КЛИНИКАҒА КІРІСПЕ ТУРАЛЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТЕРЛІГІ
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ
Молотов-Лучанский В.Б., Туймебаева А.Т., Туймебаев А.А.
КЛИНИКАҒА КІРІСПЕ
Оқу әдістемелік құрал
ҚАРАҒАНДЫ
2008 жыл
УДК
ББК
М

Клиникаға кіріспе
Оқу әдістемелік құрал – 34 б.
Рецензенттер:
м.ғ.к., доцент Кенжина З.З., м.ғ.к., доцент Мулдаева Г.М., м.ғ.к., доцент
А.А.Тамен.
Оқу әдістемелік құрал медициналық жоғарғы оқу орындарында Клиникаға
кіріспе пәнін оқитын 1-2 курс студенттеріне арналған. Оқу әдістемелік
құралындағы ақпараттық материалдар берілген пән бойынша типтік бағдарламада
қарастырылған тақырыптардан, тәжірибелік дағдыларды орындау алгоритмдерінен
тұрады.
ҚММА Әдістемелік кеңесінде талқыланып бекітілген
Хаттама №_9_
_02_.05_2008_ж.
ҚММА-ның Ғалымдар Кеңесінде басып шығарылуға рұқсат етілді және бекітілді
Хаттама №_____
____.________200___ж.
© Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы
1 БӨЛІМ. Емдеу - алдын-алу мекемелерінің негізгі типтері.
Емдеу сауықтыру мекемелерін негізгі екі типке бөледі: амбулатория және
стационар. Амбулаториялық типтегі мекемелерге жатады: амбулаториялар,
емханалар, медициналық-санитарлы бөлімдер, диспансерлер, консультациялар,
жедел жәрдем станциялары.
Стационарлы типтегі мекемелерге жатады: ауруханалар, клиникалар,
госпитальдар, босану үйлері, санаториялар, хоспистер. Емдеу және алдын-алу
жұмыстарының сапасын жоғарлату мақсатында емханалар амбулаториялармен және
стационарлармен бірлесіп жұмыс істейді. Бұндай жұмыстың құрылымы
дәрігерлердің біліктілігін жетілдіруге, сонымен қатар тұрғындарды
қамтамасыз етудің сапасын жақсартады.
Аурухананың құрылымы және негізгі қызметі.
Ауруханалар жалпы, республикалық, облыстық, шеткері, қалалық, аудандық
және селолық деп бөлінеді. Арнайы ауруханалар (онкологиялық, туберкулез
ауруларын емдейтін және т.б.) өзінің саласына байланысты қаланың шетінде
немесе қаланың сыртында, көгалды аймақтарда орналасады.
Аурухана құрылысының 3 негізгі типі бар: дұрыс, орталықтандырылған
және аралас.
Дұрыс салынған жүйеде аурухананың терриоториясында шамалы бөлек ғимараттар
салынады. Орталықтандырылған типтегі құрылыста ғимарат жабық жер асты
немесе жер асты дәліздермен біріктіріледі. Аралас типтегі аурухаларда
негізгі инфекциялық емес бөлімшелер бөлек үлкен ғимаратта, ал инфекциялық
бөлімшелер, шаруашылық құрылыстар бірнеше шамалы ғимараттарда
орналастырылады.
Аурухана аймағы үш аумаққа бөлінеді: ғимарат, шаруашылық алаңы және
қорғаныш көгал зонасы. Емдік және шаруашылық зонасына кіру жолдары бөлек
болу қажет.
Ауруханалар мынадай объектілерден тұрады:
1. Арнайы бөлімшелерден және палаталардан тұратын стационар.
2. Қосымша бөлімшелер (рентген бөлмесі, патологанатомиялық бөлме) және
зертхана.
3. Аптекалар.
4. Емханалар.
5. Асхана.
6. Кір жуатын бөлме.
7. Әкімшілік және басқа да бөлмелер.
Ауруханалар үнемі емдеуге және анықталған аурулары бар (мысалы,
хирургиялық, терапиялық, инфекциялық, психотерапиялық және т.б)
пациенттерді күтуге арналған.
Стационар аурухананың негізгі құрылымдық бөлігі болып табылады. Стационарда
заманауи, диагностиканың күрделі тәсілдерін және емдеуді қажет ететін
пациенттерді қабылдайды және емдейді, күту және басқа да мәдени-тұрмыстық
қызметтерді көрсетеді.
Кез келген салалы стационардың құрылымы пациенттерді орналастыруға
арналған палаталардан, шаруашылық бөлмесінен санитаралы бөлмелерден, арнайы
бөлмелерден (емшара, емдеу-диагностикалық), сонымен қатар мейірбике
бөлмесі, бөлімше меңгерушінің бөлмесінен тұрады.
Палатарлардағы құрал-жабдықтар бөлімшенің саласына және санитарлы нормаға
сәйкес келеді. Палаталар бір орынды немесе бірнеше орынды болып бөлінеді.
Палаталарда төсектер (қалыпты немесе фукциональды), төсек маңында
тумбочкалар және орындық немесе үстел, пациенттің киімін ілетін шкаф,
мұздатқыш, жуынатын орын бар. Төсектердің бас жағын қабырғаға жақындатады,
төсектердің бір-бірінен ара-қашықтығы бір метрдей шамасында болады, себебі
науқасты күтуге және оны каталкадан төсекке немесе төсектен каталкаға
ауыстыру кезінде ыңғайлы болу үшін. Пациентпен бекеттегі мейірбикенің
арасындағы байланыс сөйлесу құрылымы арқылы немесе жарықты сигнализацияның
көмегімен жүзеге асады. Стационардың арнайы бөлімшелерінде әр бір төсек
орталықтандырылған оттегі беруге және басқа да медициналық аппараттармен
жабдықтаумен қамтамасыз етілген.
Палаталардың жарығы санитарлы нормаларға сай. Күндізгі уақыттағы жарық
коэффиценті терезе аумағының еден аумағы қатынысына тең 1:5—1:6 сәйкес.
Кешкі уақытта палата жарығы люминесцентті шамдармен жарықтанады. Жалпы
жарықтанудан басқа жекелеген жарықтану да бар. Түнгі уақытта палата есіктің
қасында еденнен 0,3 метр биіктікте орналасқан түнгі жарық шаммен
жарықтанды.
Палата ішіндегі ауада көмір қышқыл газының концентрациясы 0, 1% -тен
аспау керек, салыстырмалы ылғалдылығы 30—45%.
Ересек адамдардың палатасындағы ауа температурасы 20°С-ден аспайды, ал
балалар палатасында - 22°С.
Бөлімшеде пациенттердің 50% -тін бірден тамақтандыратын ас тарату
бөлмесі және асхана бар.
Бөлімшедегі дәліз каталка, зембілдердің еркін қозғалуы үшін кең болуы
керек.Ол стационардағы қосымша ауа қоры болып табылады және табиғи және
жасанда жарықтан тұрады.
Санитарлы бөлме арнайы жабдықтандырылған және пациенттің жеке
гигиенасын жүзеге асыруға арналған (шомылу бөлмесі, жуыну бөлмесі), кір
жаймаларды сұраптауға, таза жаймаларды сақтауға арналған және дезинфекция,
зәр қабылдағыштарды сақтауға арналған, жинау инвентарларын және персоналды
қамтамасыз ететін арнай киімдерді қоятын бірнеше бөлек бөлмелерден тұрады.
Аурухананың инфекциялық бөлімшелері бокстерден, жартылай бокстерден,
жай палаталардан және карантин жарияланған кезде бөлімшенің қызметін
қамтамасыз ететін бірнеше бөлек секциялардан құралады.
Әрбір бөлімшеде персоналға және пациентке арналған, пациенттерге емдеу-
қорғаныш режимін: ұйықтау және дем алуды, диетамен тамақтануды, оларды
жүйелі түрде бақылау және күтуді, емшараларды орындауды қаматамасыз ететін
бөлімшенің ішкі күн тәртібі бар.
Терапиялық бөлімшедегі ішкі тәртіптің үлгісі.
6—7 сағат Ұйқыдан тұру, дене қызуын өлшеу.
7 — 8 сағат Таңертеңгі жуыну.
8 — 10 сағат Таңғы ас
10 — 12 сағат Дәрігерлердің шолуы
12 — 14 сағат Дәрігерлердің тағайындауын орындау
14 — 15 сағат Түскі ас
15— 17 сағат Тыныштық сағаты (дем алу)
17— 18 сағат Серуендеу, туыстарының келуі
18— 19 сағат Дене қызуын өлшеу
19 — 20 сағат Кешкі ас
20 — 22 сағат Бос уақыт
22 сағат Түнгі ұйқы
2 бөлім. Қауіпсіз аруханалық орта
Аурухана ішілік инфекцияның мәселелері.
Аурухана ішілік инфекцияларға (АІИ) пациент ауруханаға түскеннен
бастап оған жұғатын немесе көмекке келген кезде ауру симптомдарының
байқалуынсыз ауруханада жатқанда немесе шығарылған кезде байқалатын
клиникалық анықталынған кез келген ауру.
АІИ-ның басқа да атауы бар: госпитальді, нозокониальді. АІИ-ға
жататын аурулардың көпшілігі медициналық араласумен байланысты. АІИ-ның
шамамен 85%-ы іріңді-септикалық инфекция (ІСИ), 6-7%-ы вирусты
гепатиттер В,С,Д: клиникалық инфекциялар -7-8%; соның ішінде 80% жағдайда
–сальмонелез.
АІИ-ның пайда болуына әсер ететін факторлар:
• Организмнің қарсы тұру қабілетінің төмендеуі;
• Штаммдары антибиотикке төзімді микроорганизмдердің таралуы ;
• Пациентті күту кезінде инфекциялық қауіпсіздік ережелерін сақтамау ;
• Инвазивті манипуляциялардың (организмдегі тіннің бүтіндігін
зақымдайтын) көбеюі;
• Емдеу - алдын-алу мекемелерінің адамға толуы;
• Құрал-жабдықтардың ескіруі және т.б.
Қауіп топтары:
• Хирургия, урология, реанимация бөлімшелеріндегі жағдайы ауыр
науқастарда, әсіресе егде жастағыларда, балаларда және оларды күтетін
адамдар немесе оның туыстарында инфекция жұғуының қаупі жоғары;
• Медицина қызметкелері, әсіресе бірнеше рет қолданылатын, биологиялық
сұйықтықтармен былғанған және тазартудың барлық этаптарын қажет ететін
құралдармен жұмыс істейтіндер.
Инфекциялық үрдіс түсінігі макро- және микроорганизмдердің бірлесіп әр
түрлі сферадағы: жедел, созылмалы, жасырын, сонымен қатар тасымалдау
инфекциясының дамуын анықтайды.
Инфекцияның дамуын тудыратын негізгі жағдай ауру қоздырғышының болуы.
АІИ-ны тудыратын микроорганизмдердің негізгі түрлері корь, скарлатина,
дифтерия және басқа да балалар ауруларын, клиникалық (сальгогенез және
басқа) В және С гепатиттерін тудыратын облигатты патогенді микроорганизмдер
және шартты патогенді микрофлора: стафилококктар, жылтыр стафилококк,
стрептококтер, синегной таяқшасы, псевдолюпадтар, Гр - бактериялар және
оның токсиндері (ішек таяқшасы, протеялар, сальмонеллалар т.б.).Сонымен
қатар саңырауқұлақ инфекциясымен ВИЧ-инфекциясымен, цитомегаловируспен
аурухана ішілік жұғу жолдары аз жағдай емес.
Инфекция қоздырғыштары инфекция қорында (көзінде) болады.
Аурухана ішілік (госпитальді) инфекцияның қоры болып табылады:
• Персоналдың қолы;
• Ішек, зәр шығару жүйесі, мұрын-жұтқыншақ, тері, шаш, ауыз қуысы
пациенттің де, персоналдың да;
• Қоршаған орта: персонал, шаң, су, тамақ өнімдері ;
• Құралдар;
• Жабдықтар;
• Дәрілік заттар және т.б.
АІИ-ның таралу механизмі.
АІИ-ның таралуында маңызды роль атқаратын инфекцияның аэрозольді (ауа-
тамшылы), тұрмыстық-қатнас және жасанды, сонымен қатар қанмен және басқа
биологиялық сұйықтықтармен жанасқанда жұғу механизмі бар.
АІИ-ны алдын-алудағы қауіпсіздік және қадағалау шаралары.
Стационардағы қызметкерлердің екінші жұмыс киімдер жиынтығы болу
қажет: халаттар, аяқ киім және басқа да санитарлы киімдер күнделікті
ауыстырып отыруға жеткілікті болу керек. Олар арнайы жеке шкафтарда
сақталынады. Кірлеген жағдайда шұғыл түрде ауыстырып киетін санитарлы
киімдердің жиынтығы бар болуы қажет.
Емдеу мекемесінің мейірбикесі әр уақытта таза және ұқыпты болу керек.
Жұмыс киімі үстіндегі киімін толығымен жауып тұру қажет. Шашы толығымен
қалпақтың ішіне салынады. Екінші аяқ киімі дезинфекциялауға ыңғайлы, тығыз
материалдан тігілу керек. Босандыру бөлімшесінде, инфекциялық бөлімшеде,
операциялық блокта емдеу мекемесінен тыс жерлерде жұмыс киімімен және
екінші аяқ киіммен жүру үшін арайы екінші киім қажет.
Қорғану киімдерін қолдану ережелері.
Халаттар, алжапқыштар – науқасты күту, инфекцияның таралуын алдын-алу үшін
қолданады және оларды науқастың үстіндегі киімі немесе астындағы төсек
жаймасы сияқты әрбір емшараны аяқтаған соң ауыстырып отырады.
Қолғаптар –таза және стерильді түрде қолданылады.
Оларды киеді
• Кез келген биологиялық сұйықтықтармен жанасқан кезде (қанмен, шәует
немесе қынап сұйықтығымен, мұрынның шырышты қабатындағы бөліністермен,
сілекей және жас сұйықтығымен, сонымен қатар зәр, нәжіспен, жұлын
сұйықтығымен, экссудатпен және т.б.)
• Пациенттің, сол сияқты медицина қызметкерлерінің терісінің бүтіндігі
бұзылған жағдайда
• Қанмен немесе басқа да биологиялық сұйықтықтармен былғанған
материалдармен жұмыс істегенде.
• Маска ауа-тамшылы жолмен жұғатын микроорганизмдерден минимальді
қорғануды қамтамасыз етеді (шамамен 10%). Төрт қабатты дәкеден
жасалған, микроорганизмдерді жақсы сүзетін бетперделер қолданылады,
бірақ олар бетке тығыз түрда жабылмаса олардың қорғаныш қасиеті
жоғалады.
Бетпердені кию қажет, бірақ екі сағаттан артық емес. Егер батперде дем
алған ауамен ылғалданса оны ауыстыру қажет.
Аяқ киім және медициналық аяқ киімдер инфекциядан қорғамайды.
Көзілдіріктер және щиттер көзге, мұрынға, құлаққа қан және биологиялық
сұйықтықтардың шашырауынан қорғайды.
Жұмыс орнындағы мейірбике қауіпсіздігінің жалпы шаралары.
Мейірбике міндетті:
1.қолды жуу деңгейін сақтауға
2.қанмен және биологиялық сұйықтықтармен жанасқан кезде қолғап киюге
3.қолғапты шешкеннен кейін қолын жууға
4.инфицирленген материалдар төгілген немесе шашылған кезде оларды тез
арада жинап алуға
5. залалсыздандыру құралдары, тәсілдері және режимі көрсетілген
құжаттарға сәйкес науқасты күтуге қолданған құрал-жабдықтарды, қолданған
таңу материалдарын залалсыздандыру.
Аурухана ішілік инфекцияны (АІИ) алдын-алу
АІИ-ны алдын-алу мақсатында денсаулық сақтау мекемелерінде мынадай
шаралар жиынтығы жүргізіледі:
1. санитарлы-гигиениалық режим сақталынады
2. стационарға пациенттерді қабылдау тәртібі сақталынады (жалпы қарау және
педикулез табылған жағдайда оны тазарту, дене қызуын өлшеу, стафилакокқа
мұрын және аңқадан жұғынды алу).
3. тазалау, тазалау құралдарын залалсыздандыру және қолдану, оларды
сақтауды санитарлы бөлім қадағалайды.
4. Сан Пин 90100176 06.08.97ж. Медициналық тағайындауға
арналған заттарды стерилизациялау және залалсыздандыру.
5. бөлімшедегі пациенттерге санитарлы тазалық жүргізіледі және олардың
төсек жаймасы жеті күнде бір рет немесе қажет болған жағдайда
ауыстырылады
6. пациенттердің жеке киімдерін және кірленген жаймаларды сақтау
тәртібі сақталады.
7. залалсыздандыру, стерилизация алдындағы тазалау және мед.
тағайындауға арналған құралдарды стерилизациялау №408 бұйрық және
ОСТ42-21-02-85жыл ДС бұйрығына сәйкес, сонымен қатар
залалсыздандыру, стерилизация алдындағы залалсыздандыру,
медициналық тағайындауға арналған құралдарды стерилизациялау
бойынша әдістемелік нұсқауларға сәйкес жүргізіледі.
8. инфекциялық пациенттерді белсенді түрде анықтау жүргізіледі (ішек
инфекциясына, іш сүзегі, дифтерию, вирусты гепатитке күдік туса),
олармен байланыста болған адамдар бақылауға алынды.
9. тамақтану режимі сақталынады: тамақ тарату бөлмесінің, асхананың
жарығы, дайындалған тамақтың таралу уақыты, тамақ қалдықтарын жинау
және ыдыстарды тазалау тәртібі, тазалау құралдары және оларды
сақтау, науқастың үйінен келген тамақтарды сақтау тәртібі
сақталынады.
10. бөлімшеде карантинмен немесе аса қауіпті жұқпалы аурумен науқас
анықталған жағдайда күдік туған пациенттер анықталған кездегі
медициналық персоналдың іс-әрекеті, жедел көмек көрсету және хабар
берудің сызбанұсқасы болу қажет.
11. емдеу-алдын алу мекемелерінде қалдықтарды жинау, сақтау және оларды
жою тәртібі сақталынады.
Тәжірибелі мейірбике науқасты алғашқы қараған кезде-ақ оның сырқатының
ауырлығына, терісінің, киімінің санитарлы жағдайына бірден назар аударады.
Қазіргі кезде баспанасыз, тұрғылықты мекен-жайы жоқ көше кезіп жүретіндер
ауруханаға көп түседі. Бұндай науқастарды бірден санитарлы бөлмеде қарайды,
себебі олардың үстінен бас, киім және шап биттері жиі табылады. Оларға
тексеру жүргізер алдында дәрігер және мейірбике резеңкелі қолғап киеді, ал
ондай науқастардан шешіп алынған киімдерді бөлек ыдысқа немесе полиэтиленді
қапқа салып жояды.
Бас биті бастағы шашты зақымдайды, шаш кір, сынғыш, таралмаған болады,
шаштың түбінен шашқа мықтап жабысқан көптеген ақ сіркелер байқалады, олар
шашты тарағанда түспейді, сондықтан оларды жою үшін шашты тақырлап алып
тастайды.
Киім биті киімнің бүктелген жиегінде жүреді, олар теріні зақымдайды,
теріде қасылған іздер қалдыртады, сондықтан киімдерді жоюға тура келеді.
Шап биті дененің түкті жерлерінде әсіресе шап аймағында, қас, сақал-мұртта,
қолтық астында жүреді.
Биттер бөртпе сүзек, және қайталамалы сүзек ауруларының тасымалдаушысы
болып табылады, ауру қоздырғыштары паразиттердің тістеген орны арқылы және
қасылған тері арқылы организмге енеді.
Педикулезбен бірге қышыма да анықталады. Қышыма кенесін анықтау үшін
науқастың қолын: саусақтарының арасын, қолының сыртқы бетін, денесін мұқият
қарау керек, ол жерлерден жұп орналасқан – кененің кіру және шығу жолдары
бар бөртпелерді көруге болады. Қышыма жұқпалы ауру, сондықтан науқасты
қолғап пен ұзын резеңкелі алжапқыш киіп қарау керек, қарап болған соң
қолды сабынмен және залалсыздандыратын ерітінділермен тазалау қажет.
Бит табылған жағдайда науқасқа толық санитарлы өңдеу жүргізіледі —
науқасты сабынмен және жөкемен жуындырып, түктерін қырады. Басын жуу үшін
ДДТ сабыны немесе арнайы сусабындарды қолданады, ал олар болмаған жағдайда
битті жоюдың қарапайым тәсілі қолданылады — керосин мен сұйық майды бірдей
көлемде араластырып шашқа жағады. Бұл тәсіл кейінгі кезде тіпті
қолданылмайды, көбінесе қышыма және битшеңдік кезінде бензилбензоаттың 20 %
мазьі жиі қолданылады. Қышыма кезінде оны 2 апта бойы әр бір 2-3 күн сайын
теріге толығымен 4 рет жағу керек, ал битшеңдік кезде бастағы шашқа немесе
шапқа, қолтық астына, сақал-мұртқа 1-ші, 2-ші және 7-ші сөткеде жатар
алдында жағады.
Ұзын шашты науқастардың басынан бит табылған жағдайда арнайы сабын
сулар қолданылып, 10% сірке қышқылының ерітіндісіне батырылған мақтамен
сүртілген тістері жиі орналасқан тарақпен шашты бірнеше рет тарайды.
Науқастарды жуындыру қабылдау бөлімінің жуынатын бөлмесінде
жүргізіледі. Жағдайы ауыр науқастарды ваннаға түсірер алдында олардың
астына жайма жаяды, орындыққа отырғызып душқа түсіреді. Үйінен таза, жуынып
келген науқастарға тек аурухананың киімдері беріледі.
Жағдайы ауыр науқастарға, оның ішінде миокард инфарктісі, пневмония,
инсульт, гипертониялық криз, бронх демікпесінің ұстамасы және босанатын
әйелдерге қабылдау бөлімінде жуынуға рұқсат етілмейді. Ол науқастардың
терісі сабынды суға батырылған жаймамен сүртіп, құрғатады.
Қабылдау бөліміне ауыр жағдайдағы науқас түскенде мейірбике оның ауыз
қуысын қарап, басын бір жақ қырына қаратып, фурациллин ерітіндісіне
батырылған дымқыл шүберекпен құсық қалдығынын тазартады.
Сопор немесе кома жағдайындағы науқастың тілі тыныс жолдарын бітеп қалмау
үшін олардың төменгі жағын ашып резеңкелі ауа түтігін қояды.
Хирургиялық және гинекологиялық науқастарды санитарлы өңдеуде олардың
шашы, шап аралығындағы түктерді ұстараның көмегімен қырып алып тастайды.
Ұстарамен қырылатын аймаққа алдын-ала сабынды көбікті жағады, теріні
зақымдап алмай, абайлап ұстарамен қыру қажет.Түктерді қырғаннан кейін
теріні жылы сумен жуып, құрғатып сүртеді. Теріні тіліп алған жағдайда
міндетті түрде теріні дезинфекциялайды.
Бастың ашық жарақатын дәрігер нейрохирург өңдейді. Шашты алмас бұрын
аққан қанды сутегінің асқын тотығы немесе фурациллин ерітіндісіне
батырылған мақтамен сүртеді. Алдымен жараның айналасындағы шашты қияды,
одан соң қажет болған жағдайда шашты толығымен қырады.
Кейбір жағдайда ауруханаға өз-өзіне қарай алмайтын қарт, әлсіреген
адамдар түседі.Әдетте олардың аяқтарындағы тырнақтары үлкен болып өсіп
кетеді. Егер науқасқа операция жасау қажет болса санитарка немесе
мейірбикеге науқасқа операция алдындағы санитарлы өңдеу жүргізу жоспары
бойынша олардың аяғын өңдеуге тура келеді. Бұл шараны жүргізер алдында
резеңкелі қолғап киеді. Егер мүмкіндік болса науқас аяғын бірнеше минутқа
сабынды суға салады, тек содан кейін ғана тырнақтары алынады. Науқас
жағдайы өте ауыр болса сабынды суға батырылған шүберекпен сүртіліп,
құрғатып оның аяғына таза бахил кигізеді. Науқастың жағдайы жақсара
бастаған кезде ғана бөлімшеде оның аяғына санитарлы тазалау жүргізіліп
тырнақтары алынады, бұл жұмысты леген, суқұйғыш беріп науқастың туыстарына
үйретіп, оларға жүктеуге болады.
Науқасқа санитарлы тазалық жүргізу 15—25 мин. уақытқа созылады.
Неғұрлым көп тәжірибе жинаған сайын мейірбике кез келген науқасқа санитарлы
тазалық жүргізуді тез және еппен орындайды.
Гигиеналық ваннаны дайындау және жүргізуді орындауда белгілі бір реттілігі
болады.
1. Ваннаны залалсыздандыруды кіші мейірбике жүргізеді, ал ол жоқ болған
жағдайда мейірбикенің өзі орындайды. Залалсыздандырған кезде міндетті түрде
қолғап киеді. Ваннаның ішін сабынды жөкемен немесе щеткамен, Санит
тәрізді жуғыш ұнтақпен мұқият жуып, 0,5 % хлорлы әк немесе 2 % хлорамин Б
ертіндісімен залалсыздандырғаннан кейін ішін ыстық сумен шаяды.
2. Ваннаға жылы су толтырады (шамамен 35—37 °С), судың температурасын
термометрмен өлшенеді, бірақ көп жағдайда қолмен анықтауға болады (суға
алақанның сыртқы бөлігінің терісін тигізу арқылы); ваннаны суға жартылай
толтырады. Су деңгейі науқастың семсер тәрізді өсіндісінің тұсынан келу
қажет.
3. Науқастың ванннаға ыңғайлы отыруына көмектеседі, аяғының басына тіреуіш
қойылады. Суда сырғанап кетпес үшін денесінің астына жайма
төселеді.Науқастың алдымен денесін, одан соң басын жуады және шайындырады,
алдымен денесі сосын басын құрғатап сүртеді. Науқастың жағдайы кенеттен
нашарласа — жүрек соғуы жиілесе, ентігу, жүрек немесе басқа да аймақта
ауырсыну сезімдері байқалса, басы ауырса — жуындыруды дереу тоқтатып,
дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсетіледі. Науқасқа ваннадан шығуына
көмектесіп, дәрігер шақырылады.
Бөлім 3 Науқасты тасымалдау.
Науқастарды бөлімшеде тасымалдау.
Науқасты таысмалдау туралы мәселені дәрігер шешеді. Науқасты
тасымалдаудың үш түрлі әдәсі бар – науқас мейірбикенің көмегімен өзі жүре
алады, орындық арбады отырған күйінде және жатқан қалпында каталкамен
тасымалданады.
Науқасты каталкаға ауыстыруға 2-3 адам қатысады. Каталканы науқас
жатқан төсекке жақындатып науқасты каталкаға ауыстырады немесе науқастың
өзі мейірбикенің көмегімен абайлап каталкаға қарай жылжиды. Науқастың
жағдайы ауыр болса медицина қызметкерлерінің үшеуі бірігіп каталкаға
жатқызады. Олардың екеуі науқастың бір жағынан, ал үшіншісі екінші жағынан
тұрады. Науқастың орнын каталкаға ауыстыру оған қатысушы адамдардың
біреуінің бұйыруымен басталады, көбінесе дененің ауыр бөлігі - бас жағынан
ұстаған адамның бұйыруы бойынша. Науқасты каталкаға ыңғайлы
орналастырғаннан кейін оның үстіне жайма жауып бөлімшеге тасымалдайды.
Кей жағдайда науқасты бөлімшеге 2 – 4 адамның қатысуымен зембіл арқылы
тасымалдайды. Тасымалдаудың бұл түрінде тасымалдаушылар асықпай, аяғының
адымын алшақтатпау керек. Баспалдақпен көтерілгенде немесе түскенде
зембілдің бас жағы мен аяқ жағын бірдей деңгейде төмендеу түсіріп,
көлденең жағдайда ұстайды. Егер тасымалдаушының біреуі шаршаса ол туралы
басқаларына айтып, барлығы шамалы тынығып алу керек, әйтпесе
тасымалдаушының қолы шаршағандықтан әлсіреп науқасты құлатып алуы мүмкін.
Науқасты отырған немесе жатқан күйінде тасымалдауда өте сақ болып,
жылдам қозғалыс жасамау керек.
Кейінгі жылдары жедел жәрдем және қабылдау бөліміндегі жабдықтар
түпкілікті өзгерді, яғни науқастарды тасымалдауға ыңғайлы, әрі жеңіл
функциональді каталкалармен жабдықталды. Сондықтан бұрын кең қолданған
зембілдер қазіргі кезде тек шұғыл жағдайларды, каталкалар жетіспегенде
қолданады (мысалы, катастрофа кезінде). Сонымен қатар балаларды және
салмағы 60 кг-нан төмен науқастарды бұрынғы, әрі сенімді тәсіл – қолмен
көтеру арқылы тасымалдауға болады. Бұл жағдайда тасымалдаушыға жеңіл және
ыңғайлы болу үшін науқас көтерген адамның мойынынан құшақтап алады.
Кез келген медицина қызметкері оның лауазымына байланыссыз тасымалдаудың
ережелерін дұрыс орындайды: науқас жатқан каталканы алдыға қарай оның бас
жағымен жылжытады, ал мәйітті жатқызған каталканы аяқ жағымен жылжытады.
Операциядан кейінгі науқастарды каталкадан төсекке ауыстыру кезінде
сақ болған дұрыс, себебі олардың кейбіреулерінда наркоздан кейін
белсенділік байқалады. Жүре алатын науқастар өз бетімен төсекке жатады,
дегенмен де кезекші мейірбикелер науқастың төсегі оған ыңғайлы болу
керектігін ескерген жөн.
Ентігетін науқастардың төсегінің бас жағын жоғарлатып, оған жартылай
жату жағдайын тудырады. Кейде аяғында ісігі бар науқастардың төсегінің тізе
буыны аймағын шамала көтеріп қоюға болады. Анасарка, асцит дамыған қан
айналым жеткіліксіздігінің ауыр түрімен сырқаттанатын науқастар төсекте
көлденең жағдайда жата алмайды, оларға отырған жағдай ыңғайлы болады.
Бұндай науқастардың арқасына бірнеше жастық сүйеп отырғызып аяғының астына
орындық қойып, аяғын көрпемен орап қойған дұрыс.
Қабылдау бөлімінде жұмыс істейтін мейірбике орындайтын тәжірибелік
дағдылар.
Науқаста кенеттен өлім жағдайы болғанда мейірбике реанимациялық
шараларды орындауға белсенді түрде қатысу керек:
• АМБУ аппаратының көмегімен науқасқа тыныс беру керек. Тыныс берудің
нәтижелілігі науқастың басын дұрыс қойып, жағын дұрыс ұстауға байланысты.
• электрокардиограммаға тез түсіру;
• дефибрилятормен жұмыс істеу;
• ранимациялық шаралардың алғашқы этабын орындауға тек 5 минут уақыт
бөлінетіндігін ескере отырып, шұғыл жағдайда қолданатын дәрілердің қайда
тұратынын білу, ампуланы тез сындырып, ондағы дәріні тез жинап, енгізу;
• қай дәріні қандай шприцпен енгізудің дұрыс екендігін білу; мысалы,
адреналинді жүрек қуысына ұзын инелі көлемі 20 мл шприцпен енгізу ыңғайлы,
ал гипогликемиялық кома кезінде екі адам осындай екі шприцті қолданған
дұрыс: біреу глюкозаны шприцке сорып алады, екіншісі оны көктамырға
енгізеді. Реанимациялық шараларды орындау кезінде көптеген емшаралар және
іс-әрекет мұқият және қатесіз орындалады (көктамыр ішіне инъекция,
электрокардиограммаға түсіру және т.б.). Сондықтан кезекшілікке кірісер
алдында қандай дәрілір бар екендігін және олардың қайда тұрғанын тексеру
қажет (реанимацияға қажет дәрілер тұратын алғашқы көмек қорабы болған
дұрыс); электрокардиограф аппаратының қандай жағдайда екенін, ондағы
қағаздың жеткілікті екендігіне көз жеткізу керек.
Қабылдау бөлімінің мейірбикесі тері астына егуді, көктамырға тамшылып
дәрі енгізуді, қажет болған жағдайда тамырдан қан алуды нақты және тез
орындау қажет. Кей жағдайда емшара бөлмесінің мейірбикесі тәулік бойы
кезекшілік атқарып жүргенде де бір мезетте көптеген науқастар бірден
түскенде басқа мейірбикелер де көктамырға инъекцияны өздері жасауға
міндетті.
Химиялық заттармен жұмыс жасау кезіндегі мейірбикенің қауіпсіздігі
Күн сайын мейірбике организміне жалпы және жергілікті өзгерістер тудыратын
химиялық заттармен жұмыс істейді.
Организмге химиялық заттар шаң және бу түрінде тыныс жолдарына еніп, тері
және шырышты қабаттар арқылы абсорбцияланады. Оладың әсері терінің
реакциясы, бастың ауруы, бас айналу түрінде байқалады. Кей жағдайда олардың
әсерінің нәтижесі өкпе, бауыр, бүйрек аурулары, түсіктер, бедеулік және
т.б. аурулардан көрінеді. Химиялық заттармен жұмыс істеудің кері әсері
ретінде әр түрлі дәрежеде теріні қабындырып, тітіркендіретін кәсіптік
дерматит жиі кездеседі. Бұндай қауіпке мейірбикелер қолын жиі жуу қажет
болғандықтан, фармакологиялық препараттардың әсерінен, дезинфекциялық
заттардың әсерінен және тіпті резеңкелі қолғап кигендіктен де ұшырауы
мүмкін. Дерматитті тудыруы мүмкін:
- Бірінші ретті тітіркендіргіштер, құрамында хлор және фенолы бар
залалсыздандырғыш заттар тиген тері аймағында ғана терінің қабынуын
тудырады.
- Сенсибилизаторлар - аллергиялық реакция тудыратын заттар. Алғашқыда
аллергиялық реакция дерматит түрінде байқалуы мүмкін.
Сенсибилизацияға ұшыраған сайын аллергиялық реакция ауыр түрде өтеді,
бетінің ісінуі, жрегінің айуы, құсу байқалады. Сенсибилизацияға
ұшырайтын заттардың тобына көптеген фармакологиялық препараттар,
мысалы, антибиотиктер, антибактериалды сабындар да жатады.
Химиялық препараттармен жұмыс істеген кезде қауіпті минимальді деңгейге
азайту үшін қажет:
- Жұмыс істейтін химиялық препарат туралы толық ақпарат алу қажет:
атауы,сауда белгілері, зиянды факторлар, сақтау және қолдану кезіндегі
қауіпсіздік шаралары жөнінде.
- Химиялық заттармен арнайы қоғаныш киімімен жұмыс істеу керек (қолғап,
халат, алжапқаш, көзілдірік, маска немесе респиратор). Маска және
респиратор токсикалық шаңдардан және аэрозольден қорғану деңгейін
қамтамасыз етеді. Резеңкелі қолғапқа аллергиялық реакция байқалса
силиконнан немесе поливинилхлоридтен жасалған қолғаптар
пайдаланылады..
- Жұмыс орнын желдету, әсіресе сақтау, дайындау және химиялық
препараттардың көп мөлшерін қолданған орындарды.
- Кәсіптік зияндыққа ұшыраған персоналға бақылау жүргізу: медициналық
қарау, тері сынамасын алу, өкпе, бауыр, бүйрек қызметін бақылау.
- Дерматиттің және басқа да тері белгілері туралы хабар беру керек.
Дезинфекциялық заттармен жұмыс жасау кезіндегіеңбекті сақтау ережелері.
1. Химиялық дезинфекциялық заттарды сақтау ережелерін орындау.
2. Химиялық заттың қорабында оның атауы, тағайындалу түрі, дайындалған
және жарамдылық мерзімі көрсетілу керек.
3. Дезинфекция жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз ( арнайы
халаттар, орамал, көзілдірік, респираторлар, қолғап, екінші аяқ
киім)
4. Дез. ерітінділер иісі сорылатын шкафтарда немесе арнайы желдетілетін
бөлмелерде дайындалады.
5. Көзге шашыраған жағдайда көзді 2% содасының ерітіндісімен жуады,
қажет болған кезде альбуцид тамызады, көзде ауырсыну сезімі сақталса
2% новокаин нің көзге арналған тамшын тамызады.
6. Теріге тамса дереу таза сумен жуады.
7. Тыныс алу жолдарын тітіркендірген болса дереу бөлмеден шығып, таза
ауамен дем алу керек, сода қосылған сүт ішіп, ауыз қуысын 2% тұзды
ерітіндімен шаяды, қажет болса жүрекке арналған, тыныштандыратын,
шокқа қарсы дәрілерді қабылдайды.
Дезинфекция және стерилизация тәсілдерін қолдану біздің елімізде мынадай
санитарлы ережелермен және нормалармен регламентируется жүреді (САНПИН) №
9.01.001.76 6.08.1997ж. Медициналық тағайындауға арналған заттарды (МТЗ)
стерилизациялау және дезинфекциялау
САНПИН дезинфекция құралдарын және режимін, оның тәсілдерін, стерилизация
алдындағы өңдеуді МТЗ-ды стерилизациялауды устанавливает.
Дезинфекция – бұл қоршаған ортадағы патогенді және шартты патогенді
микроорганизмдерді механикалық, химиялық, физикалық тәсілдермен жоюға
бағытталған шаралар комплексі. Дезинфекцияның екі түрі бар: ошақты және
алдын-алу.
- алдын-алу дезинфекциясы – аурухана ішілік инфекцияны болдырмау
мақсатында жүргізіледі.
- ошақты дезинфекция – ошақты және күнделікті болып бөлінеді,
дезинфекцияның бұл түрі инфекция ошағында жүргізіледі, инфекциялық
аурумен ауыратын науқастың төсегінде, бюірнеше рет жүргізіледі, ал
ошақты қорытынды дезинфекиция науқасты оңашалағаннан кейін немесе
инфекциялық бөлімшеге жатқызғанда, жазылғанда немесе қайтыс болғанда
инфекциялық ошақтан толық тазарту мақсатында жүргізеді.
Дезинфекция құралдары және тәсілдері
Дезинфекцияның механикалық, физикалық, химиялық және аралас тәсілдері бар.
Дезинфекцияның механикалық тәсілі:
- бөлмеге ылғалды тазалау жүргізу
- киімдерді, төсек жаймасын қағу
- шаңсорғыш арқылы бөлмені шаңнан тазарту, әктеу, сырлау
- қолды жуу
Дезинфекцияның физикалық тәсілі:
- күн сәулесін және ультракүлгін сәулелерін қолдану
- ыстық үтікпен үтіктеу, күйдіру
- қоқыстарды, керексіз заттарды өртеу
- қайнаған сумен өңдеу немесе қайнатуға дейін ысыту
- пастеризация
- тиндализация (6-7 күн бойы Цельсии бойынша 60 градусқа дейін
пастеризациялау, экспозиция – 1 сағат)
- қайнату
- арнайы дезинфекциялық камераларда дезинфекцияның ауа тәсілін қолдану
- бу-ауалы және пароформалинді тәсіл
Дезинфекцияның химиялық тәсілі:
- шаю
- сүрту
- толық батыру
- себу, шашу
Дезинфекцияның аралас тәсілі:
- бу-ауалы
- пароформалинді
Медицина қызметкерінің қолды жуу деңгейі
Қолды жуудың үш деңгейі бар: әлеуметтік, гигиеналық (қолдың саусақтарын
дезинфекциялау), хирургиялық (белгілі бір уақытқа қолдың саусақтарын
стерилділікке жеткізу).
Қолды өңдеудің әлеуметтік деңгейі
Мақсаты: механикалық тәсіл арқылы қолдағы микрофлораны жою. Пациент және
персоналдың инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Көрсеткіш: қолды әлеуметтік өңдеу қолды тазалаудың ең қарапайым әдісі,
қолғаппен және қолғапсыз емдік емшараларды жүргізер алдында, сонымен қатар
одан кейін де жүргізіледі; тамақтану алдында және кейін; әжетханадан кейін;
науқастың биологиялық сұйықтығымен қолы былғанбаса да пациентті күтуге
қатысқаннан кейін.
Жабдықтар: кір сабын бір рет қолданатын, стерильді салфетка, секунд
көрсететін тілі бар сағат, жылы ағынды су, жеке орамал (электрлі
кептіргіш).
Міндетті жағдай: терісі сау тырнақтары боялмаған қол. Алдымен тырнақ
астындағы кірді тазалап қолды ағынды сумен жуу.
Дайындық:
1. саусақтағы сақинаны шешіп, терінің бүтіндігін тексеру
2. халаттың жеңін шынтаққа дейін түріп, сағатты
3. шүмекті ашып, судың температурасын ретту (35-40)
Орындау:
1. Қолды сабындап, су ағатын шүмекті сабындап жуады, (шынтақпен
жабылатын шүмек жуылмайды) сабынды таза салфеткаға немесе сабын
салғышқа салады.
2. Ағынды судың астында қолды сабындап алдымен білектің 23 бөлігіне
дейін, саусақтың арасын мұқият 30 секунд жуады, содан кейін
алақанды және қолдың сыртқы бөлігін саусақтармен айналдырмалы
қозғалыс жасап жуады.
3. Қолдағы сабын көбіктерін тазалау үшін қолды ағынды сумен шаяды
Ескерту: қолдың басындағы су шынтаққа қарай ағу үшін саусақтарды
жоғары қаратып қолды көтеру керек (қолды су ағатын шүмекке тигізбейді).
4. Қолды жууды осы тәртіппен қайталаңыз.
Аяқтау:
1. салфетка арқылы шүмекті жабады (шынтақпен жабылатын шүмекті шынтақпен
басып жабады).
2. Қолды жеке орамалмен немесе кептіргішпен кептіреді.
Қолды гигиеналық деңгейде өңдеу.
Қолды гигиеналық тазалау ең нәтижелі болып саналады.
Мақсаты: гигиеналық деңгейде қолды деконтаминациялау.
Көрсеткіш:
- қолғапты киер алдында және шешкеннен соң;
- организмнің биологиялық сұйықтықтарымен жұмыс істегенде;
- иммунитеті төмендеген науқастарды күту алдында.
Жабдықтар: кір сабын, секунд көрсететін тілі бар сағат, жылы ағынды су,
пинцет, мақта шариктері, салфеткалар. дез.ерітінді құйылған ыдыс.
Міндетті жағдай: теріде зақымдалулар болмау керек
Этаптар Ескерту
Дайындық
1. Саусақтағы сақинаны шешу Қолдың жуылатын бөлігін дайындау
2. Халаттың жеңін білектің 23 Мейірбикенің инфекциялық
бөлігіне дейін қайыру, сағатты шешу қауіпсіздігін сақтау
3. Шүмекті ашу Ағынды су қолданады
Орындау
1Ағынды сумен қолды білектің 23 Қол саусақтарының деконтаминация
бөлігіне дейін және саусақтардың дәрежесіне детуін қамтамасыз ету,
арасын 10 секунд сабындап жуу. тазадан кірге қарай деген тазалау
принцпін сақтау
2. Сабын көпіршігін жуу үшін қолды
ағынды сумен шаю
3.Қолды жууды 5-6 рет қайталау
Аяқтау
1.Қолды салфеткамен сүрту Инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз
ету
2.Салфетканы дез.ертітінді құйылған
ыдысқа салу
3.Стерильді салфетка арқылы шүмекті
жабады немесе көмекшіге шүмекті
жабуды өтіну
Қолды хирургиялық деңгейде тазалау
Хлоргексидин биглюконаттың 0,5%-спиртті ерітіндісімен қолды жуу
тәсілі.
Мақсаты: Мейірбике қолының стерильділігіне жету.
Көрсеткіш:
- стерильді үстелді дайындау;
- операцияға қатысу;
- босандыруға қатысу
Қарсы көрсеткіш:
- қолды іріңдіктердің болуы;
-терінің жарылуы және жарақаттануы;
-тері аурулары
Жабдықтар:
-бір рет қолданатын кір сабын;
-1 мин, 3 мин-тық құм сағаттар.;
-20-30 мл хлоргексидин биглюконаттың 0,5%-спиртті ерітіндісі;
-корцанг және стерильді лоток;
-стерильный бикс с целевой укладкой для покрытия стерильного стола.
Міндетті жағдайлар: бұл жұмыс қатаң және ерекше стерильді аймақта
жүргізіледі.
Жұмыс асептика ережелерін сақтай отырып бикстен стерильді
материалдарды алып беретін көмекшінің көмегімен жүзеге асырылады.
Этаптар Ескертулер
Дайындық
1. Қолды қарапайым әдіспен жуу Инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз
ету
2. Стерильді жаймалар бар биксті Инфекциялық бақылауды қамтамасыз ету
дайындап, оның маркировкасын және
стерильділігін тексеру.
3. Педаль арқылы немесе көмекшінің Инфекциялық бақылауды сақтау
көмегімен биксті ашу
4. Стерильділікті тексеретін Стерилизацияның сапасын бақылау
индикаторды алып оның жағдайын
қарайды
5. Корцанг арқылы бикстен алдымен Стерильділікті сақтау
орамалды, одан соң масканы алып,
оларды киеді.
6. Корцангті лотокқа салады Инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз
ету
Орындау
1. Ағынды сумен қолды шынтаққа дейінҚұм сағатқа қарау керек
және саусақтың арасын бір минут
уақыт бойы жуады.
2. Сабын көпіршігін жуу үшін қолды
ағынды сумен шаяды
3. Қолды салфеткамен сүртеді
4. Хлоргексидиннің 0,5%- спирт Қолды хирургиялық өңдеу жүзеге
ерітіндісіне батырылған салфеткамен асырылады.Сағатқа қарау керек
әрбір қолды саусақтың ұшынан бастап
шынтаққа дейін екі рет 3 минут уақыт
бойы сүртеді.
Аяқтау
1. Стерильді киім және қолғап киеді Асептиканы сақтау керек
Стерильді қолғапты кию ережесі
1. Стерильді қорапты ашып қолғапты алу,
2. Қолғаптың білек бөлігін сыртқа қайырып, оның ішкі жағына саусақтарды
тигізбей оң жақ қолдың қолғабын алады.
3. Оң қолдың саусақтарын бір-бірімен біріктіріп қолғапқа саусақтарды
енгізеді.
4. Қолғапты киіп, оң қолдың саусақтарының арасын ашады.
5. Қолғап киілген оң жақ қолдың екінші, үшінші және төртінші
саусақтарымен сол жақ қолдың қолғабын оның ішкі жағына оң қолдың
саусақтырын тигізбей етіп алады.
6. Сол қолдың саусақтарын біріктіріп қолғапқа енгізеді
7. алдымен сол қолдағы, одан соң оң қолдағы қолғаптың қайырылған шетін
түзейді.
Стерильді қолғапты шешу ережесі
1. Оң қолдың саусақтарын сол қолдағы қолғаптың сыртқы жағына тигізбей,
оның ішкі жағына енгізіп, қолғапты сыртқа қарай қайырады.
2. Сол қолдың саусақтарын қолғаптан суырып, қолғапты сыртқа қарай қайыру.
3. Оң қолмен сол қолдағы қолғаптың қайырылған шетінен ұстап оны шешу.
4. Сол қолмен оң қолдағы қалғаптың қайырылған шетінен қолдың ішіне қарай
енгізіп шешу.
5. Екі қолғапты да дез.ерітінді құйылған ыдысқа салады.
Ескерту: бір рет қолданылатын қолғаптарды дезинфекциялағаннан соң жояды,
ал көп рет қолданылатын қолғаптарды медициналық тағайындауларға арналған
құралдар сияқты өңделінеді.
Емшара бөлмесінде кәсіптік жұқтырулардың алдын-алу.
Емшара бөлмесінде жұмыс жасау кезінде пациенттің ақпаратты статусы
туралы білу мүмкін емес, сондықтан да Еліміздегі гепатитпен ауырытындардың
санын төмендету шаралдары туралы деген 12.07.89ж №408 бұйрықта ұсынылған
сақтану ережелеріне бағынуға тура келеді.
1. Жұмыс істеу кезінде бір рет қолданылатын құралдарды пайдаланған
дұрыс.
2. Құралдар 90100176 от 06.08.97 ж. СанПин Медициналық тағайындауға
арналған құралдарды стерилизациялау және дезинфекциялау бойынша
өңделінеді.
3. Пациенттің қаны және биологиялық сұйықтықтары арқылы аурулар жұғуы
мүмікн барлық манипуляцияларды орындағанда міндетті түрде латексті
қолғап, маска, клеенкалы фартук кию қажет
4. Қолды щеткамен жууға болмайды.
5. Қанмен былғанған құралдарды дезинфекциялық ерітіндіге салғаннан кейін
ғана тазалайды.
6. Жұмыс орнында жаңадан дайындалған дезинфекциялық ерітінділер, мақталы
дөңгелектер, пробиркалар, шприцтер, инелер және т.б. болу керек.
7. Емшара бөлмесінде аптечка болу керек.
8. Лабораторияға бағытталған жолдамаларды пробирканың ішіне салмай,
ыдыстың сыртына жабыстыру керек .
ВИЧ ке күдікті биологиялық сұйықтықтарға жатады:
- қан және оның компоненттері: жұлын (цереброспинальді) сұйықтығы:
амниатиялық сұйықтық; шәует;
- төс сүті; қынып бөлінділері; аяқ; сілекей; көз жасы; жыныс; асқазан сөлі.
4 Бөлім Науқас гигиенасы
Әр түрлі аурулардың ағымы мен соңына палатадағы гигиеналық жағдай, таза
төсек-орын және жеке бастың гигиенасын сақтау үлкен әсерін тигізеді.
Ауруханада жатқан науқастар уақытының көп бөлігін төсегінде өткізеді.
Кіші мейірбике науқастың төсекке ыңғайлы орналасуын, төсек жаймасының
тазалығын қадағалау керек.
Төсек жаймасы, көрпе-жастықтың тысы ақшыл түсті, таза болу қажет,
оларды апта сайын ауыстырады.
Нәжісі және зәрі еріксіз бөлінетін науқастарды үш бөлімнен тұратын
арнайы кереуетке жатқызады, оның ортаңғы бөліміне дәрет алу үшін қолданатын
судно қойылады, егер нақасқа жартылай отыру жағдайы қажет болса, науқастың
денесі сырғанамау үшін оның аяғына тіреуіш қойылады.
Кереуеттің қасында науқастың заттары қойылатын тумбчка тұрады, оның
биіктігі кереуеттің бойымен бірдей келу керек.
Төсек жаймасы және науқастың іш киімі гигиеналық ваннадан кейін
аптасына 1 рет ауыстырылады. Кейбір жағдайда кірленген кезде ауыстырады.
Кіші мейірбикеде таза төсек жаймасының бір күндік қоры болу керек.
Кірленген жаймаларды клеенкалы қапқа салып, дереу палатадан шығарады.
Жаймаларды жууға жіберерге дейін арнайы бакқа салады. Кіші мейірбике
халатын ауыстырып жаймаларды бірден сұрыптайды. Қан немесе басқа да
бөлінділермен былғанған жаймаларды алдымен хлорамин ерітіндісіне батырады,
одан кейін ғана жууға жібереді. Таза жуылған жаймаларды басқа бөлмеде
сақтайды. Бөлімшедегі жаймаларға шаруашылық мейірбикесі жауап береді, ол
таза жаймаларды таратып, кірленген жаймаларды жинап алады. Таңертең ерте
кіші мейірбике кір жаймаларды санап өткізіп, тазасын қабылдап алады.
Тері күтімі.
Гигиеналық ванна қабылдай алмайтын, төсекте ұзақ жатқан науқастардың
денесін суға немесе дезинфекциялық ерітінділерге: камфорлы спирт, әтір,
спирттің судағы ерітіндісі, сірке суына батырылған орамалмен сүртеді. Ол
үшін орамалдың бір ұшын дезинфекциялық ерітіндіге батырып, шамалы сығып,
құлағының артын, мойнын, арқасын, кеудесінің алдын және қолтық астын
сүртеді.Әсіресе сүт бездерінің астын мұқият сүрткен жөн. Құрғақ орамалмен
денесін осы реттілікпен құрғатып сүртеді. Төсекте ұзақ жатқан науқастарда,
әсіресе арқасымен жатса, тері ойылулары пайда болады. Сегізкөз және дененің
басқа да аймағында терінің қызаруы байқалса лимонды жартылай кесіп, оны
теріге жағы керек немесе дымқыл орамалмен құрғағанша сүртеді, одан соң
кварц шамымен сәулелендіреді және жүелі түрде терінің жағдайын қадағалап
отырады. Егер тері ойылуы пайда болса перманганат калий ертіндісімен
сүртіп, Вишневский майы, синтомицин эмульсиясы, перуан маймен пихтовый
бальзамның қоспасын қолданып терінің ойылған бөлігін таңады.
Тері ойылуының алдын-алу.
Мақсаты: тері ойылуларын болдырмау.
Көрсеткіш: Ұзақ төсек режимі, орталық және шеткері жүйке жүйесінің
зақымдалуы, организмдегі алмасу процессінің бұзылуы, зәр шығару жүйесінің
қызметінің бұзылуы.
Жабдықтар (стерильді): лоток, салфеткалар, пинцеттер, шынылы банка; 10%
камфорлы спирттің ерітіндісі немесе 40% этил спиртінің ерітіндісі; киім
және төсек жаймасы, қапталған дөңгелектер, поролонды мақта-дәкеле
сақиналар.
Міндетті жағдайлар: терінің бүтіндігі сақталу керек
Таблица 1
Этаптар Негіздеу
Дайындық
1.Мүмкін болса пациентпен сенімді Бірігіп жұмыс істеуге қатысуды
қатынас орнату. қамтамасыз ету.
2. Пациентке процедураның мақсатын Пациенттің ақпарат алу құқығын
түсіндіріп, оның келісімін алу. сақтау, жұмысқа бірігіп қатысу.
3. Тері ойылуы кездесетін дене Тері бүтіндігінің бұзылуын анықтап
бөлігін күнделікті қарау: сегізкөз, қарау. Тері ойылуларының пайда болу
өкше, жауырын, шүйде, ұршық аймағы, қаупі төмендейді.
сан сүйегі, тізі буынының ішкі
аймағын дене қалпін ауыстырған сайын
терідегі өзгерістерді бағалау.
Ескерту: терінің бозарған немесе
қызарған бөлігін байқасыңыз дереу
дәрігер шақыртып, алдын-алу және
емдеу шараларын бастау қажет.
4. Киім және төсек жаймаларындағы
қыртыстарды жазу.
5. Тамақтандырғаннан соң төсек
жаймасындағы қиқымдарды қағу.
6.Қолды жуып, кептіру. Мейірбикенің жеке гигиенасын сақтау.
Таблица 2
Орындау
1. Төсектегі пациенттің дене қалыпынДененің қысылу ұзақтығы төмендейді.
әр 2 сағат сайын ауыстыру, төсектен Денесінің қалыпын ауыстырғанда
денесін шамалы көтеру, әр бір қырынатерінің үйкелуі болмайды.
және ішіне кезектесіп аудару.
2. Жылы сабынды сумен терісі ойылуы Тері күтімін жүзеге асыру, оның
мүмкін дене аймақтарын сөткесіне 2 бүтіндігін сақтау. Инфицирленуді
рет сүрту. болдырмау.
3. Орамалмен құрғатып сүртіп, жылы Беткей капиллярларды кеңейту,
камфор немесе этил спиртіне терідегі қан айналымын жақсарту,
батырылған салфеткамен терінің қоректенуін қамтамасыз ету.
4. Қорғайтын кремдерді жағу.
5. Массаж жасау арқылы терісі ойылуыҚан айналымын жақсарту.
мүмкін аймақтардың жұмсақ тіндерін
уқалау.Сүйегі шығып тұратын
аймақтарға массаж жасалмайды.
6. Пациенттің сегізкөз аймағына Теріге түсетін қысымды азайту.
матамен қапталған поролонды
дөңгелекті қою.
7. Поролонды дөңгелектерді шынтақ
және өкше астына қою.
8. Терінің қысылуын төмендететін
жабдықтарды қолдану.
9. Тері ойылуының алдын-алу Науқасты үнемі күтуді қамтамасыз
шараларын науқастың туысқандарына ету.
және оны күтуге қатысатын адамдарға
үйрету.
Аяқтау
Қолды жуып, кептіру Инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз
ету.
Іш киімін ауыстыру.
Стационарда іш киімді гигиеналық ванна қабылдағаннан соң 7-10 күнде бір
рет ауыстырылады. Өте әлсіз, тершең және салақ науқастардың іш киімі жиі
ауыстырылады. Үстіндегі көйлегін шешу үшін мейірбике науқастың сегізкөзі
аймағынан көйлектің шетінен ұстап басына қарай қайырып, оның қолын
көтерген күйде қайырылған көйлекті алдымен мойны арқылы басынан, содан соң
қолынан шешеді. Көйлекті кигізгенде керісінше, алдымен қолынан, содан соң
басы арқылы кигізеді. Науқастың қолы жарақаттанған болса алдымен сау қолын
шешеді, кигізгенде алдымен жарақаттанған қолынан бастап кигізеді.
Төсек жаймасын ауыстыру.
Төсек жаймасын аптасына бір рет гигиеналық ваннандан кейін ауыстырады.
Кейбір жағдайда былғанған кезде қосымша ауыстырылады.
Бөлімшеде жаймалардың бір сөткелік қоры болу керек. Жаймаларды орталық
жылуландырудың радиаторына жайып кептіріп, қайта науқасқа беруге болмайды.
Ластанған жаймаларды клеенкалы қапқа салып дереу палатадан шығарады.
Жағдайы ауыр науқастардың төсек жаймасын мейірбике кіші мейірбикенің
көмегімен ауыстырады. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz