Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық ойлауы даму деңгейінің психологиялық диагностикасы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

4-СӨЖ

Камалова Шапағат

Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық ойлауы даму деңгейінің психологиялық диагностикасы

Анықтау экспериментінің мақсаты: баланың шығармашылық ойлауының даму

деңгейлерін зерттеу болып табылады. Сондықтан зерттеу жұмысының бірінші кезеңі бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық ойлауын анықтаудан басталады.

Зерттеу жұмысына 2-сынып оқушылары- барлығы 27 оқушы қатысты.

Бастауыш мектеп жасындағы балалардың жалпы ойлау қабілетін анықтау үшін бастауыш сынып оқушыларының математика пәніне бақылау жасалынды. Сыныптағы 27 оқушы оқиды. Сынып журналындағы бағалар бойынша математика пәнінен 9 оқушы «5» (өте жақсы) деген бағамен, 16 оқушы «4» ( жақсы) деген бағамен оқиды, ал қалған 2 оқушы «3» (қанағаттанарлық) деген бағамен үлгерім көрсетеді.

Сонымен экспериментке қатысушы оқушылардың өзіндік баға мәселесінің де алатын орнын анықтауды мақсат еттік.

«Сегіз саны» ойынын ойнау арқылы балалардың өзіндік баға деңгейі оқу материалдарын меңгеру, шығармашылық тұрғыдан ойлай білуге қатыстылығы байқалды. Ойын барысы.

1 2 3 4

5 6 7 8

  1. өзін жоғары бағалайды, басқарғанды жақсы көреді.
  2. өзін ешуақыттада төмендетпейтін адам.
  3. түсінігі мол, қайырымды жан.
  4. адамдардың бәрін тең көретін адам.
  5. кішіпейіл, қарапайым мақтау сүйгіш.
  6. жаңалыққа құмар, өсекке құмар, жан-жағындағы

адамдармен санасады.

  1. өзін төмен санайды, пікірінде еркіндік жоқ.
  2. өзін төмен санайтын адам.

Балаларының өзіндік баға деңгейі 10 балада жоғары, 10 балада адекватты, 7 балада төмен болды.

Бұл ойынның қорытындысы ата-аналар үшін қызықты, әрі шынайы болды (жағдайды ата-аналар растады) .

Дидактикалық ойын : «Жұмбақ құрастыр».

Мақсаты : Заттың негізгі белгілерін көрсете отырып, оларды өз әңгімесінде біріктіріп айтып бере алу және ойша талдай білу деңгейін анықтау.

Барысы : Мұғалім балаға ит бейнеленген суретті көрсетіп былай дейді: «Мен мына суретте не бейнеленгенін білмеймін. Сен маған оны көрсетпе. Ал мен онда не салынғанын білу үшін, сен суретте бейнеленгенді маған суреттеп бер (сырт пішінін, дене бөлшектерін, тигізер пайдасын) . Бірақ суреттеп жатқанда суретте бейнеленгенді маған айтпай, яғни не бейнеленгені туралы жұмбақ құрастыр. Ал, мен сенің жұмбағың арқылы суретте не бейнеленгенін шешемін».

Бұл ойынның мақсаты сыналушының іскерлігін, затты талдау, оның түрі мен іскерлігін көрсете отырып, әңгімедегі байқалған сынды біріктіруден (синтездеуден) тұрады.

Дидактикалық ойын : «Жабайы аңдар және үй жануарлары».

Мақсаты : Бірнеше пікірлердің негізінде іскерліктің даму деңгейін көрсету, дұрыс тұжырым жасау.

Барысы : Баланың бір қолына үй, екінші жағына саңырауқұлақ қойып былай дейді: «Міне мына қорада үй жануарлары тұрады, ал саңырауқұлақ орманда өседі, онда жабайы аңдар бар. Сенің алдыңда суреттер жатыр. Суретті біреуден алып, ондағы жануарды атап, оған тән қасиеттерді атап көрсет (қайда тұрады, немен қоректенеді, қандай пайда тигізеді) . Ал содан кейін, ол жабайы болса, оны орманға, егер үй жануары болса, қораға қою қажет».

Балалардың жауабын жазып алып, кесте құрастыру керек. Соңғы тапсырма ойлау операцияларын меңгеру деңгейін көрсетеді және бірнеше пікірлердің айырмашылықтарын анықтауға, тұжырымдама жасауға мүмкіндік берді. Біз жануар туралы балаларға белгілі мәліметтер негізінде «Жабайы аңдар және үй жануарлары» дидактикалық ойынын қолдандық.

Сыналушыға өзіне таныс 9 жануар суретін ұсынылды (сиыр, түлкі, қасқыр, тиін, қоян, мысық, жылқы, ит, аю) . Баланың бір жағына кубиктерден қорашық салынды, екінші жағынан орман. Психологтың тапсырмасы мынадай: жануардың жабайы немесе үй жануары екенін анықтау. Неге осылай бөлгенін түсіндіру. Әрқайсысының мекен ету аймағына қарай бөлу. Сыналушыға тапсырманы орындау екі рет қайталанады. Бұл бірнеше талаптар қойылған тапсырма шарттарын бала меңгере алуы үшін қажет.

Тәжірибе нәтижесінде алынған мәліметтерді талдау сыналушыға балалардың ақыл-ойының дамуында жеке ерекшеліктерді анықтауға мүмкіндік берді, бұл интеллектуалды іскерліктің қалыптасуының төрт деңгейін анықтауға негіз болып табылады.

I деңгей жоғары мәліметтерді жан-жақты, терең талдаумен ерекшеленеді, жіктеу мүмкіндігі тез әрі толық негізі және қосалқы белгілерді көрсете біледі. Жоғары деңгейде дамыған балалар зат топтарын тез жалпылап, оларды бір сөзбен айтады, берілген топқа жатпайтын затты қиындықсыз бөледі, яғни абстракциялайды.

Жоғары деңгейде балалар тек талдау нәтижесінде ғана емес, анық көрінетін белгілері арқылы ұқсастықтарымен сәйкестігі бойынша салыстырады. Салыстыру барысында балалар ұқсастық және айырмашылықтарын атайды.

II деңгей-жеткілікті.

Жеткілікті деңгейге жан-жақты, бірақ толық емес талдау және синтездеу тән. Бұл деңгейдегі балалар объектіні үш белгісі бойынша оңай талдайды, бірақ төрт және одан көп белгілеріне әлі талдау жасай алмайды. Олар іс жүзіндегі құбылыстарды табады және оларды жоқ құбылыстардан айыра біледі, алайда толық емес және өз бетінше айыра алмайды, сондықтан топтауда, жалпылауда, абстракциялауда қиналады, шартты түрде жалпылау сөзін айта алмайды. Салыстыруда ІІ деңгейдегі балалар ұқсастық пен айырмашылықтың барлық белгілерін айта алмайды, тек анық байқалатынды ғана көрсете алады. Бірнеше талдаулар негізінде тұжырым жасайды.

III деңгей - қанағаттанарлық.

Бұл деңгей толық емес талдау және синтезбен ерекшеленеді. Балалар объектілерді екі белгісі бойынша талдайды, бірақ үш немесе одан көп белгілеріне талдау жасай алмайды. Салыстыру кезінде ІІ-ші деңгейдегі балалар, тек кейбір өте анық ұқсастық пен айырмашылық белгілерін таба алады. Бұл деңгейдегі балалар объектілерді жіктейді, берілген топқа қатысы жоқ зат белгілерін табады.

Балалар ой қорытындысын жасай алады, бірақ ол көбінесе біржақты ой қорытындысы.

ІV деңгей - қанағаттанарлықсыз.

Бұл деңгейде синтез байқалмайды, тек біржақты талдау ІV-деңгейдегі балалар бір ғана және негізгі емес белгілерді табады. Олар негізгі және қосалқы белгілерді таба алмайды, сондықтан да абстракциялай және жалпылай алмайды, сондықтан да абстракциялай және жалпылай алмайды. Олар объектілерді екі-үш белгілері бойынша талдай алмайды, тек бір ғана белгілері бойынша ретімен емес, бытыраңқы талдайды. Балалар қарапайым тұжырымдарды жасай алмайды. ІV деңгейдегі балаларға біржақты салыстырулар ғана тән. Аталмыш деңгейлер негізінде сынаушылар тобы төмендегідей болып бөлінді. Олардың даму деңгейі бойынша интеллектуалды іскерлік көрсеткіші, мына кестеде көрсетілген.

1-кесте

Деңгейлер
Балалар саны
Жалпы сыналушылар санынан пайыздық қатынас
Деңгейлер: Жоғары
Балалар саны: 5
Жалпы сыналушылар санынан пайыздық қатынас: 20 %
Деңгейлер: Жеткілікті
Балалар саны: 5
Жалпы сыналушылар санынан пайыздық қатынас: 20 %
Деңгейлер: Қанағаттанарлық
Балалар саны: 13
Жалпы сыналушылар санынан пайыздық қатынас: 50 %
Деңгейлер: Қанағаттанарлықсыз
Балалар саны: 4
Жалпы сыналушылар санынан пайыздық қатынас: 10 %

Бұл сынақ нәтижелері балалардың қандай деңгейге жататынына тәуелсіз интеллектуалды іскерлігінің дамуындағы жекеше айырмашылықтарға байланыссыз талдау мен синтездеудің қарапайым негіздерінің байқалғанын негіздейді. Оларда салыстыру, абстракциялау, жіктеу операциялары жеткілікті дамымаған. Балалардың қателесіп берген жауаптары кез келген жағдайда заттың көзге көрінетін белгілеріне көп мән беріп, түрлі белгілермен ерекшеленетін заттың күрделі бейнесін талдай алмау болып табылады.

Мектепте табысты оқу тапсырмаларды орындау баланың интеллектуалды дамуының, шығармашылықпен ойлау нәтижесі болып табылатындығы,

олардың түсініктерді меңгере алуына көңіл бөлу, танымдық әрекетті дамытуға және оқу жұмысын меңгертуге күш салуға бастау бола алады [50] .

Жағдай туғызу арқылы шығармашылық ойлау деңгейін тексеру мақсатында келесі іс-шара математика сабағында тапсырмалар беру болды.

Мұғалім балаларға теңдеуді шешуді үйретті. Сабақ барысында мұғалім теңдеуді ондағы белгілі және белгісіз сандар жайында балаларға түсінікті тілмен толық түсіндірді. Мәселен, а + 1 ═ 9 теңеуін жазды. Мұндағы 1- белгілі сан, а- белгісіз сан. Осы белгілі және белгісіз санның қосындысы тоғызға тең. Мұнда белгілі шығынды сан көмегімен белгісіз санды табу керек. Яғни теңеу шығындыдан белгілі санды игеру арқылы шығады а ═ 9-1.

Осы тәріздес 3-4 есепті мысалға келтіре отырып, тақырыпты ұққандарын есепке ала отырып, балаларға кітаптан есеп шығартты. Тақтаға 3 есеп жазып, балаларды шығарды. Есепке сыныптың өте жақсы деген 3 оқушысы шықты. 1 бала есепті 1, 5 минутта, 2 бала 2 минутта орындады, сондай-ақ олар есепті мұғалімнің көмек көрсетуі арқылы шешті. Осыдан соң балалардың барлығына бірдей өз орындарына шешуге байланысты екі есеп берді. Бұл есептерге дұрыс жауап берген оқушылар саны-10 болды, 13 оқушы бір есепті дұрыс әрі жылдам орындады, ал қалған 4 оқушы ешқандай есепті шеше алмады. Екі есепке де жауап берген оқушылардың логикалық ойлау қабілеті жоғары деңгейге, тек біреуіне жауап берген оқушылардың ойлауы орташа деңгейге, қалғандары төменгі деңгейге жатқызылды. Бақылау нәтижесінде, математика пәні бойынша үлгерім бағалары сыныптың журналындағы бағалаумен сәйкес келетіндігі анықталды.

2 «в» сыныбында оқушылардың шығармашылық деңгейінің икемділігін, ұшқырлығын және қайталанбастығын анықтау мақсатында тестілеу жұмыстары жүргізілді. Е. П. Торренс, креативтіліктің анағұрлым танымал тестілерін жасаушы, нәтиже өніміне емес, шығармашылық ойлау процесінің өзіне баса назар аударды. Оның тест үлгісі зерттеу бағдарламасын бір бөлімі және олардың шығармашылық қабілетін ынталандырушы әдістемелік еңбек ретінде білім беру жүйесінің міндеттеріне сәйкес жасалынды.

Мәтіннің барлық бөліктері бойынша көрсеткіштер Дж. Гильфорд зерттеулерінде ұсынылған факторлармен анықталады. Оның ішінде: икемділік, жеңілдік, қайталанбастығы және нақтылығы [51] .

Е. П. Торренс тестілері 1966 жылы ұсынылды. Барлық тестілер вербальды және вербальды емес бағаналарға топтастырлыған. Бірінші баған сөздік шығармашылық ойлау ретінде, екіншісі - бейнелеуші шығармашылық ойлау. Сыналуышалардың мазасыздануынан аулақ болу үшін және де жағымды психологиялық атмосфера орнату үшін тестілер қызықты сабақтар деп аталады. Тестілер бала-бақшада және мектептің барлық сыныптарында қолдануға арналған, дегенмен, 4 сыныпқа дейін оларды жеке және ауызша түрде ұсыну қажет.

Е. П. Торренстың вербальды шығармашылық ойлауға арналған тесті балалардың ақпараттық сұрақтар қоя білу іскерлігін, жағдаяттарға қатысты мүмкін себептер мен салдарды анықтауға бағытталған қасиеттеріне диагностика жасау мақсатында қолданылады.

Вербальды емес тестілер арқылы сыналушылардың суреттері құрастыру, оларды аяқтау, бейнелеп құру үшін паралельді сызықтар немесе шеңберлерді қолдану сияқты тапсырмаларды орындау қарастырылады. Тестілердің сенімділігі жоғары - 0, 7-ден 0, 9-ға дейін. Сөздік түрі бейнелеушіге қарағанда анағұрлым сенімдірек.

Бұл тест психодиагностикада ақыл-ой дамуын зерттеуде қолданылады. Бірақ бұл тек соның аудармасы емес, оның бейімделген үлгісі, сенімділік пен беріктікті тексеру, өңдеу болып табылады [52] .

«Суретті аяқтау» тесті 4-10 жас аралығындағы балалардың вербальды емес шығармашылық ойлауын зерттеуге арналған.

Ынталандырушы материал. Ортасында жай немесе қара қарындашпен сызылған контур бейнеленген ақ парақ қағаздары.

Нұсқау: Мына қағазға қарашы. Балалардың біреуі суретті салып бастады да, аяқтауға үлгермей қалды. Ойланып көрші, осыдан не шығаруға болады және суретті аяқтап көрші.

Тестті жүргізу. Балаларға тек жай қарындаш немесе қара қарындаш ұсынылады. Ересек адам сурет салу барысында араласпайды, ал балалардың сұрақтарына қалаған нәрсені салуға болатындығы жайлы жауап береді.

Аяқтау үшін балаларға әдетте кезекпен 5-6 контур беріледі (орындау мөлшеріне қарай) . Әр тапсырманы орындап болғаннан кейін балаға суретте не салынғаны жайлы сұрақ қойылады, дегенмен қиындықтар пайда болып жатса, ересек жауап беруді талап етпейді.

Нәтижелерді талдау. Алынған мәліметтерді талдау барысында берілген жауаптардың ұшқырлығына, икемділігіне және қайталанбастығына көңіл аударылады.

Ұшқырлықты жауаптардың жалпы санымен байланыстырады. Ең жоғарғы ұпай - 3, ең төменгі - 0 (егер бала сурет салудан бас тартса) .

Икемділікті сурет мазмұнындағы категориялардың қолдану санымен бағалайды (мысалға бала тек қана адамдарды бейнелеген, немесе адамдарды да, жануарларды да және басқа да әртүрлі заттарды да бейнелеген болса) .

Тапсырманы орындаудан бас тарту - 0 ұпай, ұпайлардың жоғарғы саны - 3 (бірнеше категорияларды қолдану барысында) .

Әртүрлі категориялардың қайталанбастығы төмендегідей ұпайлар бойынша бағаланады:

1 - жануарлар, азық-түлік, көлік;

2 - ойыншықтар, адам;

3 - ертегілер кейіпкерлері, киім, құс, өсімдктер;

4 - жиһаз, балықтар;

5 - жәндіктер, техника;

6 - шамшырақтар, музыкалық аспаптар, төсек орын жабдықтары.

Ұшқырлық, икемділік және қайталанбастықтан басқа суреттің мазмұнын да бағалайды - бұл баланың шығармашылық ойлау қабілеттерінің маңызды көрсеткіштері. Сурет салудан бас тартылса, негізгі контурдың жанына басқа бір контур сызу; суретті анық аяқтау мен атын қоюдың орнына қағаз бетіне овал пішінді дөңгелектерді салу - 0 ұпай.

Суретті аяқтап салу барысында сызықтарды аз қолдану, сонымен қатар контур сызықты дәстүрлі түрде қолдану (қияр, күн, шарик, толқындар) байқалса - 1 ұпай.

Сурет негізгі контурмен біріктірілген қосымша элементтерден тұрса (адам, келешек, бақшадағы жол) - 2 ұпай.

Негізгі контур басқа заттардың бір бөлігі болса (қосылған) - 3 ұпай.

Сурет нақты бір сюжетті бейнелеп, кейбір әркеттерді көрсетеді - 4 ұпай. Сурет тақырыпты ашып тұрған бірнеше персонаждар мен заттардан тұрса негізгі контурмен байланысса - 5 ұпай.

Қалыпты жағдайда балалар 6-9 ұпайдан жинауы қажет. Оның 1-2 ұпайы ұшқырлыққа, икемділікке, қайталанбастыққа және 3-4 ұпай суреттің мазмұнына қойылады. Норма жас ерешеліктеріне тәуелді болмайды, ол тек ынталандырушы материалдың өзгеруіне ғана ықпал етеді. Ұпай санының жоғары деңгейінде баланың шығармашылық ойлауының даму деңгейінің жоғары екендігі жайлы, дарындылығы жайлы (11 және одан жоғары) айтуға болады. 2-3 ұпайдан аз ұпай жинаған балалар мүлдем шығармашылық ойлауға ие емес, бірақ жоғары интеллектуалды деңгейде бола алады [53] .

«Вербальды және вербальды емес шығармашылық ойлау» тесті 7-10 жас аралығындағы балалардың бір мезгілде вербальды және вербальды емес шығармашылық ойлауын зерттеуге арналған тест.

Ынталандырушы материал. Ақ парақ қағазға 5-еуден бір қатарға салынған бірдей шеңберлер көрсетілген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психологиялық-педагогикалық жеке адам диагностикасы
Бастауыш мектеп оқушыларының оқу іс-әрекеті
Оқушылардың шығармашылық ойлауын дамыту ерекшеліктері
Дарындылық және балалар шығармашылық дарындылығын дамыту мәселесінің психологиялық - педагогикалық тұрғыда зерттелуі
Бастауыш сынып оқушыларының креативті ойлауын зерттеу
Оқушының сабақтағы шығармашылық әрекеті
Оқушының оқу қабілеттерінің дамуы мен құрылымы
Психологиялық - педагогикалық диагностиканың психология салаларымен байланысы
Дарынды балалар сипаттамасы
Бастауыш мектеп оқушыларының оқу-танымдық қызығушылығын зерттеу тәсілдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz