Бастауыш мектептің отбасы тәрбисімен сабақтастығы
Жоспар
Кіріспе
І.Бөлім. Отбасы және мектеп: өзара тиімді әрекеттесуі .
1.1.Бастауыш мектеп мұғалімдерінің ата-аналарымен өзара бірлесе оқу тәрбие ісін ұйымдастырудың қажеттілігі
1.2. Бастауыш сынып оқушыларына отбасы тәрбиесіндегі гендрлік әлеуметтендіруді қалыптастыруда мектептің рөлі
ІІ. Бөлім. Бастауыш мектептің отбасы тәрбисімен сабақтастығы.
2.1. Отбасы тәрбиесі жетілдіру арқылы балалар тәртіпсіздігін алдын алу жолдары
2.2. Бастауыш мектеп оқушыларының ата-аналарына жүргізілген зерттеу жұмыстары мен олардың нәтижелері
2.3. Бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік тәрбиесі жөнінде ата-аналарға арналған жадынама
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Такырыбы: Отбасы тәрбиесі және оның мектеппен байланыстылығы
Максаты: Мектеп пен отбасындағы тәрбие жүйелерiн анықтау оларды жүйелi орындау жолдары.
Мiндетi: 1). Отбасындағы тәрбиесінің мектеп өмірімен байланыстылығы. .
2). Балағатәрбие берудегі ата - аналардың рөлі.
3). Бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеудiң жолдары.
Зерттеу объектiсi: - Отбасы.
Зерттеу пәні: - Отбасы тәрбиесiндегi туындайтын проблемаларды анықтау.
Зертеу әдәсі: - Отбасы туралы ғылыми әдебиеттерді шолу, анкета, тест өткізу.
Ғылыми болжам: Егер мектеппен бiрлесе отырып балаға жастайынан көп көңiл бөлiп жүйелi түрде тәрбие берiлсе, оның мiнезiндегi жаман қылықтарды дер кезiнде түзеп отырса, келешекте жақсы ұрпақты тәрбиелеп шығатынымызға сенімім мол.
КІРІСПЕ
Отбасы - тәрбиенің негізі. Оның құндылығын "Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің" деген мақал айқындай түседі. "Отбасы" деген сөз әлеуметтік өмірімізде ертеден орын алса да, "семья", "жанұя", "үйелмен" деген сөздер оның орнын алмастырып жүр. Өйткені, олардың түпкі мағынасы - әке мен шешенің және қандас адамдардың тіршілік ету кезіндегі бірлігі, одағы. Әйтсе де "отбасы" деген терминнің өзіндік мағынасы бар. Бұлай дейтін себебіміз, адам тіршілік процесінде қажеттілігіне байланысты от жакты, үй салды, жұптасып отбасын құрды, ұрпақ сүйіп, өмірін ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырды. Демек, отбасы сөзінің мағынасы терең, адамның әлеуметтік өмірін айқындайды. Сондықтан соңғы кезде жарық көрген күрделі еңбектердің мазмұнынан "отбасы" деген термин орын алған. Отбасы тәрбиесі - барлық тәрбиенің негізі. Өйткені балаланың туған кезінен бастап, есейгенге дейінгі уақыт аралығында өміріне арқау болатын тәлім тәрбие отбасы мүшелері (әке, шеше, ата, әже, аға, апа, жеңге, жезде) арқылы беріледі. Олар баланы ата-бабаның өміріндегi еңбек және қоғамдық іс-әрекеттің барысында ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесінен өнеге алып, оны құрметтеуге, жаманнан жиреніп, жақсыға ұмтылуға, қоршаған ортасын танып, онымен қарым қатынас жасауға және баланы өз бетімен әрекет етуге бейімдеп отырған. Отбасы тәрбиесі туралы орыстың педагогі А.С.Макаренко: "Әрбір отбасы сырттан алынған даяр рецептілерді пайдаланбай әрдайым... өмір мен адамгершіліктің жалпы принциптік системасын пайдаланып, көптеген педаго гикалық мәселені өзі шешуі керек", - десе, Н.К.Крупская: "Балаға деген сүйіспеншілікті россиялықтар шығыс халықтарынан үйренсiн", - деп орынды айткан.
Кейде қазақ отбасының жүйелі тәрбие беру мүмкіндіктері төмен деген пікірлер айтылып қалады. Мұндай пікір қазақ отбасының тәрбиелік ықпалын ұлттық тәрбиенің құндылықтарын ескермеуден айтылған. Егер қазақ отбасы тәрбиесінің өзіндік ықпалы төмен болса әл-Фараби, Қорқыт, Абай, Ыбырай, Шоқан, Қаныш, Мұхтар т.б. зиялы тұлғалардың есімі әлемге әйгілі болмас еді. Демек, қазақ отбасында тәрбие жүйелі жүргізілген, оның тән мен тазалық, еңбек пен өнер, ақыл-ой; iзгiлiк пен адамгершілік; сыр мен сымбат сияқты мазмұнға ие болғанын Қ.Б.Жарықбаев, С.Қалиев дәлелдейді. Әр елдің, тіпті жеке отбасыларының
тәрбиесінде өзіндік ерекшеліктер болған. Мысалы, қазақ отбасында баланың тәлім тәрбиесіне мұрындық болатын бесікке салу, тұсау кесу, атқа мінгізу, сүндетке отырғызу, шежіре үйрету, құда түсу, қыз ұзату, келін алу сияқты дәстүрлермен бірге, отбасында бірігіп ынтымақтық тіршілік ету, үлкеннің айтқанын орындау, кішісің дегенге көну, бірлесіп әрекет жасау, өнеге көрсету сияқты тәрбие жұмыстары өріс алған. Қазақ отбасында баланы өмірге дайындау дәстүрінің бірі - шежіре үйрету. Оның негізгі мақсаты - ата текті білу, ұрпақ тазалығын, яғни ген тазалығын сақтау. Мұны ғылыми тұрғыда Г.Мендель гибридтердің бірнеше ұрпағының біркелкілігі, гендердің тәуелсіз таралуы заңдылықтарына сүйеніп өз тәжірибелерінде дәлелдеген.
Қазақ халқының текнама (генетика) құпиясын түсінуі кездейсоқ емес. Ол ұрпак келбетінің, іс-әрекетінің, ақыл-ойының дұрыс болуы қажеттілігінен туындаған. Осыған байланысты жеті атаға дейін қыз алып, Қыз бермеу дәстүрі ережеге айналған. Мұның шындығы ұлтымыздың өмірінде дәлелденген. Мысалы, есімі әлемге таралған Ұлы Абайдың дүниеге келуі, ақыл-парасат үлгісін танытуы Құнанбайдың өзімен терезесі тең орта жүз биi Битен ұрпағына үйленуіне байланысты болуы керек.
Адам тегіне байланысты отбасын құру тәжірибесі ақыл-ойды дамытып қоймаған, ол ұрпақтың бойында бейімділікті де дамытып, қабілеттің айқындалуына себепші болған. Мысалы, хан әулетіне тән ел басқару, үкім шығару, шешендер мен билерде мәнерлі әрi мақалдап сөйлеу, сөз қадірін білу, сөзін тыңдату қабілеті ұрпақтан ұрпаққа берілген.
Отбасында баланы шежіреге үйретудің білімдік тұлғаны қалыптастырудың мүмкіндігі бар. Өйткені, шежіре ақыл-ойға қозғау салып, адамды тануға, білуге итермелейді. Осыған орай мұғалімдердің кәсіп әрекетін жетілдіру үшін шежірені үйрету жайлы білім берген жөн. Жастар шежірені аз да болса біледі. Себебі, төменгі, орта, жоғары сыныптың 112 оқушысынан, жоғары оқу орнының 117 студентiнен жеті атасын сұрағанымызда, әр топтың 40-42 пайызы жеті атасын бiлдi. Бұл - кейбір отбасының ата-баба дәстүрін құрметтеуді парыз санауынан болған жағдай. Көпшілік ересек оқушылар өз әкесінің есімін айтумен шектелді. Оларды кінәлау қиын. Бірақ, дәстүрімізде балаға шежiре үйрету арқылы өзінің кім екенін, ағайын-тумаларда қандай тұрпаттық қасиеттер дамығандығын білгізу. Тіпті оның баланы калыптастыруда алғашқылық мәні бар. Себебі бала мектепке барғанға дейін дамығандығы шежіре айту арқылы байкалады. Бұл туралы А.Сейдімбек: "Өмір - салттың, тіршілік болмыстың ғажайып сабақтастығы жерде адам баласы бәрін де тырбанып кайтадан бастауға мәжбүр болар еді", - деп орынды жазған. Өміріміздегі сабақтас тықты сақтаудың бiр жолы - ұрпаққа шежіре уйрету. Ұлтымыз бала ес біліп, ақыл тоқта та бастаған кезінде, әкесінен бастап ата тегін, руын, ел-жұртын білуге үйреткен. Жігіттің үш жұрты - өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты бар. Оларды білу жігіттің тұлғалық қасиетін танытқан. Сондықтан, халық "Жеті атасын білген ұл жеті жұртқа жөн айтар" - деп білген.

1.1. Бастауыш мектеп мұғалімдерінің ата-аналарымен өзара бірлесе оқу тәрбие ісін ұйымдастырудың қажеттілігі
Қай қоғам, қай ғасыр болмасын ата-ана өз ұрпағын сол қоғамға лайықты денi cay, рухы биiк, еңбек сүйгіш, қайырымды етiп есiрудi мақсат санаған және осыны алғақойып мақсатты жүзеге асыруда өзіндік тәрбие жүйесі болған.
Осы бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі және оның мектептегі оку-тәрбие iсiнде алатын орны туралы Х.М.Рахымбек өзiнiң "Материнская инициативо приобщения семьи к научному познанию" атты еңбегінде ХХI ғасырдағы білім мен тәрбиенің дамуы мен катар кейбiр тұстарында кемшіліктер байқалады лам келе, бұл кемшіліктер тек бүгiнгi экономикалык және әлеуметтiк қиындыққағана байланысты емес, Ол мектептегі бала тәрбиесінен, ата-ана тәрбиесінің алшақтауында яғни жүйелі тәрбиенің болмауынан деп көрсетеді.
Осы көкейкесті мәселені нақтылау мақсатында бастауыш мектеп және атаана тәрбиесіне байланысты көптеген ғылыми-теориялық зерттеулерге шолу жасадым.
Көзімнің жеткені бала тәрбиесінде ата-ананың орны ерекше екендiгi және де iске асырудың түрлі педагогикалық әдіс-тәсілдерінің бар екендiгi нақтыланды.
Қазақ халқының Алып-анадан туады -деген дана сөзiнiн тамыры тереңде. Данышпан адамдардың бәрі де анадан туады және тәрбие ананың бесік жырынан басталатыны бәрімізге белгілі. Ол жайлы М.Әуезов: Ел болып қалам десең, бесiгiндi түзе-деген ойлы сөзiнiң мәнi тереңде жатыр. Бұл көтеріп отырған мәселеге жеңiл қарасақ, үйде ата-ана өз баласын
тәрбиелеуде, ал мектепте мұғалім оқу-тәрбие ісін жүргізіп жатыр. Мәселенің өзектілігі қайда деуге болады.
Мәселенің өзектілігі бастауыш мектептерде оқу-тәрбие iстерi ата-ана тәрбиесінен алшақ. Яғни, бұл бірден байқала бермейтін бала тәрбиесіндегі кемшілік.
Ол бiрiншiден, ата-ана қуана баласын мектепке жiбередi де, баламды мұғалім тәрбиелейдi деген сеніммен өзiнiң жауапкершілігін өзгеге артады.
Ал екіншіден, сенім білдірген мұғалім өз міндетін бастаушы мектеп окушысына алғашқы әріп таныту, окыту, жазу және жоспарлы тәрбие жұмысын жүргізу деп санайды. Өйткені, ол талап және жоғарғы оқу орындарында болашақ бастауыш мектеп мұғаліміне ата-анамен өзара бірлестікте оқу-тәрбие ісін жүргізудің қажеттiгi, оны іске асырудың педагогикалык әдіс -тәсiлдерiн iске асыру жолдарын үйретпейдi.
Бiрақ бұл анықтамалар балаға мұғалім мен ата-ана өзара бірлесе жүйел тұтас тәрбие iсiн жүргiзудi бiлдiрмейді.
Мысалы: Өзара сенім, ата-ана мұғалімге, мұғалім ата-анаға сену, яғни, жауап кемшілікті жеңілдетіп, өзара көмек бұл тұрақты максат көздемеген, өзара байланыста бұл да қажет кезде хабарласуды білдіреді.
Ал мен қозғап отырған "өзара бiрлесе" оқу тәрбие ісін жүргізу яғни бала тәрбиесінде ата-анамен мұғалім жоспарлы мақсат көздей тұтас педагогикалық процеске қатысуы. Яғни, бүгінгі педагогикалық жоғары оқу орындарына бастауыш мектеп оқушыларына осындай оқу-тәрбие ісін ұйымдастыратын кәсіби маман дайындау қажеттілігі туындауда.
Ол жайлы елбасымыз Н.Назарбаев 2005 жылы 1-казан Мұғалімдер күні мерекесінде Қазакстан мұғалімдерін құттықтай отырып ұстаздарға мынадай бағыт-бағдар берген болатын: Бүгінде мұғалім балаға білімді тек көп беруі қажеттi емес, негізгі мақсат балаларға өз бетінше өмір бақи оқуға үйрету және оқытып қана қоймай адам ретінде тәрбиелеу деген бағдарлама ойы бүгінгі менің көтерген өзекті мәселеге арқау болып отыр.
Мiне сондықтан да жоғарғы оқу орындарындағы болашақ бастауыш мектеп мұғалімдеріне баланы оқыту мен қатар, ата-анамен өзара бірлесе оқу-тәрбие ісін ұйымдастыруды үйрену керек.
Мақсатка жету үшін болашақ бастауыш мұғалімі өз пәнінен басқа мынаны бiлуi қажет:
1. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңын.
2. Баланың құқығы туралы конвенция (Нью-Йорк, 1989. 20 қараша).
3. Әлуметтік педагогиканы, жалпы педагогиканы, бала гигиенасы, педагогиканыңпсихологиясын, жас ерекшелік педагогикасын.
4. Педагогикалық этиканы, педагогикалык шеберлікті.
5. Тәрбиенің теориялық әдістемесін, халық педагогикасын.
6. Еңбек зандары негiзiн.
7. Ата-ана тәрбиелік әдiстерiн.
8. Ата-анамен өзара тәрбие жоспарын ұйымдастыру әдістерін.
9. Жергілікті халықтың салт-дәстүрін білу қажетті.
10. Көп ұлтты қазақстандықтарды татулыққа тәрбиелеу жолдарын.
Балаларды тәрбиелеу ісінде ата-аналарды мектепке шынайы серік ету үшін не істеуге болады?
Ата-аналар жиналысының бірінде жүргізілген сауалдар мәліметін келтiрейiн:
-- отбасы беделін көтеру;
-- тәрбиедегі қателерді дамудағы жаңа мүмкіндіктерді жасау ретінде түсіну;
-- ата-аналардың өмірлік тәжірибесіне сүйене отырып, олардың мүдделерін есепке алу;
-- отбасылық тәрбиедегі жетіспеушіліктерге көңіл бөлмеу;
-- әрбір отбасының күшті жақтарының болатынына сену.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, педагогтарға тәрбиеленушілердің отбасыларымен диалог құру үшін қолдау көрсетуді және бірлесе қатысуды белсенді қолдану маңызды, ата-аналарға оларды ықыласпен тыңдайтынын және еститінін сездіру керек. Проблемаларды бірге шешу үшін қызу әңгімелесудің дұрыс атмосферасын жасауға коммуникацияның әртүрлі тәсілдерінің (белсенді тыңдау, көзбен ұғыну, орынды комплимент, күлімсіреу) көмегімен жетеді.
Тәрбиелік процестің табыстылығы педагогтардың оқушылармен және ата-аналармен арасындағы қатынастардан тәуелді болады. Ата-аналармен катынаста болу -- балалармен табысты жұмыс жасаудың қажетті құраушысы болатын үлкен өнер.
Ересектер мен балалардың әрекеттестік және ынтымақтастық проблемаларына мыналар жатады: әкесі және анасының мектеппен бірге қызмет істеуге даяр болуы, мектептің басқару функцияларын ата-аналармен бөлісу даярлығы, ата-аналардың және педагогтардың ынтымақтастығын орнатудағы ақпараттардың рөлі, педагогтар мен ата-аналардың ынтымақтастығын орнатуға кедергі болатын фактілерді табу.
Педагогтар мен ата-аналардың өзара әрекеттестігінің түрлері - бұл олардың бірлескен қызметі мен өзара қатынасының алуан түрде ұйым дастырылуы. Біз ата-аналарға мектеп өміріне ата-аналар жиналыстары, кез десулер, комитеттер, әңгімелесулер, үй аралау, жеке кеңес беру, мамандардың кеңес беруі, мейрамдар, кабинеттерді жабдықтау, концерттер, ашық есік күні, экскурсиялар және т. б. арқылы қатысуға мүмкіншілік береміз. Шаралардың барлығы танымдық, еңбектік және бос уақыттағы қызмет шеңберінде өткізіледі.
Бірлескен қызмет: оқу-ағартушылық; шаруашылық-еңбек; бос уақытты орынды пайдалану; спорттық; ұйымдастырушылық әрекеттері. Ата-аналар мен сынып жетекшілерінің өзара әрекеттесу тиімділігін арттырудың негізгі жолдары:
-- ата-аналардың жеке тұлғалық мүмкіндіктерімен (сауалдар, сауалнама, жеке әңгімелесу арқылы) танысу; ынтымақтастықты орнату жағдайларын жасау;
-- әрбір ата-анаға жеке сараланған әдісті қолдану;
-- бірлескен қызметке ата-аналардың қосқан үлесіне үнемі көңіл бөлу арқылы қолдау;
-- алдағы жұмыстарды жоспарлау және олар туралы ата-аналарға алдын ала хабарлау;
-- мерзімді түрде ата-аналармен және балалармен бірге орындалған жұ мыстарды талдау.
Ата-аналармен жұмыс жасаудың мақсаттары және міндеттері
► Оқушылардың ата-аналарымен жалпы қолайлы атмосферадағы қаты -насты орнату.
► Отбасының тәрбиелік мүмкiндiктерiн зерттеу.
► Ата-аналардың белсенді педагогикалық позициясын қалыптастыру, отбасының тәрбиелік әлеуетін арттыру.
► Балалардың тәрбиесіне кажетті психолого-педагогикалық білім және бiлiктермен, педагогикалык мәдениет негiздерiмен ата-аналарды каруландыру.
► Балалар тәрбиесіндегі ата-аналардын ең көп жіберетін қателерiнiң алдын алу.
► Ата-аналардың өзбетімен педагогикалық білім алуын ұйымдастыруда көмек көрсету
Ата-аналармен дәстүрлі жұмыс жасаудың түрлері
► Ата-аналар жиналысы.
► Жалпы сыныптық және жалпы мектептік конференциялар.
► Педагогтардың жеке кеңес беруi.
►Үйлерiне бару.
Педагогтың ата-аналармен әрекеттестiгiнiң әмбебап түрі ата-аналар жиналысы болып келеді. Жас мұғалімге мектеп психологымен және әлеуметтік педагогпен тығыз байланыста болу қажеттілігі сөзсіз. Олар балалармен және ата аналармен жұмыс жасауға қажеттi әдiстемелік құралдарды таңдауға әрқашан көмектеседі, сонымен қатар қалай жасаған дұрыс болатындығы туралы бағалы кеңестер береді.
Ата-аналар жиналыстарын өткізудің түрлері көп болады. Олардың сипатын және бағдарын өмiрдiң өзi әрi балалар ұжымындағы жұмыстарды ұйымдастыру жүйесі көрсетіп отыр. Жиналыс тақырыбы және әдістемесі оқушының жас ерекшеліктерін, білімділік деңгейін және ата-аналар мүддесін, мақсаттарын және мектептегі тәрбие мақсаттарын ескеруi тиiс.
Әрбір ата-ана жиналысы мұқият дайындықты талап етеді. Ата-аналар жиналысы оны жоспарлағанда, оның сценарийін жазғанда ғана тиімді болатынын есте сақтау қажет. Сценарий педагогтармен ата-аналар комитеті және балалар көмегі арқасында дайындалады.
Мектептегі ата-аналар жиналысында жақсы дәстүр ретiнде ата-аналар жиналысына қатысуға арналған жеке шақырулар дайындап, оны әкелеріне және аналарына беру калыптасқан. Ата-аналар, аталар және әжелер үшін оларга алғыс бiлдiретiн хаттардың мәні өте зор, оны мектептiк соңғы ата аналар жиналысында оқу жылы аяқталғанда ата-аналарға тапсырады. Бұл бала үшін де үлкен ынталану, сонымен қатар балаларды тәрбиелеудегі ата- аналардың зор еңбектерін мойындау болып табылады.
Ата-аналар жиналысы бiрлесе шай ішу кезінде де өткiзiледi. Ата-аналардың көпшiлiгi жұмыстан кейiнгi осындай кездесулерге жиi келедi және осындай жылы, бейресми жағдайда адамдар өзіндерін еркін сезінеді, өз проблемаларымен жеңіл бөліседі. Балалық шақтағы алған әсерлері адам болашағын анықтайды, оның саналы өмірінің өзіне тән iргетасын қалайды.
Ата-аналар жиналысын ұйымдастыра отырып, келесi принциптерді ұстануға болады:
ата-аналар жиналысы балалардын қателерiн және сәтсіздіктерін айту емес, ата-аналарға түсінік беруi тиiс;
жиналыс тақырыбын таңдауда балалардың жас ерекшелiктерi есепке алынады;
жиналыс теориялык әрi практикалык сипатта (жағдайларды талдау, тренингілер, пікірсайыстар) етедi;
сынып жетекшісі ата-аналарға нақыл беруге тиiс емес, ол ата-аналарға жиналыс біткен соң емес, жиналыс етіп жатканда өз пікірлерін айтуға мумкiндiк беру арқылы қатынас орнатады;
ата-аналар жиналысы ұзақ болмауы тиіс, оның мазмұнының негізінде нақтылық, қысқалылық, жүйелілік жатады;
әрбір ата-аналар жиналысы оларда баланың игілігіне қолдануға болатын ойларды қозғауы және пайдалы ақпарат беруi тиiс.
Ата-аналар жиналысын табысты өткізудің жеті ережесi
Сыйланыздар! Көмектесiңiздер! Түсiндiрiңiздер! Сенiңiздер! Үйреніңіздер! Сұраңыздар! Алғыс айтыңыздар!
Ғылыми-практикалық ата-аналар конференциясы - педагогикалық бiлiмдерді насихаттауды отбасылық озық практикалық тәрбие тәжірибесімен үйлестірудің әдісі. Олардың ұйымдастырушылары ретінде ата-аналар комитеті және сынып белсенділері қатысады. Бұл кейбiр тәрбие проблемаларына арналған мәжілістер бола алады.
Конференция жылына 1-2 рет өткiзiледi, өйткені ол мұқият дайындықты талап етеді. Конференцияның өтуi ата-аналар комитетiнде талқыланады: жоспар даярланады, тәрбиелік тәжірибесі таратуға лайықты отбасы айқындалады.
Ата-аналар конференциясын өткізуге кітапхана қызметкерлерін қатыстырса, онда оның тиімділігі арта түседі, олар талқыланатын проблема бойынша кітап көрмесін даярлайды. Конференцияның нақты шешімдерді қабылдауы немесе мәлімделген проблема бойынша шараларды өткiзудi белгiлеуі оның елеулі ерекшелігі болып табылады.
Конференциядағы бiрге талқылауға арналған тақырыптардың үлгiлерiне мыналар жатады: Баламен қарым-қатынас құрудың негіздері, Баланың отбасындағы құқықтары және міндеттері, Баланы отбасында тәрбиелеудің стильдері және әдістері, Балалар психологиясы, Баланы мектепке бейiм деудің ерекшеліктері .
Мектеп және ата-аналардың өзара әрекеттестігінің тағы бір тиімді түрі - отбасы тұратын үйге бару, оның мақсаты - баланың жалпы тұрмыстық өмір шарттарымен танысу, нақты тәрбие мәселесін шешу, сонымен қатар сабақтардан қашу мен үлгермеушілік себептерін талдау, балаға бірге көмек беру әрекеттерінің жоспарын жасау. Кейде тек балаларды ғана емес, сонымен қатар олардың ата-аналарын да тәрбиелеу қажет болады. Жеке кеңес беру түсіндірмелі сипатта болуы тиiс және ата-ана мен мұғалім арасындағы жақсы катынастарды орнатуға жағдай жасауы керек. Мұғалім ата-аналарға бейресми жағдайда айтқылары келетіннің бәрін әңгімелеуге мүмкіндік беруі тиіс. Ата-ана өз сұрақтарымен, үрейлерiмен, қорқыныштарымен мұғаліммен бөліседі және сынып жетекшісінің міндеті шиеленісті шешу, тәрбиеленушілердің жағдайы, отбасы ерекшеліктері туралы әріптестеріне уақытылы хабарлау, пән мұғалімдерімен ата-аналардың кездесуін, әңгімелесуді, кеңес беруді және т. б. ұйымдастыру.
Балаларының үлгерімі және мінез-құлқы туралы ата-аналардың толық
ақпар алулары үшін күнделіктегі жазулар, қойылған бағалар, үй және ұялы
телефондар, сонымен қатар түсініктеме жазу қолданылады. Әрбір оқушыға педагогикалық бақылау дәптері арналады, онда оқушының теріс қылықтары және жетістіктері жазылады, олардың себептері, сонымен қатар оқушылармен жасалған жұмыс туралы ақпараттар көрсетіледі. Бұл оқушыға мінездеме беру де, сонымен қатар ата-аналар жиналысында пайдалануға өте ыңғайлы болып келеді.
Біздің мектептерде профилактикалық кеңес өткізу дәстүрге айналды, онда ата-аналармен және оқушылармен бірге көптеген проблемалар шешіледі.
Ата-аналармен жұмыстың дәстүрлі емес түрлері: тақырыптық кеңес; ата-ана оқулары; ата-аналар кеші.
Тақырыптық кеңесті өткізу үшін ата-аналар осы мәселелердің оларға қатысты және кідірместен шешуді талап ететіндігіне сенімді болулары тиiс. Тақырыптық кеңеске проблеманы үйлесімді шешуге себепкер болатын әрі тиімді шешімін табатын мамандар қатысулары тиіс. Оларға әлеуметтік педагог, психолог, сексолог, құқық қорғау органдарының өкілдері және т.б. жатады. Біріге жұмыс жасау барысында ата-аналар олардан толғандыратын проблеманы шешу бойынша ұсыныстар алады.
Ата-аналарға арналған кеңес беру тақырыптарының үлгілері
› Бала оқуды қаламайды. Оған қалай көмектесу керек?
› Баланың есте сақтау қабілеті нашар. Оны қалай дамыту керек?
› Отбасындағы жалғыз бала. Тәрбиелеудегі қиындықтарды жеңу жолдары. › Балаларды жазалау. Жаза кандай болады?
› Балалардың достары шынайы достар ма немесе дұшпан ба?
› Үш ұрпақ бір шанырақтың астында. Қарым-қатынас проблемалары.
Ата-ана оқулары ата-аналармен жұмыс жасаудың өте қызықты түрі, ата-аналарға тек педагогтардың дәрістерін тыңдау ғана емес, сонымен қатар проблемаға қатысты әдебиеттерді оқуға және оны бірге талқылауға мүмкіндік береді.
Ата-аналар кеші - ата-аналар ұжымын шоғырландыратын жұмыс түрі. Ата-аналар кештерінің тақырыптары әртүрлі бола алады: Баланың туылған жылы. Ол бірінші жылы қандай болды?, Баламның бірінші кітапшасы, Менің баламның келешегі. Мен оны қалай елестетемін?
Ата-аналар тренингтері - бұл өз баласымен қарым-қатынасын өзгертуді, яғни баланы ашық сөйлетуді және оның сенімін көтеруді қалайтын ата-аналар мен белсенді жұмыс жасаудың түрлері. Ата-аналар тренингтеріне екі ата-ана да қатысуы тиіс. Тренинг 12-15 адамнан құралатын топпен өткізіледі. Тренинг нәтижелі болуы үшін ол 5-8 сабақтан құрастырылады. Ата-аналар тренингтері, негізінен, мектеп психологымен өткізіледі, ата-аналардың балалық шақтарын еске түсіруге, балалықтағы алған әсерлерін тағы да бастан өткізуге мүмкіндіктер беріледі. Ата-аналар тренингте Балалардың бет-аузын тыжырайтуы, Ең сүйікті ойыншық, Менің ертегілік бейнем, Балалар ойыны, Балалық шақтың естеліктері, Менің отбасым туралы фильм сияқты тап сырмаларды аса қызығушылықпен орындайды.
Оқушылардың ата-аналарымен сынып жетекшілерінің өзара әрекет тестіктерінің дәстүрлі, дәстүр емес әдістері мен түрлері жалпы ортақ бір мақсатты алға тартады: қазіргі заманның мәдени өміріне енген өсіп келе жатқан тұлғаның бақыты. Егер мұғалім ата-аналармен сенімді қатынас орната білсе, өз баласына қиын кезде қолдау көрсетіп, көмек беру ықыласын олар да оятса, онда өзінің педагогикалық мақсаттарына жеткендігін сенімділікпен айтуға болады.
Бүгін мектеп отбасысыз және отбасы мектепсіз тұлғаны қалыптастырудың ең күрделі міндеттерін орындауға қабілетті бола алмайтынын біз есте сақ тауымыз керек. Бала мүддесі үшін ата-аналардың және педагогтардың қызметі одақтасқанда ғана табысты болады. Осы одақтастық негізінде тәрбие процесіне деген көзқарастардың, талаптардың бірлігі, тәрбиенің жалпы ортақ мақсаттары мен міндеттері, айқын нәтижелерге жету жолдары жатыр.

Рухани жаңғыру бағдарламасын іске асыру жағдайындағы Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері (бұдан әрі - Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері) - еліміздің өміріндегі түбегейлі әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер контексінде әзірленген, білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде тәрбиенің жаңа мазмұнының басымдықтарын анықтайтын стратегиялық құжат.
Қазақстан Республикасы қоғамдық сананы жаңғырту ұстанымын алға қойған прогрессивті даму жолымен келеді. Қазіргі қоғамға ұлттық бірегейліктің аса маңыздылығын, мәдени контекстің, өздігінен даму, өзін-өзі тәрбиелеу және жоғары кәсіпқойлық, құзыреттілік пен тәрбиелілік, отбасы әлеуетінің рөлін арттыру негізінде табысты шығармашылық тұлға ретінде Қазақстан азаматтары мінез-құлқының жаңа әлеуметтік-психологиялық эталонын қажет етеді.
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері тәрбиелеудің әрбір бағыты Рухани жаңғыру қоғамдық сананы жаңғыртудың негізгі бағыттарын, тәрбиенің заманауи тұжырымдарын, білім мен тәрбиені дамытудың әлемдік үрдістерін (жаһандану, интернационалдандыру, кіріктіру, компьютерлендіру, цифрландыру, универсалдандыру және т.б.), тәрбиенің әдіснамалық негіздері мен қағидаттарын қамтитындай түсінік пен танымнан құралады.
Әлемдік факторлар ұлттық құндылықтардың терең тәрбиелік мәдени әлеуетін қалыптастыруға қайта бағытталу, адамзаттың рухани-адамгершілік мұраларының императивтерін күшейту қажеттілігін тудырады.
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері білім беру жүйесінің, әсіресе, мектепке дейінгі, жалпы орта, кәсіптік және қосымша білім берудің барлық көпқырлылық процесін жетілдіруге, тәрбиелеу мақсаттарына жетудің жоғары өнімділігіне отбасы мен азаматтық қоғамның жауапкершілігін арттыру және оларды белсенді жүзеге асыру бойынша мемлекеттің өзектілендірілген сұранысына негізделеді.
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінде олар жіктеліп берілді және соған сәйкес, тәрбиенің базалық мазмұнын жаңартудың басым бағыттары анықталады. Осы бағыттардың мәні мен мақсаты педагогикалық жүйелер мен педагогикалық процесті ұйымдастырудың алуан түрін, барлық заманауи тәрбие кеңістігін жаңғыртудан, адамгершілік-рухани және жалпымәдени құндылықтар шеңберін кеңейтуден, жас қазақстандықтарды тәрбиелеу практикасындағы мектептің, отбасының, мемлекет пен қоғамның тұтас тәсілдемесінен тұрады.
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздеріне тәрбие жұмысы; тірек месседжилер; алға қойылған тәрбие мақсаттарына жету деңгейлерін өлшеуге арналған критериалды аппарат, мониторинг әдістері; кешенді ресурстық қамтамасыз ету; оларды жүзеге асырудан күтілетін нәтижелер; терминдер мен анықтамаларға негізделетін мақсаттар мен міндеттер; тәсілдер мен қағидаттар енеді.
Тәрбие Тұжырымдамасының негізгі бағыттарының бірі: Отбасы тәрбиесі, отбасы қатынасы мәдениетін қалыптастыру. Мақсаты: Отбасы дәстүрін сақтай білуге, ата-анасын, үлкенді қадірлей білуге тәрбиелеу. Міндеттері:
отбасын құндылык ретiнде сезіне білу қабілетін қалыптастыру;
отбасылық міндеттерді орындау мен байланысты қолданбалы біліктіліктері мен дағдыларын қалыптастыру;
отбасында дау-дамайсыз өмір сүру дағдыларын қалыптастыру;
гендерлік айырмашылықтарға байланысты психологиялык, дүниетанымдық ерекшеліктер жөнінде білімдерін қалыптастыру.
Мәңгілік Ел жалпыұлттық идеясын жүзеге асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінің басым бағыттарының бірі:
Отбасы тәрбиесі.
Отбасы тәрбиесі тұлғаны қалыптастыруда және әлеуметтендіруде күткен нәтижелерге қол жеткізу максатында ата-аналар мен отбасының басқа мүшелері тарапынан балаларға әсер ету процесі. Критерийлері:
әр баланың отбасында өмір сүру тәрбиеленуінің негізі болатын және құқығын іске асыру;
балаларының оқудағы және шығармашылық іс-әрекеттегі жетістіктерiне, мектептік тәрбие процесінің ата-аналардың табыстылығына мүдделілігі;
мектептік шараларды өткізудегі ата-аналардың іс-әрекеті;
балаларын оқыту және тәрбиелеуісінде ата-аналардың мектепмұғалімдеріне сенімі;
балалардың психологиясын, дүниетаным ерекшеліктерін білу.
Міндеттері: отбасылық құндылықтарды коммуникативтік қалыптастыру; дағдыларды дамы ту; Қазақстан халқының әдет-ғұрпы мен дәстүрлері негізінде отбасылық құндылықтарды нығайту; өз отбасының, тегінің және социумның тарихына танымдық қызығушылық тудыру және т.б.
Іске асыру механизмі: мектептердің қамкорлык кеңестері және ата-аналар комитеті арқылы; бірге ұйымдастырылған отбасылық шаралар; ата-аналардың мек теп өміріне қатысуы; әкелер, әжелер клубтары; ата-аналардың педагогикалық жалпыға міндетті оқуы және т.б.
Қазақстан Республикасында гендрлік теңдіктің тұжырымдамасы
бекітілді және осы тұжырымдаманың негізінде Үкіметтің 2003 жылғы 27 қарашадағы қаулысымен Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясат
тұжырымдамасы мақұлданды. Менің жобамның бірінші бөлімі бойынша көтергелі отырған проблемалык тақырыбым: Отбасы тәрбиесінде гендерлік әлеуметтендіруді қалыптастыруда мектептің рөлі.
Гендерлік әлеуметтендіру бұл адамның өзінің гендерлік рөлін игеpy процесі. Осы процесс арқылы ер және әйел ұғымына сәйкес қоғамдағы этикет нормаларын, жынысына тиісті құндылықтарды, қажеттіліктерді үйренеді.
Гендерлік әлеуметтендіру тәрбиесінің мақсаты: Мектептің тәрбие жұмысы арқылы ата-ананың отбасында кыз бала мен ер бала тәрбиесін әлеуметтендіруіне және отбасы мүшелерінің рөлін көтеруге әсер ету.
Гендерлік әлеуметтендіру тәрбиесінің міндеттері:
1. Отбасы тәрбиесінде гендерлік әлеуметтенуді қалыптастыруда мектептің рөлін арттыру;
2. Отбасында гендерлік тәрбиенің жүйелі жүргізілуіне атсалысу;
3. Отбасы тәрбиесіндегі әке мен ананың рөлін көтеру;
4. Отбасы мүшелерінің мәртебесін арттыру;
5. Отбасы тәрбиесіндегі ата мен әженің рөлін көтеру;
6. Отбасындағы ер бала тәрбиесін көтеру;
7. Отбасындағы қыз бала тәрбиесін көтеру;
8. Ата-ана мен туған-туыс арасындағы қарым-қатынас тәрбиесін қалыптастыру;
9. Отбасы тәрбиесінде гендерлік әлеуметтенуді қалыптастыру бағытында iс-шаралардың өтуіне ықпал ету.
Баланы отбасында гендерлікәлеуметтендіру жыныстық тәрбие мәселесі. Баланы кішкентайынан, яғни бастауыш сыныптан бастан ер балаға, қыз балағақатысты тәлімдік үлгілері бүгінгі күн талабына сәйкестендіріліп қарастырылады. Өз жынысына сай сапаларын жойып алмай, өмірге жан-жақты даярлау - басты парыз.
Бұл жобадан күтілетін нәтиже:
Әке - шаңырақ иесі;
Әйел - отбасының ұйтқысы;
Әке мен шеше-отбасында баланы әлеуметтендіретін басты тұлғалар;
Ата - беделі жағынан әкеден жоғары, өмірлік тәжірибесі бай, эмоциялық-мейірімділік тұрғыда меңгерген, отбасының тiрегi;
Әже - жанұядағы қарым- қатынасты реттейтін,балаларды өмірге бейімдеудің қарапайым түрлерін мейірім арқылы жеткізе білетін ақылшы, отбасының алтын казығы.
Отбасындағы ер бала - қара шаңырақ иесі;
Қыз бала - отбасы ұйытқысының жалғасы;
Келін-келген жерінде орнын табу,сыйлай білу, сыйымды болу, өз тамырын жайып, өсіп-өну;
Күйеу бала қайын-жұрттың тілін таба білу, көңілінен шығу, құдалық қарым-қатынасты жалғау;
Алдымен "Отбасы тәрбиесін дегендерлік әлеуметтендіруді қалыптастыру мәселелері" бойынша ата-аналар, оқушылар, мұғалімдер арасында сауалнамалар жүргізілді. Сауалнама бойынша 5 сұраққа жауап алдық.
1) Отбасы тәрбиесінде гендерлік әлеуметтендіруді қалыптастыру мәселесінколдайсыз ба?
а) иә. - 215 адам
ә) жоқ. - 2 адам
б) білмеймін - 8 адам
2) Отбасында ұл ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz