Әдеби үдеріс сипаты
Билет 1
1. Әдебиет теориясы немесе теориялық әдебиеттанудың ғылыми пән ретіндегі сипаты.
Әдебиет теориясының ғылым ретінде зерттейтін мәселелеріне тоқталсақ, ол негізінен көркем әдебиеттің өнер ретінде өзіндік ерекшеліктері мен көркемдік- идеялық мәнін, қоғамдық сипатын, даму заңдылықтары мен көркем туындыны бағалау, талдау принциптерін зерттеп анықтайтын ғылым.
Әдебиет теориясы зерттейтін мәселе негізінен үш циклдан тұрады. Олар: 1) қаламгердің өмірдің шындығын образды түрде бейнелеу ерекшелігі; 2) шығарманың әдеби- көркемдік құрылымы; 3) әдеби үдеріс мәселелері.
Жалпы алғанды әдебиет әдебиет теориясы әдебиеттанудың бір саласы, ғылыми пәні болып табылады. Ол көркем әдебиет туралы ғылыми ұғымдар жүйесі негіздеген қорытынды, түйінді мәселелермен айналыса отырып, әдебиеттанудың пәнін, мазмұн мен пішіннің ерекшеліктерін, оның көркем шығармашылықтың басқа түрлері мен және қоғамдық өмірдің басқа салалары мен байланысын, көркем әдебиеттің ішкі түрлері мен тарихи-әдебиүдерістердің түрлерін айқындайды. Осылардың барлығымен әдебиет теориясы, әдебиет туралы ғылымның басқа құрамдас бөлігін қамтамасыз ете отырып, әдебиет тарихы, текстология (мәтінтану), библиография, әдебиеттанудың тарихы мен методологиясы (әдіснама), сонымен бірге ғылымға жататын әдеби- көркем сын сияқты нақты әдеби құбылыстарды салмақты ғылыми зерттеу мен қатаң жүйелеуді іске асырады.
Әдебиет туралы ғылым (әдебиеттану) көп жақты, көп сипатты болып келеді. Оның құрамында екі түрлі сипаты бар ғылыми пәндер бар. Біріншісі дәстүрлі атаумен көмекші (салалар) пәндер болып аталады, бірақ В. В. Прозоровтың айтуы бойынша олар әдебиет ғылымдары салаларының негізі, өміршең сирек салалары болып табылады. Олар: библиография, историография (тарихнама), текстология (мәтінтану). Бұл пәндер бір жағынан қызыметші, көмекші. екінші жағынан базалық (фундаментальды) болып табылады да, әдебиеттануға фактографиялық, эмперикалық сенімділік, күш - қуат береді.
Екінші ғылыми пән әдебиет тарихы - әдебиеттанудың басты саласы (Ю. В. Манн) боп аталады. Әдебиет тарихы байтақ, шексіз тарихи- әдеби фактілірдң нақты зерттей отырып, олардың арасындағы байланысты зерттей отырып, әдебиет туралы ғылымның орталық өзегі болып табылады.
Үшінші ғылыми пән әдебиет теориясы немесе теориялық әдебиеттану деп аталады. Аталмыш пән әдеби өмірдің жалпы заңдылықтарын қарастыра отырып, ең басты кезекте - жазушы шығармашылығымен айналыысады.
2. Орта ғасырлық Шығыстағы формалистік бағыттың өкілдері және олардың еңбектері.
Орта ғасырлық Шығыста әдебиеттану, өнер, музыка жайында әл - Фараби, Ибн Сина арнайы трактаттар жазды. Үш негізден тұратын (ғаруз, ырғақ, фигура)ғаруз өлең құрылысының жүйесі жайлы ілім әдісі көшпенді бәдәуи арабтары поэзиясының негізінде жасалады да, ол туралы алғаш рет Халил ибн - Ахмад арнаулы еңбек жазды. Кейіннен араби ғаруздың ... (кәсірай - ғажаш) елдеріне, соның ішінде Иран елдеріне жацылуына байланысты Ғарузи фарси деген түрі пайда болған. Ғарузи фарсидің алғашқы түрі ХІІ ғасырда жазылғанымен , оның түбегейлі жүйеге түсіріліп, жаңғыртылған нұсқасы парсы тілінде ХV ғасырда Вахид Табризи тарапынан жазылып Джам - и Мухтасар деген атпен таратылды (Вахид Табризи Джам - и Мухтасар Трактат о поэтике. М., 1995 г.)
Ғаруз уәзіні түркі тілді халықтар поэзиясына енуіне байланысты Ғажир ад - дин Мұхаммед Бабырдың Ғаруз риссаласы ( Трактат об арузе М. 1972) деген еңбек жазылады. Ғаруз уәзінің түркі әдебиетінде практикалық жағынан дамытып жетілдіру жолында Ә. Науаи мен З. Бабыр көп еңбек сіңірген.
Жалпы мұсылмандық шығыста көркемөнер саласында мазмұн мен түрдің ара қатынасы туралы аса күрделі мәселеде бір - біріне қарама - қарсы келісімсіз екі бағыттың өріс алғаны тарихтан мәлім. Көне грек философиясының шығыс дүниесіне әрқилы жолдармен таралып танылуы арқылы Аристотель Поэтикасының негізінде әдебиеттану ғылымсының материалистік бағыттағы тенденциясын әл - Фараби, Хорезмдік ғалым әл - Журжани (Белагат ул асрари - көркем сөйлеудің сырлары) бастады. Соңғысы ибн - Халдунның ХІV ғасырдағы формалистік ағымына қарсы бағытта күресі жүргізді.
Ибн - Хатиб, Насреддин Тусси, ибн - Яхия, Казвиний, Замақшайрлар осы формалистік ағымның жетекшілері болатын. Бұлардың негізгі көз - қарастары ірі тарихшы ибн - Халдунның (1333 - 1407) Мұққадимма атты еңбегінде толық көрініс берген. ХV ғасырда формалистік ағымына қарсы үдей түскен күрестің әл - Журжани бағытын практикалық әрі теориялық тұрғыдан дамытқан Ә. Науаи мен Бабыр еңбектері.
3. Роман-эпопеяның жанрлық ерекшелігі.
Роман-эпопея - роман мен эпопеяға тән ерекшеліктерге ие, тарихи процесті ерекше тұтастықпен қамтитын, көп қатпарлы сюжеті бар, көптеген адамдардың тағдыры мен тарихи ауқымдағы оқиғаларды баяндайтын эпикалық шығарманың жанрлық алуан түрі. .
Роман (ХІ -- ХІІ ғасырларда роман тілдерінде жазылған әр түрлі шығармалар) -- күрделі сюжетті, көбіне қара сөзбен, кейде өлеңмен жазылған кең көлемді эпикалық түр. Романда өмір құбылыстары, адамдар арасындағы қарым-қатынастар молынан қамтылған, композициялық күрделі құрылымнан тұрады. Романда лирика мен драма жанрларының сипаттары да кірігіп отырады, әңгіме мен повеске қарағанда онда түрлі оқиғалар жүйесі, сюжеттік желі, қаһармандар қатары кеңірек қамтылады. Роман адамдар тағдырын, замана шындығын суреттеу арқылы дәуір мен қоғамды, салт пен сананы бейнелейді. Романның жекелеген нұсқалары ерте дәуірден белгілі. Дегенмен оның жаңалық сипаттары бертінде қалыптасты, ХVI -- XVIII ғасырларда батыста ақсүйек серілердің бастан кешкендерін суреттейтін романдар дамыды. Бұған испан жазушысы Сервантестің "Дон Кихот", француз жазушысы Лесаждың "Ақсақ шайтан" романдары мысал бола алады. 19 ғасырдан бастап роман жанры биік деңгейде дами түсті. Романның ерекше үлгілерін Францияда Г.Флобер, А.Стендаль, О.Бальзак, Ж.Занд (Ж.Санд), Англияда В.Скотт, Ч.Диккенс, Ресейде А.С. Пушкин, М.Ю. Лермонтов, И.С. Тургенев, Л.Н. Толстой, Ф.М. Достоевский, И.А. Гончаров, АҚШ-та М.Твен, Дж.Лондон, Германияда Т.Манн, Г.Манн, т.б. жасады. Орыс жазушылары Толстой мен Достаевский адам психологиясын, "мінез диалектикасын" ашудың тамаша үлгісін көрсетті. Кеңес заманында М.Горкий, А.Толстой, М.Шолохов, А.Фадеев секілді суреткерлер тудырған романдар әдебиеттің дамуына үлкен ықпал жасады. Қазақ әдебиеттанушысы А.Байтұрсынов "Әдебиет танытқышында" (1926, 2003) романды ұлы әңгіме деп атап, оған "тұрмыс сарынын түптеп, терең қарап әңгімелеп, түгел түрде суреттеп көрсететін шығармаларды" жатқызады. Ол "Ұлы әңгіме өңшең үлкен уақиғалардан болмай, ұсақ істерден де өнеге көрсетуге тырысады, оны жазушы көркем сөздің әуезе, толғау, айтыс -- барша түрін де жұмсайды. Ұлы әңгіме жазуға үлкен шеберлік керек" деп атап көрсетеді. Қазақ әдебиетінде М.Дулатовтың "Бақытсыз Жамал", Т.Жомартбаевтың "Қыз көрелік", С.Көбеевтің "Қалың мал", С.Торайғыровтың "Қамар сұлу" шығармаларынан бастау алған бұл жанр жан-жақты дамыды. Қазақ романын көркейтуде М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, Х.Есенжанов, Ә.Нұрпейісов, І.Есенберлин, Т.Ахтанов, М.Мағауин, т.б. жазушылардың еңбектерін атап айтуға болады. Қазіргі қазақ әдебиетінде романның психологиялық, тарихи, биографиялық, публицистикалық, т.б. түрлері қалыптасқан. Роман-эпопеялар жанр дамуының кең мүмкіндіктерін танытты. Әуезовтің "Абай жолы" эпопеясы әлемдік даңққа ие болды, ол қазақ әдебиетінің биік идеялық-көркемдік жетістігі саналады.
4. Модернизм өнері және реализм.
Модернизм (бұл жерге декаданс, экспрессионизм, экзистенциализмді қосамыз) адамның және құндылығын романтикалық асқақтанумен байланысты болып келіп, жеке тұлғаның қоғамнан толық қол үзуін, оған мүлде әртекті болмыс пен субстанцияны қарсы қою сипатын көрсетеді. Бұл көркемдік жүйенің нақты түпкі негізі тұлғаның әлеуметтік жатсынуы болып келіп, ол ХХ ғасырда әсіресе тоталитарлық жүйесі бар елдерде шектес шиеленісті сипатта, өткір түрде көрініс тапты. Бұл тұрғыда модернизм мәні тұлғаның көркемдік-шығармашылық өзектілік сипаты мен ортаны әлеуметтік жатсынуын белгілі тұрғыда асқақтатуымен танылады. Осы негізде модернизм әдебиеті көптеген шынайы көркемдік құндылықтар туғызды.
Модернизмнің мазмұндық мәні экспрессионизм және экзистенциализм әдебиеттерінде әжептеуір, айқын түрде көрінеді.
Экспрессионализмде әлем заттар, оқиғалар, идеялардың хаостық бейберекеттілігі сипатында көрініп және осылардың ортасында жалғыз қалған дара тұлғаның өз тағдыры үшін үнемі қорқыныш сезім күйінде болуы суреттеледі. Мұның жарқын үлгісі - Ф.Кафка шығармашылығы. Оның шешуші романы Процессте дуал қоқысында сот үнемі мәжіліс құрып, сот істеріне ешбір қатысы жоқ, бірақ бірдеңе үшін жауап беруі тиіс адамның үстінен сот істерін (процессін) жүргізеді. Қоғамда адам жатсынуының шектен тыс күйін образды түрде мүмкіндігінше Превращение (Құбылу) әңгімесінде берілген. Онда да кейіпкер, тәртіпті коллективтер, отбасының қамқор мүшесі, шешуі сәттерде күтпеген жерден өзінен жәндікке тән ерекше белгілерді байқап, жәндікке ұқсас тіршілікке айналады. Енді өзі бір кезде толығымен берілген, сенген ортасы одан кері айналып, оған мүлде жат, жау күйде көрініс береді. Грегор Замзаның жәндіктектес тіршілікке айналуы адам мен қоғамның модернистік тұжырымдамасын берудегі, жеткізудегі гротескінің әрқилылығын сипаттайды.
Экзистенциялық әдебиетте қоғам қатаң, өктем жүйе ретінде, адам даралығына (еркіндігіне), оның жеке тіршілігіне мүлдем жат күйде көрініс табады. Жеке тұлға өзінің тән болмысын сақтау үшін, өзін белгілі бір рөлді иеленіп, соны ойнайды.
Өзінің экзистенциалдық философиясына көркем параллель болып келетін Сартр шығармашылығында, қаһарман шешуші сәттерде мүлдем еркін тіршілігін ашық білдіреді.
Талантты неміс жазушысы, экзистенциалист Г.Носсактың Спираль романындағы түрмеге кесілген қаһарман, өзін үлгілі тәртібі үшін түрмеден босататынын қорқынышты күйде қарсы алады. Рақымшылық оған ешқандай қуаныш әкелмейді. Түрме ол үшін нағыз рақат (идеалды) жағдай болып есептеледі. Сыртқы жағдайлар - жалпы роман қаһарманы үшін соншалық маңыз ойнамайды. Бұл - жеке тұлғаның ешкім қол жетпейтін шынайы әлемін жасырған қабық немесе жай орама, бүркеме ғана. Бұл бүркеме берік, сенімді болған сайын, өзінің жабық, ішкі әлеміндегі адамда өзін тым тыныш сезінетін болады.
Реализм романтизмнен тұлға құндылығын тікелей, ашық мұраға ала тұрса да, тұлғаны романтизмге қарағанда шырқау биікке көтермей, басқа сапалық қасиетте, оны қоршаған өмірлік жағдайлармен қатынасында алып қарастырады. Әдебиеттегі Жюльен Сорель мен Растиньяк, Татьяна Ларина, Анна Конренинағ Андрей Балконский, Григорий Мелехов, Құнанбай, Абай, Бүркіт пен Бәтес, Игілік, Есеней, Еламан, Тәңірберген сияқты шынайы характерлардың көркемдік тамыры романтизмде жатыр. Алайда, қоршаған ортаны толық жатсынған, бөлектенген, одан өзін еркін, тәуелсіз ұстайтын романтикалық қаһармандарға қарағанда, реалистік әдебиеттің қаһармандары белгілі бір орынға, уақыт пен ортаға берік орнығып, характерлар басқа тұлғалар мен өз уақытының қоғамы мен өз халқымен қарым-қатынасында дара қайталанбайтын қасиеттерімен көзге түседі. Олар өз дәуірінің қаһармандары, әкелер мен балалар, ескі мен жаңа, бірдеңенің қарсаңы, оларға бірдеңе істеу қажет.
Реализмнің өзіне дейінгі өнермен салыстырғандағы маңызды ерекшелігі - өмірдің дара құбылысын жалпы мәнге, реалды шектеуліні - көркемдік шексіздікке айналдыру сипатында жатыр. Әмбебаптық (универсализм) өнерде бұл мәселе нақтылықты жалпылыққа теңестіру, балау арқылы жүзеге асады, немесе өмірдің жалпы, тектік мазмұны тікелей, тура алынып, беріледі. (мысалға, Гаргантюа мен Пантагрюель - адамзат тегінің гуманистік бастауларын білдіреді, Ромео мен Джулиетта, Қозы мен Баян - табиғи махаббат, сүйіспеншілік сезімдерін білдіреді). Романтизмде нақты мазмұн жалпылық мәніне осы нақтылық қайталанбайтын даралық сипатында, жеке ерекшелік биік құндылықтар түрінде көрініс беріп және өзіне тегіс әлемді сыйғызғанда жетеді. ХІХ-ХХ ғасырлардағы реализм әмбебаптық пен романтизмнің көркемдік шексіздігі өмір сүретін біржақтылықтан бас тартып, нақтылықты жалпы мәнге айналдырудағы көркемдік тұғырдың нақтылы-тарихи шындығын өзінің негізгі ұстанымы ретінде жариялады. Бұл бүкіл көркемдік - шығармашылық үдерісті өте күрделендірді және сапалық тұрғыда өзгертті.
Реализм нақтылы - тарихи мазмұнның дара өзіндік құндылығын міндетті түрде дара, аяқталған күйінде сақтап, ал бұл мазмұнға жеке адам тұлғасының түгел қоғам өмірімен нақтылы-тарихи байланысын шығармашылық тұрғыда игеру арқылы жалпы мән дарытады. Ал бұл өте қиын және әрқашан да жаңа мәселелер туғызады. Ол нақтылы - тарихи даралықты оның қоршаған ортасымен байланыста алып, жай ғана көрсету емес, осы байланысты адамның дара тағдырын жалпы адамзат тағдырымен тарихи мүмкін байланысын игеру арқылы көрсету болып табылады.
ХІХ-ХХ ғасырдағы реализмнің барлық тарихы көркемдік тұрғыда осы мәселені елеулі түрде шығармашылықпен шешу тарихы болып табылады. Реализмнің ішкі түрлері, ішкі құрылымы, типі, жекелеген пенделер тағдырын, жалпы адамзаттың мәңгілік тағдырымен шынайы нақтылы-тарихи байланысын қандай тұрғыда және қаншалықты сәтті игергеніне байланысты сипатталады.
ХІХ ғасырдағы реализмнің көркемдік-шығармашылық ұстанымдары эпикалық әдебиеттің шығармаларында көбірек көрініс табады. Мұнда қаһарман характері адамның қоғамға, жеке өмірге алғашқы қадамдарынан бастап, ашылады. Бұған мысалға алғашқы реалистік туынды - Стендалдың Қызыл мен қара романын атауға болады.
Реализм туралы сөзімізді академик З.Қабдоловтың әдіс туралы айтқан мына тұжырымымен түйіндесек: Ал, реализм (латынша realіs - затты, нақты) - шындықты шынайылау әдісі. Адамның өзін-өзіне таныту, сайып келгенде, одан да әрі төмендеп барып, алдымен халықтың өзін-өзіне таныту, содан соң сол халықты өзгеге, яки әлемге - адамзатқа таныту жолы. Адам мен қоғам, қоғам мен заман арақатынастарын барлық бірлігімен және қарама-қарсылығымен жан-жақты суреттеу арқылы көркем образдар, типтер, сомтұлғалар жасау тәсілі
5. Интуитивизм мектебі.
Көркем әдебиетті зерттеуге байланысты Батыс Еуропада әдебиеттанудың бірнеше зерттеу мектептері қалыптасқан:
1)Филологиялық мектеп.
2) Биографиялық мектеп.
3)Психологиялық мектеп.
4)Психоаналитикалық мектеп.
5)Интуитивизм мектебі. Көркем шығарманы соқыр сезімнің жемісі деп, парасаттылықты, тәжірбиені жоққа шығарады, жазушыға өмірдің ешқандай әсер - ықпалы жүрмейді деп біледі. Өкілдері: А. Бергсон, Бенелетто Кроче, В. Дельтей - батыс Еуропа, Ю. И. Айхенвальд, М. Гершензон, А. М. Евиахов - Ресей.
XX- ғасыр басыңда әдебиеттануда Интуитивизм танымал болды. Оның негізін қалаушы француз Анри Бергсон (1895-1941 жж.) Естелік және материя, Шығармашылық эволюция, Күлкі атты еңбектерінде адамның ақыл-ойы практикалық қызметте, эстетикалық танымын тек сезім арқылы ғана пайдаланады деп жазды. Эстетикалық сезім өмірдің ойы, біртұтас қозғалыс, оларды бір-бірімен байланыстыра отырып және оларға мағына бере отырып, сызықтарда жүреді. Ол таным процесіне әсер етеді, заттардың ішкі мағынасын ашады және көркем шығармашылық туындатады.
А. Бергсонның пікірінше, интуиция шығармашылық бастауынан айырылған инстинкт пен зиялыларға негізделген. Интуиция - танымның үшінші түрі, ол инстинктпен тығыз байланысты, сана-сезімсіздікке тартылады, абсолюттік танымға қабілетті, интеллект үстінен көтеріліп, оның шегін жоя алады.
6)Мәдени - тарихи мектеп.
7)Тарихи - салыстырмалы мектеп.
8)Формальдық тәсіл.
9)Социологиялық мектеп.
Билет 2
1. ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Әдебиет тарихының ғылыми пән ретіндегі сипаты.

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

2. Г.В.Гегель эстетикасының сипаты.
Әсемдік теориясы XVIII - XIX ғ.ғ. шегінде Германияда түбірлі жүйелеуге түсіп, жаңартылған. Әсемдіктің заттық мазмұны мен пішініне қатысты үйлесімділігі мәселесіқызу талқыға түсті. Оны шешудің екі түрлі тенденциясы айқындалды. Гегель ежелгі және ортағасырлық эстетика дәстүрлерін басшылыққа ала отырып сұлулық пен шындық дегеніміз бір нәрсе, әсемдік дегеніміз - идеяның сезімдік көрінісі, былайша айтқанда әлдебір рухани болмыс: болмыстың сезімдік тұрғыда орын алуы бұл жерде, руханилықпен көмкерілген деп тұжырымдады.
Кант Гегельге дейінгі бірнеше онжылдықтарда басқаша тұжырымдады. Оның көзқарасы бойынша сұлулық затқа міндетті түрде оның пішіні арқылы беріледі. Ол белгілі бір бірліктегі көптүрліліктің үйлесімі ретінде көрініс табады. Затқа әсемдік тұрғыда қабылдану үшін тартымдылық та, әсерлілік те, кемелділік те қажет емес, бірақ қатаң пішінді реттілік, сыртқы пропорция, симетрия қажет. Еркін сұлулықтың таза үлгілері ретінде философ гүлдерді, құстарды, молюскаларды атайды. Адамдар сұлулығы жеңіп серіктес ретінде аталып қалады. Кейінірек Гегель мен Канттың әсемдік туралы ілімін мазмұн эстетикасы және пішін эстетикасы деп атайтын болды.
3. ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Көркем образды танудағы субъективті-шығармашылық сипат.
Көркем образ - өте күрделі ұғым. Күрделі дейтін себебіміз - образ ұғымында: 1) объективті - танымдық және 2) субъективті-шығармашылық сипаттардың бірдей ұштасып келуіне байланысты.
1.Негізінде образдың ерекшелігін екі мәселеге, яғни нақты шындық пен ойлау үрдісіне қатысты қарастыру дәстүрі қалыптасқан. Соған сәйкес, образдың объективті-танымдық сипаттары 2 түрлі жағдайға байланысты анықталады.
а)Образ көркемдік шындыққа тән болғанымен, өмірлік шындық негізінде жасалатындықтан, ақиқат өмірдегі кеңістік, уақыт, қоғам,заттар мен құбылыстардан алшақ кете алмайды. Сондай-ақ образ ақиқат болмыспен біте қайнасып кетуге де тиіс емес. Оның сыры - образдың өмір сүру ортасына қатысты. Нақтылай түсер болсақ, образ ақиқат өмірден бастау алғанымен, көптеген шарттылықтар арқылы одан ажырап, көркем туындыдағы қиялдан туған әлемге көшеді.
ә)Образ - шығармашылық ой жемісі. Сондықтан ойлау үрдісіне тән сипаттарға (елестету, қиялдау, болжау т.б.) образ да ие болады. Яғни образ тек қана ақиқатты суреттеп берумен шектелмейді. Өмір шындығын жинақтай отырып, жекелеген оқиғаларды, құбылыстарды бейнелей отырып, адам баласын толғандырып келе жатқан мәңгілік сауалдардың мәніне де үңіледі. Бұл тұста ескеретін бір жайт - образдың абстрактілі ұғымдар қатарына жатпайтыны.Образ - нақты ұғым.Қандай құбылысқа негізделсе де, образ ол құбылысты дерексіз, тиянақсыз әлденелерге бөлшектемей, керісінше, оның тұтастығын, өзіндік бітімін сақтап қалады. Сезімдік қабылдау мен қорытылған ойдың бірлігінен туындайтын танымдық қасиеті әдеби образ көркемдігінің бірден-бір дара сипаты бола алмайды. Себебі - образдың танымдық мән иеленуі өзге өнер түрлерінде де кездеседі. Мысалы: публицистикалық, теориялық, бейнелік т.б.образдар. (Ахметов К. Әдебиеттануға кіріспе).
Олай болса, образдың субъективті-шығармашылық сипаты деген мәселеге үңіліп көрейік.
2.Образдың көркемдік қасиеті өмір шындығын өзінше танып, ойда қорытып, бейнелеп берумен шектелмейді. Сонымен бірге образ көркемдігі ойдан шығарылған жаңа дүние болуымен де айқындалады. Образға жүктелетін жаңалық, сонылық қасиеті оның шығармашылық табиғатынан туындайды. Образдың танымдық сипаты сияқты, бұл мәселені де екі түрлі жағдаймен сабақтастыра қарастыруға болады.
а)Көркем образ - адам баласының шексіз рухани сұранысы мен тілек-талабына орай дүниені жаңғартуға, жасампаз жаңа идеалға құштарлығынан туындайтын ой-қиял жемісі. Сондықтан да образ бойында ақиқат өмірдегі объективті бейнелермен қоса, қаламгердің субъективті сезімінен өрбитін құбылыстар да қамтылуы ықтимал. Соған сәйкес көркем образда өмір шындығынан алынған нәрселермен қатар, аңсау-тілекпен, қиялдан туған нәрселер де кездесе беруі - заңдылық.
ә)Таза қиялдан туған психикалық бейнелерден көркем образдың айырмашылығы бар. Бұл айырмашылық оның түпкі негізінде жатыр. Ал образдың түп негізі - өмірлік шындық. Яғни көркем образда өмірдегі нақты зат (бояу, дыбыс, сөз, т.б.) шығармашылықпен өңделіп, нәтижесінде әрі жаңа, әрі дара дүние (ән-күй, картина, роман-әңгіме, т.б.) жасалады да, келесі кезекте ақиқат өмірдегі өзге де заттар арасынан өз орнын алады. Демек, образды жасайтын материалдар өмірден алынады да, басқа пішін иеленіп, сол өмірге қайта оралады. Осыдан келіп образға тән ішкі қозғалыс үлгісін бейнелеуге болады:
Өмірлік шындық-- сезімдік қабылдау -- саналы түрде жинақтап, қорыту -- ойдан шығарылған көркемдік шындық -- көркемдік шындықты өзгелердің қабылдауы.
Образдың ішкі қозғалысы 2 жақты айналым арқылы көрінеді. 1)Танымдық үрдісте шындық өмірден қиялдағы өмірге көшеді де, 2)шығармашылық үрдісте қиялдағы өмірден шындық өмірге оралады.
Жалпы алғанда, образдың бітімі де, құрамы да алуан сипатты. Көркем образ объективтілік пен субъективтіліктің, қисынды мен қисынсыдың, жалпы мен жалқының, шындық пен қиялдың, қысқасы бір-бірімен мүлде қабыспайтын нәрселердің сипаттарын өз бойына үйлесімді түрде жинақтай алады
4. ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Рухани-биографиялық тақырып. Авторлық таным феномені.
Мәңгілік (әмбебаптық) және ұлттық-тарихи тақырыптармен қатар өнерде қайталанбайтын жеке, автордың жеке өз тәжірибесінен туындайтын рухани-биографиялық тақырыптарда кездеседі. Бұл ретте көркем шығармашылық өзін-өзі тану үдерісінде бой көрсетеді. Өнердің мұндай тақырып-экзистенциальды (лат.existentіо - тіршілік ету) сипатта көрінеді.
Мұндай сипат ортағасырлық Қасиетті Августиннің Өсиетнамасында, А.Дантенің Құдіретті комедия, Ж.Ж.Руссоның Өсиетнамасы мен Л.Н.Толстойдың ертеректегі трилогиясында көрініс тапты. Бұл авторлық жеке таным.
Өмір шындығын, ақиқат өмірді автор өз ой елегінен, жүрек дірілі мен көңіл сүзгісінен өткізіп барып, белгілі бір көркемдік пайымдау мен образдық әлем туғызу керек. Суреткердің ой толғамы мен рефлекциясы оның өмірді өзіндік пайымдауы мен жеке эмпирикалық тәжірибесіне сүйенеді. Мұндай авторлық өзіндік таным әсіресе поэзиялық шығармаларда ерекше жарқырай көрінеді. Көркемдік өзіндік таным автор экзистенциясында көрініс тауып, әсіресе автопсихологиялық лирикада басымдылық танытады. Көркем шығармалардағы өмір шындығына деген өзіндік таным мен пайым экзистенциялық көңіл-күйлер арқылы көрініс табады. Бұл экзистенциялық көңіл-күй ХХ ғасыр басындағы иррациональдық философияның бір ағымы экзистенциализм (тіршілік ету философиясы) философиясының дүниетанымы мен үйлесімділік табады. Осы ағымның негізгі өкілдері тек қана философ емес, жазушы, суреткерлер болды. Мысалға айтсақ, экзистенциализмнің негізгі өкілдері: Н.Бердияв (1874-1948 ж.ж.), Л.И.Шестов (1866-1938 ж.ж.), К.Ясперс (1883-1969), М.Хайдеггер (1889-1976 ж.ж.), Ж.П.Сортр (1905-1980ж.ж.), А.Камю (1913-1960 ж.ж), Г.Морсель (1889-1976 ж.ж) т.б. ірі суреткерлер еді.
5. Формальдық мектеп.
Формальдық мектеп. Әдебиеттің ерекшеліктерін тек пішін төңірегінен іздестіреді. Субьективті идеолизмге сүйеніп, Көркемөнедің реалды өмірге, қоғамға, суреткердің дүниетанымына тәуелді екендігін мойындамайды. Әдебиетті пішін тұрғысынан жетілдіру, құбылту деп ұғынады.
Кейбір формалистер (В.М. Жирмунский) нақтылы зерттеулер барысында әдебиеттің мазмұндылығын мойындамайды. Структурализм - формализмнің ерекше бір түрі. Батыс структурализмі (Р. Якобсен) Кеңес структуралистері (Ю. Лопман).
3-билет
1. Классицизм эстетикасындағы Н.Буалоның Поэтикалық өнер трактататының мәні.
ХVІІ)туған Н. Буалоның Поэтикалық өнер атты еңбегі классицизм эстетикасының теориялық негізі болып табылады. Дидро мен Лессинг классицизм принциптерін сынап, өнердің түсініктілігі, шынайлығы, гуманизмі үшін күреседі.
2. Көркем образдың нақтылық және жапылық сипаттары.
Өмір шындығын бейнелеп отырған көркем шығарманы оқығанда, нақты өмір шындығының белгілі бір көріністері, үзіктері, характерлар сипаты, образдар болмысы көрінеді . Барлық шындық кәдімгі өмірдегідей, тірі, жанды сипаты болып келеді. Адамдар мінезі, тартысы өмірдегіден аумайды. Рас, өмірдің өзін дәлме - дәл ала салған исяқты көрінеді.
Бірақ біз автордың кез - келген бір өмір суретін ала салмағанын сезіне бермейміз. Бұл жерде үлкен шығармашылық жинақтау жатыр. Бір қарағанда дәл өмірдің өзінен ала салған сияқты көрінетін белгілі бір өмір үзігі, көрінісі шығарманың тура мазмұны болып саналады. Осы тура мазмұн шығарманың нақтылық сипатын анықтайды. Шығарманың тура мазмұны- характерлар болмысы; образдар жүйесі арқылы шығарманың пішіндес сипатын құрайды.
Шығармада автор осы өмір көрінісінтерін, нақты өмір үзік, адамдар, характерлар, образдар тағдырын шығармашылық тұрғыдан жинақтайды. Шығарманың осы сипатын оның идеялық мазмұны дейміз. Ол шығарманың тақырыптық - идеялық өзегін құра отырып, оның мазмұндық сипатын құрайды. Бұл сипатта шығарманың жалпылық сипаты көрінеді.
2. ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Дәстүрлі әдебиеттанудағы мазмұн мен пішін. Оған қазіргі көзқарас
Мазмұн мен пішін ең алдымен философиялық категория, сосын тарихи категория. Бірақ қажеті көркем әдебиеттегі пішін мен мазмұн. Әдеби тұрғыдағы мазмұн дегеніміз - көркем шығармадағы суреткер таныған ақиқат шындық өмір болса, ал пішін дегеніміз - суреткер таныған ақиқат шындық өмірді көркем бейнелейтін - образдар жүйесі болып табылады.
Көркем мазмұн - екі компоненттен: тақырып пен идеядан тұрады. Пішін: образдар жүйесі, композиция мен сюжет, көркем шығарма тілі, өлең құрылысы, әдеби жанрлар сияқты компоненттерден тұрады.
Мазмұн мен пішін бірінен-бірі ажырағысыз, диалектикалық тұтастықтағы егіз ұғымдар. Зерттеушілер мазмұнның пішінге қарағанда басымдығын, мазмұнның пішінге прилат екенін айтады. (Абайдың іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын еске түсірелік).
Көркем шығармадағы пішін мен мазмұн өте нәзік тұтастықта бір-біріне кірігіп, астасып кеткен. Олар үнемі біріне-бірі іштей айналып отырады. Енді осыларға шартты түрде анықтама бере кетсек:
Пішін дегеніміз - көркем шығармадағы характер, ал мазмұн дегеніміз - көркем шығарманың идеялық-тақырыптық негізі.
4. Әдеби шығармадағы композиция қызметі
Компазиция термині латынның companere етістігінен туындап, жасау, құрастыру ұғымдарын береді. Компазиция сөзін әдеби шығармашылық туындыларына қатысты қолданғанда, онымен конструкция, диспозиция, кампоновка, құрылым, жоспар синонимдес болады.
Компазиция көркем туындының бірлігі мен тұтастығын қамтамасыз етеді. П. В. Палиевский былай деп тұжырымдайды: Бұл шығарманың тәртіпке келтіруші күші мен ұйымдастырушы. Оған ештеңе сыртқа шықпайтындай, барлығы тұтастыққа ұмтылу, шоғырлану жүктеледі. Оның мақсаты - идеяны толық білдіру үшін барлық бөліктерді орнына қою.
5. Сюжеттегі перипетия
Перипетия -кейіпкерлердің тағдырындағы күрт өзгеріс, оқиғалардың жақсыдан жаманға немесе жаманнан жақсылыққа кенеттен өзгеруі.
Перипетия сюжеттің дамуының негізі ретінде ежелгі гректерге белгілі болды, сондықтан бұл анықтама феодализмнен үлкен. Бененің ескертпесі: онсыз да жақсы жағдайдың жақсаруы және онсыз да жаман жағдайдың нашарлауы перептия емес. Егер бұл өзгеріспен салыстырғанда, жақсы жағдай жаман болып көрінсе және бастапқыда жаман болса, тіпті ештеңе болмайды. Мысалы, егер кейіпкер түрмеде отырса, онда соңына дейін жетіп, бостандыққа шығу -- бұл перепетия емес, бірақ қашу -- бұл енді перепетия. Басқа камераға аудару-бұл перепетия емес[1], бірақ орындау -- перепетия.
Оқиға толыққанды перепетия болуы үшін ол бірқатар шарттарға сәйкес келуі керек: "шындық ("өзгеріс, мысалы, кейіпкердің түсінде емес, жалған баяндау әлемінде болуы керек"); өзектілік; тиімділік; болжау мүмкін ;стігі; қайтымсыздық ("оқиға жаңа күйді жою мүмкін болмаған кезде ғана болады"); қайталанбау; тергеу. Өзгеріс субъектінің ойлауы мен іс-әрекетіндегі салдарға әкелуі керек "
1) әдеби туынды кейіпкерінің тағдырындағы төңкеріс, кездейсоқ өзгеріс; 2) біреудің өмірі, белгілі бір жағдайда кенеттен өзгеріс, қиындық.
4-билет
1. Көркем образдың танымдық, эстетикалық, философиялық мәні.
Классикалық эстетика және қазіргі заманғы өнер теориктерінің еңбектеріне сүйене отырып,көркем шығармашылықтың үш маңызды және органикалық тұрғыда өзара байланысты аспектілерін айқындаймыз.Олар:эстетикалық,танымд ық және бақылаушылық(дұрысы - авторлық аубьективтілік аспектісі).
Өнер бәрінен бұрын эстетикалық құбылысқа жатады.Оның аясына эстетикалық тұрғыда қабылданатын,адамның шығармашылық ынтасы мен қабілеті арқасында дүниеге келетін өнер туындылары жатады.
Эстетикалық сөзінің әу бастағы мағынасы (ескігрек)-сезімдік (көру және есту) қабылдау дегенге салды.Соңғы ғасырдың өн бойында бұл адамның шындықты игерудегі ерекше эмационалды - бағалаушылық қызметін атайтын болды.Шындықты игерудегі адамдардың эстетикалық қызметі, іс-әрекеті жекелеген заттар мен құбылыстарды ой сарайына сала отырып әлдененің біткендігіне,аяқталғандығына,тұтаст ығына қатысты танылады. Бәріненде қабылдаудаға осы тұтастық адамдардың шындықты эстетикалық тұрғыдағы игеруінің басты күші,негізі қайнар-көздері болып табылады.
Тұтастық (немесе бүтіндік) негіз болмысын кемелділік, аяқталғандық, жеке даралық толықтық күйін білдіреді. Тұтастық, нысанның оймен қабылдауды іске асыратын мүмкіндік күйін білдіреді- деп жазады В.И.Тюпа. Тұтастық қамын иеленген заттың әрбір бөлігінде оның бірлігінің таңбасы, сипаты жатады. Бұл бірлік әрбір элементтің, әрбір тізбектің қажеттілігін сездіреді. Ол максимальды тұрғыда тәртіпке түскен және аяқталған(немесе солай қабылданған) оған артық ештеңені қоса алмайсың,ала алмайсың, бір нәрсені бүлдіріп алмай, ешнәрсені өзгерте де алмайсың.
Жекелеген заттардың тұтастық (бүтіндік) күйіне негізделген эстетикалық толғаныс моральдық және утиметарлық бағалаулардан түбірімен өзгеше болып келеді. Ол сонымен қатар нысаны болмыстың жоғары күштері болып табылатын діни сезімдерін, тікелей қабылдауға келе бермейтін заттарды , құбылыстарды, тіршілікті анаментикалық тұрғыда (ақыл-оймен) бөлшектейтін ғылыми танымнан да өзгеше болып келеді.
Ең маңызды, көзге түсерлік, ауқымды эстетикалық толғаныс пайымдаушылық және бір мезгілде танымдық сипат иеленеді. Заттарды эстетикалық тұрғыда қабылдау барысында, біз тікелей сезім күші арқылы ( логикалық тәсілдерге жүгінбей - ақ) оның біз үшін мәні мен болмысын айқындаймыз. А.Ф.Лосевтің пайымы бойынша эстетикалық дегеніміз міндетті түрде сырттан берілетін заттардың ішкі өмірі, құбылысы, мақсатсыз тамашалауға, қызықтауға орын бере отырып, толғаныстық тұрғыдағы құндылыққа ие болады.
Эстетикалық бөлінбейтін обьективті (заттық)және аубьективті (эмоционалдық) екі аспектіге ие. Ол өзін қабылдайтын заттардың қасиеті және қабылдаушы сана белгілерінің өзара біріккен іс-әрекеті, қимылы ретінде танытады. Былайша айтқанда эстетикалылық аясында ерекше сипаттағы көңіл - күй, сезім- толғаныстарымен қатар, заттардың белгілі бір қасиеттерінің обьективті алғышарттары да орын алады.
Эстетикалық ұғымы мен терминінің тарихына тоқтала кетейік. XVIII ғасырдың ортасында эстетикалық арнаулы ғылыми - философиялық пән - эстетиканың нысанына айналды. Оның негізін қалаушы, неміс философы А. Баумартен латын тілінде шыққан екі томдық Эстетика (1750,1758) трактатында эстетиканы логикалық танымға қарама - қарсы сезімді танымның кемелділігі түзбасындағы ілім ретінде сипаттама береді. Сонымен қатар оны әсемдік туралы ғылым ретінде таниды. Бірақ эстетикалық ой Еуропада және Шығыста антикалық және ежелгі дәуірлерден үзілмей келе жатыр. Эстетикалық эмоцияның заттық алғышарттарын түсіндіру, таныту тәжірибесі ретіндегі көптеген әсемдік туралы ілімдер қалыптасты.
Көркем өнерді , көркем образ табиғатын танытатын әсемдік туралы ілімде эстетикалық категориялардың орны ерекше. Олар: әсемдік,асқақтық, трагедиялық, комедиялық, эстетикалық мұрат.
2)Әсемдік философиялық- эстетикалық категория тұрғысында Ежелгі Грецияда қалыптасып үлгерген.
Әсемдік категориясы Платон мен Аристотель ілімінен әл-Фараби мен ибн- Сина көзқарастарынан Гегель мен Кант, Владимир Соловьев пайымдауларында зат пен оның келбетіндегі соншалықты бір әмбебаптық болмыс және сөзжоқ шексіз позитивтілік ұғынылады. Әсемдік заттың құрылымдық көрінісіндегі бір ізгілік сипатында көрініс тауып, идеяның сезімдік көрінісі ретінде танылды.
Әсемдіктің болмыстық (онтологиялық) негізі әрқалай түсіндіріледі.Аристотельдің ұғымына сұлулық бәрінен бұрын- айқындық, үйлесімділік, тәртіп. Кейінгі дәуірлерде бұл түсінік гормония мен симметрия, тепе - теңдік пен тыныштық ұғымдарымен астасып жатты.
Көз жауын алар ғимараттар мен әсем картина , таңдай қақтырар поэзиядағы сұлу суреттер мен бейнелеулер көркем өнердегі әсемдік категориясының жарқын сипаты, айқын болмысы болып табылады.
Қыз Жібектің ақтығы,
Наурыздың ақша қарындай
Ақ бетінің қызылы
Ақ тауықтың қанындай,
2. Әдебиет теориясының эстетика, өнер теориясы, философия, тіл білімі т.б. ғылымдармен байланысы.

3. Г.В.Плехановтың әдеби-эстетикалық көзқарасы.
Жауабы жоқ
4. Абай дәстүрі және оның қазақ поэзиясындағы жалғастығы.
Жауабы жоқ
5. Биографиялық мектеп.
Биографиялық мектеп. Жазушы өмірбаянын оның шығармашылығының бірден - бір қайнар көзі деп есептеп, өмірбаянға шектен тыс мән береді. Көркем шығарманың өнер туындысы ретінде өмірбаяндық материалдан әлдеқайда бай әрі жоғары тұратынын түсінбейді. Өкілдері Ш. О. Сент - Бев, Г. Брандес.
Билет 5
1.Классикалық әдеби типтер және олардың қоғамдық-әлеуметтік негіздері, көркемдік-танымдық маңызы.
Көркем шығармадағы ауқымды образ - тип. Тип сөзінің үш түрлі мән - мағынасы бар. Бірінші мағынасы - типті (орысшасы - типовой). Мағынасы - белгілі бір қалып, үлгі. Екінші мағынасы - типтік, (орысшасы - типичный). Бұл - әдеби образға қатысты ұғым. Үшінші мағынасы - типологиялық (орысшасы - типичный).
Біз осы сөздің үшінші мағынасына тоқтала кетейік. Типология ұғымы типтік ұғымына жақындау. Өнердегі типологиялық образ ғылымдағы типологиялық тәсілге ұқсас. Ғылымдағы типологиялық тәсіл ұқсас құбылыстардың ортақ белгісін, сипатын анықтайды. Мысалға АВС-- АВС--АВС болса оның ортақ сипаты АВС болады.
Өнердегі типологиялық образда тұспал, ишара, айтпай кету, шифр тәсілдері қолданылады. Сонымен бірге мұнда өмірдегідей нақтылықтура өмірдегідей әсер (эффект присутствий) және шарттылық жатсыну әсері (эффект очуждений) бар. ХVІІІ - ХІХ ғ.ғ. әдебиетте көптеген қаламгерлер өз шығармаларын оқырмандарды тарту үшін нақтылыққа тура өмірдегідей әсер құрды. Бұл өзінше - әдеби тәсіл болатын. Мысалға Л. Н. Толстойдың Соғыс және бейбітшілігіндей Бородино ұрысының көп көріністері нақты тарихи зерттеу, құжат сияқты сипат алады. Бұл әдеби тәсіл. Әдебиет кемелденген кезде шарттылық ( жатсыну әсері) тәсілі басым болды.
Типологиялық образ - ғылым мен өнердің арасында тұрған образ. Б. Брехтың Мысты сатып алу пьесасы мен Т. М. ЗещеніңКүн шығарда новеллалар жинағы эстетика туралы трактат па әлде психологиялық зерттеу ме айыру қиын. Ерте дүниедей сфинкстер, пазырлық қорғанынан табылған бұғының алтын пластинкасы типологиялық образдың жарқын үлгісі болып табылады.
Типтік образға келетін болсақ бұл әлемдік әдебиетте кеңінен орын алған образ. Типтік образ - адам өмірінің жан - жақты, кеңінен қамтылған образы. Оның бойында қоғамдық - әлеуметтік болмыстың жинақталған сипаты бар. Ол сол болмыстың, құбылыстық баламалық сипатына ие. Әлемдік және қазақ әдебиетінде типтік образдардың көптеген тамаша үлгісі бар.
Қоғам қатынасындағы және адам баласының психологиясындағы ең ерекше, ең керекті деген нәрселерді әр жазушы өзінің таптық тұрғысынан қарап, әр түрлі түсінеді. Міне, көркем типтердің әр түрлі болып жасалуының негізі осында. Дүни жүзі әдебиетінде кездестіретін әр түрлі типтеріміз де осыдан келіп шығады.
Әдебиетте адам бейнесін жасаудың амалы алуан түрлі. Ол сөздегі суретпен ғана бітпейді, көркем бейне жасауға қажет өмірлік материалдарды жинақтаудан әдеби тұлғаны даралауға дейін барады.
Типтік образ жасаудың осы шарттарының бәрі, түптеп келгенде, көркем әдебиетте ақиқат шындықтың ең негізгі заңдылықтарын көрсету үшін керек. Мәселен, әдебиеттегі бір байдың образы өмірдегі бірнеше байдың, бір кедейдің образы бірнеше кедейдің ең елеулі ерекшеліктерінен құралады да, тип болады. Сол арқылы ақиқат шындықтағы байлар ортасы мен кедейлер ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz