Халық жауына айналған Жаһанша Досмұхамедов



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Халық жауына айналған Жаһанша Досмұхамедов

Қазақ елінің, оның халқының басынан өткен ең ауыр зұлмат, бұл 1937-1938 жылдардағы жазықсыз жазалау болды. Халқымыздың маңдайалды азаматтарын түгелдей қамтыған бұл зұлматта, өзін-өзі басқарып, ұлттың мүддесін қорғай алатын автономиялық мемлекеттік жүйе құруды мақсат еткен Алаш қозғалысының көзі ашық азаматтары жазықсыз жапа шекті. Алаш ұлттық автономиясын орнатуды көксеген Батыс Алаш-Орда
үкіметінің негізін қалаған азаматтың бірі - Жаһанша Досмұхамедов.
Ол 1887 жылы Жымпиты (қазіргі Сырым) ауданының Бұлдырты елді мекенінде дүниеге келген. 1896 жылы Орал қаласындағы реалдық әскери училищеге түсіп, оны 1904 жылы бітірді. 1906 жылы Мәскеу Императорлық университетінің заң факультетіне түсіп, бұл оқу орнында орыс және батыс ғалым-заңгерлерінің озық ойлы еңбектерімен танысып, қазақ тәрізді кереге биліктен азаматтық- заңды билік түріне көшудің аса қажет екендігін ұғынды. 1910 жылы аталған университетті үздік бітіргеннен кейін Оралға келіп, заңгерлік қызметке орналасады.
ХХ ғасыр басында еліміздің барлық өңірінде жаппай орын алған белсенді ұлт-азаттық қозғалыстың екпініне араласқанға дейін Ж. Досмұхамедов патшалық сот органдарында қызмет атқарып, маңызды мемлекеттік іспен шұғылданған.
Патшалық Ресейдің Әділет генералы
Алғашқыда Орал аумақтық сотының жанындағы сот лауазымына үміткер ретінде қызмет атқарып, бітімгершілік соты және қылмыстық бөлім хатшысы көмекшісінің міндеттерін орындаған. 1912 жылдың жазында Барнауыл уезі 10-учаскесінің бейбітшілік сотының міндеттемелерін орындау үшін іссапарға жолданып, кейін Омск сот палатасына аға үміткер ретінде ауыстырылды. 1913 жылы аталған лауазым бойынша Змеиногорск уезінің 1-учаскесіне ауыстырылып, 1913 жылдың күзінде Барнауыл қал. прокуратура органдарына көмекке шақырылып, 1914 жылдың наурыз айында Каин уезі бойынша Томск округтік сотында прокурорлық (орынбасары) қызметке тағайындалды. Томск округтік соты прокурорының жолдасы (орынбасары) міндетін атқарып жүріп, ол саяси айдалуды қадағалады және осы қызметте әділет генералы шенін иеленді.
Прокурор Н. Г. Красильниковтың қолы қойылған Распределение участков товарищей Прокурора Томского Окружного суда атты құжат сақталған. Бұл тізімге Ж. Досмұхамедовтың аты-жөні де енгізілген, құжатқа сәйкес, ол 1914 жылы Каин учаскесі прокурорының жолдасы (орынбасары) болып тағайындалған. Прокурорлық учаскенің құрамына Каин түрмесі және Каин уезінің 3, 6, 7, және 8 - учаскелерінің бітімгер соттары енгізілген. Сонымен қатар, Томск округтік сотының прокурорлық қадағалау қызметіне байланысты Наряд камеры прокурора Омской судебной палаты деген құжат сақталған. Аталған құжатта прокурор жолдасы (орынбасары) лауазымдарындағы қызметіне толық сипат берілген. Томск аумағында Змеиногорск, Томск-Кузнецк, Бийск, 1 және 2 Барнауыл, Томск қал. 9 - учаске болған. Әрбір учаскені Томск округтік сотының Прокуроры тағайындаған прокурор жолдасы (орынбасары) басқарған. Жолдас прокурорлар ай сайын Омск сот палатасының Прокурорына учаскелерінің қызметі туралы ақпарат жолдаған. Қызметтің келесідей бағыттары бойынша есеп берілген: 1.Жалпы қылмыстар бойынша Округтік сотқа жолданған істер: а)айыптау актілерімен, соның ішінде 525 - бап бойынша Қылмыстық сотқа жолданған; б) соттылығының өзгеруі туралы және тоқтату туралы қорытындылармен және айыптау актілерімен; г) ойлау мүмкіндігін куәландыру туралы қорытындылармен; д) 356-бап бойынша қорытындылармен; е) жеке айыптау тәртібімен; 2. Лауазымдық қылмыстар бойынша: а) қорытындылармен басшылыққа; б) айыптау актілерімен Округтік сотқа.
1915 жылғы Памятная книга Томской губернии атты кітапқа Томск губернаторының нұсқауымен губернияның көрнекті қайраткерлерінің аты-жөндері енгізілген. Прокурорлық қадағалау бөліміне Ж. Досмұхамедовтың да есімі енгізілген. Ресей заңдарын терең білуі, адалдығы мен шынайылығы қазақзаңгерге үлкен танымалдылық алып келді.
Ж. Досмұхамедовтың танымалдығы туралы өзінің Отанында да білді. Гурьевте (Атырау) бір күрделі сот процесі тағайындалған кезде танымал, белді заңгер Б.Қаратаев қорғаушы болуға өз келісімін беріп, прокурор ретінде, яғни мемлекеттік айыптаушы ретінде және заңдылықты қамтамасыз ету үшін Томск қаласына Ж.үДосмұхамедовке арнайы хабарлама жолдаған.
Жауыздық низамнамасы
Алаш-Орда таратылған соң, 1927 жылдың қараша айына дейін Ж. Досмұхамедов Ташкент қаласында тұрған, Түркістан Халық комиссариатының әділет кеңесшісі болған, әділет Халық Комиссариатының жанындағы курсанттарға заң курстарынан сабақ берген, Халық комиссарлары Кеңесінің заңдарды жасау жөніндегі комиссиясының құрамында болған.
Ташкенттегі Ж. Досмұхамедовтың қызметі Талап қырғыз (қазақ) мәдениетінің жанашырлары қоғамдастығы және Қазақ халық ағарту институтымен тығыз байланысты.
Басқарма төрағасы - Халел Досмұхамедов, мамандығы бойынша дәрігер, профессор. Төрағаның орынбасары - Мырзағали Испулов, ұстаз, Александр Шмидт - шығыстанушы профессор, Мұхтар Әуезов - әдебиетші (студент), Мұхамеджан Тынышпаев - инженер, Иса Тоқтабаев - географ, Қасым Тыныстанов - ақын (студент), Жаһанша Досмұхамедов - заңгер, Кәрім Жәленов - математик және т.б.
Ж. Досмұхамедов осы қоғамдастықтың мүшесі болды. Талап қоғамында жұмыс жасай жүріп, оған Түркістан әділет Халық Комиссариатының өтінішімен заңгер ретінде РСФСР-дың қылмыстық кодексін қазақ тіліне аудару тапсырылды. Ж. Досмұхамедов аударманы басқарды және 1924 жылы Ташкент қаласында тұңғыш рет Түркістан Республикасы ХКК-ның Арнайы комиссиясының баспасымен РСФСР - дың қылмыстық кодексінің қазақ тіліндегі аудармасы РСФСР-дың жауыздық низамнамасы деген атпен тұңғыш рет жарыққа шыққан.
Алғашқы аудармасы 1000 нұсқалық тиражбен жарыққа шығып, ең алдымен, атауы үшін шығармашылық қауымдастық тарапынан сыни пікірге ұшырады. Міржақып Дулатов заң терминдерінің аудармаларына өзінің сыни көзқарасын анық білдіріп, 1924 жылы Ақ жол газетінде аударма жұмысына қатысты пікірін жариялады. Аталмыш газеттің екінші нөміріне Ж.рДосмұхамедов басшылық жасаған аудармаға талдау және талқылау (әдеби мәжіліс) жарияланды. Бұл мәжіліске Ж. Досмұхамедовтың өзі қатысты. М. Дулатовтың сыни бағалауына жауап ретінде Жаһанша келесідей жауап берді: Кодекс аудармасына мен басшылық жасағандықтан, басым көпшілігінде мен аударма тіліне емес, заңи жағына назар аудардым. Аудармамен және тексерумен заңгерлер тікелей айналысты. Аудармаға сыни бағалау жазған жолдас М.иДулатов -- тіл маманы, ақын, әдебиеттанушы, бірақ заңгер емес және заңи мәселелерден хабары аз. Жауыздық низамнамасы аудармасын ұғыну үшін кәсіби заңгер қажет. Біз заңгерміз, сондықтан да мұның барлығын жақсы түсінеміз. Заң ол туралы жалпы сипатта ғана білетіндерге түсінікті жазылмайды. Сондықтан да кез келген заң көптеген бос сөзді қажет етпейді және қысқа, түсінікті, мәнісімен жазылады. Кез келген заң жобасы қанша қысқа жазылса да, оны тек заңгер түсінеді. Қазақ халқында әзір заңи ғылыми тіл қалыптасқан жоқ. Нақты терминология жоқ. Сондықтан да мұндай баға бермес бұрын өзінің ұстанымын негіздеуі қажет.
М. Дулатовтың сыни пікіріне Ж. Досмұхамедов қысқа әрі қатаң түсініктеме берді. Кейін 1926 жылы Ж.Досмұхамедовтың басшылығымен өзгерістер мен толықтырулардың да аудармалары жарияланды, біріншісі -- РСФСР-дың Қылмыс заңы, ал екіншісі - Қылмыс тексеру заңы.
Қара бұлт
1927 жылдың қараша айы мен 1929 жылдың аралығында Ж. Досмұхамедов Қызылорда қаласында ауыл шаруашылығы банкінің заңи кеңесшісі ретінде қызмет атқарып, 1928 жылы адвокаттар алқасында адвокат қызметін атқарды.
Қызылорда облысының мұрағат және құжаттама бөлімінен табылған құжаттарға сәйкес, Қызылорда округтік халық сотының қорынан 1927 жылдың желтоқсан айында Ж.Досмұхамедовке сенімхат берілген, оған сәйкес Қазақ КСР халық шаруашылығының Орталық Кеңесі заң кеңесшісі Досмұхамедов Жаһанша Досмұхамедұлына келесідей өкілеттіліктер берген: аталған ұйымның атынан барлық сот отырысында талапкер және жауапкер ретінде шығу, істерге үшінші тұлға ретінде қатысу және іске үшінші тұлғаларды тарту, талап арыз ұсынып, соттан қамтамасыз етуін сұрау, актілердің шынайылығына күмән келтіру, жалғандығы туралы наразылық білдіру немесе дауласу және мұндай талаптар мен арыздарға жауап беру, айып тағу және мұндай істер бойынша жауап беру, сот отырыстарында Қазақ КСР халық шаруашылығы Орталық Кеңесінің істерін қорғау және т.б.
Астананың көшірілу кезеңінде Ж. Досмұхамедов Алматыға келіп, мамандығы бойынша жұмыс жасайды, 1930 жылдың ақпан айында жұмыс бабымен Мәскеуге ауыстырылып, бірінші қамауға алынғанға дейін жұбайы Ольга Константинқызымен бірге тұрады.
1930 жылдың басы Алаш қозғалысының бұрынғы қатысушылары үшін қызметінің қайғылы аяқталуына, қамау, қудалау және Кеңес билігінің басшылығы тарапынан қуғындау шаралары біртіндеп халық жауларын жоюға ұштасты.
1930 жылдың 31 қазанында Мәскеу қаласындағы Мал шаруашылығы басқармасында аға экономист ретінде жұмыс жасау кезінде Алаш партиясы және бұрынғы алашорда үкіметінің мүшесі ретінде Қазақ КСР БСМБ (ОПГУ) органдары арқылы қамауға алынды. Мәскеуде, Замосквореченск ауданы, Шабловка-Хавский көшесі, 11-үй қиылысы 265, 7- корпус мекенжайында ұстап, Бутырка түрмесіне жолданды. Кейін Алматыға ауыстырылды.
Анықталған процессуалдық құжаттардың, алдын ала тергеу кезіндегі беттестіру, жауап алу хаттамалары негізінде Ж. Досмұхамедов өзінен жауап алу барысында өзін кінәлі деп мойындамады және контрреволюциялық ұйымның мүшесі болмағанын және ешқандай контрреволюциялық жұмыстармен шұғылданбағанын мәлімдеді. Контрреволюциялық ұйымның мүшелерімен өзінің байланысын жоққа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жанша Досмұхамедов
Жаһанша Досмұхамедов
Қазақ жеріне келімсектерді жіберуді тоқтатып, жерді қазақтарға қайтару
Алаш қозғалысының қайраткері – Жанша Досмұхамедов
Алғашқы жалпықазақ съездері және олардың саяси мазмұны.
Қазақ ұлт зиялыларының қалыптасуы және тарихтағы ролі
Байтұрсынұлы - қазақ кәсіби журналистикасын қалыптастырған ірі қайраткер
Күнбатыс Алашорда қайраткерлері
Алаш партиясы және Алашорда автономиясы
«Қанды ғасырдың» қыран ұлы Ә.бөкейханов
Пәндер