Әл-Фараби еңбектері – рухани-адамгершілік құндылықтардың қайнар көзі


Түркістан облысы
Т. Рысқұлов атындағы мектеп-лицейі
Әл-Фараби еңбектері - рухани-адамгершілік
құндылықтардың қайнар көзі
Орындаған: Өзін-өзі тану пәні мұғалімі
Мухангалиева Раушан Алибековна
Қазығұрт 2020
Әл-Фараби еңбектері - рухани-адамгершілік
құндылықтардың қайнар көзі
Болашақта ел тұтқасын ұстар азаматтардың өнегелі тәрбиесі бүгінгі күн тәртібінде тұрған маңызды мәселелердің бірі: олар отансүйгіштік сезімін, білім мен біліктілігін, дағдысы мен шеберлігін, асқақ адамшылдық пен адамгершілік қадір-қасиеттерін жаңа дүниетанымдық көзқарастарын, салауаттылық дағдыларын - ұнамды мінез-құлық нормалар мен рухани - адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру қажеттілік екені белгілі.
Елбасы Н. Ә. Назарбаев «Еліміздің болашақта қандай болатыны балаларымыздың бойына өзіміз қандай тәрбиені сіңіретінімізге тікелей байланысты» деп айтқандай рухани-адамгершілік құндылықтармен білім жүйесін дамытып қалыптастыру жаңа қоғамның дамуындағы мәні зор, маңызды бағыт болып отыр. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз - өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады.
Жоғарыда көрсетілген мәселе жайында көптеген зерттеулер орын алған. Біз осы зерттеулер ішінен қазақтың ғұламаларының бірі Әбу Насыр әл-Фарабидің еңбектерінен рухани-адамгершілік құндылықтар жөніндегі көзқарастарын, ойларын зерттеп, ашуға тырыстық. Әл-Фарабидің шығармаларында адам баласын ізгілікке, адамгершілікке баулу мәселесі кеңінен орын алғаны мәлім.
Ғұламаның адамгершілік ізгіліктер туралы пайымдаулары «Өзін-өзі тану» пәні арқылы берілетін рухани-адамгершілік құндылықтардың негізі іспеттес. Әл-Фараби адам баласын жаратылыстың ең ұлы құндылығы деп есептеді.
Әл-Фараби жетілген тұлғаны тәрбиелеу үшін «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» деген басты қағиданы ұсынды. Осы айтылған ойларымен адам баласы қаласын, қаламасын келісуі керек деп ойлаймыз. Өйткені тәрбие берілмеген, көрмеген бала, қалай білім алады? Иә, кейбір адамдар, тәрбиені ата-ана береді, ал жағымсыз әрекеттер қоршаған ортадан беріледі деп қашқақтайтындар кездесіп жатады. Дегенмен де, халықта «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны істейді» деген де сөз бар. Тәрбие - бұл үздіксіз процесс. Тәрбиені адам баласы туылмай жатып-ақ алады. Өйткені, ата-ананың оң, теріс қылықтарын естіп, көріп, сезіп туылады және солай өседі. Сондықтан да жаңа заман арқауында телефон, интернет, теледидар көріп-біліп, өсіп келе жатқан ұрпағымызға ата-ана, мұғалім, қоршаған орта балаға тәрбие берерде жаттанды емес, рухани жағынан ұғындырып, өмірмен тығыз байланыста екендігін сезіндіріп, өзіміздің әр бір іс-әрекетімізден рухани, ұлттық құндылықтарды көрсете отырып тәрбиелеуіміз қажеттілікті танытып отыр. Жас ұрпаққа руани - адамгершілік құндылықтарды берерде ұлттық құндылықтарды есере отырып, өзіміздің ғұлама ғалымдарымыздың еңбектерімен, шығармашылығымен, өлең жолдарымен таныстыра отырып, оқытып, рухани адамгершілік құндылықтарды бойларына сіңіру басты маңызды іс болып отыр. Қарап отырсақ, бұл тәрбие, рухани-адамгершілік құндылықтар күрделі мәселе. Бұл әлі де зерттеуді талап етіп отыр. Әл-Фараби еңбектерінен рухани құндылықтарды алып, жас ұрпаққа беру біздің міндетіміз.
Әл-Фарабиді қазақ даласына алып келген қазақтың біртуар ғұламаларының бірі Ақжан Машанов болды. Ол Әл-Фараби мұрасын қазақ халқының ұлттық дүниетанымымен сабақтастыра зерттеу нәтижесінде Фарабитанудың негізін қалады. «Әл-Фараби» тарихи романында оның көркем бейнесін сомдады. Әл-Фараби және Абай» (Алматы, 1994) еңбегінде әр дәуірде жасаған қазақтың екі ғұламасы арасындағы ғылыми және рухани байланыстар мәселесін зерделеді. Ұлы ғұламаның артында қалған ғылыми мұрасын жан-жақты қарастырған «Әл-Фараби» (Алматы, 1971), «Әл-Фараби және бүгінгі ғылым» (Алматы, 2004) кітаптары жарық көрді.
Әр жылдарда «екінші ұстаздың» ғылыми мұрасын түрлі жақтарынан қарастырған А. Көбесовтің, А. Қасымжановтың, А. Қасымжанованың, С. Дәукееваның, т. б. зерттеулері кітап болып шықты. Сонымен бірге, Әл-Фарабиге арналған ұжымдық монографиялар, конференция материалдарының жинақтары жарық көрді. Ә. Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» (1975) романында ғұламаның көркем бейнесі сомдалды. Әл-Фараби жайлы зерттеулер шетелдерде де, әсіресе араб, түркі елдерінде жалғасып жатыр.
Әл-Фараби - ғылымның барлық саласымен дерлік, айналысып, 150-дей ғылыми трактат жазып, артына өшпес мұра қалдырған энциклопедист ғұлама, орта ғасырлардағы түркілік, исламдық өркениеттің жарық жұлдызы. Оның есімі әлемдік өркениеттің тарихында әйгілі ойшыл, философ, математик, физик, астроном, әлеуметтанушы, тілді, сөз өнерін, саз өнерін зерттеуші ретінде кеңінен танымал болды.
Адами қасиеттерді қатыстыра отырып, Әл-Фараби Алла-Тағаланың ұлылық, кереметтік және даңқ тәрізді сипаттамаларын қарастырады. Бұл мәселелер туралы мағлұматтарды Әл-Фарабидің “Азаматтық саясат”, “Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары” атты шығармаларында кездестіре аламыз.
“Ізгілік қаласында” философ “Бірінші себептер” ұғымын енгізеді және оны ең алдымен, материяны қажетсінбейтін болмыс ретінде қарастырады. Әл-Фараби ізгілік ұғымын парасатты теориялық, парасатты практикалық, ұмтылушы, елестетуші және түйсінуші тәрізді бес жан күйлерімен байланыстырады. Тек парасатты теориялық күш ғана бақытқа жеткізеді, - деп көрсетеді философ. Бақыт дегеніміз - ол абсолюттік игілік. Фарабидің айтуынша, адамдар көп нәрселерді өзінің өмірінің мақсаты мен негізі деп ойлайды. Олар өзіне ұнайтын, керекті нәрселер. Адам бақытты ешбір жағдайда басқа күш арқылы емес, тек теориялық ақыл парасат күші арқылы ғана пайымдайды. Бақытты дұрыс түсінетін адамдар - данышпан адамдар. Бақыт, Әл-Фарабидің пікірінше, адам кемелденуінің шегі.
Әл-Фарабидің білуінше, «Жақсы мінез-құлық пен ақыл-күші бұлар адамшылық қасиеттер болып табылады. Егер осы екеуі бірдей болып келсе, біз өз бойымыздан және өз әрекеттерімізден абзалдық пен кемелдікті табамыз және осы екеуінің арқасында біз ізгі игілікті және қайырымды адам боламыз, біздің өмір бейнеміз қайырымды, ал мінез-құлқымыз мақтаулы болады» - деп ескертеді. Ғұламаның бұл пікірінен ұғатынымыз - адамның санасы мен мінез - құлқы оның адамгершілік сапаларын қалыптастырудың негізі болатындығы.
Әл-Фараби "Адам өз өмірінің қожасы, сондықтан өз бағытын өзі жасауы керек. Ол не нерсеге де ұқыптылықпен қарап, жиған-тергенін орынсыз шашпай, кез келген адамға сырын ашпай, өзінің мақсат мүдделері жөнінде достарымен ғана бөлісіп отыруы керек. Осылайша өмір сүрген адамның ғана ар-ожданы таза болады" деген.
Әл-Фapaби өз зaмaнындa «Aдaм көп нәpceгe мұқтaж бoлғaндықтaн, өзiнe кepeгiн қoғaмдacқaн opтaдaн ғaнa тaбa aлaды. Жeкe жaн иeci aдaмдap бipлecтiгiнiң apқacындa жeтiлiп, өз қaбiлeтiн шыңдaй түceдi. Ocыдaн кeлiп oлapдың өмip cүpy мәнi қaлыптacaды», дeй кeлe, pyxaни құндылықтap iшiнeн aтaп көpceткeн epeкшe ұғымы «қaйыpымдылық» фeнoмeнi бoлды. «Қaйыpымдылық» eкi түpлi бoлaды: этикaлық жәнe интeллeктyaлдық. Интeллeктyaлдық - (жaнның) aқыл-пapacaттық жaғынa жaтaтын қaйыpымдылық - дeйдi ғұлaмa. Мәceлeн, дaнaлылық, пapacaттық, aқыл-oйдың тaпқыpлығы мeн ұғымтaлдық. Aл этикaлық қaйыpымдылық - (жaнның) ұмтылy жaғынa жaтaтын қaйыpымдылық.
Әл-Фараби өзінің «Қайырымды қала» еңбегінде адам танымынан бастау алып, оның қызметімен (ісімен), рухани өмірімен жалғасатын құндылықтарды, білім түрлерін кеңінен талдаған. Ойшылдың ұғымынша қоғамның беріктігі, тұрақтылығы, күштілігі имандылықтан, жаратылыс құдіреті туралы адамзаттың дұрыс танымынан (ілімнен) бастау алмақ.
Әл-Фарабидің идеяларынан түсінетініміз мемлекет халықтың, жеке адамның рухани болмысының толыққандылығымен, тереңдігімен нығаяды. Ел болмысының негізін құрайтын ұрпақтың болмысы болса, жаңа айтып өткеніміздей дұрыс сенім, дұрыс таным, дұрыс білім, денсаулық, табиғи ортаның тазалығы, қоғамдық ортадағы қайырымдылық, адамдардың бір-біріне деген адамгершілігі, жауаптылық мемлекетті көркейтеді. Ұрпағын дұрыс тәрбиелеп, қорғай білген елдің ұрпағы елін қорғайды.
Әл-Фараби философиясында зерделенген қайырымдылық, ізгілік мәселелері адамзат баласына ортақ, оның табиғатының мәнін ашатын, адамның тұлғалық қасиеттерін тарих қатпарынан аршып алатын құндылық.
Адамды қадірлейтін, өзінің төл құндылықтарын дәріптейтін, сақтай алатын, кейінгі ұрпаққа дінді, адамды, табиғатты құрметтеуді үйрете білетін, құндылықтарын табыстай алатын ел ғана қайырымды мемлекетті құра алады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz