ҮСТЕУЛЕРДІҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ БЕЛГІЛЕРІ, ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
ІХ тарау
ҮСТЕУ
§98. ҮСТЕУ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК

Үстеу сөздер заттың әр қилы қимылы мен ісінің (етістіктің) әр түрлі
сындық, бейнелік, мекендік, мезгілдік, шарттық, мөлшерлік күй-жайларын және
сынның белгісін білдіреді. Ал, қимылдың белгілері пысықтауыш мүше ретінде
қолданылатын басқа есім сөздер мен етістік формалары (мысалы, көсемшелер)
арқылы да білдіріледі. Бірақ белгілі жағдайда ғана пысықтауыш болып қызмет
атқаратын ондай есім сөздер мен етістік формалары өздерінің бастапқы
қасиеттерін жоймайды. Осы есептен пысықтауыш мүше болған сөздердің барлығы
бірдей үстеу болуы шарт емес. Ол осы үйде тұрады және Мен мынау колхоздан
пана таптым, енді орным осында (М.Әуезов) деген сөйлемдерді алсақ, бірінші
сөйлемдегі пысықтауыш үйде деген сөз болса, екінші сөйлемдегі пысықтауыш —
осында деген сөз. Бірақ мағына жағынан бұл екі пысықтауыштың арасында
елеулі айырмашылық бар: жатыс септігінде қолданылып пысықтауыш болып тұрған
үйде деген зат есім тұрушының мекенін (орнын) айқын білдірсе, осында деген
пысықтауыш тұрушының мекенін жалпы түрде хабарлап тұр. Екіншіден, үй деген
зат есім жатыс септікте тұрып қана пысықтауыш болып тұрса, осында деген
пысықтауыштың бастапқы түбірі осы деген есімдік болғанымен, -нда қосымшасы
оның табиғы бөлшегі болып тұрақталып, көнеленіп қалған. Сол қалпында ол тек
пысықтауыш қызметінде жұмсалады.
Сол сияқты, бірге бірде қосса, екі болады; Бірге жасасып келгенмен,
жақынға жақынның қасиеті бірден танылмацды (М.Әуезов) деген сөйлемдердегі
бірге-ні салыстырсақ екеунің түбірі бірдей болғанмен, мағынасы мен қызметі
екі басқа. Олардың екеуінің екеуінің де бастапқы түбірі — бір, екеуінің де
қосымшасы — барыс септік жалғауы –ге. Бірақ бұл сөз мағына жағынан екі
жарылып сараланған. Алғашқы сөйлемдегі бірге өзінің тура мағынасы
қолданылып, толықтауыш болып тұр. Ол барыс септіктің нешеге? қаншаға? деген
негізгі сұрауларына жауап береді. Ал, екінші сөйлемдегі бірге сөзі бастапқы
мағынасынан алыстап, демек объектілік мәннен адвербиалдық мағынаға көшіп,
қимыл қалай жасалатындығын білдіреді. Ендеше, алғашқы сөйлемдегі бірге
деген сөз барыс септік сан есім болса, екінші сөйлемдегі бірге деген сөз
үстеу сөз болады.
Осылар тәрізді, бірден бірді кемітсе, ноль қалады; Қуаныш, қайғы бірден
қысқан Жамалдың көзі, бұлаудай (Ғ.Мұстафин) дегендегі бірден деген сөз
алғашқы сөйлемдегі шығыс септіктегі зат есім (толықтауыш) болады да, екінші
сөйлемде үстеу сөз (пысықтуыш) болады.
Осылайша мағына жағынан әуелгі төркіндерінен (мысалы: зат есімдердің,
сын есімдердің, сан есімдердің, есімдіктердің қатарларынан) бөлініп,
лексикалық мазмұны жағынан қимылдың алуан түрі күй-жайларын білдіретін
сөздер үстеуге жатады. Тілімізде бірге, бірде (кейде деген мағынадығы),
бірден, кенттен, лажсыздан, кейде, шалқасынан, жүресінен, зорға, жатқа,
босқа, текке, қапыда, абайсызда, жөнімен, ертемен, алға, артқа, алда,
артта, мұнда, сонда, осында сияқтанған үстеулердің барлығы да жоғарыдағыдай
көнелену жолымен қалыптасқан үстеулер.
Қазақ тілінде осындай көнелену тәсілі арқылы біржолата үстеуге
айналған, немесе, мағына жағынан екі жарылып, сараланып, демек, бір
жағынан, үстеуге айналса, екінші жағынан, өздерінің әуелгі лексикалық
топтарының да (мысалы: есімдердің де) қатырнда қалып жүрген сөздер көп.
Мұндай сөздер, әсіресе, жатыс, шығыс, барыс, көмектес септіктердің
формаларында жиі ұшырайды.
Есімдерден көнелену арқылы туған үстеулер сияқты, етістік формаларынан
көнеленіп шыққан үстеулер де бар. Етістік түрінен көнеленіп шыққан үстеулер
де көбінесе көсемше формалармен түрлес келеді. Бірақ көсемше формада тұрған
сөздердің барлығы да бірдей үстеу бола бермейді. Мысалы: Ол өзінен-өзі
сөйлей кірді (С.Мұқанов) деген сөйлемдегі сөйлей деген — үстеу сөз емес,
көсемше. Өйткені сөйлей, сөйлеп деген көсемшелер жіктік жалғауды тікелей
қабылдап, сөйлемде дара тұрып та (мысалы: сөйлеймін, сөйлемейсің,
сөйлеппін, сөйлепсіз т.б.), басқа көмекші етістікпен тіркесіп те (мысалы:
сөйлеп тұрмын, сөйлеп тұрсың, сөйлеп отыр, сөйлеп тұр т.б.), құрмалас
сөйлемнің бағыныңқысының баяндаушы да, немесе сөйлемнің жай пысықтауыш
мүшесі де бола алады. Көсемшелердің жалпы етістікке тән шықтық, амалдық
және басқа қасиеттер болады. Сондықтан бұл сияқты көсемшелер үстеу емес,
етістіктің нағыз көсемше формалары болып есептеледі.
Ал аздап, аз-аздап деген сөздерден сөйлей, сөйлеп деген сөздердің
қасиеттері табылмайды. Өйткені аздап, аз-аздап деген сөздерге тікелей
жіктік жалғаулары жалғанбайды; олар жай сөйлемде де, құрмаластың
бағыныңқысында да баяндайыш болып қызмет атқармайды; бұл сөздер
етістіктерге тән шақтық және басқа қасиеттер де жоқ. Бұлар (аздап, аз-
аздап) сөйлемде тек пысықтауыш болып қана қызмет атқарады да, аздан,
азғана, аз-аздан, аздан-аздан, азғана-азғанадан деген сияқты мағынаны
білдіреді. Оның бер жағында, етістікке жалғанатын болымсыздық жұрнағы –ма (-
ме), -па (-пе), -ба (-бе) бұлар қосылмайды (мысалы: сөйлемеп ем деп айтуға
болса, аздамап, аз-аздамап деп айтуға болмайды). Сөйтіп бұл сөздер (аздап,
аз-аздап) көсемшелерге тек форма жағынан ұқсас, бірақ бұл ұқсастық тек
сыртқы тұлғасында (пішінінде) ғана. Осындай аздап, аз-аздап сияқты көсемше
түрлес үстеулерді етістіктермен төркіндес үстеулер деп есептейміз.
Етістіктермен төркіндес болып келетін (көсемше формалар) үстеулер тек
мағына жағынан ғана емес, қызметтері жағыннан да көсемшелерден алыстап
кеткен сөздер болады. Мысалы: қайта, қайра, қайтара, жағалай, айнала деген
көсемше түрлес үстеулерден қайтадан, қайрадан деген сияқты туынды жаңа
үстеулерден жасалады. Кейде олар айналаң, айналасы деген сияқты түрде
тәуелденіп те келеді.
Көсемше формалардағы сөздің екі рет қайталануы я синонимдес (мағыналас)
көсемшелердің қосарлануы арқылы үстеу тудыру тәсілі — аса құнарлы жолдың
бірі. Мысалы: Адам көре-көре көсем болады; сөйлей-сөйлей шешен болады
(мақал); Айтып-айтып өтті қарт. Көнбеді жұрт, не лаж? (Абай).
Осындай көсемше тұлғада (формада) қосарлану арқылы жасалатын үстеу
сөздерге кие-жара, жата-жастана, сүріне-жығыла, таласа-тармаса, қалғып-
шұлғып, ішпей-жемей, ұрмай-соқпай, жатпай-тұрмай, көрмей-білмей, орып-
шашып, асығып-сасып, ойнап-күліп, тиіп-қашып, шаршап-шалдығып, билеп-
төстеп, сасып-пысып т.б. сөздер жатады. Формасы жағынан азды-көпті
ерекшелігі бола тұрса да, үстеу сөздерге жүр-жүрлеп, айт-айттап, тез-
тездеп, кес-кестеп сияқты көсемше формалы қос сөздер де жатады. Мысалы:
Әубәкір оны жүр-жүрлеп сүйрей бастады (Ғ.Мұстафин).
Сонымен, үстеу сөздер деп морфологиялық жағынан түрленбейтін (некен-
саяқтап қана түрленетін), лексика-семантикалық жағынан ғана алдына топ
болып қалыптасып, сөйлемде пысықтауыш қызметінде жұмсалатын сөздерді
айтамыз.

§ 99. ҮСТЕУЛЕРДІҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ БЕЛГІЛЕРІ, ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ

Үстеу сөздердің морфологиялық құрылысы мен құрамы жағынан екі топқа
бөлуге болады: 1) н е г і з г і ү с т е у л е р 2) т у ы н д ы ү с т е у
л е р.
Негізгі үстеулер деп қазіргі кезде морфемаларға бөлшектеуге келмейтін,
тек белгілі бір формада қалыптасқан сөздерді айтамыз.
Негізгі үстеулерге мына сөздер жатады: әрең, азар (әзер), әдейі, жорта,
қасақана, ұдайы, үнемі, дереу, шапшаң, бағана, қазір, енді, ілгері, жоғары,
төмен, сәл, әнтек, тек, мейлінше, (лық (а), қақ, дәйім, һаман, әншейін,
тым, тіпті, өте, аса, аң, әбден, мүлде (м), төтенше, ерекше, орасан т.б.
Қазіргі кезде мүшелерге келмейтіндіктен ғана, шартты түрде негізгі
үстеулер деп атап отырған сөздердің өздерін де іштей екі топқа бөлуге
болады. Олардың бір тобына әстілі, әуелі, қызір, дәйім, һаман, мүлде,
орасан, ересен (ерен), кілең сияқты түбір сөздер жатады. Екінші тобына
жататын үстеулердің ғылыми жолмен салыстыру арқылы мүшелеп, олардың басқа
сөздерден шыққандығын дәлелдеуге әбден болады. Мысалы: ішкері, сыртқары,
ұшқары, тысқары деген үстеулер іш, сырт, ұш, тыс деген түбірлерден және
–қары, -кері деген қосымшалардан құралған. Әрмен, бермен үстеулерінің әрі,
бері сөөдерінен және тамам (әрі таман — әрмен, арман; бері таман, бермен)
шылауынан (соңғы шылаудың өзі де басында мағыналы сөз болған) ықшамдала
бірігуінен пайда болған. Ал, төтенше, керегінше, керісінше, мейлінше сияқты
үстеулердің төркіні төте, керек, кері, мейлі дегендер болған.
Сонымен, негізгі үстеулердің көпшілігі тарихи жағынан ерте кездерде әрі
түрлі формаларда көнеленіп қалыптасқан туынды сөздер болған. Негізгі
үстеулердің мынадай үш түрлі ерекшеліктері бар:
1. Негізгі үстеулердің көпшілігінен шырай категориясы жасалады. Демек,
оларға –рақ, -рек, -лау, -леу жұрнақтары жалғанады, алдынан (бұрын) шырай
тұғызатын өте, аса, тіпті, мейлінше, қабағат сияқты күшейткіш үстеулер
қолданылады. Мысалы:
бұрын бұрынырақ бұрындау тым бұрын
кейін кейінірек кейіндеу өте кейін
ілгері ілгерірек ілгерілеу аса ілгері
әрі әрірек әрілеу тым әрі
әрмен әрменірек әрмендеу тіпті әрмен
былай былайырақ былайлау тым былай

2. Негізгі үстеулердің кейбіреулері қосарланып та, плеонизм жолымен
қабаттаса да қолданылады. Мысалы: құр босқа, жай босқа, текке босқа, бос
бекерге, құр бекер, бекерден-бекер, бостан-босқа, тектен-тек, бостан-бос,
құрдан-құр т.б.
3. Негізгі үстеулерден қосымшалар арқылы да, қосарлану арқылы да, басқа
сөздермен тіркесіп те, туынды үстеулер жасала береді. Мысалы: әрең, әрең-
әрең, азар-азар, азар деп, азар-азар деп, әдейілеп, ұдайылап, әрі-бері,
бұрынды-соңды, ілгері-кейін, жоғарылы-төменді, енді-енді, кейінде,
кейіннен, ендігәрі т.б.
Туынды үстеулер деп басқа сөз таптарынан түрлі қосымшалар арқылы,
сөздердің бірігуі және қосарлану, тіркесу тәсілдері арқылы, сондай-ақ,
кейбір сөз тіркестерінің тұрақтану арқылы жасалған (я үстеуге айналған)
үстеулерді айтамыз.
Құрылысы мен құрамы жағынан туынды үстеулер екі топқа бөлінеді.
а) ж а л а ң т у ы н д ы үстеулер;
ә) к ү р д е л і т у ы н д ы үстеулер.
1. Жалаң туынды үстеулер. Түрлі қосымшалар арқылы жасалған үстеулерді
жалаң туынды үстеулер дейміз. Оларға қандай қосымшалар қосылса да, сыртқы
формасы жағынан бір сөз болып келеді. Бірық жалаң туынды үстеулерге
жалғанатын қосымшалар екі түрлі болады: біреулері жұрнақтар арқылы жасалады
да, біреулері әр түрлі жалғаулардың көнеленуі арқылы үстеуге айналады. Жеке-
жеке қарағанда, олар төсмендегідей:
Жұрнақтар арқылы жасалатын жалаң үстеулер. Бұлар арнаулы жұрнақтар
арқылы жасалады. Ондай үстеу тудыратын жұрнақтар мыналар:
1. –ша, -ше жұрнағы үстеу тудыратын әрі ең негізгі, әрі аса өнімді
жұрнақ болып қызмет атқарады. Осы жұрнақ арқылы жасалған үстеу мағына
жағынан негізінде амалдың қалай я қалайша істелетіндігінің бейнесән
білдіреді. Бұл жұрнақ арқылы зат есімдерге де, жалпы зат есімдерге де
(мысалы: Бәйтеневше, Аманкелдіше, құсша, адамша), олардың жеке түріне де,
көпше түріне де (мысалы: батырша, батырларша, комсомолша, комсомолдарша
т.б.) және тәуелді түріне де (көзімше, көзіңше, көзімізше, көзінше т.б.)
жалғанып үстеу тудырады.
Осы жұрнақ арқылы кейбір негізгі сын есімнен де (ескіше, жаңаша,
басқаша, қысқаша т.б.), туынды сын есімнен де (биылғыша, бұрынғыша) үстеу
жасалады; жіктеу есімдіктерінен де (менше, меніңше, сеніңше, бізше,
біздіңше, оларша, сендерше), өздік есімдіктен де (өзімше, өзіңше, өзінше,
өзімізше, өздерінше), кейбір белгісіздік есімдіктерден де (әлдекімше,
кейбіреулерше) үстеу сөздер туады.
2. –лай, -лей, (-дай, -дей, -тай, -тей) жұрнақтары да — үстеу тудыратын
өнімді жұрнақтардың бірі. Мысалы: осылай, екіншілей, жастай, жібектей,
күздей, қыстай, т.б.
3. –дайын, -дейін (-тайын, -тейін) жұрнақтары да — аса өнімді
жұрнақтар. Бұл жұрнақтар — дай және –ын деген қосымшалардан құралған
құранды жұрнақтар. Мысалы: Түлкідейін түн қатып, Бөрідейін жол тартып
(Махамбет); Еділден аысп айқара, Заулатты мені отарба, жорғадайын шайқала
(Жамбыл).
4. –шалық, (-ша+лық), -шама, (-ша+ма) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мезгіл устеулері
Үстеулердің үстеулер тіркесі
Еліктеуіш сөздерден жасалған үстеулер
Үстеудің қалыптасу тарихы, үстеу түрлері
Қазіргі мезгіл үстеулер
Қазақ тілі білімінде үстеу сөзжасамының зерттелуі
Сөйлемнің пысықтауыш қызметі мүшесі - үстеу сөз табының негізгі синтаксистік қызметі
Қазақ тіліндегі үстеу сөздер жайлы
Қазақ тілі мамандығының магистратураға қабылдау емтиханның бағдарламасы
Үстеу сөзжасамының ерекшеліктері
Пәндер