Қазақ хандығының құрылуының тарихи маңызы


1. Сұрақ . Тарихи үдерісті кезеңге бөлу. Бүгінгі күні Қазақстан тарихын іргелі 5 кезеңге бөлуге болады . Бірінші кезең - көне дәуір . Оның шекарасы 2. 5 млн жылдан бастап б. з-дың V ғасырына дейін, яғни адамзат жаратылысынан бастап Рим империясының құлауы, халықтардың Ғұндар бастаған Ұлы қоныс аударуымен сәйкес келеді. Екінші кезең - ортағасырлар кезеңі . Оның шекарасы Ұлы қоныс аударудан бастап Еуропада капитализмнің дамуы, Қазақстан жерінде Қазақ хандығының пайда болуымен аяқталады . Үшінші кезең . Қазақ мемлекетінің құрылуымен XIX ғ. ортасына дейінгі уақытты қамтиды Төртінші кезең- қазақ халқының Ресей және Совет құрамындағы бағыныштылық кезеңі . Бесінші кезең - 1991 жылдан басталатын Тәуелсіз Қазақстан кезеңі .
2 сұрақ. Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы.
Қазақстан жерін ежелгі адамдар. б. з. б. 800-140 мыңжылдықтардан бастап мекендеген. Алғашқы адамдар Қаратау жотасы мен Қарасу тұрағында мекендеген.
Алғашқы адамдардың айналысқан істері: аң аулау, терімшілік. Алғашқы адамдар баспанасы: табиғи үңгірлер, үңгіме қуыс, тау шатқалдары т. б. Адамдар табиғаттын, қаталдығына қарсы тұру үшін, бірігіп аң аулап тіршілік етіп қиындықты жеңу үшін топпен өмір сүрді. Еңбек құралдары және Тасты өндеу әдісі жетідді. Еңбек кұралдары, негізінен, нуклеустан жасалды. Пышақ, қару ретінде үшкір тас, ағаш, тері өндеу үшін қырғыш тас пайдаланылды. Археологиялық ескерткіштер Оңтүстік Қазақстандағы Топалы шатқалы мен Қызылрысбек тұрағынан табылған. . Табылған заттар: үшкір тас, қырғыш т. б.
б) кейінгі палеолит (б. з. б. 40-12 мыңжылдықтар) . Бұл дәуірде адам баласы дамуындағы жаңа кезең басталып, қазіргі адамға ұқсас адамдар қалыптасты. Бұл адамдарды саналы адамдар немесе кроманьондық адамдар деп атайды. Адамдар және олардың тіршілігі Антропологиялық белгілері: бас сүйектері сопақ, жазық маңдайлы, бойлары ұзын, тік жүрген. Негізгі кәсібі: аң аулау, терімшілік. Аулаған андары: зубр, бұғы, марал, жылқы, мамонт. Теретін жеміс-жидектері: жабайы алма, алмұрт, саңырауқұлақ, сәбіз, жаңғақт. б. Еңбек құралдарының 20 шақты түрі болған. Адамдар тау үңгірлерін, қуыстарды баспана қылған. Бұл кезеңге тән адамдар баспанасы әзірге қазақстаннан табылмады. Ескерткіштері - Оңтүстік Қазақстандағы Ащысай тұрағы. Табылған заттар:жануарлар сүйектері, қырғыш, кескіш, пышақтәрізді қарулар т. б.
3 сұрақ. Тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның мәдениеті . Ерте палеолиттегі өнер мен діни түсініктердің қалыптасуы.
Алғашқы қауымдық мәдениеттәі белгілері:дайын өнімдерді дайындау емес, иелену, еңбек құралдарының жетілмегендігі, адамдардың бірігіп еңбек етуі, алғашқы қауымдық комунизм . Ертедегі адамдар табиғаттан бөлініп шыққаннан кейін, қоршаған табиғаттан өздерінің қандай айырмашылықтары бар екенін түсінбеді. Олар өсімдік пен жануарлардың түрлерін, іздері мен кылықтарын айыра алғанымен, көптеген нәрсені түсіндіре алмады. Дауыл қайықты аударып, балықшылар мерт болғанда, найзағай баспанаға түсіп, үйлер өртенгенде, адамдар оның себебін білмей аң-таң болған. Әрине, бұл құбылыстардың бәрінің табиғи себептері болғанымен, адамдар оның себептерін білмеген. Діни түсініктердің пайда болуын біз неандертальдықтардың жерлеу ғұрпынан байқаймыз. Олар өлген адамын белгілі бір ғүрыппен жерлеген. Адамды ұйықтап жатқан сияқты бір қырынан жатқызып, бір қолын басының астына салған. Олар өлімді мәңгі ұйқыға кету деп түсінген. Содан соң жерленген адам маңайына киіктің мүйізін айналдыра қойған. Өте ерте заманғы жерлеу ғүрпында өлген адам үстіне қызыл минерал бояу сепкен. Қызыл түс қанның түсі. Ал қан жанмен байланысты екенін ертедегі адамдар білген. Мұндай сенімді анимизм дейді. Ең көне сенімге тотемизм де жатады. Адамдар өздерін белгілі бір жануардан таралдық деп есептеген. Мысалы, киік, бұғы, жолбарыс т. б. Сол аңдарды ата тегіміз деп сыйынған. Адамдар табиғаттың дүлей құбылыстарынан өздерін сақтау үшін әр түрлі тылсым әрекеттер де жасаған. Мысалы, құлшылық етіп сыйынған, құрбандық шалған, билеген, жалбарынған, қорғайды деп тұмар таққан. Осының бәрін магиялық әрекеттер дейді. Адамдардың түсінігі бойынша, жер мен судың, орман мен таудың иелері болған. Сондықтан оларға кұрбандық әкеліп тұруға тырысқан. Табиғаттан тыс күштер әлемді билеп тұрады, олар үрлесе, дауыл тұрады, қаласа, аңдар басқа жаққа ауып кетеді деп сенген. Адамдар оларды әруақтар (рухтар), ал орасан зор күш иесін қүдайлар деп атаған. Адамдардың наным-сенімі кәсіптің түріне тәуелді болды. Егіншілер егіннің, малшылар табынның өз құдайлары болады деп есептеді.
4. . Палеолит, мезолит, неолит дәуірлеріндегі тілдің, рационалды білімнің дамуы, діни түсініктердің қайта құрылуы. Жартасқа сурет салу өнері - петроглифтер (Мыңшұңқыр, Өлеңті, Еңбек, Тесіктас, Шатыртас, Ақбидайық, Ақбауыр, Баянжүрек) .
. Т ілдің пайда болуы туралы әртүрлі теориялар бар, олар тілдің қалай шыққанын, қалай пайда болғанын өзінше дәлелдейді. Тіл білімінде оларды екіге бөліп қарайды.
1. Биологиялық теориялар тілдің пайда болу себебін адам организмі мен психикасының ерекшеліктерінен іздейді.
а) Еліктеу теориялары, оның ішінде кең таралған «дыбысқа еліктеу қағидасы» бойынша алғашқы адамдар қоршаған ортадағы дыбыстарға, көрініс, бейнелерге еліктеп, оларды белгілеу үшін әртүрлі дыбыстар шығарудан бастайды (Х. Штейнталь) .
б) «Одағай теориясы» бойынша адамдардың өздеріндегі көңіл-күй әсері бойынша еріксіз, оқыс дауыстар шығаруы қазіргі тілге негіз болады.
в) Ымдау теориясы бойынша алғашқы кезде тілде «сөздермен» бірге мимикалар мен жестілер көп болған. Жалпы тілдің қажеттігі адамдардың рухани әрекетімен, әрекет құралы болуымен байланыстырылады. Бұл көзқарастардың қалыптасуына Г. В. Ф. Гегель мен В. Фон Гумбольдттің пікірлерінің ықпалы зор болды.
2. Қоғамдық теориялар бойынша тілдің пайда болуы әлеуметтік себептерден ізделеді.
а) «Қоғамдық келісім теориясы» бойынша адамдар белгілі бір заттарды белгілеу үшін оларды бірдей атауға келіседі.
б) Еңбек теориясы бойынша тіл адамдардың бірлесіп еңбек етуі кезіндегі байланыс жасау қажеттігінен пайда болған. Оның ішінде «еңбек айқайы теориясы» (Л. Нуаре, К. Бюхер) мен Ф. Энгельстің еңбек теориясы таралаған. Соңғы теория бойынша тіл, еңбек пен бірге «адамды адам еткен» факторларға енеді.
Петроглиф (лат. петро - тас және грек. глиф - жазу) - тақтатас, жартастарға салынған суреттер, бейнелер. Ежелгі П-тер соңғы палеолиттің ақырында пайда болды. Кейінгі голецендік тарихи-мәдени кезеңдерде (мезолит, неолит, қола дәуірі, темір дәуірі, т. б. ) қоғамдағы өзгерістерге байланысты дамыды. Суреттер қызыл охрамен және тастың бетін қашап, шекіп салу тәсілдерімен түсірілген. Соңғы тәсіл көп жерлерде кеңінен пайдаланылды. Көбіне хайуанаттар қырынан, адамдар алдынан салынды. Суреттерде пропорция сақталмаған; түз тағыларының кішкентай суреттерінің жанына одан бірнеше есе үлкен адам бейнесі салынған. Бұл өнердің мәні терең, бейнелері мазмұнды болып келеді. Оларда аңыз әңгімелер, мифтік сюжеттер, қоршаған ортамен байланысты шаруашылық-тұрмыстық қарекеттер бейнеленді. Қазақстанда 200-ден астам жартас суреттерінің шоғырланған орындары белгілі болып отыр. Солардың ішінде жан-жақты зерттеліп, ғылыми айналымға түскендері: Ақбауыр, Арпаөзен, Баянжүрек, Ешкіөлмес, Қаратау, Қойбағар, Майдантал, Мойнақ, Таңбалы, Теректі-Әулие, т. б.
5. Ұлы даладағы энеолит және қола дәуірі.
Қола дәуірі. (б. з. б. 2-1 мың жылдықтар) . Тас ғасыры аяқталғаннан кейін, қола ғасыры басталады. Қола ғасыры деп аталуының себебі, осы кезде Евразияда қола өндіру тәсілі меңгеріліп, қола заттарын жасай бастады. Қола еңбек құралдары мен қару үшін қолданылатын негізгі шикізат болды. Қола дәуірінде рулық қатынас жойылып, тайпалық бірлестіктер құрылды.
Қола дәуірінің басты үш ерекшілігі болды.
1. Қола металлургиясы. Түсті металлдар мен алтын өндірістік жолмен игеріле бастады. Қазақстан жер қойнауында полиметалдардың, ең алдымен қалайы-мыс рудаларының барынша молдығы бұл территорияда металургияның мықты ошағы шығыуынын бір себебі болды. Қазақстанның бірнеше өңірлірінде кен өндірілген орындардың табылуы бұған дәлел болады.
2. Бақташылық, мал шаруашылығы. Біздің заманымыздан бұрынғы II мың жылдықтың ортасында Қазақстанның далалық тайпаларында алғашқы өндірістің өрлеуі байқалды, мал өсіру интенсивті түрде өрістеді. Осы уақыттан бастап далалық Евразия халықтарының шаруашылығында мал осіру неғұрлым көбірек орын ала бастады. Б. з. б. II мың жылдықтың аяғында -I мың жылдықтың басында далалық өңірлердегі халықтардың көпшілігі шаруашылықтың маманданған жаңа түріне - көшпелі мал шаруашылығына көшеді.
Басқа тайпалар ішінен мал өсірушілердің бөлініп шығуын Ф. Энегельс ең бірінші ірі қоғамдық еңбек бөлісі деп атады «Үй жануарлардың түрі көбейді».
3. Егіншілік. Егіншілік орташа дәрежеде дамыды. Қола дәуіріндегі экономиканың басты - екі бағыты болып табылатын мал шаруашылығы мен металургияның, сондай - ақ егіншіліктің дамуы ең алдымен еркектердің еңбегін қажет етті; мұның өзі қоғамдағы ер азаматтардың ролін арттырды. Сондықтан аналық рулық қатынастың орнына аталық ру (патриархат) орнады.
Энеолит (б. з. д. 3 мыңжылдықтар) . Энеолит өтпелі кезең, мыс тас ғасыры. Миллион жылдар бойы тұқымдық құралдарды пайдалана отырып, адам біртіндеп эволюциялық жолмен металлдан құрал жасай алатын даму деңгейіне жетті. Адам игерген алғашқы металл мыс болды. Археологиялық қазбалар адам кездейсоқ мыс тауып алғанын дәлелдейді. Адамдарға үлкен тастарды жылжыту қиын болды, олардың ішінен қару-жарақ жасалды, тұрақты тұрақтарға дейін. Сондықтан олар таста от жағып, қызған жер су құйды, содан кейін ол ұсақ бөліктерге қызған. Бұл кезде тастан мыс, қорғасын, қалайы оңай балқитын металдар пайда болды. Осылайша, адамдар мыс еңбек құралдарын жасау техникасын игере бастады. Алайда мыстан жасалған құралдар мықты емес, ауыр жұмыстарға жарамсыз, сондықтан тас құралдарды толығымен ығыстырып, алмастыра алмады. Осылайша, бір уақытта тас және мыс еңбек құралдары қолданылған дәуірді тарихта энеолит деп атайды (Грекиядан. энео - «мыс», лит - «тас
6. Солтүстік Қазақстандағы Ботай мәдениеті.
Ботай мәдениетінің қалыптасуына Атбасар неолиттік мәдениетін жасаған тайпалары араласқан. Ботай мәдениеті Ертіс пен Жайық өзендері аралығын мекен еткен тайпалар мәдениетіне жатады.
Ботай мәдениеті - энеолит дәуірінде Солтүстік Қазақстанды мекендеген тайпалар мәдениеті. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Никольское ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 1, 5 шақырым жерде Ботай қоныстарына байланысты аталған. Ғалымдарды табылған ат сүйектерінің көптігі таң қалдырған. Жұмысқа аңдар сүйегін зерттейтін ғалым-остеологтар шақырылды. Олар ауқымды істер атқарды. 133 мыңдай жылқы сүйектері зерттелді. Нәтижесінде анықталғаны, Ботай аттары бұрынғыда белгілі жылқылар түріне жатпайтын боп шықты. Ботай аттарының сүйегі өзге де ежелгі аттар сүйегінен ерекшеленіп тұрды. Ғалымдар бірауыздан ботай аттарының қолға үйретілген деген пікірді ұстанды. Олар далада жүрген жабайы жануар еместігін айтады. Жылқылар үй шаруасында, аң аулауда қолданылған. Күні бүгінге дейін жылқылар қолға кеш үйретілген деген пікірлер айтылды. Қоныстың материалдарымен әлемнің барлық ғылымдары қызыға бастады. Ботай жылқысын зерттеп білуге Солтүстік Қазақстан облысына Новосібір, Мәскеу, Англия, Германия ғалымдары келді. Көптеген ғалымдар ортақ пікірге сүйенді, яғни Ботай қонысы Еуразия даласында мал шаруашылығы орталығы болған.
Еуропалық ғалымдардың зерттеуіне қарағанда, адам баласы жылқыны қолға үйреткеніне 5500 жылдан асыпты. Өркениет тарихында жылқылар алғаш рет қазіргі Украина топырағында қолға үйретілді деген тұжырым болған еді. Алайда соңғы зерттеулердің қорытындысы өркениеттің Азиядан басталғанын дәлелдеді.
Ағылшын зерттеушісі Кимберлей Броун «Лос Анжелес Таймс» газетіне сілтеме жасай отырып, Horse атты журналға жазған еңбегінде, жылқы түлігі еуропалықтар ойлағаннан көп бұрын Азияда қолға үйретілгенін меңзеген.
Ағылшын зерттеушісінің пікірі Ботай қонысы маңына жүргізілген қазба жұмыстары барысында дәлелін тапты. Аталған археологиялық жаңалықтың құндылығы жайлы еуропалық National Geographic News атты ғылыми басылым: «Қазіргі күні Қазақстан деп аталатын елдің жерін мекендеген далалық өлке тұрғындары алғашқы болып жылқыға мініп, оның сүтін ішкен . . . » деген байлам жасады. Басылымның бұлай түйін жасауына себеп болған дүние: Ботайдағы қазбадан табылған жылқылардың тістері мүжілген әрі оған сызат түскен. Осыған қарап ғалымдар, жылқының мініске пайдаланылғанын, ауыздықталғанын анықтап отыр. Сонымен қатар жер астынан табылған ыдыстардың түбінде кепкен қымыз қалдықтарының ізі қалған.
7. Көшпелілер тарихын кезеңдеу
Көшпелілер немесе Дала өркениеті - түркі тектес халықтардың, соның ішінде қазақтардың материалдық және рухани құндылықтарының даму сатысы, этномәдени жүйенің қалыптасуындағы табиғи-тарихи тұрпаты. Адамзат тарихын зерттеу барысында өркениет атауының өзіне әр түрлі, кейде бір-біріне қарама-қайшы анықтамалар қалыптасты. Қазақ жері - мал шаруашылығы қалыптасқан ең көне аймақтардың бірі. Жабайы жануарларды қолға үйрету. Жабайы жануарларды қолға үйрету неолит дәуірінен басталды. Ең алғаш қолға үйретілген үй жануарлары - қой мен ешкі болды. Қойдың арғы тегі - арқар (муфлон), ал ешкінікі - таутеке. Қой мен ешкі мөлшермен б. з. д. 8-7-мыңжылдықтарда қолға үйретілген деп есептеледі. Осы кезге жататын Жерорта теңізі маңайындағы тұрақтарда қой мен ешкінің сүйегі табылған. Сиыр тұқымының дәл қай жерден шыққаны әлі анықталмаған. Дегенмен де қолға үйретілген сиырдың да ең көне заманғы сүйегі б. з. д. 7-мыңжылдыққа жатады, ол Оңтүстік Анадолы жерінде (Түркия) табылған. Б. з. д. 6-5- мыңжылдықта Месопотамия жерінде мал шаруашылығы болғандығы бүгінде дәлелденген .
8. Ерте темір дәуірі хронологиясы мен археологиялық мәдениет ескерткіштері.
Темір дәуірі - тас пен қола дәуірлерінен кейінгі үшінші ірі археологиялық кезен. Оның бірінші кезеңін ерте темір дәуірі деп атап кеткен. Бастаулары осы металды қолданумен сәйкес келетін адамзат тарихының маңызды кезеңі осылай аталды. Б. з. б. I-мыңжылдықтың басынан осы заманға дейінгі кезеңді алсақ, темір адамзаттың заттық мәдениетінің негізі болып келді. Өндірістік технология саласындағы барлық мәнді ашылымдар аталмыш металлмен байланысты болды. Қазақстандағы темір дәуірінің басы б. з. д. VIII - б. з. VI ғасырларына жатады. Ал ерте темір дәуірінің хронологиясы: б. з. д. VIII - б. з. д. III ғ. Кейінгі темір дәуірінің хронологиясы: б. з. д. III - б. з VI ғ. Осы кезеңге кіретін Орталық Қазақстанның ескерткіштері тасмола археологиялық мәдениетіне жатады. Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының ұйымдастырушысы әрі жетек. Ә. Марғұлан мен оның шәкірті М. Қадырбаев Қарағанды облысына қазба жұмыстарын жүргізіп, ескерткіштердің жалпы сипаты, жерлеу ғұрпының ерекшеліктері мен заттық мәдениетке байланысты нақты деректердің алғашқы тобын жинады. Осы өңірлерде басқа жерде кездеспейтін “мұртты обалар” сияқты айрықша ескерткіш түрлері бар екенін байқаған ғалымдар Сарыарқада бұған дейін беймәлім жаңа мәдениет белгілері табылуы мүмкін екенін пайымдады. Қазақтың белгілі археологы М. Қ. Қадырбаев, бұл мәдениеттің хронологиялық мерзімін б. з. д. VII - III ғасырларымен негіздеп, оның дамуын екі кезенге бөлген. Тасмола мәдениетінде тән археологиялық ескерткіштері «мұртты» қорған деп аталады. Бұл күрделі ғұрыптық - жерлеу кешендері тастан қаланып, әдетте үш негізгі бөлшектерден: үлкен, кішкентай қорғандар мен ұзындығы 60-тан 200 метрге дейін жететін жартылай доға тәріздес жолдардан құрастырылған. Бұл «мұрттар» қорғанмен жанасып, үнемі шығысқа қарай бағытталған. Үлкен қорғанның астында, тереңдігі екі метрге жететін шұңқырда қайтыс болған адамның мәйіті жерленген. Кішігірім қорғаныда жылқы қаңқаларының қалдықтары, қыш ыдыстардың сынықтары кездеседі. Кейде тек қана қөмір түріндегі және күйдірілген топырақтың ізі байқалады.
9. Ерте темір тайпаларының этносаяси және әлеуметтік тарихы. Сақтар. Массагеттер. Савроматтар мен сарматтар.
Сақтар (сақалар) - б. з. б. 1-мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан, Шығыс Түркістан аумағын мекен еткен ежелгі тайпа. Олар қуатты тайпалық одақтары массагеттер, исседондар, аландар, каспийлер, сарматтардан тұрған. Бұл халық өзін өзі сақа, сақ деп атаған. Сақ тайпасының әртүрлі атаулары болған. Ежелгі гректер оларды "азиялық скифтер", ал парсылар - "Құдыретті еркектер" деп атаған. ОЛарды парсы патшасы 3ке бөлген. парадарая (теңіздің арғы бетіндегі сақтар) - еуропалық сақтар-скифтер немесе Арал теңізі, Сырдарияның арғыжағындағылар; хаомаварга (хаома сусынын жасайтын сақтар) - Ферғана алқабын мекендеушілер; тиграхауда (шошақ бөрікті сақтар) - Сырдарияның орта ағынын және Жетісуды мекендеушілер.
Массагеттер (көне грек. Μασσᾰγέται, лат. Massagetae) - ежелгі грек авторларының деректері бойынша Каспий мен Арал теңізі аралығын мекендеген тайпалар тобының ортақ атауы. Массагеттердің шыққан тегі мен қалыптасуы туралы нақты ғылыми деректер жоқ. Страбонның жазуынша Массагеттер күнге табынған. Оған құрбандыққа жылқы шалатын болған. Страбон Массагеттерге жер өңдеуді кәсіп еткен Арал маңындағы хорезмдік басқа тайпаларды да қосады. [1]
Сарматтар - б. з. д 8 ғ. - б. з. 8 ғ. Қазақстанның батыс өлкелерін мекендеген. “Сарматтар”, “Сарматия” сияқты атаулар антик дәуірінің жазба деректерінен келген және көптеген тайпалар мен олардың одақтарына таңылатын жалпылама ұғым болып табылады. Негізінен көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан. Жылқы мен қой өсірген. Иран тілдес болған. . Еділ-Жайық бойын, Қара теңіз жағалауын мекендеген сарматтар малшылықпен қатар егіншілікті де игерген.
10. Түрік қағанатының құрылуы, құрылымы және саяси тарихы. Түркілердің шығу тегі мәселесі
Түрік қағанаты - Көк түріктердің тайпалық одағы орта ғасырларда (552 - 603 ж. ) басқарған Азиядағы ірі мемлекет. Тарихтағы ең ірі мемлекеттердің бірі. Түркі қағанатының саяси-әскери бірлестік ретінде қалыптасқан мекені - Жетісу деп пайымдалады. Жетісу мен Шығыс Қазақстан жужан мемлекетінің шет аймақтары болатын. Осы аймақтарда орналысқан тайпалар - теле - 492 ж. жужандарға қарсы шығып, тәуелсіз мемлекет құрады. ‘’ Түрік’ этнонимі алғаш рет аталуы Қытай жылнамаларында кездеседі және ол 542 жылға жатады. Қытайлар Түріктерді сюнулердің ( ғұндардың) ұрпақтары деп санаған. Ерте Түркі мемлекеті - Түркі қағанаты 552 жылы құрылды. Оның негізін салған - Бумын қаған 553 жылы қайтыс болады. Бумын өлгеннен кейін таққа оның інісі Қара-Еске отырады, оның бастауымен түріктер жоғары жағында бір жердегі Бұкрат (Мула) тауларында аварларды екінші рет жеңеді. Мұқан қаған (553-572) билік құрған жылдарда Түркі қағанаты Орта Азияда саяси үстемдікке ие болады. Олар Маньчжуриядағы қидандарды, Енисейдегі қырғыздарды бағындырады, Солтүстік Қытайды алым-салық төлеп тұруға мәжбүр етеді. 563-567жж. эфталит патшалығын басып алады. Міне, осыдан кейін олардың жері Каспий теңізінен Солтүстік Индияға дейін және Шығыс Түркістанға дейін созылып жатқан. Бұл жылдары түріктердің батыста жасаған соғыс жорықтары бұлардан да күшті бола түседі. Бұларды Бумынның басқа бір інісі Иштеми бастайды. 552 не 553 жылы батысқа жасалған жорықтардың бірінде Иштеми Бумыньмен бірге болып, «он ұлы жетекшіні (немесе қауым бастығын) басқарды, он түмен әскері болды; ху елін (соғдылықтарды) жуасытуға аттанды және «Он тайпалық» деп атап өзін қағанмын деп жариялады».
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz