Көптік жалғау



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРЫ ЖӘНЕ ОРТА
АРНАУЛЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

ТАШКЕНТ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКА
УНИВЕРСИТЕТІ
БАСТАУЫШ ТӘЛІМ ФАКУЛЬТЕТІ
БАСТАУЫШ ТӘЛІМ ПӘНДЕРІ КАФЕДРАСЫ

ЖАЛҒАУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ. КӨПТІК ЖАЛҒАУЫ ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ
РЕФЕРАТ

Орындады: Бастауыш тәлім 104-топ талапкері : Абдусаматова Жазира
________________________________
Қабылдады: Бастауыш тәлім кафедрасы доценті, ф.ғ.к. Д.Т.Айтбаев:
_________________________________

ТАШКЕНТ-2022

Тақырып: Жалғау және оның түрлері. Көптік жалғауы туралы түсінік.
Жоспар:
I.Кіріспе:
Жалғау және оның грамматикалық қызметі.
II. Негізгі бөлім:
А. Жалғаулар және оның түрлері.
Ә.Көптік жалғауы туралы түсінік.
III. Қорытынды:
Пайдаланылған әдебиеттер

I.Кіріспе:
Әрбір сөздің өзіне тән тұлға-тұрпаты болады. Сол тұлға тұрпаттың арқасында әрбір сөз бір бүтін тұлға (единица) ретінде қызмет етеді. Ал, сөздің тұлға-тұрпаты (құрылымы) оның лексикалық және грамматикалық сипаттарымен байланысты. Осы себептен сөздер морфологиялық құрылысы жағынан әр қилы болып келеді. Ал, сол әрқилылық, әрине, сөздердің құрамдарының әр түрлі болуына байланысты да, сөз құрамының түрлі-түрлі болуы оның бөлшектеріне байланысты. Бірер мысал алып, сөздің құрамы деген ұғымды анықтап көрейік. Ғашықтың тілі -- тілсіз тіл (Абай) деген сөйлемдегі тіл, тілі, тілсіз сөздері сөйлеу қажетіне қарай өзгертіліп қолданылған. Ал ол өзгеріс сол сөздердің тіл, тілі, тілсіз дегендегі сыртқы тұлға-тұрпаттарынан айқын көрініп тұр. Бұлардың үшеуіне де бірдей ортақ форма, әрине, тіл деген түпкі бөлшек. Ал сонымен қатар, қолдануда біреуіне -і бөлшегі (тіл-і), біреуіне -сіз бөлшегі (тіл-сіз) қосылған. Сөйтіп, бір сөздің өзі үш түрлі формада қолданылған (тіл, тілі, тілсіз). Бұл сөздің сыртқы формасының осындай үш түрлі болу ерекшеліктеріне қарай, олардың өзара мағыналық өзгешеліктері де бар. Мұндағы тіл деген түпкі бөлшек сөздің негізгі лексикалық мағынасына ие. Ал, тілі дегендегі -і бөлшегі сол құралды үшінші (бөгде) адамға (ғашыққа) теліп тұрса, -сіз бөлшегі (тілсіз) сөзі жоқ тіл деген мағынаны білдіріп тұр. Айтылар сөз айтылды ғой... бірақ нені айтсаң да, ойлап айт... айтатыныңа айт. (М.Әуезов) деген сөйлемдерде айт, айтылар, айтылды, айтсаң, айтатыныңа деген формалар қолданылған. Осы төрт сөздің біріншісінде түбірге әуелі -ыл бөлшегі, одан кейін -ар бөлшегі (айт+ыл+ар) қосылған; екінші сөзде түбірге әуелі -ыл, одан соң -ды бөлшектері (айт+ыл+ды) қосылған; үшінші сөзде әуелі -са, одан кейін -ң бөлшектері (айт+са+ң) қосылған; төртінші сөзде әуелі -атын, одан кейін -ыл одан соң -ды бөлшектері (айт+ыл+ды) қосылған. Бұл сөздерге де бәріне бірдей ортақ айт деген түбірге жамалған әрбір жеке бөлшек өзінше қосымша мағыналар үстеген. Сөздің лексикалық я грамматикалық мағыналарын білдіретін осындай бөлшектер морфемалар деп аталады.
Жалғау және оның грамматикалық қызметі.
Морфеманың да өзіне тән мағынасы (мазмұны) және өзіне тән сыртқы дыбыстық жамылышы (формасы) болады. Ендеше, морфема деп сөздің өзіне тән мағынасы бар ең ұсақ бөлшегін айтамыз. Сөздің морфологиялық құрамындағы морфемалардың мағыналары мен қызметтері, әрине, бірдей емес. Морфемаларды, ең алдымен, түбір морфема және қосымша морфема деп негізгі екі салаға (түрге) бөлуге болады. Жоғарыдағы мысалдардағы тіл және айт деген морфемалар түбір морфемалар болады. Ал, оларға қосылған -і (тілі); -сіз (тілсіз); -ыл (айтыл); -ар (айтылар); -са (айтса); -ң (айтсаң); -ды (айтылды); -атын (айтатын); -ың (айтатының); -а (айтатыныңа) морфемалары қосымша морфемалар. Түбір морфеманы да, қосымша морфеманы да әрі қарай мүшелеуге болмайды. Түбір морфема - сөздің әрі қарай бөлшектеуге келмейтін ең түпкі негізі. Бұл түпкі негіз сөздің құрылысының да, мағынасының да негізгі ұйытқысы болып есептеледі. Өйткені түбір морфема қатыспаса, қосымша морфеманың бірде біреуі, яки бірнешеуі қосылып та ешқандай мағынаны білдіре алмайды және сөз де бола алмайды. Ендеше, түбір морфема ең негізгі морфема болып саналады. Түбір морфема өздігінен жеке тұрып семантикалық жағынан да, қызметі жағынан да дербес сөз бола алады. Мұндай жағдайда түбір морфеманың мағынасы мен сөздің мағынасы бірдей болып шыға береді. Мысалы, бас, тіл, жол, кел, жүр морфемаларын алсақ, олардың әрқайсысы әрі түбір морфема, әрі жеке сөз бола алады. Ал бастық, тілші, келісім, қолтықта деген сөздерді алсақ, олар -- құрамында түбір морфемалары да, қосымша морфемалары да бар сөздер. Бұларда түбір морфемаларының мағынасы мен сөздің мағынасы бірдей емес, өйткені олардың құрамдарында түбір морфеманың негізгі мағынасы да, оның үстіне қосымша морфемалар арқылы жамалған үстеме я қосымша мағыналары да бар. Түбір морфема дара түрде де, қосымша морфеманы қосып алып та жеке сөз ретінде қолданылатыны сияқты, қайталанып та (тау-тау, қора-қора), басқа түбір морфемамен қосарланып та (тау-тас, қора-қопсы), бірігіп те (белбеу, басқұр), тіркесіп те (он екі, қара сұр) жеке сөз ретінде жұмсала береді. Сонымен қатар, ондай қайталанған, біріккен, тіркескен түбір морфемаларға қажетінше қосымша морфемалар жалғанып та қолданыла береді. Қосымша морфемалар деп түбірге қосылып, оған қосымша мағыналар үстейтін морфемаларды айтамыз. Қосымша морфемалар өз ішінде жұрнақтар, жалғаулар және қосалқы сөздер деген үш топқа бөлінеді. Бұл қосымшалардың жұрнақтар деп аталатын түрі жалаң сөздерді жасау үшін қолданылады да, қосалқы деп аталатын түрі сөз тіркестері мен құранды сөздерді жасау үшін қолданылады. Ал, жалғаулар деп аталатын түрі жұрнақтар мен қосалқы сөздер арқылы жасалған жалаң және күрделі сөздерді бір-бірімен байланыстыру үшін қолданылады. Қосалқы сөздер жайындағы мәліметтер әрбір сөз табының тұсында айтылып отырылады. Қосымша морфемаларда мағыналық дербестік те, тұлғалық дербестік те болмайды. Өйткені қосымша морфемада жеке тұрғанда өзіне тән арнаулы дербес мағына болмайтындықтан, ол (қосымша) түбірдің қатысынсыз жеке-дара қолданылмайды. Сондай-ақ қосымша морфема жеке-дара қолданылмай, тек түбірге (сөзге) тіркестіріліп қана жұмсалатындықтан, оның тұлғасы жалғанатын түбір морфеманың әуеніне еріп, өзгеріп, түрленіп отырады. Осы себептен бір морфеманың дыбыстық бірнеше түрі (варианты) болуы мүмкін. Мысалы, атты кісі, сүтті сиыр, сауулы інген, елеулі мәселе, малды шаруа, білімді адам дегендегі - ты, -ті, - лы,- ды, -ді бөлшектері -- бір морфеманың әр алуан түрлері. Жолы бірді жолдас дейді. Ауыр асу, қиын күндер бар алдымызда. Жолдаспыз сол жолда. Бірге асамыз сол асудан (Ғ.Мүсірепов) деген сөйлемдердегі жолы, жолдас, жолдаспыз, жолда сөздерін және асу, асамыз, асудан сөздерін алайық. Бұлардың бірінші тобының түпкі морфемасы -- жол да, қосымша морфемалары -ы (жолы), -дас (жолдас), -пыз (жолдаспыз), -да (жолда); екінші тобындағы сөздердің түпкі формасы -- ас деген сөз, ал қосымша морфемалары -у (асу), -а (аса), -мыз (асамыз), -дан (асудан). Осы жол деген түпкі морфемаға қосылып тұрған қосымша морфемаларды ауыл, ел, жер, қалам, майдан сияқты есім сөздерге жапа-тармағай жалғай беруге болатыны тәрізді, ас деген сөзге қосылып тұрған қосымша морфемаларды тос, бас, қос, жаз, соқ тәрізді етістік сөздерге керегінше жалғап, қолдана беруге болады. Бірақ алдыңғы топқа жалғанатын қосымша морфемалар бұрынғы топтағы сөздерге тікелей жалғанбайды. Жалғаулар сөйлемдегі жеке сөздерді өзгертіп, түрлендіру арқылы оларға белгілі грамматикалық мағына үстейтін морфологиялық формалар болып есептеледі. Жалғауларда мағыналық дербестік те, тұлғалық дербестік те болмайды. Өйткені жалғаулар, біріншіден, жеке-дара қолданылмайды, екіншіден, жеке-дара тұрғанда ешқандай мағынасы да болмайды. Ал мағыналы сөздерге қосылғанда, олардың атқаратын қызметтері де зор және ол сөздерге тиісті грамматикалық мағыналар жамайды. Жалғаулар тұлға жағынан байыпсыз болады. Бірақ олар жалғанатын сөздердегі дауысты дыбыстардан әуеніне қарай не жуан, не жіңішке болып сәйкестенетіні сияқты, дауыссыз дыбыстардың да орайына қарай қатаңдап, ұяңдап, сонарланып, екі-үш вариантты болып түрленгені ғана болмаса, шексіз өзгере бермейді. Мысалы, көптік жалғауды алсақ, оның варианттанған түрлері - лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер болса, ілік септіктің қосымшасы - ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің, жіктік жалғаудың І жақ қосымшасы - мыз, -міз, -пыз, -піз, -быз, -біз т.б. болады. Бірақ, осылайша варианттанып келетін жалғаулардың грамматикалық мағыналарына да, қызметтеріне де түрленуден басқа өзгеріс енбейді. Жалғаулар сөйлемдегі сөздердің аралықтарындағы әр қилы аса жалпы қатынастарды білдіреді де, сол қатынастардың түр-түрінің көрсеткіші есебінде қызмет етеді. Сондықтан, жұрнақтарға қарағанда, жалғаулардың өрісі де кең, өресі де жазық болып келеді. Мысалы, септік және тәуелдік жалғауларды алса, олар тек зат есімдерге ғана жалғанып қоймай, субстантивтенетін сөздердің қай-қайсысына болса да жалғана береді. Көптік жалғаудың өрісі де осындай. Ал, жіктік жалғауды алсақ, ол да сөйлемде баяндауыш болатын сөздердің бәріне де талғамай жалғана береді.

А. Жалғаулар және оның түрлері.
Қазіргі қазақ тілінде жалғаулардың төрт түрі бар.Олар: көптік, тәуелдік, септік, жіктік жалғауалры. Осы төрт түрлі жалғаудың әрқайсысының өзіне тән грамматикалық мағыналары, сол мағыналарына орай, арнаулы грамматикалық формалары және сол грамматикалық мағыналары мен формаларына сай, олардың өзді-өздеріне тән ерекше қызметтері бар. Көптік жалғау.
Көптік жалғау өзі жалғанған сөзге көптік мағына үстейтіні рас, бірақ қазақ тілінде көптік форма тек бұл жалғау арқылы емес, басқа да лексикалық, морфологиялық, синтаксистік тәсілдер арқылы көптік категориясы жасалына береді. Мәселен, тіліміздегі қайсыбір сөздердің беретін лексикалық мағынасынан-ақ көптік ұғымдар бары көрініп тұрады. Мұндай сөздерге түбір күйінде тұрып-ақ жеке-дара санауға келмейтін зат атаулары жатады: бидай, су, тұз, ұн т.б. немесе жеке-дара атап көрсетуге болғанымен, біртектес заттар болғандықтан тілімізде олардың жалпы атаулары қолданылатын есім сөздер жатады: шөп (түрі көп), ағаш, қағаз, мал т.б., белгілі бір хайуанаттарға, жәндік пен аңдар түрлеріне қойылған атау да көптік ұғымды білдіреді. Мысалы, біздің ауылда қасқыр жеткілікті. Сол секілді: қоян, шегіртке, қой, жылқы, қоңыз, аю т.б.; қоғамда кездесетін түрлі ұйымдар, әлеуметтік экономиканың формация атаулары: капитализм, социализм, феодализм, мәдениет, дін, әдебиет т.б. құстар атаулары да көптік ұғымда қолданыла алады: қаз, үйрек, қарлығаш, бүркіт т.б. Мысалы: Бүркіт - негізінен таулы жерлерде өмір сүретін құстың түрі. Дәл осы секілді күнделікті мерзімді баспалардан шығатын газет-журналдар аттары: Жұлдыз, Жалын, Замандас т.б.; адамның жас ерекшеліктері, түрлі ішкі құбылыстар, дүниедегі сын-сипаттардың, іс-әрекет және күй-жайлардың т.б. атаулары: жастық, кәрілік, қуаныш, ақыл, түс, жүріс, еріншектік, жалқаулық, махаббат, сүйіспеншілік, адамгершілік т.б., қысқасы, көптік категорияға байланысты сөздердің лексикалық мағынасы сараланып кете береді, біз оның қайсыбіреулерін ғана сөз еттік, тіпті күнделікті қолданылып жүрген құрал-жабдықтардың, құрылыс материалдарының жекелеген атаулары да көптік ұғымда жұмсала алады. Мысалы: Үй салу үшін алдымен кірпіш, тақтай жинау керек дегенде бір ғана кірпіш не тақтай туралы емес, әңгіме көп зат турасында болып отырғаны белгілі.
Сөйтіп, жоғарыдағы айтылған мәселелерді сөздердің лексикалық тәсіл арқылы көптік мағынаны білдірудің бір жолы деп қорытынды жасауға болады.
Сол секілді синтаксистік тәсіл арқылы да көптік ұғымын беруге болады. Мәселен, кейбір сан есімдер (реттіктен басқа), немесе: көп, аз, әлденеше, бірнеше, бірталай, қыруар сықылды сөздердің тіркесулерінен де көптік ұғым жасалынады: он ешкі, бес оқушы, жүздеген студент, бірсыпыра киім, әлденеше кісі, көп қағаз т.б.
Қос сөздер синтаксистік тәсіл арқылы туған күрделі сөздер болғандықтан, олардың көптік ұғымды білдіруі лексикалық-синтаксистік тәсіл деп қараған жөн болады, - дейді А.Ысқақов (Қазіргі қазақ тілі, Алматы, 1974, 41-б.) Мысалы: бала-шаға, ыдыс-аяқ, іс-әрекет, ата-ана, көрші-қолаң т.б.
Сонымен қатар, көптік ұғым тілімізде морфологиялық тәсіл арқылы да беріледі. Әрине көптік жалғау -лар (-лер, -дар, -дер, -тар, -тер) өнімді және жиі қолданылатын қосымшадан өзге - қ (-к), -ыз (-із, -з) секілді екі түрлі формалар бар. Бұл соңғы екі форма тарихи грамматикада өте ерте кезден келе жатқан қосымшалар ретінде қарастырылады. Қазіргі біз жіктеу есімдігі құрамындағы -з көптік ұғымда кейінгі кезде қалыптасқан көрінеді. Бұрын ол жұп, егіз, екеу болып келетін зат атауларына жалғанған көрінеді, ал қазір көптік ұғымды білдіргенімен оны сөз құрамынан жеке бөліп қарамаймыз. Тәуелдеудің көпше түрінің бірінші жағында да (біздің оқушылар+ымыз) сөзіндегі - ымыз - ым және - ыз деп құранды қосымша ретінде бөліп қарамай тұтас -ымыз, -іміз немесе кейде -мыз, -міз (көрші-міз) деп біртұтас қосымша ретінде қарастырылады, көптік ұғымды береді. Жекеше формада (сіздің қаламыңыз т.б.) жеке-даралықты білдіреді.
Ал бұл қосымшаға қарағанда -ң (-к) формалары ашық райдың жедел өткен шақтың бірінші жағында (көрді-к, тартты-қ), шартты райдың көпше түрінің бірінші жағындағы жіктік жалғауы (келсе-к, барса-қ) әрқашан көптік мағынада қолданылады.
Дегенмен бұл аталған көптік ұғымын білдіре алатын қосымшалар қайсыбір сөздерге ғана болмаса, жалпы көптік ұғымын туғызуда қолданылатын актив формалар емес. Қазақ тілінде көптік категориясының негізгі қосымшасы көптік жалғау деп аталатын -лар (-лер, -дар, -дер, -тар, -тер) қосымшалары. Негізінен, әрине, көптік жалғауы - лар формасы қалғандары оның варианттары болып есептелінеді, ал мұнша варианттары тіліміздегі үндестік, сингармонизм заңына байланысты екені аян.
-лар қосымшасының бір ерекшелігі - тек зат есімге ғана емес, жалпы субстантивтенетін сөз таптарына әрі етістіктің жіктелетін екінші жақ формаларына, есімшеге де жалғанып, көптік ұғымын туғыза алады (семантикалық, стильдік қызметін өздері оқиды).
Морфологиялық тәсіл нәтижесінде жасалынатын тәуелдеу категориясы екі түрлі қосымша арқылы: -нікі, -дікі, -тікі жұрнағы мен -ның (-нің, -дың, -дің, -тың, -тің) жалғауы арқылы туады.
-нікі меншіктік жұрнақтың мына секілді ерекшеліктері бар: а) меншіктелетін зат иеленушіден бұрын қолданып, басым көпшілігінде бастауыш қызметінде тұрады (бұл қалам менікі), ал субъект баяндауыш болады, ә) - нікі қосымшасы белгілі бір жаққа телулі болмайды. (кітап менікі, сенікі, онікі т.б.), -нікі қосымшасы тілімізде өте көнеден келе жатқан тілдік құбылыс, ол ілік септігінің -ның (-нің т.б.) және, - кі (-қы, -ғы -гі) жұрнақтарының бірігуінен пайда болған (Томанов М. Тарихи грамматика. Алматы, 1988).
Ал заттың екінші бір затқа тәуелді екенін білдіретін қосымша категория
тәуелдік жалғау болып табылады. Тәуелдік жалғау қазақ тілінде зат есімге қатысты болғанымен, сөйлем құрамында субстантивтенген басқа сөз таптарына да жалғана береді. Мысалы: бесеуі, жаманы, үлкені, сынғаны, ертеңі т.б. Әдетте тәуелдік жалғауы өзінің тіркесетін алдыңғы сөздің ілік септігінде (жіктеу есімдіктерінің) тұруын талап еткендіктен де, олардың жақ жалғаулары жіктеу есімдіктерінің жақ жалғауларына сәйкес келіп отырады: менің үйім, сенің үйің, сіздің үйіңіз, оның үйі. Сонда тәуелдік жалғаудың жақ көрсеткіштері мына секілді болады: І -м, ІІ -ң (-ңыз, -ңіз), ІІІ -сы, -сі; дауыссыз болса түбір: І -ым, -ім, ІІ -ың, -ің (-ыңыз, -іңіз), ІІІ -ы, -і.
Тәуелдік жалғау меншіктілікті білдіруде затқа қатысты екі түрлі формада келеді: оңашаланған және ортақ тәуелдеу. Егер тәуелденуші зат жекеше формасында немесе біртектес заттар бір ғана затқа, нәрсеге меншікті болса, оны оңашаланған тәуелдеу дейді. Оңаша тәуелдеуде түбірге, туынды түбірге, көптік жалғаулы сөздерге тәуелдік жалғау мына секілді көрсеткіштер арқылы жалғанады: -ым, -м, -ң, -ың, -ің, -сы, -сі, -ы, -і. Мысалы: бөлмем, бөлмелерім; бөлмең, бөлмелерің; бөлмеңіз, бөлмелеріңіз; бөлмесі, бөлмелері т.б. Немесе керісінше де болуы ықтимал, мәселен, зат я құбылыс бірнеше затқа, ұжымға немесе бірнеше зат я құбылыс ортақ болып тәуелденсе, оны ортақ тәуелдеу, коллективті формасы деп атайды. Ортақ тәуелдеудің көрсеткіштері мыналар: -мыз, -міз, -ымыз, -іміз; -ыңыз, -іңіз; -сы, -сі; -ы, -і. Мысалы, бөлмеміз, бөлмелеріміз, бөлмеңіз, бөлмелеріңіз; бөлмесі, бөлмелері, бірақ бір ескеретін жағдай - егер зат жекеше формасында ортақ тәуелденсе, яғни көп затқа, нәрсеге, құбылысқа тәуелді болған жағдайда екінші жақтың арнайы формасында тәуелденбейді. Мәселен, сендердің бөлмең деп айтпаймыз, айтылатын болса, көптік жалғауы қосылуы қажет, әйтпесе стильдік қатеге ұшырайды.
Тілімізде меншікті білдіруде кейде бірнеше формалар сөздер тіркесінде бір мезгілде де келе беруі ықтимал, ондай жағдайда меншік категориялы сөздер деп атайды. Мәселен, менің үйім сенікі, сенің үйің менікі дегенде ілік, тәуелдік жалғау және - нікі меншіктілік жұрнақты қолданып отыр.
Тәуелдік жалғаулы сөздер зат арасындағы тек меншіктікті ғана емес табиғи байланыс қатынастарын да аңғарта алатындықтан, кейде жіктеу есімдіктері түсіріліп те айтыла береді: ұлым, әкем дегенде менікі екені онсыз да түсінікті, қажет емес.Тәуелдік жалғау, негізінен, ілік жалғаулы сөзбен тіркесуді талап етіп, ашық түрде келуін грамматикалық тәсіл деп атайды да, ол матасу тәсіліне жатқызылады. Мысалы: Еріншектің ертеңі таусылмас (мәтел).Сол сияқты тілімізде сөздер матаса байланысқанда, бейтараптылық, анықтық секілді категорияларға байланысты ілік жалғауы да түсіріліп
айтыла береді: ауыл адамы, көпшілік малы, үй қабырғасы т.б. Тіпті мұндай байланысу аморфтық-синтетикалық тәсіл арқылы да жүзеге асады: қол сағат (қолдың сағаты), темір күрек (темірдің күрегі), ас қатық (астың қатығы) т.б. Сонымен қатар, тәуелді жалғаулы сөз (өздік есімдігінен басқа) қай жақта түрғанына қарамастан баяндауышпен қиыспайды: әкем келді, әкең келді, немесе өзім келдім, өзің келдің, өзі келді.
Тәуелдік жалғау орын тәртібінде негізінен көптік жалғаудан соң басқа да жалғаулардың алдында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көптік жалғаудың сөз түрлендірушілік қызметі
Көптік жалғауын дамыта оқыту технологиясының әдістері
ЗАТ ЕСІМНІҢ ЖАЛҒАУЛАРЫ
Көптік жалғаудың сөзбен сөзді байланыстырушылық қызметі
КӨПТІК ЖАЛҒАУЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ
КӨПТІК ЖАЛҒАУЛАРЫН ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Зат есімнің көптік категориясы
Жалғаулы сөздердің классификациясы және олардың сипаттамасы
Қазақстан Республикасындағы тіл саясатының тұжырымдамасы
Сөз құрамы
Пәндер