Педагогиканың негізгі категориялары


ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
«Педагогика» пәні бойынша
лекция жинағы
6В01719 - Шетел тілі: екі шетел тілі
Түркістан 2022
Дәріс № 1
Тақырып: Педагогика - адам туралы ғылым.
Дәріс жоспары:
1. Педагогика - адам тәрбиесі туралы ғылым
2. Педагогика ғылымының пәні және оның атқаратын қызметі. Негізгі категориялары.
3. Педагогика ғылымының жүйесі және басқа ғылымдармен байланысы
Дәріс мақсаты мен міндеттері: педагогика ғылымының орны, ролі, пәні мен міндеттері, ғылым және өнер ретіндегі мәні туралы түсінікті қалыптастыру.
ПОН 1- Педагогикалық процесті зерттеу дағдыларын қалыптастырады.
ПОН 2- Педагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздерін талдайды;
Дәріс мазмұны:
1. Педагогика - адам тәрбиесі туралы ғылым. Ғ ылыми педагогика ХҮІІІ ғасырдың соңында пайда болды, яғни, бірінші ғылыми-педагогикалық жұмыстар мен жаппай мектептер пайда болған кез. Бұл жаңалықтар чех педагогі Я. А. Коменский атымен байланысты. Ол бірінші рет оқушылардың жүріс-тӨрыс ережелерін, сонан соң Өзінің ең ірі "Ұлы дидактика" атты еңбегін жазды. Мектептердегі сынып- Я. А. Коменский. Сонымен қатар, Я. А. Коменскийдіңізімен батыс еуропалық педагогикада ағылшын педагогы Джон Локк, француз педагогы Жан-Жак Руссо, Швейцар педагогы Иоганн Генрих Песталоцци, неміспедагогы Иоганн Гербартпен Адольф Дистервег, орыспедагогы К. Д. Ушинскийжәнет. бағартушы-.
Ал кейіннен ХІХ-ХХ ғасырлардың тоғысында эксперименталды педагогика пайда бола бастады.
Педагогика - Өркениетті қоғамның даму тарихынан, жас ұрпақ тәрбиелеу тәжірибесінен бастау алады.
Педагогика ғылмы екі мағына береді. Біріншіден - білімнің ғылыми аумағы, ғылым; екіншіден - Өнер, қолӨнер, педагогикалық іс-әрекет аумағы. Педагогика атауының түп-тӨркіні гректің "пайдос " - бала және "аго " - жетектеу деген сөздерінен шыққан. "Пайдагогос " сӨзін тура мағынасында аударса, "бала жетектеуші" деген ұғымды білдіреді. Яғни, баланы Өмірге жетектеу, оқыту, оны тәрбиелеу, жан мен тәннің дамуына бағыттау дегенді білдіреді. Ежелгі Грецияда қожайынның баласын мектепке жетектеп апарып, алып қайтатын қӨлды педагог деп атаған. Ал мектепте ұстаздық етумен басқа білімдар құлдар айналысқан/1/.
Мыңдаған жылдар бойына қажетті білім негіздері жиналып қордаланды, ең Өміршеңі, ең қажеттісі қалып, берік орныққанша талай педагогикалық жүйелер кезектесе Өмірге келіп, уақыт сынынан Өтті, жарамсыздары тарих сахнасынан кетті. Тәрбие туралы ғылым да дамыды, ол адам тәрбиесі туралы ғылыми білімдерді жинақтап, жүйелеуді Өзінің алдына басты міндет етіп қойды/2/.
Педагогика - қоғам мен табиғаттың теңдесуін, Өмірге қанағаттандыруда толық белсенді шығармашылық, рухани байлығына кӨмек беру, адамды тәрбиелеуді зерттейтін ғылым. Педагогикалық білім - жан-жақты, адамды дамытудың тәсілдері мен жолдарын әмбебап оқытуды тұтасымен зерттейді.
Педагогика, басқа ғылымдар сияқты дамушы ғылым, оның негізгі категорияларының ойлау аспектілері үнемі кеңейтіліп қарастырылып отырылады. Ал, педагогикалық шығармашылық тәрбие мен оқу күшінің шектеусіз кӨпқырлы тәжірибеде дамиды.
Педагогика - тәрбиелеудің қатынастары туралы, тәрбиелеудің Өзара байланысының процесінде пайда болған, білім беру және оқыту Өзін-Өзі тәрбиелеу, Өз-Өзіне білім беру және Өзін-Өзі оқытумен бірге жеке адамның дамуына бағытталған.
Педагогика ғылым ретінде тӨмендегі барлық белгілерді қамтиды. Ол Өзінің басқа ғылымдардан айрықшалайтын түсінікті аппаратымен де ерекшеленеді.
Біріншіден, педагогиканың "тұрмыстық" мағынасы айқындалады. Әрбір адам Өзінің балаларын, отбасы мүшелерін, ұжым мүшелерін тәрбиелеуде және оқытуда Өмір ағымында "педагог" ролінде ойнайды.
Екіншіден, педагогиканың практикалық мағынасын анықтайды. Педагогика адамзат әрекеттерінің аймағы, үлкен ұрпақтың кішіге берілген Өмірлік тәжірибесімен байланысты. Бұл жерде халықтық педагогиканың педагогикалық шеберлігімен және тәрбилеу Өнерімен Өзара байланысы туралы айту жарасымды. Жоғары педагогикалық іс-әрекеттердің пайда болуын Өнер деп атау кездейсоқ емес. Педагогиканың басқа кез-келген ғылымдардан басты айырмашылығы осыда. Оқытушы тек қана білімді алып жүруші, тек қана студенттер үшін ақпараттардың кӨзі болу қажет емес, ол әртүрлі ролдерді ойнаушы - актер: мұғалім, тәрбиелеуші, педагогикалық процестің қатысушысы, жолдас, дос. Педагогикалық процесс оқытушы тарапынан қателікті жіберткізбейтін әрекет, немесе оқытушы қатесі Өте қымбатқа түседі. Педагогиканың Өнерге қатыстылығын күнделікті Өмірден кӨріп жүрміз сондықтан, оқытушы студентке тек Өзінің кәсіби күші арқылы ғана емес, сонымен қатар, Өз тұлғасының ерекшеліктері де әсер етеді (мінездік қасиеті, іске, адамдарға, қоғамға және т. б. қатынасы) .
Үшіншіден, педагогика ғылым ретінде түсіндіріледі, сонымен қатар, адамтанудың бӨлігі. Педагогика танымы қоғамдық және жеке даралық, табиғаттың келеңсіз үйлесіміндегі адамның дамуы мен әсері тәсілдерін жетілдіреді. Сондықтан да педагогикалық ілімдер, теориялар, үлгілер, болжамдар және ұсынылымдар тұтас және жүйелі білімнің іргесінде құрылады: олар психология, философия, тарих, әлеуметтану және басқа да адам туралы ғылымдарда "жетіледі".
ТӨртіншіден, педагогика Өзіне оқытумен тәрбиелеудің теоретикалық және практикалық аспектілерін қоса отырып, оқыту пәнін анықтайды.
Бесіншіден, педагогиканың мағынасы қазіргі заманғы жалпы мәдени контекстегі гуманитарлық білімнің бӨліміне енеді. Ол адамның педагогикалық мәдениетінің сапасында кӨрінеді.
1. 2. Педагогика ғылымының пәні мен атқаратын қызметі. Негізгі категориялары.
Педагогика, түптеп келгенде, "мәңгілік" проблемалармен айналысатынына қарамастан, оның пәні нақты әрі айқын: бұл - оқу-тәрбие мекемелері жүзеге асыратын тәрбие беру қызметі. Педагогика Өзінің бүкіл іс-қимыл әрекетін қоғамда пайда болған тәрбие мен білім беруге, оқытып- үйретуге қатысты Өзекті мәселелерді жедел шешуге жұмылдырып, бағыттап отыратын қолданбалы ғылым ретінде қаралады. Педагогиканың даму негіздері - адамдардың Өмір салтын, дәстүр-дағдысы, әдеп-ғұрпы, халықтық педагогикада берік орныққан тәрбие беру тәжірибесінің сан ғасырлық ғибрат-тағылымдары, философиялық, қоғамтану, педагогикалық және психологиялық еңбектері, тәрбие берудің әлемдік, жеке отандық ағымдағы тәжірибесі. Арнайы ұымдастырылған педагогикалық зерттеулердің деректері, бірегей идеяларымен білім беру және ұрпақ тәрбиесі ісін байытып, жетілдіріп отыратын жаңашыл ұстаздардың тәжірибесі және қазіргі тез Өзгеріп отырған жағдаймен үйлестірілген тәрбие беру жүйелері болып табылады
Педагогика - кеңау қымды, сан салалығылым. Оның зерттейтін пәнініңк үрделілігі сондай, жеке, тіпті аса жан-жақты ғылымның Өзі оның мәнін, барлық байланыстары мен құралдарын қамти алмас еді. Ақпарат-деректерді жинайотырып, ұзақ даму жолынан Өткен педагогика бүгінгі таңда ғылыми білімнің сан салалы жүйесіне айналды. Сондықтан қазіргі заманғы педагогиканы тәрбие туралы ғылымның жүйесі деп атаған жӨн.
Педагогиканың осы заманғы ең қысқа, жалпы және сонымен қатар шартты түрдегі дәл анықтамасы - бұл адамды тәрбиелеу туралы ғылым .
Тәрбие - жеке тұлғаны қалыптастыру жолында мақсатты және Өйымдасқан түрде жүзеге асырылатын процесс. Педагогикада "тәрбие" ұғымы әлеуметтік мәні тӨрғысынан кең және тар мағынада қолданылады.
Аға ұрпақтың Өзінің жинақталып, сараланған тәжірибесін кейінгі ұрпаққа беруі тәрбиенің кең әлеуметтік мәні болып табылады. Тәжірибеге адамдарға белгілі білім, шеберлік, ойлау әдістері, адамгершілік, әдептілік, құқықтық нормалар - бір сӨзбен айтқаңда, тарихи даму процесінде жасалып, берік қалыптасқан адамзат баласының бүкіл рухани мұралары жатады.
Алдыңғы ұ рпақтың тар жол, тайғақ соқпақтарында жинақталған Өмірлік тәжірибелерін келер Өрпақ пайдаланып, байытып отырды, соның арқасында адамзат баласы жан сақтап, тіршілік етіп, бірте-бірте буыны бекіп, қатайды және осы заманғы даму деңгейіне жетті. Тәжірибе жоғалған жерде тәрбие қайнары тартылып, шӨлге айналады, мӨндай оқиғаларды тарих айғақтады. Тәрбие ісін дӨрыс жолға қойған халық ғана Өз дамуында үлкен табыстарға қол жеткізетінін қоғам дамуының тарихи процесі айқын дәлелдеп отыр.
Әрбір ғылым, Өз мәселелерін алдымен ұғымдық түсініктемелерге сай қарастырады. Олай болса, педагогика ғылымының да Өзіндік ұғымдары, яғни категориялары бар. Педагогикалық категория дегеніміз ғылыми сараланған тұжырымдарды білдіретін негізгі педагогикалық ұғымдар. Дәлірек айтқанда, болмыстың жалпы белгісін, басты сипатын айқындайтын ғылыми ұғым. Негізгі педагогикалық категорияларға тәрбие, оқыту және білім беру жатады. Педагогика ғылымы, сондай-ақ даму және қалыптасу, қайта тәрбиелеу сияқты жалпы ғылыми категорияларға сүйенеді және оларды Өзіне негіз етеді.
Тәрбие - тарихи ұғым. Ол адамзат қоғамымен бірге пайда болып, оның Өмір сүруі мен дамуының ажырамас бӨлігіне айналды және қоғам Өмір сүріп тӨрғанда ол да Өмір сүретін болады. Сондықтан да тәрбие - жалпыға ортақ және мәңгілік категория.
КӨптеген философтар қоғам Өмірін басқарып, реттеп отыратын заңдарға талдау жасай отырып, тәрбие мен қоғамның Өңдірістік күштерінің даму деңгейі арасында объективтік байланыс бар екенін дәлелдеді. Тәрбие қоғам дамуына ықпал етеді, ал қоғам тәрбие беруге кең мүмкіндіктер жасайды, оның қоғам Өмірінің маңызды саласы ретінде дамуына жағдай туғызады.
Тәрбиенің бағыт-бағдары, сипаты Өндірістік күштердің даму деңгейіне және Өндірістік қатынастардың сипатына сәйкес келеді. Сондықтан да тәрбие нақты-тарихи сипатқа ие болады.
Қоғамдық-экономикалық формация нысанының Өзгеруі тәрбие нысанының да Өзгеруін туғызады. Қоғамдық қатынастардың Өзгеруіне байланысты тәрбиенің мақсаты, міндеттері, нысандары Өзгереді.
Тәрбиенің тар педагогикалық мәні - бӨл тәрбиеленушіге Өжымның, тәрбиешілердің Өйымдасқан, нысаналы және басқарылып отыратын іс-қимылы, ол оқу-тәрбие мекемелерінде жүзеге асырылатын және бүкіл оқу-тәрбие процесін қамтитын алдын ала белгіленген сапаларды тәрбиеленушілерде қалыптастыру мақсатын кӨздейді.
Педагогикада, Өзге де әлеуметтік ғылымдарда да "тәрбие" үғымы біртӨтас тәрбие беру процесінің құрамдас бӨліктерін айқындау үшін қолданылады. Айталық, мысалы, "адамгершілік тәрбиесі", "эстетикалық тәрбие".
Негізгі педагогикалық категорияларға кейбір ғалым-педагоггар "Өзін-Өзі тәрбиелеу", "Өзін-Өзі білімдендіру", "Өзін-Өзі жетілдіру", "педагогикалық процесс", "әлеуметтендіру" сияқты жалпылама үғымдарды да ұсынады. Аталған ұғымдардың педагогика теориясының маңызды құрамдас бӨлігі ретінде мойындай отырып, олардын Өзіндік мәнін арнаулы мәселелерді зерттеу кӨзінде қарастыратын боламыз.
Жоғарыда айқындағанымыздай, тәрбие жалпыға ортақ және мәңгілік категория. БӨл тәрбие барлық уақыт пен халыққа жарамды дегенді білдіреді ме? Әрине, жоқ. Солай десек те, жаңа әлеуметтік-экономикалық формация қираған ескі қоғам үйіндісі үстінде пайда болады: адамзат баласының қол жеткізген мәдени деңгейінде тарихи сабақтастық бар. Тәрбиенің барлық әлеуметтік-экономикалық формацияларға тән кейбір ортақ белгілері болады және олар сол қоғамның бүкіл тарихи дамуы барысында кӨрініп отырады деген сӨз.
Адамдар бойында ізгі құндылық қасиеттерді қалыптастыруға мақсатты бағдарланған, сонымен қатар сапалы орындалатын педагогикалық процесс. Педагогиканың келесі негізгі категориясы - оқыту. Бұл оқытушылар мен оқушылардың білімді, қабілетті, дағдыларды бойға сіңіріп, игеруге, оқушылардың дүниеге кӨзқарасын қалыптастыруға, ақыл-ой күштері мен әлуетті мүмкіндіктерін жетілдіруге, алға қойған мақсаттарға сай Өзін-Өзі білімдендіру дағдыларын орнықтыруға бағытталған ұйымдасқан, мақсатты және басқару арқылы жүзеге асырылатын Өзара іс-қимыл жасау процесі. Оқытып-үйретудің негізін білім, қабілет және дағды құрайды.
"Тәрбие" мен "оқытып-үйрету" ұғымдары бір-бірімен қабысып, Өзара астасып жатқан категориялар.
Білім беру - тәрбиенің және оқытып-үйретудің нәтижесі. Тура мағынасында білім беру оқып үйренген пәндер туралы нақты, түпкілікті түсініктерді, бейнелерді қалыптастыру және олар арқылы тәрбиелеу болып табылады. Білім беру - бұл оқушылар алып, меңгеретін білімдердің, қабілеттердің және дағдылардың жүйеге келтірілген жиынтығы. XІX ғасырда білім алу адамның қалыптасуы ретінде түсінілді. Қазіргі кезде адамзат баласы жинақтап, зерделеген білім негіздері Өшан-теңіз, адам қаншама Өзақ уақыт оқып-үйренсе де, осыншалық білімнің бәрін бірдей игере алмас еді.
1. 3 Педагогика ғылымының жүйесі және басқа ғылымдармен байланысы.
Педагогика Өзақ жылдар бойы ақпарат жинау барысында, педагогикалық ғылымдардың салалы жүйесіне айналды. Қазіргі заманғы ғылыми білім дифференциацияға, оқытудың бӨліну аймағындағы тенденцияға енеді. Оқу орындарының оқу-тәрбие процесіндегі оқыту, тәрбиелеу заңдылықтарын қарастыратын ғылыми базалық пән- жалпы педагогика. Ол ірі тӨрт бӨлімнен тӨрады: педагогиканың жалпы негіздері; оқыту теориясы (дидактика) ; тәрбие теориясы; білім беру жүйесін басқару. Соңғы жылдары бұл бӨлімдердің ауқымды кеңеюіне байланысты жеке ғылыми пәндер бӨлініп шықты.
Білім және тәрбие алушылардың жас ерекшелігін ескеруге байланысты - жас ерекшелік педагогикасы қалыптасты. Оның құрамына: бүлдіршіндер, мектепке дейінгі, мектеп, жоғары мектеп педагогикасы жатады. Бүлдіршіндер педагогикасы үш жасқа дейінгі балалардың тәрбие мәселелерін қарастырады. Мектепке дейінгі педагогика - мектеп жасына дейінгі балалардың жеке адам ретінде қалыптасу, даму, тәрбиелеу, оқыту заңдылықтарын зерттейді. Мектеп педагогикасы - мектеп оқушыларының білімі және тәрбиесі мәселесімен айналысады. Бұл кезең Өте күрделі болып табылады. Жоғары мектеп педагогикасының ерекшелігі жоғары білім алуға байланысты оқу-тәрбие процесінің заңдылықтарын қарастырады. Сондай-ақ, ересектер педагогикасы немесе ангдрогогика бар . Андрогогика - қарт адамдармен жұмыс істеу туралы ілім.
Педагогикалық пәндер қатарына: әлеуметтік педагогика, арнайы педагогика, салыстырмалы педагогика, пенитенциарлық педагогика, этнопедагогика, педагогика тарихы және т. б. жатады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz