ШЫЛАУЛАР
§ 107. ШЫЛАУЛАР
Шылау сөздердің де бастапқы лексикалық мағыналары солғындап, өздеріне
тін әуелгі дербестіктерінен айырылып көмекші сөздер қатарына көшуіне, сайып
келгенде, олардың практикалық тілде аса жиі қолданылуы арқасында туғын
грамматикалық абстракция тікелей әсер еткен.
Шылау сөздер өздері тіркесетін негізгі (атаушы) сөздердің мағыналарын я
толықтырып, я анықтап, оларға әр қилы реңктер жамап, айқындай түсіп
отырады. Ал шылау сөздердің тиісті тіркестерде айқындалатын осындай қосымша
мағыналары олардың нақтылы лексика-грамматикалық мағыналары болып
есептеледі.
Шылаулар — сөз бен сөздің немесе сөйлем мен сөйлемнің араларын
байланыстыру, құрастыру үшін қолданылатын, өздері тіркесетін сөздердің
ұғымдарына әр қилы реңктер үстеп, оларға ортақтасып, тұлға жағынан
тиянақталған, лексика-грамматикалық мағынасы бар сөздер. Шылауларда аз
болса, лексикалық мағынаның нышанасы болады, ал шылаулардың бойындағы
қалыптасқан негізгі қасиеті — грамматикалық мағыналар. Өйткені шылаулардың
грамматикалық мағыналары лексикалық мағыналарына қарағанда әлдеқайда басым
болады. Сол мағыналары олардың өзі үшін емес, өзіне тән формалары арқылы
өзіндің грамматикалық мағыналарын толық қамти алмайтын атаушы сөздерге
жәрдемші дәнекер есебінде жұмсалады. Сондықтан да шылаулар өз алдына жеке-
дара қолданылмай, тиісті сөз тіркестерінің белгілі бір компоненті ретінде
атаушы сөздердің жетегінде қолданылады.
Шылаулардың атаушы сөздермен тіркесу қабілеті бәрінде біркелкі емес. Өз
бойында лексикалық мағынасының элементтерін молырақ сақтаған, азды-көпті
семантикалық дербестігі бар шылаулар өздері тіркесетін атаушы сөздердің
негізгі мағыналарына аз да болса өз үлесін қосып отырады. Ал өздерінің
бастапқы лексикалық мағыналарынан тым алшықтап кетіп, формальдық-
грамматикалық компоненттері ретінде ғана қолданылады. Мұндай шылаулар
грамматикалық сипат жағынан аффикстерге бір табан жақын болады, бірақ олар
атаушы сөздермен тіркескенде жеке сөздік бейнесін жоғалтпайды.
Тіліміздегі шылаулардың бәрінің де атқаратын қызметері де бірдей емес.
Олардың бірқатары сөз бен сөздің арасындағы грамматикалық байланыстарды
айқындау үшін қызмет етсе, бірсыпыра шылаулар сөз тіркестері мен
сөйлемдердің арасында байланысты айқындау үшін дәнекер болады. Ал
кейбіреулері жеке сөздер мен сөз тіркестерін немесе сөйлемдерді анықтау,
толықтау я қосымша реңк беру т.б. мақсаттар үшін қолданылады. Міне, осындай
грамматикалық сипаттарына қарай, шылаулар ішінара үш жікке бөлінеді: олар —
септеуліктер, жалғаулықтар және демеуліктер.
І. Жалғаулықтар
Жалғаулықтар — дербес лексикалық мағыналары дерексізденген, бірақ
өздеріне тән ерекше семантикалық мағыналары мен абстракт грамматикалық
қызметтері бар шылау сөздер. Жалғаулықтардың мағыналары мен қызметтері де
өмірмен байланысты алуан түрлі заттар мен құбылыстардың аралықтарындағы
неше қилы қатынастардың негізінде туып қалыптасқан да, сол негізінде сөйлеу
тілінде жарыққа шығып, үнемі көрініп отырады.
Жалғаулықтар өзара тең біріңғай сөздердің, біріңғай сөз тіркестерінің
және біріңғай сөйлемдердің араларында әр қилы қатынастарды білдіреді.
Жалғаулықтар ең кемі өзара сөзге не екі сөз тіркесіне бірдей қатысты
болады. Мысалы: Қыс пенен жаз, кү менен түн, тақ пенен жұп, жақсылық пенен
жамандық — болды сегіз (Абай) дегендегі пенен, менен, пен жалғаулықтары тек
я бұрынғы, я соңғы сөзге ғана емес, екі жағындағы сөздердің екеуіне де
бірдей қатысты болып, олардың бір-бірімен жалғастыру үшін қолданылып тұр.
Жалғаулықтар салалас құрмалас сөйлемдердің құрамдарындағы жай
сөйлемдерді де өзара байланыстырып, олардың арақатынасында білдірудің
қызметін атқарады. Мысалы: Әліп әлсіреп көзін бірақ жұмып жатты да,
қайтадан ашты (С.Еребаев) дегенде да шылауы екі жай сөйлемді жалғастырып
тұрғаны аян.
Қазіргі қазақ тіліндегі жалғаулықтардың табиғатына көз жіберсек,
олардың жалпы даму жолы төмендігі бағытта болғанын бағдарлауға болады.
Біріншіден, дербес мағыналы атаушы сөздер негізгі мағыналарынан айырылып,
сөз бен сөзді, сөз тіркестерін немесе бырыңғай жай сөйлемдердің байланысы
жолы мен арақатынасын білдіретін болып десамантикаланады. Мұны аңғару үшін
әрі жалғаулығын алайық. Бұл сөз қазіргі тілімізде үстеу сөз екеніне ешкім
де шек келтірмейді. Мысалы: Ақырған соң байғустар әрі тұрды, Қалтасына
қолын салып мойын бұрды (Абай). Бұл сөздің мекендік мағынасы, тілдің
қажетіне қарай, өзінің негізгі қызметінің үстіне қосымша қызмет жүктеп
алып, тағы деген тәрізді мағыналық реңге көшкен де, үстеу сөз ретінде
қолданыла беруімен қатар, көмекші сөз — жалғаулықтар қатарына да ауысқан.
Екіншіден, кейбір жалғаулықтар белгілі бір түбір сөздерге қосылып
қолданылатын әр қилы қосымшалармен үнемі жұмсала-жұмсала келіп, сол
формаларда әбден тұрақталып, көнелену арқылы әр тұлғасы, өзгермейтіндей
хәлге жетіп, әрі мағынасы солғындап делексикаланып, бірте-бірте
жалғаулықтарға айналған. Мысалы, дегенмен (де-ген-мен), болмаса (бол-ма-
са), немесе (не-ме-се), себебі (себеп-і), сондықтан (сон-дық-тан), бірде
(бір-де), демек (де-мек) секілді жалғаулықтар бастапқы де, сол, бір, де
деген түбірлерге көрсетілген қосымша формаларда дәйім қосылып айтылуы
арқылы, яғни сол формаларда тұрақталуы арқылы қалыптасудан пайда болған.
Кейбір жалғаулықтар жеке сөздің бірігуі немесе кірігуі да арқылы пайда
болған. Мысалы, бірақ (бір-ақ), біресе (бір-есе) жалғаулықтары әуелгі бір
деген сан есімге ақ демеуші шылау және осы күнгі еді деген көмекіші
етістігінің бастапқы ерсе формасының бірігіп қалыптасуы арқылы жасалған. Ал
өйткені (өйт+ке+ні), өйткенімен (өйт+кен+мен), әйтпесе (әйт+пе+се) деген
жалғаулықтар әуелгі олай және ет деген сөздердің әрі тиісті фонетикалық
өзгерістерге ұшырап ықшамдалып бірігуінен, әрі біріккен формаға — кен+і,
кен+мен, -пе+се қосымшаларының үстемеленіп тұрақталуынан қалыптасқан.
Кейбір жалғаулықтардың қазіргі мүсін-кескіндері өздерінің алғашқы
формалары тиісті өзгеріске ұшырап, кейбір дыбыстарының түсіріліп айтылып,
мүжіліп, қалыптасқандары да байқалады. Мысалы: та (те, да, де) шылауы
әуелгі тағы (тағын) формасын, мен жалғаулығы менен (әуелде бірлән)
формасының ықшамдалып қалыптасқан.
Жалғаулықтар өзге тіркестерден де ауысып келеді. Мысалы: әм, әлде, я,
яки, яғни сияқты жалғаулық шылаулар араб және иран тілдерінен ауысып келген
болса, құй жалғаулығы орыс тілінен енген.
Кейбір жалғаулықтар аналитикалық тәсіл бойынша екі түрлі шылаудан
құралып та жасалған. Мысалы: олай, бірақ, өйткені, әйтсе, сүйтсе шылаулары
да шылауымен тіркесіп, олай да, бірақ та, өйтсе де, әйтсе де, сүйтсе де
тәрізді күрделі шылаулар қалыптасқан.
Морфологиялық құрылысы тұрғысынан алсақ, жалғаулық шылаулар дара да,
күрделі де болып, екі жікке бөлінеді. Дара жалғаулықтар тобы лексикалық не
симантикалық жолмен жасалған әр қилы формадағы жеке сөздер жатады да,
күрделә жалғаулықтар тобына сөз тіркестері арқылы жасалған күрделі сөздер
жатады.
Жалғаулықтардың мағыналары мен функцияларын (қызметтерін) бір-бірінен
бөліп қарауға болмайды. Өйткені олардың сөйлемде қолданылуына байланысты
мағыналары әрбір жалғаулықтың функциялық қызметіне орай және соған сәкес
сараланып отырады. Сондықтан жалғаулықтарды өзара жіктегенде, түпкі тілек
етіліп олардың мен сөйлемдерді байланыстыру қабілеті жағынан, олар: а)
салаластырғыш жалғаулықтар және ә) сабақтастырғыш жалғаулықтар деген екі
топқа бөлінеді.
а) Салаластырғыш жалғаулықтар. Салаластырғыш жалғаулықтар біріңғай жеке
сөздер мен сөз тіркестерін және біріңғай сөйлемдерді байланыстырады да,
солардың өзара байланысу жолдары мен қатынастарын көрсетеді. Осындай
байланысу жолдары мен қатынастарын көрсететін салаластырушы жалғаулықтар
іштей ыңғайластық және толғаулықты болып екі салаға бөлінеді.
1. Ыңғайластық жалғаулықтар. Ыңғайластық жалғаулықтар өзара ыңғайласып
құралатын, тең дәрежедегі сөздер мен сөз тіркестерін жалғастырады да,
солардың ыңғайласқан қатынасын білдіреді. Жалғаулықтың бұл тобына мен (бен,
пен), және, тағы, әрі, да (де, та, те), әм шылаулары жатады.
а) Мен (бен, пен, менен, бенен, пенен) жалғаулығы негізінде байланысқан
есім сөздерді, қимыл атауларын және кейбір субстантивтенген сөздерді бір-
бірімен байланыстырады. Мысалы: Көптен бері Абай бұндай намыс пен ыза,
алдану мен қиянат, қимастық пен аралану, ұялып арланудың неше қырлы қысымын
көрмегендей (М.Әуезов).
ә) Және жалғаулығы бар түрлі формадағы жалаң я күрделі зат есім, сын
есім, есімдік, етістік, сияқты атаушы сөздерді ыңғайластыра байланыстырады.
Мысалы: Кейбір жұмыскерлердің аттары және сауатын сиырлары болмаса, таяуда
қара-құра көрінбейді (С.Сейфулин); Сөзін оқы және олай, тез үйреніп, тез
жойма (Абай).
Және жалғаулығы салалас құрамалас сөздердің құрамындағы жәке сөздерді
де ыңғайластыра байланыстыра береді. Мысалы: Жомарттың бүгін жүре қоярлық
ниеті жоқ еді және оның ниетіне қарай даяр көлік те болмайды (Ғ.Мұстафин).
Және жалғаулығының, қолданылуы мақсатына қарай, кейбір сөздер
қайталанып айтылғанда әрі жалғаулығымен мағыналас болып та қалатын реттері
бар. Мысалы: Таңғажайып бұл қалай хат, Мағынасы алыс, өзі жат. Сөзі омарды,
әрі түрі жат және әдепті, және рас (Абай).
Қазіргі қазақ тілінің нормасында және жалғаулығының және де боп
қолданылу дағдысы да кездеседі. Мысалы: Әрине, шахтада істегенжұмыстан ауыр
жұмыс болмайды ғой... Және де қатері де көп, адамның денсаулығына да үлкен
зиян (С.Сейфуллин).
б) Әрі жалғаулығы белгілі бір заттың я құбылыстың бойында болатын әр
түрлі қасиеттер мен соларды әр алуан іс-әркеттерін ыңғайластыра
байланыстыру үшін жұмсалады. Ондайда ол қасиеттер мен тіркестері әрі
шылауының қайталанып айтылуы арқылы тізбектеріп, байланыстырып отырады.
Егер біріңғай екі сөзді ыңғайластыра байланыстыратын әрі жалғаулы бірақ-
ақ рет қолданылатындай болса, және жалғаулығымен мағыналас болады. Мысалы:
Жерде қалың қар бар, күн ашық әрі шытқыл аяз (Ж.Жұмақанов).
Егер әрі жалғаулығы, жалғасатын біріңғай сөздердің әрқайсысының алдына
(бұрын), қайталанып айтылатын болса, онда сол атаушы сөздер арқылы аталған
ат, белгі, сапа, қасиетке я амал-әрекетке баса назар аударылады, оларға
ерекше мән беріледі. Мысалы: Оқушы ауылда әрі оқытушы, әрі мәдениет
жаршысы, әрі әлеуметтік әділеттіліктің, адамгершіліктің жаршысы болуға
тиіс. (С.Көбеев).
Әрі жалғаулы кейде салалас құрмалас сөйлемдердің құрамдарындағы жеке
сөйлемдерді де ыңғайластыра байланыстыра алады. Мысалы: Ақшаны созған қолды
қайта итерді, әрі басын шайқады (М.Әуезов); Қыранның көзі қырағы болады,
әрі өзі алатын аңды алыстан сезеді (Қ.Әбдіқадіров).
в) Да, де, та, те шылаулары әрі жалғаулық, әрі демеулік есебінде
қолданылады. Ол демеулік ретінде қолданылғанда, бір сөздің немесе біріңғай
мүшелердің әрқайсысының жетегінде болып, оларға күшейту, анықтау, тәптіштеу
мағыналарын үстемелеп отырады. Ал да шылауы жалғаулық ретінде қолданылғанд,
өзара бір-бірімен ыңғайласатын екі сөздің немесе сөз тіркесінің, сондай-ақ,
салалас я сабақтас құрмаластардың құрамындағы жеке сөйлемдердің
байланысуына, жалғасуына дәнекер болып қызмет етеді.
Да жалғаулығы салалас құрмаластың құрамындағы жеке сөйлемдерді
жалғастырғанда, олардың біріңғайластырып, баяндауыштарын белгілі бір
формаға түсіреді. Мысалы: Рахмет бір нәрсенің боларын сезді де, үндеместен
орнынан тұрып жүре берді (С.Ерубаев).
2. Талғаулықты жалғаулықтар. Талғаулықты жалғаулықтар сөйлемде зат
есім, сын есім, етістік және басқа атаушы сөздер арқылы жасалатын, салаласа
жалғасқан мүшелердің бірінен соң бірін я талғап, я таңдап, я кезектестіріп,
я біріне-бірін қарама-қарсы қойып айту үшін қолданылады. Жалғаулықтың бұл
тобына әлде, біресе, я, бірде, яки, не, немесе, болмаса, не болмаса, құй,
мейлі шылаулары жатады.
а) Әлде жалғаулығы негізінде талдау қызметін атқарумен қатар, ойға
қатысты уақиғалар мен іс-әрекеттердің шындығына я көмескілігіне күмән
келтіру, күдіктену, күмілжу тәрізді рай-реңдерді де білдіреді. Әлде
жалғаулығы өзі қатысты сөзден бұрын (препозициялық қалыпта) қолданылады.
Мысалы: Үлкен қара мөлдір көзінде әлде еркелік, әлде наз, аса бір сыпайы
ұяңдық бар (З.Қабдалов); Бұл жігіт шапшаң сауда, жалпос екен, Әлде сор,
әлде бағы әуреледі (М.Әуезов). Әлде жалғаулығы салалас құрмаластардың
құрамдарындағы жеке сөйлемдер арасында қолданылады да, осы мағынаны
білдіреді. Бірақ ондайда, әлде жалғаулығы біріншіден, құрмаластағы екінші
жай сөйлемнің алдында тұрады да, екіншіден, жалғасқан сөйлемдерге ма (ме),
ба (бе), па (пе) сұраулы шылауы тіркесіп келеді. Мысалы: Мезгілсіз жүрген
жолаушыдан үрейленді ме, әлде таңырқады ма, қос адамдары далаға жүгіре
шығып, үрпиісе қарасты (Ә.Сәрсенбаев).
ә) Бірде, біресе жалғаулары өзара мағыналас шылаулар болғандарымен,
олардың өзді-өздеріне тән азды-көпті мағыналық ерекшеліктері бар. Бірақ
қызметі жағынан екеуінде де елеулі айырмашылық жоқ. Бұл екі шылау да
өздері қатысты сөздердің алдында қолданылады да, олардағы алғашқы уақиға,
іс-әрекет, сан-сапа сияқтылардың алма-кезектесіп отыратынын білдіреді.
Мысалы: Мейлі жаз, мейлі күз, мейлі қыс. Салалы, сабақты гүліміз (М.Рәшев).
ғ) Құй жалғаулығы немқұрайлылық мәнді білдіреді. Мысалы: құй бай
болсын, құй жарлы болсын, құй жас болсын, құй қарт болсын (Ер Тарғын);
Арызымды айтайын, құй болар құй болмас (Абай).
ә) Сабақтастырғыш жалғаулықтар. Сабақтастырғыш жалғаулықтар тек
құрмалас сөйлемдердің құрамдарындағы жай сөйлемдерді бір-бірімін жалғастыра
байланыстырып, солардың арақатысн анықтап көрсету үшін жұмсалады. Ондай
қатынастар байланыстыра түскен сөйлемдердің мағыналары қарсылықты,
себептік, салдарлық, шартты, айқындағыш, ұштастырғыш болып бөлінеді.
1) Қарсылықты жалғаулықтар негізінде бұрынғы сөйлемде айтылған ойға,
соңғы сөйлемдегі ойдың мағына жағынан қарама-қарсы екенін аңғартуға дәнекер
болады. Бұл жалғаулықтардың қатарына бірақ, алайда, әйтсе де, әйткенмен,
сүйтсе де, сонда да, дегенмен, әйтпесе, әйткенде, әйтпегенде сияқты
қарсылықты мәнді жалғаулықтар жатады. Осы топты Абай көше ортасыгда ақырын
тосып қалып еді; бірақ топ ішінен мұны байқап елеген бір адам да жоқ
(М.Әуезов). Дегенмен, сонда да шылаулары көбінесе бұрынғы сөйлемдегі іс-
әрекетке қосымша басқа бір амалдарды жасау керектігін жажет етіп отырады.
Осыған сәйкес, ол қарсылықты қатынасты күшейте түсу мәнін де аңғара алады.
Мысалы: Өзі де білуге тиіс, дегенмен сіз ескерте салыңыз (З.Қабдолов).
Бірақ, сонда да шылауларының қос-қабат қолданылатын дағдысы да кездеміп
отырады. Ондайда бұл қабаттасқан шылаулар қарсылық мәнді күшейте
түсетіндігі аңғарылады. Мысалы: Ербол ғана сүйіп қалып, зорға дегенде
буынын бекітті, бірақ сонда да өзін-өзі аңғарып жүрген жоқ (М.Әуезов).
2) Себептік жалғаулықтар салалас құрмалас сөйлемдердің құрамдарындағы
соңғы жай сөйлем бұрынғы (алдыңғы) сөйлемдердегі айтылатын ойдың себебін
білдіру үшін арнаулы дәнекерлер есебінде қызмет етеді. Ондай себептік
жалғаулықтардың қатарына себебі, өйткені шылаулары жатады. Мысалы: Зипа
қолөнершілер училищесіне түседі, себебі соғыс күндері қаладан-қалаға көшіп
жүріп оқи алмай қалған (С.Мұқанов); Кешке қарсы көп қонақ атқа қонбақшы
болып отыр, өйткені ертең Біржандар еліне қарай аттанбақ (М.Әуезов).
3) Салдарлық жалғаулықтар салалас құрмалас сөйлемдердің арақатынасын
білдіру үшін, яғни басыңқы сөйлемде іс-әрекеттің, амалдың нәтижесі я
салдары екенін білдіретін дәнекер есебінде жұмсалады. Жалғаулықтардың бұл
түріне сондықтан, сол себепті шылаулары жатады. Мысалы: Ербол бұл әннің
үнін жақтырмаса да, сөзін ұнатып, сондықтан кейде Абай әніне қосылып та
кетеді (М.Әуезов). Бұл мәжіліс Біржан мен Тобықты жасының айрылар мәжілісі
еді, сол себепті әнші жастардың бәрі де бір-бір жаңа әнмен өз өнерін
көрсетпек керек (М.Әуезов).
4) Шарттық жалғаулықтары сабақтас құрмалас сөйлемдердің арақатынасын
білдіру үшін, яғни басыңқы және бағыныңқы сөйлемдердің бір-бірімен
жалғасуларына дәнекер есебінде қолданылады. Жалғаулықтың бұл түріне егер,
егер де, алда-жалда шылаулары жатады. Мысалы: Егер Айбол болмаса, Мүсәпір
үй болудан қалған болар еді (Ә.Әбішев). Алда-жалда ол кетіп қалғандай
болса, артынан дереу кісі жібер (Қазақ ертегілері).
5) Айқындағыш жалғаулықтарға яғни, демек шылаулары жатады. Олар я жеке
сөздерді, я сөз тіркестерін, я жеке сөйлемдерді бір-бірімен жалғастырады
да, алдыңғы сөз арқылы, я сөз тіркесі немесе сөйлем арқылы айтылатын ойды
кейінгі сөз, я сөз тіркесі, я сөйлем арқылы не баяндауға, не айқындауға, не
анықтауға, не тәптіштеп қадағалай түсуге дәнекер сөз есебінде қызмет етеді.
Сол себептен бұлар айқындағыш жалғаулықтар деп аталады. Мысалы: Мен
Магниткаға өткен күзде, яғни Талғатбектен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz