Деңгей өлшейтін техникалық құралдар. Сұйық және сусымалы орталардың мөлшерлеу құралдары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Деңгей өлшейтін техникалық құралдар.Сұйық және сусымалы орталардың мөлшерлеу құралдары.
Жабдықтың жұмыс істеу қауіпсіздігі шартында деңгейді белгілі бір жағдайда ұстап тұру және технологиялық процесстерді автоматтандыруда сұйықтың деңгейін өлшеу маңызды мәселе боп табылады.Деңгей өлшегіштер деңгейдің номинал шамадан ауытқуын бақылауда және (бұл кезде екі беттік шкала қолданылады.)сұйықтың сандық мөлшерін өлшеуде қолданылады (бір беттік шкала қолданылады.)Өлшеу шарттарына бақыланатын орта сипатына байланысты деңгей өлшеудің әр түрлі әдістері бар.
Егер көрсеткіштерді дистанционды беру қажеттілігі болмаса сұйықтың деңгейін визуалды санаушы бар деңгей өлшеуіштерімен өлшеуге болады. Дистанционды деңгей өлшеуде күрделі деңгей өлшеуіштер қолданылады:гидростатикалық(дифмоно метрлі және барботамды), буйкалы және қалтқылы сыйымдылықты индуктивті ,радиоизотропты ,толқындық,акустикалық,термокондукт ометрлік.
Қатты сусымалы материалдарды автоматты мөлшерлеу сусымалы материалдардың лездік мағынасын және массасын өлшеуге негізделген.Осыған байланысты мөлшерлегіштер үздіксіз жұмыс істейтін және порционды деп бөлінеді.Порционды мөлшерлегіштер салмақтық құрылғылар боп табылады,химиясы бар қалыптау әдісі бойынша олар рычакты,пружиналы,пневматикалық және тензаметрлік сезімтал элементтері бар,аралас боп бөлінеді. Өлшеудің жоғарғы дәлдігі талап етілген кезде салмақтық құрылғыларда қолданылатын пружиналы бір қалыптастыратын механизмдер жүзеге асады.Үздіксіз және автоматты порционды жүйелерде дистанционды беру көрсеткіші бар,электрлік немесе пневматикалық сигналдарды түрлендіретін күші бар құрылғылары мен қамтамасыз етіледі.Автоматты процесстерді мөлшерлегіштер рычакты салмақты базада орындалады,олар материалдық белгілі бір санын анықтауда керек.Сусымалы заттарды автоматты мөлшерлегіштер үздіксіз қозғалыста және олар қатты заттың лездік шығынын өлшеп тіркейді.Олар техникалық процесстердегі сусымалы заттардың ағындарының өзара қаттамасы мен белгілі бір ағымдарды тұрақтауда қолданылады.Олардың арасындағы ең көп таралған түрі автоэлекторлы металы салмақтық мөлшерлегіштер боп табылады.Мұнда материал үздіксіз түрде ленталы транспортта өлшеніп отырады,алынған нәтижелер оның мағынасын ашады.
13.3 суретіндегі үздіксіз қозғалыстағы ленталы автоматты мөлшерлегіштің принциптауды схемасы көрсетілген.Ленталы транспортир (1)2-4 салмақтық құрылғы рычак жүйелеріне ілінген .
Транспортир шамасындағы (5)редуктор мен элетрқозғалтқыш арқылы лента қозғалтқышқа келеді.(6)қоректендіргіш арқылы бункерден сусымалы материал қозғалып тұрған лентаға беріледі.Транспортирдағы материал салмағы (7)жүктеме арқылы қалыптандырылады.Материалдық салмағы өзгертілетін болса( 4 )рычакпен( 8) дифференциалды - трансфорталы типті датчигінің плунжері орын ауыстырады.Ол( 9 ) екіншілік аспапқа қосылған,аспаптық мағынасында салмақтау өзгерісіне пропорционал сигнал пайда болады.Бұл сигнал Gсалмақтық шығынның берілген мәні енгізілетін электрлік реттеуіш (10)-ға беріледі
Электровибрациялы қоректендіргішке реттеуші әсер етеді.Лентадағы материал салмағы азайтылса,реттеуіштегі ауытқу сигналы вибратордың тербеліс амплитудасын көбейтеді,осыдан тепе-теңдік жағдайға жеткенше материал беріле береді.Электровибратор 1 мм амплитудамен және 50 Гц жиілікте тербеледі.Вибратордың электромагнитіндегі катушкалардың тоқтарын өзгерту арқылы тербеліс амплитудаларының өзгеруін көруге болады.
Лентаның қозғалысының жылдамдығы тұрақты жағдайда Gt(кгс) мөлшерлеуіш арқылы салмақтың шығын Gt=qr Vr za тең.
Мұнда qr-лентадағы ауыспалы материалдың ығыстыру массасы. Кгм
Vr - лентаның қозғалу жылдамдығы. мс
Әртүрлі автоматты ленталы мөлшерлегіштің өнімділігі сағатына бірнеше киллограмнан бірнеше тоннаға дейін болады,негізгі өлшеу қателігі 1-2% тен аспайды.
Деңгей датчиктер.
Ультрадыбысты деңгей датчиктері ДУУ2.,ДУУ4.
Датчиктер сұйық өнімдердің,қышқылдардың еріткіштердің және т.б агрессивті орталар мен температура,бақыланатын орталарды өлшеу және үздіксіз бақылау үшін қолданылады.
Олар сұйық өнімдерлі контактілі және автоматты түрде өлшей алады.Сонымен қатар бір нүктедегі бақыланатын ортаның температурасын өлшей алады.
Жұмыс істеу принципі.Өнімнің деңгейін өлшеу болат сым арқылы өтетін қысқа импульс уақытын өлшеумен жүзеге асады.Сымның ұзындығы бойынша катушка оралған,осы катушкада магнитті өрісті тудыра отырып,тоқ импульсі жүреді.
Датчиктер мынадан тұрады:
-сезімтал элемент (сэ)
-оған сезімтал элемент ілінген қалтқыдан.
-пьезоэлементті қосатын біріншілік түрлендіргіштен.
Датчиктер цангілі механизмдер көмегімен сезімтал элементтің ұзындығын қосымша реттейтін мүмкіндігі бар.
Қалтқылы деңгей өлшеуіштер. Атмосфералық қысыммен жұмыс істейтін ыдыстардағы сұйық деңгейін өлшейтін қарапайым аспаптарға қалтқылы деңгей өлшеуіштер жатады. Олардың әрекет принципі бақыланатын сұйық бетіндегі қалтқының ыдыстағы сұйық деңгейі өзгерген кезіндегі ығысуына негізделеді (6.1 сурет). Ыдыстағы сұйық бетінде (1) жүзіп жүретін қалтқы (2) ролик (4) арқылы қалтқы мен тросты теңгеретін жүкке (6) троспен (3) жалғанған. Жүкке бекітілген стрелка шкаладан (5) ыдыстағы сұйықтың деңгейін көрсетеді. Қалтқылы деңгей өлшеуіштер өлшеу дәлдігі аса қажет болмаған жағдайда пайдаланылады.
Электрлік деңгей өлшеуіштер. Мұндай деңгей өлшеуіштердің (кондуктометрлік және сыйымдылық) жұмыс істеу принципінің негізіне актив омдық кедергінің не сыйымдылықтың бақыланатын орта деңгейіне тәуелділігі алынған.

Мембранды деңгей өлшеуіш. Бұл құрылғылар сусымалы заттардың және астықтың деңгейін өлшеуге қолданылады. Бункердің қабырғасына бекітілген астық деңгейінің мембранды сигнализаторында, астық қысымы қатты металл дискімені 2 иілгіш мембранаға 1 әсер етеді және оны серіппенің 3 күшімен алмастырады. Мембрананың астындағы астық биіктігі 150 мм болғанда контактінің іске қосылуы жүру керек.
Гидростатикалық деңгей өлшеуіш. Бұл құрылғының жұмыс принципі сұйыққа жүктелген денеге әсер ететін сұйық бағанының қысымын өлшеуге негізделген. Тамақ неркәсібінде буйкалы және пъезометрлік гидростатикалық деңгей өлшеуіштер кеңінен қолданылады.
Буйкалы деңгей өлшеуіштің жұмыс принципі сұйыққа жүктелген буйкаға әсер ететін итергіш күшті өлшеуге ненгізделген. Бұл күш ретінде серіппенің немесе оратылған торсинді түтіктің тығыз күші қолданылады.
Пъезометрлік гидростатикалық деңгей өлшеуіштерсұйық толтырылған резервуарға орналастырылған түтікті көрсетеді, оның деңгейі өлшенеді. Бұл түтік арқылы ауа үрленеді, ол сұйық арқылы көпіршік түрінде өтеді. Түтіктегі ауа қысымы ρ сұйық деңгейінің өлшемі болып табылады. Мұнда сұйық тығыздығының әсерін ρ ескеру керек, өйткені ρ=ρgH.
Электрлік деңгей өлшеуіш. Мұнда деңгейді өлшеу датчиктің сезімтал элементінің көмегімен электр сигналына түрлендіреді, ол қандай да бір электр өлшеу аспабымен өлшенеді. Мұнда ортаның электрлік қасиеттері қолданылады: электрөткізгіштік, диэлектрлік өтімсділік және т.б.
Акустикалық (ультрадыбысты) деңгей өлшеуіш. Бұл аспаптар дыбыстық тербеліс қасиетіне негізделген, ортаның бөлігінің шегінің түрлі акустикалық кедергісіне байланысты. Ультрадыбысты деңгей өлшеуіштің ерекшелігіне олардың өлшенетін ортаның қасиетінің өзгерісіне сезімталдылығының жоқтығын жатқызуға болады, мысалы, үлкен температуралық диапазон, жоғарғы сенімділік
Радиоизотопты деңгей өлшеуіш. Бұл аспаптарда сәулелену қабылдағышына (детекторға) берілетін иондалатын сәуленің ағынының қарқындылығына байланысты, өлшенетін ортаның деңгейіне байланысты.

Деңгей өлшеу үшін арналған құрал және әдістер

Жоспары:
1.Негізгі мәліметтер және жіктелу.Механикалық деңгей өлшегіш;
2.Деңгей өлшейтін гидростатикалық құрал;
3.Деңгей өлшейтін электірлік құрал;
4.Радиациялық, радиотолқындар және акустикалық деңгей өлшегіштер.

Деңгей деп жұмыс ортадағы технологиялық ақпараттың толтыру биіктігі -сұйықпен немесе сепккіш заттармен. Жұмыс ортасындағы деңгей технологиялық параметр болып табылады, ақпарат технологиялық аппараттың жұмыс тәртібін бақылау үшін арналған, ал өндіріс процестерді басқару үшін арналған әртүрлі жағдайда қажетті.
Бүгінгі әдістердегі құрылғылар деңгейді анықтайтын, осы әдістерді қолдануға негізделген.
Деңгей өлшегіш құралдарға бөлінеді: үзілмейтін өлшенген деңгей немесе көрсеткіш және индикаторларға немесе сигнализаторлық деңгей. Көршеткіштер технологиялық сыйымдылықтардағы деңгейдің өзгеруі үзілмейтін оперативті бақылау үшін арналған. Сигнализатор деңгейі - тіркелген қалыпта бірнеше немесе бір дикретті өлшену үшін қызмет етеді, сезімтал элементтерді орналастыратын жерін анықтаумен. Көрсеткіш және сигнализатор деңгейі автоматтандырылған жүргізуші және басқарушы системалардың датчигі ретінде технологиялық процестерде кеңінен қолданылады. Өлшеуіш және сигнализация құралдары жұмыс істеу принціпі бойынша келесі заңды топтарға бөлінеді: (қалқымалы, мембраналы, түйіспелі - механикалық) гидростатикалық, электірлік радиоизотоптық, акустиалық, салмақтық.
Өлшем диогональдары бойынша өлшемі 0-20м, -0-+-100мм немесе 0-+-450мм механикалық деңгей өлшеуіштерімен сигнализатор өздерінің қарпайымдылығы мен сенімділігі, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өлшеу қателіктері және өлшеу құралдары
Қысымды өлшеу құралдары
Сұйық қоректік орталарды залалсыздандыру арналған жабдықтар
Бетон араластырғышты орнату
ТЕХНИКАЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІ АВТОМАТТАНДЫРУ
Сұйықтық деңгейінің сигнализаторлары
Автоматтандырылған агломерат өндірісі үшін өлшеу жүйесін әзірлеу
Құрамында темір құрамы жоғары болуы
Деңгей өлшегіштер
Газ және сұйықтың шығынын өлшеу
Пәндер