Философияның пәні мен әдісі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Философияның пәні мен әдісі
Лекция жоспары:
1. Философия және дүниетаным
2. Дүниенің ғылыми, философиялық, діни бейнелері
3. Мифология, дін және философия. Қоғам дамуындағы мифтің рөлі
4. Философияның пәні, қызметтері, міндеттері мен алатын орныЛекция мәтіні:
Кез келген адамның өзін қоршаған дүние жөнінде қалыптасқан белгілі бір көзқарасы болады, бірақ ол көзқарас көбінесе теориялық жағынан ой жіберілмеген, негізделмеген, түрлі қарама-қайшы түсініктердің үзінділерінен құралады. Ал, философия болса табиғат, қоғам, адам және оның дүниедегі орны жөніндегі идеялардың, көзқарастар мен түсініктердің жәй ғана жиынтығы емес, олардың жүйелі системасы. Дүниеге философиялық көзқарас жәй өз принциптерін жариялап, оларды адамдардың санасына сіңіріп қана қоймай, ол принциптерді дәлелдеп, логикалық тұрғыдан қорытып шығарады.
Демек, философия дүниеге ғылыми көзқарастың, ойлаудың, диалектикалық жүйесін жасап, болашаққа сеніммен қарауды қалыптастырады. Бұл іліммен қарулану, әсіресе, қазіргі өмірді революциялық қайта құру процесіне бірден-бір сәйкес және қажет ілім. Философияның методикалық принциптерін негізге алу өмір талабы. Сонымен қатар, қазіргі демократия, жариялыққа сәйкес, ол бұрынғы өмірден алшақтықтан, догматизмнен тазарып, шыңдала түсуде.
Ертең халық шаруашылығының тұтқасын ұстап, ел тағдырын шешуге, қоғам дамуының жауапкершілігін мойнына алуға ұмтылған әрбір жас үшін философия пәнін оқып үйрену қажет. Онсыз мынау күрделі, сан-салалы, қатпар-қатпар дүниенің, бүкіл әлемнің ішкі сырын, табиғатын, дамуының мән-мағынасын ұғыну мүмкін емес. Философияны оқып үйрену іске творчестволықпен қараудың ойлана-толғана білудің түрлі құбылыстарды талдап, маңыздысын ажырата білудің, ой-өрісі кеңейтудің, жан-жақтылық пен жоғары мәдениеттің кепілі.
Философия дегеніміз табиғаттың, қоғамның және адам ой-жүйесінің дамуының жалпы заңдарын зерттейтін ілім. Бұл анықтамадан көріп отырғанымыздай философия пәнінің басты ерекшелігі әлемді, бүкіл дүниені тұтас қарастыратындығында, оның ішкі байланысын өзара қарым-қатынасын, қарама-қайшылығын біртұтас алып көрсететіндігінде жатыр.
Философия - бұл ғылыми жүйелердің көнесі. Ол қауымдық құрылыс ыдырап, қоғам құл иленушілік дәуірге аяқ басар мезгілде мифологиялық діни түсініктермен күрес барысында қалыптасып, сол кездегі пайда болған барлық білімнің басын құрады. Көне грек тілінен аударғанда философия ұғымы данышпандыққа құштарлық деген мағына береді. Жалпы философия өте ертедегі көне дүние Үндістанда, Қытайда, Орта Азияда туды, ал Грецияда тұңғыш рет біркелкі жүйеге түсірілді. Философияның одан әрі дамуы, философиялық түсініктер мен ұғымдардың көбейе түсуі, тереңдеуі, баюы әр түрлі философиялық теориялар мен бағыттардың пайда болуына негіз қалады.
Айталық, философияның негізгі салалары ретінде: Онтология - болмыс туралы немесе бүкіл тіршіліктің мәні туралы ілім; гносеология - таным теориясы; логика - дұрыс, яғни байланысты, дәйекті, дәлелді ойлаудың формалары туралы ғылым; тарих философиясы этика, эстетика, т.с.с. пәндер қалыптасты. Философиядан нақты ғылыми пәндер: математика, медицина, астрономия, табиғат тану, қоғамтану, тарих т.б. бөлініп шықты. Философия дүниетанымдық, методологикалық жүйе болып қалды. Өйткені, ол дүниенің, бізді қоршаған орта: табиғат пен қоғамның және адам дамуының жалпы заңдылықтарын зерттейді. Сондықтан, философияның маңызын, құрылымын, пәнін тереңдеп білу үшін, ең әуелі, оның дүниеге көзқарас ұғымымен байланысын, арақатынасын өзара байланысын білген жөн.

Дүниеге көзқарас дегеніміз - айнала қоршаған орта, бүкіл әлем тұтас дүние туралы, ондағы адамның орны, тіршіліктің мән-мағынасы туралы көзқарастардың, пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы. Дүниеге көзқарас одан қоғаммен бірге пайда болған қоғамдық тарихи құбылыс.
Оның шығуының қайнар көзі, адамның тіршілік болмысы. Расында, дүниенің пайда болуы, оның эволюциялық тұрғыдан жетілу ерекшеліктері, адамның дүниедегі орны, болмыстың мән-жайы, адамзат өніп-өсуінің сипаты мен бағдары сияқты мәселелер қай дәуірде де адамдарды толғандырып, көкейлерінен кетпейді, ізденіске салды. Сөйтіп әлем құбылыстарын түсіндіруге талпынған әрекеттер дами берді. Ал қоғамдық өмірдің ілгері басуы, бір кезеңнен екіншісіне өтуі, олардың сабақтастығы, өмір салтының материалдық және рухани деңгейінің жоғарлауы яғни еңбек өнімділігінің артып, тәжірибесінің молаюы дүниге көзқарастық ұғымдарды молайта береді. Үсті-үстіне жаңа түсініктер мен ұғымдар пайда болып, дамып жатты. Айталық, материя, сана, кеңістік, қарама-қайшылық, т.с.с. ұғымдар туралы түсініктер дамып, тереңдетіліп отырды.
Дүниеге көзқарастың негізгі ұғымдары дүние және адам. Олар ажырамас диалектикалық бірлікте. Яғни адамның бөлектенген дүние және табиғат, сондай-ақ сыртқы дүниемен салыстырылмаған адамның іс-әрекеті, ішкі рухани өмірі, әрқайсысы өз бетінше дүниеге көзқарасты құрай алмайды. Дүниеге қатынасы арқылы адам өзінің тағдыры мен өмірлік позициясы, сүйіспеншілігі мен сенімі туралы белгілі бір көзқарастар туралы түсініктер тиянақталынады. Осыдан келіп, дүниеге көзқараста біріншіден, әлем, табиғат және қоғам туралы, оларды бірлігі туралы, екіншіден адам және оның дүниедегі орны туралы, үшіншіден, болмыс пен болашақтың мән жайы туралы көңілге қонымды түсініктер қалыптаса бастады. Дүниеге көзқарастың тұтастығын құрастыратын негіз. Ертедегі ойшылдар тек білім ғана нақтылықты жоятынын, қала берсе халық пен халықты теңестіретін күш екеніне кәміл сенді. Ештеңе білмейтін және бірдеңе білейін деп талпынбайтын адам - өте нашар адам деп ертедегі грек философы Платон бекер айтпаған. Әл-Фараби бабамыз айтқандай: Білімді болу деген сөз - белгісіз нәрсені ашу, игеру қабілетіне ие болу деген сөз. Ал халқымыз Білімді ырыс қазығы дейді. Білім тереңдеген сайын, ғылыми арнаға түскен сайын одан бастау алатын дүниеге көзқарас та нақтыланып, екшеленіп, жүйелік, тұрақтылық сипатқа ие болады. Білім адамның көкірегіне қоныс теуіп, санасына ұялап, оның өмір тәжірбиесінің елегінен өтіп барып, сенімге айналды.
Сенім - дегеніміз көзқарастың түп қазығы, бағыттаушысы адамның өз позициясына, тоқыған ойына, істеген ісіне, ұмтылған мұрат-мақсатына деген беріктігі. Сенімі берік адамның көзқарасы, дүниетанымы нақты, ісі қонымды, бағыты қашан да айқын.
Дүниеге көзқарас адам қызметіне, оның белсенділігі мен әлеуметтік бағдарына шешуші ықпал тигізеді. Сондай-ақ дүниеге көзқарастың қалыптасуы дамуының өзі табиғи, әлеуметтік және нақ-ты мәдени ортаға тәуелді. Осы тұрғыдан алғанда дүниеге көзқарасты ғылыми және ғылыми емес деп бөлуге болады.
Дүниеге көзқарастың кең тараған түрі ғылыми емес, қарапайым көзқарастар. Олар күнделікті қызмет әрекет барысында қалыптасады, өмірдің қалған салаларына назар аудармайды, жеке дәлелдерден нәр алап, олардың сапалық ерекшеліктерін ескере бермейді. Дәйекті білімнен гөрі, жалпылама, сыдырта білімпаздық басым. Сөйтіп қарапайым дүниетанымда мифологиялық, діни және ғылыми көзқарастар, материалистік және идеалистік ұғымдар араласып, шатасып жатады. Ал тарихи тұрғыдан алғанда қоғамдық өмірдің болмысы мен санасының жетілу дәрежесіне байланысы дүниеге көзқарастың мифологиялық, діни, натурфилософиялық және философиялық түрлері қалыптасты. Адамзат қоғамымен бірге қалып-тасқан дүниеге мифологиялық көзқарасқа тән нәрсе - адам қоршаған ортада өзін ажырата алмауы, құбылыстардың құрамындағы ұқсастықты ғана пайымдау, сананың, өнердің, дәстүрдің бір ғана сипатына - символдық қызметіне ерекше көңіл бөлу. Осыдан келіп, мифтік көзқараста білімсіздік, ырымшылдық, аңқаулық, алданушылық, бұрмалаушылық пен соқыр сенім әлементтері қат-қабатымен кезігеді. Миф - адамның қауымдық алғашқы қалыптасуының көрінісі. Ол ешбір құбылыстың түп негізін, шығу себебін ашпайды. Тек ғажайып құбылыстарға көңіл аударады, оларды сол күйінде ұғынуды, қабылдауды талап етеді.
Дүниеге діни көзқарас мифологиялық сананың табиғи жалғасы. Дүниеге діни көзқарас табиғаттан тыс құдіретті күшке адамның мүлтіксіз бағынуын уағыздайды. Адам санасында табиғи құбылыстардың бұрмаланған бейнесін туғызады, оның табиғатын өзгерту мүмкіндігінен шеттетуге бейімдейді. Мифология мен діни сананың кемістіктеріне қарсы күресті біршама батылдықпен жүргізген натуралистік философия болды. Ол жеке жаратылыстану ғылымдарының тұжырымдарына сүйене отырып, табиғат туралы тұтас көзқарас қалыптастыруға тырысты. Бірақ онда дүниені өзгермейтін нәрсе ретінде қарастыру басым еді.
Натуралистік дүниеге көзқараста жаратушының даралығын дәлелдейтін тұжырымдар да аз емес. Әйтсе де ХVІІІ-ХІХ ғасырларда бұл дүниетанымда табиғатқа деген материалистік көзқарас жүйеге келтірілді. Дегенмен, ақиқатын айтқан жөн, нақты ой философиялық ой толғамдар мен тұжырымдар таптық қоғамның орнығу барысында, яғни ертедегі Қытай Греция, Үнді елдерінде айқынырақ қалыптасты. Осы кезеңдегі экономика мен мәдениет ошақтары ірі-ірі қалаларында шоғырланды. Жерге жеке меншік орнады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Философия пәні: ұғымы мен мазмұны
Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философияның пәні мен әдісі
Философия, оның проблемалары және қоғамдағы ролі
Философия ғылымдары кіші функцияны зерттеу пәні философияның негізгі мәселесінің аспектісі
Философия пәнінен оқу-әдістемелік кешені
Философия: пәні мен функциясы
Философия және мәдениет
Философия ұғымы, мақсаты және міндеті
Декартта жеке модустардың сипаты болса, Спиноза ілімінде бүкіл субстанцияның қасиеті
Ғылым философиясы мен тарихы пәні
Пәндер