САН ЕСІМ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
САН ЕСІМ

САН ЕСІМ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК

Сан есім — есімдер тобына жататын сөз таптарының бірі. Өзінің мағынасы
мен функциясы жағынан сан есім өзге сөз таптарына қарағанда, сын есімге
біршама жақын. Бірақ сын есім заттың сапасын, сипатын, қасиетін, түр-түсін
т.б. сыр-сипаттарын білдіретін сөз табы болса, сан есім — заттың сан
мөлшерін, ретін, шамасын білдіретін лексика-грамматикалық сөз табы. Мысалы:
ақ орамал, жақсы көйлек, жуан ағаш деген тіркестердегі, ақ, жақсы, жуан
деген сын есімдер мен екі, бес, жиырма деген сан есімдерді бір дәрежеде
қарауға болмайды. Өйткені мұндағы ақ, жақсы, жуан сөздері орамал, көйлек,
ағаш сияқты заттардың бойына тән әр қилы сындық қасиеттерді (сынын, түрін,
белгісін) көрсетіп тұрса, екі, бес, жиырма сөздері сол заттардың ондай сыр-
сипаттарының бірін де көрсете алмайды, тек сандық, мөлшерлік жағын ғана,
демек, олардың сан жағынан қанша екендігін ғана анықтайды.

САН ЕСІМНІҢ ЛЕКСИКА-СЕМАНТИКАЛЫҚ
ӨЗГЕШЕЛІГІ

Сан есімдер басқа сөздерге (зат есімдерге) тіркестірілмей жеке-дара
айтылғанда, тек абстракт сандық ұғымдардың атаулары ретінде қолданылады.
Олардың нақты мағыналары өзге сөздермен (зат есімдермен) қарым-қатынасқа
түсіп айтылғанда ғана айқындалып отырады. Мысалы: Төрт аяғым тең жорғамын
(Қазақ эпосы); Өтегелді сегіз қанат үйдің кермесінің тұсында тұр екен
(М.Әуезов); Екі айдың алпыс күнде жүзі болар (Айман-Шолпан) деген
сөйлемдерден төрт, сегіз, екі, алпыс деген сан есімдер аяқ, қанат, ай, күн
сияқты зат есімдермен қарым-қатынасқа түсіп, соларды сан жағынан анықтау
үшін қолданылған. Осындағы сан есімдердің нақтылы мағыналары да белгілі-
белгілі ұғымдарға тіркесу арқасында ғана айқындалып, соның арқасында
күннің алпыс екендігі нақтыланып тұр. Ал егер осы төрт, сегіз, екі, алпыс
сөздерін өзге сөздермен қарым-қатынасқа түсірмей, констекстен тыс, жеке-
дара айтатын болсақ, олар ондай нақтылықтан айрылып, тек жалпылама түрде
ғана берілетін абстракт мағынаға ауысып кетер еді де, төрт дегеннен,
әйтеуір, бір төрт жайындағы ұғым, сегіз дегеннен, әйтеуір, бір сегіз туралы
ұғым, екі дегеннен, әйтеуір, бір алпыс жайындағы ұғым ғана аңғарылады.
Қазіргі қазақ тілінде сан есімдер сияқты мөлшерлік мағынада қолданылатын
бір алуан сөздер бар. Олар құрамына қарай жеке-дара сөздер түрінде де, сөз
тіркестері түрінде де бола береді. Мысалы: жарым, жарты сөздері бөлшектік
ұғымдардың, центнер, килограмм, тонна, қадақ, батпан сөздері салмақ
өлшемдерінің, гектар, кубометр сөздері көлемдік өлшемдердің, адым, қарыс,
кез, метр, шақырым, ат шаптырым, қозы көш (жер) сөздері аралық өлшемдердің
және ет асым, қас қаққанша, қас пен көздің арасында, әу дегенше сияқты
уақыт, мерзім өлшемдерінің атаулары есебінде қолданылады. Бірақ мұндай
сөздер мен сөз тіркестері қаншалықты мөлшерлік мағынада қолданылғанымен,
сан есімдер қатарына жатпайды. Бұларды сан есімдерге жуықтастыратын таяныш
— тек олардың біршама мөлшерлік мағынада қолданылатын семантикалық
белгілері ғана. Шындығында, жоғарыда аталған сөздердің бәрі де — сан
есімнен табиғаты мүлде басқа-басқа сөздер. Олай дейтін себебіміз: жарым,
жарты, жалқы, сыңар, дара, қос, егіз сөздері — сын есімдер, центнер, қадақ,
батпан, килограмм, тонна, гектар, кубометр, адым, қарыс, кез, метр, шақырым
сөздері — зат есімдер; сол сияқты, ат шаптырым, қозы көш (жер), ет асым,,
қас қаққанша, қас пен көздің арасында, әу дегенше — қызметіне қарай әр
түрлі сөз таптарына телінетін тұрақты фразалық тіркестер; сондықтан
бұлардың күрделі сан есімдермен ешқандай жақындығы жоқ.

САН ЕСІМНІҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ӨЗГЕШЕЛІГІ

Морфологиялық сипаттары жағынан да сан есімдердің өзіне тән, өзге сөз
таптарына ұқсасмайтын ерекшеліктері бар. Сан есімнің негізгі функциясы
анықтау қызметі болғандықтан, ол үнемі анықтайтын сөздерінен бұрын
қолданылады, бірақ ешқандай да морфологиялық өзгеріске түспейді. Демек, сан
есімдер өздерінің әрі табиғи, әрі негізгі функциясы болып есептелетін
сандық, сан-мөлшер мағыналарында қолданылғанда, тек атау формасында ғана
айтылады да, ешбір өзгеріске түспейді.
Сан есімдер тек субстантивтенген жағдайда ғана түрленіп, әр алуан
өзгеріске түседі, демек, көптеліп те, тәуелденіп те, септеліп те және
жіктеліп те қолданыла береді.
Сан есімдердің тек өздеріне ғана тән кейбір формалары да бар. Мысалы,
ондай формаға –ыншы (-інші), -ау (-еу) және –ер аффикстері жатады. Бұл
аффикстер өзге сөз таптарынан жаңа, туынды сан есімдер жасай алмайды, тек
негізгі сан есімдерге жалғанып, олардан туынды формалар ғана жасай алады.
Бірақ сан есімдердің басқа да сөз таптарына ауысып отыру қабілеті күшті.
Сан есімдер морфологиялық құрамына қарай, негізгі сан есімдер және туынды
сан есімдер болып екіге бөлінеді. Негізгі сан есімдер қатарына тек қана
есептік сандар жатады да, туынды сан есімдер осы негізгі есептік сан
атауларына жоғарыда аталған –ыншы, -ау, -ер, -тай қосымшалары қосылу арқылы
жасалады. Мысалы: бір-бірінші, он-оныншы; екі-екеу, алты-алтау; бір-бірер,
қырық-қырықтай, елу-елудей т.б.
Сан есімдер іштей дара сан және күрделі сан болып бөлінеді. Дара
сандардың атаулары аса көп емес, олардың бар болғаны — жиырма шақты ғана
сөз: бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он, жиырма, отыз,
қырық, леу, алпыс, жетаіс, сексен, тоқсан, жүз, мың т.б.
Күрделі сан есімдер осы аталатын дара сан атауларының әр алуан жолмен
тіркестіріле қолданылуы және қосарлана айтылуы арқылы жасалынады. Демек,
күрделі сан есмідер іштей, біріншіден, негізгі сан атауларының (он сегіз,
мың тоғыз, жүз алпыс үш т.б.), екіншіден, негізгі сан атауларының
қосарланып айтылуы арқылы жасалған күрделі сандар (бір-екі, үш-төрт, бес-
алты т.б.) болып екі салаға бөлінеді.
Күрделі сан есімдердің дара сан атауларынан тіркесулері арқылы жасалатын
жүйесінде негізгі тәсіл ретінде қалыптасатын мынадай екі түрлі жолы бар:
Біріншіден, дара сандардан жасалатын күрделі сандардың құрамы бір санның
үстіне басқа бір санды қосу жолымен, яғни белгілі бір санға (қосылғышқа)
келесі бір қажетті санды (қосылғышты) қосып айту жолымен жасалады. Ондай
күрделі сан есімдер белгілі бір жүйе бойынша құрастырылған жай (дара)
қосылғыш сандардың қосындысы есебінде қабылданады да, қосындысы есебінде
танылады. Мысалы: он бір (11), жүз сегіз (108), тоғыз жүз тоқсан тоғыз
(999) деген күрделі сан есімдердің құрамындағы жеке сан есімдер белгілі бір
санға — он, жүз, тоғыз жүз сандарына — басқа бір сандарды —бір, сегіз,
тоқсан тоғыз сандарын — қосып (үстемелеп) айту жолымен жасалған. Яғни бұл
күрделі сандар он бір (11), жүз сегіз (108), тоғыз жүз тоқсан тоғыз (999)
деген ұғымды аңғартады. Күрделі сан есім жасаудың бұл жолын қосылмалы жол
деп атауға болады.
Екіншіден, дара сандардан жасалатын күрделі сандардың құрамы бір санды
(көбейгішті) басқа бір санға (көбейткішке) көбейту жолымен, яғни белгілі
бір санды (көбейткішті) келесі бір қажетті санға (көбейткішке) көбейту,
еселеу жолымен жасалады. Ондай күрделі сандардың белгілі бір көбейгіш
сан мен көбейткіш сандардың көбейтіндісі есебінде қабылданады және солай
танылуға да тиіс. Мысалы: екі жүз, тоғыз мың дегенде, бұл күрделі сан
есімдердің құрамындағы жеке сандар біріне-бірін қосу емес, көбейту жолымен,
яғни жүз, мың сандарын екі, тоғыз сандарына көбейту (еселеу) жолымен
жасалған. Демек, мұндай күрделі сандар екі х жүз (200), тоғыз х мың (9000)
деген ұғымдарды білдіреді. Күрделі сандарды жасаудың бұл жолын көбейтілмелі
жол деп атауға болады.
Бірақ қосылмалы және көбейтілмелі күрделі сан есімдердің жасалу
амалдарының да өзіндік ерекшеліктері бар: біріншіден, күрделі қосылмалы
сандар тек он бірден басталады да, тоқсан тоғызға (99) дейін жетіп, одан
жүз (100) санын аттап өтіп, жүз бірден қайта басталады да, тоғыз жүз тоқсан
тоғызға дейін қамтып, одан мың санын аттап өтеді де, ары қарай созыла
береді, екіншіден, күрделі қосылмалы сандар үнемі жоғары дәрежелі сандардан
басталып, төмен дәределі сандармен аяқталып отырады. Мысалы: он бір, отыз
алты, елу тоғыз, жүз қырық бес, мың тоғыз жүз жиырма үш деген күрделі сан
есімдердің құрамындағы жеке сандар ең соңында бірлік сандар (бір, алты,
тоғыз, бес, үш), одан бұрын ондық сандар (он, отыз, елу, қырық, жиырма),
одан бұрын жүздік сандар (жүз, тоғыз жүз), одан бұрын мыңдық сандар (мың)
болып, үнмеі, жоғары дәрежелі сандардан басталып, төмен дәрежелі сандармен
аяқталып отырған.
Күрделі көбейтілмелі сан есімдер, керісінше, үнемі төмен дәрежелі
сандармен басталып, жоғары дәрежелі сандармен аяқталып отырады. Мысалы:
алты жүз, сегіз жүз, үш мың, төрт мың деген күрделі сан есімдердің
құрамындағы сандар ылғи төмен дәрежелі сандардан (алты, сегіз, үш, төрт)
басталып, жоғары дәрежелі сандармен (жүз, мың) аяқталып отырған.
Көбейтілмелі сандар негізінде екі жүзден басталады да, тоғыз жүзге барып,
екі мыңнан қайта басталып тоғыз мыңға дейін барады. Сонда көбейтілмелі
күрделі сан есімдердің көбейгіш сандары екіден тоғызға дейінгі бірлік
сандар болады да, көбейткіш сандар жүз бен мың сандары болады. Осыған
сәйкес, көбейтілмелі күрделі сан есімдерді іштей жүздік көбейтілмелер (200-
900) және мыңдық көбейтілмелер (2000-9000) деп екіге бөліп қарауға болады.
Бұлардың тағы да тіркесінде әуелі көбейтілмелілік ұғымы болған. Ол ұғым
бұл сандардың қазіргі кірісіп қалыптасқан формаларында да өз бойында
сақталып қалғаны байқалады. Былайша айтқанда, бұл күрделі формала ондық
көбейтілмелі сандар ретінде қабылданады.
Күрделі сан есімдердің құрамында көбейтілмелі сандар мен қосылмалы сандар
араласа қолданылатын кездері болады. Мысалы: үш мың тоғыз жүз он бес (3915)
деген күрделі саның құрамындағы үш мың (3х1000) — мыңдық көбейтілмелі сан
да, тоғыз жүз (9х100) — жүздік көбейтілмелі сан, ал он бес (10+5) —
қосылмалы сан. Олай болса, бір күрделі сан есімнің құрамында әрі
көбейтілмелі, әрі қосылмалы сандар бірге тіркесе, қолданыла береді. Күрделі
санның мұндай түрі, әрине, бірыңғай көбейтілмелі не қосылмалы күрделі
сандардан өзгеше. Ал, ол ерекшелік бұлардың құрамдарының аралас болуымен
байланысты. Күрделі сан есімдердің мұндай түрін аралас күрделі сан есімдер
тіркесі деп атайды.
Сонымен, жаратылысы мен жасалу жйүесі жағынан сан есімдер дара және
күрделі болып бөлінеді: дара сан есімдер қатарына бір, екі, үш, он, жүз,
мың сияқты сан есімнің бастапқы шыға бастаған кезінен, жаратылысынан
табиғи сан атаулары мен кейінгі замандарда кірігіп қалыптасқан алпыс,
жетпіс, сексен сияқты сан есімдер (бұлар, бір жағынан, ондық көбейтілмелі
сандар) жатады: күрделі сан есімдер тобына төрт-бес, он-он бес сияқты
қосарлы сандар, әр алуан қосылмалы сандар, жүздік, мыңдық көбейтілмелі
сандар және көбейтілмелі — қосылмалы аралас сандар жатады.
Ескерту: Қазіргі қазақ тілінің нормасында бірігіп айтылатын алпыс,
жетпіс, сексен, тоқсан сан есімдері де бір кездерде алты Х он, сегіз Х он,
тоғыз Х он сияқты тіркестерден құралған сандар.
Жалпы алғанда, күрделі есептік сандардың құрамындағы жеке сандардың
орналасу тәртібі үнемі жоғары дәрежелі сандардың бұрын, төмен дәрежелі
сандардан кейін қойылып айтылу принципі бойынша түзіледі. Мысалы: елу екі
үй, екі жүз он бір адам дегендегі есептік сандар жоғары дәрежелі сандардан
басталып, төмен дәрежелі сандармен аяқталған.

САН ЕСІМНІҢ СИНТАКСИСТІК ӨЗГЕШЕЛІГІ

Сан есімдердің сөйлем ішінде атқаратын негізгі қызметі — анықтауыш болу.
Өйткені сан есімдер сан мөлшерін, сан ретін, сан шамасын білдіру сияқты
өздеріне тән негізгі қызметті атқарғанда, үнемі анықтауыш болады да,
анықтайтын сөзінің алдында (бұрын) қолданылады; яғни сөйлемдегі сан
есімдермен байланысатын сөздер — қабыса байланысса да, жанаса байланысса да
орын жағынан ылғи сан есімдерден кейін қалып отырады. Сан есімдердің өзге
сөздермен байланысудағы бұл тәртібіне тек жинақтық сандары ғана бағынбайды.
Өйткені жинақтау сандары тіліміздің қазіргі нормасында сөйлемде үнемі
субстантивтік рольде қолданылатын болып ауысқан да, анықтауыштық
(атрибутивтік) қызметтен мүлде алшақтап кеткен.
Әдетте, сан есімдер тек зат есімдерді ғана анықтайтын не заттың ғана сан
мөлшерін білдіретін сөздер есебінде қаралады. Шынында, сан есімдер тек
зат есімді емес, сонымен қатар, зат есімнен жасалған туынды сын есімдердің
де, етістік сөздердің де сан мөлшерін білдіре алады. Сан есімдердің
осылайша зат есімдерден, өзге сөз таптарынан, демек, туынды сын есімнен,
етістіктен бұрын тұрып, олар арқылы аталатын ұғымдардың сан мөлшерін
білдіре қолданылуы олардың пысықтау функциясында да жұмсала алатындығын
аңғартады.
Сан есімдер туынды сын есімдердің сан мөлшерін білдіре қолданылғанда,
сөйлемдегі белгілі бір анықтайтын атрибутивтік сөздің анықтаушысы, яғни
анықтаушы ретінде де қолданылады. Мысалы: Шолпан ол кезде төрт балалы әйел
еді дегендегі төрт сөйлемдегі ой төрт әйел туралы емес, төрт балалы әйел
(Шолпан) туралы айтылып отыр.
Сан есімдер сөйлемдегі сөздердің барлығымен бірдей қарым-қатынасқа түсе
бермейді. Демек, тікелей кез келген сөздермен жапа-тармағай тіркесе
бермейді. Олардың тікелей тіркесетін негізгі сөздері — зат есімдер, зат
есімнен жасалған туынды сын есімдер және етістіктер ғана. Өзге сөз
таптарынан басқа да сөздерді талғамайтын ғана, ақ демеуліктерін атауға
болады. Ал сан есімдердің өзара бір-бірімен тіркесуі күрделі сан есімдерде
кездеседі.

САН ЕСІМНІҢ СЕМАНТИКА-МОРФОЛОГИЯЛЫҚ
ТОПТАРЫ

Сан есімдер сан мөлшерін абстракт түрде атайтын сөздер болғанымен, олар
семантикалық, морфологиялық және синтаксистік жағынан іштей алдын-ала жеке
категориялар ретінде танырлықтай бірнеше топқа бөлінеді. Сан есімдердің
осылайша іштей жіктелетін топтарының кейбіреуі заттың, зат есімнен туған
сынның немесе амалдың дәл санын я есебін білдіретін болса, кейбіреуі ретін
білдіреді: ал үшінші бір тобы сандық ұғымның бөлшегін, төртінші бір тобы
заттарды топтап көрсету деген сияқты әр қилы жақтарын қамтиды. Осындай
тұрғыдан қарағанда, сан есімдер есептік сан, реттік сан, болжалдық сан,
жинақтық сан, топтық сан, бөлшектік сан болып алты топқа бөлінеді.

ЕСЕПТІК САН ЕСІМДЕР

Есептік сан есімдер жалпы заттың, зат есімнен туған сындық белгінің
немесе іс-әрекет, амалдың ұзын-ұрға саны, сандық мөлшерін білдіру үшін
қолданылады. Олар семантикалық мағынасы мен морфологиялық ерекшелігі
жағынан да және синтаксистік қызметі жағынан да сын есімдерге бір табан
жақын сөздер сияқтанып келді.
Есептік сандардың қатарына сан есімдердің өзге топтарының жасалуына негіз
болатын табиғи сандар жатады. Ол сандар, дәрежесіне қарай, бірлік сандар,
ондық сандар, жүздік сандар және мыңдық сандар болып бірнеше жікке
бөлінеді.
Бірлік сандар тобына бірден тоғызға дейінгі тоғыз атаулары есебінде
жұмсалатын тоғыз сөз жатады: бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз,
тоғыз.
Ондық сандар тобына оннан жүзге дейінгі ондық атаулары есебінде
жұмсалатын тоғыз сөз жатады: он, жиырма, отыз, қырық, елу, алпыс, жетпіс,
сексен, тоқсан.
Жүздік сандар тобына жүзден тоғыз жүзге дейінгі жүздік атаулары есебінде
қолданылатын күрделі тоғыз сөз жатады: бір жүз, екі жүз, үш жүз, төрт жүз,
бес жүз, алты жүз, жеті жүз, сегіз жүз, тоғыз жүз.
Мыңдық сандар тобына мыңнан жүз мыңға дейінгі мыңдық атаулары есебінде
жұмсалатын күрделі он бір сөз жатады: бір мың, екі мың, үш мың, төрт мың,
бес мың, алты мың, жетң мың, сегіз мың, тоғыз мың және он мың, жүз мың.
Бұлардан өзге әр алуан есептік сандардың бәрі де осы аталған бірлік,
ондық, жүздік, мыңдық сандардың әр қилы жолмен тіркесе қолдану жүйесі
бойынша жасалып отырады. Мысалы, бес мың сегіз жүз алпыс үш (5863) деген
күрделі санды алсақ, оның құрамындағы үш — бірлік сан, алпыс — ондық сан,
сегіз жүз — жүздік сан, бес мың — мыңдық сан.
Есептік сан есімдер құрам жағынан дара және күрделі болып екі жікке
бөлінеді. Дара есептік сандардың қатарына бірлік атаулары мен ондық
атаулары және жүз, мың сөздері жатады да, күрделі есептік сандардың тобына
жүздік атаулары мен мыңдық атаулары және әр алуан күрделі түрлерінің бәрі
де жатады. Мысалы: бір, төрт сөздері — дара есептік сандар да, екі жүз елу,
жиырма бес, елу алты сөздері — әр түрлі дәрежелі жеке сандардың тіркесуі
арқылы жасалынған күрделі есептік сандар.
Есептік сандар тікелей тиісті мөлшерді білдіру үшін қолданылғанда,
ешқандай морфологиялық өзгерістерге түспейді. Олар сөз түрлендіретін
аффикстерді субстантивтенген жағдайда ғана қабылдайды. Мысалы: Мал басы
биыл тәуір сияқты: жеті жүз сиыр, мың төрт жүз қой-ешкі,төрт жүз жиырма
жеті жылқы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі мамандығының магистратураға қабылдау емтиханның бағдарламасы
Мектеп жасына дейінгі балалардың сан ұғымының қалыптасуы
Баланың қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру, жұмыстарын ұйымдастыру
Сан есімді оқыту әдістемесі
Сөз тіркестері туралы
Зат есімдерді жекеше түрде жазу
Бастауыш сыныптарда морфологиялық ұғымдарды оқытудың мәні
4-сынып «Қазақ тілі» оқулығының құрылымы мен құрылысы
Сан есімнің лексико грамматикалық сипаты
Морфологияны оқытуда оқушылардың тақырыпты түсінгендігін жаттығу жұмыстары арқылы жүзеге асыру
Пәндер