Еліктеу сөздер туралы түсінік



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ЕЛІКТЕУ СӨЗДЕР
Жоспары:

1. Еліктеу сөздер туралы түсінік.
2. Еліктеу сөздердің семантикалық сипаты.
3. Еліктеуіш сөздердің фонетикалық-морфологиялық сипаты.

Тілімізде семантикалық ерекшелігі жағынан да, грамматикалық сыр-сипаты
жағынан да өзге сөз таптарынан оқшауланып тұратын, соған сәйкес, өз алдына
бербес сөз табы ретінде қаралатын бір алуан сөздер еліктеуіш сөздер
(мимема) деп аталады.
Еліктеу сөздер семантикалық жағынан алғанда, біріншіден табиғатта
ұшырайтын сан алуан құбылыстар мен заттардың бір-бірімен қақтығысу я
соқтығысуларынан туатын, сондай-ақ неше түрлі жан-жануарлардың дыбыстау
мүшелерінен шығатын әртүрлі әрекет қимылдарынан туатын, әр қилы дыбыстарға
еліктеуден пайда болған түсініктерді білдірсе, екіншіден, сол табиғатта
ұшырайтын сан алуан құбылыстар мен заттардың және неше түрлі жан-
жануарлардың сыртқы сыр-сипаты мен қимыл-әркеттерінің де қилы-қилы
көріністерінен пайда болатын түсініктерді білдіреді. Мысалы: арс, гүрс,
дүрс, қорс, тарс, ырс, барқ, борт, күрт, кірт, морт, сарт, шырт, дүрң,
қыңқ, мыңқ, маңқ, саңқ, шаңқ, шіңк, ірк, ырқ, сарт-сұрт, тарс-тұрс, арс-
ұрс, жалт-жалт, жалт-жұлт, қалт-қалт, қалт-құлт, қаңқ-қаңқ, қаңқ-құңқ, шаңқ-
шаңқ, шаңқ-шұңқ, арбаң-арбаң, бүгжең-бүгжең, арсалаң-арсалаң, ербелең-
ербелең, батыр-бұтыр, далаң-далаң, тарбаң-тарбаң, қызараң-қызараң, қаңғыр-
күңгір, қайқаң-құйқаң, митың-митың, салаң-сұлаң, ыржың-тыржың т.б.
Еліктеу сөздердің бір тобы семантикалық мағыналары жағынан табиғатта
ұшырасатын әр алуан дыбыстармен байланысты болса, екінші тобының
семантикалық мағыналары сол табиғаттағы әр қилы табиғи көріністердің
бейнелерімен байланысты. Осы себептен бұл сөздер іштей екі салаға бөлінеді,
бірінші тобы еліктеуіш (еліктеме) сөздер деп, екінші саласы бейнелеуіш
(бейнелеме) сөздер деп аталады.
Бұл сөздер семантикалық жағынан ғана емес, фонетика-грамматикалық сыр-
сипаттары жағынан да (мысалы: буын құрылымы, морфологиялық тұлғалары
синтаксистік қызметтері) бір-бірімен ұқсас, орайлас болып келеді. Еліктеу
сөздердің өзді-өздеріне тән жалқы ерекшеліктерімен барлығына да тән жалпы
қасиеттері төмендегідей.
ЕЛІКТЕУ СӨЗДЕРДІҢ СЕМАНТИКАЛЫҚ СИПАТЫ

а) Еліктеуіш сөздер

Еліктеуіш сөздер деп табиғатта ұшрасатын сан алуан құбылыстар мен
заттардың бір-біріне қақтығысу-соқтығысуларынан туатын дыбыстарды, сондай-
ақ, жан-жануарлардың дыбысталу мүшелерінен шығатын әр түрлі дыбыстары
есітілу қабілеті арқылы белгілі-белгілі түсініктер арқылы қабылдаудан
болған және сол түсініктердің атаулары есебінде қалыптасқан сөздерді
айтамыз. Мысалы: Мылтық тарс етті; қарға қарқ етті деген сөздерді алсақ,
ондағы тарс деген сөз мылтықтың атылуынан туған дыбыстың атын білдірсе,
қарқ деген сөз қарғаның дыбыстау мүшесінен (қарқылдауынан) шаққан дыбыстың
атын білдіреді. Демек, бұл екі сөздің екеуінде де жансыз және жанды
заттардың шыққан дабыстар негізі болған. Бірақ бұл дыбыстардың қайсысы
болса да, әрине, сол дыбыстардың дауыстарын дәлме-діл етіп айтуға тырысудан
туған әрі дыбыстың бейне, әрі сол бейненің атауы ретінде қалыптасқан
дыбыстар. Заттың құрылымдық бөлшектерінің ерекшеліктеріне қарай, жерге
түскендегі дыбысы я дүрң, я тыңқ, я діңк, я тоқ, я тық... етіп есітілуін
тілмен дәлме-дәл айтып жеткізу қиын-ақ. Дегенмен, осы дыбыстар дыбыстық
бейнесі ретінде де, сол бейнелердің атаулары ретінде де қалыптасқандықтан,
оларды біз сөздер есебінде қабылдаймыз. Оның бер жағында, бұл дыбыстар,
қайсысы болса да, жалаң дыбыстар емес, күрделі дыбыстар. Ал күрделі
дыбыстар белгілі-белгілі табиғат дыбыстарының таңбалары есебінде
қабылданып, тиісті сөздерге айналған. Оған көрмек әдебиеттен кейбір
мысалдар келтірейік.
Дәл сол кезде түп қарағаннан аса бере, алдына жас қызыл қозы топ ете
түсті (М.Әуезов); Қасқыр тыпырлап жатқан қозыны көре сала, ырр етіп барып
бас салды (бұ да). Қозы екі қомағай аузының кергісінде қанжоса болып дар-
дар айрылды. Сырт-сырт етіп жас сүйек сынды. Қапаш-құпаш қорқ-қорқ етіп
қомағай қанды ауыздар асайды (бұ да). Осы сөйлемдегі топ ырр, дар-дар, сырт-
сырт, қорқ-қорқ сөздері де тиісті дыбыстарды есітуден пайда болған
түсініктерді білдіреді. Сондықтан бұлар да, әрине, еліктеуіш сөздерге
жатады.
Осындағы дар-дар, сырт-сырт, қорқ-қорқ деген еліктеуіш сөздер бастапқы
түрлердің екі рет қайталануынан жасалған. Егер сол сөйлемдердің құрамдарына
да, құрылыстарына да ешқандай өзгеріс енгізбей, тек осы еліктеуіш сөздерді
қосарланған түрде емес, жалаң түрде ғана қолдансақ (мысалы, сырт етіп жас
сүйек сынды), өзге сөздер сияқты, еліктеуіш сөздердің не жалаң түрі мен
қосарланған түрі болатын, олардың мағаналарында тиісті айырмашылық барлығы
аңғарылады. Демек , еліктеуіш сөздің жалаң түрі амал-әрекеттің бір ғана рет
жасалатынын бірдірсе, қайталанған түрі сол амал әрекеттің үсті-үстіне
әлденеше рет қайталанып жасалатынын білдіреді. Мысалы: дар айырылды және
дар-дар айырылды; сырт етіп және сырт-сырт етіп; қорқ етіп және қорқ-қорқ
етіп дегендердегі мағына жағынан салыстыруға болады. Еліктеуіш сөздердің
қайталанған түрінің екінші сыңарындағы ашық дауысты дыбыс қысаң дауысты
еріндік дыбысқа айналып өзгерсе, ол сөздің тұрағындағы туған осы өзгеріске
баланысты мағынасында да сәл өзгеріс туады. Мысалы: Біреу есікті тарс-тарс
ұрды және біреу есікті тарс-тұрс ұрды деген сөйлемдердің құрылысы мен
құрамдарында айырмашылық болмаса да, мағыналарында (сәл болса да)
айырмашылық бар; тарс-тарс ұрды дегенде, адам есікті әрі қатты, әрі бірнеше
рет ұрғанымен, бірқалыпта тұрғаны аңғарылады, ал тарс-тарс ұрды дегеннен
есіктің қатты ұрылуы бірқалыпта емес, бірде қатты, бірде онан да қаттырақ,
я солғын болып аламсып отырғаны аңғарылады. Бірақ бұл екі форманың
қызметінде тарс-тарс (сарт-сарт) дегенде де, тарс-тарс (сарт-сұрт) дегенде
де ешқандай өзгешілік болмайды. Олар біреуінің орнына біреуі тұра алады.
Морфологияық жағынан да бұл ұш форма (тарс, тарс-тарс, тарс-тұрс)
өзгермейтін сөздер ретінде қала береді.
Басқа сөздер сияқты, мағына жағынан бір-біріне жақын, синонимдес, екі
түрлі еліктеуіш сөз қосарлана береді, мысалы: сатыр-күтір, салдыр-күлдір,
бұрқ-сарқ т.б. Бұл ерекшелік те — еліктеуіш сөздердің қосарлануына тән
қалыпты, заңды құбылыс. Әдетте, су бұрқ-бұрқ қайнауға қарағанда, су сарқ-
сарқ қайнап жатыр деп те айтыла береді. Бұл сөйлемдердің де құбылыстары мен
құрамдарында ешқандай айырмашылық жоқ, арасында азды-көпті мағыналық
айырмашылық бар: бұрқ-бұрқ қайнауға қарағанда, сарқ-сарқ қайнау әлдеқайда
күшті. Солай болса, сол екі дыбысты (сөзді) есіткеннен кейінгі алынатын
әсерде бірдей емес. Ендеше, бұл екеуінің мағыналары да бір-біріне қарайлас
та, жақын да. Егер бұл екі сөздің бір-бір сыңараларын бөліп алып, оларды
қосарлап: Су бұрқ-сарқ қайнап жатыр десек, оған бұрқ және сарқ деген екі
сөздің де беретін мағынасы бірдей кіреді, демек, су я бірыңғай бұлқылдап
та; я бірыңғай сырқылдап та қайнамай, жоғарыдағы айтқан тәрізді (тарс-тұрс
сияқты), бірде (я бір жері) бұрқылдап, бірде (я бір жері) сарқылдап
қайнаудың дыбыстық та, бейнелік те көрінісі білінеді. Салдыр-күлдір, сатыр-
күтір сияқтанған сөздердің де құрылыстары мен мағыналарынан осыны байқауға
болады.
Еліктеуіш сөздердің түбіріндегі дауысты дыбыстың не ашық, не қысаң
болуы да сол сөздің мағынасына әсер ереді. Мысалы: есік сарт етіп жабылды
және есік сырт етіп жабылды деген сөйлемдерден құрылыс жағынан ешқандай
айырмашылық жоқ бола тұрса да, мағына жағынан бір-бірінен, сәл де болса,
ерекшеленіп тұр. Ол ерекшелік: сарт және сырт деген сөздердің дауысты
дыбыстарына ғана байланысты, демек, сарт етіп жабылғаннан есіктің дыбысы
ақырын шыққанын аңғарылады. Ал есіктің қатты я ақырын жабылғандығын (соған
сәйкес дыбысын да ажыратып дифференциялау) білдіріп тұрған нәрселер
түбірлердің дауысты дыбыстарының я ашық, я қысаң болуына ғана байланысты.
Екінші сөзбен айтқанда, еліктеу сөздердің түбіріндегі дауысты дыбыс ашық
болса, құлаққа келетін табиғат дыбысы да қатты естіледі — қысаң болса, —
ақырын естіледі. Осыған сәйкес сол сөздің мағынасы да ажырайды
(дифференцияланады). Ондай сөздің мағыналарындағы айырмашылықты білу үшін,
қосымша, мысалы, тарс және тырс, шақ-шақ және шық-шық, шаңқ-шаңқ және шыңқ-
шыңқ, қарш-қарш және қырш-қырш, борт-борт және бырт-бырт деген сөздерді
салыстыруға болады.
Еліктеуіш сөздің түбіріндегі дауысты дыбыстардың я жуан, я жіңішке
болуы да сөздің мағынасына әсер етеді. Мысалы: шыңқ-шыңқ етеді, шіңк-шіңк
етеді дегендердің мағыналарында айырмашылық бар. Шіңк-шіңк дегендегі
дауысты дыбыстың жіңішке болуынан еліктеуіш сөздің мағынаса сәл өзгешерек
болып тұр, демек, одан дыбыс әлсіз болатыны, соған сәйкес, лажсыздықтан ащы
келетіні аңғарылады. Тоғыз тоңқылдақ және бір шіңкілдек деген еретегіде
зорлықшыл, қара күш иесі тоғыз жігіттің тоңқылдақ делініп аталуы, күші аз,
әлсіз бірақ тәсілшіл бір жігіттің шіңкілдеп делініп аталуы кедейсоқ нәрсе
емес. Мұндағы тоңқылдақ деген зат есім бастапқы тоңқ деген еліктеуіш
сөзден, шіңкілдек деген зат есім бастапқы шіңк деген еліктеуіш сөзден
шыққан. Солай болса, еліктеуіш сөздерден жұрнақ арқылы жасалатын туынды
сөздердің де семантикалық мағыналары, жоғарыда айтқандай, олардың
түбірлеріндегі дауысты дыбыстарға байланысты болады.
Ауызекі тілде адамның көңіл күйіне, эмоциялық жайына жайына байланычсты
еліктеуіш сөздердің кейбір дыбыстарының айтылуында еркшеліктер болады. Ашяқ
дыбысты еліктеуіш сөздердің дауысты дыбыстары созылып айтылады, мысалы:
сарт ете түмті дегендегі саарт ете түсті деп, тарс ете түсті дегенді таарс
ете түсті деп түбірдегі а дыбысын созып, ал қысаң болса, соңғы дауыссыз
дыбыс созылып айтылады, мысалы: тыз ете түсті, тырс ете түсті, шеж ете
түсті, шыр ете түсті, шың ете түсті деген сияқтыларды ауыз сөзде соңғы, з,
с, ж, р, ң дыбыстарын созып, мысалы, тызз, тырсс, шыжж, шырр, шыңң деп
айтуға болады.
Еліктеуіш сөздер ауызекі тілде, ауыз әдебиетінде, көркем әдебиетте өте
жиі қолданылады, мысалы: Социалистік индустрияның дөңгелегі зыр жүгірді
(Мұстафин); Күн көрістің екі тәсілдері, ескі салт сана, әдет-ғұрып шікір
шүберектей дыр-дыр жыртылып жатты (бұ да); Колхоздың қара сабалары күмп-
күмп пісілді (бұ да); Кешікпей тағы да мылтық даусы гүрс-гүрс шықты
(Ғ.Сланов); Боз, күрең, жирен, ала, шұбар, Өтеді ауыздығын қарш-қарш
шайнап (Жамбыл).
Сөйтіп, еліктеуіш сөздер дегеніміз — өзіне тән лексика-семантикалық
мағынасы, морфологиялық тұлға-тұрпаты (формалық структурасы) бар, дара
түрлеріне де, қосарланған түрлеріне де көптік, тәуелдік, септік, жіктік
жалғаулары тікелей жалғанбайтын (түбірленбейтін), сөйлемде әрқашан сын-
қимыл пысықтауыш болатын және бастапқы түбірлерінен жұрнақ арқылы туынды
есімдер және етістіктер жасалатын сөздер.

ә) Бейнелеуіш сөздер

Еліктеуіш сөздер есіту қабілеті арқылы пайда болатын түсініктердің
аттарын білдірсе, бейнелеуіш сөздер табиғатта кездесетін белгілі-белгілі
елес, құбылыстарды көзбен көру қабілеті арқылы туатын түсініктердің аттарын
білдіреді.
Мысалы: Ырғалап қарға қарқ етті; ірімшік аузынан салп етті деген
сөйлемдерді алайық. Мұндағы қарқ деген сөз — қарғаның дауыстарынан
естілдген дыбыстың атын аңғартатыны, соған сәйкес, еліктеуіш сөз сол
түсініктің атауы болатыны, жоғарыда айтылды. Ал осы салалас сөйлемнің
екінші жартысындағы салп деген сөз дыбысты емес, қарғаның аузынан
ірімшіктің жерге қарай түсіп бара жатқан я түскен кезіндегі көрініс елесіп,
сол көріністің бейнесін білдіреді. Екінші сөзбен айтқанда, салп деген сөз
ірімшіктің жерге тез түсіп бара жатқан кезде көзбен көру қабілеті арқылы
қабылданған көріністің, оның бейнесінің атауы есебінде қызмет етеді.
Екінші бір мысал алайық: Кенеттен шыққан дауысқа Ботагөз ә деуге
үлгермей, жүрісін кілт тоқтаттып, жалт қарады (С.Мұқанов) дегендегі кілт
және жалт деген сөздер де қалай тоқтағандықтың және қалай қарағандықтың
бейнесін көрсетеді.
Бенелеуіш сөздер іс-әрекеттің тек сыртқы бейне-көрінісін ғана емес, әрі
шапшаң (аса тез) болатынын да білдіреді. Бұл сөздерге де белгілі-белгілі
көріністің, қимылдың бейнесі негіз болады. Мысалы: бірдеме елең етті; от
жалт етті; жапалақ жалп етті дегендердегі елең, жалт, жалп деген сөздер
белгілі көріністің бейнесін де, олардың тез болу ерекшелігін де білдіреді.
Еліктеуіш сөздер сияқты, бейнелеуіш сөздер де қосарланып қолданылады
да, солар арқылы бейнеленетін құбылыстардың бірнеше рет қайталанғаннын
білдіреді. Мысалы: елең-елең, жалп-жалп, жалт-жалт, жылт-жылт, қылт-қылт,
лап-лап т.б.
Еліктеуіш сөздер сияқты, бейнелеуіш сөздердің де қайталанған екінші
сыңараның ашық дауысты дыбысы қысаң дауысты еркіндікке айналып, іс-қимылдың
бейнесінің бірде олай, бірде бұлай болып алмасып отыратынын білдіреді,
мысалы: жалт-жұлт, қалт-құлт т.б.
Еліктеуіш сөздер сияқты, бейнелеуіш сөздердің де түбіріндегі дауысты
дыбыстың ашық я қысаң болуы немесе жуан я жіңішке болуы сол сөздердің
мағыналарына әсер етеді. Мысалы: От жалт етті және от жылт етті
дегендердегі жалт деген сөзден көру қабілетінің күшті екендігі аңғарылса,
жылт деген сөзден көріністің әлсіз болатыны аңғарылады.
Еліктеуіш сөздер сияқты, бейнелеуіш сөздердің де түбіріндегі дауысты
дыбыстардың ашық болуы қозғалыс пен әрекеттердің еребейсіздігін,
дөкірлігін, оңтайсыздығын, епсіздігін білдірсе, дауысты дыбыстардың қысаң
болуы әрекет қозғалыстың мардымсыздығын, өнімсіздігін білдіреді. Мысалы:
арбаң-арбаң, талтаң-талтаң, тарбаң-тарбаң, одыраң-одыраң деген сөздердің
мағыналарын сол реті бойынша ербең-ербең, тылтың-тылтың, тырбың-тырбың,
едірең-едірең деген сөздердің мағыналарында, әрине, айырмашылық бар.
Өйткені Нұрқожа талтаң-талтаң басып келеді екен (С.Мұқанов) деген мен
Нұрқожа тылтың-тылтың басып келеді екен дегендердегі талтаң-талтаң мен
тылтың-тылтың дегендердің мағыналары тең емес.
Еліктеуіш сөздер сияқты, бейнелеуіш сөздердің түбіріндегі дауысты
дыбыстардың жуан я жіңішке болуы олардың мағынасында айырмашылық болатынын
аңдатады, мысалы: жалп-жалп етеді деген мен желп-желп етеді дегеннің,
осыдан туған жалпылдайды және желпілдейді деген сөздердің мағыналары тең
емес. Алғашқы көріністен күшті, дөрекі, епсіз бейнесі байқалса, соңғысы әрі
нәзік, әрі майда бейне елестейді.
Еліктеуіш сөздер сияқты, бейнелеуіш сөздердің де бастапқы дара түбіріне
де, қосарланған түбірлеріне де сөз байланыстыратын (көптік, септік,
тәуелдік, жіктік) жалғаулар тіркемей қосылмайды. Демек, еліктеуіш сөздер
тәрізді, бұлар да — түбірленбейтін сөздер. Еліктеуіш сөздер сияқты,
бейнелеуіш сөздер де ешбір өзгеріссіз тікелей етістіктермен тіркесіп, я
дара мүше (жалт қарады, жалт-жалт қарады) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі мамандығының магистратураға қабылдау емтиханның бағдарламасы
Тіл біліміндегі еліктеуіш сөздердің теориялық ілімнің пайда болуы
Қазақ тіл біліміндегі еліктеуіш сөздер
Еліктеу сөздердің фоносемантикалық сипаты
Еліктеу сөздердің лексика - грамматикалық ерекшеліктері
Қазақ-Қытай тілдеріндегі еліктеу сөздерді салғастыра зерттеу
Қазақ тілінің практикалық курсы — фонетика, лексика, грамматика, орфография, стилистика
Тіл дамыту әдістемесі мәнерлеп оқудың практикумымен
Балабақшада тіл дамыту мәселесінің зерттелу жайы
Нормативтік қазақ тілі пәні бойынша практикалық сабақтарын өткізуге арналған арналған әдістемелік нұсқау
Пәндер