Капиталдың халықаралық қозғалысы


Капиталдың халықаралық қозғалысы.
Халықаралық капиталдар қозғалысы, оның елдер арасындағы белсенді миграциясы халықаралык экономикалық қатынастардың маңызды формасы мен бөлігі болып табылады.
Капиталды шетке шығару дүниежүзілік шаруашылықты тереңдете дамыту кезеңіндегі тауарды шетке шығару монополиясын жойды. Тауарды шетке шығаруды толықтыра және негіздей отырып, ол ХЭҚ жүйесінде анықтаушы қызметін атқара бастайды. ОЭСР бағасы бойынша, 80-жылдары (1983 жылдан) тікелсй инвестициялардың орташа жылдық өсу қарқыны 34% тен болып, ол әлемдік сауда өсім қарқынынан 4 есе көп болды. 90-жылдар басындағы қысқа мерзімдік дағдарыстан кейін ол қайтадан әлемдік сауда айналым өсімінен артық бола бастады.
Халықаралык капиталдар нарығы қазіргі заманда әлемдік шаруашылықның іс-әрекетінде, халықаралық шаруашьлық байланыстарын дамытуда анықтаушы элемент болып табылады. Капиталды шетке шығару - бұл жүйелі түрде пайда алу және басқадай экономикалық, саяси ұтыс мақсаттарында ақшалай немесе тауар түріндегі құндылықтардың шетелге ауысуы. Капиталдың шетелге ауысуы (капиталды шетке шығару) дегеніміз - бір елдің ұлттық айналымынан капиталдың бір бөлігін алып, оны қабылдаушы елдің өндірістік немесе айналым процесіне әр түрлі формалар (ақшалай, тауарлы) арқылы ауыстыру процесін айтамыз. Бір елден екініші елге капитал ауысуы, ең алдымен шығаруыш елдің экономикалық дамуының сыртқы саудаға қарағанда өсу қарқыны жоғары болғанымен байланысты. Капитал экспортының қажеттігі дамыған елдерде капитал «молдығы» пайда болып, ол ұлттық экономикадағы пайда нормасының төмендеуі, оның массасының жоғарлауымен өтелмейтіндігіне байланысты болды.
Капиталдың шет елге ауысу себептері арасынан донор-елдегі капиталдың салыстырмалы артықшылығы ерекшеленеді. Бұл капиталды шет елде үлкен пайда алу мақсатында орналастырып, дивиденд немесе пайыздар арқылы пайда алу үшінжүзеге асырылады.
90-жылдарға дейін әлемде тиімді пайдалануды қажет ететін резервті капиталдың зор көлемдері қалыптасты. Олар сақтандыру компаниялары, зейнеттік, сенімділік, инвестициялык, және тағы басқадай қорлар арқылы жинақталуда. АҚШ-тың өзінде 1995 жылы олардың активтері 8 трлн. доллардан асып түсті.
ХХ ғасырдың екінші жартысында капиталды шетке шығару үнемі өсуде. Капитал экспортының өсу қарқыны тауарлы экспорт пен өндірісі дамыған елдердің ЖІӨ-нің өсу қарқынынан да асуда. Капиталды шетке шығару көлемінің күрт өсуі кезінде оның халықаралық миграциясы күшейеді.
Халықаралық капитал қозғалысы өндірістік факторы ретінде түрлі нақты нысандарға ие болды:
а) Капиталдың пайда болу көзі бойынша:
1) Ресми және мемлекеттік капитал үкімет пен үкімет аралық ұйымдардың шешімдері бойынша шет елге кететін немесе шет елден келетін мемлекеттік бюджеттен аударылған ақшалай қаражат. Осы капитал қозғалысының категориясында үкімет аралық келісімдер негізінде жасасқан бір елге екінші бір елмен ұсынылған барлық мемлекеттік заемдар, ссудалар, гранттар, демеулер жатады. Сондай-ақ, ресми капиталға халықаралық валюта қоры мен әлемдік банк несиелері бейбітті қолдау мақсатындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының шығындары. Ресми капиталдың көзі мемлекеттік бюджеттің қаражаты болып табылады, яғни салық төлеушілердің ақшалары.
2) Жеке немесе мемлекеттік емес капитал. Жеке фирмалардың, банктер мен басқа мемлекеттік емес ұйымдардың бірлестіктері мен басқару органдарының шешімдері бойынша шет елге кететін не болмаса шет елден келетін ақшалай қаражаттар. Осы капитал қозғалысының категориясына жеке фирмалардың шет елге жіберілген капиталды инвестициялар, сауда несиелері, банк аралық несиелеу жатады . Ал осы капиталдың пайда болу көзі болып мемлекеттік бюджетпен байланыспаған жеке фирмалардың меншікті немесе қарыздық қаражаттары табылады. Капиталдың халықаралық қозғалысы туралы шешімді қабылдауындағы фирмалардың егемендігіне қарамастан, үкімет әдетте оның реттеу және бақылау құқын қалдырады.
ә) Капитал пайдалану сипаты бойынша мыналарға бөлінеді:
1) Кәсіпкерлік капитал - пайда алу мақсатында өндіріске тікелей және жанама салынған қаражаттар. Кәсіпкерлік капиталы ретінде жиі-жиі жеке капитал қолданылады. Дегенмен, сондай-ақ, мемлекеттің өзі не болмаса мемлекеттің меншігіне кірген кәсіпорындары шет елге ақшалай қаражаттарын салуы мүмкін.
2) Ссудалық капитал - пайыз алу мақсатында қарызға берген қаражаттарын халықаралық масштабта ссудалық капитал ретінде негізінен мемлекеттік көзінен алған ресми капитал пайдаланылады. Дегенмен, жеке көзінен шыққан халықаралық несиелеу сондай-ақ, ауқымды көлемдеріне де жетеді.
б) Капитал салу мерзімі бойынша бөлінеді:
1) Орта мерзімдік және ұзақ мерзімді капитал - мерзімі 1 жылдан аса капитал салымдары. Тікелей және портфельді инвестициялар нысанындағы кәсіпкерлік капиталдың барлық салымдары, сондай сияқты мемлекеттік несиелер түріндегі ссудалық капитал әдетте ұзақ мерзімдік болып табылады.
2) Қысқа мерзімді капитал. Мерзімі 1 жылға дейін капиталды салымдар.
Артықшылықты түрде сауда несиелер нысанындағы ссудалық капитал.
в) Капитал салу мақсаты бойынша бөлінеді:
1) Тікелей инвестициялар. Инвестордың капиталды орналастыру объектісіне бақылауды қамтамасыз ететін капиталды ұсынған еліндегі ұзақ мерзімдік экономикалық мүддесін алу мақсатындағы капитал салымы. Олар толығыменен жеке кәсіпкерлік капиталдың әкетуіменен байланысты болып, мемлекеттің меншігіне кірген фирмалардың шетелдік инвестицияларының шағын көлемдерін есепке алмады.
2) Портфельді инвестициялар. Инвесторға инвестициялау объектісіне нақты бақылау құқығын бермейтін шетелдік құнды қағаздарға капитал салымдары. Осындай инвестициялар артықшылықты түрде жеке кәсіпкерлік капиталға негізделген. Дегенмен мемлекетте өзінің жеке құнды қағаздарын шығарып, оларды сатып алады.
Тікелей шетелдік инвестициялар
Халықаралық капитал миграцияның ереулі бөлігі тікелей шетелдік инвестицияларға келеді. Тікелей шетелдік инвестициялар бір елдің резидентімен ( тікелей инвестормен ) басқа елдің резидент кәсіпорында ( тікелей инвестициясы бар кәсіпорында ) ұзақ мерзімдік мүддесін алу. Халықаралық валюта қорында және Біріккен Ұлттар Ұйымының Ұлттық шоттар жүйесінде қабылданып, жоғарыда көрсетілген анықтамасына сәйкес, тікелей шетелдік инвестицияларға инвестормен шетелде бастапқы меншіктерін сатып алуы жатса, сондай-ақ капиталы салынған инвестор мен кәсіпорын арасындағы барлық болатын мәмілелері жатады.
Шетелдік инвестициялар бар кәсіпорын бұл акционерлік немесе акционерлік емес кәсіпорын. Басқа елдің резиденті тікелей инвесторға 10%-дан аса қарапайым акциялар мен дауыстарына ( Акционерлік кәсіпорынға ) немесе олардың эквивалентіне ( акционерлік емес кәсіпорында ) ие болады.
Шетелдік инвестициялары бар кәсіпорынның мынадай нысаны бар:
1) Еншілес компания. Резидент емес тікелей инвестордың капиталы 50%-дан төмен дауысқа ие кәсіпорындар.
2) Қауымдастық компания. Резидент емес тікелей инвестордың капиталы 50%-дан төмен дауысқа ие кәсіпорындар.
3) Филиал. Ол тікелей инвесторға жатқан кәсіпорындар. Тікелей инвестор
мемлекттік және жеке ұйымдар, жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ,
шетелдер тікелей инвестициялар бар кәсіпорындарына иеленген бірлестіктері.
Тікелей шетелдік инвестициялардың негізгі бөлігі халықаралық корпорацияға келеді. Оларды:
- Базалық елі халықаралық корпорацияның басты бөлімшесі орналасқан ел.
- Қабылдаушы ел. Халықаралық корпорациясы тікелей шетелдердің негізінде құрылған еншілес қауымдастық компаниялары немесе филиалдары бар ел.
Халықаралық корпорация түрлі әлем елдеріне тікелей инвестицияларды жүзеге асырған ірі корпорацияның құрылымдық ұйымның нысаны. Халықаралық корпорациялардың 2 негізгі түрі бар:
1. Трансұлттық корпорация. Олардың басты компаниясының капиталы бір елдің меншігіне жатса, ал филиалдары түрлі әлем елдеріне таралған.
2. Көп ұлттық корпорация. Басты компаниясының капиталы екі немесе одан да көп елдердің меншігіне жатса, ал филиалдары, сондай-ақ әр түрлі елдерде орналасқан.
Портфельді шетелдік инвестициялар
Портфельді инвестициялар инвесторға инвестициялау объектісіне нақты бақылау құқығын бермейтін шетелдік құнды қағаздарға капитал салымы болып табылады.
Халықаралық портфельді инвестициялар төлем балансында көрсетіледі. Оларды инвестициялау бойынша бөлеміз:
1. Акционерлік құнды қағаздар.
2. Қарыздық құнды қағаздар
3. Облигациялар, қарапайым ( жай ) вексель, қарыздық қағаздары.
Шетелдік инвестициялар деп шетелдік инвесторлар, басқа мемлекеттер, шетелдік банктері мен компанияларының капитал салуларын айтамыз. Өзінің мақсатты бағыттылығы бойынша, халықаралық инвестициялар тікелей және портфельді болып бөлінеді. Қаржы иелері нарықта капиталды тұтынушыларын делдарларсыз табуы мүмкін, басқаша айтқанда тікелей инвестицияларды жүзеге асыруы мүмкін. Бұл жерде қаржылардың иелерінен қарыз алушыларға тікелей ауысуы болады. Бұл салымдар түрі инвесторға бағалы қағаздарға немесе шет елдегі меншікке тікелей меншіктену қүқығын береді. Тікелей инвестицияларға шетелдік инвестор компаниясының шет елдерде құрған немесе сатып алған, оған өз бақылауын орнатқан кәсіпорындар жатады. Тікелей инвестициялар құрамына жеке меншіктік компаниялардың шет елде салынған өз капиталы, қайта салынған пайдасы және қарыз бен несие түріндегі ішкі фирмалық аударулар кіреді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz