Қазақстандағы педагогика - психология ғылымдарының іргетасын қалаушы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Картинки по запросу әл фараби университет

Факультеті Философия және саясаттану

СӨЖ

Тақырыбы: XIX-XX ғасырдағы көрнекті психологтардың өмірлік және кәсіби жолдары»

Орындаған:Құмарова Нұрай

Тексерген:Муса. Қ. М

Психологияның негізгі ұғымдарын түсіну 3 категорияны біріктіреді: психикалық процестер, психологиялық қалыптар, психологиялық қасиеттер немесе жеке адам ерекшеліктері.

Психологиялық процестерге әрқашан танымдық процестері жатады: түйсіну, қабылдау (сезімдердің пайда болуы, олардың динамикасы қажеттіліктердің қанағаттануына тәуелді) .

Психологиялық қалыптарға сезімдерді сезіну (көңіл-күй, аффектілер), зейін (жинақталған, шашыраңқы), ерік (сенімділік, сенімсіздік) жатады. Психологиялық қасиеттерге немесе жеке адамның ерекшеліктеріне ми санасы, ойы, ерік тұрақтылығының ерекшеліктері, мінезі, темпераменті, қабілеттілігі, сезім қасиеттері (қызбалылық, синтементалдылық немесе аяушылық) жатады.

Психологияның жалпы ғылыми білімдер жүйесіндегі қызметі - зерттеу объекті адам, оның психикалық процестері, қалыптары және қасиеттері, болғандықтан дүниедегі барлық ғылымдар жүйелерінің зерттеу объектісі адам. Сондықтан, психология ғылымдар жүйесінде ең маңызды және ортаңғы орын алады. Психология физиологиясымен, тарих, экономика этнография, әлеуметтану, өнертану, педагогика, заң және т. б. зерттеулеріндегі проблемалар әрдайым психологиямен тікелей байланысты. Психологияның басты салалары: жас ерекшелік және педагогикалық психология, әлеуметтік психология.

Бірінші кезең, басқа ғылымдар аясында психология ілімінің біздің дəуірімізге дейінгі IV-V ғ. ғ. - XIX ғ-дың 60-шы жылдары қалыптасуы. Бұл шамамен 2400 жылдай уақытқа созылды. Философиялық ілім тарихындағы Аристотель зерттеулері психология бағытын да (348- 322) кеңінен қамтыды. Осынау сан ғасырлық ауқымды кезеңге əр кезде өмір сүрген ғалымдар, атап айтқанда, Герофил, Эразистарт, Гиппократ, Демокрит, Гален, Гераклит, Декарт, Геббос, Спиноза, Лейбниц, Руссо, Дидро, Кант, Гегель, т. б. ғұламалардың адам жан дүниесінің қыры мен сыры туралы небір сындарлы пікірлерін та- рихи дерек көздеріндегі алғашқы еңбектерге жатқызуға болады. Мəселен, Аристотель өзінің «Жан туралы трактатында» жан тəннің өмір сүруінің формасы екендігін, мұның өзі ес, қиял, ойлау, эмоция, секілді процестерге бөлінетіндігінін айтса, келесі грек ғұламасы Де- мокрит (460-370) жанды заттың атомдары секілді өсіп, өшіп отыра- тын үлкен қозғалыста болатын қасиет деп түсіндіреді.

Сонымен қатар, ежелгі Грек философтары психиканы түсіндіру амалын отпен немесе бумен салыстырудан іздеді. Мысалы, Гераклиттің түсіндіруі бойынша барлық əлем оттан пайда болады, «жан» ылғалдан буланып шығады, мұнда жанның құрғақ буы оның даналылығын қамтамасыз етеді. Ал ылғалдылық жанды ауырлатып, оның мерт болуы сұйыққа айналдырады деп есептеді.

Ал француз ғалымы Рене Декарт, (1596-1650) жануар сыртқы ортаның əсеріне рефлекс (жүйке жүйесінің қызметі) арқылы енеді десе, ал Бендикт Спиноза (1632-1667) адамның еркі мен эмоциясы

2. 1 Психодиагностиканың қалыптасу тарихы

11

(аффект, құмарлық жəне т. б. ) дене қызметімен тығыз байланыста болатындығы жайлы терең түйін айтқан.

Шығыс əлемінде жан туралы ғылыми пікірлерді ұлы ғұламалар Əбу Нəсір əл-Фараби (870-950) мен Əбу Əли ибн Сина (980-1037) . Ж. Баласағұн, əл-Ғазали, Ибн Рашид, Ита Баджа, т. б. қостаған.

Екінші кезең, психология өз алдына дербес ғылым ретінде XIX ғасырдың 60-шы жылдарынан қазіргі кезеңге дейін қалыптасады. 1870 жылы неміс ғалымы Вильгельм Вундт (1832-1920) Лейп- циг қаласында тұңғыш лаборатория ұйымдастырып, психикалық құбылыстарды арнаулы құрал-жабдықтар мен аспаптардың көмегімен зерттеуге болатындығын дəлелдеп, мұның дербес эксперименттік (тəжірибелік) ғылым болуына жол ашты.

XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басында атақты пси- холог Г. Эббингауз психология тарихына қысқаша жəне нақты анықтама берген. Ол психология ғылымының зерттеу пəні бойынша психикалық құбылыстардың тарихи даму кезеңдерін қарастырды. Осы көзқарас бойынша психология тарихын шартты түрде төрт кезеңге бөлуге болады: Бірінші кезеңде - психология жан туралы ғылым, екінші кезеңде сана туралы ғылым, үшінші кезеңде - мінез- құлық туралы ғылым, төртінші кезеңде - психика туралы ғылым болып қалыптасады.

Осы заманғы психодиагностиканың тарихы XIX ғасырдың I ширегінен басталады, яғни алғашқы кезеңде психологиялық білімдер клиникалық негізде қалыптасты. Бұл кезең дəрігерлердің адамдар туралы эмпирикалық психологияның білім негізінде ай- нала бастауына негізделеді. Дəрігер психиаторлар Европа клини- каларында жеке адамға жүйелі бақылау жүргізе бастады жəне өз бақылауларын қорытындылап, оның жан-жақты талдауларын жа- сады. Психодиагностиканың бақылау жүргізу құжаттары туралы əдісі осы кезеңдерде пайда болды. Психодиагностиканың сандық əдісінің құрылу бастамасын XIX ғасырдың II ширегінен санауға болады. Сол кезде көрнекті неміс психологы Вильгельм Вундтың басшылығымен əлемде бірінші эксперименталдық лаборато- рия құрылды. Онда психологиялық зерттеуді нақты ұйымдастыру мақсатында техникалық жабдықтар мен құралдар қолданыла ба- стады. Бұл кезеңде физикалық жəне психикалық құбылыстар арасындағы сандық байланыс көрсетіліп, амалдарды құруды көздеген психофизиологиялық заңның ашылуына негізделді. Негізгі психофизиологиялық заң психологиялық құбылыстарды

12

өлшеуге мүмкіндік туғызады жəне бұл түйсікті өлшеу үшін субъекті шкаланың құрылуына əкелді. Бұл заңмен сəйкес өлшеу объектісінің негізі адамның түйсігі болды жəне XIX ғасырдың аяғына дейін практикалық психодиагностика түйсікті өлшеумен шектелді. Негізгі психологиялық процестерге, қасиеттерге жəне адамның күйіне жа- насатын психодиагностиканың қазіргі əдістерінің қалыптаса бастау кезеңін XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басы деп қарастырамыз. Психологиялық қызмет орталықтары əртүрлі мемлекеттерде құрылған арнайы лабораториялар болып табылды. Оның ішінде, бірінші басымдылық неміс университетіне берілді. Бірақ Ресей, АҚШ, Англия жəне Италия мемлекеттерінде де диагностикалық зерттеулер кеңінен ұйымдастырыла бастады.

Ф. Гальтон лабароториясында қолданылған тесттерді ауқымды түрде құрастыра бастады. Мысалы, ұзындықты көзбен айыруға арналған Гальтон сызғышы, дауыс биіктігін қабылдау шегін анықтауға арналған Гальтон ысқырығы жəне сенсорлық айырмашылықтар тестін адам интеллектісін бағалау құралы ретінде қарайтын құралдар. Мұнда ол Локк ілімдері негізінде идиопатия кезінде адамның жылы, суық, ауруды айыру қабілеті бұзылатынын дəлелдеуге ұмтылды. Сонымен қатар, бақылауда «интеллектуалды дарындыларда сенсорлық айыру қабілеті өте жоғары болуы керектігіне» көз жеткізді. Гальтон бағалау шка- ласын, сауалнама жүргізу, тəуелсіз ассоциациялар техникасы

13

жəне математикалық статистика əдісінде осы кезеңдерде алғаш рет қолданған болатын. Ол математикалық дайындығы нашар зерттелушілерге ақыл-ойды дамытушы тапсырмалар беру арқылы қызығушылығын тудыра отырып, еркін орындау мүмкіндіктерін берді. Сол кездері Гальтонның ассоциативті эксперименті белгілі бола бастады. Тəжірибиенің мазмұны мен өткізілу ба- рысына тоқталар болсақ, ол 75 сөзден тұратын тізімді құрады. Зерттелуші секундомерге қарай отырып сөздерді бір қайтара оқып шығып, оны жасыру арқылы сол сөздің мағынасына келетін ассоциациялық сөздерді тізеді. Бұл зерттелушілердің сөйлеу ассоциациясын шынайы түрде құруға мүмкіндік береді. Кейіннен бұл əдісті неміс психиатры Эббингауз эксперимен- талды психологияда есті тəжірибелік түрде зерттеу еңбегінде қолданған болатын. Психодиагнгостика тарихындағы мұндай эксперименталды жəне математикалық əдістер дифференциал- ды психологияның пайда болуына өзіндік себебін тигізді. Осы əдістер топ құрамындағы адамдардың жеке айырмашылықтарын айқын көруге мүмкіндік берді. Эббингауз өзінің есте сақтау ту- ралы еңбектерінде оқылған материалдың толық сақталуын, есіне түсуін қамтитын, математикалық заңдылықтарды анықтау тəжірибелерін жинақтады. Ол адамдардың ассоциациясын туғызбайтын тітіркендіру қасиетін ескерді. Эббингауз психоло- гия ғылымының тарихында алғаш рет тəжірибе жүргізуде сандық талдау қорытындыларының өзіндік психикалық объективтік заңдылықтарын ашты.

Қазақстан ғалымы Белгілі мемлекет қоғам қайраткері, Қазақ ССР ғылым академиясының академигі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Төлеген Тәжібаев (1910-1964) республи- камыздағы Халық ағарту ісін ұйымдастырушылар мен басқарушылардың бірі болды. Қазақстандағы педагогика-психология ғылымдарының іргетасын қалаушы.

Ол 1910 жылы ақпан айының 23 жұлдызында Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданында дүниеге келді. Шымкенттегі педагогика техникумын, Москвадағы Н. К. Круп- ская атындағы коммунистік тәрбие академиясын үздік дипломмен бітірді, соңғы білім ордасындағы психология кафедрасының аспирантурасына қалдырып, 1938 жылы «К. Д. Ушинскийдің педагогикалық психологиясы» деген тақырыпта диссертациялық жұмысын ойдағыдай қорғады. Ұстаздық жолын Абай атындағы Қазақ педагогика институтының педагогика және психология кафедрасынан бастады. Доценті, меңгерушісі болды. Ал, одан соң республика Халық ағарту комиссарының бірінші орынбасары, Халық ағарту комиссары, Қазақ ССР Халық Комиссарлары советі Председателінің орынбасары, Қазақ ССР Сыртқы істер министрі қызметтерін атқарды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отбасындағы бала тәрбиесі
Қазақстандағы мектепке дейінгі педагогика
Әлеуметтанудың объектісі мен пәні
Әлеуметтану және экономика ғылымы
Қазақ тілін оқыту әдістемесіне үлес қосқан жалпы қазақ ғалымдар еңбектерінің сипаттамасы
Қазақстанда психологияны оқыту тарихы
ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі Қазақстандағы өріс алған оқу-ағарту, тәлім-тәрбиенің жәй-жапсары
Л.С.Выготскийдің оқыту және дамыту жөніндегі тұжырымдары
Төлеген Тәжібаевтың еңбектері
Биофизика саласындағы отандық және шетелдік ғалымдар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz