Ақсақ Темір


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Ақсақ Темір (1336-1405 жж)

Атақты Монғол және түрік тектес халыөқтарының билеушісі. Ақсақ Темір 1336 жылы Самархан маңындағы кеш қаласында туылған. Әкесі Торғай Барлас тайпасының биі болған. Шағатай хандығына Барлас тайпасы тәуелді еді. Шағатай хандығы әлсіреді, осы кезде мемлекет тізгіні әмірлердің қолына өтті. 1360 жылдан бастап ауызға алына бастаған Темір алдымен Әмір Хүсейнмен 1370 жылдан бастап жеке өзі Мәуеренахрда билік құрды. Осы кезде болған бір соғыста жараланып, аяғының мүкіс болып қалуы себепті тарих беттерінде Ақсақ Темір (Темирлан) деп а талады.

Темір Шыңғыс ұрпағы болмағаны үшін «Әмір» деген лауазымды қолданды. Тарихтың үлкен жиһангерлерінің бірі болған Темір 1370-1405 жылдары жасаған жорықтары нәтижесіндже мемлекетінің орталығы Самарханд болған. Еділ мсеон Ганг өзеніне «Үндістан» тәңірі тауларынан Шам мен Измирге дейін кеңейтті. Осы жорықтар нәтижесінде Хорезм, Шығыс Түркістан, Иран, Әзербайжан, Үндістан Дели шекарасы сол жерге дейін жетті.

Ақсақ Темір сол кездің құдыретті әміршісі болған, ол тек қана жорықтармен жаулап алушылықтан басқа да сәулет өнеріне де өте үлкен көңіл бөлген. Ол өзін тарихта жан-жақтама есімін қалдыра білген. Ол салдырған өте үлкен сәулет өнері нің бірі Қожа Ахмет Ясауиға салған ескерткіш күмбезі. Осы кесененің салынуына тоқтала кетейік.

Қазақ халқының Түркістан қаласы ежелден-ақ маңызды қызмет атқарған. Тоғыз жолдың торабы болған бұл қала Түркі халықтарының үлкен рухани, мәдени орталығының бірі болған. Бұл қала әуелі Шауғар, кеінірек Яссы, ХV ғасырдан бастап Түркістан атауын алды. Оның аты жазба деректерде әдетте Орта Азияны Әмір Темір (1336-1405 жж) билеген кезде жиі айтылады.

Қожа Ахмет Яссауиға салынған сәулет ескерткіші Әмір Темір дәуіріндегі салынағн ең ірі төрт ескерткіштің (Самарқандағы Бибіханым кесенесі, Шахирисабздегі және Дорусиадат және Қожа Ахмет Ясауи сәлет ескерткіші) ішінде бұзылмай бізге жетіп келгені. Түркістан мен Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне тоқталып өтсек. Көне қала Түркістанның қай тұсынан өтіп бара жатсаңыз да еңселі кесене мен мұдалап, көз алдыңда көлбеңдейді. Осындай алып ғимаратты, әдемі ғимаратты кім тұрғызды екен? Кім екен осындай ғасырлы ескерткішке ұйытқы болып, келер ұрпаққа сәулет-сәлем хатын қалдырған? -деген әр адамда сауал пайда болады.

Деректер жетерлік. Жазба деректері баршылық. Ол туралы Сүлеймен Бақырғани «Қыштан құрастырылған жыр өрнегі» десе, ал академик М. Е. Массон болса, «Тасқа түскен сөз бен сиқырды тамашалау есе келер ұрпақтың үлесінде» деп, оның өміршеңдігін мәңгілігін қадап айтты.

Атақты Ақса қ Темір Орта Азия билігін жүргізіп тұрған шағында құрылыс ісіне ерекше назар аударды. Содан барып мономенттік сән-салтанат стилі дүниеге келді. Сондай әдемі салтанатты, әдемі ғимараттың шоқтығы, биігі -біз сөз етіп отырған-Қожа Ахмет Яссауи мовзелейі (Кесенесі) болып саналады. Көне жазба деректерде Яссы қаласында, қазіргі кесене тұрған орында, әйгілі сопы ақын, Шығыс ойшылы Қожа Ахмет Яссауидің қабірінің басына ХІІ ғасырдың өзнде-ақ шағын Мовзелейі орнатылса керек. Сол кейінірек бұның орнына (1395ж шамасы) жаңа ғимарат салу туралы Әмір Темір жарлық шығарады.

Ақсақ Темір 1381жылы Герат қаласын өзіне қаратты, ол бұнымен шектелмей, бүкіл Персияны бағындырмақ ниетте болды. Сонда біреуі «Біз өстіп сыртта жүргенде ішіміз іріп, елді билей алмай қаламызба?» десе керек. Темір сосын ойланады. Елді қалай ұстап отыруды жоспарлайды.

Одан кейін де болған қан төгіс ұрыста Темір атағы жер жарған Алтын Орданың өктемдігін жойып, оның астанасы - Сарай-Беркені өртеп жібереді. Міне осыны пайдаланып, сол жеңістің құметіне орай тозығы жетіп, ескірген Қожа Ахмет Яссауидің Мовзелейінің сырт келбеті бөлек, зәулім мемор иялдық комплекс жасауды ойластырады. Атақты Әмір Темірдің бұл ісін тек діни мақсатқа теліп қою орынсыз.

Құрылыс жұмысының басталар тұсын да атақты Әмір Темір өзінің үшінші әйелі, Монғолсан Әміршісі Хазір Қожа ханның қызы - Тукел ханымды алмақ болып, енді той қамын жасап жатыр еді. Қалыңдықты Са марқанда «Дил куш» (Гүл ат қан жүрек) бағын салу қызу басталып, тез аяқталды. Қалыңдықты алып қайтуға шыққан Әмір Темір Жолшыбай Ахангерен маңындағы Шыназ елді мекеніне жете бергенде ауа-райы бұзылып, осында шатыр тіктіреді. Ақыры тоқтаған соң, бұраннан да ойда бар шаруа еді, Яссы шахарына соғып, Қожа Ахмет Яссауи зиратының басында құлшылық ету ырымын жасайды. Мазар жанында тұратын шы рақшы мен діни қызметшілерге қымбат бағалы сыйлықтар береді. Әмір Темір ХІІ ғасырда са лынған осы кішкене құрылысты бастан аяқ аралап көріп, осы жолы оның орнына енді жаңасын салу керек деген шешімге табан тірейді. Әмір Темір жергілікті халықтың көңілінен шығып, оларды өз ықпалында ұстау мақсаты мен 1395 жылдан бастап Түркістанда Қожа Ахмет Яссауидің басына бұрынғының орнына екінші көмбез тұрғызуға бұйрық берген. 1395 жылдан бастаудың да көп сыры бар сияқты, өйткені ол сол жылы ғылым, білім, өнерімен аты шыққан Иран еліндегі Исфаһан, Ширас қалаларын жаулап алып, өзіне бағындырған соң, ондағы шыңылтыр қыш, ағаштың шекпе түйін түйген хас шеберді Самарқан, Бұхара, Түркістанға қаптатқан. Бұған екі дәлел бар: бірі-ескерткіштің сол түстік жақтағы сыртқы қабырғаларындағы араб тілінде жазылған «бұл (ескерткіштің) шебері, сәулеткері Худжа Хасан Ширази» деген жазу. Екіншісі- ақынның мүрдесі қойылған қабырханаға шырақ жағуға арналған биіктігі бір, 1, 5 метр келетін екі қола шырақдандағы арап тіліндегі жазулар. Онда «бұл шамдарды жасаушы Из ад-Дин бин Тадж ад-Дин Әл -Исфаһани. 799жылы» деп жазған. Һиджыраның 799 жылы біздің жыл санауымыз бойынща 1396 жылға сәйкес келеді, яғни бұл уақыт Әмір Темір Иранды жаулап алғаннан кейін Исфаһанды Қожа Ахмет Яссауи көмбезіне арнап жасатқан деген ұғым бар. Әмір Темір Қожа Ахмет Яссауи кесенесін салу туралы жазба тарихта әртүрлі болжам және жазулар бар. Мысалы, үшін алатын болсақ Серік Әбенұлының баяндауынша мұнда: «Әмір Темір Түркістанға барады. Түркістанда Қожа Ахмет Яссауи Әмір Темірдің түсіне кіреді, түсінде «Ей, жігіт, тездетіп Бұқараға бар! Құдай қаласа ол Надр шаһтың өрнегі сенің қолыңда. Сенің басыңнан көп істер өтсе керек». Барлық Бұқара халқы саған ынтызар», -деді. Бұл түсті көріп оянған соң сәждеге шүкір етті. Таңертең ерте тұрып, Тү ркістанның ханын шақыртты. Түркістанның ханы сол кезде «Ноғайбек» деген хан еді. Оған көп қазына беріп Қожа Ахмет Яссауи қабырына кесене салыңыз деді. Түркістанның ханы зинеттеп ғажайып кесене салдырды деп жазды. Әмір Темір құрылыс жобасын алдын ала жасатып, өзі тікелей араласып отырған. Барлығыда дәл есеппен жүргізілген. Кесене салынудағы мәселеге тоқ тала кетсек Н. Нұмаханметовтың 1980 жылғы кітабында кесененің ұзындығы 65, 5 м, қазандық күнбезі 45 кезге тең және Ясауи құлпы тасы яшмадан жасалынған десе Т. Басеновтың 1982 жылғы шыққан еңбегінде кесененің ұзындығы 62, 5, қазандық күмбезі 30 кез, құлпы тасы оникаспен көмкерілген делінген.

Пештақтың мұнараларға дейінгі ені -60 кезге, пештақ арқасының биіктігі -30 кезге, қабырғаларының ені -60 кезге тең бірнеше металдың қоспасынан құйылған қазан орнатылған төртбұрышты, көмбезді бөлме жамағатхана. Көр хананың оң тжәне сол жағынана көлемі 16, 5х 13, 5 кез бөлмелер салыну жоспарланған. Олардың күмбездері мен қабырғалары шыныдай жылтыр таспен қапталып, қабыр қоршауы тастан қашалуы керек еді. Тарихи жазбаларда бұл құрылысты атақты Мәулен Убайдулла Садыр мен Ирандық Хасан жүргізгені айтылған. Кесене жұмысы өте қарқынды, жылдам жүргізілді.

Әмір Темір бұл кесене жұмысына бар ынта -ықыласын аударғанын атап айту керек. Ол жобаны үнемі қарап, әр кездерде нақтылы нұсқау бергендігі, әртүрлі жазба деректерде айтылған. Олар жобаны әзірлеу барысында белгілі бір модульді пайдаланса, оның жартысы да ширегі де өлшем түрінде іске асты. Сол жүйе бойынша архитектуралық көлемдерінің мөлшері, ішкі және сыртқы тарамдарының, қуыстарының түрлері, қанаттарының ұзындығы, терезе жіне есік ойықтарының арқаларының, қуыстарының, күмбездердің, сталактиттердің және т. б тепе-теңдіктері белгіленіп отыратын, ғимараттың жеке бөліктерінің жобадағы және кеңістіктегі өзара үйлесімділігі, негізінен алғанда шаршы келген қабырға ұзындықтарының бас бөлменің көлдеңдігіне сәйкестігіне қарай бөлінеді. Міне осындай әдіс Қожа Ахмет Яссауи кесенесін салуда қолданылыпты.

Мұндағы әрбір бөлменің өз атау бар. (8 бөлмесі бар)

Оларды атап айтып өтсек:

«Қазандық» -ғимараттағы ең үлкен бөлме. Бұл бөлме кейде «Жамағатхана» деп те аталады. «Қазандық» деп аталуы себебі-осында үлкен тайқазан тұр. Оның биіктігі екі жарым метрге жуық. Жеті түрлі бағлау материалдың қоспасынан құйылған. Әмір Темір өзі жасатқан деседі. Осы бөлменің күмбезінің үшар басына есептегендегі ғимараттың биіктігі-37, 5 метр, жалпы көлемі -330 шаршы метр, диаметрі -18, 2 метр. Сыртқы қабырғаларының қалыңдығы-1, 8-2метр, қаздық қабырғаларының ұзындығы-3 метр. Күмбезге ауа тазартатын терезелер қойылған. Осында зиярат ете келгендер, бас порталды сәндік есік арқылы өтеді. Сонда алғаш рет басатын бөлмесі -қазандық (жамағатхана) дедік, ол бөлмелердің ең үлкені.

Қазандық бөлмесіне жалғас жатқан зал-Асхана (халамхана) делінеді. Бұл да өзінше сәулетті, құрылысы ерекше. Мұнда келушілерге ас әзірлейтін болған.

Тағы бір бөлмеде -оюмен өрнектелген ағаш есік арқылы Қожа Ахмет Яссауи жатқан бөлмеге осы жерден тіке өтуге болады, ол -көрхана деп аталған. Оның бас қабат күмбезін кейде Мұхаммед - Ханафия порталы деп те аталған, қазандықтан өзге бөлмелерге қос қатарлы сегіз дәліз тарайды. Бұл дәліз ғимаратты сегіз дара блогқа бөледі.

Сегіз фдәліз арқылы баратын бөлмелердің өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, оның алтауы өтпелі де, ал екеуі - тұйық бөлме болып келеді. Кезінде зиратхана емес, мешіт ретінде де қызмет атқарған осынау кесене расында сегіз ерік тіренішке сүйеніп тұрған алып үйдің көз алдыңызға әкеледі де қояды.

Тағыда бір екі бөлмелерге тоқтала кетелік. Мысалы, мұндағы «кітапхана» бөлмесі. Көлемі кішігірім. Осында ескілікті қол жазбалар мен кіиаптар сақталатын болған. Кітапханада ескі дүнелер мен бірге арасынаан ХІІ ғасырлық екі Құранмен Қожа Ахмет Яссауидің «Диуани Хикметі» де қойылған. Мұнда екі бірдей Ақсарай бар. Оның бірі «Үлкен Ақсарай», екіншісін «Кіші Ақсарай »деп атаған. Бұлардың барлығы да «Қазандық» жалғасып жатыр. Дәліз арқылы жалғасада мұна әуелі дәруіштер жиналып, әртүрлі әңгі-дүкен құртын болса керек. Ал, бертін келе сарайлар басқа қызмет атқарға н. ХV-ХVIII ғасырларда бұл қазақ хандарының мәжілісханасына айналды. Әртүрлі елдерден келген елшілер мен саудагерлер осында бас қосып, келіс сөз жүргізеді екен. Бір қатар зерттеулерде солай делінеді. Кейінірек бұл зал мүрде қоюға ыңғайлана бастады.

Осында жоңғар шапқыншылығына қарсы ұлт-азаттық қозғалысы кезінде қазылған құдық бар. Сол құдық қазылған бөлме «құдықхана» делінеді. Кейінірек мұнда келушілер сол құдық суы ретінде ішіп, емдік қасиеті бар деп аңызға айналдырған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әмір Темірді соңғы жорыққа жібермеу
Әмір Темірдің дүниеге келуі
ӘМІР ТЕМІР тарихы
Өзбек хан зекіп
Әлемді мойындатқан даңқты қолбасшылардың бірі - Ақсақ Темір
Әмір Темір— Орталық Азия жаһангері
Отандық тарихшылардың Әмір Темірді зерттеу тарихы
Ақ Орда-Ноғайлы дәуіріндегі Қазақстан туралы ақпарат
XIV-XV ғасырдағы Ақ Орда мемлекеті
Түркістан шаһары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz