Қалыптастырушы бағалау



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

1. Кіріспе
Қалыптастырушы бағалау. Технологиялық бағалау. Әрекетті бағалау.
2. Негізгі бөлім
Нәтижені бағалау. Бағалау парағы. БҚБ кестесі.
3. Қорытынды
Өлшемдік кестелер рубрикаторлар. Портфолио

Қалыптастырушы бағалау үдерісі. Қалыптастырушы бағалау мұғалім мен білім алушылардың арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін, оқу жетістігінің дамуына, өсуіне тікелей әсер ететін үдеріс болып табылады. Халықаралық тәжірбиеде қалыптастырушы бағалау барынша маңызды рөл атқарады және жалпы білім алушылардың қажеттіліктеріне қарай оқу мен оқытуды бейімдеу үшін қолданылатын бағалаудың түрі ретінде анықталады (Блэк және Уильям,1998; Эшкрофт және Форман-Пэк, 1994;). Сондай-ақ, түрлі әдебиеттерді талдау барысында қалыптастырушы бағалаудың құрылымдық элементтерінің сипаты, қолдану жағдайы мен қарастырылатын мақсаттарына қатысты бірнеше рет өзгеріп отыруы мүмкін деп те түсіндіріледі
Осылайша, ұсынылған қалыптастырушы бағалаудың құрылымынан жалпы мынадай элементтерді атап көрсетуге болады: білім алушыларды бағалау үдерісіне белсенді қатыстыру, білім алушылардың қабілеттеріне қарай оқытуды бейімдеу, сапалы және сындарлы (конструктивті) кері байланыс беру. Яғни, қалыптастырушы бағалау - көптеген өзара байланыстағы элементтер арқылы оқу мен бағалауды кіріктіруге мүмкіндік беретін мұғалімнің тәжірбиесі. Оқу бағдарламасындағы бөлімнің әрқайсысындағы оқу мақсаттары, күтілетін нәтижелері қалыптастырушы бағалаудың тәжірбиелік мазмұнын анықтайды. Сонымен бірге қалыптастырушы бағалау үдерісі стандартталмайды, яғни әр мұғалім өзбетінше қалыптасырушы бағалауды өз тәжірбиесі арқылы анықтай алады,оның нәтижесіне қатысты жауапкершілікті өз мойнына алады. Мұғалімнің іс-әрекетіндегі қалыптастырушы бағалау үдерісі келесі кезеңдерді жүзеге асыруды талап етеді:
:: қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру және жоспарлау;
:: қалыптастырушы бағалау әдістерін таңдау;
:: кері байланыс беру;
:: қалыптастырушы бағалау нәтижелерін талдау;
Қалыптастырушы бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру Қалыптастырушы бағалау үдерісін білім алушылардың қажеттіліктеріне сәйкес және тиімді жоспарлау үшін мұғалімге оның формасын, мазмұнын, жиілігін, сондай-ақ құралдарын өзбетінше анықтау мүмкіндігі беріледі. Мұғалім оқу үдерісіне және қалыптастырушы бағалауға оқу бағдарламасына сәйкес барлық оқу мақсаттарын енгізуі қажет. Сол үшін мұғалімге көмек ретінде оқу мақсаттары бойынша бағалау критерийлері, дескрипторлары бар тапсырмалар үлгілері берілген қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы дайындалады. Қалыптастырушы бағалаудың жинақтары сабақты жоспарлау кезінде тапсырмаларды іріктеу үшін дереккөздері ретінде қолданылады және басып шығару талап етілмейді. Қалыптастырушы бағалаудың тапсырмаларын өз бетінше құрастыру үшін мұғалімге:
:: оқу бағдарламасымен,оқу жоспарымен танысу, оқу мақсаттарына талдау жасау;
:: оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары негізінде ьағалау критерийлерін құрастыру;
:: тапсырма құрастыру кезінде саралау (дифференциялау) тәсілін қамтамасыз ету үшін бағалау критерийлерін (3- қосымша) ойлау дағдыларының деңгейлеріне бөлу;
:: бағалау критерийлері мен ойлау дағдылары деңгейлеріне сәйкес тапырмалар құрастыру; :: әр тапсырмаға оның орындалу кезеңдерін сипаттайтын дескрипторлар құрастыру ұсынылады. Мұғалім оқу мәнмәтінін, өз білім алушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, тапсырмаларды іріктеп алады немесе құрастырады (2-кесте). 2-кесте. Математика

Портфолио жаңа оқу технологиясымен таныстыру. Қосылу механизмін үйрену, кіріспе және портфолио бағалары. Берілген технологияның өзін бағалау, өзара бағалау және оқушылардың оқудағы жетістіктерін бағалау мүмкіндіктеріне анықтама. Күтілетін нәтижелер. Тыңдаушылар:портфолионың мәнін, құрылымын, жиналу бірліктерін, портфолио қосылу механизмін, құрылу алгоритмін және портфолио бағаларының тәсілдерін білетін болады; - оқытудың құзыреттілік-бағдарлық аймағында портфолио жұмысының бағалау критериін анықтай алады; - анықталған критерийлерге байланысты портфолионы иеленушілер өзін және өзара бағалау дағдыларын үйренеді; - оқу процесінде берілген технологияны ендіру жұмыстарын ұйымдастыра алады. Ассоциация әдісі Орындалу, жүзеге асыру қадамдары:
1- қадам: қағаздың ортасына шеңбер сызып ішінде портфолио сөзін жазу (жеке)
2- 2-қадам: портфолио сөзімен ассоциацияланатын (қатысты) және оның мағынасын ашатын сөздерді де шеңберге алып жазу (жеке және топта)
3- 3- қадам: топ ассоциациясын таныстыру (презентациялау). Анықтау тесті әдісі Төмендегі берілген сөздердің ішінен сіздің ойыңызша портфолио сөзіне ең жақын келетін ассоциацияларды таңдап және өз ассоциацияларыңызды толтырыңыз.
1. Жұмыс антологиясы
2. Тапсырмалар блогы
3. Жетістіктер көрмесі
4. Құрастырушы
5. Жинағыш (копилка)
6. Мұражай коллекциясы
7. Фотосуреттерді жинау
8. Құжаттар пакеті
9. Сызбалар, эскиздер папкасы
10. Мәтіндер жинағы Ашылған (развернутая) дәріс әдісі Орындалу, жүзеге асыру қадамдары: 1-қадам: аудиторияны жұптарға бөлу. Жұптарға мақсатты тапсырма беру: дәрісті тыңдап отырып біреу өз тізіміндегі портфолио сөзіне ассоциацияларды белгілеме арқылы белгілеп отыру керек. Олар солармен жазылған және олар қарсы минустармен белгілеу. Екіншісі тізімде жоқ, бірақ дәрісте бар портфолио сөзіне басқа да ассоциацияларды жазады. 2-қадам: Портфолио оқу технологиясы дәрісін оқу. Италия тіліндегі әдемі сөз portfolio жай ғана портфель деп аударылады. Бірақ педагогтардың мектеп қолданысынан жойылып кетті деуге болатын, рюкзактармен не қатаң стильді кейс- дипломаттармен, не әр түрлі сөмке пакеттермен алмастырылған оқушы портфелін айтпайды. Портфолио портфелі - бүгінгі таңда шын айтқанда материалдық зат емес, ол оқушының оқу-танымдық бағытындағы ұйымдастыру процесі және формасы, оның нәтижесінде оқу-бірлік артефакторларын таңдап, талдау жасайды. Портфолио термині өткен ғасырдың 1970ж "инвестиция портфелі", "акциялар портфелі", "брендтер портфелі", "министрлік портфель" деген түсініктер бизнес пен саясатта көп қолданылатын педагогикамен тығыз қатынаста болды. Ал, 1990ж басында "портфолио" сөзі орыс тілінде манекеншілердің фотосуреттері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Критериалды бағалау туралы
Қалыптастырушы бағалаудың мәні
Оқушылардың маңызды оқу жұмыстарын және нәтижелерін бағалауға көңіл аудару
Критериалды бағалау жүйесінің алғы шарттары мен тарихи кезеңдері
Қалыптастырушы бағалауды өткізудің тәртібі
Қалыптастырушы бағалау әдістемесін әзірлеу
Оқытудың негізгі әдіс - тәсілдері
Оңтайлы оқыту әдістерін жасауды көздейтін оқыту технологиясы
Критериалды бағалау қағидаттары
Бастауыш сынып оқушыларының оқу жетістігін бағалау әдістемесін теориялық зерттеу
Пәндер