Элементарлы өлшеу құралдары


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   
:
:
:
:
:
КЖ 1013000. 23. 18. ТХ: КЖ 1013000. 23. 18. ТХ
:
:
:
:
:
:
: Парақ
: № құжат
: Қолы
: Күні
: Дайындаған
: Сапиолла Н. Б
:
:
:

Элементарлы өлшеу

құралдары

КЖ 1013000. 23. 18. ТХ: Литер
Парақ
Парақтар
: Жетекші
: Ахметов А. Б.
:
:
:
КЖ 1013000. 23. 18. ТХ: У
2
38
:
:
:
:
: Ә. Мусин атындағы БГТК КИП-20-9
: Бақылау н.
: Жумартов Б. Ш
:
:
: Бекіткен
:
:
:

МАЗМҰНЫ

Кіріспе 1

1. ТАРАУ. ЖАЛПЫ ЭЛЕМЕНТАРЛЫ ӨЛШЕУ ҚҰРАЛДАРЫ. 2

1. 1 Өлшеу құралдары және түрлері.

1. 2 Элементарлы өлшеу құралдары. 5

1. 3 Өлшеу жəне бақылау құралдарының жалпы құрылымдық сұлбасы. 17

2. ТАРАУ. ӨЛШЕУ МЕН ОНЫҢ НЕГІЗГІ ОПЕРАЦИЯЛАРЫ . 23

2. 1 Өлшеу және оның негізгі операциялары.

2. 2 Өлшеу міндеттері. 27

2. 3 Өлшеу принциптері мен әдістері . 30

2. 4 Өлшеу аспаптары мен қондырғылары. 32

3. ТАРАУ. ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ. 34

3. 1 Еңбекті қорғау. Техникалық тәсілдер.

Қорытынды. 37

Қолданылған әдебиеттер. 38

Кіріспе

Өлшеу - адамның тәжірибелік әрекеттер теориясын біріктіретін табиғаттың адамға тағайындалған жолдарының бірі болып табылады. Ол ғылыми бөлімдердің бірі болып саналады, материалдық рессурстарды санау, өнімнің қажетті сапасын қамтамасыз ету, технологияны толығымен жетілдіру, өнімді автоматтандыру үшін және адам қызметінің көптеген басқа салалары үшін қызмет етеді. Өлшеу мен өлшеу техникасының теориялық негізі болып жалпы метрология жатады, ол объектінің қасиеттері мен берілген дәлділігі мен сенімділігі жөніндегі мөлшерлі ақпараттары алу үшін арналған пән болып табылады.

Метрология құралдары - бұл өлшеу құралдары мен метрологиялық стандарттардың рационалды түрде пайдалануын қамтамасыз ететін жиынтығы. Өлшеудің ғылыми аспектісінде олардың көмегімен ғылымда теория мен тәжірибенің байланысы жүзеге асырылады.

Өлшеу басқару немесе бақылау объектісі жөніндегі мөлшерлі ақпараттарды алуды қамтамасыз етеді, техникалық процестің барлық берілген шарттарын дәл көрсету, бұйымның жоғарғы сапасын қамтамасыз ету және объектіні тиімді түрде басқару мүмкін емес.

Берілген оқу құралы өлшеу мен құралдарын таңдап алу, әртүрлі физикалық шамаларды өлшеуге, өлшеу нәтижелерінің дәлдігін бағалауға байланысты өндірістік және ғылыми есептерді шешу үшін қажет білімдер мен дағдылық негіздерін беретін мәселелер қарастырылған.

Өлшеу техникасы метрологиялық эксперименттер жасау, өлшеу нәтижелерін өңдеу және метрологиялық жұмыстарды стандарттау мен сертификаттаудың жалпы ережелерін оқытатын ғылым ретіне де көзқарас қалыптастырады.

«Өлшеу» ұғымы әртүрлі ғылым (математика, физика, химия, психология, экономика және т. б. ) салаларында кездеседі және олардың әрқайсысында ол әртүрлі түсіндірілуі мүмкін. Бұл курста автоматтандыру мен басқару саласында физикалық шамаларды өлшеуге қатысты мәселелер ғана қарастырылады.

Кез-келген өнімді өндіру бірнеше өлшеулер жүргізу арқылы жасалынады. Өлшеу арқылы өнімнің сапасына, өлшем бірліктеріне басқада қасиеттеріне қойылатын талаптар анықталады.

Метрология және өлшеудің негізі ғылыми-өндірістік мәслелелерді шешу барысында қажетті өлшеу әдістерін, жабдықтарын дұрыс, нақты таңдауға мүмкіндік беретін білім мен дағдылар негізін үйрету.

1. ТАРАУ. ЖАЛПЫ ЭЛЕМЕНТАРЛЫ ӨЛШЕУ ҚҰРАЛДАРЫ.

1. 1 Өлшеу құралдары және түрлері.

Өлшеу құралдары - бұл өлшеуге арналған техникалық құрал (немесе олардық кешені), олардың белгілі уақыт аралығында өлшемі өзгермейтін (орнатылған қателіктер аралығында) физикалық шама бірлігін сақтайтын және (немесе) көрсететін мөлшерленген метрологиялық сипаттамалары болады. Өлшеу құралдарын калибрлеу - бұл мемлекеттік қадағалауға жатпайтын өлшеу құралдарының жарамдылығы мен нағыз метрологиялық сипаттамасын қою мақсатымен этолон көмегімен анықталған сәйкес шама мәні мен өлшеу құралдарымен алынған шама мәні арасындағы қатынасты қоятын операциялық жиынтығы. Өлшеу құралдарын калибрлеу өткізуге бекітілген тәртіпте аккредиттеуден өткен метрологиялық қызымет бөлімшесінің заңды тұлғаларының құқысы бар. Өлшеу құралдарын сынау - оларды сынау кезінде сыналатын объектіге әртүрлі сынау әсерлер (пайдалану кезінде оларға әсер ететін әсерлер) қолдану арқылы бекітілген нормаларға сәйкестілік дәрежесін анықтау үшін өткізілетін операциялар жинағы. Өлшем (мера) - берілген мөлшердің физикалық шамасын қайта қалпына келтіруге арналған өлшеу құралдары.
Мысалыға тұрақты сыйымдылықты конденсатор бір мән өлшем рөлін атқарады, ал айнымалы сыйымдылықты конденсатор көп мәнді. Өлшеу приборлар - бақылаушымен тікелей қабылдай алатын түрдегі, өлшеу ақпарат сапасын жасауға арналған өлшеу құралы. мөлшеу приборлары ұқсастықты және санды көрсететін жіне жазушы болуы мүмкін. Өлшеу қондырғысы - бір жерде орналасқан және бақылаушымен тікелей қабылдауға ыңғайлы түрдегі өлшеу ақпарат сигналын
жасауға арналған құралдары мен көмекші құралдар. Бақылау - өлшеудің бір түрі, мұнда физикалық шаманың жеткілікті мәнге сәйкестігін анықтайды.

Метрология - бұл қажетті дәлдікті алу амалдары мен бірлікті қамтамасыз ететін құралдар мен әдістер және өлшем туралы ғылым.

Метрология үш бөлімнен тұрады: теориялық, заң шығарушы және қолданбалы метрология.

Теориялық метрология - метрология дамудың іргелі негізін, физикалық тұрақты шама бірлігінің жүйесін жасаумен және жаңа өлшеу әдістерін дамытумен айналысады.

Заң шығарушы метрология - мемлекетте қолданылатын өлшеу лабараториялары, өлшеу құралдары, өлшеу әдістері мен өлшем бірлігі мен рұқсат етілген мемлекеттік талаптарды орнатады.

Қолданбалы метрология - әртүрлі саладағы теориялық және заң шығарушы метрологияның практикалық қолдануын жүзеге асырады.

Практикалық жұмыста өлшемді қолданбайтын ешқандай облыс жоқ, егер де ол кезде өлшем бірлігі мен өлшенетін ауқымның арасындағы қатынас табылатын болса, қандай да болсын реттеу, бақылау, жоспарлау, болжау анализдері кезінде, өнімнің сапасы мен өлшемі туралы, дайын өнім мен техникалық опперациялардың жүруі туралы және барлық өндіру цикілі туралы нақты мәліметтер болуы керек. Бұндай мәліметтерді олар параметралері мен көрсеткіштердің, әр түрлі физикалық шамалардың едәуір санын өлшеу жолымен алады. Қажетті нақты алынған өлшеу мәліметтері, дұрыс шешімді қабылдауды қамтамасыз етеді. Дұрыс емес мәлімет өнім сапасының төмендеуіне, аварияларға, ғылыми-зерттеу кезінде дұрыс емес шешімдерге, пайдалы кеңдер қорын дұрыс емес бағалауына, сауда-коммерциялық операциялар кезінде есептен жеп қоюына әкеп соғады. Өлшемге бірдей көзқарас келісуші мәліметпен алмасуды, өлшеу құралдары мен әдістерін стандартизациялау мүмкіндігін, халықаралық сауда алмасу жүесіндегі сыналған өнім мен өлшеу нәтижелерін келісіліп қолдау кепілін береді. Барлық мамандарылған метрологтардың өлшемдері кезінде (техникалық құралдармен өлшенген кездегі табылатын мән) алынған мәндері дұрыс деп үміттенеді. Алынған өлшеу нәтижелеріндегі үміттін жоқтығы ғана, оларды қайта өлшеп, басқа мамандар мен өлшеу лабараторияларын қатыстырады. Н. И. Тюриннің «Метрологияға кіріспе» кітабында «өлшеу қандай болсын мұқияттықпен өткізілгенімен, қандай да болсын нақты өлшеу құралдарын қолданғанымен өлшемнің нақты мәнін алу мүмкін емес» деп жазған, яғни өлшем мәнінің қателігі нөлге тең болмайды. Ықтималдық теориясы алынған өлшемді өлшенетін мәннің нақтысына жақындауына мүмкіндік береді, және де ықтималдық теориясы бізді шектен шықпайтын ықтималдық қателік шекарасын бағалауды үйретті. Өлшемнің дұрыстығы алынған өлшем нәтижелерінің сенімділік деңгейімен сипатталады. Міне осы өлшеу негізіне алынған.

Егер де біз өлшем туралы нақты және толық мәліметті білмесек, ғылыми-зерттеу жұмыстардағы жетістіктеріміз, ғарышты танып білуіміз, барлық салалардағы өнімнің сенімділігін қамтамасыз ететін жаңа техналогиялар мен материалдарды құру мүмкін емес болушы еді. Көп жағдайларда қиын мәселелерді, әр түрлі жердегі, әр түрлі уақыттағы әр түрлі өлшеу құралдарының қолдануымен алынған өлшемдердің көп болуы негізінде шешуге болады. Бұндай мәндерді тек қана олардың бір-біріне жарампаздық шарты кезінде ғана қолданылады. Дәлдікті бір-біріне жарампаздықты, өлшемнің нақтылығын жоғарлатуын өндірістің автоматизациясы мәжбүр етеді. Мәселенің неғұрлым қиындығы, метрология мәндері соғұрлым көп болады. Барлық әрекеттер өлшемсіз мүмкін емес. Көп өндіріс салаларында өлшемге байланысты жыл сайын шығын көлемі 30%-ті құрайды.

Метрологияны қамтамасыз етудегі үлкен мәнді, энергетикалық, материалдық және т. б. ресурстардың үнемдеу мәселесін иеленеді, себебі өлшемнің нақты есебін, үнемдеу мен су ресурстарын, мұнай және мұнай өнімдерін, газ, электрлік және жылу энергетикасының материалдар құндылықтарын жоғалтпау негізі болып табылады. Қазіргі таразы құралдарының қателігі мынандай: өлшеу процесінде өндірістің барлық өлшенген өнімнен 1% аңғарылмай қалады. Мұнай, газ, жанар майдың көп мөлшері ескерілмейді. Егер электрлік энергия счетчигінің қателігі - 2% болса, онда 2% энергия ескерілмей қалады. Егер де осы пайызды дән, мұнай, газ, болат, шойын үшін тоннада; электр энергиясы үшін килловатта берілсе онда жыл сайынғы шығын миллиондаған теңгені құрайды. Егер дәлдік есебі екі есе ғана болса, онда өнім мен материалдың үлкен саны есептеледі. Метрологиялық қызметтін жоқ болуы, өлшем бірлігін қамтамасыз ету шартының бұзылуы өнім сапасын бақылау кезіндегі техналогиялық процесстерді реттеу, ауруларды емдеу мен диагностика кезіндегі және т. б. өлшеулер үлкен шығынға әкеледі.

Өнімді өндіру кезінде тек қана дайын өнімнің сапасын бағалау кезінде өлшеу күйін ескеріп қана қоймай, сонымен қатар белсенді бақылау құралының көмегімен, техналогиялық процесстердің өзінде сапа көрсеткіштерін бағалау мүмкіндігі мен өлшеу күйін де ескеру керек. Жаңа бұйымды жасамас бұрын, техналогиялық процесстегі өндірістің метрологиялық жағынан дайындық мәселелерін шешіп, сынау мен өлшеу құралдарын жасау және аттестациялау әдістерін қолдану қажет. Медицинадағы метрологияның мәні өте үлкен. Медициналық өлшеу және сынау құралдарының (адамға қалпына келтіретін әсер жасаушы) үлкен саны шығарылды. Медицинадағы өлшеулер гигиенада, терапия және диагностика кезінде өткізіледі. Биалогиялық объект параметрлерінің өлшеу көрсеткіштері бойынша адамның барлық және жеке мүшелерінің қызметі мен жұмысқа қабілеттігі туралы пікір айтады. Биалогиялық объектіні емдеу мақсатымен өткізілетін тарапта жанама ықпал етеді, оның параметрлері өлшеу жолымен қадағалап, нормаланған болуы керек. Жанама ықпалы мен ағза параметрлерінің өлшемдері нәтижесі бойынша емдеу жолының дұрыстығы мен іс-әрекеттердің тиімді ықпал етуі туралы қортынды жасайды.

Гигиенада ағзаға қоршаған ортаның (су, ауа және т. б. ) әсері зерттеледі, ол үшін көп өлшемдер жүргізіледі. Оператор алынған өлшеу нәтижелерінде күмәні болмауы керек. Ол үшін эксплуатация кезінде үнемі слыстырып тексеруден өтетін, метрологиялық аттестациясы бар, сынаудан өткен өлшеу құралдарын ғана қолдану керек. Өлшеу кезіндегі әдіс, метрологиялық аттестация мен регистрациядан өтуі керек. Аттестациялық әдістің талаптарын ескеріп, қолданған опператор өзінің өлшеу нәтижелерінің дұрыстығында сенімді болуға болады және егер де оның қателігі берілген шектен шықпаса. Барлық бағыттағы объектілерде заң шығарушы метрологияның негізін біліп, теориялық метрологияны жетілдіре біліп, осының бәрін практикада қолдана алатын мамандар болуы керек (басты метролог, өлшеу күйі үшін жауап беруші, өлшемдерді қамтамасыз ететін операторлар) . Өлшемді өткізу шығындары, өндірілетін өнімді жасау үшін жалпы шығынның бөлігін құрайды. Өлшеу кез-келген өндіріс бұйымы үшін қадағалау, сынау, дайындау және жобалаудың барлық деңгейлерінен өтетді. Өлшеу техникасының даму деңгейіне байланысты (өлшеу құралдары мен техникасы) өндірісі дамыған мемлекеттердің техникалық және ғылыми потенциалының көрсеткіші бағаланады.

Өлшем (физикалық шаманың өлшемі, ҚР СТ 2. 1-2000) деп берілген мөлшердегі физикалық шаманы жаңғырту (сақтау) үшін қолданылатын өлшем құралы. Өлшемнің бұл құралдарына кірлер, ұзындықтық ұштың өлшемдері, т. б. жатады. Тәжірибеде бір мәнді және көп мәнді өлшемдер, сондай-ақ өлшемдер жиыны және магазині қолданылады. Бір мәнді өлшемдер бір мөлшердегі шамаларды жаңғыртады (кірлер) . Көп мәнді өлшемдер физикалық шаманың бірнеше өлшемдерін бейнелейді. Мысалы, миллиметрлік сызғыш заттың ұзындығын сантиметрмен де, миллиметрмен де көрсете алады. Өлшемнің жиындары мен магазиндері шаманың кейбір аралық немесе қосынды мәндерін бейнелеуге мүмкіндік алу үшін бір мәнді және көп мәнді өлшемдердің бірігуін көрсетеді. Өлшемдер жиыны әртүрлі мөлшердегі біртекті өлшемдердің жиынтығын көрсетеді, ол жиынды қолдануға мүмкіндік береді, мысалы, лабораториялық кір жиыны. Өлшемдер магазині - бір механикалық бүтінге конструктивті біріктірілген өлшемдер магазині. Бір мәнді өлшемдерге стандартты үлгілер және стандартты заттар жатады. Стандартты үлгі - белгілі бір сипаттаманың сандық мәнін орнату мақсатында метрологиялық аттестациялауға ұшырайтын, қажетті түрде рәсімделген заттың белгілі мөлшері (пробасы) . Бұл сипаттама (немесе қасиет) сыртқы ортаның белгіленген жағдайларында мәні белгілі шама болып табылады. Мұндай үлгілерге, мысалы, қаттылықтың нақтымәндері бар минералдар жиыны жатады. Олар осы параметрді басқа минералдарда анықтау үшін пайдаланылады (Моос шкаласы) .

Өлшемдерді пайдаланғанда немесе жұмыс істегенде көбінесе басты назарды олардың номиналды және нақты мәндерін, сондай-ақ өлшем қателігі мен разрядын (дәрежесін) ескеру қажет. Номиналды деп өлшемде көрсетілген мәнді атайды. Өлшемнің нақты мәні ресми эталонды пайдаланған жоғары сапалы өлшеу нәтижесі ретінде арнайы куәлікте көрсетілуі керек. Номиналды және нақты мәндердің айырмасы өлшемнің қателігі деп аталады. Қателікке таңбасы бойынша қарама-қарсы шама өлшемде көрсетілген номиналды мәнге түзетуді білдіреді. Аттестациялау кезінде қателіктер табылуы мүмкін болғандықтан, өлшемдер разрядтарға бөлінеді (1, 2-разрядты) және разрядты эталондар деп аталады (үлгіліөлшеуішқұралдар) . Оларды өлшем құралдарды салыстырып тексеру үшін пайдаланады. Өлшем қателіктерінің шамасы өлшемдерді топтарға (кластарға) бөлу үшін негіз болады.

1. 2 Элементарлы өлшеу құралдары.

Ғылым мен техниканың әртүрлі облыстарда қолданылуына сәйкес өлшеу құралдары сан алуан. Бірақ бұл сан алаунның ішінен қолданылу облысына тәуелсіз өлшеу құралдарының жалпы қасиеттерін бөліп алуға болады.

Өлшеу бірлігін қамтамасыз ететін жүйедегі рөлі бойынша өлшеу құралдары төмендегідей бөлінеді:

· метрологиялық , метрологиялық мақсаттар үшін арналған - бірліктің шығарылуы және (немесе) жұмысшы өлшеу құралдарына бірліктің өлшемін жіберу және сақтау;

· жұмысшы , бірліктің өлшемін беруімен байланысы жоқ өлщеулерде қолданылады.

Практикада қолданылатын өлшеу құралдарының көпшілігі екінші топқа жатады. Метрологиялық өлшеу құралдары айтарлықтай көп емес. Олар арнайы мамандандырыған ғылыми-зерттеу орталықтарда жасалады, өндіріледі және эксплуатацияланады.

Автоматизация днңгейі бойынша барлық өлшеу құралдары 3 топқа бөлінеді:

· автоматты емес;

· автоматтандырылған, өлшеу операцияларының бір немесе басқа бөлігін автоматты режимде жүргізіледі;

· автоматты, автоматты режимде өлшеулердің нәтижелерімен, тіркелуімен, басқарушы сигналдардың өндірілуімен байланысты барлық операцияларды жүргізеді.

Қазіргі кезде автоматтандырыған өлшеу құралдары кең таралған. Бұл өлшеу құралдарында электронды және микропроцессорлы техниканың қолданылуымен байланысты.

Стандартизация деңгейіне байланысты өлшеу құралдары төмендегідей бөлінеді:

· стандартизацияланған, мемлекттік және салалық стандарттың талаптарына сәйкес жасалған;

· (бірден-бір) , стандартизацияда талаптары міндетті емес арнайы өлшеу есептерді шешуге арналған.

Өлшеу құралдарының негізгі көпшілігі стандартизацияланған болып табылады. Олар өнеркәсіпті орындарда сериялармен шығарылады және міндетті түрде мемлекеттік сынақтардан өтеді. Стандартизациялабаған өлшеу құралдары мамандандырылған ғылыми-зерттеу орындарында өндіріледі және жағыз (дара) данада шығады. Олар мемлекттік сынақтан өтпейді, олардың сипаттамалары метрологиялық аттестацияда анықталады.

Өлшенетін физикалық шамаға байланысты өлшеу құралдары бөлінеді:

· негізгі - бұл мәні өлшеу есебіне сәйкес алынатын физикалық шаманың өлшеу құралдары;

· көмекші - бұл негізгі өлшеу құралына немесе өлшеу объектісіне әсерін өлшеудің талап етілетін дәлдікте нәтижесін алу үшін ескерілуі қажет физикалық шаманың өлшеу құралдары.

Элементарлы өлшеу құралдары тура өлшеудің жеке операцияларын жасау үшін арналған.

Өлшем бұл өлшеу құралы, берілген өлшемдегі физикалық шаманы сақтайды және жасайды. Мысалы, масса өлшемі - кір, индуктивтілік өлшемі - үлгілі индуктивтілік катушкасы.

Өлшемдер бірөшемді және өпөлшемді болады:

· бірөлшемді , бір өлшемді физикалық шамалар. Мысалы, кір, калибр, қаттылық үлгілері, кедергі катушкасы;

· көпөлшемді , әртүрлі өлшемдегі физикалық шамалар. Мысалы, соңғы өлшемдер жиынтығы, айнымалы сыйымдылық конденсаторы, өлшеу сызғыштары.

Бұдан басқа, өлшемдер жиынтығы, өлшемдер магазины, орнатыатын, енгізілетін жәнеішіне салынған өлшемдер де бар.

Өлшемдер жиынтығы

Тек қана жеке емес, керісінше, әртүрлі өлшемдегі аттас қатарларды жасау үшін әртүрлі бірігулермен қоланылатын біртипті элементтердің арнайы таңдалған жиынтығы, мысалы, өлшеу резисторларының немесе конденсаторларының жиынтығы.

Өлшемдер магазины өлшемдер магазинының құраушыларын керекті бірігулерде біріктіретін, есептеуші құрылғымен бйланысқан қарапайым немесе автоматизацияланған қосқыштарды біріктіру мүмкіндігі қарастырылған конструкциялы бір құрылғыға біріктірілген өлшемдер жиынтығы. Осындай принциппен электр кедергілер магазины жасалған.

Салыстыру құрылғысы (компаратор) - біртекті шамалардың өлшемдерін немесе өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін бір-бірімен салыстыру мүмкіндігін беретін өлшеу құралы. Мысалға алатын болсақ: рычагты таразы, оның бір табақшасына үлгілі кір, ал екіншісіне - өлшенетін зат салынады. Қарапайым өлшеу құралдарына қатысты қарағанда компаратор рөлін адамның сезу мүшелері ақара алады, негізгісі көру, мысалы, аспаптың сілтеуішінің және оның шкаласына қойлған бөлу санының арасындағы ауытқу.

http://elib.kstu.kz/fulltext/books/2017/ITPS/Ayzhambaeva/%D0%A2%D0%B5%D0%BE%D1%80%D0%B8%D1%8F/lek6.files/image001.jpg

1. 1-сурет - Өлшеу процессі мен атқаратын қызметі бойынша өлшеу құралдарының классификациясы

Өлшеу түрлендіргіші - өлшеу құралы, жіберу, түлендіру, өңдеу және сақтау үшін ыңғайлы формадағы өлшеу ақпаратын өңдеуге арналған, бірақ бақылаушының қабылдауына берілмейді. Өлшеу түлендіргіштері өлшеу құралдарының құрамына кірумен қатар жеке өз бетінше де қолданыла алады. Бұл өлшеу трансформаторлары және күшейткіштер, қысым түрлендіргіштері.

Кешенді өлшеу құралдары барлық өлшеу процедурасын жүзеге асыруға раналған. Оларға өлшеу аспаптары, өлшеу орнатулары, өлшеу жүйелері және өлшеу - есептеуіш кешендер жатады.

Өлшеу аспабы - өлшеу құралы, бақылаушының қабылдауына жетерліктей формада өлшеу ақпаратының арнайы түрдегі сигналын өндіру үшін арналған.

Электронды техникада, радиотехникалық тізбектерде, құрылғыларда және жүйелерде, сонымен қатар байланыс жүйелерінде өлшеу ақпаратының сигналы электрлік сигналы болып табылады, ол өлшенетін физикалық шамамен функционалды байланысты. Өлшеу құралының кіріс электрік сигналының ақпараттаушы параметрі болып кіріс сигналының параметрі қызмет етеді, ол өлшенетін физикалық шамамен және оның жіберілуіне қолданылатын мәні немесе өлшеу шамасының өзімен функционалды байланысты.

Өлшеу аспаптарын спецификалық сипаттар қатары бойынша классификациялау қабылданған.

Өлшенетін шаманың индикациялық формасы бойынша өлшеу асапатарын ажыратады:

· Көрсететін, өлшенетін шаманың көрсетуінің тек есептеуін ғана жібереді. Мысалы, бағыттауышты немесе цифрлі вольтметр;

· Тіркеуші бір немесе басқа ақпаратты тасымалдаушының көрсетуінің тіркелуін қарастырады, мысалы, қағаз лентадағы. Өздігінен жазылатын және басылатын аспаптар болып бөлінеді.

Өздігінен жазылатын өлшеу аспап - тіркеуші аспап, мұнда көрсетулер диаграмма түрінде қарастырылады.

Басылатын (терілетін) өлшеу аспап - тіркеуші өлшеу аспабы, мұнда көрсету басылымы цифрлі формада қарастырылады.

Өлшенетін шаманың түрленетін әдісі аспаптарды тура, компенсацияланған, (теңестірілетін) және аралас түрлену бойынша ажыратады.

Тағайындалуы бойынша өлшеу аспаптары амперметрлерге, вольтметрлерге, омметрлерге және т. б бөлінеді.

Қолданылатын өлшеу сигналдарының түрлену формасы бойынша аспаптарды аналогты және цифрлы түрге бөлінеді.

Аналогты өлшеуіш аспап - өлшеу құралы, оның көрсетілуі өлшенетін шаманың өзгерісінің үзіліссіз функциясы болып табылады.

Аналогты аспаптарды әр түрлі өлшеу мақсаттар бойынша төрт негізгі топқа бөлінеді.

Біріншіге - ең үлкеніне - сигналдардың параметрлері мен сипаттамаларын өлшеу аспаптары кіреді (мысалы, осциллографтар, вольтметрлер, жиілік өлшеуіштер және т. б) .

Екінші топты құрайтындар электр схемаларының активті және пассивті элементтерінің параметрлері мен сипаттамаларын өлшеуге арналған аспаптар. Бұл - кедергіні, сыйымдылықты, индуктивтілікті, микросхеманың параметрлерін, транзисторларды өлшеуіштер, сонымен қатар жиілікті және ауыспалы сипаттамаларды көрсететін аспаптар.

Үшінші топ - өлшеу генераторлары, олар әртүрлі амплитуданың, форманың және жиіліктің сигналдарының көзі болып табылады.

Төртінші топқа өлшеуіш схемалардың түрлендіргіштер және т. б. сияқты элементтері кіреді.

Цифрлі өлшеуіш аспап деп - көрсетілімі цифрлі формада берілген, өлшеуіш ақпараттың дискретті сигналдарын автоматты түрде жасап шығарушы өлшеу құралын айтады.

Цифрлі өлшеуіш аспаптар аналогты өлшеуіш аспаптарға қарағанда төмендегідей артықшылықтарымен ерекшеленеді:

· Өлшенетін шаманың есебінің объективтілігі және ыңғайлы;

· Өлшеу нәтижелерінің жоғарғы дәлдігі;

· Жоғарғы шешуші қабілетілігінде кең динамикалық диапазон;

· Элетромеханикалық қозғалмалы элементтердің болмауынан жоғары тез әсер етушілік;

· Өлшеу процессінің автоматизациясының мүмкіндігі;

· Конструкциялау және дайындау кезінде микроэлектрониканың жаңа жетістіктерін қолдану мүмкіндіктері;

· Ішкі механикалық және климаттық әсерлерге жоғары тұрақтылық.

Әсер теу принципі бойынша өлшеу аспаптарын төменде келтіргендей кластар қатарына бөледі:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Макарон зауытының өндірістік желілерін автоматтандыруды зерттеу
Химиялық тін талшықтарын өлшеу аспапатары
Күкіртті алудың шикізат температурасын жоғарлатумен термиялық сатыдағы шығымын жоғарлату жолдары
Дене сапасының дамуын бақылау
Табиғи талшықтарға түсінік
Радиациялық экологияның теориялық негіздері
Мектеп жасына дейінгі балалардың элементарлы математикалық түсініктерін қалыптастыру негіздері
Демэкология популяциялар экологиясы
ЭЕМ даму тарихы. Есептеу машиналарының даму бағыттары
Калориметр
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz