Көңіл - күй одағайлары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРЫ ЖӘНЕ ОРТА
АРНАУЛЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
НИЗАМИ АТЫНДАҒЫ ТАШКЕНТ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКА УНИВЕРСИТЕТІ
БАСТАУЫШ ТӘЛІМ ФАКУЛЬТЕТІ

БАСТАУЫШ ТӘЛІМДЕ АНА ТІЛІ ЖӘНЕ
ОНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
КАФЕДРАСЫ

"АНА ТІЛІ ТЕОРИЯСЫ МЕН ПРАКТИКАСЫ" ПӘНІ

ОДАҒАЙ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАҒЫНАЛЫҚ ТҮРЛЕРІ МЕН ҚЫЗМЕТТЕРІ ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ

РЕФЕРАТ

Орындады: 104-топ талапкері Ережепбаева Балнұр: _____________
Қабылдады: ф.ғ.к., доцент Айтбаев Ділшатқожа Темірбай ұлы:____________

ТАШКЕНТ-2022

ОДАҒАЙ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАҒЫНАЛЫҚ ТҮРЛЕРІ МЕН ҚЫЗМЕТТЕРІ

ЖОСПАР:
I.Кіріспе:
Одағайлардың жалпы сипаттамасы
II.Негізгі бөлім:
А) Одағайлардың түрлері
Ә) Одағайлардың қызметі
III.Қорытынды:
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе:
Одағай -- сөз таптары категориясының бірі. Одағай сөз табына жататын сөздер адамның эр түрлі көңіл-күйін білдіретін жэне де адамның көңіл-күйіне байланысты айтылатын заттар мен төрт түлік малға, үй хайуанаттарына арнайы шакыра айтылаТын сөздер дгобы. Қазақ тіліндегі одағай категориясы -- басқа сөз таптарымен салыстырғанда, фонетикалык, грамматикалык жэне семантикалык жактарымен ерекшеленіп көрінетін, сонымен бірге әуезділікке, арнайы ыргаққа, эмоциялы кұбылыска, интонацияға бай сөз табы. Одағай сөздердің көркем эдебйетте ойды әсерлі жеткізу жагынан мәні зор. Одағай сөздер тілге көркемдік сипат беретін, көркем шыгармада көп колданатын сөздер. Мысалы: -- Ойбай-ау, онда саудагер сұмды біржола туралатып кетесің ғой!.. (Ғ.Мүс.); -Япырай, каншалык кайран каларлык сергектік, сезгіштік бар. Михайловта (М.Ә.). Ал, публицистика мен ғылыми зерттеулерде одағай сөздерді колдану сирек кездеседі. Одағай тобына жататын сөздердің магына жагынан заттың өзі, сыны, саны, қимылы не кимылдың жай-күйі туралы ұғымдардың бірін де білдірмейтін, баска ешбір сөз табына ұксамайтын сөйлемде не тұрлаулы, не тұрлаусыз мүшенің кызметін атқармайтын, сөйлемдегі басқа мүшелермен синтаксистік катынаска тікелей түспейтін, не шылау создер сиякты сойлемдегі басқа магыналы сөздермен селбесіп, оларды озара баі ланыстырып тұратын дәнекерлік қызметі жок, семантикалық, морфологиялық белгілері мен синтаксистік кызметі жағынан өзіне тән ерекшелігі мол сөз табы екендігі тіл білімінде толык дәлелденген.
Одағай туралы мәліметтер революцияға дейін шыққан еңбектерде кездеседі. Ондағы мәліметтер одағайды соз табы деп тануда авторлар пікірі әр түрлі болғанын көрсетеді.Кей авторлар оны частицаға қосып, морфология қарамағында карастырса, кейбірі синтаксис ішінде берген. Әрі одағай создің мағынасы толык классификацияға түспеген, авторлар негізінен одағайдыц көңіл-күй түріне ғана тоқталған.
Одағайлардың жалпы сипаттамасы.
Одағайлар сөздердің мағыналық жағынан да, морфологиялық жағынан да, синтаксистік қызметі жағынан да өздеріне тән ерекшеліктері бар. Осымен байланысты одағайлардың жалпы сөз таптарының ішінде алатын орны ерекше.
Одағай сөздер мағына жағынан заттың (субстанцияның) өзі туралы да, сыны, саны, қимылы туралы да, қимылдың жайы-күйі туралы да ұғым бермейді. Олай болса, одағайлар мағына жағынан зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу сияқтанған негізгі сөз таптарына тән сөздердің бірде-біреуіне ұқсамайды. Осындай ерекшеліктерімен байланысты, одағай сөздер сөйлемде не тұрлаулы, не тұрлайсыз мүшелердің қызметтерін атқармайды, сөйлемдегі басқа сөздермен тікелей синтаксисті қарым-қатынасқа түспейді.
Осымен қатар, одағай сөздер түрлі шылау сөздерге де ұқсамайды, өйткені шылау сөздердің өздеріне тән лексикалық мағыналары болғанмен, сөйлемдегі басқа мағыналы сөздермен селбесіп, оларды өз ара байланыстыратын грамматикалық дәнекер болып қызмет атқарса, одағайларда бұл қасиет те жоқ.
Одағайлар -- өз алдына ерекшеліктері бар сөздер. Ал ол ерекшеліктері мыналар:
Біріншіден, одағай сөздің мағыналары адамның әр түрлі сезімімен байланысты шығатын дыбыстық ишараттарды білдіреді. Мысалы: Мұны бастап жүрген кім екен, ә? (Ә.Әбішев); Япырмау, жастық деген қандай қызық? (Ғ.Сланов) дегендегі ә, япырмау деген сөздер -- одағайлар. Алғашқы сөйлемдегі ә күдіктенгендікті білдірсе, соңғы сөйлемдегі япырмау деген сүйсіну, шаттану жайын байқатады. Япырмау, қайда сол күндер! (Абай) дегендегі япырмау деген өкінгендікті, арманды білдіреді.
Екіншіден, адамның көңіл күйі құбылмалы болатындықтан, одағай сөздердің көпшілігінің мағыналары да құбылмалы, ауыспалы демек, көп мағыналы болып келеді. Одағай сөздің дәл мағынасы сөйлемде айтылатын ойдың жалпы сырына байланысты болады. Өйткені одағай сөздер сөйлемде айтылатын оймен жарыса, қабаттаса айтылатын сезімді білдіреді. Ендеше, сөйлемде айтылатын ойдың жалпы аңғарына қарай, демек, бірде сүйсіну, бірде кею (ренжу), бірде күдіктену, бірде өкіну сияқты алуан түрлі сезім құбылыстарына қарай, одағай сөздердің айтылу ырғақтары да (интонатциясы) құбылып отырады. Мысалы: Уай, жарандар, мен бір ақыл айтайын ба (Ә.Әбішев); Әй, кім барсың (бұ да); Уай, қой деймін, бала! (бұ да) деген сөйлемдердегі айтылатын ойдың мағыналарын, аңғар-сырындарына қарай, одағай сөздер де, дауыс ырғағы арқылы, сөйлеуші адамның көңіл күйін жарыстыра, қабаттастыра білдіріп тұр.
Үшіншіден, одағай сөздер сөйлемнің басқа мүшелерімен грамматикалық жағынан байланыспайды, ол болмаса, өзі жарыса айтылған сөйлемнің мүшесі болмайды. Одағайлар -- өздері жарыса, қабаттаса айтылатын сөйлемнен дауыс ырғағы арқылы оқшауланып, бөлініп тұратын сөздер. Мысалы: Қап, барлық еңбектері далаға кетеді-ау! (Ғ.Мүсірепов); Бәсе, соны айтыңызшы (Ғ.Сланов); Бәрекелді, жігіттер, осы беттеріңнен қайтпаңдар (Ғ.Мүсірепов); Паһ, мықты екен-ай мынау мұндар, (С.Мұқанов) дегендердегі қап, бәсе, бәрекелді, паһ деген одағайлар сөйлемдермен жарыса айтылып, олардағы негізгі мағыналары үстей, толықтыра түсіп тұр. Бірақ бұл мағыналардағы одағайлар жеке алғанда сөйлемдеп қарау қиын.
Одағай сөздер көбінесе адам сезімінің алуан түрі күйін білдіретін дабыстар сияқты болып келеді. Бірақ олар жай ғана дыбыстар емес, жұртшылыққа әбден түсінікті болып, белгілі дағды бойынша сөз ретінде пайдаланатын дыбыстар. Олар жұртшылыққа әбден түсінікті болып қалыптасқандықтан, жай ғана дыбыстардың қатарына шығып, белгілі сөзге айналған. Мысалы: Уау, жігіттер-ау, бұл қалай? (Ғ.Сланов); Е, жолдас, жақсы жатып, жай тұрдыңыз ба? дегендердегі уау, па, түу, е деген одағайлар үйреншікті сөздерге айналып, жұрттың бәріне түсінікті болып кеткен.
Одағайлардың түрлері.
Тілде тұтас ойға қатысты адамның әр түрлі сезімдерін білдіретін одағайлар құрылысы жағынан жеке сөз болғанымен, жалпы ойға қатысты мағына жағынан бір тұтас сөйлемге де ұқсайды. Мысалы, қап одағай сөзінің опыну мағынасы - байқамай қалған екем!, ишша одағайының жиіркену, тітіркену мәні - ишша, күннің суығын ай! сөйлемінде айтылатын оймен тең. Алақай, бәрекелде сөздерінің мағынасы да хабарлау жағынан сөйлем сияқты.
Одағайлардың адамның көңіл-күйі, сезімімен байланысты эмоциональдық мағынада жұмсалатын заттық ұғымдар мен түсініктердің аттары емес, адамның ішкі дүниесі арқылы берілетін ишараттарды білдіруі және өзі жарыса қатысқан сөздермен грамматикалық байланысқа түспеуі, белгілі бір сөйлем мүшесінің қызметін атқара алмауы, басқа атауыш сөздер сияқты түрленетін грамматикалық формасының жоқтығы оны сөйлемде басқа сөздерден оқшауландырып ерекшелендіріп тұрады, сондықтан ол оқшау сөздерге жатады және басқа сөздерге қарағанда интонацияға бай келеді.
Одағайлар білдіретін мағыналарының әр түрлілігіне қарай үш топқа бөлінеді.
1. Көңіл-күй одағайлары. Сөйлеуде сөйлеуші адам хабарды тек хабарлап қана қоймайды, хабармен бірге өз ойына өң бере сөйлейді. Хабар беруде сөйлеушінің қуанта, таңдандыра, күлдіре, ызаландыра, өтіне, кекесіндей, сұрай, бұйыра, айтқан ойы көңіл-күй одағайлары арқылы беріледі. Мысалы: -Па, шіркін! өмір болсаң, бол осындай! -Мырқымбай! Мырқымбай! Бай-бай-бай!.. жүрмісің жай (Б.М.) - деген сөйлемдерде ойына тән сезім па, шіркін және бай-бай-бай көңіл-күй одағайлары арқылы берілген.
Көңіл-күй одағайлары сан жағынан аса көп болмағанымен, семантикалық құбылуы жағынан әр қилы. Адамның ішкі сезіміне қатысты айтылатын одағай сөздердің мағынасының әр түрлілігіне қарай көңіл-күй одағайлары үш түрге бөлінеді.
Бірінші жағымды көңіл-күйді білдіретін одағайлар: Алақай!, Ура!(қуану, шаттану), ьа!, Пәһ-пәһ!, Бәрекелді! (сүйсіне қоштау, шаттана сүйсіну), Оһо! (таңдану) Па-па! (сүйсіну, таңдану), т.б.; Мысалы: Е, бәрекелді!-деп Артықбай да мақұлдады (Ғ.М.).
Екінші жағымсыз эмоцияны білдіретін одағайлар: Әттеген-ай!, Әттең!, Қап! (өкіну), Тәйірі!, Түге! (наразылық реніш), Ищай! (тоңу, жиіркену), Бай-бай-бай (қатты реніш, наразылық, кейістік), Пішту (менсінбеу, жақтырмау) т.б.; Мысалы: Қап!-деді де, Yenлпан тұра берді. (Ғ.М.). Әй, сен, құтырған қатын, үйі өртенген адамға көңіл айтқаның осы ма? (Ғ.М.). Әй, әттеген-ай! Кезінде білмегенім ай!
Үшінші, көңіл-күй одағайларының әрі жағымды, әрі жағымсыз эмоцияны білдіретін тобына жататындары әдетте көп мәнді болып келеді де, олардың мағыналары контекст ішінде не ситуацияда анықталады. Мысалы, Пай-пай! одағайы қарама-қарсы екі мәнде жұмсалады: бірі -таңдану, сүйсіну, таңырқау (Пай-пай қандай жарасады,ә!) мәнінде болса, ендігісі - ренжу, наразылық мағынасында (Пай-пай, не болар екен соңы!) қолданылады. Бұл оның көп мағыналы сөз екенін көрсетсе керек.
2. Императивтік ишара одағайлары. Бұл топқа адам не хайуанатқа бағышталып айтылатын шақыру, жекіру, тыйым салу, бұйыру мақсатымен қолданылатын одағай сөздер жатады. Бұлар бағытгалып отырған обьектісіне қарай екі топқа бөлінеді. Бірі - адамға бағышталып айтылатын одағайлар, екіншісі - малға, үй хайуанаттарына бағышталып айтылатын одағайлар.
Адамға бағышталып айтылатын одағайларға адамның атына, адресіне бұйыру, жекіру, тыйым салу, мақсатымен қолданылатын одағайлар қатарына Айда!, Ау! Әй! Тәйт!, Сап-Сапі, Марш!, Стоп!, Кәне!, Жә!, Тек! (Тәк), Әлди!, Әуп! Тәй-тәй! Қаз-қаз! тағы басқа сөздер жатады. Біреріне мысал келтірейік, -Жә, тұратұр енді, мен барып шығайын! (М.Ә.)- - Ау, жігіттер, бұларыңне? (Ғ.М.). -Енді аздап сыбырлауларыңаболады. Кәне, кім неайтады? (Газеттен). - Әй, әрі кетші мазаны алмай! Тәй-тәй балам тәй балғын, жүре қойшы жай балғын, Қаз-қаз, балам, қаз балам, қадам бассаң, мәз болам. Әлди, әлди, шырағым, көлге біткен құрағым (Х.ауыз.әдеб.).
Малға бағышталып айтылатын одағай сөздерге: Моһ-моһ!, Шөре-шөре!, Сорап-сорап!, Көс-көс!, Шәуім-шәуім!, Әукім-әукім!, Мәліккелгір! Пұшайт! Ауьау! Айтақ!, Жамандатқыр! сияқты сөздер жатады. Бұлар үй жануарларын жемге шақыру, тоқтату, айдау, үркіту, қарғау мақсатымен қолданылатын одағай сөздер. Мысалы: Әукім.Әукім! Мал деп осы көксиырды айтсайшы! (Б. Майлин). Моһ-моһ!-деп кешкі тынық даланы басына көтерді. Қошақаным, қайдасың? Пұшайт, пұшайт! Шекетайым, қайдасың? Шөре, шөре! Құлыным менің, қайдасың? Құрау.құрау! Әукешім менің, қайдасың?
3. Тұрмыс-салт одағайлары. Бұл топқа жататын одағай сөздер сан жағынан шағындау, бірақ тұрмыста олар жиі қолданылатын бір мағынамен айтылып сипатталатын сөздер. Мұндай одағайлар қатарына адамның амандасу, қоштасу т.б. сыйластық жасаудың белгісі ретінде қолданылатын сөздер жатады. Олар: Хош!, Хайыр!, Рахмет!, Ассалаумағалейкум!, Кеш жарық!, Құп, Ләббай! Дат! т.б.сөздер. Мысалы: Армысың, Қасым інішек, көптен бері біліс ек. Рахмет, дәл тауып шештің, ойы да, тілі де жүйрік тұлпарым (Төле би). Кендебай есіктен кіріп келіп: -Дат, тақсыр,-дейді. -Датың болса, айт!-дейді хан ақырып. Бұл сияқты сөздер адамдар арасында бір-бірін қоштағанда, бір нәрсеге назар аударғанда немесе керісінше қоштамағанда, амандасқанда, қоштасқанда айтылатын сөздер кейде біреу болса да тұтас сөйлем орнына жүреді. Мұндайлардың өз мағынасы түсініксіз де болады, ал, тіпті, түсінікті болғанның өзінде де олар өз мағынасында тұрмайды. Мысалы: салаймағалейкум -түсініксіз; арма, бар бол -дегендер түсінікті, бірақ өз мағынасында емес. Жол болсын! дегенде алғыс айту емес, тілегін тілеу емес, неғып жүрген адамсың дегендей сұрау жатыр. Хайыр, хош дегендер араб, парсынікі. Бұлар сөйлемге тән жалпы заңдылық бойынша құралмаса да, сөйлем болып табылады. Сондықтан одағай қатарына жатады .
Одағай сөздер қолданылуында түрлі интонациямен айтылатын, әуезділікке, құбылмалылыққа бай. Мысалы: -Жә, тұра тұр енді, мен барып шығайын (М.Ә.), - дегенде жә одағайы сөйлемдегі басқа сөздерден оқшауланып, жеке әуенмен айтылып тұр.
Интонация жағынан ерекшеленеді. Бірқатар одағайлар контексте бір-ақ мағынада қолданылса, енді бір қатары екі-үш, не одан да көп мағынада жұмсалады. Осыған орай одағайларды білдіретін мағыналарына қарай көп мағыналы одағайлар және бір мағыналы одағайлар деп екі топқа бөлінеді.
Бір мағыналы одағайлар сан жағынан аз. Бұл топтағы одағайлар қай ситуация, қай контекске түспесін, қандай интонациямен айтылмасын, үнемі бір-ақ мағынада жұмсалады. Бұған мына одағайларды жатқызуға болады: Алақай!, Ура!, Қап!, Әттеген-ай!. Бұлардың алдыңғы екеуі тек шаттану, қуану сезімін білдіруде қолданылатын болса, соңғы екеуі әр уақытта өкіну мағынасында жұмсалады. Мысалы: - Ура! Әкем жеңімпаз атанды! Алақай! Ата! Апа! Елбосындар келіп қалды! Ағалар келді! Соғыс бітті!.. (Ғ.Сланов). -Қап, Есенейдің бар дүниелігін шаштырып алғанымды қарашы! (Ғ.Мүс.)-Әттеген-ай, менің қолымда билікболса, басқаша болар ма еді ?! -Жә, тұра тұр енді, мен барып шығайын (М.Ә.)- Мұндай одағай сөздер сөйлемдегі басқа сөздерден оқшауланып, жеке әуенмен айтылады.
Көп мағыналы одағайлар сөйлемде әртүрлі мағынада жұмсалады. Кей одағайлар біреудің іс-әрекетіне не сөздеріне риза болып, оны қоштау, қолпаштау, көтермелеу мақсатымен айтылатын шаттық, қуаныш, таңдану мағыналарын білдірсе, енді біреулері біреудің сөзін жақтырмай, наразылық, қарсылық білдіру мағыналарын білдірумен бірге таңырқау мағыналарында да білдіреді.
Қазақ тілінде жеке одағай сөз ретінде жұмсалатын бір фонемалы одағай сөздер көп мағыналы болып келеді. Олар сөйлемде қолданылуына қарай таңдана таңырқау, сұқтана сұрау, іс -әрекетті ұнатпай жақтырмағанда наразылық білдіру, мазалау, қайталап шақыру, қарату мәнін білдіру, біреуге ашуланып жаны күю, қаһарланып зекіру, ұрсу, жек көру, мақтау, мадақтау, және табалау сияқты бірнеше мағынаны білдіреді. Бір ғана Ә одағайының көп мағынада қолданылуына мысал келтірейік: - Ә? -деді қалың ойда отырған Ықласс (С.Ерубаев) - деген сөйлемде ә одағайы біреудің сөзін анық естімей, аңғармай қалғанда қайта сұрау мағынасында қолданылған болса, -Жоқ, Ақтан ағай, ондай берекесіз қиялды ойлайтын біз бала емеспіз. - Ә, бала емей сендер кімсіңдер!? (Ш.Хұсайынов) деген сөйлемде ә одағайы сұрау мағынасының үстіне ренжу, жекіру мағынасын білдіруде қолданылып тұр. Бұл одағай бір нәрсе есінен шығып кетіп, кейіннен еске түскендігін немесе бір нәрсені түсінбей қалып, кейін түсінгендікті аңғарту мақсатын білдіруде де қолданылады. Мысалы: Хат! Кімнен хат? Ә - ә, бағана мен берген хат екен ғой! (Ғ.Сланов). Ә - ә, мен білдім! - деді Асан. (С.М.). Кейде біреуді өзіне қарату мақсатымен қолданылатын қаратпа сөз мағынасында да жұмсалады. Мысалы: Келін, ә, келін! -деді ол шамды тұгатқасын. (С.Мұқанов). Сөйлем соңында келген ә одағайының бойында әжуа, мысқыл реңк мағыналары да байқалады. Мысалы: Өзің мені әдейі жалғыз жібергің келіп, естімейсің де, енді келіп өкпе айтқан боласың, ә?! Әй, қусың-ау! (Ә.Әбішев). Мұндай көп мағыналылық қасиет негізінен көңіл-күй одағайларына тән, императивтік одағайлардың көп мағынада қолданылуы сирек, ал тұрмыс-салт одағайларында мүлде кездеспейді.
Одағайлар көркем шығарма тілінде көп қолданылады, әсіресе диалогқа құрылған шығармаларда жиі кездеседі. Ол одағай сөздердің басқа сөз таптарымен салыстырғанда әуезділікке, ырғаққа, эмоциялық құбылмалылыққа, интонацияға өте бай екендігін көрсетеді. Тіліміздегі көп мәнді одағайлардың әрбіреуі жұмсалу ыңғайына, интонацияның құбылуына қарай бірде созылыңқы баяу, бірде тез, жылдам айтылады. Сөйлем интонациясының құбылуы одағайдың беретін мағынасын да өзгертіп тұрады. Жай кею мағынасында айтылатын сөйлемдер, бірқалыпты сазбен айтылады-Мысалы: Әй, мен осы күні көп қорқатын болдым. Ызалануды білдіруде одағайдан кейін интонация көтеріңкі айтылады да, дауыс сөйлем соңында бәсеңдейді. Мысалы: Тфу! -деп бетіме түкіріп жібергені. Ау, бар немемісің? Жоқ сұрасам, бетіме түкіресің. Ой, оңбаған-ау, қырасың ғой малды. Мұндай ерекшелік одағайдың сөйлемдегі орын тәртібіне де байланысты болады, одағайлардың айтылу интонациясы да басқа-басқа болып келеді. Егер одағай сөз біреудің сөзін анық естімей, не аңғармай қалып қайта сұрау мақсатымен қолданылғанда қысқа және көтеріңкі дауыспен айтылады. Мысалы: Е, олар неғыпты? Тыңдап отырғой, Қызың Бізбикені киіндіріңіз, -Е, не үшін (Х.ауыз. әдеб.).
Егер одағай сөз ұнатпай, жақтырмай, қайталап сұрау мағынасында келсе, жұлып алғандай қысқа, әрі көтеріңкі үнмен айтылады. Мысалы: Ә-ә! Қашан айттым барам деп? Қой, айналайын, біреумен шатастырып тұрған шығарсың. (Ғ.Мұст.).
Егер одағай бір нәрсе естен шығып кеткенде кейін еске түскендігін немесе оны алғашқыда түсінбей қалып, кейін түсінгендігін аңғарту мағынасында қолданылғанда, созылыңқы айтылып, баяуырақ ырғақпен тынады. Мысалы: -Ана жылы сізді Шалқарға апара жатқанда... шұңқырда отырған... Есіңізде ме? -А... Шұңқырда жалғыз үй ме? (Ә. Нұрп.). - О-о-о! орнын жаңа тапқан. Одағай сөйлем ортасында немесе соңында келіп, сұрау мәнінде жұмсалғанда, қысқа және баяу үнмен айтылады. Мысалы: -Сен кеткелі үш жыл болып қалды, ә!(Қ.Ж.). - Әлгілер тағы да үйлеріне кетіп барады-ау, ә! (Ғ.М.).
Бір фонемалы одағайлардың екі немесе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Одағай сөз таптары
Қазақ тіл біліміндегі одағай сөздер
Одағай сөздер
Одағай - сөз табы
Академик Шора Сарыбаев және одағай жөніндегі зерттеулер
Одағай
Одағай сөздердің этимологиялық негіздері
Одағай туралы түсінік
Одағай сөздер жайлы
ОДАҒАЙ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Пәндер