдана білуі, шұғыл өзгерістер алдында бейімділігін дәлелдеуі, қиындықтар алдында төзімділігін көрсетуі, жаңа шешімдер таба білуі болып табылады.
Білім беруді дамытуға бағытталған құжаттарда бұдан басқа да көптеген құзыреттіліктер анықталған. Түйінді құзыреттіліктердің алты тобы көрсетілген, соның ішінде математикалық құзыреттілікке тоқталғым келеді.
Математикалық құзыреттілік: сандық білім, кеңістікті бағдарлау, геометриялық білім, құру, мәліметтік баға, математикалық ойларды қолдану, адаптациядан өткізу, проблема шешуге арналған үдерістерді ұйымдастыру немесе орындау.
«Нәтижеге бағытталған білім» адамдарды 3 себеппен жақындата түседі: нәтижеге бағытталған білім беру оқытудың сапасын жақсарта түседі, қатысушылардың жоғарғы сапалы нәтижеге жетуге мүмкіндіктерін көтереді және мектеп құрылымында міндеттерді жіктеуін жақсартады.
Нәтижеге байланысты білім жүйесіндегі мұғалім құзыреттілігі мен квалификациясына талап қою мәселелеріне келсек:
- мектептік білім жүйесі нәтижесінің соңғы нәтижесін бағдарлау;
- білім сапасының анықталуына құрылымдық қатынас жасау;
- білім сапасының жетістігіне жету үшін оқу-әдістемелік, материалдық-техникалық ережелермен қамтамасыз ету;
- білімнің сапалы жетістіктері мұғалімнің кәсіби деңгейін көтеру ережесі;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz