Жарықшақты қол гранаталары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжі.

Бекітемін
Колледж әдіскері:
_________ Э. Аймбетова

АШЫҚ САБАҚ

Тақырыбы: Жарықшақты қол гранаталары

Топ: Вт-22о
Оқытушы: Бакуов. Д

Дене тәрбиесі циклдік отырысында қаралып мақұлданған

Хаттама№_______ 2023ж.

Дене тәрбиесі цикл төрағасы: ___________ Бакуов . Б.

Қызылорда 2023 жыл.

Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі: Взвод командирінің рапорт тапсыруы, әскери сәлемдесу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.Өткізілетін сабақ барысының
мақсатын хабарлау

2) Үй тапсырмасының сұрақтары:
1. Азаматтық қорғаныс дегеніміз не .
2. Азаматтық қорғаудың міндеттерін атаңдар.
3. Ұжымдық қорғану құралдары.
4. Баспаналар.

3) Негізгі бөлім
1. Ф-1 гранатасының арнау мақсаты, құрылымы және жұмыс принципі.
2. РГД-5 гранатасының арнау мақсаты, құрылымы және жұмыс принципі.
3. Қол гранаталарды сақтау, тасымалдау тәртібі.

4) Қорытынды бөлім

Жаңа тақырыпқа талдау жасау және оқушылардың білімін бекіту
Қолданылған әдістер баяндау, түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап
Өтетін аудитория: АӘжТД аудиториясы

Оқытушы : Бакуов Д

Ашық сабақ жоспары

Өткізілетін күні : 13.02.2023

Тобы: Вт-22о

Тақырып: Жарықшақты қол гранаталары

Сабақ мақсаты: Оқушыларға Қол гранаталарын жұмысын ,пайдалану және сақтау жөнінде түсіндіру..

Сабақтың түрі: Практикалық ,тәжірибелік
Дамытушылық мақсаты: Оқытушыларды әскери патриоттық сезімін
дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: Еліміздің қорғаушы болашақ азаматы ретінде жеке
қасиеттерін тәрбиелеу.

Қолданатын әдістер: Баяндау, түсіндіру, көрсету

Көрнекі құралдар: макеттер, көрнекі плакаттар , электрондық тақта.

Өтетін орны :АӘД аудиториясы

Сабақ тақырыбы: Жарықшақты қол гранаталары

Жаңа сабақ сұрақтары:

1. Ф-1 гранатасының арнау мақсаты, құрылымы және жұмыс принципі.

2. РГД-5 гранатасының арнау мақсаты, құрылымы және жұмыс принципі.

3. Қол гранаталарды сақтау, тасымалдау тәртібі.

Жарықшақты қол гранаттары жақын ұрыстағы (шабуылда, оқпанда, жертөледе, елді мекендерде, орманда, тауда және т.б.) қарсыласытың тір үшін жарықшақтарымен жоюға арналған.
Қазақстан армиясының қарулануында:
Ф-1 қол гранаты
РГД-5 қол гранаты;
РГН және РГО-қол гранаталары бар.
Гранаттар жарықшақтарының ұшу қашықтығына байланысты:
шабуылдығы және қорғаныстағы болып бөлінеді. РГД-5 және РГН-шабуылдағы,
Ф-1 мен РГО -қорғаныстағы гранаттарға жатады.
Қол гранаттарының арнаулы және ұрыстық қасиеті
Ф - 1 жарықшақты қол гранаты - арақашықтық әрекетті гранат. Ол көбінесе қорғаныс шайқасында тірі күшті жоюға арналған. Гранатты әр түрлі жағдайлардан және тасадан, сауытты транспортерден немесе танкіден лақтыруға болады. Гранаттың жарылу кезіндегі жарықшақтар ұшу радиусі - 200м - ге жуық. Гранат лақтырудың орташа қашықтығы - 35 - 45м. Жарақталған гранат массасы - 600г. Тұтандырғыш баяулатқышының жану уақыт - 3,2,-4,2с.

Гранаттың құрылысы
Ф-1 жарықшақты қол гранаты корпустан, жарылғыш зарядтан, тұтандырғыштан тұрады.
Гранат корпусы жарылғыш заряд пен тұтандырғышты орналастыруға, сондай - ақ гранат жарылған кезде жарықшақтар түзуге арналған. Гранат корпусы шойын, бойлық және ендік ойықшалары бар, әдетте, ол жарықшақтарға осылар арқылы бөлшектенеді. Корпустың жоғары бөлігінде тұтандырғышты бұрап енгізуге арналған бұрандалы ойық бар. Сақтағанда, тасығанда және алып жүргенде оған пластмасса тығын бұралады. Ф - 1 гранатаның арналу мақсаты мен құрылысы
РГД - 5 гранаты сияқты.

Гранаттарды қолдану, күту және сақтау
Гранаттар әскери бөлімдерге ағаш жәшіктерге салынып жеткізіледі. Жәшікке - гранаттар; тұтқалар және тұтандырғыштар жеке металл қораптарға салынады. Қораптарды ашу үшін арнайы пышақ болады. Жәшіктің қақпағы мен қабырғаларында таңбалар болады. Онда: жәшіктегі гранаттар саны, олардың массасы, гранаттар мен тұтандырғыштар атауы, зауыт нөмірі, гранаттар кезегінің
нөмірі, дайындалған жылы көрсетіледі.
Жауынгерлер гранаттарды гранаттарға арналған сөмкеде тасымалдайды.
Тұтандырғыштар гранаттан бөлек орналасады, олар қағазға немесе таза шүберекке оралуы тиіс.
Гранаттар мен тұтандырғыштарды сөмкеге салар алдында және жарақтау алдында корпустарында майысулар мен тоттардың жоқтығын қарап алу керек. алып жүру кезінде гранаттарды соқтығудан, итерілуден, оттан, балшық пен ылғалдан сақтау керек.
РГД-5 жарықшақты қол гранаты - арақашықтықта әрекет ететін гранат, ол қарсыластың шабуылда және қорғаныста тірі күшін жоюға арналған. Гранат лақтыру таяу ретте қимыл жасауда және сауытты транспортерде
(автомобильдерде) әр түрлі жағдайда жүзеге асырылады.
Гранат жарықшақтарының қиртқыш радиусы 25 м-ге жуық. Гранатты лақтырудың қшықтығы -- 40--50м.
Жабдықталған гранаттың массасы --- 310 г.
Тұтандырғыш бәсеңдеткішінің жану уақыты -- 3,2--4,2 с.
Гранаттың құрылысы
РГД-5 жарықшақты қол гранаты тұтандырғышқа арналған түтігі бар корпустан, жарылатын зарядтан және тұтандырғыштан тұрады.

Гранат корпусы
Гранат корпусы жарылатын зарядын тұтандырғышқа арналған түтікті орналастыру үшін, сондай-ақ гранат жарылуы кезінде жарықшақтар жасалуына қызмет етеді. Ол екі бөліктен (жоғарғы және төменгі) тұрады.
Корпустың жоғарғы бөлігі қалпақша деп аталатын сытқы қабықтан және қалпақшаның қосымша бетіннен тұрады. Жоғарғы манжет көмгі арқылы тұтандырғышқа арналған түтікше жалғастырылған. Түтікше гранатқа тұтандырғышты жалғастыру және корпустағы жарылатын зарядтағы герметизациялау үшін қолданылады.
Түтікті ластанудан сақтау үшін оған пластикалық тығын бұрап кіргізіледі. Гранат лақтыруға дайындауға тығын орнына түтікке тұтандырғыш бұрап
кіргізіледі.

Корпустың төменгі бөлігі табан деп аталатын сыртқы қабықтан және табанның қосымша бетінен тұрады.
Жарылатын заряд
Жарылатын заряд корпусты толтырады және оның жарықшақтар мен жарылуына арналған.
Гранат тұтандырғышы
Гранат тұтандырғышы (жаңғыртылған қол гранатының үйлестірілген тұтандырғышы)(ЖКГҮТ) жарылатын заряд жарылуына арналған. Ол соққы механизмі мен тұтандырғыштан тұрады.
Соққы механизмі
Соққы механизмі тұтандырғыштың капсюль-оталғышының тұтануына
қызмет етеді. Ол соққы механизм түтігінен, жалғастырушы тығыннан,
бағыттаушы шайбадан, ұрыстық серпеден, соққыштан, соққыш, шайбасынан, ағытқыш иінтірек (рычаг) пен сақиналы сақтандыратын мұрындықтан тұрады. Соққы механизм түтігі тұтандырғыштың барлық бөлшектерін жинауда негіз
болып табылады. Жалғастырғыш тығын тұтандырғышты гранат корпусымен жалғастыруға арналған. Ол соққы механизм тетігінің төменгі жағына кейгізілген.
Бағыттаушы шайба ұрыстық серіппенің жоғарғы ұшына арналған тіреу
болып табыладыжәне ол соққы жылжуын бағыттайды.
Ол соққы механизм түтігінің жоғарғы бөлігінде бекітілген.
Ұрыстық серіппе капсюль-оталғышқа қыстыруға қажетті энергияны
соққышқа хабарлау үшін арналған. Ол соққықа кигізілген және өзінің жоғарғы ұшымен бағыттаушы шайбаға, ал төменгі ұшымен соққыш шайбасына тіреледі.
Соққыш
Соққыш капсюл-оталғышты тұтандырып, қыстыруға арналған. Соққыш шайбасы соққыштың төменгі ұшына кигізіледі де, ұрыстық серіппенің төменгі ұшына тіреу болып табылады.
Ағытқыш иінтірек
Ағытқыш иінтірек соққышты қайырылған жағдайда ұстап тұруға арналған. Соққы механизм түтігінде ағытқыш иінтіректің құлақша саңылауынан және соққы механизм түтігінің қабырғаларынан өтеді. Онда оны жұлып алатын сақина бар.
Өздігінен тұтандырғыш
Өздігінен тұтандырғыш гранаттағы зарядтың жарылуына арналған. Ол баяулатқыш тығынан, капсюль-оталғыштан, баяулаьқыштан және капсюл-детонатордан тұрады.
Баяулатқыш тығынының жоғарғы жағында соққы механизм түтігімен жалғастыратын ойма және капсюль-оталғышқа арналған ұя, ішінде - баяулатқыш орнатылған арна, сыртында - капсюль- детанатор оқсауытын жалғастыруға
арналған тесік бар.
Капсюль-оталғыш баяулатқышты тұтандыруға арналған.
Баяулатқыш капсюль оталғыштан капсюль-детонаторға от сәулесін береді.
Ол престелген газы аз құрамнан тұрады.
Капсюль-детонатор гранаттағы жарылатын заряд жарылуына арналған. Ол
оқ баяулатқыш тығының төменгі бөлігі сауытта орналастырылған.
Тұтандырғыштар әр қашан ұрыстық жағдайда болады. Тұтандырғышты бөлшектеп, соққы механизмі жұмысын тексеруге қатаң тыйым салынады.
Гранатты лақтыру кезіндегі оның бөліктері мен механизмдерінің жұмысы

Гранатты лақтыру алдында оны - сөмкеден алып, түтіктен тығынын бұрап шығарып, оның орнына тұтандырғышты соңына дейін бұрап салу керек. Тұтандырғыш соққы механизм бөлшектері мынадай жағдайда орналасады:
Соққыш қайырылып, соққы механизм түтігі сақтандыратын мұрындық ұшы бөлінген және тұтандырғышты мықты ұстап тұрады.
Гранатты лақтыру үшін оның ағытқыш иінтірегін саусақтармен гранат корпусына қыса ұстап тұрып қолға алу керек.
Иінтіректі жібермей сақтандырғыш мұрындықты жұлып алып, гранатты нысынаға лақтырамыз. Мұрындықты жұлып алғаннан моң, тұтандырғыш бөлшек орны өзгермейді, соққыш қайырма жағдайда соққыш механизм түтігі жалғастырудан босатылып, бірақ оған саусақтарымен қыса ұсталынып, ағытқыш иінтірекпен ұстап тұралады. Гранатты лақтыру кезінде ағытқыш иінтірек
гранаттан бөлініп, соққышты босатады. Соққыш ұрыстың серіппе әсерінен
капсюль-оталғыштан баяулатқышты тұтандырады. От жалыны капсюль-
детонаторға беріледі.
Гранаттарды қолдану, күту және сақтау.
- гранаттар; тұтқалар және тұтандырғыштар жеке металл қораптарға салынады. Қораптарды ашу үшін арнайы пышақ болады. Жәшіктің қақпағы мен Гранаттар әскери бөлімдерге ағаш жәшіктерге салынып жеткізіледі. Жәшікке
қабырғаларында таңбалар болады. Онда: жәшіктегі гранаттар саны, олардың массасы, гранаттар мен тұтандырғыштар атауы, зауыт нөмірі, гранаттар кезегінің нөмірі, дайындалған жылы көрсетіледі.
Жауынгерлер гранаттарды гранаттарға арналған сөмкеде тасымалдайды. Тұтандырғыштар гранаттан бөлек орналасады, олар қағазға немесе таза шүберекке оралуы тиіс.
Гранаттар мен тұтандырғыштарды сөмкеге салар алдында және жарақтау алдында корпустарында майысулар мен тоттардың жоқтығын қарап алу керек. алып жүру кезінде гранаттарды соқтығудан, итерілуден, оттан, балшық пен ылғалдан сақтау керек.
Гранатты тек лақтыру алдында ғана жарақтауға рұқсат етіледі.
Ұрыстық гранаттарды лақтыруға үйрену кезіндегі қауіпсіздік шаралары.
1) үйренуші болат дулыға киюі қажет;
2) гранаттар мен тұтандырғыштарды оқтау алдында тексеру керек; ақаулар
табылған жағдайда - командирге баяндау қажет;
3) қорғаныстағы және танкіге қарсы гранаттарды лақтыру офицер жетекшілігімен жарықшақтар тесіп өтпейтіндей тасалардан немесе оқпаналардан жүргізіледі;
4) бір үйренушімен бірнеше гранатты лақтыру кезінде әр кезекті гранатты
алдыңғы гранаттың жарылысынан соң, кемінде 5 секунд өткеннен кейін лақтыру керек;
5) егер гранат лақтырылмаған болса (сақтандырғыш мұрындығы жұлынбаған),
онда оны командирдің тікелей бақылауымен және пәрмен бойынша
оқсыздандыруға болады.
6) жарылмаған гранаттар есебін жүргізіп, олардың түскен орындарын қызыл жалаумен белгілеу керек; лақтыру аяқталғаннан соң жарылмаған гранаттарды әскердегі артиллериялық қару - жарақ пен оқ - дәрілерді сақтау және күтіп ұстау жетекшілігінде көрсетілген ережелерге сәйкес түскен жерлерінде жару қажет; гранаттарды жаруды бөлімше командирі ұйымдастырады;

7) қол гранаттарын лақтыру ауданының радиусі кемінде 300м жерді қоршау керек;
8) гранатты лақтырумен айналыспаған жеке құрамды атыс шебінен қауіпсіз жерге апару керек:
9) гранатты лақтыруға арналған бастапқы орынды - ақ жалаулармен, атыс шебін қызыл жалаулармен белгілеу керек;
10) гранаттар мен тұтандырғыштар беру пунктін бастапқы орнынан 25 м қашықтықта жабдықтау керек.

5) Сабақты қорыту , талдау

6) Оқушыларды бағалау

7) Үй тапсырмасын беру

Қолданылған әдебиеттер: АӘД оқулығы 10 сынып, АӘД 11 сынып
Аманжол К. , Тасболатов А ,

XX ғасырға дейінгі әсери өнер тактикасының дамуы.
Тактика - бұл әскери өнердің құрамдас бөлігі. Ол адамдарға және қарулануға тығыз байланысты. Сондықтан соғыс жүргізу құралдарының өзгеруіне байланысты тактика да өзгеріп отырады.
Әскер жабдықталатын қару - жарақ неғұрлым жетілдірілген сайын, соғұрлым оның тактикаға ықпал етуі терең және жан - жақты болып келеді. Басқа жағынан алып қарағанда, ұрыс құралдары жаңарған сайын, оған деген тактика - техникалық талаптар да өседі.
Жаңа қарудың пайда болуы ұрыс сипатына өзгерістер енгізілуімен ерекшеленеді. Бірінші дүниежүзілік соғыста тез ататын және алысқа ататын артиллерияны, жаяу әскердің автоматты қаруын, автоматты - пулеметтерді, танк, авиация және басқа да ұрыс құралдарын пайдалану қазіргі жалпы әскери ұрыстың тактика элементтерінің пайда болуы мен дамуының себептері болып табылады. Дүниежүзілік екі соғыстың тәжірибесі ұрыстар мен операцияларды қару мен ұрыс техникасының өсу мүмкіндіктеріне талдау жасау, өмірдің талдау ерекшелігі мен оны жаппай ендіру негізінде тактиканың, әскери өнердің ескі қағидаларын батыл жойып, ұрыс әрекеттерін жүргізудің жаңа тәсілдерін жасаған жақтың табысқа жететіндігіне әбден көз жеткізді. Дүниежүзілік екі соғыс танк әскерлері, әскери әуе күштері, әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері тактикасының пайда болуы мен дамуына себепті болды.
Ұрыстың жаңа құралдарының пайда болуына байланысты артиллерия мен авиация әрекетінің тактикасы да өзгерді. Олар дивизия, батареядан атыс жүргізудің дәстүрлі әдісінен басқа тапсырманы взвод және жеке қарудан атыс жүргізе отырып орындайды, ал авиация жаппай және шоғырланған соққылармен қатар жеке ұшақтармен немесе шағын топтармен соққы бере алады.
Ұрыс әрекеттерін орындау кезінде бүркенішке, жеке құрамның жергілікті жердің қорғаныш қасиеттері мен ұрыстық техниканың ебін тауып пайдалануға деген талаптар өсті. Түнде және көрінуі шектеулі жағдайларда ұрыс әрекеттерінің рөлі арта түсті.
Ұрысты ұйымдастыру кзінде бөлімшелерді мүмкін болатын соққылардан дер кезінде шығару, әскер мен басқару пункттерінің ұрысқа қабілеттілігін тез арада қалпына келтіру және беріктігін арттыру, қарсыластың атыс соққысының

зардаптарын жою шаралары мұхият ойластыра жасалады. Тактиканың одан ары даму бағытын анықтау үшін жаңа атыс құралдарының алысқа атуының ұлғайуын есепке алу керек.
Бірқатар дамыған мемлекеттер армиясын жабдықтауда жаңа, дәлдігі жоғары өздігінен бағытталатын және басқарылатын ұрыстық жүйелермен толықтырылды. Олардың жою құралдары автоматтандырылған жүйелер базасындағы барлау құралдарымен байланысты. Мысалы, АҚШ және НАТО армияларындағы соққы беру - - барлау кешендерінің, Ассолт брейкер және т.б. лазер, инфрақызыл сәулелену немесе радио оқ - дәрілер көмегімен өздігінен бағытталатын кешендердің, лазерлі қашықтық өлшегіштердің Такфайр (АҚШ), Фальке (ГФР) типті артиллерия атысын автоматты басқару жүйесінің зертеулері нысананы жою дәлдігін 8-10 рет арттыруға, атыс тапсырмасын орындау уақытын 10-15 рет қысқартуға жағдай жасады. Осының нәтижесінде, әскерлер нысананы қысқа мерзімде тауып қана қоймай, оны бірнеше минут ішінде жоғары сенімділікпен жоя алады.
Қазіргі кезде НАТО армияларында түрлі радиоэлектронды, оптика-электронды, инфрақызыл, лазерлі және т.б. жүйелерді даярлауға және оларды ұрыста қолдануға аса зор көңіл бөлінуде. Мысалы, АҚШ армиясында қарсыластың басқару жүйелері жұмысын бұзу жолында радиоэлектронды басымдылықты жеңіп алу жолында, радиоэлектронды күресті тактикалық буында өткізу шаралары жүргізіледі.
Сауытталған ұрыс техникасымен қатар шет мемлекеттер армиясының құрамалары әскерге жерде ғана емес, әуеде де белсенді ұрыс жүргізе алатын әр түрлі мақсаттағы тік ұшақтармен жабдықталған.
Жаңа қарумен ұрыс жүргізу тактикасының артықшылығы - жою күшінің жоғары дәлдігі, олардың шапшаң әрекет етуі, алысқа атумен бірге олардың оқ-дәрілер қуатының ұлғайтылуы.
Егер Екінші дүнйежүзілік соғыс кезеңінде қарсылас дивизиясының екінші эшелонына дүркін-дүркін ғана әсер ете алған болса, ал қазіргі кезде қарсыластың ұрыстық тізілу элементтерін жаппай нақты атыспен үздіксіз ұстап тұруға мүмкіндік бар. Өйткені тікүшақтардың әрекет ету радиусы мол және олар жақсы бүркемеленген нысаналарды тез табуға, жоғары сенімділікпен оларды жоюға қабілетті. Олардың маневр жасауы жинақылықпен, кенеттілікпен, Әуе-Әуе, Әуе-Жер класты басқармалы және басқарылмайтын ракеталарды, зеңбірек-пулемет қару-жарақтарын, бомбалар мен миналарды тиімді қолдануына негізделеді.
Қазіргі жағдайда бір уақытта атыспен әсер ету тереңдігі 300км-ден астам болады. Бұл кезде алысқа ататын артиллерияны - 40км-ге дейін, жорық жасайтын тікұшақтар топтарын 50-60км-ге дейін, оперативтік-тактикалық ракеталарды-200км-ге дейін, тактикалық авиацияны 300км-ге дейін пайдалану жоспарланады. Бұл көрсеткіштер қарсылас атысымен тек қана бірінші эшелон емес, екінші эшелонды, резервтерді, ракеталық әскерлер мен артиллерия топтасуын, әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерін, басқару пункттері мен тыл объектілерін жою қаупі ұлғаятынын көрсетеді. Осыған байланысты ұрысты

дайындауға және оның барысында жауынгерлік күшті сақтауға, әуе шабуылына қарсы қорғанысты ұйымдастыруға мұхият көңіл бөлу талап етіледі.
Жаңа қарудың пайда болумен байланысты командирлер мен штабтардың ұрысқа дайындық және оны жүргізудегі жұмыс мазмұны түбегейлі өзгерді. Олардан қарсыласты талқандаудың, оны атыспен жоюдың, ұрыс тәртібін құрудың, бөлімшелер мен бөлімдерге ұрыс міндеттерін айқындаудың және т. б. ұйымдастырудың неғұрлым тиімді стандартқа сай емес, жаңа тәсілдерін іздестіру талап етіледі.
Мұның бәрі қазіргі кезде өзіндік ерекшеліктері мен заңдылықтары бар жалпыәскери ұрыстың жаңа тактикасы туып, дамып келе жатқанын көрсетеді.

Жаяу әскердің ұрыс машинасындағы (ЖҰМ) мотоатқыш бөлімшесінің құрамына кіретіндер:
бөлімше командирі;
көздеуші - оператор;
механик - жүргізуші;
пулеметші;
гранататқыш;
гранататқыштың көмекшісі;
аға атқыш;
атқыш.
ЖҰМ - бұл сауытталған шынжыр табанды машина. Ол бөлімшенің жеке құрамын орналастыруға, ұрыс жүргізуге және жылжуға арналған. ЖҰМ зеңбірекпен, пулеметпен және танкіге қарсы басқарылатын реактивті снарядтармен жабдықталған. Машина маневрлі және өтімділігі жоғары, өте жылдам қозғалады (70кмсағ), су бөгеттерінен, жолсыз, батпақ жерлерден және қалың қарлардан жақсы өтеді. ЖҰМ ядролық жарылыстың зақымдаушы факторларына қарсы қорғану жүйесімен және түнде көру аспабымен жабдықталған.
Мотоатқыш бөлімшенің қаруларында ЖҰМ, қол пулеметтер, танкіге қарсы гранататқыш, автоматтар, жарықшақты және танкіге қарсы гранаттары болады.
Мотоатқыш бөлімшелер қазіргі заманғы қуатты қару - жарақпен және техникамен қарулана отырып, қарсыластың ұрыс техникасы мен атыс

құралдарын, тірі күштерін өз атысымен табысты түрде жеңіліске ұшыратуға қабілетті. Олар жылдың және тәуліктің кез келген мезгілі мен уақытында, ауа райының кез келген жағдайында табанды қорғаныстық ұрыс жүргізе отырып, жоғары қарқынмен шабуылдай алады.

5) Сабақты қорыту , талдау

6) Оқушыларды бағалау

7) Үй ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алғашқы әскери дайындық оқу бағдарламасы
Жеке қорғану құралдары
«Тактикалық дайындық» пәні бойынша оқу - әдістемелік кешен
Қол гранаттары
Гранат (итал. granata, granatus — түйіршікті)
Криминалистикалық габитология түсінігі мен мазмұны
«ҚР ҚК-нің гарнизондық және қарауылдық жарғысы: қарауыл бастығы міндеттері»
Мұнай кен орындарын игеруді модельдеу
Болат және болаттан жасалған бұйымдар
Кеніштің ішкі құрылысы және коллекторлардың қасиеттері
Пәндер