Қызға қырық үйден тыю



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Қызға қырық үйден тыю
тақырыбында дөңгелек үстел

Бекботырова Айнур Айтқожақызы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
7-8 сыныптар арасында

Қызға қырық үйден тыю
06.10.2022
Бекботырова Айнур Айтқожақызы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
7-8 сыныптар арасында
Қызға қырық үйден тыйым тақырыбында дөңгелек үстел
Дана халқымыз: Қыз өссе - елдiң көркi, гүл өссе - жердiң көркi, Шешесі отырып, қызы сөйлегеннен без, Қызым саған айтам, келінім сен тыңда демекші, ата-бабаларымыз қыз баланың тәртібі мен тәлім тәрбиесін жоғары бағалап, қыздарды адамгершілікке, ізгілікке, әдептілікке, ар-ұяттылыққа, нысаптылыққа, мәдениеттілікке, тәртіптілікке, еңбекшілдікке, сұлулыққа, сымбаттылыққа баулып отырған. Әрбір ата-ана Аллаһ тағаладан жақсы перзент беруін тілейді. Сол баланы тәрбиелеу, оны жетілдіру өте маңызды.
Қыз тәрбиесіне жалпы қатал болуымыз керек. Өйткені болашақ ана атағына ие қыздар тәрбиесі нәзіктікпен қоса қаталдықты талап ететін өзекті мәселе. Ата-бабамыз қыз тәрбиесіне ерекше мән беріп, олардың дұрыс жағдайда тәрбие алып, болашақта ата-анасының бетіне салық түсірмеуін қадағалаған.
Қызға қырық үйден тыйым салу
Қызға қырық үйден тыйым салу мәтелінің мағынасы неде? Осы орайда Уикипедия ашық энциклопедиясы мынадай анықтама беріпті: Қызға қырық үйден тыйым деп қазақ салт-дәстүрінде тәрбиелік ұғым, ұстанымды атайды. Жарыса сөйлеуге; жалғыз қыдыруға; жыртақтап күліп, сыпсыңдап сөйлеуге; орынсыз ұрынуға; басқаларға қол тигізуге; өтірік; өсекке; суық жүріс; сумаң қылыққа; кісіге қарай керіліп есінеуге; талтайып отыруға; шалқайып жатуға; тамақты обырлана асауға; ұрлық-қарлыққа; ұятты мүшелерін ашып жүруге; бұраңдап қылымсуға; қызыл іңірде жатуға; түске дейін ұйықтауға; кісі алдында киім ауыстыруға; салт-дәстүрден аттауға; елді ғайбаттауға; үлкендердің жолын кесіп; атын атауға; ішімдік ішу пен шылым шегуге; ұрыс-керіске; беттен алып, бет жыртысуға; қараулыққа, ысырапқа; рахымсыздық пен қатыгездікке; түнде суға жалғыз баруға; жат жыныстылармен араласып жатуға; күйеуге қашып тиюге; әдепсіз сөзге; тарс-тұрс етуге; адам мен жануарларды тебуге; кісіні қорлап жәбірлеуге; тәкаппарлық пен сайқымазақ жасауға; айқай-сүреңге; шектен тыс сыланып жасануға; қызғаншақтық пен күншілдікке; менмендік пен өзімшілдікке; алдап-арбауға; көрсеқызарлыққа; нәпсі құмарлыққа тыйым деп мұнда жалпы түсініктен гөрі тыйымдарды атап көрсеткен екен.
Қызға қырық үйден тыйым дейді қазақ. Бірақ соңғы кездері кәмелетке толмай ана атанушылар қатары артып отыр. Сондықтан болар нәрестелерін қоқыс жәшігіне немесе көпқабатты үйлердің кіреберісіне тастап кетті деген жаңалықтарды жиі еститін болдық. Мұндай жағдайлардың белең алуына не себеп немесе кім кінәлі? Расымен де, көше кезген қызды кінәлаймыз ба, тым еркінсіп кеткен қоғам ба, болмаса әлі санасы толық қалыптаспаған албырт жастықтың кесірі ме? Мүмкін ата-анасы, әлде ойнап-күлген ортасы кінәлі шығар? Ерте есейгісі кеп, киноларда көрген махаббатты бастан көшіруге асық болып, сезімнің жетегінде кетеді де, салдарынан опық жейді. Бар қадір-қасиетінен айрылған қыз ертеңгі күнінен күмәнмен қарап, әр түрлі ойлар арасында адасады. Бала тәрбиесіне келгенде, бірінші орында ата-ана жауапты дегенмен толық келісемін. Ата-ананың берген кішкене болса ақылы оның бойында жиырма төрт сағат емес, бүкіл ғұмыры бойында тәлім болып қалады. Шешеге қарап қыз өсер дейді. Біріншіден, ана қызымен сырлас болуы керек. Титімдей қызымен ол тақырыпта қалай сөйлесемін, біздің кезімізде ондай болмаған, ұят нәрсе деп жататындар да бар, бірақ қазір ол заман емес.
Тағы бір маңызды фактор бар, ол - бейнероликтер. Интернетте ғана емес, қарапайым теледидарда да осы күндері көретін де, көрмейтін де дүниелерді экраннан жарыққа шығара беретін болған. Осыны бірзаң жүзінде ретке келтірсе деп ойлаймын, мысалы ютубты көруге тыйым салған бірнеше мемлекет жайлы білеміз.
Ерте жүктіліктің немесе ерте жыныстық қатынастың алдын алатын бірегей әдіс жоқ, дегенмен солай екен деп аталмыш мәселені айналып кете алмайсың. Бұл жерде тек қыздың ерте ана болғаны емес, болашақ ұлттың тағдыры сөз етіліп жатыр. Бір нәрсе анық, ерте жастан жүкті болу мәселесіне бір жақты қарамау керек. Аяғының ауырлағанын білгеннен соң психологиялық зардап шегетіні тағы бар. Айтайын десе, анасынан артық сөз естігісі келмейді. Әдемі сөздерімен кезінде сүйген, күйген жігіт ізін суытып кетті. Сосын өзінше шешім қабылдайды. Тағдырыма жазылғаны осы шығар деп әр түрлі қатыгездікке барады. ҚР ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қыз әдебі
Қыз бала тәрбиесі қазақ халқында
Халықтық педагогиканың үздік дәстүрлері арқылы қыз балалар тәрбиесін арттырудың жолдары мен көздерін жан-жақты қарастыру
Қазақ отбасындағы қыз баланың ұлттық ерекшеліктері
Қыз бала тәрбиесі
Қыз бала - ұлттың ұяты, халықтың шырайы
Қазақтың ырым, тыйым сөздері
Ұлағат сөздер. Келін болу әдебі
Үш жұрт
Мәдениет, салт-дәстүрлер
Пәндер