ЕСІМДІК. ЕСІМДІКТЕР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
ЕСІМДІК
ЕСІМДІКТЕР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
Есімдер тобына жататын сөз табының бірі — есімдіктер. Есімдіктер заттың
атын, сынын, санын, я олардың аттарын білдірмейді, бірақ солардың (зат
есім, сын есім, сан есімдердің) орнына жұмсалады. Есімдіктер белгілі бір
түсінікті я ойды жалпылама түрде мегзеу арқылы білдіреді. Есімдіктердің
нақтылы мағыналары өздерінен бұрын айтылған сөйлемге немесе жалпы сөйлеу
аңғарына қарай айқындалады. Мысалы: Ол Прутковтың барлық афоризмін
білетін (С.Ерубаев); Сен қымсынба, артыңда біз (М. Әуезов) дегендердегі
есімдіктердің қайсысының болса да мағынасы нақтылы емес. өйткені бірінші
сөйлемдегі ол деген сөзден тек бір адамның Прутковтың барлық афоризмін
білетінін ғана аңғарғанымыз болмаса, ол адам кім? — Бейсенбай ма, әлде
Мұрат па? Жоқ, тіпті біз білмейтін басқа бір адам ба? Әйтеуір, оның кім
екенін бірден айқын біле алмаймыз. Екінші сөйлемдегі сен, біз дегендердің
де мағыналары нақтылы емес, олар жалпылама түрде ғана айтылған. Ондай
болатын себебі: Ол деген сөз мен және сен деген ұғымнан басқаның бәрін
білдіреді, демек, көзбе-көз я бетпе-бет сөйлесіп тұрған екі адамнан
басқаның бәрі (адам ба, зат па — бәрі бір) — ол болады. Ал, мен тек бірінші
жақ (сөйлеуші я айтушы) болады да, сен — тыңдап (сөйлесіп) тұрған адам,
демек, сөйлеушімен (менімен) әңгімелесіп отырған адам дам болып шығады.
Сонымен, жоғарыдағыдай дара тұрған сөйлемдердегі есімдіктердің дәлді
мағыналары бірден айқын болмайды.
Есімдіктердің дәлді мағыналары, егер екі я онан да көп адам сөйлесіп
отырған жағдайда (диалогта) қолданылса, сол сөйлемдерден бұрын айтылып, я
аталып өткен сөйлемдермен байланысты аңғарылады. Ал егер ондай есімдіктер
монолог түрінде айтылған я жазылған сөйлемдерде қолданылса, олардың дәлді
мағыналары, яғни олар туралы мәлімет, сол сөйлемдерден бұрын айтылған я
жазылған сөйлемдермен байланысты тыңдаушы мен айтушыға (оқушыға) ғана
белгілі болады. Мысалы: Мен жаратпаған атшыға қарап едім, ол тек отыр
дегендей басын шайқап, ернін тістей қойды (С.Көбеев) деген мысалды алсақ,
сөйлемдегі ол деген сөздің дәл кім екенін бірінші сөйлемдегі атшы деген
сөзден аңғарамыз. Сол сияқты: кімді айтса, сол келеді деген мақалдағы
кімді, сол деген есімдіктердің де кімді нақтылы білдіріп тұрғанын, яғни
дәлді мағыналарын бұрынғы сөйлемде аталған адамға қарап барып аңғарамыз.
Шынында, ол, мен деген есімдіктерді алсақ, әркім я әр адам ол да, мен де
бола алады.
Есімдіктердің мағыналары қаншама жалпы болғанымен, олар (есімдіктер)
қандай сөздердің орнына қолданылуына қарай, сөздердің негізгі мағыналарына
сәйкес (заттық, сындық, сандық т.б.) зат немесе заттық белгімен байланысты
ұғымдарға ұштасып жатады. Мысал үшін сен, ол жіктеу есімдіктерін, бұл, сол
сілтеу есімдіктерін, кім, не, қай сұрау есімдіктерін алайық. Егер осы
есімдіктердің негізгі мағыналарын саралап қарайтын болсақ, қандай сөздердің
орнына қолданылуына байланысты, біріншіден, заттық ұғымды білдіретін
сөздердің орнына қолданылатын есімдіктер, екіншіден, заттың белгісін
білдіретін сөздердің орнына жұмсалатын есімдіктер болып іштей екі жікке
бөлінеді. Сонда сен, ол кім? не? есімдіктері заттық ұғымды білдіретін
сөздердің бұл, сол, қай? Есімдіктері белгі атауларының орынбасарлары болып
шығады. Осындай екі жік сөздерді, біріншіден, заттық ұғымды білдіретін
сөздердің орынбасарлары — субстантивтік есімдіктер, екіншіден, заттың
белгісін білдіретін сөздердің орынбасарлары — аттрибутивтік есімдіктер
деген екі салаға бөледі.
Морфологиялық жағынан есімдіктер түрленетін сөздердің тобына қосылады. Ал
олардың түрленуінде, жалпы алғанда, есімдерге ұқсастықтар болмағанымен,
өздеріне тән ерекшеліктері бар. Мысалы, субстантивтік есімдіктер қолданылу
ретіне қарай зат есімдер сияқты көптеліп те, септеліп те, жіктеліп те
қолданыла беретін болса, аттрибутивтік есімдіктер дәл өз мағынасында, нағыз
сын есімдер ретінде қолданылып тұрғанда грамматикалық формаларының ешбірін
де қабылдамайды.
Есімдіктердің бәріне де тән, бәріне де ортақ деп есептерліктей я
танырлықтай белгілі бір жүйелі формалары немесе өзгеру тәсілдері жоқ. Бұл
ерекшелік негізінде есімдіктердің іштей субстантивтік және аттрибутивтік
болып мағыналық екі жікке бөлінуімен байланысты.
* * *
Есімдіктер шығу төркіні жағынан екі топқа бөлінеді: оның бір тобына өте
ерте заманнан келе жатқан байырғы (көне) түбір есімдіктер енеді де, екінші
тобына тіліміздің даму, жетілу процестерімен байланысты, кейінгі замандарда
пайда болған, демек, соңғы кездерде туып қалыптасқан есімдіктер жатады.
Алғашқы топқа жататын есімдіктер әрқашан негізгі түбір сөздер сипатында
болады. Бұған мен, сен, ол, біз, сіз, қай, кім, не, міне, бұл, осы, сол
т.б. сияқты қазіргі кезде бөлшектеп талдап жатуды қажет етпейтін түбір
тұлғалы сөздер жатады.
Ескерту: бұл аталған есімдіктердің ішінен не сөзінен өзгелері тарихи
тұрғыдан алып қарағанда, -ме-н, се-н, о-л (н), бі-з, қа-й (н), кі-м
бөлшектенетіні жайында есте болғаны жөн.
Есімдіктердің екінші, кейінгі (жаңа) тобына мынадай үш түрлі есімдік
сөздер жтады:
Біріншіден, бұған белгілі бір категорияға тән сөздердің мағыналары өзгере
келе есімдіктер дәрежесіне ауысуы арқылы, демек, лексикалық жолмен
жасалған: бір, біреу, бүкіл, түгел т.б. сияқты есімдікер әр, күллі, пәлен
сияқты басқа (араб, парсы, т.б.) тілдерден ауысып енген сөздер жатады.
Екіншіден, морфологиялық тәсіл арқылы жасалынған сөздерге сұрау және
сілтеу сияқты негізгі түбір есімдіктеріне, мысалы, -у элементінің (нұсқау,
сілтеу мәнін білдіретін форма) қосылуы арқылы жасалынған мына-у, ана-у,
сона-у тәрізді есімдіктер жатса, сонымен бірге, оларға әр қилы формалар
арқылы жасалған: барлық, барша, қанша, неше, қандай, нешінші тәрізді
есімдіктер де жатады.
Үшіншіден, синтаксистік тәсіл арқылы жасалынған есімдіктер тобына
бірдеңе, бірнеше, кейбіреу, әлдекім, әлдеқашан, әлдеқайда, әлдеқалай,
әрбір, ешкім, ешқайсысы, ешқандай сияқты жеке сөздерден құралған арқылы
жасалынған күрделі есімдіктер және кімде-кім, қай-қайсы, бірде-бір сияқты
қосарланып қолданылатын күрделі есімдіктер жатады.
Синтаксистік жағынан есімдіктер, әр түрінің ерекшеліктеріне қарай, демек,
қай сөз табының орнына жүретініне қарай, демек қай сөз табының орнына
жүретініне қарай, бастауыш та, толықтауыш та, анықтауыш та, баяндауыш та
болып, қызмет атқара береді. Дегенмен, мағыналық ерекшеліктеріне қарай,
әрбір есімдік белгілі бір синтаксистік қызметтерге бейім болып отырады.
Мысалы, субстантивтік есімдіктер сөйлемнің барлық мүшесі болатын болса,
атрибутивтік есімдіктер негізінде анықтауыш болып қызмет атқаруға бейім
тұрады да сөйлемнің өзге мүшелерінің қызметін тек субстантивтенген жағдайда
ғана атқара алады.
Қазақ тілінде есімдіктер сан жағынан көп емес, не бәрі 60-70 сөз. Бірақ
олардың атқаратын қызметі орасан зор.
Мағыналарына қарай есімдіктер мынадай топтарға бөлінеді:
1) жіктеу есімдіктер; 2) сілтеу есімдіктер; 3) сұрау есімдіктер; 4) өздік
есімдіктер; 5) белгісіздік есімдіктер; 6) болымсыздық есімдіктер;
7) жалпылау есімдіктері.
ЖІКТЕУ ЕСІМДІКТЕРІ
Жіктеу есімдіктеріне мен, сен, сіз, ол, біз (біздер), сендер сіздер, олар
деген сөздер жатады. Жіктеу есімдіктері сан жағынан аз болғанымен, қызметі
жағынан есімдікердің ішіндегі аса жиі қолданылатын тобы.
Жіктеу есімдіктері үнемі жақтық ұғыммен байланысты келеді. Сол себептен
олар ылғи адаммен байланысты, демек, сөйлеуші, тыңдаушы және бөгде кісі
деген ұғымдармен байланысты қолданылады.
Жіктеу есімдігінің ІІІ жағы, әдетте, сілтеу есімдігімен ортақ болып
келеді. Қазақ тіліндегі жіктеу есімдігінің ІІІ жағы делініп есептелетін ол
деген сөз кейде жіктеу есімдігінің ІІІ жағы ретінде жұмсалады (мысалы: ол
айтты, ол келді, ол — студент), кейде сілтеу есімдігі ретінде жұмсалады
(мысалы: ол кезде, ол кісі, ол кітапша... т.б.)
Жіктеу есімдіктерінің белгілі бір жақты нақтылы етіп көрсетуі әрқашан
сөйлеуші адамен (І жақпен) тығыз байланысты болады, демек, сөйлеушінің өзге
адамдарға (тыңдаушыға, басқа бөгде кісіге) қатынасы қай дәрежеде
болатындығына орай және соған лайықты анықталып отырылады. Мысалы, екі кісі
өзара әңгімелесіп отыратын жағдайда олардың қайсысы сөйлеуіне байланысты
жақтық ұғым да ауысып отырады. Яғни сөйлеуші адам қолданылатын мен (І
жақ), екінші адам сөйлегенде сен (ІІ жақ) болып кетеді, керісінше,
алғашқы тыңдаушы екінші кісі қолданған сен (екінші жақ) деген ұғым ауысып
бірінші жаққа (мен-ге) айналады. Мысалы, Ә.Әбішевтің Достық пен
махаббат пьесасынан Нұрлан мен Темірдің сөздерін алып қарайық:
Темір. Ағтай дейтін сен кім едің?
Нұрлан. Мен — өз бауырыңыз, Нұрлан Тайманов дейтін партизан.
Темір. А, Нұрлан Тайманов сен бе едің?
Осында, ең алдымен, Темір сөйлегенде ІІ жақ — тыңдаушы сен болып тұрған
Нұрлан, өзі сөйлеген кезде І жақ — сөйлеуші мен (Темір) ІІ жақ — тыңдаушы
сен дәрежесіне ауысады.
Есімдіктердің де септеу жүйесі басқа есімдермен негізінде бір ізді
болғанымен, олардың әр тобына тән кейбір ерекшеліктері де жоқ емес. Мысалы,
жіктеу есімдіктерінің жекеше түрлері төмендегіше септеледі:
Атау мен сені оны
Ілік менің сенің оның
Барыс маған саған оған
Табыс мені сені оны
Жатыс менде сенде онда
Шығыс менен сенен онан (одан)
Көмектес менімен сенімен онымен
Бұл үлгіден, басқа есімдерге қарағанда, жіктеу есімдіктерінің ерекшелеу
септелетіні көрінеді. Бірақ бұл ерекшелік олардың көпше түрлерінде және сіз
деген есімдіктерде кездеспейді, соңғылар (сіз, біз, сендер, сіздер) септеу
жағынан басқа есімдерге ұқсас келеді. Мысалы:
Атау сіз, біз(дер) сендер сіздер
Ілік сіздің, біз(дер)дің сендердің сіздердің
Барыс сізге, біз(дер)ге сендерге сіздерге
Табыс сізді, біз(дер)ді сендерді сіздерді
Жатыс сізде, біз(дер)де сендерде сіздерде
Шығыс сізден, біз(дер)ден сендерден сіздерден
Көмектес сізбен, біз(дер)мен сендермен сіздермен
Сөйтіп, жіктеу есімдіктерінің жекеше түрінің септелу жүйесінде түрлі
ерекшелік байқалады. Бірақ ол ерекшелік қопарылмалылық белгісі емес,
жалпы есімдіктер категориясының көпшілігінде сақталған ерекшелік деп
есептеледі.
Жіктеу есімдіктерінің жіктелуінде де ерекшелік бар. Оларға жіктік
жалғаудың барлық жақтарының қосымшалары қосыла бермейді. Жіктеу
есімдіктеріне жалғанатын жақ жалғауларын есімдіктерден болған баяндауыштың
қос-қабаттасып келген плеонастикалық көрніс деп қарауға болады. Өйткені
баяндауыштық (жіктік) жалғау, жіктеу есімдіктері баяндауыш қызметінде
жұмсалғанда, бастауыштың жақтық мағынасына қарамастан, баяндауыштың жақтық
мағынасына қрай жалғанады. Мысалы, оқушы менмін, тыңдаушы сенсің дегенде,
грамматикалық бастауыштар ІІІ жақта да, баяндауыштар мен-мін, сен-сің болып
(І,ІІ жақта) айтылған. І,ІІ жақ жіктеу есімдіктері ерекше бір жағдайда
болмаса, тәуелденбейді, тек ІІІ жақтық есімдік қана тәуелденеді (мысалы: ол
— оным, оныңыз, онысы).
Жіктеу есімдіктері сөйлемде бастауыш та, толықтауыш та, баяндауыш та,
анықтауыш та болып жұмсала береді. Мысалы: Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін
(Абай). Адам деп мені, салмадың сен хат маған (Абай). Менің атым — Темір
(Ә.Әбішев); Темір сенбісің? (Ә.Әбішев) деген сөйлемдердегі мен, сен
есімдіктері бастауыш болып, мені, маған есімдіктері толықтауыш болып, менің
есімдігі анықтауыш болып, сенбісің? Есімдігі баяндауыш болып тұр. Бірақ,
сөйте тұра, жіктеу ессімдіктері өздігінен атау түрінде тұрып ешқашан да
пысықтауыш болып қызмет атқармайды. Сол сияқты, жіктеу есімдіктерінің атау
формада анықтауыш болуы — үйреншікті құбылыс.
СІЛТЕУ ЕСІМДІКТЕРІ
Сілтеу есімдіктеріне бұл, осы, сол, анау, мынау, сонау, осынау, ана,
мына, сона, әні, міне деген сөздер жатады.
Бұл есімдікtер негізінен алғанда, сілтеу, көрсету, нұсқау сияқты
ишараттарды білдіріп қай?, қайсы? деген сұрауларға жауап беретін
аттрибутивтік сөздер. Дегенмен, сілтеу есімдікерінің барлығының мғыналары
бірдей, бір дәрежеде бола бермейді.
Сілтеу есімдіктерінің мағына жағынан бір-бірінен ерекше болып келуін
мынадай сөйлемдерді салыстыру арқылы аңғаруға болады. Бұл кісіні мен
танымаймын. Осы кісіні бір көрген сияқтымын дегендегі, бұл осы деген
есімдіктер көз алдыңдағы, жақындағы кісіге нұсқағандықты білдірсе, ол,сол
деген есімдіктер қвшығырақтағы, алысырақтағы кісіге сілтегендікті
білдіреді. Солай бола тұрса да, алғашқы екі сөйлемдегі есімдіктердің де
(бұл, осы), соңғы екі сөйлемдегі есімдіктердің де (ол,сол), мағыналары
өзара бірдей емес, бір-бірінен айырмашылығы бар. Мысалы, осы дегеннің
мағынсы тым конкретті болса, бұл дегеннің мағынасы онан гөрі жалпы болады.
Сол, ол есімдіктерінің мағыналары да осындай.
Сілтеу есімдіктерінің мғыналарын екі тұрғыдан қараған жөн. Біріншіден,
сілтеу есімдіктерінің мағыналарын кеңістік аралықты я топографиялық
кеңістікті білдіру тұрғысынан қарау, екіншіден, олардың мағыналарын, уақыт
аралығын я хронологиялық мерзімді білдіру тұрғысынан қарау қажет.
Топографиялық кеңістікті білдіру тұрғысынан қарағанда, жіктеу есімдіктері
мынадай екі түрлі жікке бөлінеді: осы, бұл, мына, мынау, осынау, міне
есімдіктері жақындағы затқа я құбылысқа нұсқау үшін қолданылады да, ол,
сол, ана, анау, сонау, сона, түу есімдіктері, сәл де болса, алысырақтағы
заттар мен құбылыстарға нұсқау үшін қолданылады. Бұл нұсқаулар кейде көзбен
көре алатындай заттарға тікелей мегзеу арқылы айтылатын болса, сона, сонау,
түу есімдіктерінде көзбен көруге болмайтындай, көңілмен ғана сезіп ұғыну
арқлы ғана сілтеме жасайтындай жағдайда айтылады. Ал, міне, әне, осы сілтеу
есімдіктері нұсқап көрсететін заттар мен құбылыстарға ерекше назар
саларлықтай детерминативтік мәнде қолданылады.
Сілтеу есімдіктері, хронологиялық тұрғыдан қарағанда, бірде нұсқай
айтылатын заттар мен құбылыстарды сөйлеу кезеңінен бұрын белгілі болып
ескертілген, сол арқылы сөйлеуші мен тыңдаушыға белгілі болған жағдайда,
яғни анафорикалық мәнде қолданылса, бірде өзінен кейінгі сөздермен
түсіндірілетін, яғни кейінірек баяндалып сыры ашылатын, демек,
препаративтік мәнде қолданылады. Сол сияқты, бұл, ол, анау, мынау, осы, сол
сілтеу есімдіктері көбінесе алдын ала ескертілген заттар мен құблыстарды
көзбен көріп тұрған жағдайда, яғни дейктика препаративтік мәнде жұмсалады.
Сілтеу есімдіктері таза аттрибутивтік күйде тұрғанда еш уақытта да
септелмейді, көпшеленбейді және тәуелденбейді. Олар заттық ұғым беріп
субстантивтенгенде ғана, септік, тәуілдік және көптік жалғауларды
қабылдайды. Бұлардың септелуі жіктеу есімдіктеріне ұқсас болады.
Бұл, сол, ол есімдіктеріне көптік жалғау жалғанғанда, соңғы л дыбысы
түсіп қлады, мысалы: бұл — бұлар, сол — солар, ол — олар. Осы үш есімдікке
тәуелдік жалғауы жалғанғанда, түбірдегі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz