PISA форматындағы тапсырмалар биология-8, 11 сынып, Химия 8-9 сынып


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

PISA форматындағы тапсырмалар биология 8, 11 сынып

Химия 8-9 сынып

Орындаған :Найманбаева Д. С.

Петропавл 2017 жыл

Зат алмасу ( 8 сынып)

Зат және энергия алмасу - қоршаған ортамен зат алмасу барлықтірі организмдерге тән негізгі қасиеттердің бірі. Адам организмінің жасушаларында бір зат түзіліп, басқа зат ыдырайтын күрделі химиялық реакциялар үздіксіз жүреді. Мысалы, сыртқы ортадан тамақпен бірге түскен күрделі органикалық қосылыстар асқорыту жолында жай қосылыстарға дейін ыдырайды.

Тапсырма 1 Әр түрлі мамандықта жұмыс жасайтын адамдар әр түрлі энергия жұмсайды. Мысалы, ойлау қызметімен жұмыс істейтіндер, бір күнде 3000 килокаллорий энергия жұмсайды. Дене еңбегімен шұғылданатындар 2- есе көп энергия жұмсайды екен. Ауыр жұмыс істегенде жұмсалатын энергия мөлшері ПӘК ( пайдалы әсер коэффиценті) арқылы анықталады. Пайдалы әсер коэффицентінің орташа мөлшері 20-25 % . Спортшыларда бұл көрсеткіш жоғары. 1г аққуыз тотыққанда - 4, 1 ккал, 1г май - 9, 3, көмірсулар - 4, 1 ккал болып есептелінеді. Азық - түліктердің құрамындағы көмірсулардың, майлардың, ақуыздардың мөлшерін біле отыра, олардың құнарлығын анықтауға болады.

Егер адам тәулігіне 3000 ккал энергия жұмсаса, онда ағзаның знергетикалық қажеттілігін 1 тәулік ішінде пайдалана отыра, толық қанағаттандыруға болады.

А 732 г көмірсулар

В. 732 г майлар

С. 150 г аққуыздар

Д. 732 г аққуыздар мен 732 г көмірсулар

Анализ

1. Мән мәтін: Жеке, денсаулық

2. Мазмұны: ғылым туралы білім, ғылыми жаратылыстану зерттеу

3. Құзыреттілігі: ғылыми тұрғыдан түсіндіру

4. Қолдану аймағы: медицина, спорт

5. Сұрақтың типі: нақты бір жауапты таңдау

6. тапсырма деңгейі: 3

Тапсырма 2

Бұлшықет қызметі, белсенді қозғалыс режимі, дене шынықтыру жаттығулары және спорт көп энергия жұмсауды қажет етеді. Қоректік заттарды олардың каллориялық құндылығын есепке ала отыра ауыстыруға болады.

Мына тұжырымдар дұрыс па ?

  1. Энергетикалық құндылығы бойынша 1г көмірсу 1г ақуызға тең

( иә /жоқ )

  1. Спортшылардың тамақ рационын құрғанда, жаттығулардың көлемі мен қарқындылығы жоғары болатын күндері энергия жұмсалуының артуы байланысты есептеу керек ( иа/ жоқ)
  2. Егер тамаққа аққуызды көп қолдансақ, арттық салмақ қосудан қорықпау керек ( иа/ жоқ)
  3. Ағзаға тамақтың жалпы құндылығы ғана маңызды ( иа / жоқ)

Анализ

1. Мән мәтін: Жеке, денсаулық

2. Мазмұны: ғылым туралы білім, ғылыми жаратылыстану зерттеу

3. Құзыреттілігі: ғылыми тұрғыдан түсіндіру

4. Қолдану аймағы: медицина, спорт

5. Сұрақтың типі: иә /жоқ қысқа жауапты таңдау

6. тапсырма деңгейі: 3

Адам эволюциясы 11 сынып

Адамның тікелей даму барысында негізгі 3 кезеңді ажыратады. Оларға ежелгі адамдар( архантроптар), ертедегі адамдар( палеонтроптар) және осы заманғы адамдар (неонтроптар) жатады. Ғалымдардың айтуы бойынша адам эволюциясы адамтектес маймылдар мен адамдарды бір-бірінен ажырататын басты белгі - мидың салмағы. Адамтектес маймылдардың миының салмағы 750 г-нан аспайды. Миының салмағы 750 г кезінде бала сөйлей алады. Ежелгі адамдардың сөздік қоры өте аз болды, ол тек жеке сөздерден ғана құралды. Олар сөз арқылы бір-бірімен байланыс жасап отырды. Ең алғаш қауымдасып тіршілік еткен адамдар еңбек ете жүріп, бір-бірімен үнемі қарым-қатынаста болды. Олар сөз арқылы өз өмірлерінен жинақтаған тәжірибелерін ұрпақтан-ұрпақка беріп отырды. Сөз - адамның ойлау қабілетінің дамуына, еңбек құралдарын жетілдіруге және қоғамдық қарым-қатынастардың күрделене түседі.

1А Мына суретте берілген ақпаратқа сүйене отырып, адамның эволюциясы осы кезеңдердің бәрінен өтті деуге бола ма ? ( иа/ жоқ)

1. Б Ми сауытының көлемінің ұлғаюы эволюция нәтижесі ( иа/ жоқ)

2А. Адамның тіршілік әрекетінің өзгеруінің дәлелдемесі

(өз ойларыңды жинақтаңдар)

Анализ

1. Мән мәтін: ғылымның алдыңғы шебі- ғаламдық

2. Мазмұны: ғылым туралы білім, ғылыми жаратылыстану зерттеу

3. Құзыреттілігі: ғылыми тұрғыдан түсіндіру

4. Қолдану аймағы: жаратылыстану

5. Сұрақтың типі: иә /жоқ қысқа жауапты таңдау , еркін жауап

6. тапсырма деңгейі : 3

Тапсырма 3

Темекі түтінінде адам ағзасына зиянды 200-ден астам улы заттар болады. Бұл заттар сілекейде еріп, асқазанға түседі де, оның кілегейлі қабығын жарақаттайды. Темекі түтіні тыныс жолының кілегейлі қабығын қабындырады. Темекі түтінінде болатын күйе (сажа) мен қара май (деготь) ұсақ бронхиолалар мен өкпе көпіршіктерін бітеп тастайды. Өкпе ағзаны оттекпен толық қамтамасыз ете алмай газ алмасу бұзылады.

Темекінің түтініндегі радиоактивті заттар ағзаға жиналады. Темекіні көп шеккен адамның өкпесі қатерлі ісікке көбірек шалдығады. Темекі құрамындағы улы зат - никотин. Ол орталық жүйке жүйесін зақымдайды. Көп мөлшерде болса, адам үшін өте қауіпті, өліп кетуі де мүмкін. Темекі, әсіресе жас ағзаны тез уландырады.

1АТемекі шегу көптеген аурулардың және өкпенің қатерлі ісігіне алып келеді. Сіздер оны жақсы білесіздер.

Мына аурулар темекі шегуден бе ?

«Иә» немесе«Жоқ» деп белгілеңіз.

Бронхит
Иә / жоқ
Бронхит: АИВ-инфекция немесе ЖҚТБ
Иә / жоқ: Иә / жоқ
Бронхит: Туберкулез
Иә / жоқ: Иә / жоқ
Бронхит: Шешек ауруы
Иә / жоқ: Иә / жоқ

G:\сигареты2.jpg

2. Мына суреттердегі өкпелердің бір - бірінен айырмашылығы неде ?

Анализ

1. Мән мәтін: ғаламдық

2. Мазмұны: ғылым туралы білім

3. Құзыреттілігі: ғылыми тұрғыдан түсіндіру,

4. Қолдану аймағы: медицина

5. Сұрақтың типі: иә /жоқ қысқа жауапты таңдау , еркін жауап

6. тапсырма деңгейі : 4

Тапсырма 4

Тамырдың соғуы (пульс) жүректің сол жақ қарыншасы жиырылған сайын артериялардың қабырғасы оқтын-оқтын серіппелі кеңейеді (латынша «pulsus» - соғу, итеру) . Жүрек қарыншалары жиырылғанда қанды қолқа мен өкпе артерия қантамырларына күшпен айдайды. Күшпен айдалған қан ары қарай артерия қантамырларының қабырғасын керіп жібереді де, тербеліс толқыны пайда болады. Тербеліс толқыны артерия қабырғаларының бойымен тез таралады. Артерия қабырғаларының ырғақты тербелісі - тамырдың соғуы деп аталады. Тамырдың соғуын білектің ішкі жағының төменгі бөлігінен саусақпен басып, мойынның екі жағы мен самайдан білуге болады. Тамырдың соғуына қарап 1 минутта жүректің қанша рет жиырылғанын біледі. Ересек адамдарда жүрек минутына 70-75 рет соғады. Адам дене еңбегімен шұғылданғанда жүрекке күш түскендіктен, тамырдың соғуы жиілейді. Мектепте салауатты өмір салтына арналған іс - шара жүріп жатыр. Барлық оқушылар өз орындарында отыр. Жүргізуші 3 оқушыны шақырып, әрқайсысына тапсырма берді. Диана сол орында отырды. Марат 10 рет отырып тұрды. Индира бір орында тұрып жүгіру қозғалысын жасады. Осы жаттығулардың барлығы бір минутта жасалды. Олардың тамырларының соғуы жаттығуға дейін, жаттығудан кейін өлшенді.

1А. Қалай ойлайсыңдар қай оқушының жүрек соғысы жиіледі ? Неге ?

Анализ

Мән мәтін: жеке, денсаулық

2. Мазмұны: әлемді тану

3. Құзыреттілігі: ғылыми тұрғыдан түсіндіру,

4. Қолдану аймағы: медицина

5. Сұрақтың типі: еркін жауап

6. тапсырма деңгейі : 3

Тапсырма 5

Аргентина (ис. Argentina ), толық атауы Аргентина Республикасы (ис. República Argentina - Оңтүстік Америкада орналасқан мемлекет. 16 ғасырда испандықтар Онтүстік Американы жаулап ала бастады. Бұларды жат жерден алтын мен күміс табыла ма деген үміт қызықтырған еді. Сондықтан олар құрлықтың оңтүстігіндегі елді - Аргентина - ‘күмісті’ деп атады.

Бірақ Аргентинада алтын да, күміс те жоқ болып шықты. Бірнеше ғасыр бойы ол Испанияның Америкадағы иесіз қалған отарларының шет аймағы күйінде қала берді.

Осыдан бір ғасырдан аз-ақ бұрын бұл өңір өзгеріп сала берді. Бұл кезде теңіз жолдары құрлықтарды бір-бірімен жалғастырып жібірген еді. Еуропада өнеркәсіп қауырт дамып, қалалар тез өсті. Осыған байланысты Аргентинада ауыл шаруашылығы, әсіресе мал шаруашылығы шұғыл дами бастады. Аргентина еті Еуропаға жөнелтіліп жатты.

1814-1817 генерал Жозе Сан Мартин, Испаниямен тәуелсіздік үшін соғыс бастады. Оның арқасында Аргентина, Чили және Перу өздерінің тәуелсіздігін жариялады.

1. А Күмістің химиялық қасиеттеріне сипаттама беріңдер

1Б. Күміс оксидінің атомдық массалары мен молекулярлық массаларын есептеп табыңдар.

2А. Күміс оксиді, күміс нитратының массалық үлестерін табыңдар

Анализ

1. Мән мәтін: ғаламдық

2. Мазмұны: әлемді тану

3. Құзыреттілігі: ғылыми тұрғыдан түсіндіру,

4. Қолдану аймағы: география, саясаттану , тарих, химия

5. Сұрақтың типі: еркін жауап

6. тапсырма деңгейі : 4

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаратылыстану және биология сабақтарында АКТ технологияларын қолдану
Оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың тарихи-педагоги-калық негіздері
Бастауыш мектепте білімді бағалау жүйесін жетілдіру
Биология сабағында жаратылыстану сауаттылығын қалыптастыру
PISA зерттеуінің математикалық сауаттылық бағыты
Оқушылардың ғылыми - жаратылыстану бағытында ойлау қабілеттерін дамытуды зерттеу
Бастауыш сыныптарда жаратылыстануды оқытудың тиімді әдістері
Білім сапасын бағалаудың бағдарламаларындағы үш өлшемді құрылымның ерекшелігі
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯДАҒЫ ЖАҢА ӨЛШЕМДІ ӘДІСТЕМЕЛІК ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРЕТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Тиімді бағалау жүйесінің жоқтығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz