Философияның қалыптасуының негізгі кезеңдері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Философияның қалыптасуының негізгі кезеңдері

Сабақтың мақсаты мен міндеттері:

Философияның қалыптасуының негізгі кезеңдерін қарастырып, негізгі мәселелерін анықтау .

Сабақтың жоспары:

1. Философияның үш ірі ошағы.

2. Антика заманының философиясы.

3. Орта ғасырлық философиясы.

4. Орта Азия халықтарының философиясы.

5. Қайта Өрлеу дәуірінің философиясы.

6. Жаңа заман философиясы.

7. ХІХ ғасырдағы қазақ ағартушыларының дүниетанымдық көзқарасы.

Сабақтың мазмұны:

Философия тарихын зерттеудің басты мәселесі - тарихта өткен философтардың ой-пікірлерін, тұжырымдары мен айқындамаларын белгілі бір білімдік жүйеге лайықтап, осы заманға бұрмаламай жеткізу. Философияның үш ірі ошағы: Қытай, Үндістан, Греция.
Ежелгі Үнді философиясы

Біздің жыл санауымыздан үш мыңдай жыл бұрын Ежелгі Үнді жерінде қауымдық қоғам ыдырап, оның орнына құлдық қоғам қалыптаса бастады. Осыған орай ежелгі үнді қоғамы төрт варнаға (каста) бөлінді. Олар: брахмандар (абыздар), кшатрийлер (әскербасылар), вайшьилер (ауқатты шаруалар) және шудралар (құлдар) . Әр варна тұйықталған әлеуметтік топ болды да, әрқайсысы қоғамда өзіне тиесілі орын алды және өздеріне ғана тән дәстүрлі қызметтері болды.

Ежелгі Қытай философиясы

Ежелгі Қытай мемлекеті - шын мәніндегі шығыстық деспотия болатын. Мемлекет басшысы - әрі патша, әрі абыз және жалғыз ғана жер иесі болды.
Б. д. д. үшінші ғасырдың аяғында пайда болған Ежелгі Қытай философиясы кейінірек негізі алты философиялық бағытқа - мектептерге бөлінді. Олар: конфуцийшылдық, моизм, заң мектебі (легистер), даосизм, тұрпайы философтар (натурфилософия) және Атаулар мектебі.
Конфуцийшылдық.

Антика заманының философиясы (б. д. д. VІІ-VІ ғғ. )

Б. д. д. VІІ-V ғғ. антикалық рухани даму мифологиялық, діни көзқарастан ғылыми, философиялық көзқарасқа қарай бағытталды. Бұл кезеңді антикалық философия тарихында Сократқа дейінгі, ал б. д. д. V-ІІІ ғасыр ойшылдардың мәнділіктің генетикалық бастамасын, түпнегізін жалпы дүниетанымдық көзқарастың негізі етіп алып, оны өзінің категориялық аппараты тұрғысынан түсіндіріп, философиялық ойлауды биік деңгейге көтеруіне байланысты кезеңді - Сократтан кейінгі немесе классикалық кезең деп екіге бөледі.
Сократқа дейінгі кезеңде дүниеге келген алғашқы философиялық мектеп Кіші Азияда шыққан Милет мектебі болды. Оның негізін қалаушы Милет қаласында өмір сүрген, жеті данышпан қатарына жататын солардың ішінде ең сыйлысы Фалес болды (шамамен б. д. д. 625-547 ж. ж. ) . Ол «Бастама туралы», «Күн туралы», «Күн мен түннің теңесуі туралы», «Теңіз астрологиясы» деген еңбектер жазған, бірақ олар біздің заманымызға жетпеген. Фалестің ілімінше, барлық денелердің генетикалық бастамасы - су.
Фалестің ілімін әрі қарай оның шәкірті және жолын қуушы Анаксимандр (шамамен б. д. д. 611-545 ж. ж. ) жалғастырды. Негізгі еңбектері: «Табиғат туралы», «Жер картасы», «Глобус». Анаксимандр барлық денелердің бастамасын сол денелердің түпнегізі (субстанция) сатысына дейін көтереді. Бастаманы ол заттардың түпнегізі - айперонмен теңестіреді. Олай болса, айперон бастама да, түпнегіз де.

Анаксимандр ілімін әрі қарай оның шәкірті Анаксимен (б. д. д. VІ ғ. ортасы) жалғастырды. Негізгі еңбегі - «Табиғат туралы». Анаксимен барлық денелердің негізі деп ауаны айтады. Ауа - шексіз (аепейрос) .

Орта ғасырлық философия

Орта Азия халықтарының философиясы

Орта ғасырлық Шығыста VІІІ-ІХ ғасырларда Батыс Еуропаның мәдениеттік даму деңгейі төмен дәрежеде қалып қойған кезде араб тілді философия, араб мәдениеті кең өркен жайды. Ол ислам дінінің пайда болуымен де байланысты болды.
Феодализм дәуірінде ортағасырлық өркениеттің бір ошағы болған Орта Азияда әл-Хорезми (ІХ ғ. ), әл-Фараби (870-950 ж. шамасы), әл-Бируни (973-1037 ж. шамасы), Ибн Сина (Авиценна, 980-1037 ж. шамасы), Омар Хайям (1040-1123) сияқты өз заманының ғұлама ғалымдары, ірі философ, ойшылдары өмір сүрді.

ІХ-Х ғ. Орта Азия халықтары араб халифатының үстемдігінен құтылып, жергілікті феодалдық мемлекеттер пайда болды. Осы кезде мұнда жаратылыстану ғылымдары айтарлықтай күшті дамыды.

Қайта Өрлеу дәуірінің философиясы

ХV ғасырдың аяғында өндірістің, сауданың, әскери саланың жедел қарқынымен өсуі - техниканың, табиғаттану ғылымдарының, математиканың, механиканың дамуына себепші болды. Қолөнер өндірісінен машина өндірісіне өту басталды. Капиталистік өндірістік қатынастардың одан әрі дамуы ХV ғ. аяғы мен XVI ғ. басында ұлы географиялық жаңалықтардың ашылуына алып келді. Мұның бәрі сайып келгенде ақыл-ойдың схоластикалық ойлаудан азат болып, дүниетанудың жаратылыстану ғылыми тәсілдеріне көшуін талап етті. Бұл бағытты Қайта өрлеу дәуірінің аса ірі ойшылдары Н. Кузанский (1401-1464), Н. Коперник (1473-1543), Дж. Бруно (1548-1600), Г. Галилей (1564-1642) және т. б. жақтады. Бұл дәуірде жаңа мәдениет - гуманизм пайда болды.

XVII ғасырдағы ғылыми революция және философия

Жаңа заман философиясы мен мәдениетінің дамуына Ренессанс (Жаңғыру) үлкен ықпалын тигізді. Ренессанс дәуірінде білімнің қарқынды дамуы, антик мәдениетін қайта жаңғырту, жаратылыстанымдық ғылымдардың пайда болуы сияқты құбылыстар орын алды. XVI-XVII ғ. ғ. Батыс Еуропадағы дамыған елдерде феодалдық қоғамдық қатынастар біртіндеп ыдырап, капиталистік өндірістік қарым-қатынастар өмірге келіп, жаңа қоғамдық тап-буржуазия дербес әлеуметтік күшке айнала бастады. XVII ғасырдағы материализм механистік және метафизикалық сипатта болды, өйткені ол кездегі ең дамыған ғылымдар механика мен математика еді. Сондықтан философияның ғылымға қатынасын анықтау көптеген философтардың маңызды міндетіне айналды. Осыған орай философ-эмпитистер Локк және Юм, трансценденталист Кант философия мен жаратылыстану арасындағы шекараны демаркациялау туралы мәселені шешумен айналысты.

Ағартушылық философиясы және француз материализмі

XVII-XVIII ғ. ғ. алғашында Англияда, содан соң Францияда, кейінен Германияда феодалдық қоғам идеологиясына қарсы, адамның ақыл-ой бостандығы үшін күресте ағартушылық деп аталатын кең ауқымды философиялық ағым пайда болды.

Ағылшын ағартушысы Дж. Толанд (1670-1722), француз ағартушылары Гассенди (1592-1655), Монтескье (1689-1755), Вольтер (1694-1778), Кондильяк (1715-1780), Руссо (1712-1778), неміс ағартушылары Х. Вольф (1679-1754), Лессинг (1729-1781), Гете (1748-1832), т. б. діни сенімге шек қойып, ақыл-ой мен ғылыми дүниеге көзқарасқа кең жол ашу, моральды діннің «қамқоршылығынан» азат ету, сөйтіп, ақыл-ойдың табиғи дамуына жол ашу үшін күресті.

Классикалық неміс философиясы

Классикалық неміс философиясының негізін салушы И. Кант (1724-1804) болды. Өзінің творчестволық қызметінің бастапқы кезеңінде И. Кант жаратылыстану мәселелерін зерттеп, оларды материалистік тұрғыдан шешті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ортағасырлық Батыс және Шығыс философиясы
Ежелгi Үндi философиясы туралы ақпарат
Антикалық философия жайлы
Философия дүниетанымның өзегі ретінде
Қазақ философиясының қалыптасуының тарихи ерекшелектері
Будда философиясы
Қазақ халқының ұлттық санасын қалыптастырудағы қазақ ойшылдарының әлеуметтік-саяси идеялары
Әлеуметтанудың тарихи даму кезеңдерін кесте бойынша жүйелеу
Философия пәнінен лекциялық тезистер
Зар заман философиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz