Ландшафттану курсы туралы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

Лекция №1

Тақырыбы: Ландшафттану курсына кіріспе

Жоспары:

  1. Ландшафттану ғылымын зерттеу, ғылымға енгізу 2. Ландшафт туралы түсініктерді тұжырымдау

Лекцияның мақсаты:

Ландшафттану ғылымын зерттеу, ғылымға енгізуін, ландшафт туралы түсініктерді тұжырымдауды қарастыру

Лекцияның мәтіні:

  1. Табиғатта шыңдарын мәңгі мұз басқан сеңгір таулар жазиралы жазықтар мен, түгін тартса, майы шыққан құнарлы өңірлер құла түздермен, ит мұрны өткісіз ормандар құм- шағылды шөлеттермен алмасып жатады. Бұл ғылым тілінде жер шары мен оның табиғатын түзген әр түрлі географиялық кешендер деп аталады. Бұлардың құрамдас және құрылымдық бөліктерінен зат пен энергия алмасуы арқылы біртұтас жүйе құрылады. Бір құрамдас бөліктің өзгерісі екіншісінің, бір кешеннің өзгерісі басқаның өзгеріске ұшырауына әкеп соқтырады. Сонымен қатар жергілікті жағдайға байланысты әр түкпірде әрқилы территориялық табиғат кешендері түзіледі.

Жер бетіндегі жаратылыс жағдайы әр түрлі территориялық табиғат кешендерінің ерекшеліктерін, олардың құрамын, байланысын, бір-біріне тигізер әсерін, құрамдас бөліктерінің өзара орналасу заңдылықтарын ландшафттану ғылымы зерттейді.

Осы ғылымның қалыптасуына алғашқылардың бірі болып орыс ғалымы В. В. Докучаев айтарлықтай үлес қосты. Ол территорияладың табиғат жағдайларын зерттеуге кешендік принцип қолданды. Табиғи процестерді меңгеру үшін табиғаттың жеке бөлігін емес, тұтас бірлігін тани білу керек деп көрсетті. Ғалым табиғаттың геогендік және биогендік құрамдас бөліктерінің арақатынасы мен өзара әрекеттесуге заңдылықтарын ашатын ғылымның керектігін ұғынды. Табиғат зоналары туралы 1898- 1900 жылдары жазған көптеген мақалалар осы ғылымға негіз қалады.

  1. Бұдан кейінгі кезде “ландшафт” ұғымын Л. С. Бергтің еңбектерінен кездестіреміз. Л. С. Берг ландшафтыға кең мағына берді. Ол географиялық кешендердің белгілі бір аймақта қайталана беретін типтерін де (батпақ, құмды шағыл, шыршалы орман, т. б. ) немесе нақтылы бір территориямен шектелетін аймақтарын да (Сарыарқа, Бетбақдала, т. б. ) ландшафт деп ұқты. Оның бұл тұжырымдары кейін ландшафт туралы теорияның дамуына негіз болды. Сөйтіп, ХХ ғасырдың 30-жылдығынан бастап ландшафтыны типологиялық және аймақтық мағынада ұғыну география ғылымына берік енді.

Ландшафтыны территориялық кешендердің типі деп санаушылар жаратылысы бір текті, бірақ құрылымдық бөліктері әр түрлі болатын жер бөліктерін бір ландшафт түріне немесе территориялар типіне жатқызады. Мысалы, көк терек аралас қайыңды орман шоқтары өскен далалы ойыстар мен қара топырақты жазық жерлердегі астық тұқымдас шөптесінді дала екі түрлі ландшафтыға жіктеледі.

Ландшафтылы аймақты жеке -дара территориялық табиғат кешені деп санаушылар оны бір-бірімен территориялық жағынан тұтасқан қарапайым табиғат кешендерінің өзіндік ерекшеліктерімен сипатталатын, қайталанбайтын күрделі территориялық жүйе ретінде таныды. Демек, жекелеген ландшафтының геологиялық негізі, жер бедерінің түрі, климат жағдайы, гидрологиялық режимі, биоценоздары бір-бірімен үйлесім тауып, көршілес жатқандарынан табиғи шекарасы арқылы межеленеді.

Ландшафттану ғылымының дамуы ландшафт картасын жасау ісімен тығыз байланысты. Бұрынғы КСРО-да жаппай ландшафт картасын жасау екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қолға алынды. Кейіннен ірі, орта, ұсақ масштабы ландшафт картасын жасауға

Ленинград, Латвия, Воронеж, Львов, т. б. университеттердің ғалымдары мен Қазақстан ғалымдары атсалысты. Ландшафт картасын жасау мен далалық ландшафт зерттеулерінің қарқынды жүргізілуі, ландшафт туралы теорияның терең талқылануы ландшафтану ғылымы ауқымының кеңеюіне жол ашты.

Қандай ғылымның болсын дамуында ғалымдар арасындағы пікір -таластың, өзекті мәселелерді ауық-ауық бас қосып, талқылап отырудың маңызы ерекше. Ландшафтанушы ғалымдардың 1963жылы Алматыда өткен Бүкілодақтық кеңесі, 1965 жылы “Таулар мен шөлді аймақтардың ландшафтарын зерттеу” проблемаларына арналған аймақтық ғылыми симпозиум және басқа шаралар Қазақстан ландшафты туралы зерттеулердің өріс алуына елеулі ықпалын тигізді. Бұл орайда қазақстандық зерттеушілерден В. М. Чупахинді, М. Ш. Ишанқұлов, А. В. Чигаркинді, Г. В. Гельдиеваны, т. б. атауға болады. 70-80жылдары Қазақстандағы мұндай зерттеулер “Ертіс-Қарағанды” каналы мен Іле, Ертіс өзендеріндегі су- техникалық кешендер құрылыстарына байланысты жүргізілді.

Ландшафты зерттеу барысында территориялық табиғат кешендерінің түзілісі, құрамдық және құрылымдық бөліктері, географиялық кешендерді түлетіп, түрлендіру жолдары, табиғат байлықтарын тиімді пайдалану сияқты мәселелер тиянақты сөз етіліп, Қазақстанның ландшафтық географиясы ғылыми жағынан терең және ауқымды қарастырылды. Оқырмандарға ұсынып отырған осы еңбекте де бұл мәселелерге егжей- тегжейлі тоқталамыз. Ал кітаптың соңғы тарауында республика территориясындағы ландшафтылардың географиялық таралу заңдылықтарын - айқындайтын олардың зоналық жүйесі де, аймақтық және биіктік белдеулік жүйесі де сипатталады.

Лекция №2

Тақырыбы: Территориялық табиғат кешені туралы ілім

Жоспары:

1. Терроториялық табиғат кешендері туралы ілімнің қалыптасуы 2. Территориялық табиғат кешендерінің табиғат кешендерінен айырмашылығы Лекцияны мақсаты:

Территориялық табиғат кешені туралы ілімін, ландшафттану ғылымын зерттеу, ғылымға енгізуін, ландшафт туралы түсініктерді тұжырымдауды қарастыру.

Лекцияның мәтіні:

  1. Терроториялық табиғат кешендері туралы ілімнің қалыптасуына биогеографиялық ғылымның кемелденіп биоценоз, биогеоценоз деген ұғымдардың биогеографияның барлық салаларынан берік орын алуы себеп болады. Биоценоз тірі организдердің тіршілік етіп, өніп- өсу үшін бір-бірімен зат және энергия алмасу процесі негізінде топ тасуынан түзілген. мысалы, далалы жерлерде тіршілік ететін тышқан, жылан, қарсақ, түлкі және дала бүркіт дәнді шөптесіндермен қоректенеді. Осындай қоректік тізбек байланысы арқалы жоғарыдағы аталған тірі ағзалардан далалық биоценоз қалыптасады. Биоценоз ұрықтану, жерсіну, т, б, жолдармен де түзіледі.

Биоценоз- тіршілік ету, өніп-өсу жағдайлары ортақ, эволюциялық процесс пен табиғи сұрыпталудың нәтижесінде үйлесім тапқан өсімдіктер мен жануарлар тобынан құрылған табиғат кешені. Оның өзін-өзі басқарып, динамикалық тепе-теңдік сақтайтын қабілеті немесе салыстырмалы тұрақтылығы болады. Салыстырмалы тұрақтылық - биоценозды түзетін құрамдас бөліктердің (өсімдіктер мен жануарлардың) өніп-өсу мүмкіншілігін тежеп, белгілі бір өлшем шегінен шығармайтын фактор . Өсімдіктер мен

жануарплардың өніп-өсу мүмкіншілігі зор. Мысалы, бір үй шыбынның ұрпағы жыл ішінде бүкіл жер шарын қаптап кетер еді. Бірақ биоценозды түзетін басқа өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік етіп, өніп-өсу жолындағы күресі, яғни ауа мен қоректік заттар, мекен жайдан алар үлесі үй шыбынының санын тежеп, өзіне тән межеден арттырмайды. Тірі ағзалар жиілігі олардың жеке өкілдерінің ерекшеліктеріне қарай өзгеріп отырады. Жалпы алғанда, тірі ағзалардың жеке өкілдері ірі болған сайын олардың саны кеми береді. мысалы, бал арасының жиілігі 200м 2 , үнді пілінкі-30км 2 . Егер тірі ағзалар өзіне тән жиіліктен артып кетсе, сөз жоқ, апатқа ұшырайды.

Биоценозды құрайтын тірі ағзалар өздерінің тіршілік ететін ортасымен тығыз байланысты болады. Бұл байланыстылық олардың ортаға үйлесімінен анық байқалады. Ортаға үйлесу тірі ағзалардың барлық қасиеттері мен ерекшеліктерін: пішінін, түсін, физикалық әректін, т. б. түгелдей қамтиды. мысалы, тоқылдақтың бүкіл мүшесі ағаш қабығының астынан жәндіктерді теріп жеуге кемделген, қоянның түсі жыл мезгілдері ауысқан сайын өзгеріп отырады, счарышұнақтар жазғы шілде мен қысқы суықта ұйқыға кетеді. осылайш тірі ағзалар ортаны мейлінше жан-жақты пайдаланады. Демек, орта мен биоценозды бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. белгілі бір биоценозды құрайтын тірі ағзалар мен оны қоршаған опрта биогеоценоз немесе экожүйе деп аталатын табиғат кешенін түзеді.

Биогеоценоздың биогендік (өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, топырақ жамылғысы) және геогендік құрамдас бөліктері(минералды заттар, ауа, су, жылу энергиясы) бір-бірімен ұдайы өзара әркеттесіп, өздерінің динамикалық тепе-теңдігін қалыптастырады. Тірі ағзалардың тіршілігіне қажетті жылу мен ылғал режимінің қолайлығы артқан сайын қоректік заттар қоры молайып, биогеоценоз түр жағынан күрделене түседі және де қолайсыз құбылыстарға (жұт, індет, т. б. ) төзімділгін арттырады.

Биогеоценоз жергілікті жер жағдайының ерекшеліктеріне байланысты түзіледі. сондықтан оның зоналық фактор негізінде пайда болғаны кең алқаптаы (орман, орманды дала), ал интразоналық фактор негізінде түзілгені шектеулі жерлерді ғана(қамысты көл жағасы мен бұталы сай) қамтиды. Биогеоценозды түзетін зоналық және азоналық факторлар қатар әрекет ететіні белгілі. Демек, биогенозды жалпы табиғат кешені ретінде танумен бірге белгілі территориялық табиғат кешені ретіде қарастыруға болады. Сонымен әр түрлі территориялық өлшемде заңды түрде үйлесімін тауып, бір-бірімен күрделі әрекеттесу нәтижесінде тұтасып, рангілері (географиялық қабықтан фацияға дейін) түрліше болатын табиғи құрамдас бөліктерінің бірлігін территориялық табиғат кешені деп атайды. Ол-құрпамдас және құрымдылық бөліктерінің ұзақ жылдардағы даму эволюциясы нәтижесінде салыстырмалы тұрақтылыққа ие болған жағдайда қалыптасады.

  1. Территориялық табиғат кешендерінің табиғат кешендерінен айырмашылығы сол, онда барлық құрамдас бөліктердің бітім жаратылысы бір-бірімен үйлесім табады, біртұтас территория құрайды. Көпшілік жағдайда оның шекарасы табиғат кешендерімен дәл келе бермейді. Мысалы, орманды дала ландшафтылық территориялық табиғат кешенінде өзіне тән жануарлар тобы бар шөптесінді, бұталы және орман шоқтарынан тұратын биоценоздық табиғат кешендері тараған.

Территориялық табиғат кешендері құрлықтық және мұхиттық ортада бірдей болмайды. Құрлықта тарағандары көбіне толық құрамдас бөлікті болып келеді. тек табиғат жағдайлары қолайсыз болып келетін полярлық бедеуде, аса биік тау басында, климаты өте құрғақ шөлде топырақ, өсімдік және жануарлар дүниелері нашар дамиды кейде дамымайды, яғни құрамдас бөлігі толық емес территориялық табиғат кешендерін түзеді. Мұхиттардың территориялық табиғат кешендері құрлықтардан гөрі ерекше болып келеді. Олар аквальды табиғат кешендері деп аталады. Бұлар география ғылымында шамалы зерттелген Аквальды табиғат кешендерінің құрамдас бөліктерінің құрымалы ерекше, арнайы зерттеуді қажет етеді. География ғылымында территориялық табиғат кешендерін зерттеп, картаға түсіру барысында ландшафттану ілімі қалыптасты. Ол алғашқы қадамынан бастап-ақ территориялық табиғат кешендерінің құрамын, құрылымдық бөліктерін, аймақтың таксономиялық бірлік жүйелерін қарастырумен айналысты. Территориялық табиғат кешендерін зерттеу, карта бетіне түсіру, табиғат құбылымдары мен процестерін күні бұрын болжау, халық шаруашылығы айналымында тиімді пайдалану ландшафттанудың келесі

мәселесі болып саналады.

Лекция №3

Тақырыбы: Ландшафт- территоиялық табиғат кешенінің құрамы. Жоспары:

  1. Ландшафтану кеңістікте жіктелуінің табиғи факторы.
  2. Ландшафт зоналылығы және провинциалдығы.
  3. Территоиялық табиғат кешендерінің шекаралары.

Лекцияны мақсаты:

Ландшафтану кеңістікте жіктелуінің табиғи факторыр, ландшафт зоналылығы және провинциалдығын, территоиялық табиғат кешендерінің шекараларын қарастыру.

Лекцияның мәтіні:

  1. Газ, сұйық және қатты заттардан тұратын террииториялық табиғат кешендерінің жеке бөліктерін құрамдас бөлік деп атайды. соңғы жылдардағы ғылыми зерттеулер геогендік және биогендік құрамдас бөліктерімен бірге энергетикалық құрамдас бөліктердің болатынын да дәлелдеп берді.

Терриоториялық табиғат кешендерін құрайтын құрамдас бөліктердің қандай түрі болсын-заттық объект, олар белгілі бір заңдылықтар бойынша бір-бірімен әрекеттесу арқылы күрделілене түседі. Демек, оларды тек даму процесі арқыры ғана танып-білуге болады. Мысалы, алғашқы тірі ағзалар су, ауа және минералды заттармен қоектеніп, органикалық заттар пайда болатын қарапайым автотрофтылар тобын түзеді. Кейінен даяр органикалық

Заттармен қоректенетін гетеротрофты тірі ағзалар-жануарлар пайда болған. Бұл айтулы мысалдан қарапайым құрамдас бөліктердің- алдын күрделілерінің- соңғы орында тұратындығын, бірінші қарпайым құрамдас бөліктердің өзара әрекеттесу күрделі құрамдас бөліктің пайда болатынын, құрам бөлік өзгерістерінің жеке-дара дамымайтынын ұғым қиын емес.

Ғалымдардың тұжырымдалған пікірлеріне қарағанда, территориялық табиғат кешендерін құрайтын құрамдас бөліктерді төмендегіше жіктеуге болады.

Геогенді құрамдас бөлікке:жер қыртысы, ауа, су;

Энергетикалық құрамдас бөліктерге: күн энергиясы, жердің ішкі энергиясы; биогендіқұрамдас бөліктерге:өсімдіктер, жануарлар, топырақ жатады.

Осы құрамдас бөліктердің түрліше өлшемдегі территориялық бөлшектері әр түрлі сатыдағы немесе таксонокиялық бірлік дәрежесінде территориялық табиғат кешендерімен қабысады.

Табиғаттың құрамдас бөлкітері өздеріне тән заңдылық бойынша бар болмысымен өзгеріп, дамиды. Бірақ, олардың қай- қайсысы болса да жеке - дара өзгеріп, дами алмайды. Барлық құрамдас бөліктер өзара әрекеттесу арқылы тұтас бір заттық жүйеге бірігеді. Алайда құрамдас бөліктің қайсысына қандай күшпен әрекет ететіні туралы және оның териториялық табиғат қандай рөл атқаратындығы туралы әлі күнге ғалымдар арасында нақты пікір жоқ. . Егер жердің пайда болуын академик О. Ю. Шмидттің жорамалы бойынша түсінсек онда территориялық табиғат кешендерін құрайтын, құрамдас бөліктердің бірі - жер қыртысынан басталады. Ол жер тарихында күрделі эволяциялық даму дәуірлерін басынан кешірген. Әрбір дәуір сайын геологиялық құрылысы әр түрлі келетін жыныс қабаттьары жиналған.

  1. Жер қыртысын түзетін қабаттар жаратылысына қарай геосинклинальды, теңіздік, жанартаулық және материктік болып келеді. олар территориялық табиғат кешендерінің таксономиялық бірлігі - физикалық - географиялық аймақтың негізін құрайды. Табиғатта геологиялық негіздің тұрақтылығы салыстырмалы шама. Ол пайда болған күннен бастап - ақ жердің ішкі энергиясы (тектоникалық қозғалысы) мен сыртқы күштер әрекетіне (денудациялық және аккумуляциялық процестер) байланысты алғашқы құрылымдарын өзгереді. Оны литогенді жыныстық құрамы әр түрлі болып келетін жамылғы басып жатады.

Геологиялық негіздің осы кездегі құрылымның қалыптасуында неоген - антропоген дәуірлеріндегі жер қыртысы неотектоникалық (жаңа тектоникалық - неоген - антропоген дәуірінде пайда болған тектоникалық процесс қозғалыстарының ерекшелгі зор. Жер

қыртысының тектоникалық қозғалыстары нәтижесінде жер беті қазіргі морфоқұрылымдық және морфомүсмүсіндік жер бедерінің пініндеріне ие болған.

№4. Лекция

Тақырыбы:Ландшафт компоненттері және ландшафтты қалыптастырушы факторлар Жоспары :

  1. Жер бетінің морфоқұрылымдық жер бедері 2. Территоиялық табиғат кешендерінің шекаралары.

Лекцияның мақсаты :

Жер бетінің морфоқұрылымдық жер бедерін, территоиялық табиғат кешендерінің шекараларын қарастыру.

Лекцияның мәтіні:

  1. Жер бетінің морфоқұрылымдық жер бедері кешендерінің бірлігі ретіне қарай территориялық табиғат кешендерінің әр түрлі дәрежедегі таксономикалық бірлігімен қабысады. Мысалға Тянь - Шань тауларын - бірінші, Солтүстік Тянь - Шаньды - екінші, Іле Алатауын - үшінші, Қараш- Қараш тау жотасын - төртінші қатардағы морфоқұрылымдық жер бедері кешендерінің бірлігіне жатқызуға болады. Олар өз кезегімен физикалық - географиялық аймақ - облыс - өлке - аудан (ланшафт) деген территориялық табиғат кешендерінің таксономиялық бірлігіне жіктеледі. Морфоқұрылымдар жердің ішкі энергиясы әркетіне байланысты болғандықтан, әр уақытта азоналылық (жергілікті) сипаты арқылы ерекше көзге түседі.

Морфомүсіндер сыртқы күштер (денудациялық және аккумуляциялық процестер) әрекетіне байланысты қалыптасып, морфоқұрылымның беткі пішінін мүсіндейді. Жер бедерінің морфомүсіндік кешендері ландшафт пен қабысады. Мысалыға Медеу тектоникалық - эрозиялық шатқалын, Қараой денудациялық жазығын, Мойын құм эолдық - аккумулятивтік құм шағылдарын, т. б. атауға болады. Морфомүсіндік жер бедері кешенінің мүсіндік ландшафтпен қабыса беруі шарт емес. Кейде тегі бір морфомүсіндік жер бедері кешенінің өзінен, зоналық немесе бөліктер (секторлық) биоклиматтық ерекшелігіне қарай, бірнеше ландшафттардың бөлінуі мүмкін. Мысалы, Каспий маңы ойпаты Оралдан Атырауға дейін дала, шөлейт, шөл зоналы ландшафттарға бөлінеді.

Жер қыртысы туралы айтылғандарға қорыта келіп, территориялық табиғат кешендерінің литогенді құрамдас бөлігін үш қабатқа бөлуге болады. Оның ежелгі негізі, құрылымдық плиталар теориясы бойынша, терең тектоникалық жарықтармен бөлшектенеді де, физикалық-географиялық аймақтарды құрайды. Жер қыртысының екінші қабатын түзетіп жамылғы неотектоникалық қозғалыстардың нәтижесінде әр түрлі қатардағы морфоқұрылымдық жер бедерін қалыптастырады. Олар физикалық-географиялық аймақтарды бөлетін облыстардың ландшафт деңгейіне дейінгі территориялық табиғат кешендерімен қабысады. Ал жер қыртысының бетіндегі үгінді және үйінді жыныстардан тұратын үшінші қабатында морфоқұрылымдық жер бедері кешендері пайда болады. Олардың жыныс құрамы түрліше болып келеді. жер қыртысының қандай бөлігі болса да аумағына қарай түрлі жағдайда (ірісі баяу, ұсағы жедел) ұдайы өзгеріп тұрады да, территориялық табиғат кешендерінің басқа құрамдас бөлігінің өзгерісімен салыстырғанда, жетекші рөл атқарады. Жер қыртысының неотеконикалық қозғалыс әрекетіне байланысты өзгерістерінің жетекші рөл атқаратындығын, неоген-антропоген дәуірлеріндегі құрлықтың

кеңейіп, таудың биіктеуінің нәтижесінде климаттық континенттігі артатындығын, соған орай басқа да құрамдас бөліктер күрделене түсетіндігін көруге болады.

Ауа-территориялық табиғат кешендерінің газ қабатын түзетіп құрамдас бөлік. Ол әсіресе, тірі ағзалардағы газ алмасу порцесі үшін қажет. Ауа құрамы жер шары бойынша сапа жағынан өзгеше бола қоймайды. Алайда, оны түзетіп оттегі, су буы, көмір қышқыл газының сан көрсеткіштері, соған орай қалыптасатын ауаның физикалық жай-күйі, басқаша айтқанда, температуралық режимі, қысым мөлшері, қозғалысының (желдің) бағыты мен жылдамдығы, бұлттылығы, жауын-шашыны әр кезде түрліше болып келеді де, оны ауа райы деп атайды. Ауа райының көпжылдық режимін климат дейді. Климаттың территориялық табиғат кещендерімен қатысасын С. П. Хромов ойдағыдай айқындап берген. Климаттық белдеуде - географиялық аймақ, климаттық географиялық белдеу, климаттық зонада - ландшафтылық зона, белдеу бөлімінде физикалық- географилық облыс қалыптасады, жай ғана климатпен ландшафт, жергілікті климатпен қоныс, микроклиматпен фация тұспа-тұс келеді.

Су-территориялық табиғат кешенінде минералдық құрамдас бөліктерді ерітуші рөлін атқарады. Судың еріген, шайылған заттарды тасымалдау, өсімдіктер мен жануарлардың температуралық режимдерін реттеп отыруда маңызы зор. Пайда болуына қарай құрлықтағы су жер асты және жер беті суы деген топтарға жіктеледі. Жер асты суына және топырақ арасындағы суды, жер беті суына өзен, көл, бұлақ суын, мұздықта мен омбы қар үйіндіісін жатқызады. Олар, сөз жоқ, территориялық табиғат кешендерінің таксономиялық бірлігі бір заңдылық бойынша орналасады. Әрбір нақтылы территориялық табиғат кешенінің өзіне тән су қоры болады.

Күн энергиясы - тіршілік көзі. Ол жер бетіне сәуле ретінде түседі де, жылу энергиясына арналады. Күн энергиясы территориялық табиғат кешендерінің басқа құрамдас бөліктерін өзгертіп, дамытып отыратын құрамдас бөлік. Оның жер бетіне таралуында зоналы сипат айқыын байқалады. Өйткені жердің радиациялық жылу балансы күн сәулесінің түсу бұрышына байланысты экватордан полюстерге қарай кеми береді. Күн энериясынының бұлай бөлінуіне байланысты географиялық белдеу, зона және олардың бөліктері бөлшектенеді. Су қоры сияқты, күн энергиясы да өте аз зерттелген құрамдас бөлік. Осы кезге дейінгі метеорологиялық станциялардан (олар жер шары бойынша өте сирек және әркелкі орналасқан) жиналған актинометриялық және температуралық материалдар физикалық- географиялық зона бөліктерінен төменгі дәрежедегі территориялық табиғат кешендерінің энергетикалық балансы туралы ғылыми тұжырым жасауға жеткіліксіз. Сондықтан аэро-космофотометриялық материалдар арқылы энергетикалық құрамдас бөліктің географиялық таралу заңдылыығын, өлшемін білу ғылыми проблемалардың бірі болып отыр.

Жердің ішкі энергиясы - территориялық табиғат кешендерінің литогенді құрылымын қалыптастырушы құрамдас бөлік. Оның әрекеті нәтижесінде геологиялық негіз мыңдаған жылдардан кейін жаңа түзілістік санаға иен болады. Жердің ішкі энергиясының әрекетіне байланысты құрлықтардан (мұхит итараларынан) физикалық - географиялық аймақтар - облыстар - аудандар (ландшафттар) жәрежесіндегі территориялық табиғат кешендері жүйесі қалыптасады.

Өсімдік - геогенді заттардан органикалық заттарды синтездеуші құрамдас бөлік. Оның пайда болуы жер тарихында жаңа бет ашып, ежелгі жер қыртысы мен ауа қабатының өзгерісінде үлкен роль атқарған. Осы кездегі ауа құрамындағы бос оттегі тікелей өсімдіктер дүниесінің туындысы болып саналады. Сол сияқты, көмір шымтезек кендері де өсімдіктер арқылы шоғырланған күн энергиясының қоры. Жерде өсімдіктердің 500мыңнан астам түрі бар. Олар, сөз жоқ, жеке дара тіршілік ете алмайды, бір-бірімен және басқа табиғаттың

құрамдас бөліктерімен өзара әрекеттесу арқылы үйлесім тауып, әр түрлі дәрежедегі фитоценоздар құрайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ландшафт, геожүйе және оны құрушы компоненттер
Ландшафттану ғылымы туралы
Антропогендік ландшафттану
Жер беті ландшафттарының типтері. Тропикалық және экваторлық ландшафт типтері
Табиғи-антропогендік кешендердің (ТАК) картасын жасау әдістерін меңгеру
ЛАНДШАФТ ҒЫЛЫМЫНА ШОЛУ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЛАНДШАФТ КАРТАСЫ
Антропогендік ландшафт туралы түсінік
Топография мен геодезияның даму тарихы
Ландшафтты қалыптастырушы факторлар
Табиғи аумақтық кешендерді зерттеудегі локальді геожүйердегі ландшафтық әдістер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz